Оқшау сөздер және оның сөйлемдегі қызметі
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Орал гуманитарлық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Оқшау сөздер және оның сөйлемдегі қызметі
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Оқшау сөздердің құрылымдық-семантикалық сипаты
1.1. Оқшау сөздердің құрылымдық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...6
1.2. Қаратпа, қыстырма сөзді
сөйлемдер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Одағайлардың
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...11
2. Оқшау сөздердің сөйлемдегі және функционалдық
стильдердегі қызметі
2.1. Оқшау сөз, сөйлемдердің негізгі сөйлемге қатысы,
атқаратын

... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Қазақ ертегілері тіліндегі оқшау сөздер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тілді қолданушы жеке субьекті
болғандықтан, ол обьективтік түрдегі тілдік бірліктер арқылы субьективті
көзқарасын, яғни тыңдаушыға немесе қоршаған ақиқат шындыққа деген
эмоционалды-экспрессивті қатынасын білдіреді. Бұл әсерлілік, экспрессиялық
пен бейнелілік тілде әр алуан амалмен жүзеге асырылып отырады. Сол
амалдардың бірі ретінде сөйлемнің оқшау бөліктерінің тілде әр түрлі
стильдік қызметте жұмсалуын да атауға болады. Стильдік тәсіл ретінде және
бейнелеуіш амалдар жүйесінде оқшау сөздердің қазақ тіліндегі, әсіресе,
көркем әдебиетте атқаратын қызметі орасан зор.
Қазақ тіл білімінде оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы,
синтаксистік сипаты сияқты грамматикалық табиғаты осындай және басқа да
мәселелерді қарастырған қазақ тіл біліміндегі А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов,
М.Балақаев, Т.Қордабаев, І.Кеңесбаев, С.Жиенбаев, С.Аманжолов, М.Томанов,
А.Ысқақов, К.Аханов, Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, Қ.Есенов, Е.Жанпейісов,
Б.Манасбаев, Б.Хасанов, Р.Әміров, Б.Шалабаев, Н.Уәлиев, М.Бимағамбетов,
Н.Егіншібаева, Л.Дүйсембекова, Г.Садырова т.б. ғалымдардың еңбектері
жұмыстың теориялық негіздемесі ретінде алынды. Осы еңбектер негізінде
жазылған бұл жұмыстың зерттелу өзектілігі оқшау сөздердің тіл ғылымында
әзірше тың жатқан немесе түбегейлі зерттелмеген, әлі де толықтыра, айқындай
түсуді қажет ететін проблемаларының бірі – олардың (оқшау сөздердің)
стильдердегі қолданысына, өзіндік ерекшеліктеріне арналғандығында болып
отыр. Оқшау сөздер қай тілде болса да жиі қолданылып, сөйлеуде
коммуникацияны “жанды” ете түседі, әр түрлі эмоционалды-экспрессивті
реңктер үстеуде қызмет атқарады және олардың қолданылуында өзіндік
ерекшеліктері болады. Сондықтан оның стильдік қызметін зерттеу
стилистиканың жалпы проблемаларын шешуге де көмектеседі. Оқшау сөздерді
стильдік жағынан зерттеу арқылы басқа да тілдік бірліктердің, сөз
таптарының да функционалды стильдердегі қызметінің сырын аша түсуге
мүмкіндік туады. Тілдік құралдардың, оның ішінде сөйлемнің оқшау
бөліктерінің қолданылуының жалпы сырын ашу жалпы тіл мәдениетін жетілдіруге
де септігін тигізеді. Зерттеу жұмысында оқшау сөздердің сөйлеудегі
қызметінің экстралингвитикалық факторларға байланысты, оның ішінде
антропоцентристік бағытта қарастырылып, адам факторымен, ұлт
менталитетімен, тілді тұтынушылардың психологиялық ерекшеліктерімен
байланыстылығын көрсетілуін де жұмыстың қазақ тіл білімінде өзекті
мәселелердің біріне арналғандығы деп көрсетуге болады.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі оқшау сөздердің ауызекі сөйлеу,
көркем әдебиет тіліндегі, публицистикалық шығармалардағы, ресми-іс
қағаздары және ғылыми стильдердегі қызметі.
Зерттеу пәні. Қазақ тіліндегі оқшау сөздердің функционалдық
стильдердегі қызметі.
Зерттеу мақсат-міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты қазақ тіліндегі
оқшау сөздердің функционалдық стильдердегі қызметінің деңгейін ашып
көрсету, оқшау сөз, сөйлемдердің негізгі сөйлемге қатысы, атқаратын
қызметін анықтау болып табылады. Осы мақсатқа орай жұмыста мынадай
міндеттер қойылды:
• Функционалдық стилистика тұрғысынан оқшау сөздердің тілдік жүйедегі
орнын және сөйлеудегі қызметін анықтау;
• Көркем әдебиеттегі оқшау сөздердің қолданылуындағы ерекшеліктерді
айқындау;
• Оқшау сөздердің ауызекі сөйлеу стиліндегі стильдік қызметінің
ерекшеліктерін ашып көрсету;
• Публицистикалық стильдегі оқшау сөздер қызметінің деңгейін анықтау;
• Ғылыми стильдің өзіндік ерекшелігіне байланысты ондағы оқшау сөздер
қызметінің аясын айқындау;
• Ресми іс қағаздар стилінде оқшау сөздердің қолданылу себептерін
нақтылау.
Зерттеу болжамы. Қазақ тіліндегі оқшау сөздердің стильдердегі қызметін
анықтау, біріншіден, сөз таптарының стильдік қызметін талдап-тануға көп
көмегін тигізеді, екіншіден, оқшау сөздердің айтушының сан түрлі
субьективтік көзқарастарын, сезімдерін жеткізудегі бар мүмкіншіліктерін аша
түседі.
Зерттеудің әдістанымдық негізі. Ғылыми еңбекте негізгі мәселені
зерттеуде лингвистика, этнолингвистика, психология, қазақ тілінің
стилистикасына байланысты ғылыми – әдістемелік еңбектер мен оқу құралдары
негіз болды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында компоненттік, контекстік талдау
әдісі, лексика-семантикалық талдау, ғылыми сипаттама, салыстыру, бағалау,
қорыту және стилистикалық талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Оқшау сөздердің құрылымдық ерекшеліктері
Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа
түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері.[1]
Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай
түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Өзге мүшелермен
қабыса, матаса, меңгеріле, қиыса байланыспай, оқшауланып тұрады. Оқшау
сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын (-
Балақай, сурет сала білесің бе?), айтушының оған деген көзқарасын (-
Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады), көңіл-күй, сезім толқынысын (-Апыр-
ай, сөзің сүйектен өтті-ау!) білдіру мақсатында қолданылады. Оқшау сөздер
мағыналық белгілері мен жасалу жолдарына қарай одағай, қаратпа, қыстырма
сөздерге жіктеледі.
Белгілі бір сөйлемнің синтаксистік құрылымына жанаспай, оқшау тұратын
қаратпа, қыстырма, одағай сөздер.
Фельетон терминінің қызметін атқарған және сол жанрдағы шығармаларды
танушы тарихият қолданыс (историзм).
Оқшау сөздер сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа
түспейтіндігі себепті олардан үтір немесе леп, сұрау белгілерімен дараланып
тұрады.
Оқшау сөздер - сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамматикалық
байланысқа түспейтін сөздер мен сөздер тіркесі. Оқшау сөздер сөйлемдегі
басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді дегенде оның (оқшау
сөздердің) сөйлем құрамындағы өзге сөздермен не қабыса, не матаса, не
меңгеріле, не қиыса байланыспайтындығы ескеріледі. Сондықтан да олар сөйлем
мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемдегі өзге мүшелерден оқшауланып
тұрады. Оқшау сөздер арқылы сөйлемнің мағынасы нақтыланады, автордың
көзқарасы аңғарылады.
Мысалы: Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр
жауады.
Бірінші сөйлемде бүгін Алматыда жаңбырдың жауатындағы үзілді- кесілді,
нақты айтылса, екінші сөйлемде олай емес, ой топшылау, долбарлау ретінде
беріліп тұр. Ондай мағынаны беріп тұрған, меніңше деген қыстырма сөз. Оқшау
сөздерге қаратпа, қыстырма, одағай сөздер жатады.
Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді
қолданады. Кейде сөйлеушінің қарата айтып отырғаны адам болмай, жансыз
заттар да болып келеді, бұл - көбінесе көркем әдебиетте кездесетін құбылыс.
Мысалы, Тыңда, дала, Жамбылды! Тыңда, Қастек, Қаскелең, сөйлесін кәрі
бауырың (Жамбыл).
Қыстырмалар күмәнділікті, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай-ақ
ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылады. Қыстырмалар жеке
дербес сөздер ыңғайында да, сөз тіркесі ыңғайында да, тіпті сөйлем
ыңғайында да кездеседі. Мысалы, Өзің білесің, мен қазақ баласына жалынып
жорғалап көргем жоқ-ты (М. Ә.)
Одағайлар кісінің сезімін, көңіл-күйін білдіру қажет болғанда
қолданылады. Мысалы, Япырай, ғажап екен бұнысы! - деді Балқаш. Уа, Қалиса
жеңгей, аманбысың!
1.2. Қаратпа, қыстырма сөзді сөйлемдер
Сөйлем стилін түрлендіруде қаратпа, қыстырма сөздердің де қызметі
ерекше. Олар сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланыста
айтылмағанымен, мағыналық байланыста жұмсалып, ойды тартымды, әсерлі, дәл
түсіндіруге үлкен қызмет атқарады.
Қаратпа сөз әсіресе шешендік сөзде, үндеуде, диалогты сөйлем-де, кім
үшін, кімге қарап, неге арналғанын және сөйлеушінің. ішкі сезімін аңғарту
үшін жұмсалады. Мысалы, Шырағым, сен ағаңның тілін ал — деген сөйлемді кім
айтса да, жылы шыраймен айтылып отырғаны бірден ан.ғарылады, оның
орнынаСен, оңбаған, ағаңның тілін ал!— десек, біреудің екінші біреуді жек
көріп айтқаны аңғарылады. Бұл мағыналық, эмоциялық айырмашылықтың болуы,
бір жағынан, сөйлемнін, айтылу эуенімен байланысты болса, екінші жағынан,
ең бастысы сөйлемде қолданылған қаратпа сөздердің мағынасымен байланысты.
Қаратпа сөздердің түрлері де, сөйлемдерге енгізетін мағыналық өзгерістері
де аса елеулі, олардың негізгілері мыналар:
1. Әй, ей — қаратпа сөздері бар сөйлемдер дөрекілікті білдіреді. Әй,
Олжабек бері кел (Ғ. Мұстафин). Бала, әй бала, қайдасың?— деді аттылы адам
(С. Ерубаев).
2. Бірқатар қаратпа сөздер біреуге жылы шыраймен жасы кішіні жақын
көріп сөйлегенде қолданылады. Олар — қалқам, шырағым, күнім, сэулем,
бауырымсияқты біреуді басқа затқа балап айтқан сөздер. Мысалы:
Қарағым, бермен кел,
Бізге де көңіл бөл! (Абай).
—Құстың жемін экелші, қалқам,— деді Амантай Ботакөзге
(С. Мұқанов). Шырағым, сен абыржыма. Жыламашы, күнім.
(Ғ. Мүсірепов). Балалар, аманбысың, шырақтарым? (Жамбыл). Не сездің,
айтшы, күнім, айым (М. Әуезов). Әбіш, қалқам, сенбісің? (М. Әуезов).
Мұндағы сөйлемдердің эмоциялық мағыналарын әлі де болса құбылта түсу
үшін қаратпа сөздердің құрамына модальді шылау сөздер (ай, ау) қосылған.
— Қарағым-ай, сен бе едің? (Ғ. Мүсірепов).
— Қарағым-ай, тұршы тезірек ... Күнім-ау, не істегелі жұр едің? (С.
Мұқанов).
3. Біреуді жақын көріп, ұлық санап не еркелеп сөйлегенде, кісі атын
қысқартып Ақа, Сәке, Жәке деп немесе інішек, қарындас, апа, апеке, ағатай,
жеңешедеп, пәленше аға, пәленше апа деп, немесе орысшаның ізімен кісінің
аты мен әкесінің, атын қоса айтады.
— Ақа, қозың бүгін түгел ме?
— Түгел, қарағым! (Ғ. Сланов).
— Ибрагим Құнанбаевич! Әрине, белгілі, сіз басы алтын адам-сыз (М.
Әуезов). Апа-ау, алты ата екені рас емес пе?
Әдетте қаратпа сөздер адамды нысанаға алып айтылатын сөз болса, көркем
әдебиетте сөйлемге ерекше эмоциялы әр енгізу үшін жансыз затты жанды, адам
тәрізді қаратпа етіп те жұмсайды.
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын! (Абай).
Тыңда, дала, Жамбылды,
Тыңда, Қастек, Қаскелең,
Сөйлесін кәрі бауырың
(Жамбыл).
— Е, қызыл гул, таң атарда шешек атып сыланасың...
(С. Ерубаев).
— Уылжыған ақша бет, қуарсайшы!
Жылап-жылап, мөлдір көз, суалсайшы...
Мал орнына қор болып кеткеніңше...
Өліп қана, қыз сорлы, уансайшы!
(С. Сейфуллин).
5. Қаратпа сөздер — жұртқа шешендік бет бұрудың, ұран-үн-деудің ерекше
бір тәсілі ретінде де жұмсалады. Мысалы, жолдас—тар! Қымбатты жолдастар!
Азаматтар! сияқты сөздер мұндайда жиі қолданылады.
6. Қаратпа сөздердің мағыналарын күшейту үшін олар бірыңғай қатар
тұрып, кейде екі жарылып не одағай сөздермен қабат-тасып айтылуы да мүмкін.
— Сақтаған, Нұрбек, сендер өз үйлеріңе баратын шығарсыңдар? (С.
Мұқанов). Арылма, өлең, арылма, домбырам, күйден жа-ңылма!—Күнім, қарағым,
сен бе едің? (Ғ. Мұсірепов). Балалар, аманбысың, шырақтарым, майысып көлге
біткен шұрақтарым? (Жамбыл). Ойбай, Балжан-ау, менің ойымда... ештеңем жоқ ...
Қө-ңіліңе ауыр алма, қарағым! (С. Сейфуллин). Ойбай-ау, не дегенің,
қарағым!? (С. Сейфуллин).
Қыстырма сөз — сөйлемге модальді мағына үстейді. Мо-дальділік —
айтылған ойға айтушының көзқарасын қоса білдіру. Әрбір сөйлемге сондай
модальділік тән. Мысалы, сөйлеуші, жазушы бірдеңенің жайына көзі жетіп не
болжап, не күмәнданып сөйлем құрауы мүмкін: Қайыржан келді. Қайыржан
келетін шығар. Қайыржан келер ме екен? Сөйлемнің осындай мағыналық айырма-
шылықтарын түрлендіре түсу үшін оның. ішіне оқшау сөз қосып айтуға да
болады. Мысалы,Мен білсем, Қайыржан бүгін келеді. Кайыржан, шамасы, бүгін
келетін болар. Қайыржан, кім біледі, келе ме екен?
Қыстырма сөздердің бірқатары ойдың айтылу тәсілін, өз ара қа-тынасын,
тағы басқа мағыналарды білдіреді. Қысқа сөйлемдегі ойға, оның айтылу
тәсіліне айтушының көзқарасын да білдіру мақ-сатымен қыстырма сөздер сөйлем
құрамына еніп отырады.
Қыстырма сөздер осындай стильдік қызмет атқаруда сөйлемге ерекше
эмоциялы-экспрессивті де мағына енгізеді. Бұл жағынан •әсіресе кісінің
көңіл күйін, сезімін білдіретін қыстырма сөздердің орны ерекше.
Мына атының сымбаты, шіркін, өзгеше екен! Шіркін, жер-ақ екен! (Ғ.
Мүсірепов). Шынын айту керек, мен мұны бұрын білмеу-ші едім. Не істер
дейсің,тәйір?— деп, Кайракбай экеме қайрат бе-рейін деді (С. Мұқанов). Е.
бәсе, солай болу керек еді! (С. Мұқа-нов). Амал қанша, сен дұрыс айтып
тұрған жоқсық (Ә. Әбішев). Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы!
1.3 Одағайлардың қызметі
Одағай сөздердің мағыналық жағынан да, морфологиялық жағынан да,
синтаксистік қызметі жағынан да өзіне тән ерекшеліктері бар. Осымен
байланысты одағайлардың жалпы сөз таптарының ішінде алатын орны ерекше.
Одағай сөздер мағына жағынан да заттың (субстанцияның) өзі туралы да,
сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жай-күйі туралы да ұғым бермейді.
Олай болса, одағайлар мағына жағынан зат есім, сын есім, сан есім, есімдік,
етістік, үстеу сияқтанған негізгі сөз таптарына тән сөздердің бірде-
біреуіне ұқсамайды. Осындай ерекшеліктерімен байланысты, одағай сөздер
сөйлемде не тұрлаулы мүше, не тұрлаусыз мүше қызметін атқармайды,
сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік қарым-қатынасқа түспейді.
Сонымен қатар, одағай сөздер түрлі шылау сөздерге де ұқсамайды,
өйткені шылау сөздердің лексикалық мағыналары болмағанымен, сөйлемдегі
басқа мағыналы сөздермен селбесіп, оларды өзара байланыстыратын
грамматикалық дәнекер болып қызмет атқарса, одағайларда бұл қасиет жоқ.
Одағайлар - өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол ерекшеліктері
мыналар:
Біріншіден, одағай сөздердің мағыналары адамның әр түрлі сезімімен
байланысты шығатын дыбыстық ишараттарды білдіреді. Мысалы: Мұны бастап
жүрген кім екен ә? Япырмау, жастық деген қандай қызық? дегендердегі ә,
япырмау деген сөздер одағайлар. Алғашқы сөйлемдегі ә күдіктенгендікті
білдірсе, соңғы сөйлемдегі япырмау деген сүйсіну, шаттану жайын байқатады.
Екіншіден, адамның көңіл күйі құбылмалы болатындықтан, одағай
сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы демек, көп
мағыналы болып келеді.
1. Одағай сөздің мағынасы адамның әр түрлі сезіміне байланысты шығатын
дыбыстық ишаратты білдіреді. Япырмау, жастық деген қандай қызық
2. Сөйлемде айтылатын ойдың жалпы аңғарына қарай бірде сүйсіну, бірде
кею, ренжу, күдіктену сияқты құбылыстарды білдіріп, құбылып отырады. Әй,
кім бар мұнда?
3. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді,
сөйлем мүшесі болмайды. Қап, бар еңбек зая кетті-ау.
Алғаш рет дербес сөз табы ретінде одағайлар Варонның латын
грамматикасында қарастырылып, тіл білімінің тарихи даму кезеңінде
одағайлардың грамматикалық табиғатына әр түрлі анықтамалар беріліп отырды.
Мұндай анықтамаларды төмендегідей топтауға болады:
1. Одағайлар – құрамы жөнінен, сөздерді сөз таптарына бөлу мәселесінен
тыс қарастырылған синтаксистік топ.
2. Одағайлар сөз таптары жүйесіне кіреді, бірақ сөйлемде синтаксистік
байланысқа түспей оқшау тұрады.
3. Одағайлар сөз таптары жүйесіндегі көмекші сөз қатарына жатады.
Қазақ тіл білімінде Ахмет Байтұрсынұлы: Қуаныш, реніш, күйініш,
уайым, қайғы, жан күйзелгенде , тән рахат тапқанда шығатын дыбыстар,
дауыстар, айтылатын сөздер, хайуандарға айтылатын сөздер, жанды, жансыз
заттардың дыбысын, дауысын еліктеп айтатын сөздер, дауыстар, шақырулар бәрі
одағай сөз тобына кіреді, - деп одағайлардың мағыналарын кең ауқымда алып,
олардың қатарына дыбыстық еліктеуіш (мысалы, тарс- тұрс) сөздерді де
қарастырғанын аңғарамыз.
Мен өз жұмысымда одағайларды бастапқы табиғатынан таратып, ғалымдар
арасындағы өзіндік ой – пікірлер мен көзқарастарға назар аудардым.
Одағай сөздердің күнделікті өмірдегі , яғни, ауызекі тілдегі
қолданысын дереккөздерге сүйене отырып тұжырым жасадым.
Қазақ тіл білімінде одағай сөздер сөз тобына жатқызылып, сөйлемнің
оқшау бөліктері ретінде қарастырылып жүргенін ескере отырып, тақырыпқа
нақтылы кіріспес бұрын сөз таптарының шығу тарихына және жекелеме оқшау
сөздерге біршама аздап тоқталғанды жөн көріп отырмын.
Тілдің ғасырлар бойындағы тарихи даму барысында оның сөздік құрамы мен
грамматикалық құрылысы өзгеріссіз қала алмайды. Сөздердің лексикалық
табиғатында да, грамматикалық табиғатында да алуан түрлі өзгерістер болады,
олар қолданылу ыңғайына, атқаратын қызметіне қарай сараланады, топтасады.
Осылайша дамудың барысында сөздердің топтары сараланып, сөз таптары
жасалады да, олардың әрқайсысы өзіндік жалпы категориялы мағынаға ие
болады.
Сөздерді тапқа (топқа) бөлу тіл білімінің өз алдына дербес ғылым болып
қалыптасуынан көп бұрын, біздің заманымыздан бұрынғы 4 – 5 ғасырлардан
басталады. [ 5;167].
Қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлудің алғашқы сатысын салған түрколог
– Николай Иванович Ильминский болды.
Морфологияны сөз ететін қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық 20-
жылдардың алғашқы жартысында дүниеге келді.
Одағай сөздер еліктеуіш, лептеуіш деп екі түрге бөлінген. Бұл оқулықта
сөздерді тапқа бөлуде олардың мағынасына сүйенген. Үстеу, демеу,
жалғаулықтарды шылау сөздердің құрамына енгізгенімен, ол үшеуін үш түрлі
сөз табы деп есептейді де, қазақ тілінде тоғыз түрлі сөз табы бар дегенді
айтады. Оқулықтарда сөздерді, тұлғалық белгілеріне қарай , түбір сөз,
туынды сөз, қос сөз, қосалқылар, қосымшалар деп бес түрге бөлген.
Тек морфология ғана емес , қазақ тіл білімінің басқа салалары
терминдерінің басым көпшілігі (орыс тілі лингвистикалық терминдерінен
калька түрінде алына тұрса да) осы 20 – жылдар ішінде жарық көрген
оқулықтардан басталады.
Сөздерді әр түрлі лексикалық –грамматикалық топтарға бөлу, олай бөлуде
басшылыққа алынатын принциптер Қ. Жұбанов назарынан да тыс қалған жоқ.
Сөздерді тапқа бөлуде профессор Қ. Жұбанов та алдымен оларды түбір
тап, шылау тап одағай тап деп үш түрге бөледі де, басқаларын осы үшеуінен
таратады. Мұндағы өзгешелік, негізінде, терминдік жағында. Сонау көне
заманнан бері қарай үшеуінің бірі ретінде аталып келген есім деген атау
орнына автор түбір тап дегенді алған да, есімді одан бөліп шығарған. Бірақ
автордың қолданған бұл термині ғылымда орнықпады.
Оқулық шеңберіне шығып, сөздер табы категориясын ғылыми грамматика
аумағында қарау талабы елуінші жылдарда жүзеге асты.
Соның алғашқы қадамы ретінде 1954 жылы Қазіргі қазақ тілі атты
коллективтік еңбек жарияланды. Осы еңбектен бастап, бұрынғы сегіз сөз табы
үстіне тоғызыншы болып, еліктеуіш сөздер қосылды да, сөз табының саны
тоғызға жеткізілді. Еліктеуіш сөздер бұған дейінгі еңбектерде еліктеу
одағайы деген атпен одағай сөздер тобына қаралатын. Бұл еңбектің және содан
бері жарияланып келе жатқан морфологиялық зерттеулердің бұрынғылардан, яғни
жоғарыда сөз болған еңбектерден өзгешеліктері - мәселелерді кеңірек қойып,
терең де жан – жақты баяндауларында.
Біз одағай сөздердің мән – мағынасын аша түсу үшін, оқшау сөздер
табиғатына да, яғни нақтылап айтатын болсақ, қаратпа сөз бен қыстырма
сөздерге де тоқтала түссек...
М.Томанов пен С. Сайрамбаев қаратпа, қыстырма және одағайларды
сөйлемнің негізгі құрылымынан оқшауланған бөліктер деп қараудың себебін 1)
олардың белгілі бір синтаксистік конструкция құрамында ғана көрінуімен,
2)сөйлемнің негізгі құрамының лексика- грамматикалық ерекшеліктеріне
бағынышты болмауымен, 3) жеке алып қарастырғанда, дербес сөйлем беретін мән
– мағыныаны білдіре алуымен, 4) олардың сөйлемнің негізгі құрамы мен
қатынасын дербес сөйлемдердің өзара қатынасымен салыстыруға болатындығымен
түсіндіреді. Мен де осы ғалымдар айтып көрсеткен орынды тұжырыммен
келісемін.. Яғни, бұл зерттемелер сөйлемнің оқшау бөліктерінің синтаксистік
табиғатын толық көрсете алатын тұжырым деп мойындауға болады. Әйтсе де,
осындай жаңалықты ғылыми тұжырымға өзіндік қарсы ой – пікірін білдірушілер
баршылық. Ендеше, тақырыпты аша түсу үшін төменге көз жүгіртсек...
Дегенмен осындағы қаратпа, қыстырма, және одағайларды дербес сөйлем
беретін мән- мағынаны білдіре алады деген тұжырымға күдікпен қарауға тура
келеді - дейді ф.ғ.к. М. Арыстанбаев. Бұл пікір айтушы қарсы пікірін
білдіре отырып, орынды себебін де көрсете білген сияқты. Ол былай дейді: -
Себебі, қаратпа мен одағайлардың дербес сөйлем ретінде жұмсала алатындығы
айқын нәрсе болғанымен, қыстырма бөлікті сөйлемнен бөлек алып қарасақ,
дербес сөйлем беретін мән- мағынаны білдіре алады деуге келіңкіремейтін
сияқты. Осы сараптық көзқарастан кейін мен де Арыстанбаев пікіріне
қосыламын, әрі келешекте әлі де болса осы сұрақты жауаптың біршешімді
түйінін шешуді қарастырамын деп ойлаймын.
Қаратпа, қыстырма және одағай сөздердің басын біріктіретін қасиеті –
олардың синтаксистік қасиеті болып табылады. Демек, оқшау сөздер ерекше
синтаксистік категория ретінде қаралады. Оларды синтаксистік категория деп
есептеуге бірінші себеп: ойды, іс – әрекетті, т.б. хабарлау, айту үстінде
негізгі мағынаны беретін синтаксистік топтың шылауында, жетегінде , сонымен
қабаттаса келеді. Екіншіден, оқшау айтылған сөз, сөз тіркестерінің қандай
тұрғыда тұруы сөйлем мүшелерінің лексико – грамматикалық ерекшеліктерімен
айқындалмады. Үшінші ,бір ерекшелігі – олардың қай – қайсысы да – қаратпа
да , қыстырма да, сол сияқты одағайлар да дербес алып қарағанда жеке сөйлем
беретін мәнді, мағынаны, экспрессиялық мәндерді білдіреді.
Қаратпа, қыстырма және одағай сөздер өздерінің мағыналық та,
жаратылысы жағынан да мына себептерге байланысты, бірге қарастырылады: 1)
үшеуі де сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді; 2)
оқшау сөздер ( одағайдан басқасы) әр түрлі морфологиялық жағынан көбіне
көптеліп, тәуелденіп келгенімен де, ол да бәрібір басқа бір сөздермен
байланысқа түсуге себеп бола алмайды; 3)оқшау сөздер сөйлеуде ғана,
сөйлеммен бірге ғана өмір сүре алады. Олар сөйлемнің өн бойымен мағыналық
байланыста болады, -дейді зерттеуші Ш. Сарыбаев.

грамматикасында қарастырылып, тіл білімінің даму кезеңінде одағайлардың
грамматикалық табиғатына әр түрлі анықтамалар беріліп отырды. Мұндай
анықтамаларды төмендегідей топтауға болады.
1.Одағайлар- құрамы жағынан, сөздерді сөз таптарына бөлу мәселесінен
тыс қарастырылған синтаксистік топ.
2.Одағайлар сөз таптары жүйесіне кіреді, бірақ сөйлемде синтаксистік
байланысқа түспей оқшау тұрады.
3.Одағайлар сөз таптары жүйесіндегі көмекші сөздер қатарына жатады.

уайым, қайғы, жан күйзелгенде, жан рақат тапқанда шығатын дыбыстар,
дауыстар, айтылатын сөздер, жанды, жансыз заттардың дыбысын, дауысын
еліктеп айтатын сөздер, дауыстар, шақырулар бәрі одағай тобына кіреді, -
деп одағайлардың мағыналарын кең ауқымда алып, олардың қатарына дыбыстық
еліктеуіш (мысалы, тарс- тұрс!) сөздерді де қарастырғанын аңғарамыз.
Одағайлар, біріншіден, сөйлемге онымен ешқандай байланыспайтын сөздер
ретінде еркін ене алады, екіншіден, сөйлемнің синтаксистік құрылымының
компоненті ретінде фразеологияланған құрылымға ене алады.
Одағайлар мағынасы арқылы басқа сөз таптарынан төмендегідей
қасиеттерімен ерекшеленеді: біріншіден, басқа сөз таптары (көмекші
сөздерден басқа) атауыштық қызмет атқарса, одағайлардың семантикасы
диффузды болып келеді (яғни, бір ғана одағай бірнеше мағынада жұмсалады),
үшішіден, басқа сөздерге қаоағанда одағайлардың эмоцианалды- экспрессивті
мәні басым болып келеді.
Осы жерде күнделікті тұрмыс –тіршілікте қолданыста жүрген бірнеше
одағай сөздерді мысалға келтіре кетейік:
-Ойбай, үйден өрт шықты , не жасаған едім, Құдайым! Бұл жерде ойбай
сөзі күйініш, реніш мағынасын беріп тұр. Яғни, қатты қапалану, налу.
-Туһ, өзің түк ұқпайтын бірдеңе екенсің ғой! Туһ ауызекі қолданыста
жүрген, әсіресе жастар арасындағы тіл қатынасына жатқызамыз. Туһ – көңіл
толмаушылық, бірденеге келіспеушілік міндетті атқарушы одағай. Туһ! не
деген дауыс! Туһ – ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz