Мұнай газ өндіру саласындағы инвестициялық саясат



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жоғарғы Техникалық Мектебі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мұнай газ өндіру саласындағы инвестициялық саясат

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2013ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-тарау. Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларын мұнай өндіру
саласында тиімді пайдалануды жетілдіру
1.1. Инвестициялық үрдістерді басқаруды жандандырудың ілімдік
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Мұнай өндіруші салалардағы инвестициялық үрдістердің
қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
II-тарау. Мұнай мен газ өндіру саласындағы инвестициялық саясат
2.1. Қазақстандағы мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындарындағы инвестициялық
ахуалды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .17
2.2. Қазақстанда мұнай өндірісін дамытудың негізгі бағыттарымен
перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30
Кіріспе
Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту макроэкономикалық
сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған
объективті қажетті үрдіс. Шетел инвестициялары экономикамыздың қарқынды
өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында
инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық
өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Ұдайы өндіріс қатынастары
жүйесінде инвестициялар маңызды құрылымдық пайда болу қызметін атқарады,
халық шаруашылығының қай салаларына инвестициялардың салынуына қарай
экономиканың болашақ құрылымы байланысты болады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы аумақтарындағы барлық
шаруашылық субъектілеріне үздіксіз сыртқы нарыққа шығу құқығын ұсыну, шетел
инвестицияларын кеңінен тарту, ҚР-ның сыртқы экономикалық байланыстарын
кеңейту құқықтарын беру шетел инвестицияларын ғылыми-зерттеудің өзектілігін
анықтайды.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев “біздің міндетіміз - әлемдік
қоғамдастық алдында қазақстанды инвестициялар үшін тартымды орын ретінде
көрсету, маңызды салаларға инвесторларды белсене тарту” – деп атап
көрсеткен. Сондай-ақ, Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевпен реформалаудың негізгі тұжырымдамалық
принципі қалыптасқан. Сол құжаттың басымды ұстанымы - нарықтық қатынас
кезінде мемлекеттің экономикасын және жоғары деңгейде шетел инвестициясын
нығайту болып табылады.
Нарықтық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, мұнай өндіру
саласында инвестициялық үрдісті қалыптастыруда әлемдік технологияларды және
менеджмент пен маркетингтің озық әдістерін қолдануға негізделген және
инвестициялау тетіктерін қалыптастыруда ең тиімді инвестициялық жобаларды
нарықтық тетіктер арқылы дайындау ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан өзекті
болып табылады.
Экономиканың өсуі инвестициялық қызметтің белсенділігімен байланысты.
Сондықтан, қазіргі таңда еліміздің мұнай өндіруші саласының алдында тұрған
негізгі мақсаты құрылымдық және инвестициялық саясат жүйелерінің барынша
қайта қаралуын талап етеді. Бірақ, өз кезегінде инвестициялық қызмет,
құрылымы, ұдайы өндірістегі қаржылық және материалдық активтер дәрежесі
оның инвестициялық тартымдылығын анықтайтын факторы негізінде еліміздің
экономикалық жағдайына байланысты болып келеді, яғни бұл инвесторлардың
нарықта инвестициялық стратегияны дайындауды есепке алу факторы болып
табылады.
Қазақстан өзінің өндірістік әлеуетін қайта қалыптастыруға, жаңартуға,
тұтынушылық нарықты жоғары сапалы және қымбат емес тауарлармен толтыруға,
өзінің экспорттық потенциалын дамытуға және құрылымдық қайта құруға,
бастысы басқарушылық мәдениетін қоғамға еңгізуге антиимпорттық саясат
жүргізуге мүдделі. Шетел инвесторлары Қазақстанның кең ішкі нарығы есебінен
пайда табуға, оның табиғи байлығына, білікті және арзан жұмыс күшіне
тәуелді. Сондықтан да біздің мемлекетіміз алдында келесідей күрделі және
аса маңызды мәселе тұр: жеке ынтаны жоғалтпай қоғамдық мақсаттарға жету
үшін экономикалық реттеу шараларын бағыттай отырып шетел капиталын елге
тарту. Қазақстан экономикасына кең көлемде шетел инвестицияларын тарту
халықтың жоғары сапалы өмірімен сипатталатын өркениетті, әлеуметтік
бейімделген қоғам құру секілді ұзақ мерзімді мақсаттарды көздейді. Ал шетел
капиталы Қазақстанға ғылыми-техникалық прогресске және алдынғы қатарлы
басқарушылық тәжірибесіне жетуге мүмкіндік береді. Демек, бұл үшін шетел
инвестицияларын тиімді пайдалануды жетілдіру жолдарын кешенді зерттеу
қажет.
Курстық мақсаты мен міндеттері. жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстанда
шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласында тиімді пайдалануды жетілдіруді
ілімдік-әдістемелік негіздеу, сондай-ақ инвестицияларды тиімді пайдалануды
жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу ілімдік, әдістемелік және
тәжірибелік сипатта белгіленген келесідей міндеттерді шешуді талап етеді:
- мұнай өндіру саласындағы инвестициялық үрдістердің қазіргі жағдайы
мен қолданысын және ұдайы өндіріс үрдісіндегі экономикалық өсімге
инвестицияның тигізетін әсерін талдау;
- инвестициялық қызметті реттеудегі мемлекеттің ролі мен функцияларын
қарастыру;
- жекелеген аймақтар бойынша мұнай өндіруші саланың даму ерекшеліктері
мен бағыттарын мұнай өндіру саласындағы шетел инвестициясын пайдаланудың
кешенді мәселелері мен осы салаға инвестиция тарту тетіктерін қарастыру;
- мұнай өндіру саласындағы трансұлттық компаниялардың (ТҰК) іс-әрекеті
мен шетел капиталын тартуда ынталандыру шараларын анықтау;
- мұнай өндіруші салаға инвестицияларды тарту тетіктерін жетілдіру
жолдарын анықтау.
І-тарау. Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларын мұнай өндіру
саласында тиімді пайдалануды жетілдіру
1.1. Инвестициялық үрдістерді басқаруды жандандырудың ілімдік негіздері
Инвестициялау – Қазақстан Республикасы экономикасының нарыққа өтудегі
ең басты тетігі және ақша, қаржы, пайда, баға секілді басқа да тетіктер мен
формаларды пайдаланудың базасы болып табылады. Мұнда инвестициялар
пайдаланғанда қандай да бір пайдалы нәтижеге қол жеткізуге немесе белгілі
бір мөлшерде пайда табуға мүмкіндік беретін көптеген мүліктік және
интеллектуалдық құндылықтардың түрлерін сипаттайды.
Инвестициялық үрдісті зерттей келе, басқару мәнінен максималды
тиімділік алуға, әлеуметтік-экономикалық жүйедегі максималды өсімге қол
жеткізуге бағытталған барлық қызметтер жинақталған келесідей іс-әрекеттер
циклынан тұратын стратегияны ұсынуға болады:
1) инвестициялық үрдістің ағымдық жағдайына талдау жасау инвестициялық
тартымдылықты және инвестициялық белсенділікті талдау, инвестицияға
деген әлеуметтік-экономикалық жүйенің қажеттіліктерін қанағаттандыруды
талдау;
2) инвестицияның қажетті көлемін және инвестициялық тартымдылық
көрсеткіштерін анықтау;
3) жүйенің қажетті инвестициялық тартымдылық жағдайына ие болуға
мүмкіндік беретін шараларды өңдеу, таңдау және жүзеге асыру;
4) инвестициялық тартымдылықтың өзгеруімен байланысты болған әлеуметтік-
экономикалық жүйедегі инвестиция ағымының өзгеруі;
5) инвестициялау есебінен әлеуметтік-экономикалық жүйе параметрлерінің
өзгеруі.
Циклдарды тұрақты іске асыру инвестициялық үрдісті басқару жүйесін
тұрақты жетілдіруді және әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет ету
тиімділігін арттыруды анықтайды.
Жалпы, қазіргі экономикалық даму кезеңіне сәйкес келетін басқаруды
қолданбай инвестициялық үрдісті дамыту мүмкін емес. Сондықтан,
инвестициялық үрдістерді басқару субъектілерінің негізгі міндеті әлеуметтік-
экономикалық жүйедегі инвестициялық үрдістің соңғы мақсатына жетуіне
мүмкіндік беретін тиімді басқаруды ұйымдастыру болып табылады.
Инвестицияны тарту және тиімді пайдалануды басқару - кәсіпорынның
инвестициялық қызмет саласындағы шешімдерді жасау, қабылдау және жүзеге
асыру үрдісі болып табылады. Бұл үрдіс келесі принциптерді сақтаумен
ұйымдастырылуы тиіс: инвестицияның мақсатты принципі, инвестицияның
табыстылығы мен пайдалылық принципі, жоғары тәукелділікті мүмкіндігінше
азайта отырып теңдестіру принципі, инвестицияны тартудың жүйелілік
принципі.
Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі, сондай-ақ олардың
тиімділігі жағымды инвестициялық ортаның болуымен анықталады. Тікелей және
портфельдік инвестицияның түсімі жекешелендіру үрдісін жеделдетуіне, құнды
қағаздар нарығын дамытуына, сонымен қатар тұтастай заңдылықтарды
жетілдіруіне, тікелей және портфельдік шетел инвестициясын құқықтық негізде
реттеуіне байланысты болады.
Қазақстан шетелдік капиталды тарту қажеттігін басымды стратегиялық
міндеттердің бірі ретінде жариялай отырып, әлемдік шаруашылыққа ену және
ашық экономикаға өту үшін өркениетті заңнамалық базаны құруға қажетті іс-
шараларды бірте-бірте жүзеге асырып келеді. Мұндай шаралар шеңберінде
Қазақстан Республикасының “Шетелдік инвестициялар туралы” және “Шетелдік
инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заңдары, “Тікелей және шетелдік
инвестицияларды тарту үшін Қазақстан Республикасы экономикасының басымды
салаларының тізімін бекіту туралы” және “Жеңілдіктер мен ерекше
артықшылықтар жүйесі және инвесторлармен келісімшарт жасасу кезінде оларды
ұсыну тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы” жарлықтар қабылданды.
Елімізге шетелдік инвестициялар ағынының динамикасы тұрақты түрде
ұлғайып келеді: егер 2005 жылы 6,4 миллиард АҚШ долларына жуық инвестиция
тартылса, 2009 жыл оның көлемі 2,7пайызға көбейіп, 17,5 миллиард долларға
жетті. Ал 2010 жылы еліміздің экономикасына тартылған инвестиция көлемі
21,1 млрд. АҚШ долларын құрады.
Қазақстан ТМД елдері арасында инвестициялық іс-әрекетке қатысу деңгейі
бойынша екінші орын алады. Бүгінгі таңда адам басына шаққандағы орташа
көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде теңдесіз көшбасшыға
айналды.
Экономикамыздағы шетелдік инвестиция тарту үрдісін одан әрі дамуы үшін
инвестициялық саланы мемлекеттік қолдау мен реттеудің келесідей бірқатар
шараларын жүзеге асыруды талап етеді: инвестициялық ахуалдың, инвестициялық
әлеуеттің және инвестициялық қызметте қатысушылардың белсенділігінің
мониторингі, инвестициялық қызметті ынталандырудың және реттеудің
республикалық және аймақтық кешенді қолдау бағдарламаларын жасау,
инвестициялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды өңдеу,
нормативтік-құқықтық реттеуді және инвестициялық инфрақұрылымды жетілдіру
қажет. Инвестициялық үрдістерді ынталандырудың мемлекеттік шаралары
жергілікті және жоғарғы билік органдарының ынталандырушы шараларынан
қалыптасады. Олардың өзара ықпал ету дәрежесі мемлекеттік инвестициялық
саясаттың тиімділігін анықтайды.
Экономиканың инвестициялық саласындағы мәселелер, негізінен
қалыптаспаған нарықтық тетіктер жағдайында мемлекеттік басқару жүйесінің
әлсіреуіне және ел дамуындағы мемлекеттің экономикалық рөлінің төмендеуіне
елеулі дәрежеде байланысты болып келеді. Нақты сектордың соның ішінде мұнай
өндіру саласының көтерілуін қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы ақшалай
ағымдарды тиімді нарықтық басқару тетігінің жоқтығы қазіргі таңда
инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің күшейтілуін талап етеді.

1.2. Мұнай өндіруші салалардағы инвестициялық үрдістердің
қазіргі жағдайы
Қазақстанның мұнай өндіруші саласындағы инвестициялық үрдістердің
қазіргі жағдайына республикалық статистикалық мәліметтер негізінде талдау
жасау нәтижесінде, бүгінгі күнде елімізде шетелдік инвестициялардың ролінің
маңыздылығы, инвестициялық ортаның тартымдылығы, Қазақстанның жекелеген
аймақтары бойынша мұнай өндіруші саланың даму ерекшеліктері және мұнай
өндіруші салаға инвестицияларды тарту тетіктері, инвестициялық қызметті
жүзеге асырумен байланысты болған кей бір мәселелер, сондай-ақ, бұл
мәселелерді шешуде мемлекеттің ролін күшейту жағдайлары анықталды.
Стратегиялық аспектте инвестиция елдің дамуындағы барлық жинақ
мәселені шешуді анықтаушы және ең алдымен экономиканы жаңғырту, тұрақты
экономикалық өсімге қол жеткізу, ішкі және әлемдік нарықта отандық
өндірістің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маңызды түйіні болып
табылады. 2007 жылы үкімет тарапынан Қазақстанның дамуының 2015 жылға
дейінгі индустриалдық- инновациялық стратегиясы қабылданды. Оның басты
орындалуы үшін, қомақты инвестициялық бағдарламаны іске асыру ішкі көздерді
жұмылдыру және шетел инвестициясын тарту болды. Мәселе тек қана инвестиция
көлемінде емес, оның тиімді қолданылуында, сонымен қатар, ресурстардың
басымды секторының дамуына бағыттауында. Қазақстандағы инвестициялық
үрдістің қазіргі кездегі даму бағыттарының ерекшеліктеріне, олардың
әлеуметтік мазмұнына мынадай сипаттама беруге болады:
1.Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі шетел капиталын
(инвестициялардың барлық түрлерін) қабылдаушы негізгі мемлекеттердің біріне
жатады.
2. Инвестиция тартудан алдыңғы қатарда тұруына қарамастан Қазақстанға
шетел капиталының келуі әлі де жеткіліксіз.
Әрине, шетел инвестициялары қазіргі уақытта қай елде болмасын
экономиканың жанданып өсуіне себеп болып отыр. Олар Қазақстан
экономикасын демонополизациялау үрдісінде жоғары роль атқарып, еркін
бәсекелестікке, өндірісті дамытып, реттеумен ынталандырудың нарықтық
тетіктерінің қалыптасуына әсер етіп және осыған сәйкес жүргізілген
шаралардың арқасында терең инфляциядан шығуға мүмкіндік берді.
3. Келесі бір атап көрсететін жағдай, Қазақстанды тікелей
инвестициялау үрдісіне негізінен алғанда дамыған шетел резиденттері үлес
қосуда. Мысалы, АҚШ-тың үлесі 36%-дан жоғары, Ұлыбритания-17%, Италия-
12,8%. Бұлардан кейін Оңтүстік Корея, Қытай, Канада және тағы басқалар. Ал
таяу көршілес мемлекеттің үлесіне тек тікелей инвесторлардың 6%-ы ғана
келеді.
4. Республикаға тікелей инвестицияларды тартудың негізгі түрі - мұнай-
газ салаларына қалыптасқан бірлескен кәсіпорындар мен негізгілерден бөлініп
шыққан кәсіпорындар болды. Осыған орай атап кететін мәселе, ол салық және
басқа да төлемдер бойынша мұнай-газ өндіруші компаниялардың үлесі
мемлекеттік бюджеттің маңызды бөлігін қамтиды. Соған қоса осы
компаниялардан жоспардан тыс түсетін табыс салығы, роялти, бонус тағы да
басқа түрлеріндегі түсімдер - Ұлттық қорымыздың негізгі бөліктерін құрайды.
5. Инвестициялық үрдістің даму тенденцияларының ең басты ерекшелігі -
оның шикізат өндіруге бағыттылығы. Мысалы, 2003-2010 жылдар арасында
Қазақстанға келген шетел инвестицияларының 67,3%-ы мұнай-газ секторына
жұмсалып, ал өңдеуші өнеркәсіптеріне олардың 12,4%- ғана жұмсалған.
Сондықтан, экономикамыздың қазіргі жағдайында халықаралық нарықта шикізатқа
сұраныстың өсуін дұрыс пайдаланып қалуымыз керек. Таяудағы он жылдықтағы
стратегиялық міндеттерді анықтағанда Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
экономикасының дәстүрлі артықшылықтарын, атап айтқанда мол табиғи
байлықтары мен минералды шикізат қорларын барынша дұрыс пайдалану
керектігін баса көрсеткен болатын. Дегенмен де, экономикамыздың дамуын тек
қана мұнай-газ секторындағы кірістерге тәуелді болмауы үшін ұлттық
экономиканың көп векторлығын дамыту қажет. Өз кезегінде бұл саясат
әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп, әлеуметтік қолайлы орта
қалыптасуына қол жеткізеді. Сондықтан да экономикамыздың тұрақты дамуын,
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін шетел инвестицияларымен қатар
отандық инвестицияларды жандандырып, өңдеуші секторларымызды дамытып,
экспортты үлғайтып, ел ішіндегі жұмыссыздықты азайтуға, халықтың өмір сүру
сапасының жақсаруына мүмкіндік туғызу қажет.
6. Инвестициялық үрдістің қазіргі кездегі жағымды ерекшелігіне
соңғы уақыттағы шетел инвестицияларының көлемі азайып, отандық
ішкі инвестициялардың өсуін жатқызуға болады.
7. Келесі атап көрсететін бағыт - ол инвестициялық
қызметті қаржыландырудағы мемлекеттің рөлі артып, үлесінің көбеюі.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдерден қай жағынан
болса да кейін қалуды азайтуда мемлекеттің рөлі, оның экономиканың маңызды
салаларындағы инвестицияларды реттеу қызметтері ерекше жүйелі болу қажет.
2000-2008 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын
талдау көрсеткіштерінен тек соңғы жылдары ғана инвестиция саласында оң
тенденцияның орныққандығы байқалады. 2007 жылы ЖІө мен негізгі капиталға
инвестиция көлемі сәйкесінше және 14%-ға артып, ЖІө-дегі инвестициялардың
үлес салмағы 2004 жылғы 12,3%-дан 2009 жылы 32,3%-ға дейін өсті.
Қолданылған ЖІө құрылымы айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Соңғы тұтынуға
жұмсалған ЖІө шығындарының үлесі 2005 жылғы 113,3%-дан 2010 жыл 111,6%
дейін азайғанда жалпы сақтаулы қаржы үлесі 18%-дан 22,7%-ға дейін ұлғайып,
негізгі капиталдағы жалпы сақтаулы қаржы мөлшерінің де өскендігі көрінді.
2006 жылмен салыстырғанда 2008 жылы негізгі капиталға инвестиция
көлемі 14% көбейіп, 2420,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 9,4%-ы
бюджеттік қаражаттан жинақталса, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті
қаржысының тиісінше 63,7% және 19,1%-ы шетелдік инвестициялар есебінен
қамтамасыз етілді. 2008 жыл негізгі капиталға инвестиция көлемі 2824,5
млрд.тенгені құраса, 2010 жыл бұл көрсеткіш 4210,9 млрд. теңгеге жетті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың салалық құрылымына назар
аударсақ, 1-суретте көріп отырғанымыздай мұнай және табиғи газ өндіру
(негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінен 32,6%),
жылжымайтын мүлікпен операциялар (25,4%), көлік және байланыс (13,4%),
өңдеу өнеркәсібі (10,5%) басым салалар болып табылады

Ескерту - ҚР Статистика жөніндегі республикалық агенттігінің мәліметтері
негізінде автормен құрастырылған.

Сурет1- 2010 жылғы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық
құрылымы

2-суретте көріп отырғанымыздай, әлемдік дағдарыс жағдайына қарамастан,
Қазақстанға жасалған шетел инвестицияларының көлемі артуда. Мысалға, 2010
жыл шетел инвестицияларының көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 23%-ға немесе
44598 млн доллардан 58376 млн долларға дейін жоғарылап отыр.

Сурет2- Қазақстанға жасалған шетел инвестицияларының ағыны, млн АҚШ доллары

Бұл жағдай Қазақстандағы жағымды инвестициялық ахуалмен сипатталады.
Шетелдік инвестициялардың жалпы республикалық көлемінің қомақты үлесі
Атырау (55,4%) және Батыс Қазақстан (14,9%) областарында игерілді.
Кесте1 - Қазақстанға экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік тікелей
инвестициялардың жиынтық ағыны
(кезеңдегі млн.АҚШ долларымен)
Қызмет түрінің атауы 2005ж 2006ж 2007ж 2008ж 2009ж 2010ж
2011ж
%-бен
Тау-кен өнеркәсібі 2,9 -3,4 30,8 225,0 15,2 6,8
Соның ішінде:  
шикі мұнай және табиғи2,6 -4,0 8,0 -319,5 5,2 -1,6
газ өндіру
Өңдеуші өнеркәсіп 178,7 117,1 164,6 122,5 74,9 61,1
Құрылыс 6,9 13,0 49,9 91,2 12,2 13,4
Сауда 175,4 53,1 149,9 787,2 128,1 16,3
Көлік және байланыс 7,0 22,9 34,4 86,4 375,1 434,1
Қаржы қызметі 38,3 50,0 136,5 884,4 892,9 101,0
Жылжымайтын мүлікпен 10,1 47,8 689,3 137,0 2 489,9 1817,4
операциялар
геологиялық барлау 6,5 0,8 -0,1 1,7 1,5 88,2
және зерттеу жүргізу
жөніндегі қызмет
Білім беру, денсаулық     0,3 4,1 0,5 12,2
сақтау және әлеуметтік
қызмет
Басқалар 0,1 0,1 33,3 263,9 255,4 96,8
Барлығы 425,4 307,4 1 291,6 2 635,1 4 244,0 161,1
Ескерту – статистикалық мәліметтер негізінде автормен құрастырылған

Жалпы республикадағы инвесторлар ұшін жағымды жағдайлар жасау бойынша
қолданып жатқан шаралар ел экономикасына үлкен үлестегі шетел
инвестицияларының келуіне мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда 40-тан астам ел өз
қаржылық ресурстарын қосуда.
Қазіргі таңда еліміздің мұнай-газ саласында мемлекеттік қатысу үлесі
бар 30-дан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бірлескен
кәсіпорындардың басым бөлігі Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан
және Қызылорда облыстарында мұнай, газ және конденсат өндірісімен
айналысады. 5-7 жылдың ішінде шетелдік инвесторларға 50-ден астам мұнай,
газ және конденсат кен орны игерілуге берілсе, 25 кен орны халықаралық
тендер өткізуге даяр күйге келтірілді.
Өндіру көлемі мен тұтыну көлемі арасындағы осындай тепе-теңсіздік
әлемдік энергетика нарығында мұнай экспорттаушы елдердің көшбасшылығын
күшейтеді. Сондықтан, алдағы 30 жыл ішінде отандық мұнай-газ өнеркәсібіміз
ұлттық экономикамыздың дамуын айқындайтын басым бағытты сала ретінде қолға
алыну керек.
Мұнай және газ өндірісі Қазақстан өнеркәсібінің табысты бағыттарының
бірі болып қалуда. Қазақстанда 180-нен аса кен орындары табылған, олардың
тек 60 ғана игерілуде. Қазақстанның мұнай-газ саласының потенциалды
мүмкіндіктері өте үлкен. Потенциалды ресурстар бойынша республикада мұнай
өндірісі болжамды бағалау бойынша 2015 жылға қарай – 120-150 млн тоннаны
құрайтын болады.
Мұнай өндірісінің қазіргі деңгейі Қазақстанның минималды ішкі
нарығының қажеттілігін қанағаттандырады. Сонымен қатар Қазақстанның ішкі
нарығының географиясы, әсіресе мұнай өнімін тұтынудағы негізгі аймақтардың
қашықтығы экономиканың мұнай саласымен өзіндік қамтамасыз етілуінде
проблемалар туғызуда.
Қазақстанның мұнай өндіру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты
және инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын
келесідей түрде көрсетуге болады (сурет3).
Елімізде инвестициялық ахуалды жақсартуда және инвестициялық қызметті
мемлекеттік реттеуді жетілдіруде мемлекеттің инвестициялық саясаты үлкен
маңызға ие.
Инвестициялық саясаттың бірінші бағыты - мұнай өндіру саласы бойынша
ТШИ тартудың қолайлы жағдайын қалыптастыруы қажет. Яғни мұнда біріншіден,
мұнай өндіру саласындағы инфрақұрылымды дамыту; екіншіден, мемлекеттік
кепілдік қорын құру; үшіншіден, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
төртіншіден, тікелей шетел инвесторларын ынталандыру.
Екінші бағыты - мұнай өндіру саласында инвестициялық қызметті
мемлекеттік реттеудің келесідей жолдарын жетілдіру:
- мемлекеттік қаржылық қолдау;
- инвестициялық салықтық преференциялар ұсыну;
- шетел инвесторларын кеден-аж салығынан босату;
- мемлекеттік натурдық гранттар беру қажет.
Осы аталған бағыттарды дұрыс жүзеге асыра отырып, бәсекеге қабілетті
өндірісті құру үшін мұнай өндіру саласында инвестицияларды тиімді басқару
қызметін қалыптастыруға болады.

Сурет 3 – Мұнай өндіру саласында қолайлы инвестициялық ортаны
қалыптастыруда мемлекеттік инвестициялық саясат үлгісі

Республиканың дамуының ұзақ мерзімді кезеңдегі негізгі мақсаты,
капитал сыйымды өндірісті ынталандыратындай етіп экономиканы қайта құру
болуы тиіс. Бұл жағдайда елдің экономикалық капиталын дамытудың негізі
инновациялық қызмет болуы қажет, яғни жаңа интеллектуалдық жетістіктерді
пайдалану арқылы жаңа болжанған ғылыми-техникалық ресурстар негізінде
өндірістер құру.
II-тарау. Мұнай мен газ өндіру саласындағы инвестициялық саясат
2.1. Қазақстандағы мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындарындағы инвестициялық
ахуалды талдау
Мұнай өнеркәсібінің өндірістік тәуелсіздігін қамтамасыз ету
мақсатымен республиканың мұнай-газ секторын өркендету стратегиясы жасалды,
ол мұнай-газ кешенінің айрықша маңызды басым объектілерін ерекшелеп,
үкіметтің мынадай тиісті қаулыларымен рәсімделді: "Батыс Қазақстан -
Құмкөл мұнай құбырын салу туралы" - 1992 жыл; Атырау мұнай өңдеу зауытын
қайта құру туралы - 1993 жыл, "Жаңажол газ өндеу зауытын кеңейту туралы"-
1993 жыл. Сонымен қатар, қазақстандық мамандар "Мұнай-газ кешенің дамыту
бағдарламасын" жасап, осы саланы дамытуды белгілеген жобалар анықталды. Осы
кезеңде Қазақстан Республикасы шетелдік инвесторлармен жасалаған 15-тен аса
ірі келісімдер мен өзара шарттарға қол қойды, солардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласында тиімді пайдалануды жетілдіру
Инвестициялық саясат пен басқару
Мұнай-газ саласындағы инвестициялық-инновациялық даму проблемалары
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы
Электр энергетикасы саласын дамыту
Экономикадағы сараптау жүйелері туралы ақпарат
«Экономикадағы сараптау жүйелері»
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Сыртқы экономика
Мұнай өндіру саласының пайдалылық деңгейіне әсер етуші инвестиция көрсеткішінің тренд үлгісі
Пәндер