Оқушылардың музыкамен тынығу жұмысын ұйымдастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Оқушылардың музыкамен тынығу жұмысын ұйымдастыру

Орындаған: Есенжолов Н.А.
Тексерген:

Қостанай, 2015ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Оқушыларға мәдени тынығу жұмысын ұйымдастыру
1.1. Оқушылардың музыкаға баулу мен тәрбиелеудің негізгі
әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің мақсат-
міндеттері ... ... ... ... ... ..10
1.2 Мерекелер мен ойындар өткізу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2. Мәдени тынығу қызметіндегі мерекелік шаралар сценарийі
2.1 Музыка пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда
сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Аналар мерекесіне арналған мерекелік
сценарийі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..38

Кіріспе
Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында
түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын
тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір,
білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.
Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымдарда оқу- тәрбие жұмыстары мен
педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің
тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық - әлеуметтік
үрдістерге сай, жаңаша түсінік- таныммен жан-жақты білім беру, келешектің
әмбебап маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.
Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе
алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезім. Ол өзінің көркемдігімен, нәзіктігімен
сана сезімін кеңейтіп, жақсы мінез-құлықтарының қалыптастыруына әсерін
тигізеді. Олай болса Бұлақ көрсең - көзін аш - деген нақыл сөздің өзі
адамды алға жетелейді. Өнерлі балаларға демеу көрсетіп, алғашқы қадамына
балабақшадан бастап жолын ашса, болашақ жас ұрпақтың тамыры тереңінен
қаланады деп ойлаймын.
Мәдениет - адамзат жасаған әрi жасайтын және жеке адамның жарасымды
дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және
эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған
материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.
Мәдениет қызметкерi - кәсiби қызметi мәдени құндылықтарды сақтаумен,
дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен
байланысты болатын жеке адам.
Мәдениет саласындағы әлеуметтiк мәндi iс-шаралар - республикалық
деңгейде және шет елдерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет
күндерiн, фестивальдер, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу жөнiндегi iс-
шаралар және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру. [1]
Мәдениет саласындағы қызмет - мемлекеттiк органдардың, заңды
тұлғалардың және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету,
сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту
жөнiндегi қызметi;
Эстетикалық тәрбие жас ұрпақтың өскен ортасын дұрыс таңдауға, олардың
нәзік сезімді, ұшқыр –қиялды, мейірбан болып өсуіне елеулі ықпал етеді.
Эстетикалық тәрбиенің ең басты саласының бірі - музыка. Біз музыканы
тыңдағанда көңіл күйіміз өзгере сала береді. Адам сезімі тым ұшқыр, шегі
жоқ.
Сол ұшқыр сезімді бейнелеп жеткізуге тек музыканың ғана құдыреті
жетеді. Қазақ халқының педагогикасында балалар мен жастарға музыкалық
эстетикалық тәрбие беруде сан түрлі тәсілдері бар. Музыкалық эстетикалық
тәрбиенің қалыптасу мен дамуы, халықтың сан- ғасырлық тарихымен, тыныс
тіршілігімен, тұрмыс- салтымен, және мәдениеті- мен байланысты.
Қазақ халқының өнері, ән- күйлері, аңыз ертегілері, жыр – дастаны,
әдет- ғұрыптары, айтыс өнері. Қазақ халқы қашаннан да әнге , өлең – жырға
бай, ән шығармашылығының да жанрлары сан алуан.
Мерекелер мен ойын – сауықтарға қатысуға белсенділігін артыру үшін,
өнерлі балаларды қалалық мерекелік кештерге қатыстырып, өз өнерлерін
көрсетуге: өлең оқу, ән айту, би- билеуге талпындырып, шығармашылық жолға
тәрбиелейді. Жыл сайын өтілетін қалалық, аймақтық, балалар шығармашы-лығы
байқауына өнерлі балаларды қытыстырамыз , болашақ жас әншілік қадамына жол
көрсетеміз. Балабақашаның жас бүлдіршіндері яғни жас әншілері қалалық пен
аймақтық балалар шығармашылығы байқауына қатысады.

1.Оқушыларға мәдени тынығу жұмысын ұйымдастыру
1.1. Оқушылардың музыкаға баулу мен тәрбиелеудің
негізгі әдістемелері
Қазіргі мектепте музыкалық білім беру, музыкалық тәрбие беру баланың
шығармашылық талабы мен музыканы қабылдауының дамуына бағытталған. Болашақ
музыка мұғалімін дайындау барысында музыкалық көңіл-күйінің, ой сезімінің,
көзқарасының үлкен маңызы бар.
Музыка үйрету жұмысының түрлі әдістемесі оқу материалының мазмұнына,
оқушылардың жас ерекшелігіне және олардың шығармашылық, танымдық үрдістерге
деген қабілеттеріне орай өзгеріп отырады.
Өткізілетін материалға жан-жақты түсіндірмелік шолу жасау әдістемесі
оқушының өз бетінше ізденіп, іс-қимыл жасауға арналған ізденушілік
әдістемесімен өзара біріге қолданылса, зор нәтиже береді.
Үйретілетін ән-күйдің сезімдік-драмалық тұрғыдан сатылай үйретілуіне
арналған әдістеме сабақтың шарықтау барысына арналады. Әр түрлі нұсқада
құрылатын ән-күй сабағының музыкалық-драмалық әдіспен өрбуі де жиі
қолданылады.
Ұстаздық бақылау мен оқушының өзін-өзі байқап отыру әдістемесі, әр
оқушыға баға қою, оның музыкалық дамуына нақтылы сәйкес жүргізілсе ғана
көрнекті жетістік берері сөзсіз. Ұстаз бағасы мен үйге берілген тапсырма
оқушының музыка қабілетінің даму сатысын көрсететін ең негізгі көрсеткіш
екенін ұмытпаған жөн.
Ұстаздың белгілі бір ән-күй, шығармаға деген өзіндік көзқарасының
болуы және оны бейнелі сөзбен, іс-әрекет, көркем қимылмен көрсете білуі
сезімге әсер ету әдістемесі деп аталып, ол оқушы қабілетінің артуына игі
әсерін береді.
Музыкалық қабілеттің, яғни ән айту, аспапта ойнау шеберлігінің
айтарлықтай өсуі, ондағы нақтылы табыстың болуы, оның ұстаз тарапынан айқын
көрсетілуі оқушы санасында мақтаныш сезімін тудырып, оның шығармашылық
қызметке деген ынтасын барынша арттыра түседі.
Жағымды үлгі көрсету, музыка өнеріне деген сенімділік білдіру,
жаттығулар көрсету, олардың жеке бастың сезімдік дамуына қызмет істеуі, ән-
күй сабағына деген кызығушылык тудырары сөзсіз.
Ән-күй сабағына кешенді әдістемелер қолдану, ұстаздың белсенді
музыкалық қызметі, сабақтың барлық элементтерінің тұрақты қолданылуы
оқушылардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етеді. Түрлі
әдістемелік үрдістерді алмастыра қолдану әр сабақтың мақсаты мен міндетіне,
ұстанымы мен мазмұнына байланысты өзгеріп тұрары анық.
Мектепте үйренетін ән-күйлерге қойылатын әдістемелік талаптар мынадай
тәртіпте орындалуға тиісті:
1) Әндердің жоғары көркемдігі, еркін орындалу мүмкіндігі қаралады.
2) Әндердің орындалу мүмкіндігін алдын ала тексеріп алу, қиындық
туғызатын тұстарын меңгеру әдісін анықтап алу.
3) Үйренетін әнге кызығушылық тудыратын әңгіме айту, оқушы қиялын
ұштау.
4) Ән-күйді тыңдау және айтып беру немесе ойнап көрсету.
5) Ән-күймен танысқаннан кейін өткізілетін әңгіме-кеңес. Онда
шығарманың мінезін, музыкалық көркем бейне беретін негізгі мәнерлерін
анықтау.
6) Көркемдік және техникалық қағидаларды сақтай отырып әнді үйрену
кезеңі. Вокалдық шеберліктің әннің көркемдік бейнесін ашуға қызмет істеуін
қадағалау. Әнді орындау жөніндегі сөздік түсініктеме беру және ұстаздың ән
фразаларын жеке айтып беруі осы жерде аса қажет болады.
Әнді жаңадан үйрену жұмысын мынадай тәртіппен жүргізуге болады:
1) Ұстаздың өзі орындап көрсетуі.
2) Ноталық жазбаны қолдану.
3) Ән әуенін жай екпінде, жеке фраза, шумақтармен үйрену.
4) Ән интонациясы мен ырғағының өте дәл орындалуын тұрақты қадағалау.
5) Әннің кейбір қиындау жерлерін жеке бөліп қарау.
6) Ән мәтінніің логикалық шыңын анықтау, дикциямен жұмыс істеу.
7) Ұстаз бен оқушының әнді орындау жоспарын ойластыруы.
8) Әр сабаққа арналған жұмыс жоспарын жазып отыру.
9) Екі, үш дауысты әндерді үйренуді әр дауысты жеке көрсетуден бастау
керек. Дауыстарды қосуды біртіндеп сатылай жүргізген дұрыс.
10) Ұстаздың дирижерлік әдістерді қолдануы ән үйрену кезеңін
жеңілдететіні сөзсіз.
Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні. Қазақ әндеріндегі философиялық
ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ
әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті
мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез -
құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ
халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық
қөзқарастарын, ақыл - ойының жиынтығын танытады. Казақ әндерінің
дидактикалық, танымдық касиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан
көрсетеді.
Казақ халық әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген
жіктемелер де баршылық (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бекқожина,
З.Қоспақов, т.б.). Жіктемелерін бәрін өнертану саласында толық қолдауға
болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалануға болмайды,
өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді
шектейді. Біздің пайымдауымызша мектеп практакасында мазмұнды пайдалану
мақсатында казақ әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін былайша жүктеген дұрыс
сияқгы:
- тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар
әндері);
- еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал
туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әңдер, жұмысшы
әндері);
- үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу,
сыңсу, құдалар әңдері);
- ұлыс әндері (жарапазан); діни әдет - ғұрыптар тудырған әндер
(бәдік, бақсы, сарыны);
- жаналазау әндері (естірту, жұбату, көңіл айту);
- нақиялы әндер (алғыс, бата, тілек, жұмбак, мысал-әжуа, күлдіргі
мыскыл әндер);
- қиял-ғажайып әндер (аңыз әңдер, өтірік өлеңдер);
- сатиралы - юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);
- тарихи әндер;
- әлеуметтік теңсіздік әңдері;
- эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);
- айтыс әндері;
- лирикалық әндер.
Қазақтың халық әңдері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық
идеяларының өркениеттілігімен, болмастығы көзғарасты әсерлі бейнелеуімен,
көркемдік айырмашылығымен оқушылар назарын өзіне аударады.
Қазақ әңдерінің музыкалық-поэтикалық құрылымының күрделілігі, жас
буынның ой-сезімі мен танымдылығына әсер етуші күштерінің сан қилы болып
келуі, оның өнер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Ал біздер сөз еткелі ытырған окушылардың музыкалық-эстетикалық дамуын
жетілдіруде ән тәрбиелік мүмкіндіктерін нәтиежелі пайдалану казақ әндерінің
өзіндік бітім - тұлғасын, мазмұнын түп төркінін, көркемділік мәнерін жете
білмейінше, ойдағыдай жүзеге асырылмайды.
Қазақ әндерінін ерекшеліктері әдебиет саласында А.Қоңыратбаев,
Р.Бердібаев, Б.Уақатов және баска зерттеушілердің еңбектеріңде талданды.
Педагогикалық зерттеудерде казақ әндерінің ерекшеліктері жөніңде арнайы
еңбектер болғанымен, осы мәселе төңірегіндегі ой-пікірлер мен
пайымдауларды С.А.Ұзақбаеваның, А.Нұғымованың, М.Х.Балтабаевтың,
Ж.Өтемісовтың ізденістерінен байқауға болады.
Біздер жоғарыда аталған ғылыми еңбектерге сүйеніп педагогикалық
түрғыда карастырылған ән мұраларының казақ өмірімен тығыз байланыстылығы,
тарихилығы, көп варианттылығы, философиялық ой тереңдігі, көркем
образдылығы, синкреттілігі, дидактикалық және танымдық маңыздылығы жөне
мелодиялық интонациялық кұрлымындағы әуен өсемділігі деп ажыраттық.
Осылайша байлам жасауымызға А.Қоңыратбаевтын ән-өлең шығармаларына берген
сипаттамаларын, ерекшеліктерін: "Олар - фольклордың коллективтік және
үлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлігі, тарихилығы және ауызекі дамуы...
фольклор синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз,
би және ән-күй енері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде керінеді", -
деген тұжырымдарын негізге алуга болады.
1.2 Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің
мақсат-міндеттері
Мақсаты: айнала қоршаған әлем мен өмірлік құбылыстарды сезінуге
қабілетті, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала
тұлғасын қалыптастыру.
Міндеттері:
- мерекелер мен ойын-сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасын
арттыру;
- елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастыру, қоғамдық өмірге
араласуына талпынысын тәрбиелеу.
Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің мазмұны:
Балалармен бірге мемлекеттік, жалпыұлттық мерекелерді атап өту:
Білім күні. Қазақстанда тұратын ұлттардың тіл мерекесі – Көп тілде
сөйлей білеміз. Қазақстан Республикасының күні – Еліміздің туған күні.
Тәуелсіздік күні – Еркіндік күні. Жаңа Жыл. 8 Наурыз – Аналар мерекесі.
Наурыз – Көктем мерекесі. Күлкі күні – Күлейікші шаттана. Қазақстан
халықтарының бірлігі күні – Достық күні. Жеңіс күні. Балаларды қорғау
күні.[2]
Мемлекеттік және жалпыұлттық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту.
Мерекелер мен ойын-сауықтарға қатысуға белсенділігін арттыру.
Серуенде жүргенде мемлекеттік мерекелер қарсаңында қаланың, көшелер
мен үйлердің қалай безендірілгенін бақылау.
Мереке қарсаңында топ бөлмесін безендіру. Мерекеге дайындығын
мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін
қолдау.
Мерекелік ойын-сауықтар мен кештерге қатысып өз өнерлерін көрсетуге:
өлең оқуға, ән салуға, би билеуге, ойын ойнауға, ертегі кейіпкерлерін
сомдауға қатысуға талпыныстарын қалыптастыру.
Өз қолдарынан туысқандары қызметкерлеріне арнап сый-сияпаттар мен
мерекелік шақыру билеттерін дайындау, ойыншықтар мен әшекей бұйымдарын
жасауға талпыныстарын қалыптастыру. Үлкендерді мерекемен құттықтауға
үйрету.
Спорттық ойындар мен іс-шараларға (жаздық, қыстық) белсенді қатысып,
түрлі жаттығуларды орындауда, спорттық жарыстарда өздерінің ептілігі мен
шапшаңдығын, зеректігін танытуына мүмкіндік жасау.
Үлкендер ұйымдастырған ойын-сауық түрлеріне қызығушылығын арттыру
(қуыршақ театры, музыкалық және әдеби композиция, концерт, ән кештері,
ертегі, телебағдарламалар мен мультфильмдер көру).
Түрлі сайыстарға, жұмбақтар шешуге, тақырыптық кештерге, ән
байқауларына, театрландырылған көріністерге қатысу белсенділіктерін
арттыру.
В. А. Сухомлинский былай деген:
Егер сәби шақта музыкалық шығарманың әсемдігін жүрекке жеткізе білсе,
мәдениеттің жоғары сатысына көтеріледі деген[7]
Осы бір қағида сөздің мағынасында қаншама тәрбиелік сырлы сөз жатыр.
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата – баба сұлу ән, асыл сөздің
кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой –санасын игі адамгершілікке жетелейді.
Ән қанатында халық ойынның тереңдігі, шексіз қиялы, шешен тілі, берік
сақталып, заманның алдын орап, кейінгі ұрпаққа таратылып келе жатыр.
Осы орайға байланысты мәдени тынығу қызметіндегі тәрбиелік іс-шаралар
көп өткізіледі.[2]
Мәдени тынығу орталықтарында жыл бойына өтілетін Әнші балапан,
Даусыңнан айналайын, Әнші болғым келеді атты балалар шығармашылығын
шыңдап, жас әншілер таңдауын жасап, қалалық мерекелік іс-шараларға
қатыстырады.
Мерекелер мен ойын – сауықтарға қызығушылығымен оған қатысуға ынтасын
арттыру арқылы елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастырып, қоғамдық
өмірге араласуына талпынысын тәрбиелейді.
Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе
алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезім. Ол өзінің көркемдігімен , нәзіктігімен
сана сезімін кеңейтіп, жақсы мінез-құлықтарының қалыптастыруына әсерін
тигізеді. Олай болса Бұлақ көрсең - көзін аш - деген нақыл сөздің өзі
адамды алға жетелейді. Өнерлі балаларға демеу көрсетіп, алғашқы қадамына
мәдени орталықтардан бастап жолын ашса, болашақ жас ұрпақтың тамыры
тереңінен қаланады.[14]
1.2 Мерекелер мен ойындар өткізу жолдары
Мереке - бұл күн басқа күннен бөлменің безендірілуімен, үлкендер мен
балалардың сәнді киімдерімен, қонақтарды шақырумен, ерекше ас мәзірімен,
тосын сый, сыйлықтармен ерекшеленеді.
Қысқы мерекелер басқа да мерекелер сияқты, мектепке дейінгі мекеме
жұмыс істейтін бағдарламаға сәйкес барлық жас ерекшелік топтарындағы
балалармен өткізіледі. Мерекені өткізудің формалары әр түрлі болады:
- Қыс тақырыбы бойынша тақырыптық немесе комплексті сабақтар;
- театрландырылған әрекеттер, олардың тақырыптары қысқы суреттемелер
бола алады;
- халықтық фольклор негізіндегі мерекелер (Ауылдағы апама қонаққа
барамыз, Қысқы жәрмеңке, Менің Отанымдай әдемі жер жоқ!)
- әдеби-музыкалық көрініс (Қыс кереметі, Қысқы мерекелер, Қысқы
суреттер, Қысқы сыйлықтар)
- Мереке тақырыптары және олардың мазмұны мекеме ұжымы қолданатын
бағдарламада негізделген мүмкіндіктер және жағдайлар, педагогикалық бағдар,
мекеме дәстүрлерімен анықталады.[3]
Мерекеде шығармашылық тасырмаларды іздену барысында табиғи, шығармашыл
жағдай тууы мүмкін: ән және би құрастыру, үлкендер мен тәрбиеленушілердің
біріккен іс-әрекеті.
Ең бастысы мереке баланы қуанту керек. Ғажайыптарға толы, таныс
кітаптардың жаңа кейіпкерлерімен кездесу, сыйлықтармен, қызықты ойындармен
қуанту керек. Мереке балаларға қуаныш, шаттық сыйлауы керек. Мерекеге
үлкендердің қатысуы балаларға үлкен қуаныш сыйлайды.
Мерекеге дайындық кезінде балаларға күш көрсетуге болмайды. Балалар
мерекеге сол күнге арналған дайындықпен, өз еріктерімен келгені жөн. Мереке
қонақтарға арналып дайындалмайды, ол балаларға арналған мереке.
Бала әнді дұрыс айта алмай қалады, сөзін ұмытып қалады, биден шатасып
қалады деп қорқуға болмайды. Бала өзін - өзі емін еркін, сенімді ұстап,
үлкендердің көмегін, сергектікті және кеңпейілдікті сезінуі керек.
Егер сюжетті ойын араласса, ең қиың жұмыс балаларға жаңа және
қызықты, кездейсоқ болып көрінеді.
Мерекелік орындауларда балалар қуана және қызығушылықпен таныс
материалдарды қайталайды. Оның тақырыпты болуы міндетті емес. Ол сол
жастағы балалардың музыкалық дамуына арналған негізгі міндеттерді шешуіне
көмегі тиетін материал болып табылады.[3]
Балаларға мерекелік шараны ұйымдастырушы үлкендер оған сәбилер мен
ата-аналарды қатыстырады. Таныс ойындарды, әндер, билер, тақпақтарды немесе
жаңа күтпеген қызығушылық туғызатын және барлық қатынасушыларға қуаныш
сыйлайтын әдістерді қолданады.
Үлкендердің, әсіресе ән айта алатын, би билейтін, ертегі, тақпақ оқып
беретін, қойылымдарда қатысатын ата-аналардың белсенділігінің арқасында
балаларға қуаныш пен бақыт сыйлайтын жақсы эмоционалдық жағдай туындайды.
Егер бала мерекеден кейін достары мен ата-анасына өзінің мереке
жөніндегі ойымен бөлісуге асықса, ол осы ойымен көп күн жүреді – онда сіз
мақсатыңызға жеттіңіз. Яғни, балаға мереке ұнады.
Мерекелерге дайындық кезінде , балаға мереке тек қана қуаныш сыйлағаны
маңызды. Мереке балаға бақытты кезең болып, оның есінде көпке дейін
сақталып қалуы қажет.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған.
Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және
қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі,
қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып
бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп
жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды
дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және
шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын
реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған
рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі
жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері
сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік
жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй
жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады.
Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал
ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар
қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. [4]
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның
бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын
пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар),
биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық
танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және
жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық
ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар
музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару
ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге,
әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық
ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу
қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек
суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін
байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар
санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың
ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты
бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық
көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар
тәрбиеленеді.

2. Мәдени тынығу қызметіндегі мерекелік шаралар сценарийі
2.1 Музыка пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда
сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу жолдары
Қазақ мектептеріндегі балалар тәрбиесі оның жеке басының жан-жақты
гармониялық даму принципіне негізделе құрылған.
Осыдан келіп мынадай міндет туады: балының қабілет дамуына әсер етіп,
біліммен қаруландырып, еліміздің білімді, жан-жақты, ғылым мен техникада,
өнерде шығармашылық жұмыс жасай алатын азаматты тәрбиелеу.
Жалпы музыкалық тәрбие көлемінде мекьтептегі музыка сабақтары арнаулы
орындаушылық дағдыларды тар көлемде қарастарды. Ал қазіргі музыка сабақтары
балаларды жан-жақты дамыту барысында алдынакөптеген мақсаттар қояды.
Дәлірек айтсақ: балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай
қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және
музыкаға қызығушылығын арттыру.
Жан-жақты музыкалық даму балының ішкі дүниесін байытады, сонымен
қатар музыка өнерін терең және толық қабылдатып қан қоймайды, айналадығы
дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді. Ән айту, музыка
тыңдау, музыка әдебиеттерімен танысу, музыкалық сауат және қозғалыс (ырғақ)
музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері.
Балаларды музыкаға тәрбиелеудегі сан сұрақтардың бірі – музыкалық
шығармашылық болып табылады, яғни балалардың өздері құрыстырған вокальдық
және аспаптық шығармалар. Осы жерден келіп екі түрлі көзқарас қалыптасады:
1. Композиторлық дарыны бар балалар ған музыкалық шығармашылықпен айналыса
алады, олардың әрі қарай шығармашылық ақбілетін дамыту керек.
2. Әрбір баланы музыкалық шығармашылыққа баулу - әрбір баланың дамуында
зор роль атқарған.
Өзі құрастырға шығармалырдағы музыкалық шығармашылық белсенділік
қандай дәрежеде болмасын музыкалық ойлауына, орындаушылық шеберлігіне
елеулі әсер етеді.
Музыкалық шығармашылық ән айту, тыңдау, музыкалық сауаттылық және
музыкалық ырғақ педагогикалық процестермен байланыста болса ғана,
шығармашылық белсенділік нәтижелі болады. Сонымен қатар, жоғары сапалы
маманданған педагог баланың жас, психологиялық ерекшеліктерін ескеруге
міндетті.
Осы ерекшеліктерді ескере отырып, төменгі сыныптарда музыкалық-
эстетикалық тәрбие сабақтан тыс уақытта да беріледі. Сыныптан тыс
жүргізілетін жұмыстар балалардың музыкалық қабілетін дамытып, эстетикалық
талғамын қалыптастыруда зор роль атқарады.
Бала бойындағы көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын
дамытуда, талантын ұштауда жалпыға бірдей білім беретін
мектептердегікөркемөнерпаздар үйірмесі мен музыкалық көпшілік жұмыстардың
тәлім-тәрбиелік маңыза ерекше. үйірмелерде оқушылар музыка сабағында алған
білімін кеңейтіп, орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады.
Бірақ, музыкалық тәрбиенің сыныптан тыс түрі жалпыға бірдей міндетті емес.
Бұл жұмыстарға оқушылар өз тілегі бойынша қатыстырылады және олардың
бейімділігі ескеріледі.
Мектептегі бір сағаттық музыка сабаға оқушылардың музыкалық бейімділігін
жете дамыта алмайды. Сондықтан сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық
жұмыстарға қатысуы арқылы олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік туады. Бұл
жұмыстардың қай түрі болсын, оқушының музыка сабағынан алған білімін
толықтыруы тиіс. Музыка сабағында уақыттың тығыздығынан қол жете бермейтін,
орындау дағдыларын терең меңгертуге, яғни музыканың көркемдік құралдарының
шығарма мазмұнын жасаудағы ролін өз орындаулары арқылы түсінуге мүмкіндік
жасалады.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың бірнеше түрі бар. Олар ортақ
белгілеріне қарай екі топқа: көпшілік және үйірмелік болып бөлінеді.
Енді осының ішінде сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық-көпшілік
жұмыстардың түріне тоқталамыз.
Сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық-көпшілік жұмыстар оқушыларды барынша
көбірек қамтуды, олардың танымын кеңейтіп, музыка өнеріне деген көзқарасын
қалыптастыруды мақмат етеді. Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім баланың жас
ерекшелігінескере отырып, оны қызықтыратындай тақырып пен музыкалық
материал таңдап алғаны жөн. ұйымдастыру алдында біршама дайындық әңгіме
жүргізіледі.
Көпшілік музыкалық жұмыстың да бірнеше түрі бар. Олар: лекция-концерттер
өткізу, концерттерге бару, көпшілік-музыкалық мерекелерге қатыстыру,
байқаулар менконкурстар ұйымдастыру. Бұл жұмыстар оқушылардың музыкалық
танымын кеңейиіп, олардың қабілетін дамытуға жол ашады, талғамын
қалыптастырады.
I. Лекция-концерт. Музыкалық жұмыстың бұл түрі белгілі бір тақырыпты жан-
жақты тереңдетіп түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Мәселен,
И.Нүсіпбаевтың көптеген әндері музыка сабағында өтіледі. Ал оның өмірі
мен басқа шығармалары жөнінде мәліметтер де оқушыларды қызықтыруы
мүмкін. Осыған байлансты ңұстаздықпен ұласқан талантң тақарыбы бойынша
лекция-концерт ұйымдастырып, ұстаз-композитордың өмірі мен шағармалары
жайлы, ол негізін қалаған ңБалдырғанң ансамблі жайлы айтып өтуге
болады. Жеке дауысқа, хорға арналған әндерін хор үйірмесінің
мүшелеріне айтқызу балалардың орындаушылық ынтасының оянуына ықпалық
тигізері сөзсіз.
Музыка сабағында тақпақ, сазда ән, терең тақырыбын өту кезінде
ңМахамбеттің термесің тыңдатылса, сол сабақтан кейін ңМахамбет батыр, ақын
және күйшің деген тақырыппен халық батырын әр қырынан танытатын лекция-
концрет ұйымдастыруға болады.
Домбыра-дастанң атты лекция-концерт өткізу үшін домбыраның шығу, даму
тарихы жайлы мағлұматтар мен аңыз күйлер лайық.
ңЖұмбақ-концертң өткізу кезінде мұғалім шығарманың тақырыбын
құпиялап, композитордың аты-жөнін табу жолын айтады. Сол композитордың
балаларға арналған шығармалары таныстырылады, талданып, тыңдатылады. Мұндай
концертті ребус шешкізумен де бастауға болады. Мысалы;
1. Ханның сурет салынған ңХң әрпі сызылады.
1. ңМиң нотасы нота сызығына орналастырылып, аты таптырылады.
2. S, P, mf – белгілерінің жалпылама атауларының (динамика) алғашқы буыны
(ди) алынады. Сөйтіп композитордың аты-жөні (Хамиди) таптырылады.
Оқушыларға оның бұрынна таныс шығармалары - ңҚазақ вальсің, А.Жұбановпен
бірігіп жазғанңАбай операсынан Абайдың ариясы қайта тыңдатылып, бұл
шығармалардың жазылу тарихы жан-жақты таныстырылады.
II. Радиохабарлар. Музыка төңірегіндегі белгілі бір тақырыптардың мазмұнын
кең түрде таныстыру мақсатында мектеп ішінде радио торабынан хабарлар
ұйымдастыралды. Оны ұйымдастыру төмендегі талаптарға сай болғаны жөн:
1. Тыңдаушылар зейінін аударып қызықтыру үшін және музыканы ден қоя тыңдату
үшін қысқаша кіріспе әңгіме айтылады. Мазмұнына композитор
шығармашылығының ерекшелігі арқау болғаны жөн. Себебі, музыка тыңдау
барысында бұл барынша айқындала түседі.
2. Композитор өмірінің белгілі бір кезеңінде жазылған танымал шығармалары
таңдалып алынады.
3. Жанрлық ерекшеліктері қарама-қарсы мазмұндағы шығармалардың қатар
қойылғаны жөн. Бұлай ету шығарманың әсерін арттырады.
4. Әңгімені танымдық, адамегршілік, тәрбиелік мазмұнда құрған жөн.
5. Музыкалық шығармаларды бөлімдерге бөле отырып, оның көркемдік сипаты
жөнінде кеңінен әңгімеленеді. Шығарманың барынша түсінікті болуы мақсат
етіледі. Радио хабар үзіліс аралығында, бөлшектене отырып беріледі.
III. Музыка апталығы. Мектепте өткізілетін музыка апталығына сол мектептің
оқушылары түгелге жуық қамтылады. Апталықта істелінетін жұмыс
көлемінің ауқымы кең болғандықтан, оны ұйымдастыруға мектептің,
сыныптардың ұжымдық ұйымдары, тәрбие ісінің меңгерушісі, сынып
жетекшілері қатысады. Ал аптылақтың мазмұны мен ұйымдастырылуының
сапасы музыка пәнінің мұғаліміне байланысты. Сондықтан мұғалім апта
ішінде жүргізілетін жұмыс жоспарын алдын ала дайындап, оның барынша
қызғылықты етіп ұйымдастырылуын көздеуі тиіс. Жергілікті
композиторлармен кездесу ұйымдастырылып, олардың әндерін оқушыларға
орындатуға, көркемөнерпаздар үйірмесінің концерттерін өткізіп, музыка
мектептерінің ұстазданымен кездесу-концерттер ұйымдастыруға,
киномеханиктермен келісіп, музыкалы көркемфильмдер көрсетуге,
музыкалық лекторийлер, белгілі бір тақырып бойынша сыныпаралық
жарыстар ұйымдастырып, ата-аналар алдында қорытынды концерт беруге
болады. Музыка апталығының бағдарламалық жоспары алдын ала ілініп,
хабарланады. Зал мен дәліздер түрлі ребустермен, викториналық
сұрақтармен, сөзжұмбақтармен, ұлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың музыкамен тынығу жұмыстарын ұйымдастыру
Мектептегі музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Музыка арқылы адамның ерекше сезіну қабілетін арттыру
Мектеп оқушыларының спортқа деген тұрақты қызығушылығы жәнеқабілеттерін дамыту
Сыныптан тыс музыкалық қызмет кіші сынып оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыру тәсілі ретінде
Мектепте музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларыпәні
Студенттердің бойында музыка–педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау
Барлық дыбыстарды анық айту
Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жайында
Пәндер