Ойын жайлы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Педагогика және
психология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ойын

Орындаған:

Жетекші:

Орал – 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Балаларды тәрбиелеу процесінде ойын
технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері
1.1. Ойын түсінігі және түрлері мен
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Бала тәрбиелеудегі ойынның атқаратын
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ тарау. Мектепке дейінгі балалардың өміріндегі ойынның рөлі
2.1. Балалар ойындарының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
2.2. Халық ойындарының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3. Кішкентайлар, орта, ересек топтарда ойындар
ұйымдастыру ... ... ... ... ...22
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..31
Ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...33
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп,
тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен
актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе,
қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану,
әдебиеттану, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын
арқылы балалар тәрбие алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын
қалыптастыруға болады.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, балалардың білікті
болуында ойынның алатын орны ерекше.
Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне
сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген болатын. Сондықтан
да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру
мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар
жүрері анық. Ойын баланың кез-келген пәнге қызығушылығын оятып, болжау
қабілетін дамытады. Баланы жас кезінен бастап жақсы мінез-құлыққа, әсіресе
мейірімділікке, инабаттылыққа, жасы үлкенді және бірін-бірі сыйлауға үйрету
ата-аналар, ұстаздар мен тәрбиешінің бірден-бір қасиетті міндеті.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп,
А.С.Макаренко былай деп жазады: Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста
да көп жағынан ұқсас болады, сондықтан келешек қайраткер азаматты
тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да
жоқ және болуы да мүмкін емес, - деп айтқан В.А.Сухомлинский.
Ойын – дүниеге қарай бағытталған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы
баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы
түсінік алады.
Ойын бала үшін – нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен
ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай
деп атап көрсетті: Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру –
оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның
өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала
мұндаа өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді.
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында ойынның күн режимінде
бекітілген уақыты көрсетілген. Сол уақыт қатаң сақталуға тиіс. Ойынды
балалармен жүргізілетін жұмыстың басқа да бір формасымен ауыстыруға
болмайды.
Таңертеңгі тамақ пен сабақ арасында (8-10минут) балалар әдетте
басталған ойынды жалғастырады немесе ойыншықтармен стол үстіндегі
ойындармен ойнайды.
Ересек балалар үшін бағдарламада оқу аралығындағы ойындар көзделген.
Олардың мақсаты – балалардың қысқа ғана (8-10минут) тынығуы, бірақ ол
ойында тым көп қимыл белсенділігін талап етпеуге, ақыл-ойға айтарлықтай
салмақ түсірмеуге тиіс.
Серуендеу кезінде ойынға ең ұзақ (1сағаттан 1 сағат 20 минутқа дейін)
уақыт беріледі. Оны дұрыс ұйымдастыру, қызықты ойындармен толтыру
балалардың ауада болуын пайдалы әрі сүйкімді етеді.
Күндіз ұйқыдан және түстіктен соң да ойын үшін уақыт көзделеді. Қыс
пен күзде әдетте топ бөлмесінде, ал көктем мен жазда ауада сюжетті-рольді
ойындар өрістейді немесе балалар ойыншықтармен, құрылыс материалдарымен
стол үстіндегі ойындармен ойнайды.
Ойын элементтерін қолдана отырып, тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетіне деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-
тәсілдерді қолданады..
Дидакткалық ойын оқу процесінде екі түрлі мақсатпен қолданылады: оқу
(танымдық) мақсатта, екіншісі ойын ойнау мақсатында. Тәрбиеші өзі де ойынға
қатысады, балаға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді.
Ойынның оңды әсерін пайдаланып, жарамсыз ойындардың тууына жол
бермеуүшін балаларды ненің жаман екенін ажырата білуге үйрету керек,
жақсыға құлшына ұмтылуға жаманнан жиренуге тәрбиелеу керек. Осы мақсатпен
тәрбиеші ойын арқылы және ойын үстінде балаларға қайсібір жағымды
фактілердің мағынасын ашып береді, ол фактілерге баға береді, балалардың
соларға еліктеуге ұмтылған ықыласын туғызады, сол арқылы олардың ойында
бейнеленген нәрсеге көзқарасын қалыптастырады.
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып,
алдымен солардың мүддесін бағыттап және дамыта отыру, балалар ұжымын
топтастыруға кұш салу керек.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар қызметінің негізгі түрі, оған
хороводтар, сюжеттік-рөлдік әндер, қимыл ойындары енеді.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
Зерттеу мәселесі: мектепке дейінгі балаларға ойындар үйретудің
тәрбиелік маңызын және ойынның бала өміріндегі рөлін ашып көрсету.
Зерттеу болжамы: Қазақ халқында Баланы ойын өсіреді деген даналық
сөз бар. Ойын балалар өмірінің нәрі. Сондықтан оқу, тәрбие ісінде ойындарды
қолданса, баланың дүниетанымы қалыптасып, қиялы шыңдалып, зейіні қалыптаса
отырып, ойлау қабілетінің дамуы жақсарады деген болжам бар.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі мекемеде ойындар үйретудің балалар
өміріндегі рөлі.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі кішкентай, орта, ересек балалары
Зерттеу мақсаты: Ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің
даму барысын зерттеу.
Зерттеу міндеті:
➢ Мектепке дейінгі мекемелерде ойындарды үйрету арқылы өз Отанын,
елін, жерін сүйетін, жан-жақты қалыптасқан парасатты азамат
тәрбиелеу;
➢ Мектепке дейінгі мекемеде балаларға ойындар үйретудің әдістері
мен тәсілдерін меңгерту;
➢ Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолдана білудің маңызы туралы
түсінік беру.
➢ Балаларды тәрбиелеуде қолданылатын ойынның түрлері мен маңызын
зерттеу.
Зерттеу көздері: мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар және отбасы
тәрбиесі.
Зерттеу әдістері: ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау; ата–аналар және тәрбиешілермен әңгіме,
сұхбат жасау.
Зерттеу кезеңдері: мектепке дейінгі балалар (кішкентай, орта және
ересек топтағы балалар).
Ғылыми жаңалық:
1. Балалар өміріндегі ойынның маңызы мен түрлеріне теориялық
тұрғыда сипаттама беру;
2. Ойындардың түрлерімен таныстырылды және отбасы тәрбиесінде
ата–ана қарым–қатынасының ықпалын арттырудың тетіктері анықталып
зерделенді,
3. Бала мен ата–ана және балабақшада қарым–қатынасының тәрбиелік
ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді.
4. Балалар ойындарының тәрбиелік мәні теориялық және практикалық
тұрғыдан зерттелінді.
Тәжірибе маңызы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, тәрбиешілердің ата–аналармен
жұмысында, іс – шараларында қолдануға болады. Балалардың ойлау, есте сақтау
қабілетін нығайтуда үйретілген ойындарды пайдалануға болады.
І тарау. Балаларды тәрбиелеу процесінде ойын
технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері
1.1. Ойын түсінігі және түрлері мен мақсаты

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту
ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық
ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып,
толық тәрбиеленуге көмектеседі.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі
түсінікті болады. Ойын сабақтары балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау
қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып,
бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа,
қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін
сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін
ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ұлттық ойындар халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп,
жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы
дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге,
шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет,
шапшан ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Н.К.Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор
екенін көрсеткен.
Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа,
еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана
көрінетін дәлелдер.
Психолог А.С.Выготский: бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне
қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты
көрінеді - дейді.
Я.А.Каменский ойынды рухани және дененің даму қозғалысы - деді.
Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс
дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар
ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең
қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген
құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін
арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға
қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен
ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға
қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды
жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін
тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін
ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық
сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту
болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың
өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра
түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие
жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген
ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
- ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың
әсер ету сипаты;
- жеке оқыту маңызының артуы;
- оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық
ізденіске ұмтылуы, т.б.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі
күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен
мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі
қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш
ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз,
ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен
атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта
аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ,
ел іргесі сөгілмек емес.
Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша
жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда
жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту
барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы
оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп,
олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.
1.2. Бала тәрбиелеудегі ойынның атқаратын қызметі
Ойын ұғымына түсінік берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі
басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын
әрекеті мыныдай қызметтерді атқарады:
-ойын-сауық;
-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:
-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
-коррекциялық (өзін-өзі түзету);
-әлеуметтендіру
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне
байланысты функциялары анықталуда.
Ойын-адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар
өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті
түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой
қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр
ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету
болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген
сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік
ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз
атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,
қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі
бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын,
байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де
дамытады.
Мектепке дейінгі балалардың негізгі әрекеті-оқу, қарым-қатынас, ойын
және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы
дамытады. Оқу-білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-бұл
балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын
арттырады. Ал ойын-баланың дамуын арттырады.
Ойынның нақты мақсаттарына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай
компоненттері қарастырылады: ойын мазмұны, ойынды ұйымдастыру формалары,
ойын түрлері, ойындық құралдар, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы
барлық өзара байланыстар.
Ойынның қолданбалы жағын зерттеген әдіскерлердің дидактикалық
ойындарға деген қызығушылық барынша өсе түсуде. Г.А.Кулагина зерттеу
үдерісінде ойындағы таным дәстүрлі оқытуға ұқсамайтын айрықша түрдегі
өзіндік формаға ие болатындығын анықтады: бұл жерде қиялдау мен жауапты өз
бетінше іздестіру, бұрыннан белгілі дәйектер мен құбылыстарға жаңаша
көзқараспен қарау, білімді толықтыру мен кеңейту, байланыстарды орнату,
жекелеген құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу
сияқтылардың барлығын кездестіретін болады. Ойын қарқыны мектеп оқушыларын
жылдам және шапшаң түрде ойлана білуге үйретеді. Олардың тілдік жадыларының
даярлықтарын жаттықтырады, сөйлеу қарқынын дамытуға мүмкіндік береді.
Сабақта ойнай отырып оқушылар өздерінің ойларын жеткізуге машықтанады,
осының арқасында олардың сөйлеу тілдері бірте-бірте автоматтандырылады.
(К.А.Родкин). Демек, ойын сөйлеу шеберліктерін дамытудың нәтижелі
құралдарының бірі болып табылады. Осылайша дидактикалық ойындар мен оны оқу
үдерісінде пайдалануға қатысты соңғы зерттеулердің барлығын талдап,
қорытындылай отырып төмендегілерді айтуға болады:
а) Дидактикалық ойындар ойлау, ерік, жады, назар, сөйлеу, моторика
сияқты психикалық үрдістерді жандандырады. (Г.А.Ляпина, М.В.Стронин және
т.б.);
б) Сабақтағы ойын жағдайларында мектеп оқушысы іс-әрекеттің үрдістік
жағынан терең қанағаттану сезімінде болады және бұл оқудың тұлғалық мәнінің
ұлғаюына мүмкіндік береді. (Е.Енгабаева, А.А.Баранов, Г.А.Ляпина);
в) Дидактикалық ойындардың жемісті сәтілігі мектеп оқушыларының ойын
үдерісіне қызығушылығымен, ойынға қатысушылардың өз білімдерін шығармашылық
пен пайдалануға ұмтылысымен байланысты. (Ю.П.Азаров, О.С.Кель,
В.Н.Терский);
г) Дидактикалық ойындар таным іс-әрекетін жандандыру құралы ғана болып
табылмайды, ол эстетикалық және мінез-құлықтықты тәрбиелеуге мүмкіндік
береді. (А.А.Баранов, В.И.Иванова).
Әдебиеттерді шолу мен тәжірибелік сараптамалық жұмыстар дидактикалық
ойындардың барынша әралуандығын айқындады.
Жекелеген дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшелігі оқу
тапсырмаларына барынша назар аудару, және мектеп оқушыларын зерттеу
элементтеріне ие іс-әрекетке тарту болып табылады. Мұндай тапсырмаларды
орындау үрдісінде оқушылар бірқатар логикалық операцияларды жүргізеді,
танымдық іс-әрекеттің аралық кезеңдерін шешу жүйелілігін белгілейді. Мұндай
дидактикалық ойындар ізденгіштік деп аталады.
Жекелеген дидактикалық ойындар мектеп оқушысын дербестікке баули
отырып оны шығармашылық жұмысқа итермелейді. Себеп-салдарлық байланыстар
мен тәуелділіктерді айқындау кезінде мектеп оқушысы өзінің танымдық іс-
әрекетінің мазмұнына тереңдей отырып, зерттелуші құбылыстың бірқатар
қырларын дербес ашу мүмкіндігіне ие болады. Мұндай дидактикалық ойындарды
біз шығармашылық ойындар деп атадық. Бірқатар шығармашылық-дидактикалық
ойындар мектеп оқушысының суырып салмалылығын іске қосады. Мұндай ойындарды
біз рольдік элементтері бар шығармашылық ойындар деп атадық. Тәжірибе
нәтижелері шығармашылық ойындарды сабақ-мерекелерде сабақ-жарыс, сабақ-
суырып салушылық, сабақ-саяхат тәрізді белгілі пәннің оқу материалдарынан
тұратын үш түрінде пайдаланудың барынша мақсатқа сәйкес екендігін
көрсетеді. Түрткі ретіндегі қызметті дидактикалық ойындар орындайды. Ойын
ситуацияларының эмоциональдылығы барлық мектеп оқушыларының белсенді
қатысуына түрткі болады.
ІІ тарау. Мектепке дейінгі балалардың өміріндегі ойынның рөлі
2.1. Балалар ойындарының түрлері
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру
ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың
маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа
деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті
болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана
білу керек. Мысылы Сауат ашу оқулығында тақырып соңында тапсырмалар
берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойын арқылы өткізуг еболады.
Ұйқасын тап, Сиқырлы қоржын, Өлең жолын құрастыр т.б. ойындар.
Тіл дамыту, сауат ашу ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде де ролдік
,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі
балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу
мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып
табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету
болып табылады. Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып
алушы әрекеттеріне еліктейді., ал Мектеп болып ойнағанда мұғаліммен
оқытушының әрекетіне еліктейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді
бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне
пайдалануға болады.
Ұлттық қазақ ойындары: Қыз қуу, Орамал тастау, Асықтар,
Бәйге ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр
топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп
қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Баланың
тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа
сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын
түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады.
Мысалы : Қуыршаққа қонаққа бару, Мен кіммін, Қуыршақты киіндіреміз,
Шарбақты құрастыру, Көлемі бойынша қой деген секілді ойын түрлерін
қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай
таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеттерінде пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Оқу
іс-әрекеттерін бекіту баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту
үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы:
Телефон ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе
жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі
болуға үйрету болып табылады.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады.
Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу
құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар
көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы Дүкен ойынын
ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.
Шаштараз, Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға,
күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға
төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға
тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді
ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың,
ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға
ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар
ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.
Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны
қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-
әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді
ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір
жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға меилінше тән оқыту формасы
болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде
көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы:
Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші
балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін
дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін
білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында
жиі қолданады.
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс,
оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-
тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала
тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны
сөзсіз
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда
негізгі жұмыс түрі - ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы
үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір
құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де
көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: Ойында
бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады.
Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге
асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір
сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен
қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты
тілді біртіндеп меңгереді.
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де,
ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра
алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын
барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты – балалрға білім-білік,
іскерлік, әдет-дағдыларды игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерін
дамуға ықпал ету.Дидактикалық ойындардағы негізгі міндет – балалардың ақыл-
ойын дамыту, білімін байыту. Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта
туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін
қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет
етеді. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне
тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және
сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор.
Жапсыруға бейімдеу дағдыларын қалыптастыру үшін әр түрлі ойындар
ұйымдастыруға болады.
Тақырыбы: Мысықтың баласы доппен ойнайды, сәбилер тобы.
Мақсаты: Дөңгелек формаларды фланелеграфта орналастыра білу
дағдыларын қалыптастыру. Кеңістікті бағдарлауға бейімдеу. Берілген
тапсырмалар бойынша қимыл – қозғалысын жетілдіру.
Тәрбиеші балаларды дербес көркемөнер бұрышына шақырып, балалардың
назарын фланелеграфтағы мысықтың баласына аударады. Мысықтың баласының түр-
түсі, дене мүшелерін сұрайды. әрі-бері қозғалтып жүргізудегі қандай дыбыс
шығаратынын балалар айтады. Мысықтың баласының сүт ішкісі келіп тұр екен.
Міне, мына ыдыстағы сүтті алдына кояйық деп мысықтың баласына сүт беретін
ыдысты фланелографқа орналастырады. Мысық, жан-жағына қарап ыдыс-тағы сүтті
енді көрді. Ол сүт ішкісі келіп тұр.
Мысықтың баласы сүтті қайтіп ішеді, көргендерің барма?
Тәрбиеші: - Мысық қалай ішеді?
Көзін жұмып көлгірсіп,
Жалап-жалап ішеді.
Бәрін өзі білгірсіп
Санап-санап ішеді.
Себебі не сондағы?
Сонша сараң болғаны – деп айтып тұрып сүт ішкізгендей болады. Енді,
әбден тойып болған соң ойнағысы келді. Мысықтың баласы немен ойнайды.
Балалар шумақ жіппен, доппен, т.б. айтуы мүмкін. Доппен қалай ойнайды екен
қане, бәріміз қазір көрейік. Балалар айнала қоршап тұрған үстел үстінде
допты кезек-кезек қолдарымен әрі-бері қозғалтып көреді. Ал, мысықтың баласы
допты қозғалтады, тәрбиеші дөңгелекті фланелографқа қойып мысықтың
баласының аяғын тигізеді де, дөңгелекті оңға қарай жылжытып қояды. Доп бір
орнында тұрмайды, оны соқса жоғары көтеріледі, кім көрсетеді, доп жоғары
қарай қалай ұшады.балалардың біреуі дөңгелекті жоғарыға орналастырады.
Бірнеше дөңгелектерді қойып мысық аяғын тигізеді, балаларға доп жоғары
ұшты, оң жаққа, сол жаққа, төменге түсті деп нұсқау береді, балалар
орналастырады, өзі мысықтың баласын доптарды қозғалтқанын көрсетіп,
балалардың өздеріне ойын процесін жалғастыруды ұсынады да, басшылық етеді.
Доптардың түстерін сұрап, қызыл доп жоғары ұшты, көк доп оңға қарай
домалады, т.б. балалар қимыл-әрекетті айта тұрып, тапсырмаларды орындауын
қадағалайды. Балалар кеңістікте доптарды әрі-бері қозғалта орналастыруды
меңгергеннен кейін, мысықтың баласы доппен ойнап шаршап қалды, енді сендер
доппен қайтіп ойнайсыңдар екен соны көргісі келеді дейді.
Менің көңілді добым ойыны ойналады.
Добым менің, добым менің,
Өзің неткен көңілді едің,
Зымырайсың қутыңдайсың
Бірақ менен құтылмайсың –
Деп, допты жерге соғып, балалар доппен бірге секіреді. Ойын соңынан
мысықтың баласы балалардың іс-әрекетін мадақтап, қорытынды жасалады.
Тақырыбы. Самолеттер ұшып жүр ойыны, ортаңғы топ.
Мақсаты: фланелографта жоғары жағын, төменгі бөлігін ажырата
самолеттерді бірінен соң бірін тізбектей ұшыру. Жерге қонғанын бейнелеу.
Желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
Барысы. Тәрбиеші балаларға қағаздан жасалған самолеттерді ұшырып
ойнатады. Бұдан кейін дербес көркемөнер бұрышына жинап фланелографқа назар
аударып оның алдында столда көп самолеттер ұшуға дайындалып тұр. Қане,
сендер барлықтарың ұшқыш боласыңдар. Мына самолеттерді ұшырамыз. Самолет
аспанға көтерілді. өзі көрсетеді. Қалған самолеттерді балалар бір-бірлеп
алып аспанда тізбектеле ұшқанын бейнелеп жапсырыпорналастырады. Тәрбиеші
самолет ұшты, қонды деген тапсырмасы бойынша балалар іс-әрекетті
орындайды. Фланелограф бетінде дұрыс орналастыра білулеріне, бір-біріне
кедергі жасамай тапсырманы орындауын қадағалайды. Балалар жұмыстарын
талдап, бекітіп, қорытынды жасайды.
Тақырыбы: Мерекелік жалаушалар ойыны, ересектер тобыү
Мақсаты: жалаушаларды түр-түсіне қарай араластыра тізбектеуге үйрету.
Көргендерін есте сақтай қиылған жалаушаларды дұрыс орналастыру, кеңістікті
бағдарлай білуге және желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
Барысы. Тәрбиеші балаларға жалаушаны көрсетіп қайдан көргендері,
түсі, неден жасалғандығын сұрайды. Мереке кезінде қала көшелерінің
безендірілетінін, өздері топ бөлмесін безендінргенін еске түсіреді. Енді,
мына фланелографта тұрған үйді қараңдар. Осы екі үйдің ортасы жіппен
жалғасқан. Жіпке біз жалаушаларды ілеміз. Тәрбиеші біреуін орналастырып
көрсетеді. Балалар стол үстінде жатқан жалаушаларды кезекпен-кезек қояды.
Жалаушаны алған баладан түсін сұрайды. Қандай жалаушаның қасына
орналастырдың деп сұрайды. Оң жағыңда қандай, сол жағыңда, ортасында қандай
жалаушалар бар екенін әңгімелетеді. Екі-үш қатарға тізбектеп болған, әдемі
безендірілген жалаушаларды тамашалайды, жалауша жайында қандай өлең-
тақпақтар білетінін сұрайды. Тәрбиеші тақпақ оқиды.
Сонымен, ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай
сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды
ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы
да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе
сияқты, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін
қоршаған орта мен дүние туралы түсінік алады.
Ойынның негізгі ерекшелігі: Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала
жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-
қатынасы үлкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологтың балалармен жұмысы
Ертегі мазмұны бойынша балаларды сурет салуға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың әдістері
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Мектепалды даярлық тобында балалардың сөздік қорын дамыту
Қазақтың ұлттық аспаптарын музыкалық-дидактикалық ойын барысында қолдану тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі балаларға өзін өзі бағалауына арналған тренингтер
Үйлесімді шешімдер теориясының бір мәселесі - шешімді белгісіз шарттарда қабылдау
Мектеп жасына дейінгі балалардың өзін - өзі бағалау, тану ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқау. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 4-сынып мұғалімдеріне арналған
Пәндер