Мұнай өндірісінің тиімділігін көтеру



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
МЕББМ жоғарғы техникалық мектебі

Курстық жоба қорғауға жіберілді
... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
Жетекші Тастемиров А.Г.

Өндірістік экономиканы жоспарлау және өндірісті ұйымдастыру пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мұнай өндірісінің тиімділігін көтеру

Жобаны орындаған студент:

Мамандығы, шифр: Мұнай және газды
қайта өңдеу технологиясы
0819000
Курстық жұмыс ... ... ... ...бағамен
қаралды
Жетекші: Тастемиров А.Г.:

Орал, 2013ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Өндірістің экономикалық тиімділігі және оны анықтаудың теориялық
негіздері
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ...6
1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын
көрсеткіштер ... ... ... .12
2-бөлім. Мұнай өндіру кәсіпорындарында өндіріс тиімділігін
арттыру шаралары
2.1. Ғылыми-техникалық прогрестің маңызды
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... .19
2.2. Мұнайды қолдану тиімділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29

Кіріспе
Экономикалық жүйенің өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік
субъекті – кәсіпорынның іс – әрекетіне әсер етпей қоймайды. Сонымен
қоса, шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субъектісі,
экономика трансформациясының басты және қозғаушы күштерінің көзі
кәсіпорын болып табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі
қағидалар өз күшін жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық
ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым орын ала
алмайды.
Тақырыптың өзектілігі. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы
6 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткендей: “Қазір
бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан
өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта
бастағанын бәріңіз көріп , біліп отырсыздар. Біздің алдымызда дағдарыс
салдарын еңсеру мен келесі экономикалық өсуге әзірлену жөнінде
үлкен міндеттер тұр. Қазірдің өзінде біз қабылдағанның бәрі – бұл
бүгінгі дағдарыс туындатқан ағымдағы проблемаларды шешу. Мен тоқтап
қалмауды, одан әрі жүруді және дағдарыстан кейінгі елдің дамуын
қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі жаңғыртуды іске асырудың
жаңа жоспарын жүзеге асыруды ұсынамын. Бізге өз дамуымыздың жаңа
кезеңіне кіруге және біздің жетістіктерімізді еселеуге тура келеді.
Ел дамуының жаңа кезеңінің табыстары көп ретте біздің іс - қимылымыз
бен қабылдаған шешімдерімізге байланысты болады. Бізде қажетті
ресурстар әлемдік дағдарыс қыспағына төтеп беретін тәжірибе бар.
Бізде айқын дағдарысқа қарсы бағдарлама бар. Қойылған мақсаттардың
бәріне қол жеткізуге болады” [1].
Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді.
Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла
қойған жоқ. Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан
әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды. Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы
сеніп тапсырылды. Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай
абыройлы тарихи оқиғамен бастадық. Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз
осындай жарқын болады деп сенемін. Менің басты мақсатым – еліміздің алдағы
онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол
ашу. Бүгінгі Жолдауым осыған арналған. Қазақстан – 2030 стратегиясын
орындай отырып, біз алғашқы онжылдыққа бағдарлама жасап, оны тәмамдадық.
Ендігі мақсат – осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау [2].
Өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы – жоғары өнімді
еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру.
Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде
өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге
бағытталған ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс
нәтижелелігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына
тәуелді болмай отырғанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның
ғылыми-техникалық прогреске ырықтандырылмақ дәрежесі төмен, өнімнің
сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық
және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оның өндірістің ішкі
резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Курстық жқмыстың мақсаты – нарықтық экономика жағдайында
кәсіпорындардың өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселесін
ғылыми тұрғыда зерттеу және нақты ұсыныстар жасау.
Курстық жқмыстың міндеттері:
- нарық жағдайында экономикалық тиімділікті арттырудың теориялық
мәселелерін қарастыру;
- өндіріс тиімділігіне әсер ететін, факторларды және оны
бағалаудың көрсеткіштерін талдау;
- жалпы Қазақстан Республикасындағы құрылыс нарығының даму
тенденцияларына тоқталып өту;
- мұнай өндіру саласы бойынша өндірістің тиімділігін көтеру.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде жалпы экономикалық тиімділік көрсеткішінің
теориялық аспектілері ашылады.
Екінші бөлімінде жалпы Қазақстан Республикасының мұнай өндіретін
кәсіпорындарының өндіріс тиімділігін жақсарту жолдары және экономикалық
жағдайы, өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштері талданды.
1. Өндірістің экономикалық тиімділігі және оны анықтаудың
теориялық негіздері
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні мен маңызы
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі кәсіпорындарда бәсекенің
артуы, өндірістік шығындардың жоғары болуына өткізу нарығының
қысқаруы, әріптес кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі, шикізат пен
материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді. Нарық жағдайында
кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы
адам ресурстары және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға
мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді.
Өндірістің экономикалық тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және
кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына
байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның
өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.
Кәсіпорынның өсуі – бұл негізінен кәсіпорын көлемінің артуы және
өндіріс көлемінің кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар
санының артуы). Даму деген – шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және
жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелеріде еңбекті ұйымдастыруды,
технология және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің
тиімділігін арттыру.
Өндірістің экономикалық тиімділігі мәселесі бойынша әр экономист
ғалымдар өз пікір- тұжырымдамаларын ұсынған. Кейбіреулер еңбек
өндірісінің өсуі немесе бір өнімді шығаруда – ең аз еңбек шығындары
деп есептейді. Басқаларының ойынша - өнімнің немесе еңбек шығындарының
нәтиже сандарының қатынасы немесе соңғы нәтижеге жету үшін
қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.
Ғаламды өндіріс тиімділігі жұмыс уақытының үнемділік заңын
сипаттайды. К. Маркс былай деген уақыт үнемі өндірістің әр
салаларына жұмыс уақытының жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық
өндіріс негізіндегі ең басты экономикалық заңдылық болып қалуда.
Өнім бірлігіне еңбек шығынының төмендеуі – жұмыс уақытын үнемдеу
заңының мәні болып табылады.
Л.Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндірістің экономикалық
тиімділігі дегеніміз – ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге
жету әрекеттілігі, нәтижелілігі. Ал М.Н. Тимохинның айтуынша,
өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі – бұл оның барлық объективті
байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсететін күрделі
категория.
А.П. Вавилов, А.И. Демичевтердің пікірінше, өнеркәсіптік
өндірістің тиімділігі дегеніміз – қаржы, еңбек және материалдық
ресурстардың салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар,
салалар, жалпы индустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.
Н.Уоол, Л.Маркузе, Д.Лайну бойынша экономикалық тиімділік –
ресурстарды тиімді пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады,
ең кеңінен:
- жұмыс күшін пайдалану тиімділігі;
- өндірістің экономикалық тиімділігі: өндірістік ысырап - өндіріс
барысындағы қалдықтар пайызы;
- қаржылық тиімділік: активтердің айналымдығы (кәсіпорын активтері
нәтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі).
Профессор Н.Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік – жалпы алғанда
шығындар мен нәтижелердің қатынасы. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін
талдау барысында оның техникалық және экономикалық деп ажыратады.
Егер берілген өндіріс технологиясымен (әдісімен) тұрақты өнім көлемін
өндіргенде өнім өндіру ең көп, ал ресурстарының шығындары ең аз,
онда өндірістік тиімділік технологиялық тиімді деп саналады.
Экономикалық тиімділікке жету өндіріс үрдісінде пайдаланылатын
ресурстар түрлерінің баламалық құнын минималдаумен байланысты. Осының
негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін
таңдайды.
Тиімділік - әлеуметтік–экономикалық процестермен мен құбылыстардың
жиынтығын сипаттайтын, нәтижеге қол жеткізу мен ресурстарды
пайдаланумен байланысты категория. Экономикалық тиімділіктің өсуі,
өнім бірлігіне шаққандағы шығынның қысқаруымен немесе бұрынғы шығын
көлемін сақтай отырып, тиімділіктің артуымен тікелей байланысты.
Еңбекақының тиімділігіне сәйкес оның ынталандырғыш рөлін де
айқындауға болады.
Өндіріс тиімділігі – экономикалық категория. Ол - өндіргіш күштер
мен өндірістік қарым–қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының
қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс
қамтамасыз етіледі.
Тиімділіктің басты мәселесі – нарықтық экономика жағдайында тауар
өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну құнын өндіру кезінде ресурстарды
мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің
тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық,
құқықтық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының
есебінде жүргізіледі.
Экономикалық тиімділік – ұлғаймалы өндірісті ұтымды жүргізудің
алғы шарты. Ресурстарды таңдау кезінде баламалы нұсқаларды анықтау үшін
пайдаланатын сапалы бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс
резевтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей
бағалау кезінде қолданылады. Тауар – ақша қатынасы жағдайында өндіріс
тиімділігі ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай
жалпы өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы абсолюттік
мөлшерде артық болып тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды
тиімділік кез келген ұйымдық – құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс
істеуінің, кеңейтілген өндірісті жүргізудің ең бір қажетті шарты болып
есептеледі.
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне
жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық
тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде
қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен
аталады.
Экономикалық тиімділік - өндірістік қызметтің нәтижелілігі,
әлеуметтік – экономикалық нәтижелер мен өндірістік шығындар арасындағы
қатынас.
Өндірістік қызметтің тиімділігі – кәсіпорынның табыстылығын және
оның активтерді пайдалану қабілетін сипаттайтын тиімділік.
Өндіріс тиімділігінің сараланған көрсеткіштері – кәсіпорын
ресурстарының (шығындарының) жекелеген түрлерін (материалдық, еңбек,
энергетикалық ресурстарын, капиталды толығымен) пайдалану тиімділігін
сипаттайтын көрсеткіштер.
Экономикалық тиімділік экономиканың әр деңгейінде пайдалы соңғы
нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек
өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы
және т.б көмегімен өлшенеді.
Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен
анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан
оны арттыру негізгі мақсат бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновация;
- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты оңтайландыру ;
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндіріс тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді.
Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет.
Оның жүзеге асуы мынаны көздейді.
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және
қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау, бірнеше шығындар
түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілу және
сақталуын бақылау;
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін
басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез
келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
1) өнім көбейеді, шығындар азаяды;
2) өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
3) өнім көбейеді, шығындар өседі,бірақ өсу қарқыны төмен болады;
4) өнім көлемі өзгермейді,шығындар төмендейді;
5) өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны
жоғары болады.
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген
ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында.
Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер,
өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін
ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер,
ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын
болып табылады.
Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге,
халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге
қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға
бағытталуы қажет.
Біздің ойымызша, өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыруды
мынандай белгілермен сипаттауға болады:
- экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны, оның сапалық сипаты;
- өндірілген тауар сапасының артуы және оның отандық, әлемдік нарықты
бәсекеге қабілеттілігінің өсуі;
- халықтың материалдық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы;
- жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық қызмет
әсерінің күшеюі, адам капиталын нәтижелі қолдану;
- басқару тиімділігін арттыру нәтижесінде өндірістік ресурстарды
пайдалануды үнемдеу, еңбек өнімділігін ынталандыру.
Қазақстан, қоғамдық өмірдің шешуші саласы – экономикада, әлеуметтік
және саяси жаңару жолында сенімді қадам жасап ілгерілеп келеді. Ел
экономикасы 2001 ж. бастап жылына орта есеппен 10%-ға өсіп отыр. Соңғы
жылдары әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің негізін құрайтын өнеркәсіп
өндірісі де тұрақты даму үстінде. Егер 1995-2005 жж. аралығында өнімнің
жылдық өсуі 5%-ды құраса, соңғы 5 жыл ішінде 11,8%-ға жетті (1-сурет).

Ескертпе – ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің деректері бойынша
Сурет 1 - Қазақстан Республикасы өнеркәсіп өнімінің динамикасы
(1995-2005 ж.ж.)
Өнеркәсіптің макродеңгейдегі тиімділігі өндірілген тауар сапасының
жақсарғанының, әлемдік нарықтық бәсекеге қабілеттіліктің көрінісі. Құрылыс
өнеркәсібінің қарқынды дамуы экспорт және импорт құрылымына тиісті әсерін
тигізуде. Алайда, экспорттың құрылымында шикізаттық тауарлардың үлесі
басым.
Осылайша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр
кәсіпорын үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы
әртүрлі факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшелерден кеңірек
қарастырамыз.

1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын
көрсеткіштер
Қазақстан нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңіне енді.
Нарықты экономикада еңбек өнімділігінің өсуі үшін өндірістің
тиімділігінің артуы, оның өсу факторлары, тиімділікті анықтау
тәсілдері маңызды болып табылады.
Экономикалық тиімділік деңгейі екі өлшем – экономикалық тиімділік
және өндіріс шығындарын салыстыру арқылы айқындалады. Экономикалық
тиімділік көрсеткіштері қандай шығындар және ресурстар құнымен
экономикалық нәтиже алынғанын көрсетеді.
Экономикалық тиімділік жалпы және салыстырмалы деп ажыратылады.
Жалпы тиімділік шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде (сала,
кәсіпорын, ұйым, капиталды құрылыс объектісі) анықталып, тиімділіктің
жалпы шамасын анықтайды.
Салыстырмалы тиімділік – белгілі бір өндірістік– шаруашылық
міндетті шешу үшін екі немесе бірнеше нұсқадағы технико–экономикалық
көрсеткіштерді салыстыру арқылы есептеледі. Бұл ұтымды нұсқаны
таңдау, оны басқалармен салыстырғанда технико–экономикалық, әлеуметтік
және прогрессивті артықшылықтарын анықтау үшін пайдаланылады.
Салыстырмалы тиімділікті қарастырғанда ең бастапқы кезеңі – негізгі
технико–экономикалық көрсеткіштерді салыстыру болып табылады: капитал
салымдары, өзіндік құн және табыс, еңбек өнімділігі және қор
сыйымдылығы , материалдарды пайдалану көрсеткіштері және т.б. Бірнеше
нұсқаларды осы көптеген көрсеткіштер арқылы салыстыра келе кәсіпорын
экономикалық тиімдісін таңдайды.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпы шамасын анықтайтын
көрсеткіштерге кеңірек тоқталайық.
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың маңызды
бағыттарын дұрыс анықтау үшін алдымен тиімділіктің белгілері мен
көрсеткіштерін анықтап алу қажет.
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама белгісі
ретінде қоғамдық еңбектің өнімділігінің деңгейі қолданылады.
Қоғамдық еңбектің өнімділігі анықталады:
Өнқ = ҰКЖМ (1)
мұндағы:
Өнқ - қоғамдық еңбектің өнімділігі;
ҰК - өндірілген ұлттық кірісі:
Жм - материалдық өндіріс салаларында жұмыс істейтін
жұмыскерлердің орташа санына.
Ұлттық кіріс - өндіріс салаларында осы жылда жасалған
материалдық өндірістің құны. Басқа сөзбен айтқанда, өндірістік
процесс барысында тұтынылған шикізатты, жанармай, энергияны т.б.
өндіріс құралдарын алып тастағандағы жалпы қоғамдық өнімнің бөлігі
болып табылады. Ұлттық кіріс материалдық өндіріс салаларының таза
өнімінің жиынтығы арқылы есептеледі. Өз кезегінде жеке алынған
саладағы таза өнім жалпы өнім мен өндірістік-материалдық шығындардың
айырмасымен анықталады.
Материалдық өндірістің анықталған салаларында өнімділік жалпы
өнім бойынша есептеледі. Қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсу
қарқындарын салыстыруда, көрсеткіштердің бірдей өлшемде болуын ескеру
керек. Бұл жағдайда Ұлттық кіріс салыстырмалы көрсеткіштермен
есептелуі тиіс.
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды
көрсеткіштеріне еңбек сыйымдылығы, қор сыйымдылығы жатады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, қоғамдық еңбектің өнімділігінің
деңгейі қоғамдық өндірістің алдыңғы сатыларындағы жұмсалған және
затқа айналған шикізаттың, материалдың, жанармайдың, энергияның, еңбек
құралдарының экономикалық тиімділігінің жалпылама белгісі ретінде
қолданылады.
Өнімнің еңбек сыйымдылығы – еңбек өнімділігіне кері көрсеткіш –
материалдық өндіріс ортасындағы еңбек мөлшерінің өндірілген өнімнің
жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:
ЕС = ЕКө
(2)
мұндағы:
ЕС – еңбек сыйымдылығы;
Е – материалдық өндіріс ортасындағы еңбек мөлшері;
Кө - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.
Қоғамдық өнімнің материалдық сыйымдылық - шикізат, материал
жанармай, энергия және т.б. еңбек заттары шығындарының жалпы
қоғамдық өнімге қатынасы арқылы анықталады. Салалық (кәсіпорындық,
бірлестіктік) өнімнің материалдық сыйымдылығы материалдық шығындардың
өндірілген жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:
МС = МКө
(3)
мұндағы:
МС - өнімнің материалды сыйымдылығы;
М – ақшалай көрсетілген өнім шығаруға жұмсалған материалдық
шығындардың жалпы көлемі;
Кө - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.
Өнімнің капитал сыйымдылығы мен қор сыйымдылығы белгілі
дәрежеде бір – біріне жақын көрсеткіштер. Өнімнің капитал сыйымдылығы
капиталдық салым шамасының шығарылатын өнім көлемінің анықталған
түрдегі артуына қатынасы арқылы анықталады:
КСө = К∆ Кө (4)
мұндағы:
КСө - өнімнің капиталдық сыйымдылығы;
К – салынған капиталдың жалпы көлемі;
∆ Кө - шығарылған өнімнің артуы.
ор сыйымдылығын да капитал сыйымдылығы сияқты өндірілген ұлттық
кіріс көлеміне қатынасымен анықтауға болады.
Қор қайтарымдылығы – негізгі өндірістік қорларды пайдалануды
қорытындылаудың көрсеткіші. Оның шамасы мен динамикасына кәсіпорынға
байланысты және байланыссыз себептер әсер етеді. Шаруашылықты
интенсивті жолмен жүргізу негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық
құнының 1 теңгесіне өнім шығаруды жүйелі көбейтуді болжайды, оған
механизм, машина мен жабдықтардың өнімділігін арттыру, олардың босқа
тұруын азайту, техниканы оңтайлы жұмыс істету, негізгі өндірістік
қорларды техникалық мейлінше жетілдіру арқылы жетуге болады.
Өндіріс шығындарының өтімділік көрсеткіштері. Өндірістік қызметтің
пайдалылығы (шығындардың өтімділігі) жалпы (ӨСТТ) немесе таза
табыстың (ТТ) өткізілген өнім бойынша шығынға қатынасы (Шс):
Rз= ӨСТТШс немесе Rз=ТТ Шс (5)
мұндағы:
ӨСТТ - өнім сатудан түскен табыс;
ТТ- - таза табыс;
Шс - өткізілген өнім бойынша шығын.
Халық шаруашылығы мен оның жеке салаларында, әсіресе өнеркәсіпте
қор қайтарым шамасының кезеңі қолданылады. Бұл – шама қор
сыйымдылығына кері шама.
Кәсіпорын құрылымын сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер
қолданылады. Олардың ішіндегі негізділері:
– оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;
– бөлімшелер қызметкерлерінің саны;
– жабдықтардың қуаты;
– өндірістік қорлардың құны;
– өнім шығару көлемі;
– мамандандыру мен механикаландыру;
– күрделі қаржының құрылымы.
Кәсіпорын құрылым көрсеткіштерін дұрыс таңдау өндірістің осал
жерлерін ашуға және осы кәсіпорынның оңтайлы құрылымын таңдауға
мүмкіндік туғызады.
Өндірістің экономикалық тиімділігі жалпы түрде нәтижелілігі
деген мағынаны білдіреді; оны өндірістік процестегі нәтижемен сол
нәтижені шығаруға кеткен шығындардың қатынасы арқылы анықтайды.
Бұл жердегі қойылатын ең басты талап – шығынды анықтайды, әрі
шығынды аз жұмсай отырып, мейлінше жоғары нәтижеге жету болып
табылады.
Экономикалық тиімділікті анықтауда шығындар ағымды және бір
уақытты болып бөлінеді. Бірінші - өнімнің дайындалуына қарай тұрақты
өндіріледі және өндіріс шығындары деп аталады. Бір уақытты
шығындар - капиталдық салым ретінде негізгі өндірістік қорларды
сатып алуға және айналым қорларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан 50 елдің қатарында
Көмірсутегілік шикізатты өндірудің технико- технологиялық ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы
Инвестицияның мәні, инвестициялық банктер
Өндірістің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының мұнай-газ өндірісінің өркендеуі
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығында кластерді жетілдірудің жолдары
Қазақстанның инвестициялық саясатын талдау
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
Пәндер