Ойындар үйретудің балалар өміріндегі рөлі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

«Педагогика және

психология» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Ойындар үйретудің балалар өміріндегі рөлі»

Пәні: «Музыка әдістемесі»

Орындаған: 3 а КДО-11 топ студенті Г. Х. Дошахаева

Жетекші: Б. Қ. Мукажанова

Орал - 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 бөлім. Мектепке дейінгі балаларға ойын үйретудің мақсаты мен міндеттері

1. 1. Мектепке дейінгі мекемелерде ойындардың балалар өміріндегі рөлі . . . 8

1. 2. Балалар ойындарының тәрбиелік мәні . . . 15

1. 3. Балалар ойындарының түрлері . . . 21

2 бөлім. Мектеп жасына дейінгі балаларға жас ерекшеліктеріне

байланысты ойындар ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері

2. 1. Кішкентайлар, орта, ересек топтарда ойындар ұйымдастыру . . . 28

2. 2. Музыка оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолдана

білудің маңызы . . . 35

Қорытынды . . . 38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 40

Қосымшалар . . . 41

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Ойын баланың кез-келген пәнге қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытады. Баланы жас кезінен бастап жақсы мінез-құлыққа, әсіресе мейірімділікке, инабаттылыққа, жасы үлкенді және бірін-бірі сыйлауға үйрету ата-аналар, ұстаздар мен тәрбиешінің бірден-бір қасиетті міндеті.

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады», сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес», - деп айтқан В. А. Сухомлинский.

Ойын - дүниеге қарай бағытталған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А. П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру - оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұндаа өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» ойынның күн режимінде бекітілген уақыты көрсетілген. Сол уақыт қатаң сақталуға тиіс. Ойынды балалармен жүргізілетін жұмыстың басқа да бір формасымен ауыстыруға болмайды.

Таңертеңгі тамақ пен сабақ арасында (8-10минут) балалар әдетте басталған ойынды жалғастырады немесе ойыншықтармен стол үстіндегі ойындармен ойнайды.

Ересек балалар үшін бағдарламада оқу аралығындағы ойындар көзделген. Олардың мақсаты - балалардың қысқа ғана (8-10минут) тынығуы, бірақ ол ойында тым көп қимыл белсенділігін талап етпеуге, ақыл-ойға айтарлықтай салмақ түсірмеуге тиіс.

Серуендеу кезінде ойынға ең ұзақ (1сағаттан 1 сағат 20 минутқа дейін) уақыт беріледі. Оны дұрыс ұйымдастыру, қызықты ойындармен толтыру балалардың ауада болуын пайдалы әрі сүйкімді етеді.

Күндіз ұйқыдан және түстіктен соң да ойын үшін уақыт көзделеді. Қыс пен күзде әдетте топ бөлмесінде, ал көктем мен жазда ауада сюжетті-рольді ойындар өрістейді немесе балалар ойыншықтармен, құрылыс материалдарымен стол үстіндегі ойындармен ойнайды.

Қазіргі кезде «ойын» ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану т. б. салалардың көкейкесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы бала білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады.

Ойын элементтерін қолдана отырып, тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, тәрбиеші ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.

Дидакткалық ойын оқу процесінде екі түрлі мақсатпен қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі ойын ойнау мақсатында. Тәрбиеші өзі де ойынға қатысады, балаға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді.

Ойынның оңды әсерін пайдаланып, жарамсыз ойындардың тууына жол бермеуүшін балаларды ненің жаман екенін ажырата білуге үйрету керек, жақсыға құлшына ұмтылуға жаманнан жиренуге тәрбиелеу керек. Осы мақсатпен тәрбиеші ойын арқылы және ойын үстінде балаларға қайсібір жағымды фактілердің мағынасын ашып береді, ол фактілерге баға береді, балалардың соларға еліктеуге ұмтылған ықыласын туғызады, сол арқылы олардың ойында бейнеленген нәрсеге көзқарасын қалыптастырады.

Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып, алдымен солардың мүддесін бағыттап және дамыта отыру, балалар ұжымын топтастыруға кұш салу керек.

Ойын - мектеп жасына дейінгі балалар қызметінің негізгі түрі, оған хороводтар, сюжеттік-рөлдік әндер, қимыл ойындары енеді.

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.

Болашақ ұрпақтың әлжуас, денсаулығы нашар, білімсіз, дарынсыз, ұлттық рухсыз болып зиянды құбылыстарға бет бұруына жол бермеуіміз керек. Жалпы дамыту ойындарын жастар арасында насихаттау мақсатында мына мәселелерді жүзеге асыруымыз қажет деп ойлаймын. Ұлтымызға жат қылықтардан жастарды аулақ салу; жастардың ұлттық рухын көтеретін, сүйіспеншілігін оятатын іс-шаралар ауқымын көбейту. Ы. Алтынсариннің сөзімен айтқанда қазақ балаларына мағыналы тәрбие беретін іс-шаралар, жұмбақтар, ойына ой қосатын жәйттар адамгершілікке, ақыл-ойды тәрбиелеуде аса тиімді болады деп санаймын. Сондықтан, бұл тақырыпты зерттеу үшін этнография, педагогика-психология, медицина, дене шынықтыру, музыка өнері саласында зерттеушілердің күш-қуатын біріктіруді талап етеді.

Зерттеу мәселесі : мектепке дейінгі балаларға ойындар үйретудің тәрбиелік маңызын және ойынның бала өміріндегі рөлін ашып көрсету.

Зерттеу болжамы: Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Ойын балалар өмірінің нәрі. Сондықтан оқу, тәрбие ісінде ойындарды қолданса, баланың дүниетанымы қалыптасып, қиялы шыңдалып, зейіні қалыптаса отырып, ойлау қабілетінің дамуы жақсарады деген болжам бар.

Зерттеу пәні : мектепке дейінгі мекемеде ойындар үйретудің балалар өміріндегі рөлі.

Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі кішкентай, орта, ересек балалары

Зерттеу мақсаты: Ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің даму барысын зерттеу.

Зерттеу міндеті:

  • Мектепке дейінгі мекемелерде ойындарды үйрету арқылы өз Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеу;
  • Мектепке дейінгі мекемеде балаларға ойындар үйретудің әдістері мен тәсілдерін меңгерту;
  • Музыкалық оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолдана білудің маңызы туралы түсінік беру.
  • Балаларды тәрбиелеуде қолданылатын ойынның түрлері мен маңызын зерттеу.

Зерттеу көздері : мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар және отбасы тәрбиесі.

Зерттеу әдістері: ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және тәрбиешілермен әңгіме, сұхбат жасау.

Зерттеу кезеңдері : мектепке дейінгі балалар (кішкентай, орта және ересек топтағы балалар) .

Ғылыми жаңалық:

  1. Балалар өміріндегі ойынның маңызы мен түрлеріне теориялық тұрғыда сипаттама беру;
  2. Ойындардың түрлерімен таныстырылды және отбасы тәрбиесінде ата-ана қарым-қатынасының ықпалын арттырудың тетіктері анықталып зерделенді,
  3. Бала мен ата-ана және балабақшада қарым-қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді.
  4. Балалар ойындарының тәрбиелік мәні теориялық және практикалық тұрғыдан зерттелінді.

Тәжірибе маңызы: эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата-аналардың педагогикалық сауатын ашуда, тәрбиешілердің ата-аналармен жұмысында, іс - шараларында қолдануға болады. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін нығайтуда үйретілген ойындарды пайдалануға болады.

1 бөлім. Мектепке дейінгі балаларға ойын үйретудің

мақсаты мен міндеттері

1. 1. Мектепке дейінгі мекемелерде ойындардың

балалар өміріндегі рөлі

Ойын дегеніміз - жас ерекшеліктеріне қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздылықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білудің, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді іс-әрекеттердің бірі.

В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтар болсақ, «ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық іспетті. Ол арқылы баланың сезімі жасампаз өмірмен ұщтасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің жанар оты.

Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтен мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т. б. Әсіресе, өнер қайраткерлері түрлі сомадағы ғалымда ерекше шұғылданған.

Ойында халық педагогикасының құрамды бір бөлігі адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп, осы ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағыналы дана сөзін «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» деп тауып айтқан. Еңселі ел болып, ана тілін, ата салтын, дәстүрін қайта түрлетуде жаңарған елге, жаңа тіл заңы тұжырымдамалар тәрбие жүйесіне жаңаша көзқарасты ұрпақ тәрбиелеуді талап етуде осыған орай елімізде балаларға арналған шағын орталықтар құрылды.

Ойын - адамның өнертанымының алғашқы қадамы, шағын орталықтарда пайдаланылатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дилактикалық мақсатты ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар баланы жан-жақты дамытып, өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдармен олардың еңбегімен қатынастықтарымен танысуына көмектеседі, ойындар баланың зейінін, есте сақату қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетінің дамуына арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қатынас жасауға, басқа ұлт өкілдеріне достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді.

Шағын орталықта болсын, балабақшада болсын балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешелір үшін талапта жоғары болып келеді. Осы орайда тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:

  • Тәрбиеші мен баланың арасындағы педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы;
  • Тәлім-тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту, оның бала зердесіне әсер етуі, қабылдауы, есте сақтауы;
  • Балаларға берілетін тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы;
  • Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей болуы шарт.
  • Ойын тәсілдерінің тиімділігі іс-әрекеті жүйесі, мазмұны сабақтастығын сақтай отырып, бірнеше компоненттерір құру.

Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара құқықтарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын арқылы баланың болашаққа көзқарасы қалыптасады. Кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді қорғау, ренжітпеу жолдастарымен ойын барысында бірлесе шешім қабылдау, үлкенді сыйлау басқа адамның еңбегін бағалай білу дегенді олар күнделікті ойын негізінде сезінеді.

Қандай ойын түрі болмасын, дидактикалық па, шығармашылық па, қимылды ма, сюжетті ме, әлде драмалық болсын, баланың ой-өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін жетілдіреді. Ал сюжетті-рөлді ойынның бір жағымды жағы оны балалардың өзі жасайды, және баланы өз құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге бейімдеп, ұжыммен, яғни көпшілікпен санаса білуге дағдыландырады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Ойынның дербес әрекеті айқын, өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.

Сюжетті рөлді ойында бейнелеу құралы, ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы, телефоны ойынында дидактикалық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты - бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету. Мысалы. «Дүкен» ойынын ойнағанда балаларды сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.

Мен тәрбиеші ретінде шағын орталықтағы балаларға көбінесе сюжетті рөлді ойындарды ойнатқанды дұрыс деп санаймын. Себебі, балалар ойын барысында өздеріне берілген рөлді аса жауапкершілікпен қабылдап, өздеріне бір уақыт ересектер санатына қосып, ойлау қабілеттері дамиды. Мысалы, сабақ барысында төмендегідей сюжетті рөлді ойынды ойнауға болады.

Ойынның мақсаты: балаларды екі-үш рөлді қамтитын берлесіп ойнайтын ойындарға қатысуға тарту. Өзге балалардың ойнайтын рөлін белгілеуге, атауға үйрету. Ойында балаларды мәдени мінез-құлық ережелерін, өзара көмек қатынас арқылы дамыту. Заттарды таңдап алып, пайдалана білуге, рөлдерді орындауға, ойынның шартты әрекеттерін жасауға үйрету.

Көрнекі құралдар: Дүкен ойынына арналған ойыншықтар, дәрігерге - халат, қаламсап, тыңдайын трубка, термометр, өлшейтін құралдар, т. б.

Ойынның барысы: Балалар келген қонақтармен сәлемдескен соң, тәрбиеші баланың назарын өзіне аударады,

  • Балалар, біз қазір сюжетті-рөлді ойын ойнаймыз. Балалар, сендер қандай ойынның түрлерін білесіңдер?
  • сюжетті-рөлді ойын. Дүкен, дәрігер.
  • Балалар біз осы ойынды ойнамай тұрып, кімдермен таныстық, қане естеріңе түсіріңдерші?
  • Дәрігер апайдың бөлмесіне бардық, ол кісінің жұмысымен таныстық.
  • Жақсы, өте дұрыс, енді кім осы ойындарға байланысты тақпақ біледі?

Сәбиелер өздері білетін тақпақтарды айтып:

Менің апам дәрігер,

Тіс ауырса, іш ауырса,

Апам дәрі береді.

Барлық ана, барлық бала

Оны жақсы көреді.

  • Міне балалар, сендер дәрігер туралы тақпақ біледі екенсіңдер. Енді осы ойынды ойнайық. Дүкен ойынына қандай құралдар керек? Енді өздерің таңдаған мамандықтарын бойынша ойнауға кірісіңдер.
  • Ойын басталды. Дүкен ойыны.
  • Айдар сен дүкенге не үшін келдің? Не алайын деп тұрсың?
  • Шәй, нан, кәмпит аламын.
  • Апам алып кел деп жіберді.
  • Батыр, сен қайда бара жатырсың?
  • Дүкенге
  • Не үшін
  • Торт сатып аламын. Гүлнәр апайым торт әкел деді.

Дәрігер ойыны.

  • Зухра сен ауруханаға не үшін келдің?
  • Қуыршағым ауырып қалды
  • Түнде ыстық көтерілдіме
  • Ия
  • Жақсы, тыңдайын.

Балалар ұнатқан ойындары туралы әңгімелейді. Бос уақыттарында жалғастырып ойнайтындарын айтады. Ойын әнмен аяқталады.

Жалпы, сәбилеріміздің ойыншықпен ойнап өсететі белгілі, ойыншық арқылы айналадағы дүниені танып біледі. Ер балалар топталып мәшинелерімен ойнағанды жақсы көрсе, ал қыз балалар қуыршақтарын құшақтап жүргенді ұнатады. Жүк мәшинелеріне топырақты үйіп, ұзыннан ұзақ жолдармен жарыса зырғытқан кезде бала бір ойы санасымен басқа бір дүниеге еніп кетеді. Сол ойыншығының көмегімен өзара қарым-қатынасқа түсіп, тілін байытады, ой-өрісін жетілдіріп, дүниетанымы өседі. Ойынға беріліп кеткен болса, өз ойыншығын мінезіне сәйкес сөйлетеді.

Ұлы педагог В. И. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, баланың ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану ойын іс-әрекетінің тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Балаларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері оқу іс-әрекетінде өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптасады.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала - балалар ойыны. Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.

Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік іс- әрекеттерден (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері оқу іс- әрекетінде жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы , ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

1. 2. Балалар ойындарының тәрбиелік мәні

Ойын - тәрбие құралы, ақылды, ойды, тілді дамытады, сөздік қорды, сезімді кеңейтеді. Баланың мінез-құлқын тәрбиелеп, адамгершілікке жетелейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын жайлы
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Мектепке дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын
Ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің даму барысын зерттеу
Бала санасын ұлттық салт-дәстүрді қалыптастыруда ойындардың рөлі
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы
Балалар бақшасында мерекелік ертеңгіліктерді ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері
Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қасиеттерін қалыптастыру
Музыкалық аспаптардың түрлері
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дидактикалық ойындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz