Кіші мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық академиясы
Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Кіші мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясы

Орындаған: Педагогика және
психология мамандығының
1 курс студенті Урынгалиева А.К.
Жетекші: оқытушы Умбетова Г.М.

Орал-2012ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Кіші мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық
ерекшеліктері.
1.1. Кіші мектеп жасындағы есту, көру және сөйлеу тілі бұзылған
балалар ... 7
1.2. Сөйлеу тілі және есту, көру мүшесі бұзылған балалаларға
сипаттама
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..13
ІІ тарау.Кіші мектеп жасындағы сөйлеу, көру және есту мүшесі бұзылған
балалардың психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу негіздері
2.1. Кіші мектеп жасындағы сөйлеу, көру және есту мүшесі бұзылған балаларды
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...26
2.2. Кіші мектеп жасындағы сөйлеу, көру және есту мүшесі бұзылған
балаларға коррекциялық дамыту жұмыстарын
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..37
Қосышалар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
Кіріспе
Өзара әрекет мүмкіндігі шектеулі балалармен және күнделікті әңгімеде
пікір таластарда, мысалы: Мұғалім бірге жұмыс істеп жатқанда, кішігірім
оқушылар тобын аралап жүргенде немесе маңызды сұрақтар қойғанда, әр түрлі
жағдайларды әңгімелеп бергенде формальді емес формада жүреді.
Ортақ тәсілдермен мұғалімдер оқушыларға қамқорлық жасайды, өз
ұсыныстарын және білім қорын сынау сұрақтарымен қарастырады, бұл сұрақтар
оқушылардан терең жауаптарды талап етеді .
Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік саладағы тәрбие
тағылымындағы құпия осындай. Мүмкіндігі шектеулі және интелектуалдық
жетіспеушілігі басым, ата-анадан қамқорсыз, әрі жетім балаларды да
қамқорлыққа алып олардың да білім мен тәрбие алуына егеменді еліміз жан-
жақты жағдай жасап келеді.
Ақыл-ойы кем балаларға арналған көмекші мектеп интернаттар балалардың
оқу- тәрбиесіне көңіл аударып қана қоймай, олардың денсаулығын да басты
назарда ұстайды. Ақыл-ойы ,даму деңгейі төмен балалардың жеке тұлға болып
қалыптасуы үшін оқыту мен тәрбиелеу жолында өз мамандарына орынды ақыл
кеңестер берумен бірге, оларға қатаң талап та қоя біледі.
Балалардың өзін-өзі басқару мүмкіндігі аз болғанына қарамастан,
еңбекке баулу сабағында педагогтардың басты міндеті оларды мектеп ауласын
көгалдандыру, гүл алаңдарында жұмыс атқару балалардың табиғатқа деген
танымын кеңейтеді. Мұғалімдер мен тәрбиешілер оқушыларды жұмыс атқарып
шығармашылық жұмыстарға жетелей, олардың табиғатының қандай кәсіпті
меңгеруге жақын екенідігіне аса көңіл бөледі.
Даму деңгейлерінің төмен, мүмкіндіктері шектеулі болуына қарамастан,
балалардың өмір сүруге деген ынта-ықыласын оятып, оларды демеп жіберуге
әрдайым қол ұшын береді. Көмекші мектепте балаларға әлеуметтік
психологиялық көмек дер кезінде қажет болып отырады. Мұндай көмек
ұйымдастыруда мектептің әлеуметтік педагогы мен психологтің жұмыстары дұрыс
жолға қойылғаны бар тәрбиенің жемісі.
Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр
қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек
мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік
проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті
көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға
кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне
дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл
баланың адамзаттық ар - ожданын кемсітетін , оның дамуға және тіпті өмір
сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші
көріністер болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыруда біз оқушының деңгейіне мән бермейміз,
нәтижесінде көптеген оқушылар осы деңгейге жетпей қалу салдарынан
үлгермеушілер қатарына жатады.
Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми негіздерін меңгеруі-маңызды
мәселелердің бірі. Үздіксіз іздену-бүгінгі күні мұғалімдерге қойылып
отырған басты талаптардың бірі. Мұғалім шеберлігінің негізгі
көрсеткіштерінің бірі-әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық
тәжірибені жетік игеру. Оларды өзінің күнделікті қызметіне пайдалана білу,
осы орайдағы мұғалімдердің шығармашылық еңбегі, ең алдымен сабақпен
байланысты. Демек, сапалы, тиімді, әрі нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ-
ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті
білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін
мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне
қосу.
Әсіресе, көз жанарларынан айырылған немесе көру мүмкіндіктері төмен
балаларды оқытып, тәрбиелеуде, әр баланың жеке қасиеттеріне, психологиялық
дамуына, қабілеттеріне, көру мүмкіндіктеріне қарап терең үңілмей білім
берудің жүйелі ұйымдастырылуы мүмкін емес. Себебі көру мүмкіндіктері
шектеулі балалардың дені сау балаларға қарағанда ойлау, есте сақтау,
қабылдау, қабілеттері тежеліп, кешеуілдейтін оқу үрдісінде байқап жүрміз.
Дегенмен, әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті.
Тақырыптың өзектілігі: Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта
біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқыту өзекті мәселе болып отыр. [1.27]. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға
білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа
технологияны игеріп, компьютерді пайдалану. Компьютерді пайдалануда мынадай
дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады; логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға , шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық
оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.
Зерттеу мақсаты: кіші мектеп жасындағы мұмкіндігі шектеулі балалардың
ерекшеліктерін зерттеу арқылы оларға психологиялық көмек көрсету жолдарын
анықтау.
Зерттеу міндеттері:
• кіші мектеп жасындағы сөйлеу тілі және есту, көру мүшесі бұзылған
балалардың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми әдебиеттер көмегімен
теориялық тұрғыда зерттеу.
• кіші мектеп жасындағы сөйлеу қабілеті және есту және көру мүшесі
нашар балалардың оқшаулануын эмпирикалық зерттеу.
• кіші мектеп жасындағы сөйлеу тілі және есту мүшесі бұзылған
балалардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
• кіші мектеп жасындағы тілі және есту, көру мүшесі бұзылған
балаларға арналған ойындар мен тапсырмалар жиынтығын құрастыру.
Зерттеу обьектісі: кіші мектеп жасындағы балалар.
Зерттеу пәні: кіші мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың
психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу базасы: Орал қаласы, №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 4
Б сынып оқушылары.
Ғылыми болжам: Егер кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілі, есту
және көру мүшесі бұзылған балалардың сөздік қорын, есту мүшесін белсенді
түрде дамытсақ, әр түрлі арнайы әдіс - тәсілдер арқылы молайтсақ, олардың
білім деңгейлері, сөйлеу сапалары, сөздердің мағынасын түсінуі, өз ойын
дұрыс жетік жеткізуі осы сапаларының барлығы жоғары болады. Көптеген арнайы
мекемелер, реаблитациялық орталықтар ашып, арнайы техникалар пайдаланып
дамытамыз деген болжам бар. Балаға әрдайым сүйіспеншілікпен қарап, әркез
жанынан табылу керек. Егер бала өзін түсінетін ортада және достық қатынаста
өмір сүрсе ол бұл әлемде сүйіспеншілікке бейімделеді.
Курстық жұмыстыңқұрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Кіші мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық
ерекшеліктері.
1.1. Кіші мектеп жасындағы есту, көру және сөйлеу тілі бұзылған балалар
Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не
туғаннан кем ақыл болса да онын өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана коймай,
айналасындағы адамдармен де қарым-қатьшас жасауын қиындатады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының
ауьпқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық
көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала
басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың
жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез келген
семьяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр
жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға
деген мұңдай қамқорлық оған күішгі әсер етіп, ол өзін басқа балалардан
бөлексіткендей сезінеді. В.Г.Короленко өзінің Соқыр музыкант деген
шығармасында соқыр баланың семьяда ерекше саналып, оның айтқандарын екі
етпей бұлжытпай орындал отыратындықтары туралы жазады.
Одан әрі дене кеміст ігі бар адам, сау адамға қарағанда, өзіне деген
ерекше әлеуметгік көзқарасты қажет етеді.
Табиғи кемістік адам тіршілігінде ақау туғызады, ол кәдімгі адам
денесінін буынынан сүйегі тайғандай ауыр сезінеді, немесе тамақ ішуі мен
зәрге отыруы қиындаған ауыр жағдайдың жанына батып, қиналуды басынан
кешіреді. Соқырлар мен саңыраулардың мұңдай жайттарды өздерінің үнсіз
мойындауьшан және олардың Табиғи кемістігн күнделікті бақылау мен рухани
өмірін жүйелі түрде зерттеу нәтижелері арқылы анықталып отырады. Осы
уакытқа дейін ғылыми-педагогикалық әдебиетгерде және жалпы түсінік бойынша
кеміс балалардың жан дүниесінің сырын зерттеу биологиялық мәееле деп
саналып келгені өкінішті-ақ. Адамның кемістігі тек биологиялық тұрғыдан
іздестіріліп, оның дене құрылысы мен айналасындағы табиғи нәрселермен
қалайша қатынас жасайтындығы зерттеледі. Ал педагогтар ұзақ жылдар бойы
тәрбие ісін жандандыру арқылы дене мен ақыл-ой кемістігінің орнын толтыруға
болады деген ұшқары пікірді қолдап келді. Мысалы, адамның бір бүйрегін алып
тастаса, екінші бүйрегі жүмыс істейді және ол екі бүйректің де жұмысын
атқарады деп санады-. Қысқасын айтқанда дене кемістігіне қатысты
психологиялық, педагогикалық мәселелерге ат үсті қарап, оларға тек
медициналық тұрғыдан ғана жауап берді: соқыр – көзі көрмеушілік, ал саңырау
– құлағы естімеущілік деп саналып, мәселенің түйіні соқыр итпен, саңырау
қарсақ жайында айтып отырғандай немқұрайды көзқараста болды. Бұл ретте
ескерусіз қалған бір жайт бар. Ол хайуанаттардан кемістік адамның тек жеке
басына тікелей қатысты деп саналмай, оны әлеуметтік фактор ретінде
қарастырған орынды. Өйткені дүниедегі болмыс пен адамның тіршілігін
байланыстырушы әлеуметтік орта. Сондықтан адамның құлағы мен көзі оның дене
мүшелері ғана емес, сонымен бірге бұл мүшелер әлеуметтік органдар деп те
аталады. Әлеуметтік ортадан алынатын мағлұматтар адамға әсер етіп, онан
сыртқы ортаға, онан қайтып адамның өзіне оралады. Адамның қарым-қатынасы
әлеумет ортасы болмаса жалаң күйінде жүзеге асуы мүмкін емес. Көз бен
құлақтың кемістігі ен алдымен әлеуметтік қызмет атқаратын органдардың
қатардан шығып, қоғаммен байланыстың үзілуі деп тусіну керек. Мұндай
кемістік адамның мінез-құлқының белгілі қалыпты жағдайдан ауытқуы болып та
саналады.
Психология балалардың кемтарлығы жайында мәселені әлеуметгік маңызды
мәселе ретінде қарастырып, оны әдеттегі екінші кезектегі іс деп санамай,
адам тіршілігіндегі басты мәселе ретінде бағалауды кажет етеді.Бұл
мәселенін мән-жайын жете бағалап, оны аса қажетті деп қараған әділетгі
болмақ. Егер психологиялық тұрғыдан баланын дене кемістігін әлеуметтік
сынық ден санайтын болсак, онда педа-гогикадық тұрғыдан сол денедегі
сынықты орнына салып емдеу деп ұғыну керек. Мұндай ойдың шындығын растау
ниетімен бірсыпыра қарапайым түсініктерді еске түсірейік.
Ең алдымен біздер дене кемістігі жайында ғылымға жат түсініктерден
арылуымыз керек. Мұндай түсінік бойынша та-биғаттын өзі кеміс мүшенін
қызметін организмнің өзге мүшелерінін жетілуіне орай қоса атқарады да, адам
бойындағы кемістікті толықтырады дейді. Бұл биологиялық тәсіл делінеді.
Мысалы, соқырдың көзі көрмеее де, ол тіршілік еткен ортасына икемделіп,
нәрселердің түр-түсін саусақтармен сипау арқылы танып біледі десе, ал
мылқау адамның дыбысты тілі болмаса да, ол өзгелердің айтқан сөзін
еріндерінің қимыл-қозғалысынан түсінеді дейді. Кемтар адамдардың әсіресе
сипау сезімдері мен иісті түйсінулері әлдеқайда жетілген дейді. Алайда
арнайы жүргізген зерттеу нәтижелері соқырдың сипау сезімі мен саңыраудың
көру сезімінің бірқалыпты дамыған дені сау адамдардың сезімімен
салыстырғанда, олардың арасында айтарлықтай айырмашылығы жоқ екендігін
көрсетеді.
Осы мәселеге мылқау мен саңыраулардың көру қабілеті сау адамдардікінен
кем емес, кейде ондай адамдар біздердің көрмеген нәрселерімізді көре алады,
ол көру арқылы қабылдауы сау адамдардан әлдеқайда төмен немесе олардан
артық деуге болмайды. Саңырау көзінің көрегендігі нашар болса да, ол бара-
бара жетілуі мүмкін, бірақ дені сау адамдардікінен артық емес дейді
Н.М.Поговский. Соқыр адамның сипау түсігінің жақсы жетілуі және саңыраудың
көру қабілеттілігі сол сезім мүшесінің құрылысы нерв жүйелерінің айрықша
жетілуінде емес, ондай адамдардың тиісті нәрселерді сезіп білуде үнемі
қолданып, тұрақты түрде жаттығуына байланысты.
Соқыр адамның саусақтарының сипап оқуы және қаптаған Л.Браиль әрпімен
жазылған шығыңқы ңүктелерді мұқият тануы арқылы әрбір ңүктенің орналасу
тәртібіне орай бөлек әріпті білдіріп, сол дыбыстардан сөз құралады. Сөздер
сөйлемге айналады. Бұл процесс сау адамдрдың Браиль Луи (1809-1852) -әлемге
әйгілі француздың соқырларды оқыту жөніндегі педагогі. Соқырлар үшін өз
атымен белгілі жазу, оку әдістерін ойлап тапқан. Үш жасынан соқыр.
Л.С.Выготский оның әріптері бойынша оқып үйренудің кәдімгі әріптерден
айырмашылығы жоқ дейді. Көзбен көріп оқығанына ұқсас және психологиялық
жағынан олардың бірінен-бірінің ешқан дай айырмашылығы жок.
Хат танымайтын сауатсыз адамга кітап беті шимай-шатпақ болып көрінеді.
Сол сияқты Браиль шрифтары да біздерге түсініксіз. Бұл ретте мәселенің мәні
сезім мүшелерінің жақсы жетілуіне орай оның сауаттылығы мен тәжірибесіне
байланысты. Браиль нүктелерін шапшаң айырып оларды дұрыс қабылдауына
байланысты. Көзі көретін адамдар да нүктелерді соқырлар сияқты тез арада
үйренуге болады. Сол сияқты ерінді қимылдатып сөйлеуді де үйрену қиын емес.
Саңырау мұндай тәсілді пайдаланып көзімен естуді үренеді. Мұңдай
ерекшелік көздің айрықша жаратылуында емес, оның сауаттылыры мен ойлау
қабілетінің еріннің қимыл-қозғалысына қарап, оны әрбір затпен салыстыра
отырып оқуына икемділігінде.
Мұндай процестердін барлығы И.П.Павлоп пен В.М.Бехтерсв негіздеген
шартты рефлекс пен оның жасау механизмімен ұштасты. Бір мезгілде екі түрлі
тітіркендіргіштің әсер етуінен белгілі дыбыс пен нүктелердің өзара
қисындасуы сан рет қайталану нәтижесінде сол нүктелерде өздігінен уақыттың
тоғысуына орай тітіркену тудырып отырады. Жаңадан пайда болатын сипау
сезімі бұрынғы дыбыс тітіркендіргіштеріне ұқсас түрде бір мезгілде
қайталанып отырады. Соған орай нүктелерді неғұрлым шапшаң ажырата білу
тежелу заңдылығына сәйкес шартты рефлекетің жасалуыи қамтамасыз етеді.
Адамның жоғарғы жүйке жүйесінің қызметін зерттеу арқылы шартты
рефлекстің жасалуыи көзден, құлақтан, тері және басқа талдағыштардан
келетін тітіркендіргіштерге байланысты болып отырады. Мысалы, иттің сілекей
рефлексі сырттан әсер стетін түрлі тітіркендіргіштер нәтижесінде (ондай
электр шамының көк жарығы, терісін сипау жәнс т.б. шартты белгілердің бәрі)
бұрыннан қалыптасқан шартсыз рефлекстің негізіне байланысты болып отырады.
Өмір сүрген ортадағы кез келген нәрселер мен құбылыс-тардың ерекшеліктері
мен бөлшектері шартты тітіркеңдіргіш қызметін атқара алады. Шартты
рефлскстің жасалу жолы әрқашан да бірізді болып отырады. Мұндай заңдылықтың
мәні кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу істерінің мақсат-мүлдесі бірдей
екеңдігін көрсетеді. Соған орай соқырлардың әріптерді сипау арқылы сезініп
оқуы, саңыраулардың өзге адамдардың еріндерінің қимыл-қозғалысынан түсінуі
шартты реакциясы түрінде екенін көрсетеді. Сондықтан кеміс балалардың
психологиялық ерекшеліктері дені сау балалардікінен айырмашылығы шамалы-ақ
екеңдігін көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, соқырды да, саңырауды да
педагогикалық және психологиялық тұрғыдан олардың мінез-құлқын тәрбиелеу
жұмыстарының принциптері дені сау балалармен бірдей екендігі ешқандай күмән
тудырмайды.
Бұл жерде есте тұтатын мәселе – соқырлар мен саңыраулардың дені сау
адамдардан айырмашылығы олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауындағы
бір мүшесінің кемістігі. Көз бен құлақ физиологияда рецепторлар деп
аталады; оны психологияда қабылдаушы мүшелер немесе сыртқы сезім мүшесі деп
айтады. Бұл мүшелер биологиялық қызмет атқарады. Олар организмге сыртқы
ортаның өзгерістері туралы хабар жеткізеді. Бұл мүшелер Г.Деккердің
айтуынша организм тіршілігінің бастапқы тірегі болып саналады. Олардың
негізгі бізді қоршаған ортадан нәрселердің бөлшектерін қабылдап, оларды
қорытып талдайды, организмді тіршілік ортасына бейімдейді. Адамның мінез-
құлқы әрқилы реакциялар жинағынан құралады және түрлі жағдайда бір қалыпты
тұрақты болады. Соқырлар мен саңыраулардың мінез-құлқы тіршілік ету
жағдайына икемделіп, олармен тәрбие істерін жүргізу нәтижесінде сыртқы
ортамен шартты байланыс жасалып, олардың кеміс мүшелерінің өзге қызметін
өзге сау мүшелері атқаратын болады. Соған орай тәрбие істерінің
психологиялык механизмі кеміс балалар да дені сау балалардікімен бірдей.
Соқыр баланың сипау сезімі, саңыраудың көру мүшесінің жоғары түрде
жетілуіне жаңадан жасалып отыратын шартты байланыстарға сәйкес бір мүшеден
екінші мүшеге ауысып отыратындығы. Соқырдың сезімталдығы мен саңыраудың
көргіштігі дені сау балалармен салыстырғанда өте жоғары болуы туа пайда
болған қасиеттері емес, мұндай ерекшеліктер өмір тәжірибесі мен дағдылану
тәжірибесі негізінде қалыптасып отыратын қасиеттер.
Кемістікті биологиялық жолмен толықтыру керек деген шындыққа
жанаспайтын аңыз әңгімеден организм кемістігін толықтырушы фактор оку-
тәрбие істері арқылы жүзеге асырылатын баланың психологиялық және
физиологиялық реакцияларын жетілдіріп отыру. Мұндай мақсатты нақты іске
асыру үшін кемістікті тәрбиелеуде маңызы бар педагогика ғылымының арнаулы
тармақтары тафло және сурдопедагогиканы барынша дамытып, тәрбие істерін
өрістете беруді қажет етеді. Бұл мәселені дұрыс шешіп, тиісті сұраққа жауап
беру үшін баяндалған ойымызды қысқаша қорытыңдылайық. Психологиялық
тұрғыдан алғанда кемістігі бар балаларды тәрбиелеу ісінде педагогика жоқ.
Сондықтан кеміс балаларды тәрбиелеу жалпы педагогиканың маңызды бір
тармағы. Осы қиын да, әрі маңызды тармаққа қатысты мәселелердің бәрі жалпы
педагогика ғылымының принциптерімен ұштастыра отырып, зерттелуге тиіс.

1.2. Сөйлеу тілі және есту мүшесі бұзылған балалаларға
сипаттама беру
Бала сөйлей алмаса да, ересектердің айтқан сөзін ұқса, айтқанды дұрыс
орындай білсе, онда уайымдауға ешқандай негіз жоқ. Баланың тілі шыға
бастаған кезде онымен байқап, дұрыс сөйлескен мақұл. Сақауланып сөйлеуге,
баланың тілін бұрап сөйлегенін қызық көріп, оның айтқандарындай етіп
қайталау жақсылыққа апармайды. Өйткені бала солай сөйлеуге үйреніп кетеді.
Баланың сөз қорының баюына, дұрыс сөйлеуіне қоршаған орта, үлкендердің
сөздік қоры жақсы стимул. Үлкендердің сөзі анық, асықпайтындай және дұрыс
болуы керек. Кейбір ата-аналар баланың сөзімен сөйлеймін деп сөзін бұрып
айтады, олар балаға ұғынықты деп ойлайды, ол дұрыс емес. Екі жасында
баланың сөздік қоры 300-ге жуық болады. Фразалар ұзын және қиын бола
бастайды, ал сөздің айтылуы жақсарады. Үш жасқа дейін бала сөйлей алмаса
қобалжудың қажеті жоқ, онда мамандардан консультация алу қажет. Кейбір ата-
аналар баласы өзі жай сөйлегісі келмей тұр деп өздерін басып, көп уақыт
өткізіп алып көмек сұрайды.
Сөйлеуді дамытуда толық есту қабілеті өте маңызды фактор болып
табылады. Дыбысты бала туғаннан бастап қабылдайды: басында бұл дыбысқа жай
ғана қарашығының үлкеюі, тынысын ұстап тұруы, басқа да қозғалыстар
көрінеді. Атап айтқанда бала естудің көмегімен қоршаған ортадағы сөзді
қабылдайды, өзінің дыбыстауына бақылау жасауы өте маңызды. Баланы үнемі
дұрыс айта алмауы әдетке айналмау үшін түзетіп отыру керек, артынан оны
түзету өте қиынға соғады.
Көру өте үлкен роль атқарады, себебі бала ықыласпен сөйлеушінің тілін
және ерін қозғалысын бақылай отырып, оларды қайталайды, артикуляциялық
қозғалысқа еліктеуге тырысады.
Бұл процесте баланың дамуында үнемі дамып және қайталау байланыстарын
қатайтып отыратын анализаторлар арасында есту, көрумен және басқалармен
шартты байланыс жүйесі пайда болады.
Сөйлеудің қалыптасуы ең алдымен ересектермен күнделікті қарым-
қатынаста болуымен байланысты. Бала балабақшадан немесе серуеннен
оралғаннан кейін, міндетті түрде балабақшада не істегені туралы, қандай
тапсырмалар болды, соны баладан сұрап отырыңыз. Егер балаға айтып беру қиын
болса, жетектеуші сұрақтар қойып көріңіз. Сонымен қатар балаға тыңдауды
және дыбыстарды дифференциялауға үйрету аса қажет. Баланың дыбыс
қабылдауының дамуына себеп болатын кезкелген ойындарды ойлап тауып,
жаңылтпаштарды жиі қолданған дұрыс.
М.М. Кальцованың айтуынша сөйлеудің дамуы моториканың дамуымен,
әсіресе қол саусақтарының кіші моторикаларының дамуымен тығыз байланыста
болатынын айтты. Сондықтан балаларды пирамидалармен, кубиктермен,
мозаикалармен айналдыруға тырысу керек. Тапсырмаларға кіріспес бұрын бала
әсіресе қандай дыбыстарды жаман айтатынын біліп алыңыз. Ол үшін оған
атауларында керекті дыбыстары бар, барлық мүмкіншіліктегі суреттер
ұсынылады. Егер бала бірнеше дыбыстарды дұрыс айтпаса, тапсырманы көбірек
таза айтатын дыбыстардан бастаған жөн.
Ата-аналар баламен жұмыс жасай бастағанда тек ойын түрде берілген
қызықты тапсырмалар ғана эффективті болатынын есіне алуы қажет. Мұнда кел,
сөйлеуді үйренеміз, - деп бұйрық беруге болмайды. Бұндай жағдайда бала
қорқып, ішінен тұйықталып алады, онда тапсырмалар пайдасыз болып шығады.
Ойын қызықты және тірі болу керек, кейде балаға жақсы сабағы үшін сыйлық
берген жөн. Логопедтік тапсырмалар мектепке жақсы дайындық бола алады.
Дыбыстарды айтып үйренуді бастамас бұрын бала дұрыс айтпайтын дыбыстарды
меңгеруге артикуляциондық аппарат дайындайтын бірнеше тыныс алу
жаттығуларын орындау керек. Тапсырмалар қысқа болу керек, кем дегенде 15
минут жүргізілуі қажет.
Сондықтан сөйлеуі бұзылған және тіл мүкістігі бар балалар тұйықталып,
бойында толымсыздық кешені пайда болмас үшін, ата-ана тарапынан қолдау,
мейірімділік, жылылық аса қажет. Қазіргі кезде экологиялық және
психологиялық фактордың әсерінен сөйлеу қабілетінде ауытқуы бар және
мүмкіндігі шектеулі балалар жылдан-жылға саны көбейіп келеді. Мұндай
балаларға арналаған арнайы мектептер мен оқыту бағдарламалары жоқтың қасы.
Бұл мәселе психиатр, логопед, невролог, психолог және т.б. мамандардың және
қоғамның араласуымен шешілетін өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек.
Естімейтін балалардың алғашқы мектебі Алматыдағы арнайы мектеп
интернат болып табылады. Ол 1931 жылы Қазақ СССР Министрлігінің бұйрығымен
ашылды. Естімейтін балалардың алғашқы жылдары, дамуында күрделі және қиын
жолдарды басынан өткізді. Ал қазіргі кезде естімейтін балалардың мектеп-
интернаты мықты материалдық базасы бар, өздерінің оқу корпустары,
жатақханалары, жаңа заманға сай құралдары, есту аппаратары және басқа да
құралдармен қамтамасыздандырылған. Арнайы мектепте жүргізетін тәрбие
жұмыстары балалардың жеке ерекшеліктерін танып білуден басталады.
Естімейтін және нашар еститін балалардың конденсаторлық мүмкіндіктеріне
байланысты. Арнайы мектеп педагогикалық ұжымдар, балалардан қоғамға деген
қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Естімейтін және нашар еститін
балаларды еңбекке тәрбиелеу басты мақсат болып табылады. Бастауыш
сыныптарынан бастап, балалар өздерінше қызмет етеді: дене шынықтыру,
төсектерін жинайды, сыныпта кезекшілік атқарады. Кейіннен өзіне қызмет ету
қиындатылады: еден жуады, асханада кезекшілік атқарады, ыдыс жуады, мектеп
ауласын тазартады.
Жоғарғы сыныптың балалары өзіне қызмет көрсетуді үйреніп қана қоймай,
сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына өздерінің тәжірибелерін үйретуге
тырысады.
Естімейтін және нашар еститін рухани байлықтарды әртүрлі қабылдайды.
Осының салдарынан психикалық даму ерекшеліктері байқалады. Қоғамдағы қарым-
қатынасты игеру балалардың жанұядағы қарым-қатынасына, жанұядағы
мәдениетіне, педагогикалық жұмыс жүйесіне байланысты. Мектепке дейінгі және
мектеп жасындағы естімейтін балалардың негізгі іс-әрекеті- ойын.
Д.Б.Элькониннің айтуы бойынша Ойын арқылы іс-әрекет пайда болып,
адамгершілік артады.
Ойын әрекеті балалардың психикасын, тұлғасын дамыту үшін маңызды.
Естімейтін және нашар еститін балалар ойын әрекеттерінде қоғамдық
өміріндегі формаларымен және қоршаған ортамен танысады.
Өмірдің әртүрлі жағдайларын ойнай отырып затар, құбылыстар және адам
турлы мағлұматтар алып, оларда ұжымдық, қоршаған ортамен және бір-бірімен
қарым-қатынасы қалыптасады.
Естімейтін балалар және нашар еститін балаларды тәрбиелеуде,
мұғалімдер мен тәрбиелеушілер, олардың даму ерекшеліктеріне қарап, методтар
мен тәрбиенің салаларына байланысты нақты формаларды өңдеп, қарастырған
жөн. Осы мәселелерді арнайы мектептерде қарастыру үшін ең алдымен тәрбиені
тәжірибелер арқылы зерттеп, жалпылап алу керек.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептерде
балаларды, қоғам-еңбек іс-әрекетіне дайындап, оларға білім мен дағдыны ғана
қалыптастыру емес, сонымен қатар, адамгершілікке, әлеуметтік ортадағы,
ортадағы адамдардың жақсы қасиеттерін, яғни еңбек сүйгіштікке, коллективте
және коллективпен жұмыс істеуге, тәртіптілікке, қоғамдық мүліктерді
қастерлеуге көзқарастарын қалыптастыруға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор
болуға, табиғатты қорғауға, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауға,
жан-жануарлармен өсімдіктерді қастерлеуге үйрету- мұғалімдер мен
тәрбиелеушілердің міндеттері.
Арнайы мектептегі тәрбиелеу мен оқытудың объектісі ол қалыпты
жағдайдан және психикалық дамуы бұзылған балалар,яғни естімейтін және нашар
еститін балалар.
Есту кемістігі бар балаларды тәрбиелеудің мектептегі басты мақсаты-
тәрбиелеу және білім беру болып табылады. Тәрбие беру табысты болу үшін
анамальды балалардың есту және сөйлеу дамуын ескеру қажет. Осы балаларды
тәрбиелеу балалардың даму ерекшеліктері дене дамуына, тәрбие әдістеріне
байланысты. Есту кемістігі бар балалардың мінез-құлқы ерекше болады,
балалар болған жағдайды ескермейді. Мұндай балалар сөздерін, ойларын толық
жеткізе алмайды. Есту қабілеті зақымданған балаларға білім беруде және
тәрбиелеуде, сонымен қатар түзету жұмыстарын жүргізуде, танымдық процестері
дамиды. Есту қабілеті зақымданған қалыпты балалар бірдей заңдылықпен
дамиды. Осыған байланысты есту қабілеттері зақымданған оқушыларға арналған
арнайы мектеп жұмыстарының қағидалары мен тапсырмалары жалпы
мектептердегідей. Бірақ арнайы мектепте оқитын естімейтін және нашар
еститін оқушылардың даму психикасының кейбір жақтары өзіндік формада
қалыптасады. Сол себептен есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған
мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие жұмысын балалардың жас және тұлғалық, есту
зақымдықтарын ескере отырып құру қажет. Арнайы мектеп жалпы және арнайы
тапсырмаларды шешу үшін есту мүшесі зақымданған балалардың тәрбиесін жалпы
мектеп бағдарламасына сүйене отырып қолданады. Мектептің жалпы және басты
мақсаты естімейтін және нашар еститін балаларды өз бетімен өмір сүруге және
жұмыс істеуге бағытталған. Тұлғаны қалыптастыруда және арнайы мектеп
баласының ақауын түзетуде келесідегідей жағымды жағдайларда қалыптастыру
керек:
1. Күн тәртібін орындау.
2. Жекелеген қатынас
3. Әр түрлі үйірмелерге қатысуы.
4. Жүйелі қадағалау.
Ұжым тұлғаның мінезіне толығымен әсерін тигізеді. Л.С.Выготскийдің
айтуы бойынша Ең бастысы- адам ұжымда қалыптасады. Сол себептен бала
ұжымын тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Есту қабілеті зақымданған
оқушыларға арналған мектеп ұжымын ұйымдастыру үшін әрбір баланы жете танып,
зерттеп, жекеше жұмыстар жүргізу керек. Тәрбие процесін жүргізу үстінде
тұлғаның жағымды жақтарын айқындау қажет және де есту мүшелері зақымданған
балалардың қалыпты қызметке сүйене отырып, түзету жұмыстарын жүргізу керек.

Мектеп ұжымының іс-әрекеті баланың арасындағы қарым-қатынасты
ұлғайтады. Есту кемістігі бар балалардың қарым-қатынасын сабақта және
сабақтан тыс уақыттарда да ұйымдастырады. Есту кемістігі бар оқушылардың
басты факторы- іс-әрекет болып табылады.
Есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектептердегі
тәрбиелеудің басты бағыты- еңбек болып табылады.
Еңбек жайында бастапқы түсініктерін қалыптастырады.
1.Еңбек ету үшін оқи білу, жаза білу, санай білу, көп нәрсені үйрену
қажеттігі жөніндегі мысалдармен танысады.
2.Үй шаруасындағы жұмысқа шамасы келгенше қолғабыс тигізіп отырады.
Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептерде мұғалімдер сабақта
көптеген көрнекіліктерді пайдаланады, сол арқылы оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттырады.
Естуі зақымданған балаларды және де басқа да ауытқуы бар балаларды
мемлекет өз қарамағына алғанымен, олар мұндай балалардың білім алу
дәрежесін көтеру қажеттілігін көрсетті.
Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу
арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған
ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды.
Сөйлеу – адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп
жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу
мүшелері дамиды. Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады:
қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы,
жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар
сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап
анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және
тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге
қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды. Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты
сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және
артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың
аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация
ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі. Тағы да
біраз уақыт өткеннен кейін бала дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе
көзімен оны қадағалайды. Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала
жылай бастайды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан
басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары
нығая түседі.
Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі – үш айында гуілі
белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала үлкендердің ерін
артикуляциялық қозғалыстарын қайталауға тырысады. Бұл бірнеше қайталау
қозғалыстары қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі. Алты айдан бастап бала
бөлек буындарды анық айтады (мысалы: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамуында ауытқуы бар балалардың түрлері
Қазіргі Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау жүйесін ұйымдастыру
Көру қабілеті бұзылған балалар
Соқырлардың зейінінің ерекшелігі
Эмоционалды - ерік сферасы бұзылған балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Оқушылардың жеке ерекшеліктері
Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуының теориясы
Кіші мектеп жасындағы балалардың көру бұзылысын зерттеу
Кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін түзеу
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Пәндер