Негізгі қимыл-қозғалыстар жалпы сипаттамасы мен түрлері



Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Облыстық білім беру басқармасы
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Пәні: Дене шынықтыру

Бақылау жұмысы

Тақырыбы:
Негізгі қимыл-қозғалыстар жалпы сипаттамасы мен түрлері

Орындаған: 4аКДО тобының студенті
Силыбаева Э.М.
Тапсырылған
күні ... ... ... ... ... ... .
Тексерген:
Оқытушы: Калмурзина Ы.С.
Бағасы: ... ... ... ... (қолы)
Күні ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

Орал, 2014 ж.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
2. Жалпы дамытатын жаттығулар бағдарламасы
3. Дене жаттығуларының сипаттамасы
4. Қимыл – қозғалыс ойындары
5. Қимыл қозғалыс түрлері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Балалардың дене тәрбиесінің дұрыстығы – мектеп жасына дейінгі
балаларға арналған мекемелердің алдындағы міндеттерінің бірі.Мектеп жасына
дейінгі жақсы денсаулық, адамның жалпы дамуының іргетасы болып талады.
Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк
мектептер, колледждер, лицейлер балаларының, жоғары оқу орындары
студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу
жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына,
санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес сабақтан тыс
уақытта және дербес жүзеге асырылады.
Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына
мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн
мектепте - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде,
лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.
Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi, жалпы бiлiм беретiн
мектептер және басқа да оқу орындары балаларға дене тәрбиесiн беру
мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға
тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзедi және
қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейiнгi
балалардың, балалар мен студенттердiң қатысуымен спорттық iс-шараларды
ұйымдастыру мен өткiзуiне жәрдемдеседi.
Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектептен тыс дене шынықтыру-
сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi
жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы
органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi.
Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде жас шамасымен үлкен
орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсендiлiкке ғана емес, суыққа,
гипоксияға да бейiмділікті ұлғайту үшін себепшi болатын факторлар болып
табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына,
жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады, эмоционалды-
мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының жақсаруынаәсер
етеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет мүмкіндіктерінің де өсуі
байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жүйелері мен
дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін қалыптастыратын, жалпақ табанның
дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын жасау қажет.
Негізгі бөлім
1. Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелерде дене
шынықтыру жаттығулары топтық гимнастикалық сабақтар мен спорттық ойын-сауық
түрлерінде өткізіледі. Баланың киімі қимылды қиындатпайтындай денесіне бос
болу керек. Сабақтар әр түрлі және еліктіргіш болу үшін, әр түрлі заттар
мен жабдықтар қолдану керек: доптар, жалаулар, құрсаулар, отырғыштар,
баспалдақтар. Жабдықтар баланың бойы мен жасына сәйкес келу маңызды. Зерек
бала, Біз мектепке барамыз бағдарламаларына сәйкес, 3 жастан бастап
күнделікті таңғы жаттығулар өткізу керек, басында 5-6 минут (3жас) және 10-
12 минутқа дейін (6 жас). Бұнымен қоса, бос уақытта дене шынықтыру
жаттығуларының айына 1 рет 10-20 минут, 6 жастағы балалар үшін 40 минутқа
дейін өткізілуі қарастырылады. Гимнастикамен айналысу үшін кілемше қажет
және оны тазалықта сақтау маңызды. Гимнастикалық жаттығуларды таңғы астан
кейін немесе күндізгі ұйқыдан кейін 30 минуттан кейін ғана жасау керек.
Балаларда таңғы жаттығуды әрдайым жасауға әдептің қалыптасқаны өте маңызды.
Ұзақ, қозғалыссыз отыратын – сурет салу, илеу, қол шеберлiк сабақтарынан
кейін гимнастикалық жаттығулар сеансын өткізу аса маңызды.
Балаларға ұсынылатын жаттығуларды тәрбиешілер, медбике, ата-аналар
меңгеріп алулары керек. Балалардың ықыласын шоғырландыру қиын болғандықтан,
оларға тапсырмаларды ұзақ түсініктерсіз, нақты және айқын беру керек.
Атауларды рационалды түрде оңайлату, мысалы, жаттығуларды мысық, құс,
паровоз және т.б. жалпылай атау. Бұл жаста балаларда үйлестіру қабілеті
енді ғана қалыптаса бастайтындықтан, олардан тапсырманы толығымен дұрыс
орындауларын талап етуге болмайды.
Негізгі өмірлік қажеті бар қозғалыс дағдылары балалардың кішкентай
кезінде қалыптасады, бала дұрыс жүруді, отыруды, тұруды, қараапйым дене
шынықтыру жаттығуларын орындауды, кеңістікте бағытталуды, шынықтыру
шараларын қабылдауды үйренеді, салауатты өмір салтының негізі болып
табылатын күнделікті дене шынықтыру-спорт сабақтарына дағдыланады. Бұл
жастағы балалардың дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру ісі олармен
сабақтарды ойын түрінде, әдетте, ашық аспан астында өткізуді, және солардың
мазмұнын үнемі түрде жаңартып отыруды қажет етеді. Дене шынықтыру
жаттығулары сабақтарының негізін балалардың қызметтік мүмкіндіктерін
арттыратын, ағзаның барлық физикалық қасиеттерін дамытатын жан-жақты дене
шынықтыру даярлығы құрауы тиіс. Педиатрия мен дене шынықтыру және спорт
саласының жетекші мамандары осы жас тобындағы балаларға арнап аптасына
кемінде 10 – 12 сағаттық қозғалыс белсенділігінің көлемін ұсынады.
Осы міндетті шешудің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың саны 15
адамнан асатын балалар әлеуметтік мекемелерінде ашық аспан астында сабақтар
өткізуге арнап Ксил балалар ойын кешендерін орнату (орындаушы – Сәби
қайырымыдылық қоры);
- мекемелерде мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы
балалардың дене шынықтыру тәрбиесіне арнап оқу және ойын бағдарламаларын
әзірлеу және ендіру (орындаушы – балалар үйлері мен интернаттардың
басшылығы);
Күтілетін нәтижелер:
1. Балалар әлеуметтік мекемелерінің балалары мен жасөспірімдерінің
арасында салауатты өмір салтының бекуі.
2. Дене шынықтыру мен спортпен нақты түрде айналысатын тәрбиеленушілер
санының көбеюі, аурушаңдықтың деңгейін азайту.
3. Өскелең ұрпақтың арасындағы құқық бұзушылықтар санының азаюы.
4. Балалар әлеуметтік мекемелері тәрбиеленушілерінің қатарынан ҚР
ұлттық құрама командаларына келешегінен үміт күттіретін кандидаттардың
спорттық резервінің көбеюі.
Дене шынықтыру пәнін оқыту бағдарламасының негізін құрайтын жеке
тұлғаға бағытталған ерекшеліктерге мынадай әдістемелік тәсілдер жатады:
- дене жаттығуларымен айналысуға балалардың қызығушылығын
қалыптастырудың жекелеген ерекшеліктерін қарастыратын жеке тұлғаға қатысты
себептер;
- дене жаттығуларының әр түрі бойынша сараланған тапсырмаларды іріктеп
алу жүйесін біріктіретін мазмұнды тәсілдер;
- дене жаттығуларының жекелеген бөліктерін дербес игеру біліктілігін
қалыптастыруды қарастыратын технологиялық тәсілдер (оқу бағдарламасының
негізінде);
- бағдарламаның талаптарына сәйкес практикалық іскерліктер мен
дағдыларды, теориялық білімдерді есепке алу мен бағалауды, бақылау
құралдарын біріктіретін бақылау-бағалау тәсілдері;
''Дене шынықтыру" пәні бойынша оқыту мазмұнына жеке тұлғаға
бағытталған тұрғыда келу мыналарды қарастырады:
- пән бойынша бағдарламаны балалардың меңгеруіндегі жекелілік себепті
есепке алу;
- табиғи қозғалыс дағдыларын қалыптастыру мен жаңа қозғалыс-қимылдарды
меңгеру барысында балалардың қозғалысты өзі орындауы үшін жағымды жағдайлар
туғызу.
Жоғарыда айтылғандар осы бағдарламаны білім беру кезеңдеріне (циклға)
бөлуді қарастырады, олар:
- дене жаттығуларының негізгі түрлері;
- дене жаттығулары және салауатты өмір салты;
- мүсінді дұрыс қалыптастыру мен қозғалыс қасиеттерін дамыту;
- дене жаттығуларымен айналысудың жекелеген түрлері мен күн тәртібі
(осы бөлім мектептен тыс уақытта дене жаттығуларымен топпен және дербес
айналысу жағдайларына тән ерекшеліктерді айырып қарастырады).
2. Жалпы дамытатын жаттығулар бағдарламасы
Саптық жаттығулар. Бір қатарға және бір лекке сапқа тұру. Бір орында,
оңға, солға, артқа бұрылу. Теңел! Тік тұр! Еркін тұр! Қадам бас! Тоқта!
командалары.
Кеуде, қол мен аяқ үшін жаттығуларды әр түрлі бастапқы қалыптан
орындау. Негізгі тұрыс: өкше бірге, аяқтың ұшы алшақ, қолдарды денені
бойлай түсірген қалып. Бір орында тұрып затсыз және затпен орындалатын
жаттығулар.
Денені оңға және солға, алға және артқа еңкейту, бұру және айналдыру.
Аяқтарды алға, артқа және жанға сілтеу. Кеудені аяқтарға қарай еңкейту.
Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан кеудені көтеру. Гимнастикалық орындыққа
қолдармен тіреліп жатқан қалыптан қолдарды бүгіп, жазу.
Жүру және жүгіру. Қолдардың қозғалысымен үйлестіре тізені жоғары
көтеріп, жүру. Жүзу мен жүгіруді жалпы дамытатын жаттығуларды орындаумен
үйлестіру. Кедергілерден өтіп жүгіру және жүру. Жаттығуларды орындауды
музыка әуенімен үйлестіре баяу және жылдам екпінде жүру және жүгіру.
Доппен орындалатын жаттығулар. Допты жоғары лақтырып екі не бір қолмен
ұстау. Допты серігіне екі қолмен әр түрлі бастапқы қалыптардан: кеудеден,
иықтан, бастан асыра, төменнен беру.
3. Дене жаттығуларының сипаттамасы
Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі өзіндік құралы. Дене
жаттығулары адамға жан жақты әсер етеді: олар адамның және еңбек
тәрбиелерінің міндеттерін жүзегу асыруға, сондай-ақ писхикалық қасиеттерді
дамытуға себепші болады.
Дене жаттығуларымен бірге әр түрлі би, массаж қолданылады.
Билер музыкамен сүйемелдене отырып, организмнің балық жүйесіне әсерін
тигізеді, дене қасиеттерін дамытады, сондай-ақ қимыл қзғалыстардың
жарасымдылығын, еркіндігін қалыптастырады.
Массаж. Теріге, бұлшық етке сүйек жүйесіне әсер етеді, тыныс алуды
күшейтеді, қан айналымын жақсартады.
Іс-әрекетінің алуан түрлері қозғалыс, қимыл әрекеттері олардың
компаненттері болып табылатындықтан адам организміне әсерін тигізеді. Бірақ
еңбек процесінде жасалатын қозғалыстар, ең алдымен, нақты нәтижелерге
жетуге бағытталады. Организмге әсер ету қосарлы фактор болыт табылады.
Сондықтан алуан түрлі іс-әрекеттерді ұйымдасты кезінде денені дұрыс қалыпты
ұстауда денеге түсіретін ауыртпашылықты балалардың жас шамасын жеке басының
ерекшеліктерін, олардың денсаулық жағдайларын скере отырып, мөлшерлеуді
қатаң қадағалаудың маңызы зор.
Әр түрлі жас кезеңдеріндегі дене тәрбиесінің міндеттерін жүзеге
асырудың тиімділігі негізгі және қосамша құралдарды дұрыс үлестірген кезде
арта түседі. Мәселен бала өмірінің алғашқы айларында гигиеналық
факторлардың және жаратылыстың табиғи күштерінің маңызы мейлінше мол, бұдан
кейін дене жаттығуларын және алуан түрлі іс-әрекеттің ролі артады.
Дене жаттығуларының сипаттамасы. Дене жаттығулары алдағы тұрған еңбек
әрекеттеріне алдын ала дене әсерлігі қажет екендігін ұғынған кезеңде пайда
болады. Тәжірибе адамға аң аулауға денені алдын ала әзерлеумен оның
нәтижелерімен арасындағы байланысты анықтауға және жиналған қимыл
қозғалыстық тәжірибені бір-біріне берудің маңыздылығын бағалауға мүмкіндік
жасады. Мәселен, адам аң аулауға шығудан бұрын алдағы атқарылатын әрекетке
машықтанады. Аңның бейнесін жасап, соған дәл тигізуге талпынады. Осындай
әрекеттерді көп рет қайталау процесінде адам нысанаға дәл тигізе білушілік
қалыптасты. Көзбен шамалау, күш және басқа дене қасиеттері дамыды. Сөйтіп
дене жаттығулары алғашында еңбекте қолданылатын қимыл-қозғалыстардан тұрды.

Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде жас шамасымен үлкен
орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсендiлiкке ғана емес, суыққа,
гипоксияға да бейiмділікті ұлғайту үшін себепшi болатын факторлар болып
табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына,
жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады, эмоционалды-
мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының жақсаруынаәсер
етеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет мүмкіндіктерінің де өсуі
байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жүйелері мен
дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін қалыптастыратын, жалпақ табанның
дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын жасау қажет.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелерде дене
шынықтыру жаттығулары топтық гимнастикалық сабақтар мен спорттық ойын-сауық
түрлерінде өткізіледі. Баланың киімі қимылды қиындатпайтындай денесіне бос
болу керек. Сабақтар әр түрлі және еліктіргіш болу үшін, әр түрлі заттар
мен жабдықтар қолдану керек: доптар, жалаулар, құрсаулар, отырғыштар,
баспалдақтар. Жабдықтар баланың бойы мен жасына сәйкес келу маңызды. Зерек
бала, Біз мектепке барамыз бағдарламаларына сәйкес, 3 жастан бастап
күнделікті таңғы жаттығулар өткізу керек, басында 5-6 минут (3жас) және 10-
12 минутқа дейін (6 жас). Бұнымен қоса, бос уақытта дене шынықтыру
жаттығуларының айына 1 рет 10-20 минут, 6 жастағы балалар үшін 40 минутқа
дейін өткізілуі қарастырылады. Гимнастикамен айналысу үшін кілемше қажет
және оны тазалықта сақтау маңызды. Гимнастикалық жаттығуларды таңғы астан
кейін немесе күндізгі ұйқыдан кейін 30 минуттан кейін ғана жасау керек.
Балаларда таңғы жаттығуды әрдайым жасауға әдептің қалыптасқаны өте маңызды.
Ұзақ, қозғалыссыз отыратын – сурет салу, илеу, қол шеберлiк сабақтарынан
кейін гимнастикалық жаттығулар сеансын өткізу аса маңызды.
Балаларға ұсынылатын жаттығуларды тәрбиешілер, медбике, ата-аналар
меңгеріп алулары керек. Балалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гимнастика - дене тәрбиесінің құралы
Дене жаттығуларының сипаттамасы
Дене жатығуларына сипаттама
Дене тәрбиесінің құралдары мен жаттығулары
Дене тәрбиесінің құралдары
Жылдамдық қабілеттерін дамыту негіздері
ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН СИПАТЫ
Қимыл-қозғалыс ойын түрлері арқылы балалардың ерік-жігері қасиеттерін тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне деген психологиялық дайындығының компоненттерін анықтау
Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі
Пәндер