Операциялық жүйелерде рұқсат етілмеген қолжетімділіктен ақпаратты қорғау



КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Операциялық жүйелерде рұқсат етілмеген қолжетімділіктен ақпаратты қорғау

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2011ж.

Мазмұны

Кіріспе
І. Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру
1.1. Ақпараттық қорғау жүйесі
1.2. Қауіпсіздік саясаты және оның негізгі элементтері
1.3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамыту, оны
ұйымдастыруды жетілдіру
ІІ. Операциялық жүйелерде рұқсат етілмеген қол жетімділіктен ақпаратты
қорғау
2.1. Операциялық жүйелердегі қауіпсіздік саясатын басқару
2.2. Ақпаратты рұқсат етілмеген қол жетімділікен қорғау жүйелері
2.3. RealSecure – желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйе
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қазақстан өз егемендігін алған сәтінен бастап, әлемдік қауымдастыққа
ықпалдасу позициясынан нақты орын алды, өзін өндірістік және ауылшаруашылық
өнімдерін өндіретін тең деңгейдегі халықаралық кооперацияның мүшесі ретінде
ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қоғамды құрудың белсенді қатысушы
екенін көрсетті.
Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды
дамуына байланысты. Ғаламдық ақпарат қоғамның Хартиясында (Окинава) атап
көрсетілгендей, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші
ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып
табылады. Олардың революциялық әсері адамдардың жүріс-тұрысына, олардың
біліміне және жұмысына, сондай-ақ үкімет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-
қатынасына қатысты болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
әлемдік экономиканың қарқынды түрде дамуына маңызды стимул болып отыр.
Көптеген дамыған және дамушы елдер АКТ-ң дамуы мен таратылуы алып келетін
зор артықшылықты түсініп отыр. Ақпараттық қоғамға қозғалыс - бұл адамзат
өркениетінің болашағына жол болатындығы ешкімді де күмән туғызбайды.
Қазақстанның индустриалды қоғамнан ақпараттық қоғамға өтуі
ақпараттық теңсіздікті жеңуі, Қазақстандағы азаматтық қоғам мен
демократиялық дәстүрдің дамуына, ақпараттық теңсіздікті еңсеруге
байланысты. Бұл міндеттерді шешу тұрақты экономикалық өсуді, қоғамдық
жағдайдың көтерілуін, демократияны нығайту саласында әлеуметтік келісімді
ынталандыру, ашық және жауапты басқаруды, адам құқығы және бүкіл әлемде
Қазақстанның саяси және экономикалық тұрақтылығын нығайтуда және
Қазақстанның азаматтарының тең дәрежеде ғаламдық ақпараттық қоғамдастыққа
енуін қамтамасыз ететін мақсаттарға жету негіз болып табылады. Республикада
жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар ғаламдық желідегі Интернеттің ақпараттық сегментін, оның
рөлін және қазақстандық қоғамда алатын орны туралы түсінікті қайта қарауды
талап етеді.
Хабарлар тасымалданатын байланыс арналары көбінесе қорғалмаған болып
келеді және осы арнаға қатынас құру құқығы бар кез келген адам хабарларды
қолға түсіре алады. Сондықтан тораптарда ақпаратқа біраз шабуылдар жасау
мүмкіндігі бар.
І. Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру
1.1. Ақпараттық қорғау жүйесі

Ақпараттық қорғау жүйесі жобалау әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін
және бұл жағдайларға негізгі екі праметр әсер етеді: ақпарат қорғау
жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған
жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін
қаржы мөлшері.
Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен әзірлеу келесі тәртіп бойынша
жүргізуге болады:
- қорғанылуы көзделген деректердің тізбесін және бағасын анықтау үшін
деректер өңдеу жүйесін қойылған талдау жасау;
- ықтимал бұзушының үлгісін таңдау;
-ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз қол
жеткізу арналарының барынша көбін іздеп табу;
- пайдаланылатын қорғаныш құралдарының әрқайсысының беріктілігін
сапасы мен саны жағынан бағалау;
- орталықтанған бақылау мен басқару құралдарын әзірлеу;
- ақпарат қорғау жүйесінің беріктілігінің сапасын бағалау.
Ақпараттық қауіпсіздік
Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-
ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының
жай-күйі.
Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп
деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат
пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса,
жасырындылығын қолдауды түсінеді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді
қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық
әдістер мен құралдардан тұрады.
Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып
табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық,
техникалық шаралар қажет.
Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол
жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.
Қол жетерлік (оңтайлық) - саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық
қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі - ақпараттың,
техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз
(бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол
жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.
Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы.
Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған)
кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы
ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.
Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.
1983 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі қызғылт сары мұқабасы бар Сенімді
компьютерлік жүйелерді бағалау өлшемдері деп аталатын кітап шығарды.
Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет
жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие
бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы
басқаратын жүйе.
Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру
құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету
үшін жеткілікті ақпараттық және программалық құралдарды қолданатын жүйе.
Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшемі бойынша
бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік.
Ақпаратты қорғау құралдары - мемлекеттік құпия болып табылатын
мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, программалық
және басқа да құралдар, олар жүзеге асырылған құралдар, сондай-ақ, ақпарат
қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары.
Ақпараттық қауіпсіздікті қорғау ұлттық заңнаманың шығарылған
ақпараттың зияткерлік меншігін қорғау, Интернет арқылы таралатын
компьютерлік вирустардың, қорлау және ерсі ақпараттардың, қоғамға қарсы
үндеулердің, спам, ақпаратқа рұқсатсыз қолжеткізуді жібермеудің, Интернетті
пайдалануға қолданылатын қорғау құралдарын пайдаланудың тәртібін белгілеу,
сондай-ақ мұндай құқық бұзушылық жасаушы тұлғаларды тиімді анықтау және
жазалау үшін нормативтік шарттар жасаусыз мүмкін емес.

1. 2. Қауіпсіздік саясаты және оның негізгі элементтері
Қауіпсіздік саясаты - мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін,
қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп
нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір
деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын
құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет
шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады.
Қауіпсіздік саясатының құрамына ең кемінде мына элементтер кіруі
керек: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың
қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.
Кепілдік - жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім
өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын
көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған,
белсенсіз сынары деп сипаттауға болады. Кепілдіктің екі түрі болады:
операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге
асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.

Есепберушілік (немесе хаттамалау тетігі) қауіпсіздікті қамтамасыз
етудің маңызды құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты
барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу-жүргізу тексерумен
(аудитпен - тіркелу ақпаратына талдау жасаумен) толықтырылады.
Сенімді есептеу базасы (СЕБ) - компьютерлік жүйенің қауіпсіздік
саясаты жүзеге асыруға жауапты қорғаныш тектерінің жиынтығы. Компьтерлік
жүйенің сенімділігіне баға беру үшін тек оның есептеу базасын қарастырып
шықса жеткілікті болады. СЕБ негізгі міндеті - қатынасым мониторының
міндетін орындау, яғни, объектілермен белгілі бір операциялар орындау
болатындығын бақылау.
Қатынасым мониторы - пайдалынушының программаларға немесе деректерге
әрбір қатынасының мүмкін болатын іс - әрекеттер тізімімен келісімдігі
екендігін тексеретін монитор. Қатынасым мониторынан үш қасиеттің орындалуы
талап етіледі:
- оңашаландық. Монитор өзінің жұмысы кезінде аңдудан қорғалуға тиісті;
- толықтық. Монитор әрбір қатынасу кезінде шақырылады. Бұл кезде оны
орай өтуге мүмкіндік болмау керек;
- иландырылатындық. Мониторды талдауға және тестілеуге мүмкін болу
үшін ол жинақы болуы керек.
Қауіпсіздік өзегі - қатынасым мониторының жүзеге асырылуы.
Қауіпсіздік өзегі барлық қорғаныш тетіктерінің құрылу негізі болып
табылады. Қатынасым мониторының аталған қасиеттерінен басқа қауіпсіздік
өзегі өзінің өзгерместігіне кепілдік беруі керек.
Қауіпсіздік периметрі - сенімді есептеу базасының шекарасы. Оның
ішіндегі сенімді, ал сыртындағы сенімсіз деп саналады. Сыртқы және ішкі
әлемдер арасындағы байланыс ретқақпа арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретқақпа
сенімсіз немесе дұшпандық қоршауға қарсы тұра алуға қабілетті бар деп
саналады.
Объектінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз етуге арналған
жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді: даярлық кезеңі, ақпараттық қорларды
түгендеу, қатерді талдау, қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Осы аталған
кезеңдер аяқталған соң эксплуатациялау кезеңі басталады.
Даярлық кезең. Бұл кезең барлық келесі шаралардың ұйымдастырушылық
негізін құру, түпқазық құжаттарды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, үрдіске
қатысушылардың өзара қарым - қатынастарын анықтау үшін қажет. Даярлық
кезеңде ақпарат қорғау жүйесінің ақпараттың міндеттері анықталады.
Ақпараттық қорларды түгендеу. Бұл кезеңде, әдетте, объект, ақпараттық
ағындар автоматтандырылған жүйелердің құрылымы серверлер, хабар тасышулар,
деректер өңдеу және сақтау тәсілдері жайында мәлімет жиналады. Түгендеу
анықталған соң олардың осалдылығына талдау жасалынады.
Қатерді талдау. Келесі шаралардың нәтижелерді ақпараттық қорлардың
қорғанылу күй - жағдайның қаншалықты толық және дұрыс талдануына тәуелді
болады. Қатерді талдау мыналардан тұрады: талданатын объектілерді және
оларды қарастырудың нақтылану дәрежесін таңдау; қатерді бағалау әдіснамасын
таңдау; қауіптерді және олардың салдарын талдау; қатерлерді бағалау;
қорғаныш шараларын талдау; таңдап алынған шараларды жүзеге асыру және
тексеру; қалдық қатерді бағалау.
Қауіп бар жерде қатер пайда болады. Қауіптерді талдау кезеңі қатерді
талдаудың орталық элементі болып табылады. Қауіптердің алдын алу үшін
қорғаныш шаралары мен қүралдары қажет. Қауіптерді талдау, біріншіден,
мүмкін болатын қауіптерді анықтаудан (оларды идентификациялаудан) және,
екіншіден, келтірілетін болашақ зиянды болжау - бағалаудан тұрады.
Бұл кезеңнің орындалу нәтижесінде объектідегі қауіп - қатерлер тізбесі
және олардың қауіптік дәрежесі бойынша жіктемесі құрастырылады. Бұлар бәрі
ақпарат қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындауға, қорғаныштың ең
әсерлі шаралары мен құралдарын таңдап алуға, сондай - ақ, оларды жүзеге
асыруға қажетті шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.
Қорғаныш жоспарын құрастыру. Бұл кезеңде осының алдында жүргізілген
талдаудың нәтижесінде анықталған қатердерді бейтараптау үшін қорғаныштың
тиісті ұйымдастырушылық және техникалық шаралары таңдап алынады.
Қорғаныш жоспарын құру ақпарат қорғау жүйе,сінің функционалдық
сұлбасын әзірлеуден басталады. Ол үшін қорғаныш жүйесінің атқаратын
міндеттері анықталады және нақты объектінің ерекшеліктерін ескере отырып
жүйеге қойылатын талаптар талқыланады. Жоспарға мынадай құжаттар қосылады:
қауіпсіздік саясаты; ақпаратты қорғау құралдарының объектіде орналасуы;
қорғаныш жүйесін жұмысқа қосу үшін қажет шығындардың сметасы; ақпарат
қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын жүзеге асырудың
күнтізбелік жоспары.
Қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Бұл кезеңде қорғаныш жоспарында
келтірілген шаралармен қоса жабдықтаушылармен келісім - шарттар жасасу
жабдықтарды орнату және баптау, қажетті құжаттарды әзірлеу және т.б. осы
сияқты шаралар іске асырылады.
Қауіпсіздік саясаты (ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда) есептеу және
қатынас қорларын пайдалану тәсілін, сондай - ақ, қауіпсіздік режимін
бұзудың алдын алу және мән беру процедураларын дұрыс анықтайды. Қауіпсіздік
саясатын қалыптастыру іс - әрекетін келесі кезеңдер түрінде қарастыруға
болады:
Ұйымдастыру мәселелерін шешу. Бұл кезеңде ақпараттық қауіпсіздік
қызметі құралады, ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда
пайдаланушылардың санаттары, пайдаланушылардың барлық санаттарының
жауаптылық деңгейлері, құқықтары және міндеттері анықталады.
Қатерге талдау жасау. Қатерді талдау үрдісі нені қорғау керек, неден
қорғау керек және қалай қорғау (істеу) керек деген сияқты сұрақтардың
жауабын анықтайды. Мүмкін болатын қатерлердің бәрін қарастырып шығу керек
және оларды келтіретін зиянының ықтимал мөлшеріне байланысты жіктеу керек.
Қорғанышқа жұмсалатын қаржы қорғалынатын объектінің құнынан аспауға тиісті.

Жеңілдіктерді анықтау. Қорларды пайдалану құқықтары, қорларды қолдану
ережелері, әкімшілік жеңілдіктер пайдаланушылардың құқықтары мен
міндеттері, жүйелік әкімшілердің құқықтар мен міндеттері, жасырын
ақпаратпен жұмыс істеу тіртіптері және тағы басқа анықталады.
Қауіпсіздік саясатының бұзылуына жауап қайтару шараларын анықтау.
Қауіпсіздік режимін бұзушыларды табуға және жауапкершілікке тартылуға
бағытталған әрекеттер, сонымен қатар, ақпаратты бұрынғы қалпына келтіру
және бұзулардың зардаптарын жою шаралары анықталады.
Ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарды дайындау. Қауіпсіздік саясатының
негізгі жайлары әр түрлі нұсқауларда, қағидаларда, ережелерде және
өкімдерде келтіріледі.
Қауіпсіздік саясаты ақпарат қорғау жүйесінің қауіп-қатерлерге қарсы
әрекет жасауға бағатталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылық
(құқықтық) шаралардың, программалық-техникалық құралдар және процедуралық
шешімдер кешенінің жиынтығын анықтайды.
Ақпарат қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесіне қол жеткізу тек тиісті
ұйымдастыру шараларын қолдану негізінде ғана мүмкін болады.
Ұйымдастырушылық шаралар кешенінің құрамына ақпараттық қауіпсіздік қызметін
құру, жасақтау және оның іс-әрекеттерін қолдау, ұйымдастыра-өкімгерлік
құжаттар жүйесін дайындау жұмыстары, сонай-ақ, қорғаныш жүйесін құруға және
оның жұмысын сүйемелдеуге арналған бірқатар ұйымдастырушылық және
ұйымдастыру-техникалық шаралар кіреді.
Ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар жүргізу
ақпараттың сыртқа кететін жаңа арналарын дер кезінде табуға, оларды
бейтараптандыру шараларын қолдануға, қорғаныш жүйелерін толық жетілдіруге
және қауіпсіздік режимін бұзу әрекеттеріне жедел қарсы шара қолдануға
мүмкіндік береді.Қатерге талдау жүргізу қауіпсіздік саясатын
қалыптастырудың негізгі кезеңі болып табылады.
Ұйымдастыру мәселелерін шешілгеннен кейін программалық-техникалық
проблемалардың кезегі келеді - таңдалған қауіпсіздік саясатын іске асыру
үшін не істеу керек? Қазіргі уақытта құны атқаратын міндеті және сапасы
жағынан әртүрлі болатын ақпарат қорғау құралдарының көптеген түрі бар.
Олардың ішінен нақты объектінің ерекшелігіне сай келетінін таңдап алу
күрделі мәселелердің бірі болып саналады.
Қауіпсіздік саясаты мынадай элементтерден тұрады: қатынас құруды
ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі,
қауіпсіздік тамғасы және қатынас құрудың мәжбүрлі басқару.
Қатынас құрудың ерікті басқару - жеке субъект немесе құрамына осы
сцубъект кіретін топтың тұлғасын ескеру негізінде жасалған объектілерге
қатынас құруды шектеу. Ерікті басқару - белгілі бір тұлға (әдетте,
объектінің иесі) өзінің қарауынша басқа субъектілерге өзінің шешімі бойынша
объектігі қатынас құру құқығын бере алады.
Қатынас құрудың ағымдағы жағдайы ерікті басқару кезінде матрица
түрінде көрсетіледі. Қатарларында - субектілер, бағандарында - объектілер,
ал матрицаның түйіндерінде қатынас құру құқығының (оқу, жазу, орындау және
т.б.) кодасы көрсетіледі.
Операциялық жүйелердің және дерекқор басқару жүйелерінің көпшілігі осы
ерікті басқаруды жүзеге асырады. Оның негізгі жағымды жағы - икемділігі, ал
негізгі кемшіліктері - басқарудың бытырыңқылығы және орталықтандырылған
тексерудің күрделілігі, сондай-ақ, қатынас құру құқығының деректерден бөлек
қарастырылуы (қаскүнемдер осыны пайдалана отырып құпия ақпараттарды жалпы
қол жеткізерлік файлдарға көшіріп алуы мүмкін).
Объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі. Бұл элемент құпия
ақпаратты қоқтықтан кездейсоқ немесе әдейі шығарып алудан сақтайтын
қатынас құруды басқаратын құралдардың маңызды қосымшасы болып табылады.
Объектілерді қайтадан пайдаланудың мүмкін болатын 3 қаупі бар: жедел жадыны
қолдану, сыртқы сақтау құрылғыларын қайтадан пайдалану және ақпарат
еңгізушығару құрылғыларын қайтадан пайдалану.
Қорғаныш тәсілдерінің бірі - құпия ақпаратпен жұмыс істегеннен кейін
жедел жадыда немесе аралық жадыны тазалау. Жақсы әдіс деп тегерішті
нығыздау программаларын қолдануды да санауға болады.
Мәселен, принтерлердің аралық жадында құжаттардың бірнеше беті
сақталып қалуы мүмкін. Олар басу үрдісі аяқталған соң да жадыда қалып
қояды. Сондықтан оларды арашықтан шығарып тастау үшін арнаулы шаралар
қолдану қажет. Әдетте кездейсоқ биттер тізбегін үш қайталап жазу жеткілікті
болады.
Субъектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі жайында да қамдану
керек. Пайдаланушы ұйымнан кеткен кезде оны жүйеге кіру мүмкіншіліктерінен
айыру және барлық объектілерге оның қатынас құруына тиым салу керек.
Қауіпсіздік тамғасы. Қатынас мәжбүрлі басқарудың кезінде субъектілер
және объектілер қауіпсіздік тамғасы арқылы байланысады. Субъектінің тамғасы
оның шүбәсіздігін сипаттайды. Объектінің тамғасы оның ішіндегі сақталатын
ақпараттың жабықтық деңгейін көрсетеді.
Қауіпсіздік таңбасы екі бөліктен тұрып: құпиялылық деңгейі және
категориялар.
Құпиялылық деңгейі реттелген жиынтық құрайды және әр түрлі жүйелерде
құпиялылық деңгейлер жиынтығы әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпия құрайтын мәліметтердің
үш құпиялық дәрежесі тағайындалған және осы дәрежелерге сәйкес аталған
мәліметтердің тасушыларына мынадай құпиялылық белгілері берілген: аса
маңызды, өте құпия, құпия, ал қызметтік құпия құрайтын мәліметтірге
құпия деген құпиялылық белгісі беріледі.
Санаттар реттелмеген жиынтық құрайды. Олардың міндеті - деректер
жататын аймақтың тақырыбын сипаттау.
Қауіпсіздік таңбалардың тұтастығын қамтамасыз ету оларға байланысты
негізгі проблемелардың біреуі болып табылады. Біріншіден, тамғаланбаған
субъектілер мен объектілер болмау керек. Әйтпесе тамғалық қауіпсіздікте
(қолдануға ыңғайлы) саңылаулар пайда болады және қаскүнем осы жағдайды
пайдаланып қорғанылатын ақпаратқа заңсыз қол жеткізуі мүмкін. Екіншіден,
қорғалынатын деректермен қандайда болмасын операциялар орындалмасын,
қауіпсіздік тамғалары өзгермей қалуы керек.
Қауіпсіздік тамғаларының тұтастығын қамтамасыз етуші құралдардың
біреуі - құрылғыларды көп деңгейлік және бір деңгейлік деп бөлу. Көп
деңгейлік құрылғыларда әр түрлі құпиялық деңгейлі ақпарат, ал бір деңгейлік
құрылғыларда тек бір құпиялық деңгейі бар ақпарат сақталады.
Қатынас құрудың мәжбүрлі басқару. Қатынас құруды басқару мәжбүрлі деп
атаудың себебі - қатынас құру мүмкіндігі субъектінің ерігіне тәуелді емес.
Мұндай басқару субъектінің және объектінің қауіпсіздік тамғаларын салыстыру
негізінде жүргізіледі.
Ерге субъектінің құпиялылық деңгейіобъектінің құпиялылық деңгейінен кем
болмаса, ал объектінің қауіпсіздік тамғасында көрсетілген барлық санаттар
субъектінің тамғасында болса (яғни, осындай екі шарт орындалса), онда
субект объектіден кез келген ақпаратты оқи алады. Мысалы, өте құпия
субъект өте құпия және құпия файлдарын оқи алады. Бұл жағдайда
субъектінің қауіпсіздік тамғасы объектінің қауіпсіздік тамғасынан басым
деп атайды.
1.3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамыту,
оны ұйымдастыруды жетілдіру

Бірыңғай ақпараттық кеңістікте құқықтық қамтамасыз етумен қатар
субъектілердің ақпараттық өзара әрекет етуі ақпаратты қорғаудың
ұйымдастырушылық және техникалық шараларын қабылдауды талап етеді. Бұл
шаралар мыналарды қарастырады:
1) ақпараттың тарап кетуінің, жоғалуының, жасандылығының алдын алу;
2) жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі қауіп-
қатерінің алдын алу;
3) ақпаратты жою, модификациялау, бұрмалау, көшіру, шектеу бойынша
қолданылатын іс-әрекеттердің алдын алу;
4) жеке меншік объектісі ретінде ақпараттың және құжаттаманың құқықтық
режимін қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелерге
заңсыз араласудың басқа түрлерінің алдын алу;
5) азаматтардың ақпараттық жүйедегі бар дербес деректерінің
құпиялылығын және жеке құпиясын сақтаудың конституциялық құқығын қорғау;
6) құжатталған ақпараттың жасырындылығын және құпиялылығын сақтау;
7) ақпараттық үдерістерде және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық
технологиялар мен құралдарды шығару және қолдануды әзірлеу кезінде иелік
етуші субъектілердің құқығын қамтамасыз ету;
8) Қазнетке қатысушы ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігі және
ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету проблемалары бойынша ақпараттық-
анықтама қорын құру;
9) сыртқы теріс әсерден Қазнеттің ақпараттық кеңістігін қорғау;
10) Интернетті құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалану фактілерін анықтау
мақсатында Қазнеттің ақпараттық кеңістігінің мониторингін жүзеге асыру.
Бірыңғай ақпараттық кеңістіктегі субъектілердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
Телекоммуникация саласында ақпараттық технологияларды пайдалану жағдайы
Кәсіпорынның құрылымдалған кабельдік жүйелері мен желілерін жобалау, монтаждау, қызмет көрсету және олардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету
Деректер қорларын жобалау
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен танысу және ақпаратты заң жүзінде қорғау туралы мәліметтер
Компьютерлік желілердегі ақпараттық қорғау
Жергілікті компьютерлік желідегі ақпараттық қорғау ұйымы
Ашық кілтті жүйелер
АҚПАРАТТЫ КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ
Желілік жобалау мен басқару туралы түсінік
Пәндер