Орта деңгейде ағылшын тілінде ауызша сөйлеуді дамыту



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Шетел тілдері кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Орта деңгейде ағылшын тілінде ауызша сөйлеуді дамыту

Орындаған: 03301 топ студенті

Тексерген: аға оқытушы Насимуллина
А.Б.

Орал - 2015 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. ОРТА ДЕҢГЕЙДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
1.1 Ағылшын тілін оқытуда ауызекі сөйлеудің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Орта деңгейде ағылшын тілі оқытудың
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2. Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың ауызша қарым-қатынас жасауға үйрету
әдісі
2. 1 Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
2.3 Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың монологтік сөйлеуге үйрету ... .23
2.4 Орта деңгейде ағылшын тілін оқыту әдістемелерінің өмірдегі
қолданысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32

Кіріспе
Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің
даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында ерте
жастан оқыту қолға алынып отыр. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруды
жалпы жазба тілімен ауыз екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды
шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс
түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша
сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып
қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің
ойларын, қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей: Өсіп келе жатқан ұрпаққа
әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен қатар
қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз, -
деген міндетті белгілейді. Біздің зерттеуіміз бүкілхалықтық талқылаудан
өткен, өзектілігі күнбе-күн артып келе жатқан осы құжаттарда қойылған
сұраныс бойынша зерттеу жұмысын жүргізуге арналады.
Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауызекі
сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға
тәрбиелеу - мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою
керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету,
жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап
сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс
әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.
Қазіргі заман сөйлеудің үш түрі – ауызша, жазбаша және электронды
түрлерінің дамуын ерекше талап етіп отыр. Сөйлеудің жазбаша, электронды
түрі қаншалықты маңызды болса – ауызша сөйлеудің мәні де соншалықты зор.
Оқушылардың ауызша сөйлеуге баулу мәселесін нақты әңгіме ететін кезең
келді. Бұл - әлеуметтік қажеттілік, заңнамалар талабы, Елбасы тапсырысы.
Бұл пікірлер аталған тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының мектептік білім беру саласында
ағылшын тілдерін оқып-үйренуге деген ықылас арта түсуде. Осыған байланысты
қазіргі қоғам шетел тілдерін меңгеру дәрежесіне күннен-күнге көтеріңкі
талаптар коюда.
Ағылшын тілдерін мектепте окытудың негізгі мақсаты, окушылардың шетел
тілін ауызша және жазбаша қатынас құралы есебінде пайдалана алу каблеттерін
дамытуда, яғни өздерінін төл мәдениетін тілін оқып-үйреніп отырған елдің
мәдениетімен салыстыра алу да, әр түрлі әлеуметтік орталарда қабылданған
және қолданылып келе жатқан мәдениеттердің, нормалардың, міндеттер мен
құқықтардың ерекшеліктері мен ортақ белгілерін ажырата білуде жатыр.
Оқытуда қолданылатын әдістер оқушылардың тұлғасына әсер етеді, олардың
сөйлеу, танымдық, шығармашылық қабілеттерін ынталандырады, сыныпта жұмыс
ісстеудің әр түрін қамтитын (жеке, топтық жене ұтымдық) жағдаяттар
туғызады, окушылардың белсенділігі мен дербестігін арттырады.
Әдістеменің ғылым ретінде сипат алуындағы алғашқы бағыттар
Б.В.Беляевтің есімімен ұштасады. Ол әдістемені қолданбалы психология
саласына теліді. Алайда, аудитория жұмысына сай іс әдістерін қолданудағы
айырмашылықтар, материалдарды сараптау - методиканың басты мәселесі болған.
Сондықтан әдістеменің бұл анықтамасы кең жайылған жоқ.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың басында бір мәселе өткір
тұрды. Ол – жобалы әдістеме мәселесі. Бұл - заңды құбылыс. Өйткені, Қазан
төңкерісінен кейінгі жаңа мектептер жаңа әдістердің болуын тіледі. Сол
кезеңдерде тікелей (натуралды) әдіс насихатталды. Ол тәсіл пәнді ағылшын
сөздерімен байланыстыратын – тура принцип негізінде пайда болды. Бұл
ағылшын тілін үйренудің еркін (ассоциативті) әдісі еді.
Батыста аралас әдістеме идеясы туындап жатқан шақта, неліктен мұнда
тікелей әдіс насихатталды? Алдымен, патшаға бағынышты оқу орындарында жай
жаттауға негізделген мәтіндік аударма мен грамматикалық аударма әдістері
үстемдік етті. Осыған жататын тікелей әдіс барынша озық сипатта болды.
Екіншіден, сол уақыттағы тікелей әдіс қарым-қатынасқа тәлімдеуді
көздеді.
Үшіншіден, І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыста бастау алған өзге
тәсілдерде қарастырылған ұсынымдармен біздің педагог-әдіскер ғалымдар таныс
емес еді.
Бұдан бөлек, көптеген методистер мен мұғалімдер үшін тікелей әдіс
жаңа, еліктіргіш болып саналды. Олар оның тиімділігіне шынайылықпен иланды.
Заман ағымына қарай тікелей әдіске енгізілген өзгерістер педагогикада
туындаған прогрессивті идеялармен терең байланысты.
Көп ұзамай шетел тілдерін оқытудың салыстырмалы әдісі қалыптасты. Бұл
әдіс бойынша шетел тілін үйрету ана тілімен салыстыру негізінде
жүргізіледі. Осы тәсілдің негізін қалаған - педагог ғалым Л. В. Щербу.
Мұның ізін ала тікелей және салыстырмалы әдістерді қиыстыру арқылы аралас
әдіс пайда болды. Бара-бара ағылшын тілін оқытудың мақсаттары мен оны
меңгертуге деген талап өзгерді. Сөйтіп ағылшын тілін оқыту жүйесі
күйзеліске ұшырады. Дағдарыс жағдаяты әрдайым түбегейлі өзгерісті талап
етеді. Осындай, озық идеялардың жеткіліксіздігі жағдайында коммуникативті
оқыту тәсілі жетілдірілді. Дағдарыс нәтижесінде әдістемелік іздестіру
жандандырылып, шетел тілін оқытудың заманауи әдістемелік тұжырымдамасы дами
түсті. Олар: коммуникативті, интенсивті, іс-әрекеттік және басқалар.
Қазіргі таңда байланыс пен шығармашылық оқытуға негізделген
коммуникативті-бағдарлау әдістемесінің орны бөлек. Ағылшын тілін оқыту
әдістемесі әрдайым толықтырылуы, дамытылуы тиіс. Жалпы осы курыстық жұмыста
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың жобалы әдісітеріне тереңірек
тоқталынады.
Зерттеу жұмысында ауызекі сөйлеу  мәдениетінің теориялық негіздері
қарастырылады. Бірінші бөлімде тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы
көрсетіледі. Сонымен қатар ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын
талаптары баяндалады. Екінші бөлімде  оқушыларды ауызекі сөйлесуге
үйретудегі коммуникативтік әдістер туралы сөз болады.
Орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне, яғни ауызекі сөйлеуге үйретуден
алынған нәтижелер және эксперимент сынып оқушыларын тіл мәдениетіне
үйретуден алынған нәтижелер салыстырылады.
Зерттеудің мақсаты: орта буында ағылшын тілінен ауызша сөйлеу дағдысын
қалыптастыру;
Зерттеудің міндеттері:
– ағылшын тілінен ауызекі сөйлеуін қалыптастыруға байланысты
жаттығулар;  
–оқушылардың ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу  дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен мәтіндер жүйесін  жасау;
- оқушының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арналған әдістер
туралы түсіні беру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен
және қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ОРТА ДЕҢГЕЙДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
1.1 Ағылшын тілін оқытуда ауызекі сөйлеудің рөлі
Ағылшын тілін оқытуда ауызекі сөйлеудің рөлі өте зор. Себебі ауызша
сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді,
естіген, айтылған хабарға өз көңілкүй қатынасын білдіреді. Сөйлеудің екі
түрі бар. Олар: монологтық, диалогтық. Диалог - екі немесе бірнеше адамның
сұрақ-жауап ретінде сөйлесіп, тіл қатысуы. Диалогтық сөйлеу алдын ала
жоспарланбайды, сөйлесу кезінде пайда болады. Оқушылар жалпы, арнаулы
сұрақтарды қоя алуы, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір
нәрсемен келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алуы керек.
Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру барысында және әр оқушы сөйлегенде
кемдегенде екі реплика айтуы қажет. Диалогтық сөйлеуді дамытуда дискуссия-
сабақ, экскурсия-сабақ, ойын-сабақ, талқылау сабақтарының рөлі зор.
Монологты сөйлеуді дамыту сабақтары-шет тіліне оқытудағы негізгі
сабақтардың бірі. Монологтық сөйлеу алдынала әзірленуді талап етеді.
Ауызша сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауыз екі тілде ойдағыдай
сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:
1) Ауызша сөйлеудің монологты және диологты формалары оқытудың барлық
кезеңдеріндеқатар жүреді;
2) Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады; яғни бұл
ауызша сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге
арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;
3) қосымша оқыту құралдарының жиі жиі қолданылуы;
4) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызша сөйлеуге бағытталған
жаттығуларды кең көлемде қолдану. Ауызша сөйле ептілігін дамытуға үйретудің
қажеттілігі, әсіресе диалогты құрастыра білуге үйрету, түсіне отырып
тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты.
Ағылшын тілін оқытуда тілдік тіректер арқылы оқушылардың білім, білік
дағдыларын дамыту басты мақсат болып табылады. Егер оқушыларды ағылшын
тілінде тілдік тіректер арқылы монолог түрінде сөйлеуге үйретсе, онда
олардың сөйлеу қабілеттері, танымдық қызығушылықтары, мәтін мен жұмыс жасау
кезінде шығармашылық дағдылары қалыптасып қана қоймай, олар ағылшын тілінде
еркін сөйлеуге машықтанады. Оқушыларды монолог түрінде сөйлеуге үйретуде
тілдік тіректердің маңызы зор. Шетел тілдерін оқыту әдістемелерінде тірек
ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көптеген ғылыми жұмыстарда ол, стимул, әрекет
жасауға түрткі ретінде қарастырылады. Мағлұмат түрткі бола алады, ал
мұғалімнің міндеті оқушылардың тыңдаған,оқыған, көрген мәліметтерін дұрыс
басқара отырып, оларды монолог түрінде сөйлету.
Көп жағдайда тілдік тіректер сөз әрекетін ұйымдастырушы болып, олардың
белгілі бір бағытта дамуына, оқушылардың сөйлегенде қате жасамауына дәнекер
бола алады. Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін,сөйлеушіге белгілі бір
мазмұн керек, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог
сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар
ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек. Тілдік тіректер
оқушылардың монолог түрінде сөйлеуіне көмегі зор. Көптеген әдіскерлер
тілдік тіректердің cөзден мәтінге дейін, мынадай классификациясын ұсынады:
1. материалды көрсету негізінде;-тілдік-кіші көлемдегі көруге болатын
мәтін, жоспар, сызба, мақал-мәтелдер;-бейнелеуші-кинофиль м, диафильм,
суреттер, кесте, түрлі бейнефильмдер;
2. cөз әрекетін басқару негізінде;-мазмұндық тіректер (кім, не, қайда,
қашан, қалай т.б. сұрақтар);-мағыналық тіректер (неге, не мақсатпен, не
үшін т.б. сұрақтар).
Тілдік тіректер жалпы дидактикалық және методикалық принциптерді
ескеріп төмендегі талаптарға сай құрылуы тиіс:-өтіліп жатқан материалды
ескеру қажет;-тіректер түсінікті және көрнекі болуы тиіс; Тілдік тіректер
оқу процесін дамытып,оқушылардың монолог түрінде сөйлеу скерліктерін
қалыптастырады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту
үдерісінде қалыптастырудың дидактикалық шарттары: - тілді оқытуда тың
ақпараттарды және қазіргі технологияларды қолдану;-тілді оқыту барысында
белсенді әдістерді пайдалану;-тілді оқытуда мәтінің мазмұнын жаңа
технологияға және әлеуметтік саяси жағдайға сәйкестеп сұрыптау.Кез келген
сөйлеу біліктілігін дамыту процесінде екі кезеңді,яғни сөйлеуге дайындық
және сөйлеу кезеңін ескеру қажет.
Ауызша сөзді жетілдіру үшін жасалатын жаттығулардың көбі тіл және сөз
жаттығулары түрі беріледі және ондай жаттығуларсыз оқушыларды сабақта
сөйлету мүмкін емес. Оқушылардың сөйлеген сөзі жатық болу үшін олар
тақырыптарға байланысты емес басқа сөздерді де білуі керек. Ондай сөздер
қатарына сәлемдесу, әдептілік ишараттарын , өтініш, т.б.( Good day, May I...,
Make up...,).
Ауызекі сөйлеу үшін оқушының сөздік қорында зат есімдер мен
етістіктердің, есімдіктер мен көмекші сөздердің болуының маңызы зор.
Сонымен бірге көмекші сөздердің ішінде жоққа шығаратын сөздер, заттың қайда
екенін білдіретін, модальді сөздердің, істің, қимылдың басталуын,
аяқталуын, жалғасуын білдіретін сөздердің алатын орны ерекше. Осы сөздерді
қамтитын ситуацияларға келсек,олар негізінен мынадай болады: Барлық
әңгімелер өз елімізде болады да, ал сөйлесетін әріптестер шет елдіктер
болады.
Мұндай ситуациялар заттарға және қарым-қатынастарға байланысты болуы
керек. Сонымен қатар суреттеу,пікірталас ситуацияларын да атаған жөн.
Мысалы: заттарға байланысты ситуациялар:
а) Лондоннан келген оқушылар біздің оқушылардан қандай кітаптар,пәндер
оқитындарын сұрайды. Бұған табиғат т.б, туралы суреттеулер де кіреді.
б) Көшеде: шетелдікпен көшеде, аялдамада кездесу. Шет елдік біздің
қалада алғаш рет болғандықтан жол сұрайды. Қарым-қатынас (пікірлесу)
ситуациясы.
а) Мектепте: отбасы туралы фильмді талдау.
б) Көшеде: автобуста шет елдікпен әңгіме. Суреттеу ситуациялары.
а) Оқушы шет елдікке көшеде жол сілтеп, қаланы суреттейді. Лондоннан
келген мұғалім оқушылардан мектеп туралы сұрайды. Оқытудың бастапқы
сатысына арналған ситуациялар арнайы құрылуы тиіс. Лексиканы
коммуникативтік мақсатта қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін алдымен
оларды қандай әдіс-тәсіл арқылы үйрету керек деген сұрақ туындайды.
Е.И.Пассов сөздерді коммуникативтік мақсатта қолдану үшін мынадай
жағдайларды ескру керектігін айтады:
а) қажетті сөзді еске түсіру;
ә) сөзді өзіне қажетті ситуацияға сәйкес басқа сөздермен байланыстыра
сөйлем құрап, дұрыс қолдана алу.
Ауызша сөйлеуге үйрету барлық сыныпта жүргізіледі. Оның әр сыныптағы
мәні өзгеше екендігі анық. Оқушыларға жатық, шебер сөйлеуге баулудың мәні
зор екендігі сөзсіз.
Тілді үйретудегі негізгі мақсаты - ағылшын тілінің әлемдік тіл екенін
ескере отырып оқушыларды осы тілде еркін ойлап-сөйлеуге үйрету;
оқушылардың сөйлеу қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып дамыту;
оқушыларды өзге ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
Шәкірттердің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру,
ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын
көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор. Ойын технологиясын
сабақта дұрыс қолдана білу керек.Санына емес сапасына назар аударған жөн.
Күнделікті бір сарынды,дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра
алмайсың, керісінше жалықтырып аламыз. Ағылшын тілі сабағында білім сапасын
арттыру үшін ойын технолдогиясын қолдану керек.Ойын ойнау арқылы оқушылар
өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген
ұмтылыс пайда болады. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге
жете алмайтынымды түсіндім.Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін
аңғардым.Бірақ қандай деңгейде?Сабақтың қай кезеңінде?Қай кезде жақсы
нәтиже береді?Бұл сұрақтар мені үнемі толғандыратын.Себебі мен бұл
сұрақтарға бірден жауап бере алмадым. Әріптестеріммен кеңестім, көптеген
әдебиеттерді оқыдым, интернеттен іздедім. Ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды
жеңіл, оңай меңгертуге болатынын түсіндім.
Ауызша және жазбаша қарым-қатынас сөйлеу ерекшелігінің төрт түрінің-
сөйлеу, есту, оқу және жазу- әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, бір-
бірімен тығыз байланыста оқытуды қажет етеді. Бұл олардың әрқайсысының
қызметінің негізі бірдей психикалық процестер мен психолингвистикальқ
заңдылықтарға құрылуына ғана байланысты емес. Қарым-қатынас барысында
адамдар оқиды, оқығандарын талқылайды, оны есінде жақсы сақтау үшін қажетті
жазулар жазады, сөйтіп керек болған жағдайда қажетті мәліметті қайтадан
жаңғыртады. Басқаша айтқанда, нақты сөйлеу қарым-қатынасын жүзеге асырудың
бұл әдістері бір-бірімен тығыз араласып жатады және олардың арасына, қандай
да болмасын, белгілі 6ip шекара қою қиын. Сондықтан да оқу процесінде
сөйлеуге үйрену ауызша мәтінді түсіну қабілетін қалыптастырумен тығыз
байланыста жүргізілуі қажет. Екінші жағынан, керісінше, белгілі бір мәтінді
оқығаннан не тыңдағаннан кейін, оқушылар оның мазмұны туралы (ауызша не
жазбаша) өз пікірлерін білдіре алады, сонымен 6ipгe ауызша әңгімелеу
қажетті ақпараттарды жазбаша түрде белгілеумен ұштасып жатуы мүмкін.
Сөйлеуге, оқуға, естуге және жазуға үйрету мәселелеріне саналы түрде қарау
олардың әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, материалды өнімді түрде
меңгеру, сөйлеу әрекетінің оңтайлы және өнімді түрлерінің ерекшеліктерін
ескеретін тең мағыналы жаттығуларды пайдалану, қарым-қатынастың ауызша және
жазбаша турлерін сараптау кезінде еске алынуы кажет.
1.2 Орта деңгейде ағылшын тілі оқытудың әдістері
Ағылшын тілі — Үнді-Еуропалық тілдер жанұясының батыс герман тобына
жататын тілі. Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норвег, швед,
нидерланд және өзге де тілдер жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып
есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелден басып алған Англо-
Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердің тілдері әсерін тигізген.
Осыдан 300 жыл бұрын ағылшын тілінің жалғыз ғана нұсқасы болған еді.
Ол алғаш Британияда қалыптасты. Бұдан соң ағылшын тілі Америка, Австралия,
Жаңа Зеландия, Индия, Азия және Африка халықтарының ортақ тіліне айналды.
Бірақ, осы аталған елдерде ағылшын тілі әр түрлі деңгейде дамыды, жетілді,
толықты, байыды.
Ағылшын тілі - дүниежүзілік тіл немесе халықаралық тіл. Бірақ, алғаш
рет отарлауды бастаған голландықтар мен испандықтар. Ал, олардың тілі неге
әлемдік тілге айналмады? Өйткені голландықтар біздің тіл көркем, әуезді,
сендер грамматиканы білмейсіңдер, тілді бұзасыңдар, – деп отар елдерді өз
тілінде сөйлетпей қойған. Ағылшындар қалай сөйлесеңдер де өздерің
біліңдер, біз ақпаратты түсінсек болды, – деген. Ағылшын тілінің
грамматикасы екі септіктен тұрады. Сондықтан сөйлеуі - жеңілдеу, бірақ
жазылуы - күрделі.
Ұлттық география қоғамының деректері бойынша әлем халықтарының 70
проценті бар болғаны қырық тілде ғана сөйлейді екен. Әлемдегі ең көп
тараған әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын
тіл - ағылшын. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа
Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан
басқа көптеген мемлекеттердің ресми тілі болып саналады. Қазіргі қоғамда
ең сәнді болып келетін ағылшын тілінің Америкалық ағылшын, Канадалық
ағылшын, Австралиялық ағылшын, Жаңа Зеландиялық ағылшын секілді түрлерінен
басқа отыздан астам диалектілік түрлері бар. Бірақ олар бір-біріне
ұқсамайды.
Жуықта елімізде Мемлекет Басшысының жетекшілігімен тілдердің үш
тұғырлығы тұжырымдамасы әзірленді. Өз мемлекетінің тілін білу - әрбір
азаматтың борышы. Орыс тілін білу де қосымша дәлелдеуді қажет етпейді, ол
Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс тілі бола отырып, ұлтаралық қатынас құралы
ретінде маңызды рөл атқарады. Әлемде 250 миллионға жуық адам орыс тілінде
сөйлейді. Бүгінгі күні ағылшын тілін оқып-үйрену аса маңызды қажеттілік
болып табылады. Өйткені ол, шын мәнінде, әлемдік тілге айналып кетті.
Ағылшын тілін меңгермей, жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы айту мүмкін
емес. Сондықтан қазір қытайлықтардың өзі де ағылшын тілін бар ынтасымен
оқып-үйренуде.
Ағылшын тілі — БҰҰ-ның негізгі алты тілінің бірі болып саналады.
Ағылшын тiлi пәнi мектепте бiлiм, тәрбие берумен қатар
жасөспiрiмдердiң жеке бас қасиеттерiн тұлға ретiнде жетiлдiруге, қоғамдағы
өз орнын табуға ерекше ықпал етедi.
Ағылшын тiлi пәнiнiң басты мiндетi - шәкiрттердiң тiлдiк қарым-қатынас
жасай алу бiлiктiлiгiн жетiлдiру.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқыту барысында белгілі бір әдістемені
қолдану әр түрлі шарттарға байланысты. Ол шарттардың ең бастысы ағылшын
тілін оқытудың алдына қойылатын мақсат. Сонымен қатар ағылшын тілін оқып-
үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны да белгілі бір әдістемені қолдануға
ықпал етеді. Шет ел тілін оқып-үйретуде шәкірттердің жас ерекшелігі де
әдістеме таңдауда ескерілуге тиіс.
Оқыту шарттарының ішінде оқыту мақсаты аса маңызды рөль атқарады.
Қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси, шаруашылық және өзге де
байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.

Осы замандық ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау өте
маңызды. Өйткені, пайда болған әрбір жаңа әдістің артықшылығы мен кемшілігі
болуы заңды.
Сондай-ақ салыстыра сипаттау оқытушының таңдауы үшін де маңызды.
Әдістердің түрі - сан алуан. Бұл тәсілдердің өзгешеліктерін білмей отырып,
оны таңдау қиынға соғады. Сондықтан да орта деңгейде ағылшын тілін оқыту
әдістемесіне сипаттама беру - тым өзекті.
Аталмыш зерттеудің міндеттері бүгінгі орта деңгейде ағылшын тілін
оқыту әдістерінің негізін салған басты принциптерінен дараланып шыққан.
Оқыту әдістері: Логикалық ойлау; Сатылау; Рольдік ойындар; Тізбектеу әдісі;
Мәдени қарым-қатынас; Проблемалық оқыту; Медиация; Проекттілік (жобалау)
әдісі; Миға шабуыл; Анализдеу; Пікір таластыру; Шығармашылық қалыптасу
әдісі; Болжау; Интерактивті әдістер; Көру, есту кинестетикалық;
Коммуникативтік, Тандем, Витагендік әдіс, Іс-әрекеттік және аралықтан
(қашықтан) оқыту әдісі.
Адамзат тарихында білім берудің әр алуан әдіс-тәсілдері әзірленген.
Ағылшын тілін оқытудың жолдары алдымен оқу мен аудармаға лайықталған білім
беру процесі аясындағы латын және грек тәрізді өлі тілдерді оқыту үшін
әзірленген бағдарламалардан алынды.
Мұндай әдістің негізі XVIII ғасырдың аяғында қаланып, XX ғасырдың бел
ортасында орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың Grammar-translational
method (грамматикалық-аударма әдісі) атауымен ресімделді.
Орта деңгейде жоғарыдағы әдіске сай, тілді меңгеру үшін грамматика мен
сөздікті меңгеру қажет болды. Ал мұны жетілдіру процесстері бір
грамматикалық құрылымнан келесіге қарай бағытталған қимыл деп пайымдалды.
Сөйтіп, осы тәсілмен оқытуды жоспарлаған оқытушы, алдымен қандай
грамматикалық құрылымды баяндауды ойластырады. Одан соң сол тақырыптарға
орай жеке сөйлем мәтіндері жинақталады. Бұдан соң олардың аудармасы
қамтылады, алдымен –ағылшын тілінен ана тіліне, кейін – керісінше.
Қолданысқа ертеден кіргеніне қарамастан, бұл әдістің өзіне тән
артықшылықтары бар. Біріншіден, ол грамматиканы жетік меңгеруге жол береді.
Екіншіден, бұл тәсіл - тілді грамматикалық формулалардың қосындысы іспетті
қабылдайтындарға, логикалық ойлау деңгейі тым жоғары жетілген азаматтарға
әбден ыңғайлы. Шетел тілін үйретудің осы тәсілі 50 жылдардың аяғына дейін
үстемдік етіп келді. Айта кететініміз, барлық данышпандар мен феноменальді
білікті аудармашылар қазіргі кезеңге дейін осы әдіспен оқып үйренді.
50 жылдардың орта тұсында бұл тәсіл лингвистердің заман ағымына қарай
қалыптастырған талабына толық жауап бере алмады. Соның нәтижесінде сан
алуан әдіс-тәсілдер дүниеге келтірілді. Солардың бірқатарын сипаттап
көрелік:
60 жылдары пайда болған орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың Silent
way (үнсіздік әдісі) атауына лайық, бұл әдістің ағылшын тілін игертудегі
принципі - тіл үйренушіге кедергі келтірмеу әрі оған оқытушының көзқарасын
араластырмау. Осы әдістеме бойынша оқытушы бастапқыда еш нәрсе айтпайды.
Сөздің айтылуының кіші деңгейін оқыту барысында ол күрделі түрлі түсті
таблицаларды қолданады. Кестедегі белгілер мен түстер белгілі бір дыбысты
таңбалайды. Сөйтіп жаңа сөздер таныстырылады. Мәселен, table сөзін айту
үшін алдымен т, одан кейін эй дыбысының белгісі саналатын квадрат
көрсетіледі. Осылайша, квадраттар мен түрлі таяқшалар арқылы жасалған
сабақтағы манипулиямен оқыту ісі өз мақсатына сай ілгерілей береді.
Аталған әдістің артықшылықтары неде? Оқытушының тілді білу деңгейі
оқушының тіл білу деңгейіне ықпал етпей, сөйте келе тілді оқушының
оқытушыдан артық меңгеріп кететін кездері болады. Бұдан бөлек, оқу
процесінде оқушы еркін сөйлеп үйренуге мәжбүр болады. Осы тәсіл жоғары
технологияға құмар жандарға тым қолайлы.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың келесі тағы бір қызықты әдіс
Total-physical response (физикалық сезіну әдісі) деп аталады. Бұл әдістің
негізгі ережесінде айтылғандар: Өзіңіздің белгілі бір себептермен өткізіп
алған нәрселеріңізді түсінудің қажеті жоқ. Осы теорияға сай оқушы алғашқы
сатысында ештеңе айтпайды. Алдымен, ол жеткілікті деңгейде білім алуы
керек. Алғашқы жиырма сабақта оқушы үнемі ағылшын сөздерін тыңдайды. Ол не
оқыса да, оқығаны жөнінде тіс жармайды. Содан соңғы оқу процесі - оқығанын
не тыңдағанын қимылмен сезінетін кез. Физикалық қимылдарды білдіретін
сөздер арқылы барлық сөздерді меңгеруге мүмкіндік туады. Мәселен, тұр
деген сөзді түсініп, барлығы орындарынан тұрады, отыр дегенде олар
отырады. Оқушы біраз мәлімет жиғанда барып (алдымен тыңдады, сосын
қозғалыста болды), ол сөйлеуге дайын бола бастайды. Бұл әдістің басымдығы,
оқушы үйрену процесінде өзін өте жайлы сезінеді. Керекті эффект адамның
алуға тиісті ақпаратын жіберіп алу есебінен жетіледі. Тағы бір айтарлығы,
тілді үйрену үрдісінде келтірілген тәсіл бойынша оқушылар бір-бірімен қарым-
қатынас жасай алады.
Орта деңгейде ағылшын тілін үйренудің ойға шому (Sugesto pedia) деп
аталатын әдіске де көңіл бөлген орынды. Бұл тәсіл 70 жылдары қолданысқа
енді. Бұл әдіске сай, ағылшын тілін мүлдем басқа адам бола отырып (әсіресе,
үйрену кезеңінде) ұғынасың. Осындай жолмен тіл үйрену барысында топтағы
барлық оқушылар өздеріне жаңа есім таңдап, жаңа өмірбаян ойлап табады.
Осының нәтижесінде олар өздерін мүлдем басқа әлемде – зердеге тоқыған
ағылшын әлемінде отырғандай күй кешеді, қызықты қиялға беріледі. Мұның бәрі
оқып-үйрену процесіндегі кез келген адамның кеңінен көсіле сөйлеуіне әрі
оның сөзі тұпнұсқаға барынша ұқсас болуына ұйғарылып жасалған.
Орта деңгейде ағылшын тілін үйренудің келесісі - аудиолингвистикалық
әдіс (Audio-lingual method). Ол 70 жылдардың аяғына қарай келіп қосылды.
Оның жай-жапсары келесідей: бірінші кезеңде оқушы фонограммадан немесе
оқытушының түсіндірмесінен тыңдағанын бірнеше рет қайталайды. Одан соң,
оған бір-екі фразаны (тіркесті) айтуға рұқсат етіледі, ал қалғандары да осы
тәріздес қайталаулардан тұрады.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың 70 жылдары пайда болған тәсілдің
бірі – коммуникативтік әдіс. Оның басты мақсаты – әңгімелесушілердің
сөздері түсінікті болуы үшін адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу дағдысының оқытудағы коммуникативті әдіс
Шетел тілдеріне оқытудың құралдары
Табиғи әдіс негізінде пайда болған шет тілдерін оқыту әдісі
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Ағылшын тілді БАҚ материалдарын қолдана отырып, ауызша сөйлеуге оқыту тиімділігі
Шет тілі оқыту әдістемесі
Сөйлеу тілін түсіну
Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету
Оқушыларға ағылшын тілін оқытудың маңызы
Ауызша сөзге үйрету
Пәндер