Несепті зерттеудің диагностикалық маңызы жайлы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Жұқпалы емес аурулар» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Несепті зерттеудің диагностикалық маңызы»
Орындаған: ВМ-31 топ студенті
Атауова Д. М.
Тексерген: оқытушы Қаржауова Е. Х.
Орал-2011
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Несепті зерттеу
2. 2. Сынамаға несепті алу әдістері
2. 3. Несепті консервілеу
2. 4. Жалпы қасиеттері
2. 5. Несептің физикалық қасиеттері
2. 6. Несептің химиялық қасиеттері
2. 7. Несептің тұнбасын зерттеу
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Қазіргі уақытта малды күтіп бағы, дұрыс азықтандыру, оны түрлі аурулардан сақтау, ауру біліне қалса ем қолдану - аса маңызды мәселелер. Осыған орай мал ауруларының пайда болу себептерін, олардың алғашқы белгілерін, емдеу тәсілдерін, аурудың болдырмау шараларын жақсы білу қажет. Сондықтан да халықтың мал дәрігерлік сауаты мен мәдениетін көтере түсу, озат тәрбиеші, қалың бұқара, әсіресе малшылар арасында кеңінен насихаттау игілікті іс болмақ.
Мал дәрігерлік, зооинженерлік білім беру жүйесінде және тәжірибесінде немесе мал дәрігерінің маман болып қалыптасуында клиникалық диагностика пәнінің алар орны ерекше.
Бұл пәнде шаруашылықтағы малдарды әртүрлі аурулардан алдын-ала сақтау, қоршаған ортаны қорғау, жоғары сапалы мал өнімдерін алу мүмкіндіктері туғызылады. Оның әдістерімен организмдегі жүйелерді зерттеу негізінде ауруларды айырып, қажетті уақыт күттірмейтін шараларды дер кезінде дәл тауып қолдану керек.
Малдың несеп жүйелері, соның ішінде бүйректің негізгі қызметі - несеп түзу. Малдан несепті лабораториялық зерттеулер үшін алады. Несеп арқылы малдың ауруларын анықтауға болады.
Несеп - организмге зиянды және қажетсіз нәрсе болып саналады. Бұл несеп арқылы мал ауруларының сан қилы клиникалық көрәністерін дәл анықтап, дер кезінде диагноз қоюға мүмкіндік туады. Қай ауруды анықтасақ та бұл несептің маңызы өте зор.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Несепті зерттеу
Несеп сулы және әртүрлі органикалық, бейорганикалық колоидты ерітінділерден тұрады. Несеп бүйрік арқылы бөлініп, кейде бүйрік және несеп шығару жолдары клеткаларының элементтері несепте кездесіп тұрады. Әртүрлі малдарда органикалық және бейорганикалық заттар құрамы әртүрлі. Несептің патологиялық құрам бөлігі болып табылатындары қалыпты жағдайда кездесітін заттар: ақуыз, көмірсулар, ацетон денешіктері, өз ж»не қан пигменттері, осы заттар организм жәе бүйрек патологиясы кезінде несепте көп мөлшерде болуы керек.
Жануарларды клиникалық зерттеу, олардың ауру сипатына толық түсінік бере алмайды. Оны дәлірек анықтау үшін зертханалық анализ қосымшалары қажет. Несептің анализін малды зерттеген жағдайда өткізу қажет. Әрбір ауырған малдың несебін зерттеу тағайындалады, себебі клиникалық жағдайы, симптандары білінбегеннің өзінде де несепте патологиялық жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Бірақ мұндай зерттеулер толық жүргізілуі қажет етілмейді, көптеген жағдайларда химиялық құрамына қарай қалыпты жағдайынан ауытқуына қарай арнаулы заттарды зерттейді, ал тұтасынан қанның формалық элементтерін, эпитиалды клеткаларын және цилиндрлерді іздейді.
Несепті қатаң түрде зерттеу ережелерімен жұмыс жүргізілмесе көптеген қателіктер болуы мүмкін, нәтижесінде емдеуші мал дәрігер қате қорытынды жасап, бүйрек ауруларын болжауы мүмкін, олар жоқ болса да. Зертханалық зерттеулердің дәлдігі көбіне несептің қай әдіспен алынғанына, қандай күйде және қашан алынғанымен, әкелгеніне байланысты. Соңғысы айқын түрде, қарама-қайшылық жағдайларда нашар қорытынды шығуы мүмкін (жарамсыз материалды зерттеу қажет емес) . Несептің алыну уақытын ескеру қажет, мысалы, егер клиницист несепте уробилиннің бар болуын анықтағысы келсе, онда несеп жаңа алынған күйінде әкелінсе, одан қарапайым реакцияларымен уробилин табылмайды, себебі жаңа сынамада тек уробилиноген болады.
Зерттеу алдында реакцияны қоймас бұрын жаңа алынған несепке бірнеше тамшы «лиголь» ерітіндісін тамызып, бірнеше уақытқа дейін қояды. Мұнда қышқылдану реакциясы болып, уробиоген уробилинге айналады.
Жылдың мезгіліде несеп тез ашуға, қышқылдануға ыңғайлы, онда фермалық элементтер ериді және тұздардың тұнбалары өзгереді. Бүйректен немесе несеп жолдары зақымдаға жағдайда зерттеуден алынға мәліметтер ауруларды бөлуге көмектеседі. Несепті зерттеген кезде оның физикалық қасиеттерін, химиялық құрамын және тұнбасына микроскопиялық зертеу өткізеді.
Ереже бойынша зерттеуге алынған несепті зертханалық зерттеу құжатына тіркеу керек, онда зерттелу мақсаты диагноз жазылады.
Зат алмасу процесіндегі пайда болатын метаболиттердің. қалыптан тыс шоғырлануы организмді уландырып, торшалардың тіршілігін жояды. Сондықтан да ондай заттар жинақталмай уақытында организмнен шығарылып отырылуы қажет. Ондай бөлу ағзаларына бүйректер, тері бездері, өкпе және ішектер жатады. Солардың ішінде зәр шығару ағзаларының атқаратын қызметтері ерекше. Организмде зәрдің түзілуінде өзара тығыз байланыстағы 3 процесті байқауға болады:
1. Бүйректердің шумақтарындағы ультра сүзілу процесі;
2. Реабсорбция - қайта сорылу процесі;
3. Проксималды, диеталды бөліктердегі секреция. Бүйректер арқылы жүректің минуттық қанының көлемінің 1/4-1/5 мөлшері өтеді.
Зәрдің тәуліктік мөлшері: ірі қарада - 6-12 л, жылқыда - 3-6 л, шошқада - 2-4 л, түйеде - 8-15 л, қой мен ешкіде - 1, 5-2 л, итте - 0, 5-1 л (адамда - 0, 8 л) .
Зәрде қанға қарағанда мочевина 70, аммиак 40, фосфаттар 30, зәр қышқылы 25 есе көп.
Бүйректердің мальпиги шумақтарында су мен минерал тұздар сүзіледі. Ирелеңдеген өзекті жолдарда мочевина, зәр қышқылы, аммиак сияқты ерекше заттар секрет ретінде бөлініп шығады.
Зәрдің 96 -ы су, 4 -ы құрғақ заттар. Олар органикалық және органикалық емес заттардан тұрады. Органикалық заттарға жататындар: мочевина, зәр қышқылдары, аммиак, аденин, гуанин, ксантин, гипоксантик, пурин негіздері; креатинин, гиппур қышқылы, эфир күкірт қышқылы.
Органикалық емес заттар: хлорлы, күкірт және фосфор қышқылды тұздардан құралған.
Зәрдің сарғыш түсі урохром, уробилин, уроэтрин пигменттеріне байланысты болады. Алғашқы түзілген зәр 1-ші - провизорлы несеп, ал реабсобциядан кейінгі 2-ші - дефинитивті несеп деп аталады.
Зәр шығару ағзаларының негізгі атқаратын қызметтері:
- осмостық қысымды реттейді;
- организмде судың тепе-теңдігін сақтайды;
- иондардың концентрациясын бірқалыпта ұстап тұруға - әсерін тигізеді;
- зат алмасуының ақырғы метаболиттерін организмнен шығарады;
- организмді улы заттардан тазалайды;
- организмдегі тұрақтылықты - гомеостазды сақтайды. Зәр шығару ағзаларына - бүйректер, бүйрек түбекшесі, несеп жолы, қуық және несеп шығаратын түтікшелер жатады. Олардың ішіндегі ең негізгісі - бүйректер. Олар бездер мен түтікшелерге бай болып келеді. Олардың қызметін. ешқандай басқа ағзалар орындай алмайды. Егер иттің екі бүйректерінде алып тастаса, ол ит қатты уланудан 2-3 күннің ішінде өлетін көрінеді. Ал бір бүйрек жоқ болса, қалған екінші бүйрек оның қызметін толық қамтамасыз ете алады.
Қан бүйректерге аортадан бөлінген бүйректердің артериялары арқылы келеді. Бүйректерде қан айналуының өзіндік ерекшеліктері бар. Онда қан екі капилляр торларынан өтеді:
1. Мальпиги шумақтарындағы капиллярлар торы;
2. 1-ші және 2-ші қатардағы ирелеңдеген өзектердегі мен Генле тұйық тұзағының капиллярларының торы. Бүйректердің өздері екі қабаттан тұрады: сыртқы және ішкі. Сыртқы қабатында Боумен капсуласы мен нефрондар орналасқан. Әрбір бүйректе ұзындығы 0, 5 см 2 млн-га дейін нефрондар болады.
Ішкі қабатында ирелеңдеген өзектер мен Генле (Шумлян) тұйық тұзағы орналасқан.
Боумен капсуласында 1-ші несеп, ал ирелеңдеген өзектерде бірінші провизорлық зәрден амин қышқылдары, глюкоза, су, минералды заттар қанға қайтадан сорылу арқылы 2-ші несеп түзіледі. Жалпы бүйректердегі түтікшелердің ұзындығы 70-100 км, бетінің көлемі - 5-8 шаршы метр.
Зәрдің түзілу процесі екі фазада жүреді: 1. Сүзілу фазасы. Мұнда капиллярлар мен капсуладағы қысымның айырмашылығының салдарынан нефрондарда бірінші - провизорлы несеп түзіледі. Оның қан плазмасынан айырмашылығы құрамында белок болмайды. Ал егерде белок болса, онда осы жоғарғы жағының қызметі бұзылды деп қарау керек. 2. Реабсорбция фазасы. Ирелеңдеген түтікшелерге түскен провизорлы несептің құрамындағы көптеген заттар қайта сорылады да, бірінші несептен екінші - дефинитивті несеп түзіледі.
90л провизорлы несептен 1л дефинитивті зәр түзілетін көрінеді. Ал 15л зәр бөлінуі үшін бүйректер арқылы 18000л қан өтуі керек екен. Жүректің әрбір жирылысында сол жақ қарыншадан шығатын қанның 15-30%-ы бүйректерге түсетін көрінеді. Бүйректердің қызметі симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйелері арқылы; альдесторон, вазопрессин, антидиуретин гормондарымен реттеліп отырады.
Сау малда, бүйректері дұрыс жұмыс істегенде несеп таза, мөлдір болады, ешқандай тұнба болмайды. Тек жылқылардың зәрінің құрамында көмірқышқыл кальций тұздары болатындықтан оның түсі аздап лайлау болып келеді. Ал ауру малдың зәрінің физикалық және, химиялық құрамдары әртүрлі сатыда өзгеріп отырады.
Жалпы статистика бойынша клиникалық белгілері арқылы анықтағанда, барлық ішкі жұқпалы емес аурулардың ішінде 7-15%-ына дейін зәр шығару ағзаларының ауруларына жататын көрінеді. Ал сойылған малдарды тексергенде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары екендігі байқалады. Бұл мысал ауруды тексерудің кейбір қиыншылықтарына байланысты болады.
Әсіресе әртүрлі стресс-факторлардың әсерінен организмнің жалпы резистенттілік қабілеті төмендегенде, ондағы микроорганизмдердің вируленттілігі жоғарылап, улы заттардың бөлінуі үдей түседі. Міне осы улы заттар зат алмасу процесін бүлдіреді, бүйректерде қабыну процесін тудырады.
Зәр шығару ағзаларының ауруларын екі топқа жіктеуге болады:
1. Бүйректердің аурулары - нефриттер, нефроздар, пиелонефрит, нефросклероз;
2. Зәр шығару жолдарының аурулары - қуықтың қабынуы, тастың түзілуі, ірі қараның гематурия ауруы, қуықтың салдануы және түйілуі.
Зәр шығару жүйесінің ауруларында кездесетін ұқсас клиникалық белгілердің жиынтығын 6 синдромға біріктіруге болады:
1. Несеп - зәр шығару синдромы: бөлінетін зәрдің мөлшерінің өзгеруіне байланысты:
■ полиурия - зәрдің қалыптан көп бөлінуі (нефроклероз) ;
■ поллакиурия - зәрдің жиі-жиі бөлінуі (уроцистит) ;
■ олигурия - зәрдің қалыптан аз бөлінуі (нефрит) ;
■ анурия - зәрдің бөлінбеуі (нефрит) ;
■ ишурия - аздап бөлінуі, не бөлінбеуі (тас түзілу ауруы) . Несептің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруі:
■ протеинурия - несепте белок, нефрозда көбірек, ал нефритте аздау болады;
■ гематурия - несепте қан элементтері, жіті қабыну процесінде, таз түзіліп ауырғанда кездеседі. Қан бастапқы бөлігінде болса - несеп жолдарының аурулары, ақырғы бөлігінде болса - ауру қуықта, барлық бөліктерінде болса - ауру бүйректерде.
Зәр тұнбасындағы торшаларды анықтаудың ауруларды ажыратуда маңызы өте зор. Онда әртүрлі клеткаларды анықтауға болады:
■ бүйрек эпителийлері мен цилиндрлер - бүйректердің түтікшелері жарақаттанғанда;
■ жалпақ эпителийі - несеп жолдары жарақаттанғанда;
■ түйіршікті цилиндрлер - жіті ауруларда;
■ цилиндрлердің басқа түрлері - созылмалы ауруларда анықталады.
2. Ісіну синдромы - бүйрек ауруларының негізгі белгілерінің бірі. Нефрозда көбірек, ал нефритте аздау байқалады.
Зәр шығару ағзаларының қызметтерінің жеткіліксіздіктерінен пайда болатын ісіктердің жүректің қызметінің жеткіліксіздігінен болатын ісіктерден айырмашылығы:
■ жылдам және аяқ астынан пайда болады;
■ алғашқыда бас жақтан басталып, артынан барып төс, бауыр, ұма, аяқ жақтарға жайылады;
Жоғарғы жағының қызметі бұзылды деп қарау керек. 2. Реабсорбция фазасы. Ирелеңдеген түтікшелерге түскен провизорлы несептің құрамындағы көптеген заттар қайта сорылады да, бірінші несептен екінші - дефинитивті несеп түзіледі.
Қалай болғанда да ауру жоғарғы факторлардың эсерлерінен организмнің резистенттілік қабілетінің нашарлауынан басталады. жүйке жүйесінің және ішкі бездердің реттеушілік қызметтері бұзылады, бүйректердегі қан тамырлары зақымданады, зат алмасу процесі бұзылады. Тітіркендіру салдарынан рефлексті түрде, бас ми қабындағы қоздыру-тежеу процестерінің тепе-теңдік қабілеттілігі өзгеріп, оларда доминантты орталықтар пайда болады. Ми қабының астыңғы бөліктерінің қызметінің қалай болса солай үдеуінің салдарынан бүйрек шумақтарындағы қан тамырлары қысылып, олардағы зат алмасу процесі бұзылады. Егерде қан тамырлары көпке дейін қысылатын болса, кейде ағза салданып қалуы да мүмкін. Онда қан тамырларының өткізгіштік қабілетінің жоғарлауы салдарынан қабыну процесі үдей түседі.
Аурудың созылмалы түрінің дамуында гуморалды. факторлардың - әсіресе рениннің рөлі зор. Қан айналуы азайған бүйректерде ренин көп түзіледі де, қанның қысымын одан ары жоғарлатады. Хапиллярлардың қабырғасы арқылы тек альбуминдер ғана емес, қанның басқа элементтері де өтіп кетеді. Су мен хлоридтердің алмасуларының бұзылуы ісіктің пайда болуын туғызады. Су мен тұздың жинақталуына көп түзілген антидиуретин өз әсерін тигізеді.
Бүйрек шумақтарындағы (Шумлян-Боумен) қан тамырларының жарақаттануы олардың сүзу процестеріне қатысатын беттерінің көлемін азайтады. Несеп бөлу жолдарының өзектерінде глобулиндер, фибриногендер шоғырланады, зәрдің қышқылдығы жоғарылайды, цилиндроурия пайда болады.
Өлекседегі өзгерістер:
■ бас, аяқ жақтарда; кеуде, іш тұстарында тері астының шелі ісінген;
■ бүйректердің көлемі ұлғайған, капсуласы оңай бөлінеді;
■ бүйректі кесіп қарағанда оның шумақтарының. сүреті өзгерген, қабынып қызарған, үлкейген;
■ қатты қабынғанда капсулада ұйыған белок, эритроциттер мен түлеген эпителий клеткалары бар; кейде ирелеңдеген түтікшелерде майдың, белок түйіршіктерінің өзгерген түрлері байқалады;
■ зәр шығару ағзаларының гистологиялық құрылыстары өзгерген.
Клиникалық белгілері. Аурудың басында дене қызуы көтеріледі, ауру мал әлсін-әлсін тынышсызданады, бүйректерінің тұсын сипалағанда ауырсынғандық байқалады. Қарынның, кеуденің, жұтқыншақтың, қабақтың астыңғы тұстарында ісік. Көрінетін кілегей қабықтары бозарған, қанның қысымы жоғары, жүректің сол жақ қарыншасы кеңейген, қабырғасы қалыңдаған, тамырлары қатайған. Р. о. аортада жүректің екінші сазы қаттырақ естіледі. Қан айналысының кіші шеңберінде қан тоқыраған, кейде . ентікпе, жөтел, ылғалды сырыл пайда болады. Ауру мал жиі-жиі несеп бөлуге тырысады, бірақ олигурия, кейде тіпті анурия болуы да мүмкін. Несеп лай, кейде ақшыл-қызыл, не қоңыр түсті болып келеді. Көбінесе қышқылдығы жоғары болады.
Қан сұйық, меншікті салмағы төмен, эритроциттер мен гемоглобин аз, азотты зат қалдықтары көп. А:Г төмен. Аурудың жіті түрінде тромбоциттер аз, ал ауру мал жазыла бастағанда олда көбейе бастайды.
Барысы. Аурудың жіті түрі 1-2 жұмаға созылуы мүмкін. Уақытында дұрыс ем қолданғанда ауру мал жазылып кетеді. Аурудың асқынған, жайылыңқы түрі уремиялық синдром басым болған жағдайда өлім-жітіммен аяқталады.
Ауруды анықтау үшін ауру мал туралы жиналған анализге, негізгі клиникалық белгілеріне және лабораториялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенеді.
Саралау. Нефриттің жіті түрі көбінесе індетті аурулардан кейін болады. Онда несеп синдромдарынан: олигурия, зәрде қан, белок, бүйрек эпителийі, цилиндрлер.
Нефрозда зәрде қан жоқ және қанның қысымы көтерілмейді. Жүрек еттерінде гипертрофия жоқ.
Аурудың болжамы бүйректердің жарақаттануларының көлеміне және аурудың барысына байланысты. Уремиялық синдром дамығанда өлім-жітіммен аяқталады.
Емі. Ауру малдың күтіміне, азықтың сапасына көңіл аудару керек. Олардың үстін тазалап, желдеткіші бар, таза бөлмеде ұстайды. 1-2 күнге ашықтыру диетасын тағайындауға болады. Одан кейін жеңіл қорытылатын, белогы мен тұзы аз тағам береді. Рационда натрий аз, калий мен кальций иондары, аскорбин қышқылы ретинол, В витаминдері жеткілікті болуы керек.
Бүйрек маңайына новокаин блокадасын жасайды.
10%-ды хлорлы кальций глюконатына, немесе 0, 5-1%-г-дьі. новокаин ерітіндісіне аскорбин қышқылын қосып венаға жібереді.
Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын барлық ережені сақтай отырып қолданады. Улануға қарсы қан ағызып, глюкоза ертіндісін венаға жібереді. Ол организмнің жалпы резистенттілік қабілетін жақсартады.
Жүректің қызметі нашарлағанда жалын гүлінің, строфант ертіндісін, оттегін қолданады. Зәрдің бөлінуін жақсарту үшін темисал, новурит, фонурит береді. Күкірт қышқыл магнезий жақсы әсер етеді. Ол суды, тұзды өзіне сіңіреді, қанның қысымын реттейді, қан тамырларының өзектерін кеңейтеді, зәрдің бөлінуін үдетеді. Жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді. Оны 25%-ды ертінді ретінде, 0, 2-0, 4мл/кг мөлшерінде еттің ішіне жібереді.
Ауру малдың сіңірі тартылып қалған жағдайда хлоралгидрат, немесе морфий ертінділерін қолданады.
Медицинада соңғы кезде гормон препараттарын жиі қолданып жүр: преднизолон, кортизон, АКТГ.
Ацидозда соданың ерітіндісінің көмегі жақсы. Сондай-ақ жылулық процедуралары жақсы нәтиже береді.
Сақтандыру. Малдың күтімі мен рационына көңіл аударады. Суықтықтан, уланудан қорғайды. Бүйректердің тұсын жарақаттан сақтау керек. Ас тұзының азықта қалыпты жағдайда болуын қадағалайды. Індетті, хирургиялық, гинекологиялық ауруларды уақытында емдеп жазады.
4. Нефросклероз
Nephritis chronica - Бүйректердің қан тамырларының қатты қабынудың салдарынан жарақаттанып, бүйректердің қызметінің жеткіліксіздігін тудыратын созылмалы процесс. Аурудың бұл түрі жіті түріне қарағанда, әсіресе ірі қара мен жылқыларда, жиі кездеседі.
Себептері. Ауру көбінесе жіті түрінен асқынған түрде дамитындықтан, жіті түрінің барлық себептері осы ауруға да жатады. Оның ішінде әсіресе созылмалы уланулар, індетті аурулар, суықтықтың әсері; жүйке жүйесінің, өкпелердің, бронхылардың, жыныс жолдарының қабынулары жиі себеп болады.
Дамуы. Бүйрек шумақтарының ұзақ уақыт қабынуы оларда жүретін сүзілу және секрет бөлу процестерін нашарлатады. Шумақтарда қанның азаюы және жүйке жүйесінің реттеушілік кызметінің бұзылуы салдарынан организмде ренин көп түзіле бастайды. Ол альфа-глобулинмен қосылып ангиотензин-2 түзеді. Ол барып қан тамырларының өзегін тарылтады, артериядағы қан қысымы жоғарылайды. Шумақтардағы натрийдің қайта солыру процесі бұзылады да, ол барып азоттың алмасуының бұзылуын, натрийдің қалдықтарының қанда шоғырлануын тудырады.
Қанда мочевина, зәр қышқылдары, креатин, кенеттен азот қалдықтары көбейеді. Осының бәрі жүйке жүйесінің улануына апарып соғады. Уремиялық синдром дамиды.
Қанда жиналған улы заттар ішкі бездер мен ас қорыту жүйесі арқылы бөлінеді. Бірақ олар асқазан мен ішектердің кілегей қабықтарын тітіркендіріп оларды қабындырады жөне индол, скатол, фенол, индикан сияқты улы заттардың шоғырлануына себеп болады. Бауырдың, жүректің, бұлшық еттердің құрылыстары бұзылады. Қанның азаюы, онда улы заттардың шоғырлануы әртүрлі ағзалардың қызметтерін бүлдіреді жөне эритропоэз нашарлайды.
Өлекседегі өзгерістер. Өлексе өте арық. Тері астында ісік, құрсақ қуысында сұйық зат, Бүйректердің көлемі не үлкейген, не кішірейген, бозарған, тығыз, жылтырамайды. Кесіндіде құрылысы өзгерген. Өзектерінде эторшалары, лейкоциттер, эритроциттер және ұйыған белок. Бүйрек шумақтары сыртынан дәнекер тілмен қапталып гиалин тәрізді шарға айналады. Организмде қанның аздығының белгілері. білінеді. Жүрек еті қалыңдаған.
Клиникалық белгілері. Бүйректердің зәр бөлу процесі нашарлайды. ауру мал көңілсіз, бірте-бірте арықтай береді. Ауру кейде асқынып, кейде клиникалық белгісіз болады. Асқынған уақытта дене қызуы көтеріледі, кілегей қабықтары бозарған, сұрғылт түсті. Тыныс алу дыбысы қатқыл, бірақ нашар естіледі. Броханың қабынғаны, онда қанның, лимфаның жиналғаны анықталады. Жүректің шекарасы ұлғайған, түрткісі қатты, саздары алыстан естіледі, р. о. аортада екінші саз. қаттырақ естіледі. Артериялық қысым жоғары.
Ас қорыту жүйесінің ағзалары қабынған, асқазан сөлінің қышқылдығы төмен, кейде жоқ.
Несеп тығыз, мөлшері аз, құрамында белок, цилиндр, қан. Несепте индикан аз, керісінше ол қанның сары суында көп. Қанның азаюының гипохромды түрі, эритроциттер мен гемоглобин аз, нейтрофилді лейкоцитоз солға ығысқан.
Барысы. Ауру малдың халі кейде түзеліп, кейде нашарлап айлап, жылдап созылуы мүмкін. Егер бүйректер бүрісе бастаса малдың толық жазылуы мүмкін емес.
Анықтау. Ауру мал туралы анамнез, клиникалық белгілері және лабораториялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып анықтайды. Болжамы күмәнді.
Емі. Бірінші кезекте азықтағы белок пен ас тұзын азайту керек. Ісік лайда болғанда суды аз беріп, зәрдің бөлінуін үдету керек. Індетпен асқынғанда антибиотиктер қолданылады. Жүректің қызметін қалыптастыратын дәрілер қолданады. Қан қысымы жоғарлағанда қан ағызады, уланғанда глюкоза ертіндісін қолданады. Терінің астына инсулинді қабаттастыра жібереді. Ацидозда - сода ертіндісін қолданады. Қан азайғанда темір препаратгары, антианемин, камполон қолданылады. Іш өтсе оны тиятын, ал нәжіс қатса оны жұмсартып, іш өткізетін дәрілерді береді.
Сақтандыру. Уақытында дұрыстап аурудың жіті түрін емдеу керек.
Бүйрек пен оның түбекшесінің біртұтас қабынуы - Pyelonephritis. Ірі қара мен шошқаларда жиі кездесетін ауру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz