Оптикалық таратқыш муфта



Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Оптикалық таратқыш муфта

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Тасымалдау желісін жетілдіру әдістеріне сараптама жасау
1.1 Байланыс
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...5
1.2
Технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2. Оптикалық таратқыш муфта
2.1. Оптикалық кабельдер
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Оптикалық жарық жетекшінің артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... 20
2.3 Оптикалық таратқыш
муфта ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30
Кіріспе
Қалалық байланыс желілерінде оптикалық кабель көп қолдануда. Себебі
оптикалы-талшықты кабель арқылы байланыс ғылыми-техникалық прогресстің
негізгі бағытының бірі болып табылады. Оптикалық кабельдер мен жүйелер тек
қалалық және қалааралық байланысты ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар
кабельді телевидения, видеотелефония, радиотарату, есептеуіш техникада,
корпоративті желілердің технологиялық байланысында қолданылады.
Оптикалық-талшықты байланысты қолдану арқылы ақпараттарды тарату
көлемі, кең таралған спутникті байланыс, радиорелейлі байланыспен
салыстырғанда тез өсті, яғни оптикалық-талшықты тарату жүйесі жіберу жолағы
кең болады.
Байланыстың оптикалық кабель мен жүйесін дамытудың негізгі факторы
болып оптикалы квантты генератордың-лазердің пайда болуы себепші болды.
Лазер сөзі Light Amplification by Emission of Radiation сөзінің
бастапқы әріптерінен құралып, индуцирленген сәуле көмегімен сәулені күшейту
деген мағынаны білдіреді. Лазерлі жүйелер толқынның оптикалы диапазонында
жұмыс істейді. Егер мәліметтерді тарату кабельмен жүргізілсе-мегагеряті
жиілік, ал толқынтасығышта-гигагерц, онда лазерлік жүйелер үшін көрінетін
және инфрақызыл жолақты оптикалық толқын диапазоны (жүздеген терагерц)
қолданылады.
Талшықты-оптикалы байланыс сымдарын (ТОБС) кеңінен қолдану шамамен
осыдан 40 жылдай бұрын басталды. Ол кезде талшықты дайындау технологиясы
бізге үлкен байланыс сымдарын тұрғызуға мүмкіндік берді. Қазір ТОБС
инсталляция көлемі айтарлықтай деңгейде өсті. Аймақаралық масштабта
алатын болсақ, синхронды цифрлық иерархия (SDH) талшықты-оптикалық
жүйелерқұрылысын атап айтуға болады. SDH-ға деген қызығушылық, бұл
технологияның импульсті-кодты модуляция(ИКМ) және плезиохронды сандық
иерархияныңPDH орнына келгеніне байланысты туындап отыр. Жергілікті SDH
желілері 2 Мбитс ағындарымен операциялар жасауға мүмкіндік беретін шет
елдік заманауи сандық АТС-терді орнату нәтижесінде қарқынды түрде
қолданысқа енгізіліп жатыр.
Синхронды сандық иерархия (ССИ) осыған дейінгі қолданылып келген жүйе
технологияларымен салыстырғанда көптеген артықшылықтарға ие. Ол талшықты-
оптикалық тарату желілерін және радио релеліліктарату сымдарының
мүмкіндіктерін (ТОТЖ және РРТС) толығымен жүзеге асыруға және иілгіш,
эксплуатация жасауға, желі байланыстарына ыңғайлы желілер құруға рұқсат
етеді. Бұл жоғары байланыс тудыруға кепілдеме береді. Осылайша,
SDHконцепциясы автоматтандырылған басқару процесстері, контроль және
бір жүйеге біріктіру барысында желіге қызмет көрсету сияқты сандық ақпарат
таратудың жоғары сапалы процесстерін байланыстыруға мүмкіндік береді.
Оптикалық талшықты байланысты негізге ала отырып, ақпарат алмасудың
жаңа жүйелерін жасауға болады. ТОБЖ базасында көп мақсатта қолдануға
арналған бірлік интегралды жүйе өрбиді. Талшықты-оптикалық желілерді
кабельді телевидение өндірісінде пайдаланудың болашағы зор. Ол суреттің
жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді және абоненттерге ақпараттық қызмет
көрсетудің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңітеді.
Талшықты оптикалық байланыс желілерінде (ТОБЖ) ақпарат алмасудың
сандық жүйелері жіберудің физикалық талаптарына жауап беретін жүйе ретінде
кең қолданысқа ие бола бастады.
Оптикалық кабельдер негізінде әртүрлі топологиялы (сақина тәрізді,
жұлдыз тәрізді және т.б) жергілікті есептік желілер құрылады. Бұндай
желілер есептік желілерді үлкен өткізгіштік қабілеті бар, сапасы жоғары,
бұзып кіруден қорғалған ортақ ақпараттық желіге біріктіруге мүмкіндік
береді. Бір сөзбен айтқанда бүгінгі таңда талшықты оптикалық кабель
нарықтың барлық талаптарына сай.

1 Тасымалдау желісін жетілдіру әдістеріне сараптама жасау
1.1 Байланыс жолдары
Станцияаралық байланыс жолдары ретінде әртүрлі жолдар, яғни орта
қолданылуы мүмкін. Төмендегі кестеде солардың сипаттамалары берілген
(кесте 1.1.).
Кесте 1.1– Әртүрлі байланыс жолдарының сипаттамалары
СыртқыЖиіліктік Бөлімше
өріс ауқым Арна ұзындығ
саны ы, км
Бағыттауыш Жоғалтулар
жүйелері
Симметриялы кабель Металлда бар 105 Гц 100 5-20
Оптикалық кабель Диэлектрикте жоқ 1013-1015 100000 30-100
Гц
Коаксиальды кабель - жоқ до 108 Гц 1000-5000 3-6
Радиорелелі байланыс Атмосферада бар ГГц ** 50-200
Спутниктік байланыс Атмосферада бар ГГц- МГц **

** Ескерту: Арна саны жабдықтың мүмкіншілігіне байланысты.
1.1- кестедегі байланыс жолдарына қысқаша сипаттама бере кетсек.
Коаксиалды кабель кең қолданылатын кабель. Бұл екі себеппен
түсіндіріледі. Біріншіден, ол жеңіл және пайдалануға ынғайлы, екіншіден,
орнату өте қауіпсіз және қарапайым.
Ен қарапайым коаксиалды кабель мыс сымнан (core), қабықшасы, оны қоршайтын
сыртқы темір тоқыма экраннан және қабықшадан тұрады. Егер кабель темір
тоқымамен (тормен) қатар фольга қабаты болса, онда кабель қос экранды деп
аталады. Күшті бөгет кезінде қосторды және екі қабат фольгалы кабельді
пайдаланады. Есулі өткізгішке қарағанда коаксиалды кабель электромагниттік
бөгеттерге төзімді, сигналдар өшуі де кем болады.
Радиорелейлі байланыс — қабылдап-таратқыш радиостанциялардың
(ретрансляторлы) тізбектей ұйымдастырылған сызығындағы(радиорелейлі
байланыс, РРЛ) радиобайланыс. Жер бетіндегі радиорелейлі байланыс
дециметрлі және сантиметрлі толқындарда (жүздеген мегагерцтен ондаған
гигагерцке дейін) іске асырылады. Белгіленуі бойынша байланыстың
радиорелейлі жүйесі үш категорияға бөлінеді де әр категорияның өзінің жұмыс
істейтін диапазоны болады:
- жергілікті байланыс жолдары 0,39ГГц-тен 40,5ГГц-ке дейін
- аумақаралық байланыс 1,85ГГц-тен 15,35ГГц-ке дейін
- магистральді байланыс 3,4ГГц-тен 11,7ГГц-ке дейін
Былай категорияларға бөлу тарату ортасының радиорелейлі байланысты
сенімділігін қамтамасыз етуге әсерін тигізеді. 12ГГц-ке дейін атмосфера
құрамы әлсіз әсер етсе, 15ГГц-тен жоғары болғанда бұл әсерлер біліне
бастайды. 40ГГц-тен жоғары болғанда байланыс сапасына атмосфера құрамындағы
газдар әсер етеді де байланыстың үзілуі байқалады.
Спутникті байланыс — қолдан жасалған жер серіктерін ретранслятор
ретінде қолданылатын радиобайланыстың бір түрі. Спутникті байланыс пен
жердегі станция аралығында қозғалмалы және стационарлы байланысуы мүмкін.
Спутникті байланыс дәстүрлі радиорелейлі байланыстың ретрансляторының өте
жоғарыда орналастыру (жүзден он мыңдаған км-ға дейін) арқылы іске
асырылады. Бұл кезде оның көріну зонасы Жер шарының жартысына тең болады.
көптеген жағдайда тек бір ғана ретранслятор қолданылады.
Оптикалық кабель – қазіргі таңдағы байланыс жүйесіндегі кең қолданыс
тапқан байланыс жолының бір түрі. Қазіргі таңда ақпараттандыру тез даму
үстінде. Жыл сайын таратылатын ақпараттардың таратылатын ағыны мен көлемі
ұлғаю үстінде. Оларды таратуға дәстүрлі коаксиальды, симметриялық
кабельдері салыстыру мүмкін емес болды. Бұл жағдайдан шығу оптикалық-
талшықты қолдануға алып келді. Дәстүрлілермен салыстырғандағы артықшылығы:
салмағы аз және габаритті, ұзын қашықтықтарға төселінеді, қшулер аз, өтпелі
әсерлердің кемдігі, жиіліктерді жіберу мүмкіншілігі жоғары. Қазіргі таңда
оптикалық кабельдерді үлкен сынақтардан тексеріп, жетілдіру үстінде. Ең
алғаш болып АТС-лар арасындағы байланыс жолдарында үлкен металсыйымдылықты
мыс талшықты кабельдер орнында соң магистральді және аумақтық байланыс
желілерінде қолданылуда. Оптикалы-талшықты байланыс жолының негізгі
құраушысы оптикалы-талшықты кабель (ОТК) болып табылады.
ОТК өндіру кезінде байланыс жолының жіберу мүмкіншілігі мен пайдалану
шартын анықтайтын параметрлері болады. Пайдалану шартына байланысты
кабельдер келесідей түрлерге бөлінеді:
- монтаждық;
- станциялық;
- аумақтық;
- магистральдық.
Кабельдің бірінші екі түрі ғимарат іші мен аумағында қолдануға
арналған. Онша ұзын емес. Ал қалған екі түрі су астында, грунттарда,
коммуникация кабельді құбырларында қолдануға арналған. Бұл кабелдер сыртқы
әсерлерден қорғалған, орнату ұзындығы екі километрден жоғары. Байланыс
жолының жіберу мүмкіншілігін кең қолдану үшін (8-ге дейін) өшуі аз болатын
бірмодалы, ал таратушы жүйелерге арақашықтығына байланысты 144 талшықты
бірмодалы немесе көпмодалы оптикалық кабель қолданылады.
1.2-кесте Оптикалық кабельдің түрлері
Кабель маркасы өндіруші фирмасы мәні талшық саны
ADF(ZN)2Y  Simens,Германия бірмодалы 125 мкм8 талшық
± 2 мкм
FB-24RSNMA В1 электроникс көпмодалы 24 талшық
Ресей 62.5 125 мкм
OGLJFE-CTZESM-101FUJICURA Бірмодалы 16 талшық
25-0,38x1-48C 0,15 мм
FB-4RSNMA-S В1 электроникс көпмодалы 4 талшық
Ресей 9 125 мкм

1.2 Технологиялар

Қазіргі заманғы электробайланыс жүйесінің негізінде цифрлық тарату
(тығыздау) жүйелерін пайдалануға негізделген цифрлық біріншілік желіні
қолдану жатыр. Осы электробайланыс жүйесінде цифрлық біріншілік желінің
алатын орны 1суретте келтірілген [Қ.Б.].
Заманға сай цифрлық біріншілік желі үш технологиялар негізінде құрылуы
мүмкін: PDH (Plesiochronous Digital Hierarchy-Плезиохронды цифрлық
иерархия), SDH (Synchronous Digital Hierarсhy-Синхронды цифрлық иерархия)
және ATM. Біздің елімізде транспорттық желілер құру үшін негізінде алғашқы
екі жүйе PDH, SDH кең қолданыс тапқан.
PDH бүгінгі таңда иерархиялардың үш түрі белгілі: Солтүстік
Америкалық, Жапондық және Еуропалық. Еуропада иерархияның біріншілік
жылдамдығы ретінде 2048 Кбитс жылдамдығы қабылданды. Бұл DS0 (8 кГц
жиілікпен алынған сигналдың дискреттік санағы 8 биттік тізбектілікпен
кодаланып (квантталып), 8 кГц*8 бит=64 Кбитс-на тең болғандағы цифрлық
сигналдың аты) ақпараттық 30 сигналды кадрға қажетті сигналмен және
басқарушы ақпаратпен бірге жинаған кездегі нәтиже. Жапонияда 30 арнаның
орнына 24 арна комбинациясынан түзілген 1544 Кбитс-на тең біріншілік
жылдамдық қабылданды. Бұл иерархиялар плезиохронды цифрлық иерархия (PDH)
деген атқа ие болды, өйткені мультиплекстелетін ағындар синхронды болмады
және олардың жылдамдықтары биттік тізбектіліктің әрқайсысын түзетін
тактілік генераторлардың рұқсат етілген тұрақсыздықтың шектерінде бірдей
болмады.Сондықтан осындай ағындарды мультиплекстеу кезінде жылдамдықтарды
орайластыру үшін биттерді қосу немесе алып тастауды жүзеге асыру қажет
болды.
PDH технологиясының бірқатар кемшіліктері бар, оларды айта кетсек:
-аралық пункттерде цифрлық ағындардың кірісшығысының қиын болуы;
-желілік автоматты түрдегі бақылау мен басқару құралдарының болмауы;
-синхронизациялаудың көп сатылы қалыпқа келуі айтарлықтай ұзақ уақыт
қажет етті.
PDH кемшіліктеріне, сонымен қатар, желідегі ағынды бақылау мен басқару
мақсаттары үшін қызметтік арналарды ұйымдастыруда мүмкіндіктерінің
әлсіздігін және де мәліметтерді тарату желілерінде қолдану үшін өте маңызды
орын алатын төменгі сатыдағы мультиплекстелген ағындардың маршрутизация
құралдарының болмауын жатқызуға болады.
SDH технологиясы. Синхронды оптикалық-талшықты желілердің
стандартталуының қажеттілігі тек плезиохронды желілердің кемшіліктері анық
болған кезде және SDH үшін жабдықтарды өңдеу мен ендіру толығымен жүріп
жатқан кезде туды. Телекоммуникациялық операторлар бұл жағдайды бірінші
түсінді. Әртүрлі өндірушілердің жабдықтарын сәйкестендіру үшін жасалынған
қадамдар оңтайлы нәтижелерге әкелген жоқ. 1984 жылдың басында АҚШ-та тарату
жүйелерінің сәйкестендірілуі бойынша Форум болды, ол Америкалық Ұлттық
Стандарттар институтына (ANSI) оптикалық-талшықты желілер бойынша синхронды
тарату үшін арнайы операцияларды тезірек қабылдау туралы өтінішін білдірді.
Бұл стандарттаудың мақсаты- әртүрлі өндірушілердің жабдықтарын оптикалық
интерфейстер деңгейінде орайластыру. Бұл мәселе ANSI-ң екі комитетінің:
цифрлық иерархия синхронизациямен жұмыс істейтін Т1Х1, сонымен қатар
желілік әкімшілік басқару мен жұмысқа пайдалану сұрақтарын шешетін Т1М1-ң
алдына қойылды. Бұл комитеттердің жасаған жұмыстарының нәтижесінде 45
Мбитс тарату жылдамдығына негізделген SYNTRAN деп аталынатын стандарттың
алғашқы нұсқасы жасалынды. Алайда уақыт өтісімен, өндірушілер жаңа
жүйелерді ойлап тапты. AT&T компаниясы ең жаңа технологиялар негізінде
METROBUS жүйесін ойлап шығарды, оның тарату жылдамдығы енді 150 Мбитс
құрады. 1985 жылы Т1Х1 комитеті Bellcore компаниясының ұсынысымен оптикалық
интерфейспен қатар сигналдың форматы мен оның тарату жылдамдығын
анықтайтын, синхронды желі концепциясына негізделген (SONET, Synchronous
Optical Network) бір бүтін ретінде стандартты шығару шешімін қабылдады.
Қазіргі уақытта біріншілік байланыс желісінде мультиплекстеу
технологиясының дамуындағы анық тенденция РDH-тен SDH-ке өту болып
табылады. SDH технологиясы цифрлық біріншілік желі құрылуының заманға сай
концепциясы болып келеді. Қазіргі уақытта осы концепция нарықты басып
алуда.
SDH технологиясын РDH технологиясымен салыстыра отырып, SDH
технологиясының мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:
- синхронды тарату және мультиплекстеудің алдын алады. SDH
бріншілік желінің элементтері синхронизация үшін бір беруші
генераторын пайдаланады;
- SDH-ң кез келген деңгейінде қадамдық демультиплекстеу
үрдісінсіз РDH-ң тым жүктелген ағынын бөліп көрсетуге
болатындай, РDH ағындарын тікелей мультиплекстеудің және
демультиплекстеудің алдын алады.
- тікелей мультиплекстеу үрдісі сонымен қатар енгізушығару
үрдісі деп те аталады;
- стандартты оптикалы және электрлік интерфейстерге сүйенеді,
бұл әртүрлі өндіруші фирмалар жабдықтарының ең жақсы
сәйкестігін қамтамасыз етеді;
- РDH жүйесінің еуропалық және америкалық иерархияларын
біріктіруге мүмкіндік береді, РDH-ң бар жүйелермен толық
сәйкестігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар тарату жүйелерінің
болашақтағы дамуына мүмкіндік береді, өйткені АТМ, МАN, HDTV
және басқа тарату үшін жоғары өткізу қабілеті бар арналарды
қамтамасыз етеді.
- біріншілік желіні ең жақсы түрде басқарумен және өзін-өзі
тексерумен қамтамасыз етеді. SDH технологиясы қанша болса да
тармақталған біріншілік желіні бір орталықтан басқаруға
мүмкіңдігімен қамтамасыз етеді.

ATM технологиясы әртүрлі трафик типтерін – дыбыстық, видео және
цифрлық мәліметтерді таратуға арналған. Бұл кезде әрқайсысы қажетті жіберу
мүмкіншілігімен қамтамасыз етіледі де өз кезегінде мәліметтер таратуында
ұсталымдар болған кезде сезімталдықты жеткізіп отырады. АТМ технологиясының
негізі трансляция ұяшықты коммутацияланған желі мен байланысты орнату.
Сонымен қатар АТМ технологиясы жоғары жылдамдықты локалды желілерін құру
үшін және дәстүрлі локалды желіден қосушы желілік магистральдарда (ATM
ортасында локальды есептеуіш желі эмульсия технологиясында) қолданылады.
АТМ-ді стандарттаушы ұйымдар АТМ өнімдерін әртүрлі өндірушілердің
өнімдерімен сәйкестендіретін стандарт ойлап тапты. АТМ дәстүрлі желілік
құрылғымен. Тарату ұяшығы бар желі. Тарату ұяшығы бар желілер арқылы
мәліметтер онша үлкен емес дестелі бекітілген өлшемді ұяшық арқылы
беріледі. Ал қолжетімділік ортасы бөлінген желілерде мәліметтерді тарату
ауыспалы ұзындықтағы үлкен дестелер-кадрлар арқылы жүргізіледі. Әрбір
құрылғы АТМ желісіне қосылғанда (жұмыс станциясы, сервер, маршрутизатор
немесе көпір) АТМ коммутаторының жеке портына қосыла алады. Ал ұяшықтарды
таратудың күту уақытын төмендету үшін, оның өлшемі айтарлықтай аз болу
керек. Бірақ ұяшықтың кіші өлшемі ұяшықтарды тарату арасындағы интервал
есебінен таратуға шығындар саны көбейіп кетуі мүмкін. АТМ-нің ұяшық өлшемі
53 байтты құрайды оның 48 байты мәліметтерге, ал 5 байты қызметті ақпаратты
ұяшық тақырыбына беріледі.
FR технологиясы. Frame Relay (KazNet® FR) технологиясын қолдану
арқылы деректерді жіберу қызметі аймақтық-тарату жергілікті желілерін
біріктіруге мүмкіндік береді және ақпараттың сөйлесу типтерін, оның ішінде
бір мезетте ақпарат пен дауысты беру, сонымен қатар Ғаламтор және Х25
желілеріне ену қызметтерін ұсынуды сапалы жіберу мүмкіндігін қамтамасыз
етеді.
Frame Relay технологиясы желілік қызметердің кең ауқымының жұмыс
істеуін қамтамасыз ететін Frame Relay хаттамасында жоғары деңгейлі
хаттамалардың көп көлемді жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. KazNet®
FR қызметтерін пайдалану қымбат айшықталған арналарға қарағанда (нүкте-
нүкте) экономикалық жағынан ең тиімдісі болып табылады.
Frame Relay технологиясы физикалық емес, виртуалды қосылыс (PVC) ұғымын
пайдаланады және салыстырмалы түрде қысқа белсенділік фазаларымен және ұзын
үзілістермен сипатталатын деректерді берудің үзікті трафигіне жақсы
бейімделген ; – бұл жағдайда арна деректердің кезекті үлесін беру уақытымен
ғана шұғылданады. Сандық байланыс арналарының өткізу қабілетін оңтайлы
пайдалану байланыс арнасының енін икемді бөлу және өткізудің ең аз
резервіленген жолағы есебінен қол жеткізіледі (CIR).
Frame Relay қызметінің маңызды артықшылығы кейбір бағдарламалық өнімдер
және қосымшалар сынмен қарайтын деректерді беру кезіндегі уақытша
бөгеуілдерді елеулі түрде азайту қабілеті болып табылады
Желінің жоғарғы сенімділігі трафикті қосарлаумен және динамикалық
бағдарлаумен қамтамасыз етіледі. Мү мкіншіліктері:
KazNet® FR бір порты және қол жеткізудің бір желісін пайдалана отырып,
KazNet® FR желісіне жалғанған қашықтағы көптеген нүктелермен байланысты
ұйымдастыруға болады. Қосылу байланыстың тұрақты виртуалды арналары бойынша
жүзеге асырылады, олардың өту бағдарлары жеңіл қайта бағдарламалануы
мүмкін. Қол жеткізу желісінің және желі портының болуы жағдайында жаңа
виртуалды арнаны үстемелеу желілік жабдықтың параметрлерін қарапайым
өзгерту арқылы жүзеге асырылады.
KazNet® FR желісінің пайдаланушылары үшін Internet желісімен ұдайы
қосылуды ұйымдастыруға да болады.
2. Оптикалық таратқыш муфта
2.1. Оптикалық кабельдер сипаттамасы
Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта қолданылып жүрген заманға
сай талаптарға жауап беретін және болашақта даму тенденциялары жоғары
технологиялардың бірі – SDH технологиясы болып табылады. Сондықтан Жетісай
қаласында дәл осы технологияның негізінде тасымалдау желісін қайта құру
жобаланып отыр. Бұл технологияның басқа да қалалардың тәжірибесінде
қолданылуының табысты болуы - менің осы технологияны таңдауыма себеп
болды. Сонымен қатар жоғарыда салыстырылған топологиялардың ішінен сақина
топологиясын таңдаған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені оның артықшылықтарының
бірі, екі оптикалық сызықты шығыстарының (қабылдаптарату арналарының),
агрегатты шығыстары деп аталады және жүз пайыздық қосымша арналардың немесе
1+1 сұлбасы бойынша қорғанысы арқылы сенімділігін арттыру. Бұл шығыстар
(желі топологиясына байланысты) негізгі және қосымша (сызықтық топология)
немесе шығыс және батыс (сақина топологиясы) деп аталады. шығыс және
батыс терминдері SDH желісінде екі тіке қарама-қарсы жолдары арқылы
сигналдарды сақина топологиясында: бірі солға қарай сақина бойымен –
батыстық, ал екіншісі оңға қарай сақина бойымен – шығыстық таратады.
Ал құрылғысына келетін болсақ, Қазақстан Республикасында SDH желісін
орнатуда Израиль елінің ECI және Siemens фирмалары атқарып келген. Уақыт
өте келе бұл фирмалар шығарған өнімдердің сапасы төмендей бастады. Қазіргі
таңда елімізде Қытай елінің Huawei компаниысының шығарған өнімдерін қолдану
үстінде. Бұл құрылғы SDH мультиплексорларын өндіруде көп тәжірибе жинаған.
Компанияның шығарған өнімдерінің сапасы жоғары, ал бағасы төмен (басқа
компаниялармен салыстырғанда) болғандықтан тез қолданыс тапқан. Бұл жобаны
іске асыру үшін SDH сақинасының мультиплексоры ретінде мен Optix Metro 3100
мультиплексорын ұсынар едім. Өйткені мультиплексор мәліметтерді таратуда
барлық стандарттарда жұмыс істейді, сандық крос-коммутациясында жұмыс
істейтін технологияларға STM-1 96 арнасын өңдеуге мүмкіндік береді.
Қарастырып отырған бөлімде SDH технологиясының жабдығын, сонымен қатар
тарату жүйесінің талаптарын (жылдамдық, ақпарат көлемі және т.б.)
орындайтын, ақпаратты тасымалдайтын физикалық орта ретінде талшықты-
оптикалық кабелді таңдадым. Кестеден (1.3) көріп отырғанымыздай кішігірім
қалаларда станция арасында ең тиімді байланыс жолы болып- оптикалық
кабель таңдалады, себебі:
-ауданда, қалаларда оптикалық кабельді техникалық жұмысқа пайдалануға
машықтанған техниктер мен жұмысшы кадрлері бар;
- оптикалық кабельдің кең ауқымдылығы іс жүзінде дәлелденген.
Оптикалық кабель қорғаушы бетінің үстіне қойылған жалпы қабықпен
жабылған құрамында оптикалық талшықтардың қатары бар кабельді бұйымдар.
Оптикалық кабельдер мақстаы бойынша 4 топқа бөлінеді:
• қалааралық;
• қалалық;
• объектілік;
• су астындағы
Бөлек топқа монтажды оптикалық кабельдерді бөледі.
Қалааралық кабельдер едәуір қашықтықта ақпараттың үлкен ағымын беру
үшін белгіленген. Оларда кіші басылуы мен дисперсиясы, үлкен ақпараттық-
рұқсатамалық қабілеттілігі болуы керек. Елдің аймақтық орталықтары арсында
байланысты қастамасыз ететін магистральды және аймақтық орталықтарды
аудандармен байланыстыратын зоналық болып бөлінеді.
Қалалық байланыстың кабельдері байланыс тораптары мен қалалық АТС
арасында байланыстыратын желі негізінде қолданылады. Олар қысқа қашықтыққа
(5...10 км) және каналдарың үлкен санына негізделген.

Объектілік кабельдер объекті ішіндегі байланысты ұйымдастыру үшін
қолданылады. Оларға мекемелік байланыс, локальді есептеу желісі, кабельді
теледидардың ішкі желісі және қозғаушы объектілердің борттық ақпараттық
жүйесі жатады.

Су астындағы кабельдер үлкен сулы кедергілер арқылы байланысты
ұйымдастыру үшін арналған. Оларда жоғарғы механикалық төзімділік және
сенімді ылғалға төзімді беті болуы керек. Су астындағы байланыс үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
GPON желісінің құрылысы
Байланыс жолдарының типтері
PON желісі архитектурасы
Алматы-Атырау учаскесінің проблемалары
PON пассивті оптикалық желілер
«Капитал-телеком» ЖШС-гі жөнінде мағлұмат және оның қызметі
Оқушыларды кәсіпке баулудың дидактикалық ерекшеліктері
Фотоэлектрондық құралдар
Қазіргі байланысты ұйымдастыруды талдау
Оптикалық талшықты кабельдердің түрлері
Пәндер