Оқу процесіндегі мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастық іс-әрекеті



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Баяндама тақырыбы:
АКТ-ны химия сабақтарында тиімді пайдалану тәсілдері

Мақсаты:

АКТ-ларды химия сабақтарында тиімді пайдалану, күтілетін нәтижелері,
кабинеттерге келген лабораториялық құрал-жабдықтарды оқыту процесінде
пайдалану әдістерімен таныстыру, жұмыс жасау технологияларын көрсету,
демонстрациялау арқылы теориялық білім негіздерін практикамен ұштастыру.

Орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинский

Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,

оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады - деген.

Оқу процесіндегі мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастық іс-әрекеті

Атап көрсетілген соңғы педагогикалық технологиялар бойынша жұмыстануы үшін
ең алдымен оқытушылардың компьютерлік технология негізін қолдану мүмкіндігі
жөнінде хабардар болуы тиіс. Яғни, компьютерлік технологияны оқыту
процесінде пайдалану орны мен ролін білу, АКТ-ды жүзеге асыруда
қолданылатын құрал-жабдықтарды іске қосу, электронды оқулықтарды пайдалана
отырып сабақ талдамаларын жасау, интернетті қолдану және жұмыс жасау,
қажетті жаңа ақпараттарды тиімді пайдалану, Online режимінде өтілетін
сабақтарға қатысу, т.б.

Алайда, білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды
іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне
ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. ХХІ
ғасырдың ақпараттық білім беру ортасы педагогтардың кәсіби құзіреттілігінің
даму мүмкіндігі ретінде: тәжірибе, мәселелер, перспективалар тақырыбындағы
республикалық ғылыми-практикалық конференциясында атап көрсеткендей
Ақпараттық білім беру ортасы (АБО) ұйымдастырылуы қажет.

Күтілетін нәтиже:

➢ оқушының жаңаша ойлау қабілеті қалыптасады;

➢ өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап алады;

➢ оқушылардың өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіресе
құбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді;

➢ жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итермелейді;

➢ кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады;

➢ теориялық алған білімдерін практикада еркін қолданануға мүмкіндік
береді.

Лабораториялық құрал-жабдықтарды оқыту процесінде пайдалану әдістері, жұмыс
жасау технологиясы:

Көрнекі құрал-жабдықтар: қажетті программалармен жабдықталған компьютер,
интерактивті тақта, GLX құралы, рН - метр немесе рН – зонд, электрондық
лаборатория - ChemLab, лаборатория - L – микро, термометр, индикатор,
арнайы дайындалған ерітінділер.

1. GLX құралы арқылы:

1. Ерітінділердің рН көрсеткішін (ортасын) анықтап теория жүзінде
дәлелдейміз;

2. Бейтараптану реакциялары үшін қышқылдық-негіздік титрлеуде
титрант мөлшерін анықтап, титр қисығының графиктерін аламыз;

3. Термохимиялық теңдеулер үшін экзотермиялық және эндотермиялық
реакцияларды температуралық датчиктер арқылы анықтап, жүйенің энтрапиясы
мен энтальпиясын анықтап, есептеулер жүргіземіз;

4. Белгілі бір химиялық реакциялардың жылдамдығын, жылдамдыққа әсер
етуші факторларды қолдана отырып өзгерту, теория жүзінде дәлелдеу.

5. Тотығу-тотықсызданудың химиялық негіздері;

6. Кондуктометриялық титрлеу.

7. Идеал газ заңдары;

GLX құралымен жұмыс жасау технологиясы:

І. Белгілі концентрацияда ерітінділер дайындау:

А) HCl 0,1 н, 100 мл. (Өлшеуіш колбада дайындалады)

,

конц. тұз қышқылының ерітіндісін ареометрмен өлшейіміз (1,140
гсм3);

тығыздығына сәйкес кестеден қараймыз (28,18%);

,

,

бұдан

Ә) NaOH 0,1 н, 100 мл. (Өлшеуіш колбада дайындалады)

осыдан

Құрғақ заттың массасын электронды таразада өлшеп алып 100 мл өлшеуіш
колбаға саламыз, үстіне дистилденген суды 20-30 мл етіп құйып құрғақ зат
ерігенше араластырып үстінен белгіге дейін су құямыз. Ерітінді дайын.

ІІ. Концентрациясы белгілі ерітінділердің рН-н есептеу:

А) HCl 0,1 н

Шешуі:

мольл 0,1
0,1

Ә) NaOH 0,1 н

мольл 0,1
0,1

ІІІ. GLX құралы арқылы рН ортасын өлшеу.

Дайындалған ерітіндінің ортасын GLX құралы арқылы өлшеу. GLX құралына рН –
метр электродын қосып, GLX құралының ішінен келесі программаларды
орындаймыз: файлы → RAM → Flash → рН почвы лобараториясын таңдаймыз → Басты
мәзірге → График → Пуск кнопкасын басамыз → График алынады. Нәтижелерін
график арқылы немесе кесте түрінде алуға болады. Дайындалған
ерітінділердің рН есептегенде 1-2 мәнге ауытқушылық болады.

IV. Өлшеу нәтижелері:

1-сурет. қышқыл ерітіндісінің рН ортасы

Практика жүзінде тұз қышқылының 0,1 н ерітіндісінің рН мәні 1,0 тең
болды, теория жүзінде 1 тең болу керек, рН мәні сәйкес келіп тұр.

2-сурет. Сілті ерітіндісінің рН ортасы

Натрий гидроксидінің 0,1 н ерітіндісінің рН мәні 12,2 тең болды, теория
жүзінде 13,0 тең, яғни ерітіндідегі ауытушылық 0,8 тең екенін көруге
болады.

2. Бейтараптану реакциялары үшін қышқылдық-негіздік титрлеуде титрант
мөлшерін анықтап, титр қисығының графиктерін аламыз;

Қышқылдық – негіздік титрлеу әдісін бірнеше тәсілмен жүргізуге болады:

1. Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу

2. Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу

3. Әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу

4. Әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеу

5. Көп негізді қышқылды бір негізді сілтімен титрлеу

6. Қышқыл қоспасын титрлеу

7. Полиқышқылды негіздерді титрлеу

8. Әлсіз қышқылдың тұздарын титрлеу

Қышқылдық – негіздік титрлеу әдісі титрантқа байланысты алкалиметрия
(титрант - сілті) және ацидиметрия (титрант - қышқыл) болып екіге бөлінеді.
Төмендегі жұмыста қышқылдық – негіздік титрлеу әдісінің күшті негізбен
күшті қышқылды титрлеу тәсілінің нәтижелері беріліп отыр.

Қышқылдық-негіздік титрлеуді жүзеге асыру үшін 3-суретте
көрсетілгендей етіп құрал жинақтаймыз.

Қажетті құрал-жабдықтар:

1. бюретка

2. штатив

3. дайындалған ерітінділер

4. тамшы есептеу құралы

5. электрод

6. GLX құралы

7. Құйғы

Реагенттер:

1. НСІ, 0,1 н ерітіндісі

2. NaOH 0,1 н ерітіндісі

3. Фенолфталейн индикаторының 0,01% сулы ерітіндісі

Өлшеу нәтижелері:

4-сурет. Есептеліп алынған титр қисығы

4-суретте көрсетілген қышқыл ерітіндісін сілті ерітіндісімен титрлеу
арқылы бейтараптау нәтижесінде ортаның рН мәні 2,2-ден 11- ге өзгергенін
көруге болады. рН 7-ге тең болғанда эквиваленттік нүктені көрсетеді. Бұл
титрлеу әдісі – алкалиметриялық титрлеу деп аталады, себебі титрант сілті.

2. ChemLab - компьютер арқылы жүзеге асатын лицензиялық арнайы электронды
лаборатория. ChemLab лабораториясы ішінде берілген тақырыптар бойынша
тәжірибелер жасап, нәтижелерін алуға және теория жүзінде дәлелдеуге болады.
Лабораторияда төмендегі тақырыптар бойынша тәжірибелер берілген:

1. Ацетатты буферлі ерітінділер;

2. Мыс (ІІ) сульфатына волюметриялық анализ жасау;

3. Қышқылдық-негіздік титрлеу;

4. Молекулалық оптикалық прибордың лабораториясы;

5. Байланыс лаборатоиясы;

6. Фракциялық кристаллизациялау лабораториясы;

7. Заттардың жалында жану реакциясы;

8. Газтектес сутектің молярлық көлемі;

9. Тотығу-тотықсыздану арқылы темір (ІІ) титрлеу;

10. Судың электр өткізгіштігі;

11. Катион-анион бойынша реакция;

12. Нейтралдану жылуы;

13. Әмбебап лаборатория;

14. Электрохимиялық элемент.

ChemLab - электрондық лабораториясымен жұмыс жасау технологиясы:

Электрондық лаборатория программасы алдын-ала компьютерге орнатылады.
Программаны ашқан кезде лаборатория ішінде көрсетілген барлық тақырып
бойынша пайдалану реті көрсетілген. Бұл жұмыста сіздерге Гальваникалық
элементтерді құру, және есептеу технологиясы мен теориялық дәлелдемесін
беріп отырмын.

1-мысал.

А (-) Pb Pb(NO3)2 Cu(NO3)2 Cu K (+)

φ0 Pb2+ Pb0 = - 0,126 B Pb0 – 2e → Pb2+

тотықсыздандырғыш – тотығу процесі

φ0 Cu2+ Cu0 = +0,345 B ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс
Интерактивті режимдегі сабақты ұйымдастыру
Оқыту процесінде әдісті пайдалану
Оқыту психологиясының негіздері
Педагогикалық қарым - қатынас стилі
Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез - құлық моделдері туралы
Педагогикалық технологиялардың қызметтері
Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін оқу – тәрбие үдерісінде пайдалану
Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру
Оқыту функциялары және оларды жүзеге асыру жолдарының педагогикалық негізі
Пәндер