Мұнай, газ өндіру кәсіпорындағы өндіріс және ресурстары мен факторлары



Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
МЕББМ Жоғарғы Техникалық Мектебі

Курстық жоба қорғауға
жіберілді
____________________
Жетекші Тастемиров А.Г.

Өндірістік экономика және өндірісті ұйымдастыру пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мұнай, газ өндіру кәсіпорындағы өндіріс және ресурстары мен факторлары

Жобаны орындаған студент:

Мамандығы, шифр:____________
______________________________
Курстық жұмыс ________________
бағамен қаралды
Жетекші: Тастемиров А.Г.
_____________________
Аты жөні, қолы

Орал 2013

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Өндірістік процесті ұйымдастыру және мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының
өндірістік құрылымы
1.1. Өндірістік процестердің мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Өндірістік процестерді ұйымдастыру принциптері ... ... ... ... ... ... ... .9
2. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарындағы өндіріс және
ресурстары мен факторлары
2.1.Мұнай және газ өндіру кәсіпорынның өндірістік құрылымы ... ... ... ... 17
2.2. Мұнай мен газ өндірісі және пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеуді
ұйымдық-экономикалық жетілдірудің тетіктері
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Кіріспе
Қазақстан экономикасының жұмыс істеуінің нарықтық негіздеріне көшу
және осыған байланысты еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси
келбетін жаңғыртқан түбегейлі өзгерістер принципті түрде жаңа проблемалар
мен міндеттерді алға тартуда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы пайдалы
қазбалар қорына өте бай, сонымен қатар білімді мамандар мен өндіріс
потенциалына ие деп айтуға болады. Сол көптеген пайдалы қазбалардың бірі,
Қазақстан елінің байлығы – мұнайгаз саласы болып табылады. Осы саланың
дамуын қамтамасыз етуде қатынас қаражаттардың алатын орны ерекше. Мұнайгаз
өңдейтін кәсіпорындардың өнімін кеңейту үшін қаражат көлемі өте үлкен, бұл
ірі инвестициялар үшін де ауыр болуы мүмкін.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанның мұнай-газ саласының қазіргі
таңдағы жағдайы жоғары потенциалмен сипатталады: мұнай мен газдың мол қоры,
игерілген көмірсутек кен орындарының болуы, мұнай шығару мен оны
экспорттаудың өсуі. Қазақстан мемлекеттік бюджеттің қалыптасуында елеулі
рөл атқаратын қарқынды дамып келе жатқан мұнай-газ өнеркәсібіне ие болып
саналады. Қазақстандық мұнай кешені тиімді қызмет етуі үшін мұнай өндіру,
оны өңдеу және өткізу бойынша кәсіпорын күштерін біріктіруге деген
қызығушылықты қалыптастыру қажет, дейді Елбасымыз жолдауында.
Бұл өндіріс шығындарын үнемдеуге және жаңа технологияларды енгізуге
ықпал етеді. Қазіргі уақытта мұнай-газ кешені экономиканың дамуын
анықтайтын алдыңғы қатардағы салалардың бірі болып табылады. Елдің
экономикалық дамуына қолдау көрсете отырып, Қазақстан Республикасының мұнай-
газ кешені болашақта Қазақстан экономикасының локомотивіне айналуы мүмкін,
осылайша ол басқа да салалардың, соның ішінде ғылыми сыйымдылығы жоғары
салалардың дамуын қамтамасыз етеді және ынталандырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мұнай және газ өңдеу кәсіпорындарындағы
өндірісті жоспарлау және өндіріс ресурстары мен факторлары туралы түсінік
алу.
Курстық жұмыстың міндеттері: Мұнай және газ өңдеу өнеркәсібі және газ
кен орындары туралы және мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының өндірісті
жоспарлаудың әдістері туралы және өндіріс факторалы туралы түсінік беру.
Сонымен қатар өндірістік процестердің мәні туралы мағлұмат беру және мұнай
өндірісін дамытудың негізгі бағыттарын көрсеткіштермен көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі
бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі мен мақсаты және міндеттері қарастырылды.
Бірінші бөлімде мұнай және газ өңдеу өнеркәсібі мұнай мен газ өндіріс
процестері туралы қарастырдым. Екінші бөлімде мұнай-газ өндіру
кәсіпорындарының өндірісіне түсінік бердім.
1. Өндірістік процесті ұйымдастыру және мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының
өндірістік құрылымы
1.1. Өндірістік процестердің мәні және түрлері
Мұнай өнеркәсібі – мұнай және мұнай-газ кен орындарын барлауды,
ұңғыларды бұрғылауды, мұнай мен газ өндіруді, тұрба құбыр мұнай тасымалын
қамтитын ауыр индустрия саласы. Мұнай-газ кешенінің тұрақтануы мен дамуы,
оның жұмысының тиімділігінің артуы негізінен оның құрылымдық өзгерістеріне
және мұнай-газ компанияларын одан әрі жетілдіруге тәуелді болады.
Әрбір мұнай компанияларының ең негізгі алға қойған мақсаты болады ол
табысты максимизациялау, яғни шығындарды азайтып, тиімді жолмен пайда
түсіру болып табылады.
Мұнай газ саласындағы мұнай өнімдеріне бағаның құрылуы. Баға оның
құрамындағы элементтерімен өте тығыз байланыса отырып құрылады. Өндірілетін
мұнайда парафиннің жоғары құрамдылығымен ерекшеленеді. Сәйкесінше бұл
белгілі бір қиындықтарға әкеп соғады, әсіресе, қысқы уақытта ауа райының
қатаң жағдайларына байланысты мұнайды өндіру мен тасымалдау шығындарының
артуымен байқалады.
Әрбір кәсіпорын қызметінің негізін өндірістік процесс құрайды. Барлық
өндірістік процесс – бұл өзара байланысты еңбек процестерінің,
технологиялық және табиғи процестердің жиынтығы.
Еңбек процесі еңбектен, еңбек заттары мен еңбек құралдарынан тұрады.
Еңбек процесінің нәтижесі еңбек өнімі болып табылады, яғни адамның мақсатты
бағытта еңбек құралы көмегімен еңбек затын өзгеріске ұшыратуы.
Технологиялық процесс – бұл адамның қандай да бір еңбек құралын
қолдана отырып, еңбек затына әсер етуі нәтижесінде орын алатын еңбек
затының сапалық (физикалық-химиялық және механикалық) өзгерісі. Еңбек
затының өзгерісі адамдардың тікелей қатысуынсыз, табиғат күштерінің
әсерінен де, яғни табиғи процестер нәтижесінде де орын алуы мүмкін.
Әрбір өндірістік процесте негізгі процесс маңызды орын алады. Негізгі
процесс - бұл еңбек затының кәсіпорынның мамандануына сәйкес дайын өнімге
айналуы. Негізгі өндірістің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін жүзеге
асатын процестер көмекші процестер деп аталады.
Өндірістік процесті ұйымдастыру мақсаттары үшін жұмысшының оны жүзеге
асыруға қатысу сипатын, өндірістік процестің сипаты мен мазмұнын, оған
материалдық элементтердің қатысуын, өндірістік процестің қайталану кезеңі
мен ұзақтығын, өндірісті ұйымдастыру әдістерін білу өте маңызды болып
табылады. Бұл жерде, өндірісті ұйымдастыру дегенде еңбек процестерін және
өндірістің материалдық элементтерін уақыт ағымы мен кеңістікте ұтымды
үйлестіру әдістерінің жиынтығын түсінеміз.
Жұмысшының өндірістік процесті жүзеге асыруға қатысу сипаты бойынша
келесі процесс түрлерін ажыратады: қол, механикаландырылған қол, машиналық
- қол, машиналық, автоматтандырылған, аппараттық.
Қол процестері – бұл жұмысшының механизмдердің (жабдықтардың)
қатысуынсыз орындайтын жұмысы; мысалы, кілттердің көмегімен құбырларды
немесе шлангыларды бұрау, тесіктерді қолмен тесу және басқалар.
Механикаландырылған қол процестері қандай да бір механикаландырылған
инструменттің көмегімен қандай да бір энергия көзін қолдану арқылы тікелей
жұмысшымен орындалады, мысалы, гайкаларды бұрау, тесіктерді бұрғымен тесу,
резервуардағы мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеу және басқалар.
Машиналық - қол процестері жұмысшының тікелей қатысуымен машинамен
орындалады; мысалы көтергіш тракторда жұмыс жасау және басқалар.
Машиналық процестер жабдықтың жұмыс бөлігімен жұмысшының қатысуынсыз
жүзеге асады; мысалы, жер асты жөндеуде немесе бұрғылау процесінде
құбырларды ұңғыдан көтеру және т.б.
Автоматтандырылған процестер адамның қатысуынсыз автоматты түрде
жүзеге асады; мысалы, қашауды ұңғы забойына автоматты түрде беру, парафинді
тазалау үшін қырғышты автоматты түрде беру және басқалар.
Аппараттық процестер ыдыстар мен аппараттар жүйесінде орын алады, және
де еңбек заты технологиялық режимнің қатаң белгіленген көрсеткіштерінде
өзгеріске ұшырайды. Мұнда жұмысшы (немесе жұмысшылар тобы) аппараттар
жұмысын бақылайды және оларда жүріп жатқан процестерді бекітілген тәртіпке
сәйкес реттеп отырады. Мұнай өндірісінде бұған мұнайды электрлік
тұссыздандырғыш қондырғыда (ЭЛОУ) диэмульсациялау мысал бола алады, ал
кейбір мұнай базаларында майларды өндіру процесі аппараттық болып
табылады; бұрғылауда – балшық зауытындағы жуу сұйықтарын өндіру; мұнай
өңдеу және мұнай-химиялық процестер де аппараттық процестерге жатады.
Мазмұны мен сипаты бойынша өндірістік процестер механикалық және
физикалық-химиялық процестерге бөлінеді.
Механикалық процестер – бұл механикалық күштердің әсерімен еңбек
затының формасы, мөлшері, жағдайы мен орналасуы қандай да бір өзгеріске
ұшырайтын процестер. Оларға шикізатты немесе өнімді басқа физикалық
жағдайға өңдеу немесе қайта өңдеу, форма қалыптастыру, жинақтау, өндіру
процестері, тасымалдау, сақтау және мұнай өндірісіндегі секілді т.б.
процестер жатады. Бұрғылау процесі де механикалық процестерге жатады.
Физикалық-химиялық процестерге материалдардың физикалық-механикалық
және механикалық қасиеттері, олардың ішкі құрылымы өзгеріске ұшырайтын
процестер жатады (химиялық, жылу, диффузиялық, еріту, электрохимиялық және
басқа да процестер).
Сонымен қатар, еңбек заттарының орнын ауыстыру бойынша транспорттық
процестерді және олармен байланысты тиеу-түсіру процестерін; дайындалған
еңбек заттарының белгіленген стандартқа немесе техникалық жағдайларға
сәйкестігін сынау және тексеру бойынша бақылау процестерін; өндірістік
процестердің жекелеген түрлерінің жүру жағдайлары мен параметрлерін зерттеу
бойынша зерттеу жұмыстарын; жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды барлау
бойынша геологиялық барлау процестерін ажырату қажет.
Өндірістік процестің негізгі бөлігі кезеңінің ұзақтығы бойынша
үздіксіз және үзілісті процестерді ажыратады.
Үзілісті процестер процестердің кезеңділігімен және қайталануымен
сипатталады. Оларға, мысалы, геологиялық барлау және бұрғылау жатады.
Үздіксіз өндірістік процестерде кезеңділік белгісі болмайды,
технологиялық процесс үздіксіз жүреді, процестің үзілстілігі мен қалпына
келтірілуі оның технологиялық ұзақтығымен емес, мысалы, мұнай өндірісіндегі
секілді, жабдық жұмысының жөндеу аралық мерзімінің ұзақтығымен анықталады.
Осылайша, өндірісті ұйымдастыру – бұл еңбек процестерін және
өндірістің материалдық элементтерін уақыт ағымы мен кеңістікте ұтымды
үйлестіру әдістерінің жиынтығы.
Процестің кеңістікте орналасуы дегенде операциялардың жұмыс орындары
бойынша орналасуын түсінеді. Процестің уақыт ағымында орналасуы – бұл
өндірістік процестің ұзақтығын анықтайтын өндірістік процестің әртүрлі
операцияларының орындалуының уақыт ағымында үйлесу дәрежесі.
Процестің кеңістік пен уақыт ағымында орналасуы кері пропорционалды
тәуелділікте болады. Егер, мысалы, өндірістік процес бес операциядан тұрса
және олардың барлығы өз жұмыс орындарында бір уақытта орындалса, онда
процесс уақыт ағымында толықтай үйлестірілген және кеңістікте
бөлістірілген. Егер олардың барлығы бір жұмыс орнында орындалса, процесс
кеңістікте толықтай үйлестірілген және уақыт ағымында бөлістірілген (бұл
жағдайда уақыт әйлесімі орын алмайды). Процестің кеңістікте орналасуының
әрбір түріне оның уақыт ағымында орындалуының белгілі бір тәртібі сәйкес
келеді және де ол операциялардың үйлесу түрімен және еңбек затының бір
жұмыс орнынан келесісіне берілу тәртібімен анықталады.
Операциялардың үйлесуінің үш түрі бар: кезекті, параллель және
параллель- кезекті.
Кезекті үйлесу әрбір келесі операцияның алдыңғысы аяқталғаннан кейін
орындалуын білдіреді. Мысалы,мұнара құрылысында оған қатысты барлық
процестерді қатаң ретпен бірінен соң бірін орындау қажет. Әйтпесе
өндірістік міндетті (мысалы, мұнара құрылысы) шешуге жұмсалатын уақыт аса
ұзақ болады. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарында операциялардың кезекті
үйлесуі қолданылмайды. Операциялардың параллель үйлесуі олардың уақыт
ағымында толықтай үйлесуімен сипатталады. Мұндай үйлесу әрбір операцияның
бір жұмыс орнындағы бірдей ұзақтығы мен орындалу мүмкіндігінде ғана мүмкін
болады. Тәжірибе жүзінде мұны жүзеге асыру қиын болғандықтан үйлестірудің
бұл түрін қолдану шектеулі болады.
Операциялардың параллель-кезекті (аралас) үйлесуі – мұнай және газ
өнеркәсібіндегі операцияларды үйлестірудің ең кең тараған түрі. Мұнда
операциялардың бір бөлігі кезекті, ал бір бөлігі параллель орындалады.
Барлық өндірістік процесс өзара әрекеттесуші әртүрлі еңбек
процестерінің, технологиялық және табиғи процестердің жиынтығын білдіреді
және ұтымды үйлестіруді талап етеді.

1.2. Өндірістік процестерді ұйымдастыру принциптері
Ұтымды ұйымдастырылған өндірістік процестің маңызды принциптеріне
үздіксіздік, ырғақтылық және пропорционалдық жатады.
Үздіксіздік дайын өнімнің үздіксіз өндірісінде еңбек затының үздіксіз
өңделуін білдіреді. Өндірістік процестің үздіксіздігі негізгі қорларды
неғұрлым толық пайдалануды, айналым құралдарының аса жылдам айналымдылығын
қамтамасыз етеді.
Ырғақтылық кәсіпорынның өнімді берілген жоспар (кесте) бойынша
біртектес шығаруын білдіреді. Ырғақтылық кәсіпорынның барлық цехтары мен
бөлімшелерінде өндірістің біртектес жүруін қамтамасыз етеді, бұл жерде оның
өндірістік-шаруашылық қызметін жоспарлау үлкен рөл атқарады.
Өндірістік процестердің пропорционалдығы операциялардың тепе-теңдігін
немесе қысқалығын білдіреді. Пропорционалдық негізгі өндіріс пен көмекші
бөлімшелер арасында сақталуы тиіс. Кәсіпорынның дамуында қандай да бір
бөлімше негізгі өндіріс мұқтаждықтарын қамтамасыз етпейтін немесе оның
қажеттіліктерінен асып кететін диспропорцияға жол бермей сандық
пропорцияларды сақтау қажет. Бұл екі жағдайда да өндірістік процестің
ырғақтылығы, үздіксіз жүруі, кәсіпорын жоспарымен белгіленген уақытылы өнім
өндірісі бұзылып, өнімнің өзіндік құны едәуір артады.
Өндірісті ұйымдастырудың өз әдістері мен даму нысандары бар. Қазіргі
уақытта өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдістеріне толассыз (жаппай),
топтық (сериялы) және бірлік әдістер жатады. Мұнай және газ өнеркәсібі
кәсіпорындарында олар ішінара қолданылады.
Өндірісті ұйымдастырудың толассыз (жаппай) әдісі жаппай өндірісті
ұйымдастырудың негізгі әдісі болып табылады. Ол біртектес өнімді жаппай
көлемде үздіксіз шығарумен сипатталады. Толассыз өндірісте бұйымдар бір
операциядан кейін келесісіне арнайы құрылғылар көмегімен тез беріледі.
Өндірісті ұйымдастырудың топтық (сериялы) әдісі өнімді сериялармен
шығаруды білдіреді және осыған байланысты жұмыс орындарында өңделетін
өнімдер түрінің өзгеріп отыруымен және өнімнің жаңа сериясын (партиясын)
дайындау үшін орын алатын артығымен дайындауға байланысты жабдық
жұмысындағы кезеңдік үзілістермен сипатталады. Бұл әдіс маманданудың төмен
дәрежесін білдіреді. Оның артықшылығы өндірістің бір өнім түрінен
кбасқасына көшу жеңілдігі болып есептеледі. Оны жаппай өндіріс
кәсіпорындарының толассыз әдіспен ұйымдастырылған жекелеген учаскелерінде
қолдануға болады.
Өндірісті ұйымдастырудың бірлік әдісі өнімді жекелеген бірліктермен
және уақ сериялармен шығарумен сипатталады. Бірлік өндіріс техника мен
технологияның жетілуімен байланысты жаңа өнім дайындайтын тәжірибелі
өндірістің дамуымен байланысты. Мұнда универсал жабдықтар қолданылады және
біліктілігі жоғары универсал жұмысшылар қызмет атқарады.
Неғұрлым жетілген әдіс ретінде жаппай өндірісті ұйымдастырудың
толассыз әдісі өнеркәсіптің әртүрлі салаларында кеңінен таралып отыр:
машина жасауда, металл өңдеуде, металлургияда, химияда, тоқыма, аяқ киім,
тамақ және ағаш өңдеу өнеркәсіптерінде.

2. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарындағы өндіріс және
ресурстары мен факторлары
2.1.Мұнай және газ өндіру кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Мұнай-газ өндірісіндегі еңбек заты - мұнай мен газдан тұратын қабат,
еңбек құралы – эксплуатациялық және айдамалау жабдықтары, еңбек өнімі –
шикі мұнай мен газ болып табылады.
Мұнай-газ өндірісінің ерекшелігі мұндағы еңбек заты, яғни мұнай мен
газдан тұратын қабат табиғат сыйы болып табылады. Ол еңбек нәтижесі емес
және құнға ие емес. Сондықтан да мұнай өндіру өнеркәсібінде шикізат
шығындары болмайды және бұл оның құрылымына, деңгейіне және кейбір
техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жоспарлауға әсер етеді.
Келесі маңызды сәт, мұнай өндіруші кәсіпорындарда еңбек затының
аумақтық белгіленіп қойылуы болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорынды
жобалау және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру орындарын таңдау жергілікті
жағдайларға (өнеркәсіптік ғимараттар, тұрғын үйдің болуы, климаттық
жағдайлар, жер бедері) тәуелді болады.
Сонымен қатар, мұндағы тағы бір ерекшелік еңбек заты мен экспл-лық
жабдықтың жер асты бөлігінің тікелей бақылау мен әсер етуден қашық болуы.
Бұл мұнай өндірісіндегі күрделі құрылыстың қажеттілігін білдіреді. Еңбек
заты мен эксплуатациялық жабдықтың жер асты бөлігінің қашықтығы арнайы
зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ ұңғыларды ағымдық және күрделі жер асты
жөндеуді ұйымдастыру мен жоспарлау қажеттілігін тудырады.
Еңбек затын өңдеу процесінде табиғи фактордың әсер етуі, атап айтсақ
өнімділіктің негізгі факторы – қабат қысымының табиғат сыйы болуы да мұнай
өндірісі ерекшеліктерінің бірі болып есептеледі. Ұңғылардың аумақтық
оқшаулануы, олардың жекелігі және өндірісті ұйымдастырудың кен орнын өңдеу
жүйесіне тәуелділігі ұңғыларға қызмет көрсетуден, олардың технологиялық
режимін реттеуден және ұңғылар қорын жұмысқа қабілетті жағдайда ұстаудан
тұратын негізгі процесті ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды. Бұл
ерекшелік көмекші және қосалқы шаруашылықтарды ұйымдастыру ерекшеліктерін,
олардың аумақтық орналасуын білдіреді.
Мұнай-газ өндірісінде оның тек дайын өнім беретіндігі де, яғни
аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттардың болмауы да маңызды болып
табылады.
Мұнай мен газ өндірісінің өндірістік процесі әртектес жеке өндірістік
процестердің кешенін білдіреді:
• мұнай мен газ өндірісі;
• механикалық және энергетикалық жабдықты монтаждау және демонтаждау;
• ұңғыларды жер асты жөндеу;
• ұңғылар мен жабдықтарды жер үсті жөндеу;
• ұңғыларды күрделі жөндеу;
• мұнайды тасымалдау және сақтау;
• газды жинау және қолдану;
• мұнай мен газды кешенді дайындау;
• ұңғылар мен қабаттарды зерттеу;
• жұмыс агентін қабатқа айдау және т.б.
Мұнай мен газ өндіру процесі – бұл барлық қабат пен кен орнын жобаға
сәйкес ұтымды өңдеуді, сондай-ақ негізгі процесті әртүрлі энергия
түрлерімен, көлікпен, жөндеумен, материалдармен, құрал-жабдықтармен және
т.б. қамтамасыз етуді талап ететін негізгі мұнай-газ өндіру
кәсіпорындарындағы негізгі өндірістік процесс.
Мұнай өндіру процесі бірнеше өзара байланысты жекелеген процестерден
тұрады: сұйықтың забойға келуі, сұйықтың забойдан ұңғы аузына көтерілуі,
мұнайды өңдеуге дейін тасымалдау және сақтау, мұнай мен газды өңдеу немесе
кешенді дайындау және тауарлық мұнайды тұтынушыға тапсыру. Осы аталған
процестер біріге отырып мұнай мен газ өндірісінің өндірістік циклын құрайды
және ол қысқа мерзімділігімен және үздіксіздігімен сипатталады.
Өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету шарттары:
1. кен орнын өңдеу жүйесіне сәйкес қабат жұмысының технологиялық режимін
қатаң сақтау;
2. мұнай өндіру процесіне қатысатын жекелеген өндірістік бөлімшелердің
өндірістік қуаттарының ұңғылардың өндіру мүмкіндіктеріне сәйкес келуі;
3. көмекші процестердің негізгі процестерге кесте бойынша қызмет
көрсетуі.
Мұнай-газ өндіру кәсіпорынының өндірістік құрылымының негізінде
мамандану, көмекші өндірістің негізгі өндірістен бөлінуі және өндірістің
барынша шоғырлануы жатыр.
Өндірістік құрылым дегенде кәсіпорынның өндіріс ішілік бөлімшелері мен
қызметтерінің жиынтығын, олардың арасындағы арақатынас пен өзара байланысты
түсінеді.
Мұнай-газ өндірісінде құрылымдық бірлік ретінде цех - өндірістік
әкімшілік оқшауланған бөлімше орын алады. Оның міндеті өнім дайындау немесе
белгілі бір жұмыс түрін орындау болып табылады.
Негізгі өндіріс өнімді дайындаумен тікелей байланысты процестерді
қамтиды.
Көмекші өндіріс негізгі өндіріс бөлімшелерінің өнімді кедергісіз
шығаруына қажетті қалыпты жағдайларды қамтамасыз етеді.
Негізгі өндіріс ретінде орталық инженерлік-технологиялық қызметпен
(ОИТҚ) біріккен аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер (АИТҚ) бөліп
көрсетілген.
ОИТҚ-тің негізгі міндеті – белгіленген технологиялық тәртіпті сақтай
отырып МГӨБ-ғы мұнай мен газ өндірісі бойынша жоспарлық тапсырмалардың
орындалуын қамтамасыз ету. ОИТҚ төмендегі жұмыс түрлерін орындайды:
– АИТҚ жұмысына басшылық ету;
– негізгі өндіріс объектілерінде (АИТҚ) жұмыстарды орындау
барысында МГӨБ-ның барлық өндірістік бөлімшелерінің
қызметін тәулік бойы жедел бақылау және үйлестіру;
– барлық өндірістік объектілер бойынша ақпараттар жинау
және өңдеу;
– апаттарды жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
– бақытсыз жағдайларда көмек көрсету және басқалар.
Жұмыстарды жоспарлауға маңызды мән беріледі. ОИТҚ ұңғылар бойынша
барлық қажетті жұмыстардан тұратын айлық кешенді жоспар-кестелерді өңдейді.
АИТҚ – ИТҚ-тің мұнай өндірісіне тікелей қатысатын негізгі
технологиялық органы. АИТҚ-ның басты міндеті – мұнай мен газ өндірісі
бойынша жедел жоспар-кестелер мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету,
тәулік бойы ұңғыларды техникалық сауатты меңгеру мен пайдалануды жүзеге
асыру, оларды пайдалану тәртібін сақтау, АИТҰ аумағында орналасқан ұңғылар
мен басқа да объектілерді жер асты және күрделі жөндеу бойынша өндірістік
процестердің барысын технологиялық бақылау. АИТҚ жұмысына қызмет бастығы
басшылық етеді. Мұнай өндірісі операторлары технологиялық топтарға бөлінген
және аға инженерлердің басшылығымен ұңғыларды пайдалануға қызмет көрсету,
оларды тексеріп, қадағалау, жабдық ақауларын жөндеу, жұмыс тәртібін сақтау,
ұңғыларды іске қосу және т.б. бойынша жұмыстар жүргізеді. Бұл топтар
диспетчерлік пунктпен және оның басшылығымен тұрақты байланыста болады.АИТҚ
мұнай, газ, ауа жинау және сумен қамту жүйесінің, ұңғылар
коммуникациясының, ауа мен газды бөлістіру қондырғыларының, компрессорлық
станциялардың және т.б. технологиялық схемаларымен жабдықталған.
Ұңғыларға өндірістік қызмет көрсетумен байланысты көмекші өндірістер
өндірістік қызмет көрсету базаларына (ӨҚКБ) біріккен. ӨҚКБ құрамына мыналар
жатады:
– эксплуатациялық жабдықтың прокаттық-жөндеу цехы (ЭЖПЖЦ);
– электрлік жабдықтар мен электрмен жабдықтаудың прокаттық-
жөндеу цехы (ЭЖмЭЖПЖЦ);
– ұңғыларды жер асты және күрделі жөндеу цехы (ҰЖАжКЖЦ);
– өндірісті автоматтандыру цехы (ӨАЦ).
ӨҚКБ басшылығы цехтар қызметін үйлестіреді және өңғылар мен негізгі
өндірістің барлық объектілерінің жоспар-кестелерге сәйкес үздіксіз жұмысын
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұнай-газ өндіру басқармасына тікелей
бағынатын құрылымдық бөлімшелер де бар, атап айтсақ:
– мұнайды дайындау және айдау цехы (МДжАЦ);
– қабат қысымын қалыпты ұстау цехы (ҚҚҚҰЦ);
– бумен және сумен жабдықтау цехы (БжСЖЦ);
– компрессорлық газ цехы (КГЦ);
– егер МГӨБ-да дербес құрылыс ұйымы болмаса, құрылыс-монтаж
учаскесі (ҚМУ).
Қабат қысымын қалыпты ұстау цехының негізгі міндеті – жұмыс
реагентінің өнімді горизонттарға бекітілген өңдеу жобасына сәйкес көлемде
закачкасын қамтамасыз ету.
Мұнайды дайындау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Минералдық шикізаттар
Нарықтық экономика жағдайындағы еңбек ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
Шикізат, материалдық және отын - энергетикалық ресурстары
Кәсіпорындағы маркетингтік және өндірістік қызметін талдау
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Кәсіпорын қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері
Жайықмұнайгаз МГӨБ-дағы кадрларды басқаруды бағалау және талдау
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдіснамасы мен техникасын, өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын игеру
Мұнай саласындағы кәсіпорындардың тиімділігін жоғарылатудағы негізгі бағыттар
Маркетингтік орта жүйесі
Пәндер