Ойын – психологияны кәсіби тұрғыда оқыту құралы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универсиеті
Педагогика және психология
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ойын – психологияны кәсіби тұрғыда оқыту құралы
Орындаған: 06303 топ студенті
Тілеген С.М.
Тексерген: Исмагулова Ж.
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Дидактика принциптерінің жалпы сипаттамасы мен олардың психологияны оқыту
әдістеріндегі жүзеге асырылуы
1.1 Психологияны оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 5
1.2 Психологияны оқытудың үрдісі: формалары, құралдары,
әдістері ... ... ... ..7
2. Ойын – психологияны кәсіби тұрғыда оқыту құралы
2.1 Психология бойынша сабақ және оның
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .10
2.2 Ойын - оқыту мен тәрбиелеудің құралы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Психологиядан сабақ жоспары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..25
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында
Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу делінген. Бұл
міндеттерді шешу үшін әр педагогтың күнделікті ізденісі арқылы барлық
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге,
жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, әр педагог өз
әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі
мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі
керек.
Қазіргі заманғы психологиялық білім мен оның тәжірибесіне деген
қызығушылықтың өсуі жоғары мектептегі психологияны оқытудың әдістемесіне
жаңа, әрі тиімді әдістерді енгізуді қажет етіп отыр. Психологияны оқытудың
тиімділігі негізінен педагогтың оқу процесін психология ғылымының теориясы
мен тәжірибесінің мазмұнына сай ұйымдастыру іскерлігіне байланысты болады.
Осыған байланысты психология пәнінің оқытушысы психологияның теориялық
сұрақтарымен бірге, студенттерде жоғары мектепте оқу барысында пайда
болатын психологиялық мәселелерге қатысты сұрақтарына да жауап бере білуі
керек болатыны түсінікті. Себебі, психологияны оқыту әдістемесі
студенттердің ерекшеліктерін ескеруі міндетті.
Оқыту процесі студенттердің өздері қабылдап алған барлық білім,
түсініктердің сана-сезімдеріне қандай әсер ететіндігін түсінуіне
негізделген кезде ғана тиімді болады. Оқытушы шеберлігінің бірден бір
көрінісі - өз пәнінің мақсаттарын адамның қоршаған ортамен және басқа
адамдармен қатынастары тұрғысынан қарастыру, ғылыми пәнді социумның,
өнердің, мәдениет пен тұрмыстың мазмұнына үйлестіре алу және студенттердің
құндылық бағдарларын нақты оқу мақсаттарына айналдыра алуында екені анық.
Психологияны оқытудың мақсаты дәл осы мазмұнды қамтиды: өмірдің әр
түрлі жағдайларында адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасын орнатудың
теориясын және тәжірибелік білімдері мен әдістерін студенттерге меңгертуді
көздейді. Психологияны оқыту басқа адамдардың ойлау бейнелері мен әрекет
бейнелерін анықтайтын жағдайларды өзгерту мен түсіну тәсілдерін меңгертуге
ғана емес, сонымен бірге, адамның өз тіршілік әрекеті мен санасын да
өзгертуге бағытталған.
Студенттердің тұлғалық сапаларын қалыптастырудағы оқытушы мен студент
арасындағы бірлескен іс-әрекеттің алатын орны мен оған психологиялық жағдай
туғызуға қажетті шарттар жайлы С.М.Жақыпов, Е.И.Исаев, С.Д.Смирнов,
В.И.Слободчиков өз еңбектерінде баян етеді.
Қазіргі уақытта оқытудың тиімділігі мәселесі мемлекеттік деңгейдегі
аса өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі
-студенттердің теориялық білімді практикада еркін қолдана алатындай
деңгейде қабылдауына мән беру. Психология ғылымының жетістіктерін өмірдің
барлық салаларында пайдаланып жатқанда, білім беру міндеттерін шешуге
қолданудың қажеттілігі анық.
Зертеу мақсаты: Психологияны оқытудың формаларымен танысып, оны
оқытуда ойын элементтерінің маңызын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- психологияны оқытудың әдістемесіне жаңа, әрі тиімді әдістерін
анықтау;
- Психологияны оқытудың тиімділігі негізінен педагогтың оқу процесін
психология ғылымының теориясы мен тәжірибесінің мазмұнына сай
ұйымдастыру;
- Оқыту процесінде ойынның маңызын анықтау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Психологияны оқыту әдістемесі
Дидактика принциптерінің мәні мен ролін түсіну үшін келесі
түсініктерді логикалық қатарға тұрғызу маңызды: заңдылықтар - оқыту
теориясы - проблема - форма - әдіс - тәсіл - құрал. Бұл
түсініктердің логикасы: еориядан тәірибеге дейін екені енді ұғынықты.
Дидактикадағы заңдылықтар: меңгеру әрдайым белсенді ақыл-ой қызметінде
жүреді. Бұл заңдылықтар негізінде оқытудағы белсенділік және өзбеттілік
процестері жүзеге асырылады. Дидактикада оқыту екіжақты процесс ретінде
анықталады, бұл процесс ұстаз (оқытушы) бен оқушы (студент) арасындағы
өзара әрекет ретінде жүзеге асырылады. Бұл үрдісте оқушылар танымдық
әрекеттікң білім, ептілік, дағды және тәсілдерін меңгереді. Дидактикалық
принциптердің мазмұнын ашсақ, оқыту теориялары педагогтарды оқу сбақтарын
қалайша өткізу керек екендігіне, оқушылардың белсенділігіне ұалай күш беру
керек екендігіне т.б. бағдарлайды. Оқыту теориясының алгоритмдері дидактика
принциптерінің арқасында құрылып келді. Егер де формалар оқытуды
ұйымдастырдуың тәсілдері болса, онда әдістер – оқушылармен өзара әрекет
етудің тәсілдері болады екен. Әдістің өзіне тәсілдердің белгілі бірізділігі
кіреді. Басқаша айтқанда, тәсіл дегеніміз – бұл әдістің органикалық бөлігі
болып табылады. Осылайша, теориялар, әдістер мен тәсілдер дидактиканың
заңдылықтары мен принциптерін жүзеге асырады. Қала берсе оқытудың құралдары
– визуалды, дыбыстық-техникалық, кинематикалық және т.б. – дидактиканың
өзіндік бір тілі болып табылады.
Педагогикалық ғылымдағы дидактиканың принциптері бірнеше ғасырлар бойы
ойластырылып жасалынып жатыр. Олардың негізін салушысы болып ұлы славяндық
педагог Ян Амос Коменский (1592-1670) саналады. Одан кейін оқытудың
принциптерін батыс еуропалық және отандық педагогиканың классиктері
жалғастырды. Сонымен қатар, дидактика принциптерінің жалғасы әлі де жүзеге
асырылып жатыр. Олар екіге бөлінеді: классикалық және қазіргі күндегі
пинциптер. Оларға қысқаша сипаттама беріп кетсек.
Бірізділік принципі ең басты оқу материалан зерттеудің тәртібі мен
логикасын көрсетеді. Преемственность принципі конструктивті жоққа шығару
идеясын көрсетеді. Оқытудағы саналылық пен белсенділік принципі оқушының
материалды саналы, белсенді оқуын ұйғарады. Меңгерудің беріктігі принципі –
жай сөзбен айтқанда – қайталау және жаттау.
Жоғарыда аталғандар – дидактиканың классикалық принциптері болып
табылады. Дамыта оқыту принципі біз тек фактологиялық қана емес, сонымен
қатар теориялық деңгейде ойлауға үйрету болып табылады.
Оқыту үшін оптимальды жағдайларды құру принципі – педагог пен оқушы
арасындағы жағымды моральдық-психологиялық қатынастың құрылуы мен стихиялы
стрестік конфликтілі жағдайлардың профилактикасы т.б.
Оқушылардың оқыту процесіне саналы түрде қатысуы принципі. Алға ұстар
оқыту принципі оқу материалының меңгерілуі мен оқытылуының белгілі бір
ритмін қамтамасыз етуге арналған.
Тірек принципі – білім беру үрдісіне тірек болатын конспектілерді
енгізуді алғышарттайды, оларды дидактикалық сызбалар дейді. Дидактикалық
сызба дегеніміз - өте қысқа, жүйелі түрде жасалынған, эмоционалды формада
көрсетілген оқу материалы.
Қиыншылықтардың жоғары деңгейінде оқыту принципі оқушылардың ақыл-ой
мүмкіндіктерінің белгілі бір шегінде жұмыс істеген кезінде қолданылады.
К.Д.Ушинскийдің өзі-ақ ақыл-ой дамуын адам денелік дамуымен салыстырып
көрсеткен болатын.
Оқытудың әрбір принципі өзіне тән дидактикалық қызметке ие болады.
Оқыту принциптері жүйелі жиынтық ретінде пәндік әдістемелердің
теориялық тәректерінің бірі болып келеді. Жай сөөбен айтқанда, дидактика –
жалғыз болса, қанша пән болса, соншама пәндік әдістемел түрлері болады
екен.
Дидактикалық принциптердің пәндік әдестемелерінде жүзеге асырылуы –
теория мен тәжірибенің байланысының жеке жағдайы болып табылады.
Пәнді оқытудың мақсатына – оқушылардың жалпы білім беруі жатады. Оқыту
принциптері мұғалімді оқу пәнінің ерекшеліктеріне байланысты оларды қандай
формада көрсетуі байғдарлайды. Мұғалім дидактикалық пинциптердің мәнін
ұғынған кезде, оның ойлауы ғылыми ойлаумен беттеседі екен.
Дидактикалық принциптердің пәндік әдістемелермен байланысы біржақты
болып келмейді. Бұнда теория мен тәжірибе байланысының ортақ диалектикасын
ұйғару керек.
1.2 Психологияны оқытудың үрдісі: формалары,
құралдары, әдістері
Психология курсы бойынша лекция сабақтарын даярлау және өткізу.
Өмір бойы жоғары мектептегі оқытудың бастапқы ұйымдастырылған формасы
мен әдістемесі лекция болып болып табылатын.
ЖОО лекция – оқытудың дидактикалық циклінің негізгі звеносы. Лекция
сөзі латыннан lection - оқу дегенді білдіреді.
Лекция ежелгі Грецияда пайда болды. Ресейде оқытудың лекциялық
формасын дамытқан М.В. Ломоносов болып табылады.
Оқытудың лекциялық формасы басқа ешбір сабақ түрімен ауыстырыла
алмайтын кездер болады:
- жаңа курстар бойынша оқулықтардың жоқ болуы кезінде лекция –
ақпараттың негізгі қайнар көзі болып табылады;
- нақты тақырып бойынша жаңа оқу материалының оқулықтарда әлі
басылып шықпаған кезінде;
- оқулықтың белгілі бір тақырыбы өзбетті оқу үшін тым күрделі
болған кезе;
- курстың негізгі мәселелері бойынша қарама-қарсы
концепциялардың болуы кезінде.
Лекцияның артықшылықтары:
- лектордың аудиторимен көркемөнерлік қарым-қатынасы,
эмоционалды әсер етуі;
- лекция – білімдердің негізін жалпы түрде алудың өте үнемді
тәсілі;
- лекция жақсы тыңдалып түсіндірілген кезде ойлау қызметін
белсендендіреді.
Алайда оқыту процесі лекциядан басталып тәжірибелік сабақтарда
жалғасып, өзбетті жұмыста тереңдетіледі.
Лекцияға қойылатын талаптар:
- лекцияның әдепті жағы
- ғылымилық пен ақпараттанғандық
- дәлелденгендік
- ашық, сенімді мысалдардың болуы
- оқытудың эмоционалды формасы
- тыңдаушының ойлауын белсендендіру
- ойлауға арналған сұрақтарды қою
- бірізді қойып сұрақтардың нақты құрылымы мен ашылу логикасы
лекция түрі мен құрылымы.
Құрылымы бойынша лекциялар бір-бірінен айырылады.
Тақырыпты ашу кезінде индуктивті әдісті қолдануға болады:ғылыми
қорытындыларға әкелетін мысалдар мен фактілер, сонымен қатар индуктивті
әдістерін де қолдануға болады:жалпы жағдайларды түсіндіріп, ары қарай нақты
мысалдарда ашып көрсету.
ЖОО дәстүрлі лекция әдетте ақпараттанған болып табылады да, оның
бәрнеше түрлері болады:
Кіріспе лекция – курстың мақсаты, пән жүйесіндегі рөлі мен орнымен
таныстырылады. Бұнда ғылыми проблемалар қойылып, гипотезалар алға
шығарылады.
Шолу лекциясы. Бұл қысқаша конспек емес, - білімбердің неғұрлым жоғары
деңгейңнде жүйелендірілуі.
Лектордың мұндағы міндеті – студенттерге конспектілеуге мүмкіндік
беру;яғни тыңдауға, ойластыруға, қайта ойластыруға, қысқаша жазуға.
Проблемалық лекция. Бұндағы оқытушының міндеті – проблемалық жағдай
құрып, туденттерді проблеманы шешу жолдарын табуға көмектесу. Бұл үшін жаңа
теориялық материалдарды проблемалық тапсырмалар формасында көрсетеді.
Проблемалық лекцияның арқасында теориялық ойлаудың дамуы, пән мазмұнына
танымдық қызығу, кәсіби мотивация, корпоративтілік қамтамасыз етіледі.
Лекция-визуализация. Лекция-визуализация көрнекілік принципінің жүзеге
асыру жаңа мүмкіндіктерінің іздеуінің нәтижесі ретінде пайда
болады.Көрнекіленген лекция дегеніміз – визуалды формаға түрленген ауызша
ақпарат болып табылады.алдын ала даярланған көрнекі материалдар келесідей
талаптарға сай болуы қажет:
- алынған білімнің жүйелілігін қамтамасыз етуі керек;
- жаңа ақпаратты меңгеру;
- проблемалық жағдайларды құру мен шешу;
- визуализацияның түрлі тәсілдерін демонстрациялау.
Көрнекіленген лекциядағы маңызды нәрселер: белгілі бір визуалды
бірізділік пен материалды таныстырудың белгілі бір ритмі, оның
мөлшерленгендігі, оқытушының аудиториямен қарым-қатынасының шеберлігі мен
стилі.
Бұндай лекцияға даярланудың негізгі қиыншылықтары – визуалды
құралдарды жасап шығару мен лекцияны оқу үрдісінің режиссурасында.
Есепке алуға қажетті жағдайлар:
- аудиториядағы даярлық мен білімділіктің деңгейі;
- кәсіби бағыттылық;
- нақты тақырыптың ерекшеліктері.
Екі адам қатысатын лекция. Лекцияның бұл түрі екі оқытушының
диалогындағы материалда проблемалық оқытудың дамуы болып табылады. Бұнда
екі маман теориялық және практикалық сұрақтарды шешудің шынайы жағдайларын
модельдейді.
Бұндай лекцияның артықшылықтары:
- студенттер ие білімдерді өзектеу;
- проблемалық жағдай туындайды;
- екі бастаудың арқасында студент таңдау жасай алады, педагогтың
кәсіби біліктілігі алға шығады.
Алдын ала жоспарланған қателері бар лекция. Бұл лекцияның қызметі:
- студентердің зейінін белсендендіру;
- олардың ойлау әрекеттерін дамыту;
- эксперт рөлінде шығуды қалыптастыру.
Лекцияға мазмұндық, әдістемелік, әрекет-қылықтық сипаттағы белгілі бір
көлемдегі қателіктер енгізіледі.
Студенттердің бұндағы міндеті лекция бойында қателіктерді тауып,
бекітіп лекция аяғында жауап беру. Қателіктерді талдауға 10-15 минут
беріледі.
Пресс-конференция лекциясы. Оқытушы студенттерді берілген тақырып
бойынша жазбаша сұрақтар қоюды өтінеді.
2-3 минут ішінде студенттер қажетті сұрақтарды формулировкалап
оқытушыға өткізеді, ол 3-5 минут ішінде бұл сұрақьтарды топтастырып,
лекцияны бастайды.
Психология курсында семинарларды ұйымдастыру.
Семинар сөзі латынның seminarium - екпе жер дегенді білдіредң.
Қазіргі күндегі ЖОО-нда семинар тәжірибелік сабақтардың негізгі
түрінің бірі болып, студенттердің ғылыми ойлау міндетін дамытушы құрал
ретінде саналады. Семинарларда келесі педагогикалық міндеттер шешіледі
(А.М. Матюшкин бойынша):
- кәсіби ойлаудың дамуы;
- танымдық мотивация;
- оқу жағдайындағы білімдерді кәсіби пайдалану;
- білімдерді қайталау мен бекіту;педагогикалық қарым-қатынас.
Семинар – бұл студенттермен тікелей байланыс, сенімді қарым-
қатынастардың орнауы мен өнімді педагогикалық қарым-қатынас.
Студенттерді бағалай сипатындағы жауаптарға, рефераттарды тыңдауға,
дискуссияларға бағдарлау керек.
Семинар сабақтарын ұйымдастыруда біріккен әрекет принципі жүзеге
асады. Білімдерді меңгерудің принципі тапсырманың шешуі индивидуалды түрде
емес, ұжымдық формада жүзеге асқанда неғұрлым нәтижелі болады.
Семинарға дайындық келесідей жоспарланады:
1. тақырыпты таңдау, міндеттерді анықтау;
2. қосымша әрекеттерді іздестіру;
3. талқылауға арналған сұрақтарды даярлау;
4. жауап беруге арналған тапсырмалар мен тақырыптарды бөліп беру;
5. алдын ала жұмыстар мен кеңес берудің ұйымдастырылуы;
6. жауапты бағалау критерийлерін анықтау;
7. өткізудің әдіс-тәсілдерін таңдау;
8. көрнекілік құралдарын таңдау;
9. семинарды өткізу жоспарын құрастыру.
Семинар сабақтарының құрылымы түрлі болуы мүмкін, ол талқылайтын
сұрақтардың дидактикалық тапсырмалардың, студенттердің өзбетті жұмысқа
даярлану деңгейіне тәуелді болады:
1. оқытушының кіріспе сөзөі: міндеттерді алға қою, проблеманы
алға қою, семинарды өткізу жоспарымен таныстыру;
2. студенттердің жауабын тыңдау;
3. талқылау кезінде семинар сұрақтарына мән беру;
4. қорытындыларды шығару.

2.1 Психология бойынша сабақ және оның негізі
Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан оны жіктеу
қиын. Қазіргі дидактикада кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге әртүрлі
көзқарастар орын алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшымыз.
Варианттардың түрі:
- дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);
- дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);
- оқыту әдісі (И.Н. Борисов);
- сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б.
М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:
1. Аралас сабақ – практикада алуан түрлі элементтері және өзара
әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе
кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп
оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі
жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай
қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.
2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп,
оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы
жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-
әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция,
түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша
экспериментті қою, жүргізу.
3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны
қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және
білімді жүйелеу және тексеру.
4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл аралас
сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум,
сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде,
білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта
дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).
Сабақтың типтері, құрылымы. Әрбір сабақ белгілі объективті
элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан
уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты
сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан.
Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың
жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі
кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):
1. Жаңа білімді игерту.
2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).
3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.
5. Білімді қорыту және жүйелендіру.
Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-
қатынас, ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.
Сабақтың құрылымы деп сабақтың әртүрлі варианттар элементтерінің
өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін
қамтамасыз етеді. Сонымен педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын
ұйымдастыру негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың
элементтерінің бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді.
Педагогтың шеберлігі дидактикалық міндеттер мен сабақта
педагагогикалық процеске қатысушылардың ұйымдастырушылық байланыс
әрекетінде шешіледі.
Қазіргі мектептегі шығармашылық сабақ. Білім жүйесінде мектеп негізгі
топ болып табылады, онда шығармашылық ой-өрісі және жалпы адамгершілігі бар
адамдар тәрбиеленуге тиісті.
XIX ғасырда француз психологы Рибо былай жазған: "Егер де ойлау
шығармашылығына оқытуға болатын болса, онда етікшілерге қарағанда
өнертапқыштар көп болар еді". Мұндай көзқарасты жақтаушылар шығармашылық
қызметтің табиғи алгоритмделмегенін де жақтайды. Бұл ұстанымның
қарсыластары да бар. Олардың ойынша шығармашылыкқа, оның ішінде
өнертапқыштыққа үйренуге болады.
Шығармашылық жөніндегі мәселені жандандырудаға белгілі жаңылыс
мектепте оның практикалық мүмкіндіктегі шешімі шығармашылықты әр түрлі
белгілермен араластырып, оның біркелкі негізгі ұстамай жиі
қарастыратындығынан шығады. Не оны нәтижесі бойынша (жаңа сапалыны
жасауға), не шығармашыл адамдардың мінезіне қарай (жинақылық, қиындықты
жеңе білу және т.б.), не оқытудың тәсілдері бойынша, тәсілдердің әр түрі
неге үйрететінін таңдамай, не бұл қызметтің эмоционалдық бояуы бойынша, не
оның процестік сипаттамасы бойынша көрсетеді.
Егер нәтиже бойынша шығармашылықтың кеңінең танымал анықтамасын алсақ,
онда мектепке дейінгі балаларды айтпағанда, оқушылардағы шығармашылықтың
түп нұсқасының бір де бір актісін мойындауға болмайды. Тіпті жоғарғы оқу
орындарында да студенттерді негізгі шығармашылық қызметке тек кейінгі
жылдарда ғана, онда да олардың ең таңдаулысын ғана кірістіре бастады.
Мұндай әдісте бір-біріне байланыссыз, бір ғана нәтижеге келгендердің
шығармашылық табыстарын мойындауға болмайды. Шығармашыл адамдардың мінез-
құлықтарындағы белгілерді де есепке алу нәтижесіз. Жинақылық, ұқыпсыздық,
қажырлылық соларда ғана кездеспейді. Мұның бәрі ескеруге жатады, бірақ
нағыз шығармашылық процеске үйретпейді. Адамды өнертапқыштыққа үйретудің
бір ғана жолы бар — шығармашылық процеске, яғни шығармашылық қызметінің
мәнін құратын сол құрылымдарға оны үйрету. Қалғандары көмекші қызметін
орындайды.
Шығармашылық процедуралар:
1. Бұрын меңгерілген білімін және білігін жаңа жағдайға дербес көшіру.
2. Таныс жағдайдағы проблеманы көре білу.
3. Объектінің жаңа қызметін көре білу.
4. Объектінің құрылымын анықтау.
5. Шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре білу.
6. Бұрын меңгерілген қызмет тәсілдерін пайда болған проблемаға
үйлесімді қолдану.
Мектептің және жоғары оқу орындарының шетелдік және отандық
педагогикасында шығармашылық қызметті енгізетін көп тәсілдер мен түрлер
жинақталған. Мектепте талқылаудың әр түрлі үлгісі қолданылады — топтық,
дөңгелек үстел, семинардағы пікір-сайысы. Шығармашылықтың осы түрлерімсн
қатар, жоспар құруға ұсыныс және қызықты адамнан сұхбат алу болып
табылады. Шамаға шақ жоспарлауды кірістіру орынды (мысалы, көрмелер,
коллекциялар, газеттен өз бетінше іріктеп алынғанды талдау және т.б.)
Шығармашылықтың түрі болып, әсіресе, жоғары сыныптарда ойын болып
табылады. Бұл ойын әр түрлі бағыттағы "саясаткерлердікі", ғылымның әр түрлі
ілімін жақтаушылардікі немесе қалалық проблемалар туралы әр түрлі пікірлер
жөнінде.
Қазіргі заманда шығармашылық тәрбиенің шешуші басты шарты
интеллектінің дамуы болып табылады.
Тұлғаның іскерлік сипаттамаларына интеллект саласында мазмұндай
білетін, ақпарат бере, құбылыстың құндылығы мен қорытындыларды анықтау,
проблемаға бейімделе білу және ұмтылу, оның күйі, елеулі емес және орташаны
анықтау қабілеті, жинақтау, элементтен құрылым жасау, елеуліні іздеугс
бағдар жасау, айыра білу, талдау және басқалар жатады.
Шығармашылық қабілеттердің дамуы қаланатын, дамыған интеллект,
интеллектілік біліктілікті меңгеру негіз болып табылатынын ұғыну қажет.
Шығармашылық сабақты әзірлеу
Егер сабақта және тәрбиелік жұмыстарда шығармашылық, тап-сырмалар
басым болса, ондай жағдайда тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мүмкін.
Педагогтың шығармашылығына балалардың шығармашылық деңгейі де байланысты
болады. Білім беру жемісін құруда, оқушыларды қисыңды әрекетке бастайтын,
шығармашылық сабақтың жетістігі "стартты" тапсырмамен анықталады.
Оқушылардың өздері орындауының шығармашылық деңгейі, тек айтылған
тапсырманың мазмұнына тәуелді екенін тәжірибе көрсетеді. Егер тапсырма
нашар берілсе немесе оның өзінің тәжірибесінің немесе негізгі ғылымның
нақты проблематикасынан түсініксіз алыс болса, онда сапалы нәтижеге жетуге
мүмкіндік аз.
Әзірлеп жатқан тапсырмаларға қойылатын талаптар:
- тапсырмалар оқу бағдарламасында көрсетілгендей нақты базалық
сұрақтарға оқудың тақырыбына немесе объектісіне қатысты болуға тиіс;
- тапсырмалардың алдымен белгілі шешімі болмауы керек;
- тапсырманың тұжырымдамасы оқушылар үшін де, мұғалім үшін де сондай
қызықты немесе тосын болуы керек.
Ашық тапсырмаларды әзірлеуде мұғалімге оқушылар алуға тиіс нәтиже
туралы өзінің түсінігінен алшақ болу қиын болады. Оқушылардың өзіндік
жауаптарын сезіну — ашық тапсырма сапасының маңызды субъективті белгісі.
Мысалы, "Ғарыш дегеніміз не екенін қысқаша жаз" тапсырмасын жеті жасар бала
қысқаша былай орындады: "Ғарыш — бұл шексіздік". Оны орындау кезіңде
баланың ойланған шығармашылық деңгейі тәрізді тапсырманың қиындығы маңызды
емес.
Шығармашылық сабақтар базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың
үйлесімді үлгісі таңдап алынады. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың
өзіндік білімділік нәтежесін құру болып табылады.
Шығармашылық сабақтар, әсіресе, бастауыш және орта буын сыныптарында,
қағида ретінде аралас, яғни оқушылардың қызметінің 3-4 бір-бірін
ауыстыратын түрін қосады. Жоғары сыныптарда сабақтың әрекеттік доминантасы
оны жүзеге асырудың әр түрінде біреу ғана болуы мүмкін.
Төменде шығармашылық сабақ түрлері аттарының тізімі көрсетілген.
Олардың негізінде аралас сабақтар да құрылуы мүмкін. Бұдан басқа, айтылған
шығармашылық сабақтың әрқайсысы оны құрудың шексіз жиынтық нұсқаларын өзіне
қамтады (А. В. Хуторской).
Когнитивті үлгідегі сабақтар:
— тәжірибе сабақ;
— бақылау сабақ;
— объектіні зерттеу сабағы;
— ізденіс сабағы;
— зертханалық — практикалық сабақ:
— роблема қою және оны шешу сабағы;
— үсініктерді құрастыру сабағы (ережені, заңдылықтарды, гинртезаны);
— теорияны құрастыру сабақ;
— концерт сабақ, әлсм суреттемесін немесе оның бөлігін жасау;
— бірінші басылымдармен жұмыс сабақ;
— интегративті сабақ;
— метапәндік сабақ;
— пәнаралык сабақ;
— философиялық талдап қорыту сабағы;
— Креативті үлгідегі сабақтар;
— міндеттерді құру және шешу сабағы;
— диалог сабақ (талқылау, пікір-талас, эвристикалық әңгіме);
— қайшылықты сабақ;
— қиял сабақ;
— өнертапқыштық сабақ;
— техникалық (ғылыми, қолдаңбалы, көркем, әлеуметтік, мәдени.
педагогакалық) шығармашылық сабақ;
— модельдеу сабағы;
— рәмізді — шығармашылық сабақ;
— тарихты "өзгерту" сабағы (тарихи оқигаларды өз бетінше шешу);
— эвристикалық жағдай сабақ;
— жаңалық ашу сабағы;
— шығармалар;
— іскерлік ойын;
— рөлдік ойын;
— саяхат сабақ (нақты, виртуальды);
— керісінше сабақ (оқушы мұғалім ретінде);
— болашақ мектептегі сабақ;
— болжамдық сабақ;
— шығармашылық жұмыстарды қорғау сабағы;
— олимпиада сабақ;
— шығармашылық талдап қорыту сабағы;
Ұйымдастыру кызметтік үлгідегі сабақтар:
— мақсатты есептеу сабағы;
— нормативті-шығармашылық сабақ;
— жеке білімділік бағдарламаны әзірлеу сабағы;
— жеке білімдік бағдарламаны қорғау сабағы;
— топтық жұмыс сабағы;
— кеңес сабақ ( бір-біріне кеңсс беру);
— жоба сабақ;
— өзіне-өзі баға беру сабағы (бір-біріне баға беру);
— рефлексия сабақ;
Коммуникативтік үлгідегі сабақтар:
— бинарлы сабақ (екі мұғалім өткізеді);
— рецензиялау сабағы;
— өзара бақылау сабағы;
— вернисаж сабақ;
— көрме сабақ;
— аукцион сабак;
— конференция сабақ;
— жарыс сабақ;
— КВН сабақ;
— "'құбылыспен сот жүргізу" сабағы;
— спектакль сабақ;
— "дөңгелек үстел" сабағы;
— панорама сабақ;
— шығармашылық есеп.
Айтылған сабақтың үлгілері оқытудың тұтас технологиясын құратын
тапсырмалар жүйелерін жасауға мүмкіндік береді.
Бұл технологиялардың негізінде мұғалім нақтылы сабақтарды өткізеді
және әзірлейді. Оқушылардың шығармашылық қызметіне бағытталған сабақтың
құру ерекшеліктерін және кезеңін қарастырамыз.
1. Шығармашылық сабақтың жоспары — бұл мұгалімнің өзінің білім
бағдарламасын жүзеге асыру құралы. Сондықтан сабақты жоспарлау бір
тақырыпта (тарауда) тапсырмалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz