Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері жайлы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын

өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері . . . 7

Негізгі бөлім . . . 11

1. Сабақ барысында ойын элементтерін қолдану . . . 11

2. Ойын технологиялары . . . 21

3. Ойын элементтері негізінде мұғалім жұмысының мазмұны . . . 34

Қорытынды . . . 40

Қолданылған әдебиеттер . . . 42


КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.

Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т. б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.

Ойын - оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын »ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарад:

 Ойын - сауық

 Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық

 Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану)

 Коррекциялық (өзін-өзі түзету)

 Әлеуметтендіру

Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.

Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т. б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.

Ұлттық ойындар халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп, жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшан ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.

Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.

Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.

Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.

Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:

 ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;

 жеке оқыту маңызының артуы;

 оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т. б.

Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.

Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:

а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.

Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың ой-өрісін қалыптастыратын, білгірлікке шындайтын бірден-бір құрал болып есептеледі. Ол балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, денсаулықтарын шындай түсуімен бірге халықтың салт-дәстүрін, тілін дамытуға көмегін тигізеді.


1. Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.

Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын - балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.

Н. К. Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар.

Н. Ф. Талызина «Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады» - деген пікір айтты.

В. В. Давыдов оқушыларда танымдақ проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді.

Н. К. Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.

Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.

Психолог А. С. Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді.

Я. А. Каменский «ойынды рухани және дененің даму қозғалысы» - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.

К. Д. Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді - деді. [6. 78]

Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог Сухомлинский В. А. терең және жан-жақты қарастырған.

Қазіргі таңда оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің тиімді жолдары мынандай:

1. Танымдық дидактикалық ойындар.

2. Сұрақ-жауап, тапқырлар клубы, викторина, қызықты математика.

3. Пәндік олимпиада апталығы.

4. Көрнекіліктер.

5. Ғылымның, өнердің, мәдениеттің жаңалықтары өтетін сабақтар.

6. Қызықты газет, журналдар, әдеби кітаптар оқуға жағдай туғызу.

7. Педагогикалық технологиялар.

Оқыту әдістерінің үш міндеті бар.

1. Дидактикалық міндет.

2. Танымдық қабілетін арттыру.

3. Оқудың тиімділігін арттыру.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда жүргізілетін жеке жұмыстар әр пән бойынша жүргізіледі. Домбыра үйрету арқылы музыка үйрету, әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы оқуға қызығушылығын ояту. Бастауыш сынып оқушылары ғылыми зерттеулерді іс-тәжірибелерді қолдана отырып, міндеттерді шешуге сүйенеді. Сондай-ақ оқушының танымы тек таным қызметінде ғана емес, сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде, әдеби және қоғамдық қызметтерде орын алады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс тәсілдері оқушының оқу барысында қабілетін арттуымен танымдық қызығушылықтың кеңеюіне әсерін тигізеді. Осыдан келіп оқушылардың қызығушылық, сұрақтар қою, қажеттіліктер, білімге деген құштарлық пайда болып, олардың жалпы дамуына әсерін тигізеді. Оқушы мен мұғалім қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді.

- Сабақтың шығармашылық бастамасы.

- Дұрыс ұйымдастырылған сабақтардың тақырыбы.

- Сабақ түрлері, өз бетімен жасалатын жұмыстар мен мәтіндердің әртүрлілігі, маңызды жолдарды іздестіре отырып, оқушының оқуға талаптануы.

Осы жолдарды, әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімге қызығуына, зерттеуіне атмосфера туғызу қажет, жоғарыда айтылған қызығушылықты қалыптастыру жолдары мен әдістерін қолдану үшін төмендегідей жағдайларды ескеру керек.

- Оқу процесіндегі сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер.

- Білім мазмұнының көлемі, маңызы.

- Білімді меңгеру деңгейі.

- Білімді қабылдауы.

- Білімді қолдана білуі.

Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып бұдан оларды тез қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты орындауға әкеледі. Әрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек.

Жарыс элементі ойында әрқашанда маңызды болып келеді. Жарыста балалардың белсенділігі, жеңіске жету еркіндігі жоғарлай түседі.

Я. А. Каменский: «ойында рухани және дененің даму қозғалысын көреміз, оларды саналы түрде пайда келтіретіндей жүргізуіміз керек. Ойын- жасына және халықтық ғұрпына сәйкес болуы керек» - деп аттап көрсетеді.

Ойынды таңдау кезінде оқушылардың техникалық деңгейін, сапасына қарай белгілі бір жүйеде жүргізілуін есте ұстаған дұрыс.

Ұлы класик педагогтар Я. А. Каменский, И. Песталоцци, А. Макаренко, Н. К. Крупская, В. А. Сухомлинский және қазақ халқының ағартушы педагогтары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаевтар, ойынның маңызын айта келе, ойын дегеніміз -айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы дейді.

Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.


Негізгі бөлім

  1. Сабақ барысында ойын элементтерін қолдану

«Ойын» ұғымына түсінік берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мыныдай қызметтерді атқарады:

-ойын-сауық;

-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:

-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану) ;

-коррекциялық (өзін-өзі түзету) ;

-әлеуметтендіру

Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.

Ойын-адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті-оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу-білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ал ойын-баланың дамуын арттырады.

Ойынның нақты мақсаттарына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай компоненттері қарастырылады: ойын мазмұны, ойынды ұйымдастыру формалары, ойын түрлері, ойындық құралдар, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы барлық өзара байланыстар. Ойынды пайдалану әдістемесінің құрылымын блок-сызба түрінде көрсетуге болады. (1 сурет)

1-сурет - Ойындарды пайдалану әдістемесінің құрылымы

Ойынның қолданбалы жағын зерттеген әдіскерлердің дидактикалық ойындарға деген қызығушылық барынша өсе түсуде. Г. А. Кулагина зерттеу үдерісінде ойындағы таным дәстүрлі оқытуға ұқсамайтын айрықша түрдегі өзіндік формаға ие болатындығын анықтады: бұл жерде қиялдау мен жауапты өз бетінше іздестіру, бұрыннан белгілі дәйектер мен құбылыстарға жаңаша көзқараспен қарау, білімді толықтыру мен кеңейту, байланыстарды орнату, жекелеген құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу сияқтылардың барлығын кездестіретін болады. Ойын қарқыны мектеп оқушыларын жылдам және шапшаң түрде ойлана білуге үйретеді. Олардың тілдік жадыларының даярлықтарын жаттықтырады, сөйлеу қарқынын дамытуға мүмкіндік береді. Сабақта ойнай отырып оқушылар өздерінің ойларын жеткізуге машықтанады, осының арқасында олардың сөйлеу тілдері бірте-бірте автоматтандырылады. (К. А. Родкин) . Демек, ойын сөйлеу шеберліктерін дамытудың нәтижелі құралдарының бірі болып табылады. Осылайша дидактикалық ойындар мен оны оқу үдерісінде пайдалануға қатысты соңғы зерттеулердің барлығын талдап, қорытындылай отырып төмендегілерді айтуға болады:

а) Дидактикалық ойындар ойлау, ерік, жады, назар, сөйлеу, моторика сияқты психикалық үрдістерді жандандырады. (Г. А. Ляпина, М. В. Стронин және т. б. ) ;

б) Сабақтағы ойын жағдайларында мектеп оқушысы іс-әрекеттің үрдістік жағынан терең қанағаттану сезімінде болады және бұл оқудың тұлғалық мәнінің ұлғаюына мүмкіндік береді. (Е. Енгабаева, А. А. Баранов, Г. А. Ляпина) ;

в) Дидактикалық ойындардың жемісті сәтілігі мектеп оқушыларының ойын үдерісіне қызығушылығымен, ойынға қатысушылардың өз білімдерін шығармашылық пен пайдалануға ұмтылысымен байланысты. (Ю. П. Азаров, О. С. Кель, В. Н. Терский) ;

г) Дидактикалық ойындар таным іс-әрекетін жандандыру құралы ғана болып табылмайды, ол эстетикалық және мінез-құлықтықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. (А. А. Баранов, В. И. Иванова) .

Әдебиеттерді шолу мен тәжірибелік сараптамалық жұмыстар дидактикалық ойындардың барынша әралуандығын айқындады.

Жекелеген дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшелігі оқу тапсырмаларына барынша назар аудару, және мектеп оқушыларын зерттеу элементтеріне ие іс-әрекетке тарту болып табылады. Мұндай тапсырмаларды орындау үрдісінде оқушылар бірқатар логикалық операцияларды жүргізеді, танымдық іс-әрекеттің аралық кезеңдерін шешу жүйелілігін белгілейді. Мұндай дидактикалық ойындар ізденгіштік деп аталады.

Ізденгіштік дидактикалық ойындар репродуктивті және жартылай ізденгіштік дидактикалық ойындардан, тұрады. Мұндай тапсырмалар жеткіншекті шығармашылыққа даярлайды.

Жекелеген дидактикалық ойындар мектеп оқушысын дербестікке баули отырып оны шығармашылық жұмысқа итермелейді. Себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктерді айқындау кезінде мектеп оқушысы өзінің танымдық іс-әрекетінің мазмұнына тереңдей отырып, зерттелуші құбылыстың бірқатар қырларын дербес ашу мүмкіндігіне ие болады. Мұндай дидактикалық ойындарды біз шығармашылық ойындар деп атадық. Бірқатар шығармашылық-дидактикалық ойындар мектеп оқушысының суырып салмалылығын іске қосады. Мұндай ойындарды біз рольдік элементтері бар шығармашылық ойындар деп атадық. Тәжірибе нәтижелері шығармашылық ойындарды сабақ-мерекелерде сабақ-жарыс, сабақ-суырып салушылық, сабақ-саяхат тәрізді белгілі пәннің оқу материалдарынан тұратын үш түрінде пайдаланудың барынша мақсатқа сәйкес екендігін көрсетеді. Түрткі ретіндегі қызметті дидактикалық ойындар орындайды. Ойын ситуацияларының эмоциональдылығы барлық мектеп оқушыларының белсенді қатысуына түрткі болады.

Сабақтағы ойын ситуациялары балаларды тежелушіліктен құтқарады, бір-біріне сенімділік және іскерлік атмосферасында белгіленген жұмысты жүргізуге ұмтылады.

Мектеп оқушыларының іс-әрекеттерінің сипаты бойынша дидактикалық ойындарды топтастыра отырып біз шартты түрде репродуктивті, жартылай-ізденгіштік, ізденгіштік ролдік элементтері бар шығармашылық және ролдік элементтері жоқ шығармашылық дидактикалық ойындарды бөліп қарастырамыз. Ойын ситуацияларында қажетті шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларының білімін жаңғыртатын дидактикалық ойындар қысқа мерзімділігімен ерекшеленеді. Іс-әрекеттің процессуалдық жағы мұғалім арқылы бағытталады және бақыланады. Дидактикалық ойындарды сабақтың әралуан буындарына енгізу:

2-сурет - Дидактикалық ойындардың оқу тапсырмаларын шешу үрдісіндегі мектеп оқушыларының іс-әрекеттерінің сипаты

Оқу материалын меңгеруге даярлық кезінде қолданылатын дидактикалық ойындар жаңа материалды қабылдау үрдісіндегі белсенділікті жоғарылатуды мақсат етеді.

Жаңа материалды бекіту, мақсатында енгізілген дидактикалық ойындар жаңа нәрсені түсінуді нақтыландырады және үй тапсырмасын орындау кезінде неге назар аудару қажеттігін көрсетеді. Бұл жағдайда дидактикалық ойындар мектеп оқушыларының жартылай меңгерген оқу-материалдарына негізделеді.

Қайталау кезінде дидактикалық ойындардың барлық түрлері пайдаланылады. Ойындар мектеп оқушыларын бұрыннан бар білімдерді жаңа ситуацияларда қолдануға итермелейді. Дидактикалық ойындар арқылы мектеп оқушысының танымдық іс-әрекетін жандандыру үшін басты шарт- жалпы білім беретін мектептердегі бағдарламалық талаптарға негізделген, бірте-бірте күрделеніп отыратын дидактикалық ойындарды оқу үрдісіне мақсатқа бағытталған түрде енгізу болып табылады.

Дидактикалық ойын мектеп оқушыларының белсенділігін арттырып, қиын оқу материалдарын меңгеруді жеңілдетуі және көлемі бойынша үлкен оқу материалдарды есте сақтауға мүмкіндік беруі тиіс.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:

1. Жағдайға қарай шығармашылық белсенділікті іске қосу;

2. Төмендегідей шығармашылық белсенділіктің жүйелі циклдарын іске қосудың алғышарттары ретінде шығармашылық жағдайларын жүзеге асыру:

а) шығармашылықтың Мен-субъектісінің рольдік образын игеру;

б) шығармашылықтың жетекші ішкі орындаушы механизмдерін игеру;

в) шығармашылықтың әралуан түрлерін игеру;

г) ойын ұжымының шығармашылық бағытталушылығын дамыту;

д) ойын арқылы шығармашылық нәтижені елеулі түрде сезінетін жағдайларды қарастыру.

Белсенділікті дамыту үрдісіне ықпал етуі тұрғысынан келесі ойын типтері мен ойындық формаларды айқындауға болады:

а) оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытатын ойын формалары (шығармашылық белсенділікті дамытудың жалпы немесе спецификалы емес шығармашылық ойындық құралдары) .

б) тұлғаның жекелеген қасиеттерін және шығармашылық белсенділікті құрайтын іс-әрекетті дамытушы ойындар. Бұл тип интеллектуалды-дамытушы, танымдық және көркемдік сияқты бірқатар қозғалыс ойындарынан да тұрады.

в) ерекше шығармашылық ойындар.

г) арнайы шығармашылық ойындар.

Ойынды шығармашылық деп ажырату мүмкіндігі бәрінен бұрын ойын мақсатының арнайы шығармашылық сипатымен анықталады.

Шығармашылықтың төмендегідей негізгі деңгейлерін анықтауға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Ойын технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларын ойын әдісі арқылы тәрбиелеу
Танымдық дидактикалық ойындар
Болашақ бастауыш мұғалімдерін оқу тәрбие үрдісінде ойын технологиясын меңгерту
Оқыту үрдісінде интерактивті әдістерді пайдалану ерекшеліктері
Оқушылардың оқу үрдісін ұйымдастыруда жас ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Бала тәрбиесіндегі ойын рөлі
Оқытуды ұйымдастырудың қосымша формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz