Оптикалық кабельдерді төсеу


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Оптикалық кабельдерді төсеу»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2013ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Тасымалдау желісін жетілдіру әдістеріне сараптама жасау . . . 6

1. 1 Байланыс жолдары . . . 6

1. 2 Технологиялар . . . 9

1. 3. Желі топологияларды салыстыру . . . 14

2. Оптикалық кабельдерді төсеу . . . 17

2. 1. Оптикалық кабельдер сипаттамасы . . . 17

2. 2. Таңдалған жүйенің техникалық сипаттамасы . . . 25

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33


Кіріспе

Қалалық байланыс желілерінде оптикалық кабель көп қолдануда. Себебі оптикалы-талшықты кабель арқылы байланыс ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бағытының бірі болып табылады. Оптикалық кабельдер мен жүйелер тек қалалық және қалааралық байланысты ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар кабельді телевидения, видеотелефония, радиотарату, есептеуіш техникада, корпоративті желілердің технологиялық байланысында қолданылады.

Оптикалық-талшықты байланысты қолдану арқылы ақпараттарды тарату көлемі, кең таралған спутникті байланыс, радиорелейлі байланыспен салыстырғанда тез өсті, яғни оптикалық-талшықты тарату жүйесі жіберу жолағы кең болады.

Байланыстың оптикалық кабель мен жүйесін дамытудың негізгі факторы болып оптикалы квантты генератордың-лазердің пайда болуы себепші болды. Лазер сөзі Light Amplification by Emission of Radiation сөзінің бастапқы әріптерінен құралып, индуцирленген сәуле көмегімен сәулені күшейту деген мағынаны білдіреді. Лазерлі жүйелер толқынның оптикалы диапазонында жұмыс істейді. Егер мәліметтерді тарату кабельмен жүргізілсе-мегагеряті жиілік, ал толқынтасығышта-гигагерц, онда лазерлік жүйелер үшін көрінетін және инфрақызыл жолақты оптикалық толқын диапазоны (жүздеген терагерц) қолданылады.

Байланыстың оптикалы-талшықты жұйесінің бағыттауыш жүйелерін өткізу көлемі мен қабылдау әдісіне байланысты диэлектрлі толқынтасығыш немесе талшық деп аталады.

Тарихына үңілсек бірінші әртүрлі қоспалы жарықтасығыш пайда болып, оның өшуі 1000 дб/км құрады, сосын 20 дб/км қшуі бар талшықты жарықтасығыштар пайда болды (1970 ж) . Бұл жарықтасығыштың жүрекшесі сыну коэффициентін жоғарылату үшін титан қосылған кварцты қолданды, ал сырты таза кварцпен қапталған. Келесі ұрпақ жарықтасығыштардың өшуі 4 дб/км дейін төмендеді (1974г. ), ал 1979 жылдары сипаттаммасы жақсарған, толқын ұзындығы 1, 55мкм тең жарықтасығыштар ( өшуі 0, 2 дб/км тең) пайда болды.

Қазіргі уақытта оптикалық-талшықты кабелдер көптеген елдерде өндірілуде және қолданыста.

Сандық тарату жүйелерін PDH негізінде енгізу XX-ғасырдың 70-ші жылдары басталды. Бағыттаушы орта негізінде метал өткізгішті кабелдер қолданды. Сандық тарату жүйелерін SDH негізінде енгізу өткен ғасырдың 90-шы жылдарында сигналдардың оптикалық тарату техникасы мен технологиясы дамыған кезде пайда болды.

PDH жүйелерінде төмен сатылы иерархияға тікелей қолжетімділік жоқ, тек жоғары сатылы циклдер қосылған. Мұндай қолжетімділік қажеттілігінде (мысалы, арналарды бөлу пунктерінде) қалыптастыруды және сызықты сигналдарды қайта жинауды қажет етеді

SDH жүйелерінде бұл мәселе құрамында әртүрлі деңгейдегі VC-n виртуалды контейнері бар STM-N транспорттық модулін ұйымдастыру жолы арқылы шешіледі. Бұл деңгей жүктемені әртүрлі PDH сигнал деңгейлері АТМ ұяшығы немесе басқада сигналдарды транспортировка жасауға жасалады. Виртуалды контейнерлер транспортты модулдерге толқын фазасын компенсациялайтын және тактілік жиілікті өшіріп олардың циклінің басталуын көрсетеді. Көрсеткіш позициясы STM-N фиксирленген. Сондықтан әрқашан жүктеме циклінің басталуы белгілі болады. Бұл дегеніміз сызықтық трактте сигналдарды тікелей мультиплекстеу деп аталады.

PDH жүйелерінде желілік синхронизация бірінші сатыда орындалады (2048 кбит/c) . жоғары сатының сандық ағыны синхрондалмаған. Бұл уақытта SDH желілік түйіндері синхронды режимде жұмыс істейді. Аумақтың барлық түйіндері (мысалы, ұлттық желі) МСЭ G. 811 Ұсынысымен анықталған бір жоғары деңгейлі қорек көзінен синхрондалады.

Синхрондалған ақпараттардың тасығышы ретінде STM-N сызықты сигналдар қызмет етеді. “Синхронды аумақтардың” өзара әрекеті синхронды режимде іске асырылады. Плезихронды режимді де авариялық негізінде қолдануға болады.

PDH және SDH жүйелерінің қолдану ортасын келесі әдіспен анықтауға болады. SDH жүйелерінде көп магистральді желіні, зоналық желі аумақтарын экономикасы дамыған аумақтарды магистральді желіге сонымен қатар қалалық желілерді дөңгелек құрылымды ұйымдастыруы қарапайым болуында. Осы уақытта PDH жүйелерін SDH желілеріне қолжетім кезінде және магистралді желілерге, SDH желілерінің жіберу мүмкіншілігі аз болғанда қолданылады.

1 Тасымалдау желісін жетілдіру әдістеріне сараптама жасау

1. 1 Байланыс жолдары

Станцияаралық байланыс жолдары ретінде әртүрлі жолдар, яғни орта қолданылуы мүмкін. Төмендегі кестеде солардың сипаттамалары берілген (кесте 1. 1. ) .

Кесте 1. 1- Әртүрлі байланыс жолдарының сипаттамалары

Бағыттауыш

жүйелері

Жоғалтулар

Сыртқы

өріс

Жиіліктік

ауқым

Арна саны

Бөлімше

ұзындығы, км

Бағыттауышжүйелері: Симметриялы кабель
Жоғалтулар: Металлда
Сыртқыөріс: бар
Жиіліктікауқым: 10 5 Гц
Арна саны: 100
Бөлімшеұзындығы, км: 5-20
Бағыттауышжүйелері: Оптикалық кабель
Жоғалтулар: Диэлектрикте
Сыртқыөріс: жоқ
Жиіліктікауқым: 10 13 -10 15 Гц
Арна саны: 1
Бөлімшеұзындығы, км: 30-100
Бағыттауышжүйелері: Коаксиальды кабель
Жоғалтулар: -
Сыртқыөріс: жоқ
Жиіліктікауқым: до 10 8 Гц
Арна саны: 1000-5000
Бөлімшеұзындығы, км: 3-6
Бағыттауышжүйелері: Радиорелелі байланыс
Жоғалтулар: Атмосферада
Сыртқыөріс: бар
Жиіліктікауқым: ГГц
Арна саны: **
Бөлімшеұзындығы, км: 50-200
Бағыттауышжүйелері: Спутниктік байланыс
Жоғалтулар: Атмосферада
Сыртқыөріс: бар
Жиіліктікауқым: ГГц- МГц
Арна саны: **
Бөлімшеұзындығы, км:

** Ескерту: Арна саны жабдықтың мүмкіншілігіне байланысты.

1. 1- кестедегі байланыс жолдарына қысқаша сипаттама бере кетсек.

Коаксиалды кабель кең қолданылатын кабель. Бұл екі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, ол жеңіл және пайдалануға ынғайлы, екіншіден, орнату өте қауіпсіз және қарапайым.
Ен қарапайым коаксиалды кабель мыс сымнан (core), қабықшасы, оны қоршайтын сыртқы темір тоқыма экраннан және қабықшадан тұрады. Егер кабель темір тоқымамен (тормен) қатар фольга қабаты болса, онда кабель қос экранды деп аталады. Күшті бөгет кезінде қосторды және екі қабат фольгалы кабельді пайдаланады. Есулі өткізгішке қарағанда коаксиалды кабель электромагниттік бөгеттерге төзімді, сигналдар өшуі де кем болады.

Радиорелейлі байланыс - қабылдап-таратқыш радиостанциялардың (ретрансляторлы) тізбектей ұйымдастырылған сызығындағы(радиорелейлі байланыс, РРЛ) радиобайланыс. Жер бетіндегі радиорелейлі байланыс дециметрлі және сантиметрлі толқындарда (жүздеген мегагерцтен ондаған гигагерцке дейін) іске асырылады. Белгіленуі бойынша байланыстың радиорелейлі жүйесі үш категорияға бөлінеді де әр категорияның өзінің жұмыс істейтін диапазоны болады:

- жергілікті байланыс жолдары 0, 39ГГц-тен 40, 5ГГц-ке дейін

- аумақаралық байланыс 1, 85ГГц-тен 15, 35ГГц-ке дейін

- магистральді байланыс 3, 4ГГц-тен 11, 7ГГц-ке дейін

Былай категорияларға бөлу тарату ортасының радиорелейлі байланысты сенімділігін қамтамасыз етуге әсерін тигізеді. 12ГГц-ке дейін атмосфера құрамы әлсіз әсер етсе, 15ГГц-тен жоғары болғанда бұл әсерлер біліне бастайды. 40ГГц-тен жоғары болғанда байланыс сапасына атмосфера құрамындағы газдар әсер етеді де байланыстың үзілуі байқалады.

Спутникті байланыс - қолдан жасалған жер серіктерін ретранслятор ретінде қолданылатын радиобайланыстың бір түрі. Спутникті байланыс пен жердегі станция аралығында қозғалмалы және стационарлы байланысуы мүмкін. Спутникті байланыс дәстүрлі радиорелейлі байланыстың ретрансляторының өте жоғарыда орналастыру (жүзден он мыңдаған км-ға дейін) арқылы іске асырылады. Бұл кезде оның көріну зонасы Жер шарының жартысына тең болады. көптеген жағдайда тек бір ғана ретранслятор қолданылады.

Оптикалық кабель - қазіргі таңдағы байланыс жүйесіндегі кең қолданыс тапқан байланыс жолының бір түрі. Қазіргі таңда ақпараттандыру тез даму үстінде. Жыл сайын таратылатын ақпараттардың таратылатын ағыны мен көлемі ұлғаю үстінде. Оларды таратуға дәстүрлі коаксиальды, симметриялық кабельдері салыстыру мүмкін емес болды. Бұл жағдайдан шығу оптикалық-талшықты қолдануға алып келді. Дәстүрлілермен салыстырғандағы артықшылығы: салмағы аз және габаритті, ұзын қашықтықтарға төселінеді, қшулер аз, өтпелі әсерлердің кемдігі, жиіліктерді жіберу мүмкіншілігі жоғары. Қазіргі таңда оптикалық кабельдерді үлкен сынақтардан тексеріп, жетілдіру үстінде. Ең алғаш болып АТС-лар арасындағы байланыс жолдарында үлкен металсыйымдылықты мыс талшықты кабельдер орнында соң магистральді және аумақтық байланыс желілерінде қолданылуда. Оптикалы-талшықты байланыс жолының негізгі құраушысы оптикалы-талшықты кабель (ОТК) болып табылады.

ОТК өндіру кезінде байланыс жолының жіберу мүмкіншілігі мен пайдалану шартын анықтайтын параметрлері болады. Пайдалану шартына байланысты кабельдер келесідей түрлерге бөлінеді:

  • монтаждық;
  • станциялық;
  • аумақтық;
  • магистральдық.

Кабельдің бірінші екі түрі ғимарат іші мен аумағында қолдануға арналған. Онша ұзын емес. Ал қалған екі түрі су астында, грунттарда, коммуникация кабельді құбырларында қолдануға арналған. Бұл кабелдер сыртқы әсерлерден қорғалған, орнату ұзындығы екі километрден жоғары. Байланыс жолының жіберу мүмкіншілігін кең қолдану үшін (8-ге дейін) өшуі аз болатын бірмодалы, ал таратушы жүйелерге арақашықтығына байланысты 144 талшықты бірмодалы немесе көпмодалы оптикалық кабель қолданылады.

1. 2-кесте Оптикалық кабельдің түрлері

Кабель маркасы
өндіруші фирмасы
мәні
талшық саны
Кабель маркасы: ADF(ZN) 2Y
өндіруші фирмасы: «Simens», Германия
мәні: бірмодалы 125 мкм ± 2 мкм
талшық саны: 8 талшық
Кабель маркасы: FB-24R/SNMA
өндіруші фирмасы: «В1 электроникс» Ресей
мәні:

көпмодалы

62. 5/ 125 мкм

талшық саны: 24 талшық
Кабель маркасы: OGLJFE-CTZESM-10/125-0, 38x1-48C
өндіруші фирмасы: «FUJICURA»
мәні:

Бірмодалы

0, 15 мм

талшық саны: 16 талшық
Кабель маркасы: FB-4R/SNMA-S
өндіруші фирмасы: «В1 электроникс» Ресей
мәні: көпмодалы 9/ 125 мкм
талшық саны: 4 талшық

1. 2 Технологиялар

Қазіргі заманғы электробайланыс жүйесінің негізінде цифрлық тарату (тығыздау) жүйелерін пайдалануға негізделген цифрлық біріншілік желіні қолдану жатыр. Осы электробайланыс жүйесінде цифрлық біріншілік желінің алатын орны 1суретте келтірілген [Қ. Б. ] .

Заманға сай цифрлық біріншілік желі үш технологиялар негізінде құрылуы мүмкін: PDH (Plesiochronous Digital Hierarchy-Плезиохронды цифрлық иерархия), SDH (Synchronous Digital Hierarсhy-Синхронды цифрлық иерархия) және ATM. Біздің елімізде транспорттық желілер құру үшін негізінде алғашқы екі жүйе PDH, SDH кең қолданыс тапқан.

PDH бүгінгі таңда иерархиялардың үш түрі белгілі: Солтүстік Америкалық, Жапондық және Еуропалық. Еуропада иерархияның біріншілік жылдамдығы ретінде 2048 Кбит/с жылдамдығы қабылданды. Бұл DS0 (8 кГц жиілікпен алынған сигналдың дискреттік санағы 8 биттік тізбектілікпен кодаланып (квантталып), 8 кГц*8 бит=64 Кбит/с-на тең болғандағы цифрлық сигналдың аты) ақпараттық 30 сигналды кадрға қажетті сигналмен және басқарушы ақпаратпен бірге жинаған кездегі нәтиже. Жапонияда 30 арнаның орнына 24 арна комбинациясынан түзілген 1544 Кбит/с-на тең біріншілік жылдамдық қабылданды. Бұл иерархиялар плезиохронды цифрлық иерархия (PDH) деген атқа ие болды, өйткені мультиплекстелетін ағындар синхронды болмады және олардың жылдамдықтары биттік тізбектіліктің әрқайсысын түзетін тактілік генераторлардың рұқсат етілген тұрақсыздықтың шектерінде бірдей болмады. Сондықтан осындай ағындарды мультиплекстеу кезінде жылдамдықтарды орайластыру үшін биттерді қосу немесе алып тастауды жүзеге асыру қажет болды.

PDH технологиясының бірқатар кемшіліктері бар, оларды айта кетсек:

-аралық пункттерде цифрлық ағындардың кіріс/шығысының қиын болуы;

-желілік автоматты түрдегі бақылау мен басқару құралдарының болмауы;

-синхронизациялаудың көп сатылы қалыпқа келуі айтарлықтай ұзақ уақыт қажет етті.

PDH кемшіліктеріне, сонымен қатар, желідегі ағынды бақылау мен басқару мақсаттары үшін қызметтік арналарды ұйымдастыруда мүмкіндіктерінің әлсіздігін және де мәліметтерді тарату желілерінде қолдану үшін өте маңызды орын алатын төменгі сатыдағы мультиплекстелген ағындардың маршрутизация құралдарының болмауын жатқызуға болады.

SDH технологиясы. Синхронды оптикалық-талшықты желілердің стандартталуының қажеттілігі тек плезиохронды желілердің кемшіліктері анық болған кезде және SDH үшін жабдықтарды өңдеу мен ендіру толығымен жүріп жатқан кезде туды. Телекоммуникациялық операторлар бұл жағдайды бірінші түсінді. Әртүрлі өндірушілердің жабдықтарын сәйкестендіру үшін жасалынған қадамдар оңтайлы нәтижелерге әкелген жоқ. 1984 жылдың басында АҚШ-та тарату жүйелерінің сәйкестендірілуі бойынша Форум болды, ол Америкалық Ұлттық Стандарттар институтына (ANSI) оптикалық-талшықты желілер бойынша синхронды тарату үшін арнайы операцияларды тезірек қабылдау туралы өтінішін білдірді. Бұл стандарттаудың мақсаты- әртүрлі өндірушілердің жабдықтарын оптикалық интерфейстер деңгейінде орайластыру. Бұл мәселе ANSI-ң екі комитетінің: цифрлық иерархия синхронизациямен жұмыс істейтін Т1Х1, сонымен қатар желілік әкімшілік басқару мен жұмысқа пайдалану сұрақтарын шешетін Т1М1-ң алдына қойылды. Бұл комитеттердің жасаған жұмыстарының нәтижесінде 45 Мбит/с тарату жылдамдығына негізделген SYNTRAN деп аталынатын стандарттың алғашқы нұсқасы жасалынды. Алайда уақыт өтісімен, өндірушілер жаңа жүйелерді ойлап тапты. AT&T компаниясы ең жаңа технологиялар негізінде METROBUS жүйесін ойлап шығарды, оның тарату жылдамдығы енді 150 Мбит/с құрады. 1985 жылы Т1Х1 комитеті Bellcore компаниясының ұсынысымен оптикалық интерфейспен қатар сигналдың форматы мен оның тарату жылдамдығын анықтайтын, синхронды желі концепциясына негізделген (SONET, Synchronous Optical Network) бір бүтін ретінде стандартты шығару шешімін қабылдады. Қазіргі уақытта біріншілік байланыс желісінде мультиплекстеу технологиясының дамуындағы анық тенденция РDH-тен SDH-ке өту болып табылады. SDH технологиясы цифрлық біріншілік желі құрылуының заманға сай концепциясы болып келеді. Қазіргі уақытта осы концепция нарықты басып алуда.

SDH технологиясын РDH технологиясымен салыстыра отырып, SDH технологиясының мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:

  • синхронды тарату және мультиплекстеудің алдын алады. SDH бріншілік желінің элементтері синхронизация үшін бір беруші генераторын пайдаланады;
  • SDH-ң кез келген деңгейінде қадамдық демультиплекстеу үрдісінсіз РDH-ң тым жүктелген ағынын бөліп көрсетуге болатындай, РDH ағындарын тікелей мультиплекстеудің және демультиплекстеудің алдын алады.
  • тікелей мультиплекстеу үрдісі сонымен қатар енгізу/шығару үрдісі деп те аталады;
  • стандартты оптикалы және электрлік интерфейстерге сүйенеді, бұл әртүрлі өндіруші фирмалар жабдықтарының ең жақсы сәйкестігін қамтамасыз етеді;
  • РDH жүйесінің еуропалық және америкалық иерархияларын біріктіруге мүмкіндік береді, РDH-ң бар жүйелермен толық сәйкестігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар тарату жүйелерінің болашақтағы дамуына мүмкіндік береді, өйткені АТМ, МАN, HDTV және басқа тарату үшін жоғары өткізу қабілеті бар арналарды қамтамасыз етеді.
  • біріншілік желіні ең жақсы түрде басқарумен және өзін-өзі тексерумен қамтамасыз етеді. SDH технологиясы қанша болса да тармақталған біріншілік желіні бір орталықтан басқаруға мүмкіңдігімен қамтамасыз етеді.

ATM технологиясы әртүрлі трафик типтерін - дыбыстық, видео және цифрлық мәліметтерді таратуға арналған. Бұл кезде әрқайсысы қажетті жіберу мүмкіншілігімен қамтамасыз етіледі де өз кезегінде мәліметтер таратуында ұсталымдар болған кезде сезімталдықты жеткізіп отырады. АТМ технологиясының негізі трансляция ұяшықты коммутацияланған желі мен байланысты орнату. Сонымен қатар АТМ технологиясы жоғары жылдамдықты локалды желілерін құру үшін және дәстүрлі локалды желіден қосушы желілік магистральдарда (ATM ортасында локальды есептеуіш желі эмульсия технологиясында) қолданылады. АТМ-ді стандарттаушы ұйымдар АТМ өнімдерін әртүрлі өндірушілердің өнімдерімен сәйкестендіретін стандарт ойлап тапты. АТМ дәстүрлі желілік құрылғымен. Тарату ұяшығы бар желі. Тарату ұяшығы бар желілер арқылы мәліметтер онша үлкен емес дестелі бекітілген өлшемді ұяшық арқылы беріледі. Ал қолжетімділік ортасы бөлінген желілерде мәліметтерді тарату ауыспалы ұзындықтағы үлкен дестелер-кадрлар арқылы жүргізіледі. Әрбір құрылғы АТМ желісіне қосылғанда (жұмыс станциясы, сервер, маршрутизатор немесе көпір) АТМ коммутаторының жеке портына қосыла алады. Ал ұяшықтарды таратудың күту уақытын төмендету үшін, оның өлшемі айтарлықтай аз болу керек. Бірақ ұяшықтың кіші өлшемі ұяшықтарды тарату арасындағы интервал есебінен таратуға шығындар саны көбейіп кетуі мүмкін. АТМ-нің ұяшық өлшемі 53 байтты құрайды оның 48 байты мәліметтерге, ал 5 байты қызметті ақпаратты ұяшық тақырыбына беріледі.

FR технологиясы. Frame Relay (KazNet® FR) технологиясын қолдану арқылы деректерді жіберу қызметі аймақтық-тарату жергілікті желілерін біріктіруге мүмкіндік береді және ақпараттың сөйлесу типтерін, оның ішінде бір мезетте ақпарат пен дауысты беру, сонымен қатар Ғаламтор және Х25 желілеріне ену қызметтерін ұсынуды сапалы жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Frame Relay технологиясы желілік қызметердің кең ауқымының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Frame Relay хаттамасында жоғары деңгейлі хаттамалардың көп көлемді жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. KazNet® FR қызметтерін пайдалану қымбат айшықталған арналарға қарағанда (нүкте-нүкте) экономикалық жағынан ең тиімдісі болып табылады.
Frame Relay технологиясы физикалық емес, виртуалды қосылыс (PVC) ұғымын пайдаланады және салыстырмалы түрде қысқа белсенділік фазаларымен және ұзын үзілістермен сипатталатын деректерді берудің үзікті трафигіне жақсы бейімделген ; - бұл жағдайда арна деректердің кезекті үлесін беру уақытымен ғана шұғылданады. Сандық байланыс арналарының өткізу қабілетін оңтайлы пайдалану байланыс арнасының енін икемді бөлу және өткізудің ең аз резервіленген жолағы есебінен қол жеткізіледі (CIR) .
Frame Relay қызметінің маңызды артықшылығы кейбір бағдарламалық өнімдер және қосымшалар сынмен қарайтын деректерді беру кезіндегі уақытша бөгеуілдерді елеулі түрде азайту қабілеті болып табылады
Желінің жоғарғы сенімділігі трафикті қосарлаумен және динамикалық бағдарлаумен қамтамасыз етіледі. Мүмкіншіліктері:
KazNet® FR бір порты және қол жеткізудің бір желісін пайдалана отырып, KazNet® FR желісіне жалғанған қашықтағы көптеген нүктелермен байланысты ұйымдастыруға болады. Қосылу байланыстың тұрақты виртуалды арналары бойынша жүзеге асырылады, олардың өту бағдарлары жеңіл қайта бағдарламалануы мүмкін. Қол жеткізу желісінің және желі портының болуы жағдайында жаңа виртуалды арнаны үстемелеу желілік жабдықтың параметрлерін қарапайым өзгерту арқылы жүзеге асырылады.
KazNet® FR желісінің пайдаланушылары үшін Internet желісімен ұдайы қосылуды ұйымдастыруға да болады.

1. 3. Желі топологияларды салыстыру

SDH желілерінің топологиясын қарастырғанда, іс жүзінде бар стандартты топологиялар жиынтығын аламыз.

"Нүкте-нүкте" топологиясы.

Екі А және В тараптарын байланыстыратын желі сегменті немесе "нүкте-нүкте" топологиясы SDH желісінің базалық топологиясының ең қарапайым мысалы болып табылады. (1. 1сурет) .

1. 1сурет - ТМ қолдану арқылы жүзеге асқан «нүкте- нүкте» топологиясы

«Реттелген сызықты тізбек» топологиясы.

Бұл базалық топология желідегі трафик қарқындылығы аса көп болмағанда және қол жететін арналарды енгізуге болатын жолдағы нүктелер қатарына тармақталу қажеттілігі туған кезде қолданылады. Ол 1. 2 суретте көрсетілгендей резервсіз қарапайым реттелген сызықты тізбек түрінде немесе 1. 3 суретте көрсетілген күрделі 1+1 типті резервтелген тізбек түрінде де ұсынылуы мүмкін. Соңғы нұсқадағы топологияны көбінесе «қарапайымдатылған сақина» деп атайды.

1. 2сурет - «Реттелген сызықты тізбек» топологиясы

  1. сурет - 1+1 қорғанысы бар «қарапайымдатылған сақина» типті «реттелген сызықты тізбек»

Концентратор функциясын жүзеге асыратын «жулдызша» топологиясы.

Бұл топологияда коммутация орталығымен ( мысалы, цифрлық АТС ) байланысы бар жиелі тораптардың қашық орналасқандарының біреуі немесе орталық сақинадағы SDH желісінің торабы концентратор немесе хабтың ролін ойнайды, мұнда графиктің бір бөлігі қолданушылар терминалдарына шығарылып отыруы мүмкін, ал оның қалған бөліктері басқа қашық орналасқан тораптар бойынша таратылуы мүмкін (1. 4 сурет) .

1. 4 сурет - «Жулдызша» топологиясы

«Сақина» топологиясы.

Бұл топология (1. 7 сурет) SDH иерархиясының бірінші екі деңгейлерінің (155 және 622 Мбит/с) SDH желілерін құру үшін кең қолданылады. Бұл топологияның негізгі артықшылығы - 1+1 типті қорғанысты ұйымдастырудың жеңілдігі .

SMUX синхронды мультиплексорларда оптикалық агрегатты шығыстардың (қабылдап/ таратушы арналардың) : шығыс - батыс екі жұптың бар болуының арқасында кездесуші ағындары бар екі сақинаны түзуге мүмкіндік береді.

1. 5 сурет - 1+1 қорғанысы бар «сақина» топологиясы

Сақина тәрізді топологияның бірнеше қызық қасиеттері бар, олар желіге өзімен өзі қалыпқа келуіне, яғни біраз айтарлықтай сипаттамалы істен шығу тұрлерінен қорғануына мүмкіндік береді.

2. Оптикалық кабельдерді төсеу

2. 1. Оптикалық кабельдер сипаттамасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлімшедегі байланыс желісінің құрылысы
Оптикалық-талшықты байланыс
Оптикалық кабель типі
Алматы-Атырау учаскесінің проблемалары
Байланыс жолдарының типтері
Пассивті оптикалық компоненттер
Коаксиалды кабель
Оптикалық байланыс кабелі
Өндірістік практика бойынша есеп беру/отчет
Кабельдерді коррозиядан қорғау кезінде жүргізілетін өлшемдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz