Білім саласындағы әлемдік даму



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Музыка – адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен
эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор.
Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты
ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше
көнiл бөлуiмiз керек.
Білім саласындағы әлемдік дамуды ескерту, Қазақстан Республикасындағы
жоғары білім беруді, соның ішінде музыкалық білім беруді реформалау жоғары
мектептегі музыкалық-педагогикалық процестерді ұйымдастырудың қалыптасқан
негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыдан терең пайымдауды қажет етеді.
Қазіргі таңда болашақ музыка мұғалімдерін даярлау ісі белгілі бір
жүйеге келтіріліп жатқанымен бұл салада лайықты оқулықтар, оқу құралдары
жоқ деуге болады.
Музыкалық білім беру педагогикасы – педагогика, психология, музыкатану
ғылымдарын ұштастыратын қалыптасу үстіндегі ғылым саласы. Өкінішке орай,
оның дербестігі, мазмұны, объектісі, пәні, тіпті терминологиясы жөнінде әлі
де бірыңғай пікір-пайымдаулар қалыптасқан жоқ.
Ән-күй сабағының басты мақсаттары балалардың музыка өнеріне деген
практикалық қызығушылығын сезімдік тұрғыда дамыта білу, жеке бастың рухани
негізін қалыптастыру болғандықтан ұстаздың адами-сезімдік қасиеті, адами
тәжірибесі өте үлкен орын алатынын ұмытпаған жөн. Сабақ барысындағы
тақырыптардың өзара байланыстылығы ұстаз шеберлігіне байланысты өрбиді. Бұл
байланыстылық оку бағдарламасының мазмұндылығына, сабақ такырыптарына,
музыкалық материалдарға, музыкалық оқытуда қолданылатын әдістемелік
амалдарға байланысты іске асырылады. Осы айтылғандарды ескере отырып, сабақ
барысындағы тақырыптық ауысулар музыкалық материалдың біртұтас мағынада
жүруіне, оқушылардың музыка өнеріне деген жанды қатынасына негізделіп тұруы
керек.
Ән-күй сабағын ұйымдастыру барысындағы негізгі мақсат, нақтылы
бағдарлама арқылы, ұстаз қызметінің жүйелігі арнасында оқу-тәрбие ісінің
көрнекті компоненттері бойынша іске асуға тиісті.
Музыка сабақтарының әр түрлі мағынадағы түрлері болады. Мысалы,
жоспарланған тақырыпка кіріспе сабақтары, тақырыпты тереңдей оқыту
сабақтары және тақырыпты бекіте, жан-жакты оқыту сабақтары болады. Сондай-
ақ оку жылының тоқсандар соңында қорытынды мағынадағы концерт-сабақтар
жоспарлануы өте кажет.
1. Музыкалық тәрбие берудегі музыка тыңдау
1.1.
Музыка сабағы іс-әрекеттің негізгі түрлерін ескеріп, бірлестікте
құрылған: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылық және басқа қосымша іс-
әрекеттер,шығармашылық тапсырмалар.
Музыкалық тәрбие берудегі музыка тыңдау – музыка пәнінің маңызды бір
бөлігі болып табылады. Ол музыкалық жан – жақтылықты кеңейтеді, музыкалық
білімін толықтыра отырып, қабылдауын дамытады, сүйіспеншілігі мен көркемдік
талғамын қалыптастырады.
Музыка тыңдау барысында шартты түрде бастауыш сынып оқушыларының
қабылдауын былайша топтастыруға болады: шығарманың мазмұнын елестету, оның
жанры, құрылысы және басқа көркемдік құралдарын ажырату.
Оқушылар бірінші сыныпта ән немесе күй жанры жөнінде толығымен
мағлұмат алады: Ал, екінші сыныпта олар күрделі фактурасы бар Жыл басы
кім болады? атты балалар операсы мен аңыз – күй Жетім бала эпикалық
бірнеше көріністен тұратын көлемді күймен танысады.
Үшінші сыныпта ән мен сөздің өзара тығыз байланысымен қазақтың ұлттық
шығармашылығы түрлерімен: терме, жыр, айтыс, күй тартыс, атақты жыршы –
термеші, күйшілерімен танысады.
Төртінші сыныпта бағдарламаның музыка тыңдау бөлімі жүйелі
бірізділікпен жалғасып отырады. Оқушылар ән мен күйдің күрделі музыкада
жаңа өмірге ие болғанын көре отырып, композиторларының шеберлігінің
арқасында халық музыкасының түрленіп, жаңа бояулармен нәрленгенін
байқайды. Қазақстанның және шетел шығармаларымен танысу музыканың күрделі
жанрлары мен формаларын білуге көмектеседі.

1.2. Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру жолдары

Ұстаз оқушыларға музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін
нақтылы түсіндіріп бергені жөн. Музыкалық есту өнерінің негізгі екі түрі
болады:
1) Мелодиялық есту.
2) Гармониялық есту.
Мелодиялық есту қабілеті естілген, әуен-сазды дәл қайталау арқылы
көрінеді, ал гармониялық түрі бірнеше дыбыстар (аккордтар) үндестігін
ажырата білумен байқалады. Есту қабілетінің осы екі түрін де арнайы
жаттығулар арқылы дамытуға болады.
Музыкалық есту қабілеті ән-күйдің мазмұнын, көркем ойын түсінуге, оны
сезіммен қабылдауға, шығармалардың дыбыстық кұрамын, ырғақтық, тембрлік
ерекшелігін және дыбыстық ауқымын, формалық стилін анықтауға негіз болады.
Сабақ барысында түрлі әуен-сазды тыңдап, олардың аттарын, формасын,
дыбыстық ауқымын әңгімелеп отыру өте тиімді. Әуенді мәнерлі, таза айтып,
оның ладтық ерекшелігін айыра білу оқушылардың музыкалық қабілетінің даму
дәрежесін көрсетеді.
Әннің ырғағын дәл сезіне білу үшін оқушылармен музыкалы-ырғақтық
ойындар, түрлі жауап-сұрактар, ырғақтық диктанттар, шығармашылық үрдістерді
көрсетіп, тұрақты еткізіп тұру сөзсіз нәтиже береді. Ырғақтық сезімнің
эмоциялы, моторлы табиғатын ұстаздардың нақтылы ажырата білгені жөн.
Оқушылардың музыкалык есту, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту үшін халықтық
әуендерді, сонымен қатар классик композиторлардың, қазіргі заманғы
авторлардың шығармаларын кеңінен пайдалану керек.
Оқушылардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтың
қарапайым әуен-саздарын, мақал-мәтелдерін, балалар өлеңдерін, т. б.
қолдануға болады.
Музыка сабақтарында ұстаздың өзі ән айтып, аспапта ойнап, көркемдігі
жоғары ойын көрсетсе, оның оқушыларға беретін маңызы мен тәрбиесі өте
өлшеусіз екені анық.

Музыка әуенін тыңдап түсіну мәдениеті бала кездегі тәрбиенің негізінде
қалыптасқаны жөн. Ол үшін оқушыны, ең алдымен, сезім байлығын дамытуға,
есту, есте сақтау, қиялды ұштау және шығармашылық еңбекке үйреткен тиімді.
Музыканы дұрыс тыңдап, одан ерекше ләззат алу үшін музыкалық
шығарманың талғамдық деңгейі, оқушыға беретін сезімдік ассоциациясы маңызды
орын алады.
Оқушыларды музыканы қабылдаудың сапалы жағына қызықтырып отыру -
ұстаздың басты борышы.
Музыканың түсінікті, әсерлі болып қабылдануы үшін ұстаздың алдын ала
жоспарлаған дайындық жұмыстары, көркемдік-педагогикалық, музыкалық
талдаулары, әсерлі әңгіме-суреттемелері оқушының музыка қабылдау сезімін
дамытып, оның дұрыс қалыптасуына көмектеседі. Оқушының көркем ойының
тұрақтанып, өзіндік талғамының қалыптасуы, оның шығармашылық ойының өсуі
ұстаздың баланы қандай дәрежеде қызықтырғанына байланысты қаралатыны
сондықтан. Әсіресе оқушыны музыканы дұрыс тыңдай білуге үйрету сабақ
жоспарынан тыс қалмауға тиіс.
Музыканы тыңдап, қабылдау жұмысын түрлі кезеңмен атқарған тиімді.
Мысалы, I кезең — алғашқы жалпылама танысу кезеңі.
II кезең - музыкалық шығарманы талдау, тыңдау, бөлімдерін жекелей
қарау, интонациялық, орындаушылық ерекшеліктерін үйрену.
III кезең — биік деңгейде, музыканы мағыналық тұрғыдан қабылдауға
үйрету.
Оқушылардың жалпы музыкалық танымын, яғни музыкаға деген танымдық
қызығушылығын біртіндеп, дұрыс бағытта дамытып, бағдарлап отыру да -
ұстаздық шеберліктің бір түрі.
Музыка сауатының қарапайым элементтерін меңгеру (демек, нота жүйесін
меңгеру) оқушының музыкалық танымының бір түрі ғана. Ноталық жүйені толық
меңгеру жалпы білім беру саласындағы міндетті мақсат емес, ол тек
оқушыларды музыка өнеріне жұмылдыру, қызықтыру жұмыстары үшін қолданылады.
Ноталық белгілер музыкалық шығармашылық өнердің жалпылама символы
(рәміздері) ретінде әуен-саздан көркемдік ой тудыруға, мән-мағыналық
түсінік білдіруге көмектеседі.
Мектептерде ноталық жүйеге дейінгі музыка сабақтарын өту кезеңдері
болады. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗАМАНАУИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Қазақстанның жоғары білім беру саласы және оны мемлекеттік реттеу жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ
Индустриялық - инновациялық инфрақұрылымның теориялық негіздері
Білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторлар
Мәдени саясаттың модельдері
Білім берудің мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде анықтайтын
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ БАҒЫТТАРЫ
Білім саласындағы зерттеулердің бағыттары
Пәндер