Несепті зерттеудің диагностикалық маңызы



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Жұқпалы емес аурулар
Кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Несепті зерттеудің диагностикалық маңызы

Орындаған: ВМ-31 топ студенті
Атауова Д.М.
Тексерген: ашғк, доцент
Закирова Ф.Б.

Орал-2011

І. Кіріспе

Қазіргі уақытта малды күтіп бағы, дұрыс азықтандыру, оны түрлі
аурулардан сақтау, ауру біліне қалса ем қолдану – аса маңызды мәселелер.
Осыған орай мал ауруларының пайда болу себептерін, олардың алғашқы
белгілерін, емдеу тәсілдерін, аурудың болдырмау шараларын жақсы білу қажет.
Сондықтан да халықтың мал дәрігерлік сауаты мен мәдениетін көтере түсу,
озат тәрбиеші, қалың бұқара, әсіресе малшылар арасында кеңінен насихаттау
игілікті іс болмақ.
Мал дәрігерлік, зооинженерлік білім беру жүйесінде және тәжірибесінде
немесе мал дәрігерінің маман болып қалыптасуында клиникалық диагностика
пәнінің алар орны ерекше.
Бұл пәнде шаруашылықтағы малдарды әртүрлі аурулардан алдын-ала сақтау,
қоршаған ортаны қорғау, жоғары сапалы мал өнімдерін алу мүмкіндіктері
туғызылады. Оның әдістерімен организмдегі жүйелерді зерттеу негізінде
ауруларды айырып, қажетті уақыт күттірмейтін шараларды дер кезінде дәл
тауып қолдану керек.
Малдың несеп жүйелері, соның ішінде бүйректің негізгі қызметі – несеп
түзу. Малдан несепті лабораториялық зерттеулер үшін алады. Несеп арқылы
малдың ауруларын анықтауға болады.
Несеп – организмге зиянды және қажетсіз нәрсе болып саналады. Бұл
несеп арқылы мал ауруларының сан қилы клиникалық көрәністерін дәл анықтап,
дер кезінде диагноз қоюға мүмкіндік туады. Қай ауруды анықтасақ та бұл
несептің маңызы өте зор.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Несепті зерттеу
Несеп сулы және әртүрлі органикалық, бейорганикалық колоидты
ерітінділерден тұрады. Несеп бүйрек арқылы бөлініп, кейде бүйрек және несеп
шығару жолдары клеткаларының элементтері несепте кездесіп тұрады. Әртүрлі
малдарда органикалық және бейорганикалық заттар құрамы әртүрлі. Несептің
патологиялық құрам бөлігі болып табылатындары қалыпты жағдайда кездесетін
заттар: ақуыз, көмірсулар, ацетон денешіктері, өз және қан пигменттері, осы
заттар организм және бүйрек патологиясы кезінде несепте көп мөлшерде болуы
керек.
Жануарларды клиникалық зерттеу, олардың ауру сипатына толық түсінік
бере алмайды. Оны дәлірек анықтау үшін зертханалық анализ қосымшалары
қажет. Несептің анализін малды зерттеген жағдайда өткізу қажет. Әрбір
ауырған малдың несебін зерттеу тағайындалады, себебі клиникалық жағдайы,
симптомдары білінбегеннің өзінде де несепте патологиялық жағдайларға
байланысты болуы мүмкін. Бірақ мұндай зерттеулер толық жүргізілуі қажет
етілмейді, көптеген жағдайларда химиялық құрамына қарай қалыпты жағдайынан
ауытқуына қарай арнаулы заттарды зерттейді, ал тұтасынан қанның формалық
элементтерін, эпитиалды клеткаларын және цилиндрлерді іздейді.
Несепті қатаң түрде зерттеу ережелерімен жұмыс жүргізілмесе көптеген
қателіктер болуы мүмкін, нәтижесінде емдеуші мал дәрігер қате қорытынды
жасап, бүйрек ауруларын болжауы мүмкін, олар жоқ болса да. Зертханалық
зерттеулердің дәлдігі көбіне несептің қай әдіспен алынғанына, қандай күйде
және қашан алынғанымен, әкелгеніне байланысты. Соңғысы айқын түрде, қарама-
қайшылық жағдайларда нашар қорытынды шығуы мүмкін (жарамсыз материалды
зерттеу қажет емес). Несептің алыну уақытын ескеру қажет, мысалы, егер
клиницист несепте уробилиннің бар болуын анықтағысы келсе, онда несеп жаңа
алынған күйінде әкелінсе, одан қарапайым реакцияларымен уробилин
табылмайды, себебі жаңа сынамада тек уробилиноген болады.
Зерттеу алдында реакцияны қоймас бұрын жаңа алынған несепке бірнеше
тамшы лиголь ерітіндісін тамызып, бірнеше уақытқа дейін қояды. Мұнда
қышқылдану реакциясы болып, уробиоген уробилинге айналады.
Жылдың мезгіліде несеп тез ашуға, қышқылдануға ыңғайлы, онда фермалық
элементтер ериді және тұздардың тұнбалары өзгереді. Бүйректен немесе несеп
жолдары зақымдаған жағдайда зерттеуден алынған мәліметтер ауруларды бөлуге
көмектеседі. Несепті зерттеген кезде оның физикалық қасиеттерін, химиялық
құрамын және тұнбасына микроскопиялық зертеу өткізеді.
Ереже бойынша зерттеуге алынған несепті зертханалық зерттеу құжатына
тіркеу керек, онда зерттелу мақсаты диагноз жазылады.
Зат алмасу процесіндегі пайда болатын метаболиттердің. қалыптан тыс
шоғырлануы организмді уландырып, торшалардың тіршілігін жояды. Сондықтан да
ондай заттар жинақталмай уақытында организмнен шығарылып отырылуы қажет.
Ондай бөлу ағзаларына бүйректер, тері бездері, өкпе және ішектер жатады.
Солардың ішінде зәр шығару ағзаларының атқаратын қызметтері ерекше.
Организмде зәрдің түзілуінде өзара тығыз байланыстағы 3 процесті байқауға
болады:
1. Бүйректердің шумақтарындағы ультра сүзілу процесі;
2. Реабсорбция - қайта сорылу процесі;
3. Проксималды, дисталды бөліктердегі секреция. Бүйректер арқылы
жүректің минуттық қанының көлемінің 14-15 мөлшері өтеді.
Зәрдің тәуліктік мөлшері: ірі қарада - 6-12 л, жылқыда - 3-6 л,
шошқада - 2-4 л, түйеде - 8-15 л, қой мен ешкіде - 1,5-2 л, итте - 0,5-1 л
(адамда - 0,8 л).
Зәрде қанға қарағанда мочевина 70, аммиак 40, фосфаттар 30, зәр
қышқылы 25 есе көп.
Бүйректердің мальпиги шумақтарында су мен минерал тұздар сүзіледі.
Ирелеңдеген өзекті жолдарда мочевина, зәр қышқылы, аммиак сияқты ерекше
заттар секрет ретінде бөлініп шығады.
Зәрдің 96 —ы су, 4 —ы құрғақ заттар. Олар органикалық және
органикалық емес заттардан тұрады. Органикалық заттарға жататындар:
мочевина, зәр қышқылдары, аммиак, аденин, гуанин, ксантин, гипоксантик,
пурин негіздері; креатинин, гиппур қышқылы, эфир күкірт қышқылы.

Органикалық емес заттар: хлорлы, күкірт және фосфор қышқылды
тұздардан құралған.
Зәрдің сарғыш түсі урохром, уробилин, уроэтрин пигменттеріне
байланысты болады. Алғашқы түзілген зәр 1-ші - провизорлы несеп, ал
реабсобциядан кейінгі 2-ші - дефинитивті несеп деп аталады.
Зәр шығару ағзаларының негізгі атқаратын қызметтері:
• осмостық қысымды реттейді;
• организмде судың тепе-теңдігін сақтайды;
• иондардың концентрациясын бірқалыпта ұстап тұруға - әсерін
тигізеді;
• зат алмасуының ақырғы метаболиттерін организмнен шығарады;
• организмді улы заттардан тазалайды;
• организмдегі тұрақтылықты - гомеостазды сақтайды. Зәр шығару
ағзаларына - бүйректер, бүйрек түбекшесі, несеп жолы, қуық және несеп
шығаратын түтікшелер жатады. Олардың ішіндегі ең негізгісі -
бүйректер. Олар бездер мен түтікшелерге бай болып келеді.
Олардың қызметін.ешқандай басқа ағзалар орындай алмайды. Егер иттің
екі бүйректерінде алып тастаса, ол ит қатты уланудан 2-3
күннің ішінде өлетін көрінеді. Ал бір бүйрек жоқ болса,
қалған екінші бүйрек оның қызметін толық қамтамасыз ете алады.

Қан бүйректерге аортадан бөлінген бүйректердің артериялары арқылы
келеді. Бүйректерде қан айналуының өзіндік ерекшеліктері бар. Онда қан екі
капилляр торларынан өтеді:
1. Мальпиги шумақтарындағы капиллярлар торы;
2. 1-ші және 2-ші қатардағы ирелеңдеген өзектердегі мен Генле тұйық
тұзағының капиллярларының торы. Бүйректердің өздері екі қабаттан тұрады:
сыртқы және ішкі. Сыртқы қабатында Боумен капсуласы мен
нефрондар орналасқан. Әрбір бүйректе ұзындығы 0,5 см 2 млн-га дейін
нефрондар болады.
Ішкі қабатында ирелеңдеген өзектер мен Генле (Шумлян) тұйық тұзағы
орналасқан.
Боумен капсуласында 1-ші несеп, ал ирелеңдеген өзектерде бірінші
провизорлық зәрден амин қышқылдары, глюкоза,су, минералды заттар қанға
қайтадан сорылу арқылы 2-ші несеп түзіледі. Жалпы бүйректердегі
түтікшелердің ұзындығы 70-100 км, бетінің көлемі - 5-8 шаршы метр.
Зәрдің түзілу процесі екі фазада жүреді: 1. Сүзілу фазасы. Мұнда
капиллярлар мен капсуладағы қысымның айырмашылығының салдарынан нефрондарда
бірінші - провизорлы несеп түзіледі. Оның қан плазмасынан айырмашылығы
құрамында белок болмайды. Ал егерде белок болса, онда осы жоғарғы жағының
қызметі бұзылды деп қарау керек. 2. Реабсорбция фазасы. Ирелеңдеген
түтікшелерге түскен провизорлы несептің құрамындағы көптеген заттар қайта
сорылады да, бірінші несептен екінші - дефинитивті несеп түзіледі.
90 л провизорлы несептен 1л дефинитивті зәр түзілетін көрінеді. Ал
15л зәр бөлінуі үшін бүйректер арқылы 18000л қан өтуі керек екен. Жүректің
әрбір жиырылысында сол жақ қарыншадан шығатын қанның 15-30%-ы бүйректерге
түсетін көрінеді. Бүйректердің қызметі симпатикалық және парасимпатикалық
нерв жүйелері арқылы; альдесторон, вазопрессин, антидиуретин гормондарымен
реттеліп отырады.
Сау малда, бүйректері дұрыс жұмыс істегенде несеп таза, мөлдір
болады, ешқандай тұнба болмайды. Тек жылқылардың зәрінің құрамында
көмірқышқыл кальций тұздары болатындықтан оның түсі аздап лайлау болып
келеді. Ал ауру малдың зәрінің физикалық және, химиялық құрамдары әртүрлі
сатыда өзгеріп отырады.
Жалпы статистика бойынша клиникалық белгілері арқылы анықтағанда,
барлық ішкі жұқпалы емес аурулардың ішінде 7-15%-ына дейін зәр шығару
ағзаларының ауруларына жататын көрінеді. Ал сойылған малдарды тексергенде
бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары екендігі байқалады. Бұл мысал ауруды
тексерудің кейбір қиыншылықтарына байланысты болады.
Әсіресе әртүрлі стресс-факторлардың әсерінен организмнің жалпы
резистенттілік қабілеті төмендегенде, ондағы микроорганизмдердің
вируленттілігі жоғарылап, улы заттардың бөлінуі үдей түседі. Міне осы улы
заттар зат алмасу процесін бүлдіреді, бүйректерде қабыну процесін тудырады.
Зәр шығару ағзаларының ауруларын екі топқа жіктеуге болады:
1. Бүйректердің аурулары - нефриттер, нефроздар, пиелонефрит,
нефросклероз;
2. Зәр шығару жолдарының аурулары - қуықтың қабынуы, тастың
түзілуі, ірі қараның гематурия ауруы, қуықтың салдануы және түйілуі.
Зәр шығару жүйесінің ауруларында кездесетін ұқсас клиникалық
белгілердің жиынтығын 6 синдромға біріктіруге болады:
1. Несеп - зәр шығару синдромы: бөлінетін зәрдің мөлшерінің
өзгеруіне байланысты:
■ полиурия – зәрдің қалыптан көп бөлінуі (нефроклероз);
■ поллакиурия – зәрдің жиі-жиі бөлінуі (уроцистит);
■ олигурия – зәрдің қалыптан аз бөлінуі (нефрит);
■ анурия – зәрдің бөлінбеуі (нефрит);
■ ишурия - аздап бөлінуі, не бөлінбеуі (тас түзілу ауруы).
Несептің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруі:
■ протеинурия - несепте белок, нефрозда көбірек, ал нефритте аздау
болады;
■ гематурия - несепте қан элементтері, жіті қабыну процесінде, таз
түзіліп ауырғанда кездеседі. Қан бастапқы бөлігінде болса - несеп
жолдарының аурулары, ақырғы бөлігінде болса - ауру қуықта, барлық
бөліктерінде болса - ауру бүйректерде.
Зәр тұнбасындағы торшаларды анықтаудың ауруларды ажыратуда маңызы
өте зор. Онда әртүрлі клеткаларды анықтауға болады:
■ бүйрек эпителийлері мен цилиндрлер - бүйректердің түтікшелері
жарақаттанғанда;
■ жалпақ эпителийі - несеп жолдары жарақаттанғанда;
■ түйіршікті цилиндрлер - жіті ауруларда;
■ цилиндрлердің басқа түрлері - созылмалы ауруларда анықталады.
2. Ісіну синдромы - бүйрек ауруларының негізгі белгілерінің бірі.
Нефрозда көбірек, ал нефритте аздау байқалады.
Зәр шығару ағзаларының қызметтерінің жеткіліксіздіктерінен пайда
болатын ісіктердің жүректің қызметінің жеткіліксіздігінен болатын
ісіктерден айырмашылығы:
■ жылдам және аяқ астынан пайда болады;
■ алғашқыда бас жақтан басталып, артынан барып төс, бауыр, ұма,
аяқ жақтарға жайылады;
Жоғарғы жағының қызметі бұзылды деп қарау керек. 2. Реабсорбция
фазасы. Ирелеңдеген түтікшелерге түскен провизорлы несептің құрамындағы
көптеген заттар қайта сорылады да, бірінші несептен екінші - дефинитивті
несеп түзіледі.
Қалай болғанда да ауру жоғарғы факторлардың эсерлерінен организмнің
резистенттілік қабілетінің нашарлауынан басталады. жүйке жүйесінің және
ішкі бездердің реттеушілік қызметтері бұзылады, бүйректердегі қан тамырлары
зақымданады, зат алмасу процесі бұзылады. Тітіркендіру салдарынан рефлексті
түрде, бас ми қабындағы қоздыру-тежеу процестерінің тепе-теңдік
қабілеттілігі өзгеріп, оларда доминантты орталықтар пайда болады. Ми
қабының астыңғы бөліктерінің қызметінің қалай болса солай үдеуінің
салдарынан бүйрек шумақтарындағы қан тамырлары қысылып, олардағы зат алмасу
процесі бұзылады. Егерде қан тамырлары көпке дейін қысылатын болса, кейде
ағза салданып қалуы да мүмкін. Онда қан тамырларының өткізгіштік
қабілетінің жоғарлауы салдарынан қабыну процесі үдей түседі.
Аурудың созылмалы түрінің дамуында гуморалды, факторлардың - әсіресе
рениннің рөлі зор. Қан айналуы азайған бүйректерде ренин көп түзіледі де,
қанның қысымын одан ары жоғарлатады. Капиллярлардың қабырғасы арқылы тек
альбуминдер ғана емес, қанның басқа элементтері де өтіп кетеді. Су мен
хлоридтердің алмасуларының бұзылуы ісіктің пайда болуын туғызады. Су мен
тұздың жинақталуына көп түзілген антидиуретин өз әсерін тигізеді.
Бүйрек шумақтарындағы (Шумлян-Боумен) қан тамырларының жарақаттануы
олардың сүзу процестеріне қатысатын беттерінің көлемін азайтады. Несеп бөлу
жолдарының өзектерінде глобулиндер, фибриногендер шоғырланады, зәрдің
қышқылдығы жоғарылайды, цилиндроурия пайда болады.
Өлекседегі өзгерістер:
■ бас, аяқ жақтарда; кеуде, іш тұстарында тері астының шелі ісінген;
■ бүйректердің көлемі ұлғайған, капсуласы оңай бөлінеді;
■ бүйректі кесіп қарағанда оның шумақтарының. сүреті өзгерген,
қабынып қызарған, үлкейген;
■ қатты қабынғанда капсулада ұйыған белок, эритроциттер мен түлеген
эпителий клеткалары бар; кейде ирелеңдеген түтікшелерде майдың, белок
түйіршіктерінің өзгерген түрлері байқалады;
■ зәр шығару ағзаларының гистологиялық құрылыстары өзгерген.
Клиникалық белгілері. Аурудың басында дене қызуы көтеріледі, ауру
мал әлсін-әлсін тынышсызданады, бүйректерінің тұсын сипалағанда
ауырсынғандық байқалады. Қарынның, кеуденің, жұтқыншақтың, қабақтың астыңғы
тұстарында ісік. Көрінетін кілегей қабықтары бозарған, қанның қысымы
жоғары, жүректің сол жақ қарыншасы кеңейген, қабырғасы қалыңдаған,
тамырлары қатайған. Р.о. аортада жүректің екінші сазы қаттырақ естіледі.
Қан айналысының кіші шеңберінде қан тоқыраған, кейде . ентікпе, жөтел,
ылғалды сырыл пайда болады. Ауру мал жиі-жиі несеп бөлуге тырысады, бірақ
олигурия, кейде тіпті анурия болуы да мүмкін. Несеп лай, кейде ақшыл-қызыл,
не қоңыр түсті болып келеді. Көбінесе қышқылдығы жоғары болады.
Қан сұйық, меншікті салмағы төмен, эритроциттер мен гемоглобин аз,
азотты зат қалдықтары көп. А:Г төмен. Аурудың жіті түрінде тромбоциттер аз,
ал ауру мал жазыла бастағанда олда көбейе бастайды.

2.2. Сынамаға несепті алу әдістері

Лабораториялық зертеу үшін ертеңгілік жиналған несептің алғашқы
порциясын аламыз. Несепті алудың ең тиімді әдісі несеп шығару кезінде оны
таза ыдысқа жинау, оны басқа ыдысқа аударып құйған кезде дұрыстап
араластыру керек, себебі қажетті тұнба түзілуі керек. Несепке клиникалық
талдау жасау үші әдетте бір рет 1 порция (200мл-дей) пайдаланылады. Ғылыми
зерттеулер үшін несепті 6-12 сағат кейде бір тәулік бойы жинайды.
Ірі қара мен жылқыдан несепті сынама үшін табиғи несеп бөлу кезінде
алады. Сиырларда несеп бөлуді рефлекторлық жолмен туғызады. Бұқаларда несеп
шығарудың препуций саңылауына 60-40сек жылы суға малынған мақтаны тампон
басу арқылы тездетуге болады. Жылқыларда несеп шығаруды әлсіз шуыл арқылы
шақыруға болады. Мысалы, сұлыны бір ыдыстан бір ыдысқа салу арқылы, қуыққа
массаж жасау көмегімен де алуға болады.
Қойлар мен ешкілерден несепті қуыққа әсер ету арқылы алады.
Шошқалардың несепті табиғи жолмен шығару кезінде алады, мегежіндерден
қуыққа кататэр енгізу арқылы алуға болады. Иттерден де табиғи несеп шығару
кезінде алады. Кейде несепті құрсақ арқылы қуықтың екі жағынан басып
шығартуға болады. Несептің тәуліктік мөлшерін алу үші әр малдың жынысына,
түріне байланысты несеп қабылдағыш ыдыстары болады. Несеп алынып болған
соң, несеп құйылған ыдысты мұқият жауып, тезірек лабораторияға жібереді.
2.3. Несепті консервілеу
Несепті алғаннан кейін 1,5 сағаттан кешіктірмей зерттеу қажет. Кей
жағдайда консервілеуге болады. Сынама несепті ұзақ мерзімде сақтау кезінде
консервілеуші заттар қолданылады, кейде 40% формальдигид ерітіндісі
қолданылады.
Жылдың ыстық кезінде несептің быршуын болдырмау үшін оған тимул немесе
хлороформның судағы ерітіндісін қосады. (5-7мл хлороформды 1л суға езеді)
және 30-20мл ерітіндіні 1л несебінде хлороформды алдында қыздырады.
Бактериологиялық зерттеуге арналған сынамаларды консервілеуге
болмайды. Несепті жазық қатпарлы сүзгіштер арқылы сүзеді. Сүзуді шашырамау
үшін түтікшенің төменгі жағын ыдыстың қабырғасына қарай қисайтады. Несепте
патогенді микроорганизмдер болатындықтан зерттеп болған соң, қолдарын жуып
дезинфекциялайды, ал қолданылған несепті қайнатып, сосын төгіп тастайды.
Пайдаланылған ыдыстарды мұқият жуады.
Консервілеудің тиімді әдістерінің бірі болып саналатын, оны 40С
температурада тоңазытқышта сақтайды.
2.4. Жалпы қасиеттері
Кейбір малдардың несебін қалыпты қасиеттері ірі қара мал бір
тәуліктегі несептің бөлінуі мөлшері 6-12л, максимум 25л болады. Несебінің
түсі ақшыл сарыдан ашық қоңыр түске дейін болады, мөлдір, иісі әлсіз өзіне
тән. Сілтілі реакциялы, сирақ амфотерлі, салмағы 1,025-1,050. ағзаға
тұнбасында Шовель қышқылы көмірқышқылды және күкірт кездеседі. Малдарды
тойдырып азықтандырған кезде несептің түсі қою қызыл немесе бурыл қызыл
түске боялады. Тұрып қалған несеп қараяды, бірақ жылқынікіне қарағанда
әлсіз.
Жылқыда: 1 тәуліктегі бөлінетін несептің мөлшері 3-6л, тах=10л . Оның
түсі ақшыл сарғыш түспен, ақшыл бурыл түске дейін болады. Иісі өткір,
аммиактың иісі шығады және майлы, шырышты болады. Құрамында едәуір мөлшерде
тұздар болады. Жылқының несебінде муцин болғандықтан, ол созылмалы болып
келеді. Салмағы 1,025-1,055. тұрып қалған несепте тұнба пайда болады. Ол
негізінен көмірқышқылдан Шавель қышқылынан күкірт қышқылды кальцийден
шпепур қышқылынан тұрады. Жоғарғы беті фенолдың тотығуынан қараяды.
Түйеде: 1 тәулікте бөлінетін несептің мөлшері 8-15л, жаңа бөлінген
несептің түсі ақшыл сары түстен, бурыл сарғыш түске дейін болады, мөлдір,
сұйық болады. Иісі өткір, өзіне тән. Реакциясы сілтілі, салмағы 1,030-
1,060.
Шошқада: 1 тәулікте бөлінетін несептің мөлшері 2-4л, оның түсі ақшыл-
сарғыш түсті, мөлдір болып келеді. Иісі жағымсыз, өткір сулы
консистенциясы, реакциясы сілтілі күйде амфотерлі, салмағы 1,018-1,022.
тұнбасы аздау болады. Одан көбінесе Шавиль қышқылды Са сирегірек трипель
фосфат табылады.
Иттерде: ересек иттер 0,5-2л, кіші иттер 20-200мл несеп бөледі. Оның
түсі ақшыл сары түстен сары түске дейін болады. Сұйық, көбінесе мөлдір
болады. Реакциясы қышқыл, салмағы 1,020-1050. Тұнбасы аздау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несепті зерттеудің диагностикалық маңызы жайлы
Диспансеризация жайлы
ІШКІ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА РЕНГИНОЛОГИЯСЫМЕН пәніне арналған оқу-әдістемелік құралы
Несептің физикалық және химиялық қасиетін анықтау
ПИЕЛОНЕФРИТТІҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
Диспансеризация туралы мәлімет
Несептегі белокты анықгау
Ағзадан удың бөлінуі
Несеп жүйесін зерттеу.
Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі
Пәндер