Оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Оқыту әдістемесіндегі жаңа
технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .4
2.Оқытудың интерактивті
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3. Оқу үрдісінде дамыта оқыту технологиясын
қолдану ... ... ... ... ... ... ... 14
Қолданлған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...17
Кіріспе
Әдіс (методос деген грек сөзінен туады—зерттеу немесе таным жолы),
тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі.
Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді.
Педагогакалық энциклопедия "Оқыту әдістері" — мұғалім мен оқушылар
жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны
игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды, — деп
жазылған.
Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының
міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің
тәсілдері.
Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына
мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп
жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.
Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені, оқытуда ең
бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра
ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің
ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелср: оқыту әдістері ең анық фактілерді
білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны
жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты
өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының
қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.
Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал
мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді
ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен
оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
"Оқыту әдісі" және "әдістемелік тәсіл" ұғымдары бір-бірімен тікелей
байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды
бөлімдер). Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б.
1. Оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі
мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім
алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге
шығу - делінген.
Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік,
дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін,
ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай
білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.
Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты
технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға
лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты.
Әдістеме ғылымы Нені оқыту керек?, Не үшін оқыту керек?, Қалай оқыту
керек? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы Қалай нәтижелі
оқытуға болады? деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни
оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр
түрлі әдістері арқылы анықталады.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі және
қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа
ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды
даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл прцесті іске асырудың негізгі
құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық
ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете
меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың
тілін білетін мұғалім қажет.
Ақпараттық технология терминін академик В.М. Глушков енгізген. Білім
беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан,
В. Глушковтың анықтауынша, Ақпараттық технологиялалар ақпаратты өңдеумен
байланысты прцестер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның
құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары
ұғымы пайда болды. А. Горячевтің тұжырымдауынша, Ақпараттық технология-
мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік
редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р.
Әбдірәсілова болса, Ақпараттық технологияны оқыту құралдары жүйесінің
элементі деп қарастырады.
Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне
тоқталып өтейік:
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық
және он-лайн сабақтары. Өзім қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық
технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кебинеттерінде
интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты
өткізуді ойластырып, жоспарлаймын.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз
бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге,
өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен
жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін
сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін оқытуда да ақпараттық
технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Мәселен, 5-сыныпта
әдебиетпен танысу халық ауыз әдебиетінен басталады. Бұл блокта оқушылар
тұрмыс-салт жырлары, мақал – мәтелдер, ертегілер сияқты ауз әдебиеті
үлгілерімен танысады. Оқушылардың мақалдарды түсініп, есте сақтауын
қамтамасыз ету мақсатында интерактивті тақтаның көмегі зор. Мұғалім
тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада мақалдарды ребус түрінде
береді, оқушылар сол ребусты шешеді. Келесі сабаққа өздері де ребус ойлап
тауып, тақтаға салып, басқа оқушылардың шешуін сұрайды. Поэзияға тоқталатын
болсақ, бұнда да ақпараттық технологиялардың да алар орны зор. Оқушыларға
әуелі слайд көрсету арқылы өлең авторының өмір жолымен таныстырып, осы
өлеңнің шығу тарихына ерекше тоқталып, мазмұнын меңгертіп, электронды
оқулықта берілген әр түрлі интерактивті тапсырмаларды орындатамын. Жоғары
сыныптарда роман, әңгімелерді оқыту үлкен қиыншылықтарға әкеп соғады,
себебі балалар кітап оқып отырғаннан компьютерде көбірек отырғанын қалайды.
Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады.
Мәселен, романды оқуға екі немесе үш сағат берілсе, білімді бекіту
сабағында электронды оқулық бойынша тест және т.б. бақылау түрлерін өткізу,
оқушылармен пікірталас жүргізуге болады. Үй тапсырмасы ретінде шығармашылық
топ құрып, соларға осы роман немесе әңгімеден үзіндіні кино қылып түсіріп,
келесі сабақта интерактивті тақта арқылы сол киноны сыныпқа көрсетуге
болады. Міне, осындай ақпарат құралдарының көмегімен сабаққа қатысу
белсенділігі төмен оқушылардың да қызығушылығын арттыруға болады.
Қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технология келесі жұмыс түрінде
де қолданысын табады. Бұл оқушылардың аса шығармашылығын талап ететін жоба
жұмысы. Бұл жұмыс түрін жүргізгенде оқушылар техникалық құралдарды қолдану
арқылы жобасын дайындайды. Мәселен, сабақта ақын-жазушының шығармашылығымен
танысу үшін арнайы топ құрылып, тақырып бойынша терең мағлұмат жинап,
онымен бүкіл сыныпты таныстыру мақсатында балалар мұражай қызметшілеріне,
белгілі әдебиетші, тарихшыларға барып сұхбат алып, тақырыпқа байланысты
материалдарды суретке түсіріп, жалпы толық бейнематериал жинақтайды.
Жиналған мағлұматтарды компьютер арқылы өңдеп, қысқаша деректі фильм етіп
шығарады. Содан соң бұл фильмді сабақ үстінде сынып назарына ұсынады.
Осындай өзгеше жұмыс түрлерін өткізу арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамытуға, олардың пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды
тұлғаны қалыптастыруға әбден болады.
Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап көрсетуге
болады.
1. Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай
дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін
еркін сезінеді.
2. Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік
және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше
еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға
мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындайды. Сол
арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.
3. Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса,
балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз
жағдайларды болдырмау үшін қазақ тілі мен әдебиет сабағында компьютер
арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданылады.
Мысалы, СТО стратегияларын, дидактикалық үлестірмелер, түрлі ребустар,
суреттермен жұмыс кросвордтарды жатқызуға болады.
Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың
білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге
пайдасы бар.
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша,
ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың
информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда
мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-
жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты
талап етеді.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту
процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік
байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби
потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау
қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы
заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары
деп есептейміз.
2.Оқытудың интерактивті әдістері
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер
бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде
жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде
нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту
әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы
білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік
тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық
тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде
оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы
керек.
Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi
таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта
оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер
и н т е р - а к т и в т i деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану
сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да
бар.
Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті
оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке
тұдлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын
қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып
табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана
қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде
оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік
сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік
қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті
ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі
өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін
басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.
Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері
Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа
жету үшін, белсенді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz