Орталықтанған кітапхана жүйесі
Құрманғазы атындағы саз колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Орталықтанған кітапхана жүйесі
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Орталықтанған кітапхана жүйесі
1.1. Кітап оқу арқылы сананы
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Орталықтанған кітапханаларда өткізілетін
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Қазақ КСР ғылым академиясының орталық ғылыми кітапханасы ... ... ... 13
2. Кітапханалардың көрсететін қызметі
2.1. Кітапхананың алдында тұрған міндеттері мен
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Кітапханашы мамандардың біліктілігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Білім бар жерде жерде кітап көбейеді. Кітап бар
жерде білім өркендейді. Қазірге дейін кітапханаларға болған көзқарас, сол
қоғам мүшелерінің білімге деген көзқарасының өлшеуі бо- лып саналады. Кітап
– білім байлығы ғана емес, рухты оятатын, ой-сананы өсіретін қымбат қазына,
кітапхана сол қазынаның алтын діңгегі. Халқымыздың рухани, мәдени ой-
санасының қалыптасуы мен дамуында кітапхананың атқарар рөлі ерекше.
Кітапхана экономикалық потенциалдың өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға
адамдардың, әсіресе жастардың, ой-өрісін, ішкі дүниесін қалыптастыруға
пәрменді ықпалы бар фактор екенін өмір көрсетіп отыр. Қазақстанда кітапхана
ісінің дамуы еліміздегі мәдени құрылыстың жарқын беттерінің бірі болып
табылады. Олай дегеніміз, кітапхана аз ғана тарихи уақыт ішінде айтарлықтай
табысқа жетті.
Қазіргі күнде де кітапханалардың өрістеуі шарықтамаса, толастаған
емес. Бұның айғағы ретінде де тәуелсіздігіміздің туы қолымызда
желбірегеннен бері, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың назарынан да тыс қалмады. Соның айғағы, халқымыздың
рухани тыныс тіршілігіне тың серпін әкелген игілікті іс ретінде зор бағаға
ие болып отырған Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғы 13
қаңтардағы Жарлығымен бекітілген 2004–2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра”
мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарламадағы мәдени мұраны сақтау мен
өркендетудiң бағыттарында: ТМД елдері мен шетелдік мұрағаттарындағы
Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды, қолжазбаларды, сирек кезде- сетін
кітаптарды алдыру, көшірмесін жасаттыру; ұлттық әдебиетіміз бен өнеріміздің
бай мұрасын зерттеп, жүйелеп, көп томдықтар түрінде басып шығару еді. Осы
“Мәдени мұра” бағдарламасы іс-шаралары бойынша қазіргі күнде біраз жұмыстар
атқарылып жатыр. Оған кітапханалардың қосып жатқан үлесі мол. Республикамыз
тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға
шықты. Халықтың білім бұлағы болып саналатын кітапханалар жаңа талапқа сай
жұмыс 4 істей бастады. Кітапханалардың қалыптасуы, кітапхана қызметкерлерін
дайындау, олардың әлеуметтік ахуалы XX ғасыр басында қазақ қоғамының өтпелі
кезеңінде болды, оның таңдаулы үлгілерінің, ізденістері мен тәжірибесінің
Қазақстандағы бүгінгі мәдени процестер үшін де маңызы бар. Қазақстандағы
кітапхана ісінің тарихы курсын оқу барысында болашақ маман − әлемге әйгілі
Александрия және Отырар кітапханасынан бастау алып, Қазақстанның партия
кеңес органдарының кітапханаларды құрудағы және дамытудағы қызметін,
кітапханалардың жалпы жүйесінің қалыптасуын және дамуын, оның жұмысының
мазмұны мен түрлерін, әдіс-тәсілдерін, мамандар даярлаудың ерекшеліктерін
оқып, үйренеді.
Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы
Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған.
Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 — 11-
ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және
әдеби кітап қорларымен аты шықты.
Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі
әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта
Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана (2003) жұмыс істейді. [2]
Курстық жұмыстың мақсаты: орталықтанған кітапхана жүйесі туралы жалпы
мағлұмат алу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Кітапхананың дамуы туралы түсінік беру;
2. Кітапхананың жұмысын турал деректер іздеу.
3. Кітапхананың қазіргі таңдағы орны туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. Орталықтанған кітапхана жүйесі
1.1. Кітап оқу арқылы сананы дамыту
Бүгінгі таңда кітапхана қызметі тұлға дамуының ең маңызды
демократиялық институты ретінде қоғам талабына сай жұмысын жасауда. Бұл
ретте кітапхананың әмбебап қорын сақтау, жинау және ұсыну арқылы
пайдаланушылардың сұранысы қанағаттандырылады.
Кітапхана ісін жоспарлау - кітапхана ісін басқарудың кұрамды бөлігі -
белгілі бір кезеңге кітапхана ісін жетілдіру, оларды жүзеге асырудың
құралдары мен даму көрсеткіштерінің мақсатын ғылыми анықтау.
Кітапхана ресурстарын жоспарлау - белгілі мерзімге кітапхана
ресурстары дамуының тенденциясы мен болашағын анықтауда аймақтың
(мекеменің) тұрғындарының белгілі қажеттерін зерттеу арқылы жүзеге асатын
жоспарлау.
Кітапхананың бағдарламалық-жобалық қызметі дегеніміз ақпараттық
мәдениет дамуының ықпалды құралы, өмір сүру мүмкіндіктері шектеулі
жандардың тұрақты түрде жан-жақты оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру,
олардың бір-бірімен өзара араласуға баулу. Бұл өзі пайдаланушыларға
көрсетілетін кітапхана қызметінің нәтижелігі және әлеуметтік ыңғайласумен
кемшілігін толықтыруға ықпал ететін арнайы жұмыстар түрі. Аса маңыздысы -
мүдделі серіктестерінің көптеген мәселелерін шешу мақсатында қала мен
облыстың көптеген қызмет орнын, қаланың қоғамдық ұйымдарын, мүгедектердің
еркін қоғамын тарту мүмкіндігі. Әр жобаның өзіндік тақырыбы, бағыты бар, іс
жүзіне асыруға түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Алайда барлық
жобалар мен бағдарламаларды біріктіретін міндеттер – қандай болмасын
санаттағы мүгедектерге тең құқықтар беру, ақпараттарға қол жеткізуге жағдай
жасау, өзара араласуға баулу, әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, шығармашылық
қабілеттерін дамытуға жағдайлар жасау.
Қазіргі кітапханалар – ақпараттық мәдени-ағартушылық, ғылыми
зерттеушілік мекеме болу керек. Қазіргі заман талабына сай технологияны
біліп қана қоймай, сонымен бірге оны сауатты түрде қолдануы керек.
Кітапханашылар мен педагогтар алдында тұрған міндет ХХІ ғасыр
азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз
игіліктеріне жұмсауға үйрету, ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу.
Кітапхананың міндеті жан-жақты анықтама ақпаратын оқырмандарға сапалы
ақпараттық библиографиялық қызмет көрсету. Әдебиеттердің ұсыныс тізімі,
белгілі даталарға арналған библиографиялық көрсеткіштер, бюллетельдер
шығарылады.
Кітапхана – кітаптар қоры. Осы жерден біз өзімізге керектің барлығын
аламыз. Кітап арқылы адамзат ақыл ойының інжу маржанын бойына жинайды да,
оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. Кітапсыз адам өмірі бос. Кітап біздің
досымыз ғана емес, сонымен бірге біздің тұраќты мәңгілік сенімді серігіміз.
Кітапты оқып, білім аламыз, кітаптан мәдениеттілікті, адамгершілікті,
ізгілікті, шындықты үйреніп, кітаппен бірге ер жетеміз. Кітапсыз өткен бір
күн, орны толмас бос өткен күн. Көркем әдебиеттерді таңдап оқи білу де
үлкен өнер. Әр кітап – Отан байлығы. Ата-аналарымыздың, ата-әжелеріміздің
маңдай тері, оны естен шығармауымыз керек. Барлық білімді біз кітаптан
аламыз. Білімге қызығатын ұқыпты балалар көбейе берсін. Әр халықтың өткен
өмірі мен тарихын көркем сөз арқылы бүгінгі ұрпаққа жеткізу.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді
өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен
парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу
қазіргі таңда төмендеп отыр. Кітап маған тақтан да қымбат, - деп атап
көрсеткен Шекспир.
Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың
қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның
себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді
құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша
керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын
төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына
теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап
оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың
теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы
көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге
де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім.
Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден
қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың
жауабын жан – жақты іздеу.
Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп
табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі
кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін балабақша - мектеп –
кітапхана – мұғалім – ата – ана деген ара – жігі ажырамайтын схемамен
жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап
кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші
сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру.
Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін
кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне
ұйымдастырса. Алғашқы күннен бастап Біздің кітапхана деген балалар
кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса.. Кітапханашыларға
көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық
оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата
– анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе,
танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын
ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген
қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды
тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты
ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы
маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады.
Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана
жауапкершлігі артады. Қорытынды шығарылып Кім көп кітап оқыды?, Кім
жылдам? деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп
оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау ,
не жаңаны ойлап табуы қалыптасады. Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан
– жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды
қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы
керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді
екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай
күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты
әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға
арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне
жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ
тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.Әр түрлі саладағы
баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы.
Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр
ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен
әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа,
оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу.
1.2. Орталықтанған кітапханаларда өткізілетін шаралар
Оқушыларға рухани – адамгершілік тәрбие беру – қазіргі мектеп
кітапханасының ең маңызды міндеттерінің бірі, сондықтан нақты жағдай мен
қызмет түрлерін қөолданамыз.
Жобаның идеясы АҚШ-та өте танымал болған. Бір кітапты жалпы қала болып
оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты
– Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998
жылы Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса тақырыбымен алғаш
өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға
оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго, Буффало,
Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды.
Бір кітап, бір Чикаго бағдарламасы Чикаго көпшілік кітапханасында
басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір
кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып - отбасында, жұмыста
жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап
дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда
талқылауға ынталандыру болып табылады.
2000 жылдың қазан айында Чикаго қаласында Чикагода кітаптар апталығы:
Оқуға құмар қала тақырыбымен тұңғыш рет қалалық фестиваль өтті. Осы
фестиваль аясында қоғамдық талқылаумен және авторлар баяндамаларымен бірге
кітап тұсаукесерлері, сондай-ақ семинар, экскурсия секілді басқа да шаралар
ұйымдастырылды. 7 апта бойы Чикагоның он мыңдаған халқына ауқымды іс
жүргізіліп болған соң, американ жазушысы Харпер Лидің (1926 ж.) Убить
пересмешника (1960 ж.) атты романы талқылауға түсті. Кітап авторы бүкіл
әлем мен осы замандық Чикаго үшін өзекті болған толеранттық және
нәсілшілдік сияқты маңызды мәселелерді алға тартады. Бүгінде Бір ел – бір
кітап жобасының идеясы әлемдегі көптеген елдерге кең тараған (Испания,
Латын Америкасы елдері және Корея т.б.). авторы Испанияда Габриэль Гарсиа
Маркестің 80 жылдығына арнап Сто лет одиночества романынан оқу марафоны
өткен еді. Қалаушылар романды бірнеше күн бойы үздіксіз дауыстап оқыды. Осы
марафонды Испания Үкіметі басшысының орынбасары Мария-Тереса Фернандес де
ла Вега ашты. Бұдан дәл 40 жыл бұрын жарыққа шыққан романды 7 бетке
сыйғызып айту үшін әрбір қатысушыға 15 минуттан уақыт бөлінген.
2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға негізінен балалар кітабы таңдалды. Бұл
жоба одан кейін Бір кітапхана – бір кітап, Бір ауыл – бір кітап деген
жобалар түрінде көрініс тапты.
Жаппай оқу оқиғасы жыл сайын Англияның оңтүстік-батысында өткізіліп
тұрады. Мұнда әр жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін бір кітап оқуды қолға
ала бастады.
Осы жылдың 10 наурыз күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының
Көгілдір залында Бір ел – бір кітап акциясы аясында өтетін Жүсіпбек
Аймауытовтың Акбілек романына арналған баспасөз конференциясының баспасөз
отырысы болып өтті.
Жиынға Астана қаласының ЖОО оқытушылары мен кітапханашылары, Л.Н.
Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен медицина-техникалық және
политехникалық колледждердің студенттері, журналистер қатысты.
Баспасөз отырысын ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры -
Жанна Кәкібайқызы Шаймұханбетова ашты.
Директор өз сөзінде осымен бесінші рет өткізіліп отырған акция
елімізде жазба мәдени мұрамызды насихаттау мен қоғамда кітап оқуға деген
қызығушылықты арттыру жұмыстарында үлкен жетістіктерге жетіп отырғанын,
Бір ел – бір кітап акциясының мақсаты – қазақ әдебиетінің кітаптарын
насихаттау, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды
кітапханаға, кітап оқуға тарту екенін айтып өтті.
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза
Оңғарсынованың төрағалығымен өткен Бір ел – бір кітап акциясының
ұйымдастыру комитеті отырысының шешімімен осы жылғы жобаның кітабы ретінде
Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілек романы таңдалған болатын. Отырыстың
модераторы, профессор, филология ғылымдырының докторы Тұрсын Жұртбай
Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілек романы – ұлттық және адами ізгілік
құндылықтарын, адамның жан құбылыстары мен сезімінің бай әлемін көркем
бейнелейтін роман-, деп атап өтті өзінің алғы сөзінде.
Ақбілек романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде
әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген
алғашқы қазақ романдарының бірі. Романда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан
қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа сипатты заманның
мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Ақбілектің жан
дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы психологиялық тұрғыдан терең
талдап, шебер береді. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналасында өтеді,
оның бәрі Ақбілектің ойы арқылы өрбиді.
Жиында сөз алған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология
ғылымының докторы Күлпәш Дайрабайқызы Бейбітова романның көркемдік
ерекшелігі мен Ақбілектің тағдыры жайлы тақырыпта сөз қозғады.
Баспасөз конференциясының отырысы әрі қарай ҚРҰАК бас директорының
орынбасары Ғ.Б.Исақанова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университетінің студенті, Алқа әдеби ұйымының жетекшісі Жанболат Шәкімов,
Қарулы күштер ардагері, ақын И.В. Петров, ҚРҰАК Ғылыми талдау орталығының
жетекшісі М.Б.Валиулинаның сөз сөйлеуімен жалғасты. Аудиторияға Жүсіпбек
Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына арналған Елім деп соққан жүрегі
тақырыбымен слайд көрсетілді. Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысы Ж.Жабаев
атындағы драма театрының қойған Ақбілек спктаклінен үзінді тамашаланды.
Акцияны өткізу орталығы кітапханалар болып табылады. Оған білім беру
мекемелері, әскери бөлімшелер тартылады, сонымен бірге мүмкіндіктері
шектеулі оқырмандар да бұл шараға қатысады.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Бір ел – бір кітап акциясына
орай өткізілетін республика кітапханаларының іс-шаралар жоспары жасалды.
Республика бойынша Ж.Аймауытовтың Ақбілек романының мәні мен мазмұнын
және осы шығарманың қоғам мен автордың өмірінде алатын ролін ашу үшін
Қазақстанның мемлекеттік кітапханаларында барлығы мыңнан аса шаралар,
кездесулер, әңгімелер, дөңгелек үстелдер, оқу марафондары, көрмелер
өткізіледі.
1.3 Қазақ КСР ғылым академиясының орталық ғылыми кітапханасы
Орталық ғылыми кітапхана, КСРО Ғылым Академиясы- ның Қазақстандық
базасының құрамында 1932 жылы құрылған. Алғашқыда кітап қоры КСРО ҒА сыйға
тартқан 2000 дана ғылыми еңбектен құралды. 1946 жылы құрылған Қазақ КСР-і
ҒА-ның бірінші мәжілісінде атауы Орталық ғылыми кітапхана болып өзгертілді.
Сол жылы кітап қорына 74258 басылым, 15000 дана шетелдік әдебиет
жинақталып, КСРО кітапханалары- мен және ғылыми мекемелерімен кітап алмасу
жолға қойылды.
Жұмыстың алғашқы күндері кітапхана ғылыми басшылық ірі ғылым
академиясының ірі ғалымдарымен жүзеге асырылды. Егер кітапхананың бірінші
басшылары туралы айтар болсақ, олар өзінің ғылыми қызметтерімен бірге
кітапханаға басшылық жасады. Сондықтан олар жиі ауысып отырды. 1932 жылы
қыр- күйекте КСРО ғылым академиясының төрағасының орынбасары шешімі бойынша
ғылыми кітапхана баспа бюросының мең- герушісі болып Е.Р.Трепкин, сосын
З.С.Кацнельсон, А.Попова, Х.Исатаев, А.К.Синицына, В.Ф.Фисенко,
М.Н.Андреева кітап- хана меңгерушілігі қызметін атқарды. 1938 жылдары кiтап
қо- рының саны 30 мың данаға толығып, кiтапхананың штаты 4 адамды құраған.
Кітапхананың алғашқы директоры, кәсіби мамандықты бітірген 1945-1949
жылдары Сара Моисеевна Рейдер болды. Сосын, 1949-1957 жылдары ҚазКСР-ның
ғылым академиясының орталық ғылыми кітапхананың директоры болып Ф.В. 271
Жизневский болды.
1947 жылдан ғылыми-зерттеу институттары ақылы негізде ғылыми еңбектер
жіберіп тұрды. 1947 жылдан бастап, Мәскеу, Ленинград, Рига, Львов,
Ташкенттiң iрi кiтап- ханаларының қайталанатын қорларынан кiтаптар алынды.
1950 жылы кiтапхананың кiтап қоры – 152 мыңға дейiн екi еселендi. 1959 жылы
сирек кітаптар қоры құралды. Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, І.Кеңесбаевтың
бастамасымен қолжазба қоры, қазақ ғылыми әдебиеттері қоры құралып, Орталық
Азия халықтарының та- рихы мен мәдениеті жөніндегі мәлімет көздері және
шығыс әде- биеті жинақтала бастады. 1950 – 1960 жылдары кітапхана қорын
толықтыруда үлкен жұмыстар жүргізілді. Өткен жылдарда кітапханада жоқ
кітаптарды ірі кітапханалардан Москва Ленинград, Рига, Львов, Ташкент және
т.б көшірмелерін іріктеу жолымен қайта толықтырды. 1956 -1966 жылдар
кезеңінде оқырмандар саны 6,5-ке көбейе түсті. Бұған кітапханалардың үлкен
ұйымдастырушылық жұмысы мүмкіндік туғызды: оқу залдарындағы ашық қордың
көбеюі кітапханааралық абоне- менттің белсенді қолданылуына байланысты.
1979 жылы 1,5 млн томға арналған кітап сақтау қоймасының құрылысы басталды.
Кітапхананың алғашқы директоры 1957-1987 жылдар аралығында Нурхан Батишевна
Ахмедова болды. 30 жыл мерзімде басқарған жылдары кітапхана жоғарғы
жетістіктерге жетіп, Қазақстанның ірі кітапханаларының бірі болды. Алғашқы
құрылған жылдардан бастап, мамандардың негізгі міндеті кітап- хана істеген
филиал ғалымдарына қызмет көрсету және кітап- тарды жинау, кітап қоры
алғашқы кеңес ғалымдарымен КСРО ғылым академиясының баспасымен сыйлыққа
жіберілген еңбек- терден тұрды 1980 жылдары кітапхана 1500 атаулы журналдар
алынды. 1982 жылы 458147 бірліктен тұратын ғылыми құнды- лығын жоғалтпаған,
өзі сұралатын депозитарилық қор құрылды. Бұнда әдебиеттер барлық қордың
бөлімдері орыс тілінде, ТМД елдерінің тілдерінде, шетел тілдерінде кіре-ді.
Алғашқы жылдары қорды толықтыру өз қорынан жүргізілді, ал 1984 жылдан
бастап, депозитарлық кітап сақтауға аз сұралатын жаңа әде- биеттер беріле
басталды, яғни 4% жылына кітапханаға түсетін. 1983 жылы Орталық ғылыми
кiтапхана Кеңес Одағында алғаш- қыларының бiрi болып кiтапханалық –
ақпараттық процестердi 272 автоматтандыруды енгiзудi қолға алды. Орталық
ғылыми кітап- хананың – ірі ақпараттық библиографиялық орталығы бар, өзі
ағымдағы және ретроспективті көрсеткіштерді барлық ғылыми салалары бойынша.
Орталық ғылыми кiтапхана 1983 жылдан бері ақпараттық кітапхана процестеріне
жаңа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz