Мұнай мен газдың қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Мұнай мен газдың қазіргі жағдайы
Орал 2015
Мазмұны
Кіріспе
1. Өндірістік процесті ұйымдастыру және мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының
өндірістік құрылымы
1.1. Өндірістік процестердің мәні және түрлері
1.2. Өндірістік процестерді ұйымдастыру принциптері
2. Мұнай және газдың қазіргі жағдайы
2.1.Мұнай және газ өндіру кәсіпорынның өндірістік құрылымы
2.2. Мұнай мен газ өндірісі және пайдалану
2.3. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеуді
ұйымдық-экономикалық жетілдірудің тетіктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан экономикасының жұмыс істеуінің нарықтық негіздеріне көшу
және осыған байланысты еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси
келбетін жаңғыртқан түбегейлі өзгерістер принципті түрде жаңа проблемалар
мен міндеттерді алға тартуда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы пайдалы
қазбалар қорына өте бай, сонымен қатар білімді мамандар мен өндіріс
потенциалына ие деп айтуға болады. Сол көптеген пайдалы қазбалардың бірі,
Қазақстан елінің байлығы – мұнайгаз саласы болып табылады. Осы саланың
дамуын қамтамасыз етуде қатынас қаражаттардың алатын орны ерекше. Мұнайгаз
өңдейтін кәсіпорындардың өнімін кеңейту үшін қаражат көлемі өте үлкен, бұл
ірі инвестициялар үшін де ауыр болуы мүмкін.
Қазақстанның мұнай-газ саласының қазіргі таңдағы жағдайы жоғары
потенциалмен сипатталады: мұнай мен газдың мол қоры, игерілген көмірсутек
кен орындарының болуы, мұнай шығару мен оны экспорттаудың өсуі. Қазақстан
мемлекеттік бюджеттің қалыптасуында елеулі рөл атқаратын қарқынды дамып
келе жатқан мұнай-газ өнеркәсібіне ие болып саналады. Қазақстандық мұнай
кешені тиімді қызмет етуі үшін мұнай өндіру, оны өңдеу және өткізу бойынша
кәсіпорын күштерін біріктіруге деген қызығушылықты қалыптастыру қажет,
дейді Елбасымыз жолдауында.
Бұл өндіріс шығындарын үнемдеуге және жаңа технологияларды енгізуге
ықпал етеді. Қазіргі уақытта мұнай-газ кешені экономиканың дамуын
анықтайтын алдыңғы қатардағы салалардың бірі болып табылады. Елдің
экономикалық дамуына қолдау көрсете отырып, Қазақстан Республикасының мұнай-
газ кешені болашақта Қазақстан экономикасының локомотивіне айналуы мүмкін,
осылайша ол басқа да салалардың, соның ішінде ғылыми сыйымдылығы жоғары
салалардың дамуын қамтамасыз етеді және ынталандырады.

Мұнай өнеркәсібі – мұнай және мұнай-газ кен орындарын барлауды,
ұңғыларды бұрғылауды, мұнай мен газ өндіруді, тұрба құбыр мұнай тасымалын
қамтитын ауыр индустрия саласы. Мұнай-газ кешенінің тұрақтануы мен дамуы,
оның жұмысының тиімділігінің артуы негізінен оның құрылымдық өзгерістеріне
және мұнай-газ компанияларын одан әрі жетілдіруге тәуелді болады.
Әрбір мұнай компанияларының ең негізгі алға қойған мақсаты болады ол
табысты максимизациялау, яғни шығындарды азайтып, тиімді жолмен пайда
түсіру болып табылады.
Мұнай газ саласындағы мұнай өнімдеріне бағаның құрылуы. Баға оның
құрамындағы элементтерімен өте тығыз байланыса отырып құрылады. Өндірілетін
мұнайда парафиннің жоғары құрамдылығымен ерекшеленеді. Сәйкесінше бұл
белгілі бір қиындықтарға әкеп соғады, әсіресе, қысқы уақытта ауа райының
қатаң жағдайларына байланысты мұнайды өндіру мен тасымалдау шығындарының
артуымен байқалады.
Технологиялық процесс – бұл адамның қандай да бір еңбек құралын
қолдана отырып, еңбек затына әсер етуі нәтижесінде орын алатын еңбек
затының сапалық (физикалық-химиялық және механикалық) өзгерісі. Еңбек
затының өзгерісі адамдардың тікелей қатысуынсыз, табиғат күштерінің
әсерінен де, яғни табиғи процестер нәтижесінде де орын алуы мүмкін.
Әрбір өндірістік процесте негізгі процесс маңызды орын алады. Негізгі
процесс - бұл еңбек затының кәсіпорынның мамандануына сәйкес дайын өнімге
айналуы. Негізгі өндірістің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін жүзеге
асатын процестер көмекші процестер деп аталады.
Өндірістік процесті ұйымдастыру мақсаттары үшін жұмысшының оны жүзеге
асыруға қатысу сипатын, өндірістік процестің сипаты мен мазмұнын, оған
материалдық элементтердің қатысуын, өндірістік процестің қайталану кезеңі
мен ұзақтығын, өндірісті ұйымдастыру әдістерін білу өте маңызды болып
табылады. Бұл жерде, өндірісті ұйымдастыру дегенде еңбек процестерін және
өндірістің материалдық элементтерін уақыт ағымы мен кеңістікте ұтымды
үйлестіру әдістерінің жиынтығын түсінеміз.
Жұмысшының өндірістік процесті жүзеге асыруға қатысу сипаты бойынша
келесі процесс түрлерін ажыратады: қол, механикаландырылған қол, машиналық
- қол, машиналық, автоматтандырылған, аппараттық.
Қол процестері – бұл жұмысшының механизмдердің (жабдықтардың)
қатысуынсыз орындайтын жұмысы; мысалы, кілттердің көмегімен құбырларды
немесе шлангыларды бұрау, тесіктерді қолмен тесу және басқалар.
Механикаландырылған қол процестері қандай да бір механикаландырылған
инструменттің көмегімен қандай да бір энергия көзін қолдану арқылы тікелей
жұмысшымен орындалады, мысалы, гайкаларды бұрау, тесіктерді бұрғымен тесу,
резервуардағы мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеу және басқалар.
Барлық өндірістік процесс өзара әрекеттесуші әртүрлі еңбек
процестерінің, технологиялық және табиғи процестердің жиынтығын білдіреді
және ұтымды үйлестіруді талап етеді.

Ұтымды ұйымдастырылған өндірістік процестің маңызды принциптеріне
үздіксіздік, ырғақтылық және пропорционалдық жатады.
Үздіксіздік дайын өнімнің үздіксіз өндірісінде еңбек затының үздіксіз
өңделуін білдіреді. Өндірістік процестің үздіксіздігі негізгі қорларды
неғұрлым толық пайдалануды, айналым құралдарының аса жылдам айналымдылығын
қамтамасыз етеді.
Ырғақтылық кәсіпорынның өнімді берілген жоспар (кесте) бойынша
біртектес шығаруын білдіреді. Ырғақтылық кәсіпорынның барлық цехтары мен
бөлімшелерінде өндірістің біртектес жүруін қамтамасыз етеді, бұл жерде оның
өндірістік-шаруашылық қызметін жоспарлау үлкен рөл атқарады.
Өндірістік процестердің пропорционалдығы операциялардың тепе-теңдігін
немесе қысқалығын білдіреді. Пропорционалдық негізгі өндіріс пен көмекші
бөлімшелер арасында сақталуы тиіс. Кәсіпорынның дамуында қандай да бір
бөлімше негізгі өндіріс мұқтаждықтарын қамтамасыз етпейтін немесе оның
қажеттіліктерінен асып кететін диспропорцияға жол бермей сандық
пропорцияларды сақтау қажет. Бұл екі жағдайда да өндірістік процестің
ырғақтылығы, үздіксіз жүруі, кәсіпорын жоспарымен белгіленген уақытылы өнім
өндірісі бұзылып, өнімнің өзіндік құны едәуір артады.
Өндірісті ұйымдастырудың өз әдістері мен даму нысандары бар. Қазіргі
уақытта өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдістеріне толассыз (жаппай),
топтық (сериялы) және бірлік әдістер жатады. Мұнай және газ өнеркәсібі
кәсіпорындарында олар ішінара қолданылады.
Өндірісті ұйымдастырудың толассыз (жаппай) әдісі жаппай өндірісті
ұйымдастырудың негізгі әдісі болып табылады. Ол біртектес өнімді жаппай
көлемде үздіксіз шығарумен сипатталады. Толассыз өндірісте бұйымдар бір
операциядан кейін келесісіне арнайы құрылғылар көмегімен тез беріледі.
Өндірісті ұйымдастырудың топтық (сериялы) әдісі өнімді сериялармен
шығаруды білдіреді және осыған байланысты жұмыс орындарында өңделетін
өнімдер түрінің өзгеріп отыруымен және өнімнің жаңа сериясын (партиясын)
дайындау үшін орын алатын артығымен дайындауға байланысты жабдық
жұмысындағы кезеңдік үзілістермен сипатталады. Бұл әдіс маманданудың төмен
дәрежесін білдіреді. Оның артықшылығы өндірістің бір өнім түрінен
кбасқасына көшу жеңілдігі болып есептеледі.

Мұнай-газ өндірісіндегі еңбек заты - мұнай мен газдан тұратын қабат,
еңбек құралы – эксплуатациялық және айдамалау жабдықтары, еңбек өнімі –
шикі мұнай мен газ болып табылады.
Мұнай-газ өндірісінің ерекшелігі мұндағы еңбек заты, яғни мұнай мен
газдан тұратын қабат табиғат сыйы болып табылады. Ол еңбек нәтижесі емес
және құнға ие емес. Сондықтан да мұнай өндіру өнеркәсібінде шикізат
шығындары болмайды және бұл оның құрылымына, деңгейіне және кейбір
техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жоспарлауға әсер етеді.
Келесі маңызды сәт, мұнай өндіруші кәсіпорындарда еңбек затының
аумақтық белгіленіп қойылуы болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорынды
жобалау және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру орындарын таңдау жергілікті
жағдайларға (өнеркәсіптік ғимараттар, тұрғын үйдің болуы, климаттық
жағдайлар, жер бедері) тәуелді болады.
Сонымен қатар, мұндағы тағы бір ерекшелік еңбек заты мен экспл-лық
жабдықтың жер асты бөлігінің тікелей бақылау мен әсер етуден қашық болуы.
Бұл мұнай өндірісіндегі күрделі құрылыстың қажеттілігін білдіреді. Еңбек
заты мен эксплуатациялық жабдықтың жер асты бөлігінің қашықтығы арнайы
зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ ұңғыларды ағымдық және күрделі жер асты
жөндеуді ұйымдастыру мен жоспарлау қажеттілігін тудырады.
Еңбек затын өңдеу процесінде табиғи фактордың әсер етуі, атап айтсақ
өнімділіктің негізгі факторы – қабат қысымының табиғат сыйы болуы да мұнай
өндірісі ерекшеліктерінің бірі болып есептеледі. Ұңғылардың аумақтық
оқшаулануы, олардың жекелігі және өндірісті ұйымдастырудың кен орнын өңдеу
жүйесіне тәуелділігі ұңғыларға қызмет көрсетуден, олардың технологиялық
режимін реттеуден және ұңғылар қорын жұмысқа қабілетті жағдайда ұстаудан
тұратын негізгі процесті ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды. Бұл
ерекшелік көмекші және қосалқы шаруашылықтарды ұйымдастыру ерекшеліктерін,
олардың аумақтық орналасуын білдіреді.
Мұнай-газ өндірісінде оның тек дайын өнім беретіндігі де, яғни
аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттардың болмауы да маңызды болып
табылады.
Мұнай мен газ өндірісінің өндірістік процесі әртектес жеке өндірістік
процестердің кешенін білдіреді:
• мұнай мен газ өндірісі;
• механикалық және энергетикалық жабдықты монтаждау және демонтаждау;
• ұңғыларды жер асты жөндеу;
• ұңғылар мен жабдықтарды жер үсті жөндеу;
• ұңғыларды күрделі жөндеу;
• мұнайды тасымалдау және сақтау;
• газды жинау және қолдану;
• мұнай мен газды кешенді дайындау;
• ұңғылар мен қабаттарды зерттеу;
• жұмыс агентін қабатқа айдау және т.б.
Мұнай мен газ өндіру процесі – бұл барлық қабат пен кен орнын жобаға
сәйкес ұтымды өңдеуді, сондай-ақ негізгі процесті әртүрлі энергия
түрлерімен, көлікпен, жөндеумен, материалдармен, құрал-жабдықтармен және
т.б. қамтамасыз етуді талап ететін негізгі мұнай-газ өндіру
кәсіпорындарындағы негізгі өндірістік процесс.
Мұнай өндіру процесі бірнеше өзара байланысты жекелеген процестерден
тұрады: сұйықтың забойға келуі, сұйықтың забойдан ұңғы аузына көтерілуі,
мұнайды өңдеуге дейін тасымалдау және сақтау, мұнай мен газды өңдеу немесе
кешенді дайындау және тауарлық мұнайды тұтынушыға тапсыру. Осы аталған
процестер біріге отырып мұнай мен газ өндірісінің өндірістік циклын құрайды
және ол қысқа мерзімділігімен және үздіксіздігімен сипатталады.
Өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету шарттары:
1. кен орнын өңдеу жүйесіне сәйкес қабат жұмысының технологиялық режимін
қатаң сақтау;
2. мұнай өндіру процесіне қатысатын жекелеген өндірістік бөлімшелердің
өндірістік қуаттарының ұңғылардың өндіру мүмкіндіктеріне сәйкес келуі;
3. көмекші процестердің негізгі процестерге кесте бойынша қызмет
көрсетуі.
Мұнай-газ өндіру кәсіпорынының өндірістік құрылымының негізінде
мамандану, көмекші өндірістің негізгі өндірістен бөлінуі және өндірістің
барынша шоғырлануы жатыр.
Өндірістік құрылым дегенде кәсіпорынның өндіріс ішілік бөлімшелері мен
қызметтерінің жиынтығын, олардың арасындағы арақатынас пен өзара байланысты
түсінеді.
Мұнай-газ өндірісінде құрылымдық бірлік ретінде цех - өндірістік
әкімшілік оқшауланған бөлімше орын алады. Оның міндеті өнім дайындау немесе
белгілі бір жұмыс түрін орындау болып табылады.
Мұнайды дайындау және айдау цехы шикі мұнайды жинау және оны жинау
қондырғысына дейін айдау, өңдеуге, сақтауға, есепке алу мен тапсыруға
дайындау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
Мұнай мен газ өндіру цехы мұнай мен газды забойға жасанды түрде айдау,
мұнай мен газды күндізгі қабатқа көтеру, тауарлық мұнайды дайындау
процестерінен тұрады.
Жекелеген МГӨБ-да өндірістік қажеттілік туындаған жағдайда
бірлестіктің рұқсатымен келесі цехтар құрылуы мүмкін: прокаттық-жөндеу,
электрлік қондырғылар, құбырларды футирования***(коррозияға қарсы покрытие,
стеклования, покрытия эпоксидными смолами, эмалирования***).
Мұнай өндіру процесінің үздіксіздігі көбінесе мұнай және газ ұңғыларын
дұрыс пайдалану, қызмет көрсету және жөндеуге тәуелді болады.

Мұнай мен газдың аралас қоспасы кеніштегі қайта өңдеу кешендерінің
біріне түсіп, газ бен мұнай ағымдарына бөліну процесстерін өтеді. Мұнай бен
газды бөлу (сепарациялау) қос сұйықты салқындату және гравитациялық тәсіл
арқылы жүзеге асырылады.
Кейбір ұңғымалардың өнімі сондай-ақ сынақ сепараторына жіберіледі.
Осындай үнемі бақылау мұнайгаз ұңғымаларының өндірістік көрсеткіштерін
өлшеу үшін және жұмыс қысымын анықтау үшін қажет. Осындай өлшемдер
инженерлерге кеніштегі өндіру көлемін жақсартуға мүмкіндік береді.
Барлық қайта өңдеу кешендеріне өндірістік процесстерді басқаратын
қазіргі заманғы жүйе орнатылған, ол операторларға жұмыс қондырғыларын
қадағалауға, ҚӨҚ-ның басқа кешендерімен ақпарат алмасып отыруға, газдың
таза ауаға кетуін және өрт бола қалған жағдайда бірден анықтау жүйелер
жұмысы кіретін барлық процесстерді басқаруға мүмкіндік береді. Онда
қандайма болмасын жағдайда тиімді іс-қимыл жасай алатын, апаттарды жоя
алатын қызметкерлер және өрт стансалары бар.
Мұнайдан бөлінген соң, газ бірнеше технологиялық фазалардан өтеді. Бұл
фазаларды жазбастан бұрын, газдың өзі жөнінде біраздап білгеніміз маңызды.
Істің мәнісі мынада: бөлінгеннен кейін газдың физикалық жағдайы оны тікелей
пайдалануға мүмкіндік бермейді, өйткені оның құрамында азғантай сұйықтар
бар, мысалы мұнай мен су, сондай-ақ ластанғыш заттар, атап айтқанда
токсикалық күкіртсутектері мен көмірқышқылы диоксиді, олар газдың алдын-ала
тазартылмай пайдалануға мүмкіндік бермейді. Мұндай газ қышқыл немесе
күкірті бар деп аталады. Қышқыл газ кері сорылып, компрессорлар арқылы
қысымның бірегей деңгейіне дейін келтіріледі, содан кейін ол тазартуға,
сатуға немесе қайтадан жер қабатына айдауға мүмкін болады. Сонымен қатар,
барлық өндірістік кешендерде буды қалпына келтіру компрессорлар жүйесі бар,
факельдегі жанып жатқан газдың көлемін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Өндіріліп жатқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz