Өзара түсіністікті қалыптастырудағы педагогикалық ілімдер



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Өзара түсіністікті қалыптастырудағы педагогикалық ілімдер

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Өзара қарым-қатынаспен өзара түсіністікті дамыту
1.1. Қарым-қатынас теориясы және ғалымдардың
пікірлері ... ... ... ... ... ... .. ... 5
1.2 Ұжымдағы түсіністік мәселесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ тарау. Өзара түсіністікті қалыптастырудағы педагогикалық-
психологиялық ілімдер
2.1. Өзара түсінушілік және түсініспеушілік мәселесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.2. Педагогтарға арналған психологиялық Өзара түсіністік өнері
тренингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32
Кіріспе
Адам адам болып жарытылғаннан соң, оның өмір сүруінің негізгі тірегі
мен қажеттілігі, сондай-ақ қалыпты өмір сүру жағдайы басқа адамдармен қарым-
қатынас жасау болып табылады. Сондықтан балалардың қарым-қатынасындағы
мәселе – бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып қала бермек.
Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту
үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп
тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан
айналасындағылармен қатынас жасауы, өзінің кім екенін танып, өзін
өзгелерден ажырата алудың, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы
қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының
дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын
жақсарту аса қажет болып табылады.
Мектепке дейінгі балаларға білім беру және тәрбиелеу істерінде жалпыға
бірдей шараларына көбірек көңіл бөлінеді. Бұл балалармен жеке жұмыстар
жүргізілмейді деген сөз емес. Балалар арасындағы олардың өзара қарым-
қатынас ерекшеліктері бойынша педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырылу
жақтарына баса назар аудару керектігі туындайды.
Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы –
олардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына байланысты болатын
күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да тиімді әрі нәтижелі
түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және
шешілуімен байланысты.
Тұлға арасындағы туындайтын кейбір қарама-қайшылықтар, кейбір
балалардың мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне байланысты
түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі кездеседі.
Мұндай жағдайлар өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан
келіп баланың дамуында түрлі ауытқулар, сабаққа қатынасының өзгеруі байқала
бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету негізінде балалар
арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап жатады.
Зерттеу мақсаты: адамдардың өзара қарым-қатынасын, өзара түсіністігін
зерттеу мәселесіндегі педагогиканың орнын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
• Ұжымдағы қарым-қатынас және оқшаулану мәселелерін ғылыми әдебиеттер
көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.
• Қарым-қатыныасында проблемасы бар, өзара түсінісе алмайтын тұлғалар
туралы түсінік беру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
Л.С.Выготскийдің балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-әрекетті
ұйымдастыру теориясы, В.Н.Мясищев, С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович
еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселесіне арналған ілімдер, педагогика және
психология ғылымындағы А.С.Макаренконың “жеке адам ұжымда дамиды және ұжым
арқылы қалыптасады” қағидасы, О.Осадьконың баланың алғашқы мұғалімінің
педагогикалық тактикасы мен қарым-қатынасқа түсу стиліне байланысты, оның
ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізетінін дәлеледейтін зерттеулер
– біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық жақтарына арқау болды.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері:
Тұлғаның топтан оқшаулану мәселесіне арналған әдебиеттерге теориялық
талдау әдістері, социометриялық әдістеме адамдардың бір-біріне
тартымдылық деңгейін зеттеу әдістемелері, хронометрлі бақылау әдістемелері,
анкета, тұлға мінезінің ерекшелігін анықтайтын сауалнамалар, тұлға
мінезіндегі кешеуленуді білдіретін регистрация парағы қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Өзара қарым-қатынаспен өзара түсіністікті дамыту
1.1. Қарым-қатынас теориясы және ғалымдардың пікірлері
Қарым-қатынас мәселесі 2-3 онжылдықта зерттеушілердің көңілін аударып
отыр. Қарым — қатынас табиғаты оның индивидуалды және жастық ерекшеліктерін
өту және өзгеру механизімдері философтар мен социологтардың (Б.Д. Парыгин
1971; И.С.Кон, 1971-1978), психолингвистердің (А.А. Леонтьев, 1979),
әлеуметтік психология мамандарының (Б.Ф. Прошнев, 1966; Г.М. Андреева,
1980), балалар және жасерекшелік (В.С. Мухина, 1975; Я.Л. Коломинский 1976-
1981). Бірақ зерттеушілер қарым-қатынас түсінігіне біркелкі анықтама
бермейді. М.Н. Щелованов, Н.М. Аксарина (Балаларды тәрбиелеу, 1955) – қарым-
қатынас деп үлкендердің балаларға бағытталған мейірімді сөйлеуін атайды;
М.С. Коган, 1974 – адам қарым-қатынасы ретінде оның табиғат пен және өз-
өзімен сөйлесе алуын айтады. Кейбір зерттеушілер (Балл Г.А., Брановицский
В.Н., Довгиалло А.М. – Ойлау және қарым-қатынас, 1973), адамның машинамен
өзара қатынасының шындық екенін мойындайды, бірақ басқалар жансыз заттармен
тілдесу тек метафоралық мәнге ие екендігін көрсетеді (Б.Ф. Ломов Қарым-
қатынас мәселесі, 1981 ж.).[30,22б.
Шетелдерде қарым-қатынастың көптеген дифенициасы ұсынылған Д.Денцстің
мәліметтеріне байланысты А.А. Леонтьев (1973), ағылшын тілд әдебиеттерде
1969 жылдың өзінде қарым-қатынас түсінігінің 96 анықтамасы болғанын
көрсетеді.
М.И. Лисинаның пікірінше, қарым-қатынас екі адамның немесе одан да
көп адамдарың өзара әрекеттесуі мен келісушілікке бағытталған қатынасты
орнықтыру мақсатындағы күштердің біріктірілуі және жалпы нәтижеге қол
жеткізуі.
К.Обуховский, А.А. Леонтьев, Абульханова-Славская К.А. бойынша, қарым-
қатынас жай ғана әрекет емес өзара әрекет жасасу: ол қатысушылар арасында
жүзеге асады, әрқайсысы белсенділікке ие және өз партнерлерінен соны талап
етеді.
Қарым-қатынас жоғарғы дәрежедегі динамикалық әлеуметтік -
психологиялық құбылыс. [29; 78б]
Қарым-қатынас фактор ретінде біздің қажетімізге айналса, іс-әрекет пен
қылығымыздың себеп болса, басқа адамдармен қатынасымыздың мақсаты мен
мазмұны болғанда ғана көріне алады. Ал мұндай жағдайда бұл фактор біз үшін
ерекше мазмұнға ие болады және тұлғалық құндылықтардың мазмұны оны
аксиологиялық қарау мен зерттеуді көздейді.
Дегенмен, қарым-қатынас біз үшін басқа адамдарды түсіну мен тану көзі
ретінде де құнды.
Қарым-қатынас адамның бүкіл психикалық өмір-сүру іс-әрекетін
түсіндіреді. Кез келген тұлға секілді, қоғам да оның сыртқы және ішкі қарым-
қатынасының өнімі, оның коммуникативті іс-әрекетінің нәтижесі. Бұл пәндік
іс-әрекетке де жатады., яғни әсерлі жағдайды туғызатын жайлы, қозғаушы
қарым-қатынас.
Толыққанды қарым-қатынас жан-дүниені көтереді, адамның психологиялық —
жанды потенциалдық толық жылуына жол ашады және керісінше қарым-қатынастың
жетпеуі, оған деген қажыған қажеттілік адамдардың жалпы психологиялық
өзгерісіне әкеледі. Бәрі болмаса да, адамдағы көптеген рухани, психикалық
немесе әлеуметтік аномалиялар — толыққанды қарым-қатынастың жетпеуінен деп
толық айтуға болады.[29; б.118]
Қарым-қатынас адамдар арасында тұлға аралық және іскерлік қатынастар,
сондай-ақ әлеуметтік қатыгнастардың жүйесін құрайды.
Қарым-қатынас ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген және
бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс-
әрекеті.[24; б.185]
Қарым-қатынас актісі адам басқа адаммен байланысқа түскенде, оны өзі
секілді немесе өзімен тең деп санайды, сондай-ақ белсенді кері байланысты,
ақпарат алмасу жағын көздейді. [29; б.106]
“Қарым-қатынас” ұғымына қатысты анықтамалардың әрқилы болуының себебі
бұл мәселеге деген әртүрлі көзқарастар мен қатыстардың әсері. Біз келесі
анықтамаларды қолданамыз. Қарым-қатынас- адамдардың іс-әрекеті арқасында,
ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау
және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көпсалалы үрдіс.
Практикада “қарым-қатынас” және “қатынас” ұғымдарын жиі шатастырады.
Бұл ұғымдар мүлдем де бір мағынаны бермейді. Қарым-қатынас қатынастарды
жүзеге асыру үрдісі.
Қарым-қатынас үшін оның мүшелерінің физикалық зат емес тұлға ретінде
көріну сипаты өте маңызды. Қарым-қатынастың бұл ерешелігіне А.А. Бодалев
1965, Е.Э. Смирнова, 1973 және т.б. психологтер көңіл аударған.
Б.Ф. Ломовтың пікірінше, қарым-қатынас адамдардың субъект ретінде
көрінетін өзара әрекеттестігі. Сонымен бірге қарым-қатынас үшін кем
дегенде екі адам керек оның әрқайсысы субъект ретінде көрінуі тиіс.Жоғарыда
аталған қарым-қатынас ерекшеліктері бір-бірімен тығыз байланысты. Абсолютты
өзара әрекеттестіктің қарым-қатынастың басқа сипаттарынан көрінуі
интеракционистік позицияға әкеледі, яғни қарым-қатынас жайлы түсінікті
жалпы біріктіру.
Қарым-қатынастың мәнін тек қана ақпарат алуға бағыттау коммуникацияға
айналдырады, ал коммуникация – қарым-қатынасқа қарағанда тар мағынадағы
құбылыс.
Қарым-қатынасқа анықтама берумен тоқталмайды; ары қарй түсініктеме
беру талап етіледі. Қарым-қатынасты психологиялық категория ретінде
қарастыра отырып біз оны іс-әрекет ретінде интерпретация береміз.
Сондықтан, қарым-қатынас синонимі ретінде коммуникативті іс-әрекет ұғымы
алынады.
Кеңестік психолотер қарым-қатынас феноменіне әртүрлі көзқараспен қарай
отырып бір ауыздан қарым-қатынас пен іс-әрекеттің тығыз байланысын атап
көрсетеді.
Іс-әрекет категориясы кеңестік психологияда маңызды орынға ие. Іс-
әрекеттің бірнеше теориялары қарастырылған олардың ішінде С.Л. Рубинштейн
(1946-1973), Б.Г. Ананьев (1980), Л.С. Выготский (1982-1983), А.Н. Леонтьев
(1983) олардың ішінде еңбектері ерекше маңызға ие.
Қарым-қатынасты түсінудің негізіне А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет
концепциясын және А.В. Запорожец (1979), Д.Б. Эльконин (1960-1978), В.В.
Давыдов (1977), П.Я. Гальперин (1978) концепцияларын аламыз. Берілген
концепциядағы көзқарас бойынша іс-әрекет нақты процес, әрекеттер мен
операциялар жиынтығынан құралған, ал бір іс-әрекеттің екіншісінен
айырмашылығының негізінде оның заттық спецификасы алынады. [30,25б.]
Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің байланысын әртүрлі түсінуге болады.
Г.Э. Андреева пікірінше, адамның әлеуметтік тұрмысының екі жағын
сипаттайтын, екі тең мәнді категория ретінде қарастырылады.
Қарым-қатынас іс-әрекеттің біржағы ретінде қарастырылады, ал іс-
әрекеттің өқзі қарым-қатынас шарты болып табылады, қарым-қатынас іс-
әрекеттің ерекше түрі ретінде интерпретацияланады.
Қарастырып кеткеніміздей қарым-қатынас – коммуникативті іс-әрекет
синонимдер, коммуникативті іс-әрекетке дұрыс түсініктеме беру үшін оның
құрылымын тарқата қарастырайық:
Қарым –қатынас пәні: бұл басқа адам, қарым-қатынас бойынша субъект
ретінде портнер, бұндай қарым-қатынастың пәнінің ұқсас анықтамасын Т.В.
Драгунова(1967) береді.
Қарым-қатынасқа қажеттілік: адамдардың басқа адамдарды тануға және
бағалауға талпысыны және солар арқылы олардың көмегімен өзін-өзі тануға
және өзіндік бағалауға ұмтылу.
Адамдар өзі туралды, өзін қоршағандары туралы іс-әрекеттің әр бейнелі
түрлеріне байланысты біле алады, өйткені, адам іс-әрекеттің әрқайсысында
көріне алады. Бірақ қарым-қатынас ерекше рөлге ие, өйткені, басқа адамға
өз пәні ретінде бағытталған екі жақты процесс бола отырып сонымен бірге өзі
де тану объектісі болады.
Коммуникативті мотивтер – ол қарым-қатынастың қолданылу себептері.
Қарым-қатынас әрекеті – бұл коммуникатвиті іс-әрекеттің бірлігі,
басқа адамға өзінің объектісі ретінде бағытталған тұтас акт.Қарым-қатынас
әрекетінің екі негізгі категориясы:
- инициативті актілер;
- жауап беруші актілер.
Қарым-қатынас міндеті – қарым-қатынас процесінде жүзеге асатын
мақсатқа бағытталған әртүрлі әрекеттер. [5, 30-33б.]
Қарым-қатынас мақсаты мен міндеті -өзара сәкес келмеуі де мүмкін.
Қарым-қатынас құралы – бұл қарым-қатынас әрекеті жүзеге асатын
операциялар.
Қарым-қатынас өнімі – қарым-қатынас негізінде пайда болған материалды
және рухани сипаттағы түсініктер.

1.2 Ұжымдағы түсіністік мәселесі
Қарым-қатынас адамның қоғамның мүшесі ретіндегі басқа
адамдармен өзара қатынасының айрықша түрі. Қарым-қатынаста адамның
әлеуметтік қатынастары жүзеге асады.
Қарым-қатынастың өзара байланысқан үш қыры бар екендігін жоғарыда
айтып кеттік. Қарым-қатынастың коммуникативті қыры адамдардың бір-
бірімен ақпарат алмасу үрдісінде анықталады; қарым-қатынастың
интерактивті жағы адамдардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыруда
көрінеді, мысалы, серігінің көңіл-күйіне, мінез-құлқына, сенімдеріне
әсер ету керек болса немесе әрекетшілерді тиімді түрде үлестіріп,
қызметтерін бөліп алу қажет болған жағдайда: ал перцептивті жағы
қарым–қатынастағы екі адамдардың бір-бірін қабылдап, осының
негізінде өзара түсінісуінде. Қарым-қатынастың құралдары:
1. Тіл-сөздердің, анықтамалардың жүйесі және оқуды қарым-
қатынаста қолданылатын мағыналы сөз тіркестеріне (пікірлеріне)
біріктіру.
2. Бір ғана фразаның әр мағынасын беретін интонация (дауыс
ырғағы), эмоциялы айқындылық.
3. Қарым-қатынастағы адамның отырысы, бет әлпетінің
көрінісі, көзқарасы, сөз төркінің мәнін күшейте, толықтыра, әрі жоққа
шығара алады.
4. Ым-ишара (жест) қарым-қатнастың құралы ретінде жалпыға
бірдей болуы мүмкін, яғни әрқайсысы өзіне тән мағынамен сипатталады.
Қарым-қатынастағы адамдардың бір-бірінен алшақтығы-олардың
мәдени, ұлттық дәстүрлеріне, бір-біріне деген сенімінің дәрежесіне
байланысты.
Қарым-қатынастың түрлерін төмендегіше жіктеуге болады:
1. “Бет-перделердің байланысуы” әңгімелесуші жеке тұлғасының
ерекшеліктерін түсініп, ескеру ұмтылысы болмайтын формальды қарым-
қатынас. Үйреншікті бет-перделер қолданылады, әңгімелесушіге қатысты
шынайы эмоцияларды жасыратын біртекті сөздердің, ым-ишаралардың
жиынтығы.
2. Басқа адамды қажет немесе кедергі келтіруші объекті ретінде
бағалайтын дөрекі қарым-қатынас; егер объект қажет болса, белсенді
түрде онымен қарым-қатынасқа түскісі келеді, ал егер де кедергі
келтіретін болса, шеттетіп немесе дөрекі сөздерді қолдана отырып
ызаланады.
3. Формальды рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің жеке
тұлғасына емес оның әлеуметтік рөліне көңіл аударылады.
4. Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының
ерекшеліктері мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан
маңызы басым.
5. Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар
арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-келген
тақырып төңірегінде әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану міндетті
емес, өйткені жақын қатынаста адамдар бір-бірін ымынан, бет
әлпетінен, көзқарасынан бірден түсіне алады.
6. Манипулятивті қарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының
ерекшеліктерімен байланысты түрлі амал-айлаларды пайдалана отырып,
жарамсақтану (қорқыту, алдау, арбау, мейірімділікті таныту).
7. Зиялы қарым-қатынастың мәні оның затының болмауында, яғни
адамдар ойындағысын айтқаннан гөрі, сол жағдайға сай нәрселерді айтуға
тырысады.
Адамдар бір-бірін қабылдау процесі қарым-қатынасының
міндетті құрамды бөлігі ретінде танылып, перцепция деп аталады. С.Л.
Рубинштейн бойынша адам мінез құлығының сыртқы көрінісінің негізінде
оны танимыз, оны сыртқы мәліметтерінің мәнін ашамыз. Осының негізінде
алынған нәрселер қарым-қатынас процесінде маңызды реттеуші рөлге ие.
Біріншеден, басқа адамды тану барысында танушы индивидтің өзіде
дамиды. Екіншіден, басқа адамды тану дәлдігінің өлшеміне онымен
келісілген әрекеттердің жетістігі байланысты. Басқа адамды танудың ең
қарапайым тәсілдерінің бірі өзін-өзі соның орнына қою. Бұл сол
адамның ішкі жай күйін ұғынудың ең тиімді жолы. Өзіңді басқа адамның
орнына қоя отырып оны түсіну амалымен эмпатия құбылысының мәні ұқсас
Эмпатия - басқа адамды ішкі әлеміне еніп, оның барлық сезмдері мен
ойларын ұғына отырып оны эмоцияналды түрде қабылдау қабілеті.
Өзінің және басқа адамдардың жеке қасиеттерін танудың
қисынды түрі-рефлексия, яғни кері байланыс құбылысы. Бұл әрекет етіп
отырған индивидтің өзінің серігімен қалай қабылданатындығын түсінуі.
Рефлексия басқа адамды тану ғана емес, сонымен өзіңді басқа адамның
қалай түсінетіндігін білу, яғни басқа адамдарды қабылдаудағы
таптаурындардың, жалған сенімдердің және установкалардың да мәні зор.
Таптаурындар басқа адамдардың тобы жайлы әдеттегі, ықшамдалған
түсініктер жүйесі. Әр түрлі топтағы адамдар бір-бірімен етене араласа,
жақындаса бастаса, ортақ мақсатқа жетуді тантаурындар өше бастайды.
Жалған сенімдер адамдардың, өзін олардың мотивтерін, қылықтарын
білместен бағалау нақты жағдайларды толығымен талдамастан алдын-ала
құрастырылған қандайда бір бейнелерге назар аудару және кез-келген
адамды үйреншікті түрде қабылдап, бағалауға қатысты адамның санадан
тыс даярлығы. Өзара қатынаста ашық жарқын бола білген жөн, өйткені жақын
қатынаста болмайынша адамдардың жылы қабылдауы екі талай.
Қарым-қатынас күрделі әлеуметтік психологиялық процесс бола
тұра төмендегідей негізгі каналдар бойынша жүзеге асады: Сөйлеу
тілі арқылы және сөйлеу тілінің қатысынсыз каналдары. Сөйлеу тілі
қарым-қатынас құралы ретінде ақпараттың қайнар көзі ретінде әрі
әңгімелесушіге әсер ету тәсілі ретінде көрінеді.
Зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, адам қарым-қатынасының
күнделікті актісіндегі сөздер оның 7% құраса, дыбыстар мен дауыс
ырғағы 37%, сөйлеу тілінің қатысынсыз жүрген әсер 33% құрайды екен.
Адамның ішкі күйін бейнелейтін бет әлпетіндегі бұлшық
еттерінің қозғалыстары, оның күнделіктерінің шынайы мәнін табыс
етеді. Ымдар ақпараттың 70% құрайды. Яғни адамның көздері, көзқарасы,
бет-әлпеті оның айтылған сөзінен бетер анықтама бере алады. Адамның
маңдайы, қасы, аузы ( еріні, көзі, мұрыны, иегі ) оның түр негізі
эмоцияларын анықтайды.
Басқа адамдармен қарым-қатынасында кез-келген адамның
нақты әлуметтік рөлдері бар. Осындай рөлдер жеке адам жайлы толыққанды
ақпарат берумен қатар, оны кейбір тұстарын жасыруы да мүмкін. Алайда
қандай рольді иеленуі адамның өзіне байланысты яғни оның күшіне,
әлсіздігіне, ақыл-ой деңгейіне, өзіне қатысты сыншылдығына, мінез-
құлқының икемділігіне байланысты.
Адамның өзі және басқа адамдар жайлы ақпараттары қарым-
қатынас тәсілдерін және мәнді қарым-қатынасты ұйымдастыру ұмтылысына
анықтайды. Осы орайда психологиялық тұрғыда хабардар болуы керек.
Адамның даралық психологиялық ерекшеліктері жоғары жүйке-
жүйесінің типімен анықталып, ең алдымен темперамент қасиеттерінде
көрініс табады.
Экстраверсия мен интраверсия адамның психикалық
сипаттамалары ретінде қарым-қатынас арасында айқын түрде байқалады.
Жүйке іс-әрекетінің неғұрлым күшті типімен байланысты, экстраверсиялық
қасиеттері басым адамдар басқа адамдармен жеңіл тіл табысып кетеді,
әрі таныстарының шеңбері кең келеді. Ондай адамдар
айналасындағылардың көзқарасына тәуелді, әсерін тез алмасытрып отыруға
тырысады, әртекті істерді орындағанды әрі ұнатады.
Интраверттер жүйке іс-әрекет әлсіз тиіптегі адамдар; олар
өзінің ішкі жан дүниесіне бағдарланған адамдар. Таныстарының шеңбері
өте тар келеді, қарым-қатынаста өз серігін іріктеп отырады,
таныстарының саны көбейіп кетсе оларадан шаршап кетеді.
Адам біреуіне жақын болып осындай психологиялық
ақпаратпен санайтын болса сол типтерінің қарама-қарсы типтегі
адамдарды түсіне алмас еді.
Әлеуметтік өмір адамдар арасындағы байланыста дамиды.
Осының негізінде адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттестігінің негізі
қалыптасады. Адамдар өзара әрекеттеседі, яғни бір-бірімен байланысқа
түседі.
Серігінің сәйкес жауапты әрекетін күтудегі, басқа
адамдарға бағдарланудың негізінде жүзеге асатын әлеуметтік әрекет
арқылы ұласатын адамдардың байланысын әлеуметтік байланыс деп
атаймыз.
Адам шын мәнінде басқа адамдармен өзара әрекеттестік пен
қарым-қатынас жағдайларында тіршілік ететін әрі қоғамдық, әрі
әлеуметтік тірі ағза, тұлғалар арасындағы өзара әрекеттестіктің
әрқилы формалары бар достық, махаббат, бәсекелестік, уақыт өткізу,
ойын әлеуметтік әсер бағыну, дау-дамайлар, діни әрекеттестік т.б.
Әлеуметтік топ әлеуметтік өзара әрекеттестіктің жалпы
формаларының бірі ретінде анықталады. Оның әрбір мүшесінің мінез-
құлқы мен әлеуметтік дәрежесі басқа мүшелерінің іс-әрекетімен және
тіршілігімен міндеттеледі.
Адам өзін үнемі бүтіннің бөлігі ретінде сезінеді. Адамның
жалғыз қалғанымен басқа адамдардың тобында болуының арасындағы
айырмашылық жер мен көктей (біршама алшақтау). Мұнда ең алдымен адамның
өзі де өзгеріске түседі,-яғни оның қоршаған әлемге қатысты
әсерлері, оның ойлары, сезімдері, тіптен бет әлпетіне дейін
өзгереді; екіншіден, тікелей қарым-қатынас жағдайында ғана көрініс
беретін түбегейлі жаңа психикалық құбылыстар орын ала бастайды.
Адамдардың бір-бірімен араласа бастаса болды, олардың
тобын байланыстыратын тартылыс пайда бола бастайды. Топ бұл өзіндік
күйі мен құрлымы бар, қандайда бір бүтін ұйым. Сіз топтың әр мүшесін
жақсы білуіңіз әбден мүмкін алайда тікелей қарым-қатынастағы іс-
әрекетін немесе бүтінде топтың әрекетін алдын-ала болжауыңыз қиынға
соғады.
Кіші топтар ұжымның табиғи әлеуметтік- психологиялық
негізі іспеттес. Ал ұжым өз кезегінде кіші топтардың жоғары дәрежеде
дамуымен анықталады. Ол күтпеген жерден пайда болмай, біртіндеп мақсатты
түрде қалыптаса бастайды.
Арнайы зерттеу жұмыстары көрсеткендей, іскер және жеке
қатынастар үйлесімінің дәрежесі қандайда да бір топтағы ұжымның
қалыптасуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Балалар ұжымында қағаз
жүзінде тіркелмеген, алайда жеке тұлғаның дамуыны ықпал ететін, әрі
бүтіндей ұжымның өмірін анықтайтын, өзара түсіністіктің негізінде
топтар пайда болып отырады. Дәл осындай топтың бала үшін маңызы зор
болуы ықтимал, өйткені дәл осы жерде оның мінез-құлқы бағаланатындықтан
оның мәні басқа топтарға қарағанда жоғарырақ болады.
“Біз”-деп аталатын топтар адамның дамуы мен мінез-құлқына
түбегейлі өзгерістер енгізуі мүмкін. Әлеуметтік психологияда бұл топты
референтті немесе эталон топ деп те атайды.
Референтті топтар шынайы тіршілік етумен қатар, ойданда
шығарылуы да мүмкін, жағымды немесе жағымсыз бола алады. Қандай
жағдайда да олардың атқаратын қызметі ортақ.
1. Референтті топ жағымды не жағымсыз үлгілердің бастауы
болғандықтан әлеуметтік салыстыру қызметін атқарады.
2. Референтті топ адам бейімделуге тырысытын ережелердің,
пормалардың бастауы болғандықтан нормативті қызмет атқарады.
Іс-әрекетті ұйымдастырудың сипаты мен түріне байланысты
топтардың дамуының төмендегідей деңгейлері кездеседі.
1. Атаулар тобы ұжымдық дамудың айқын көрсеткішінсіз тек қағаз
жүзінде ғана тіршілік етеді. Ортақ қызығушылық, біріккен іс-әрекеттің
азынаулақ тәжірибесі бар уақытша байланыстарымен, қатынастарымен көре
түседі.
2. Ассоциация тобының өзіндік құрлымы, іс-әрекеттің ортақ
мақсаты болғанмен біртұтас әлеуметтік психологиялық бүтін бола
алмайды.
3. Коорпорация (ұжымы) –топ ортақ мақсатпен және оны жүзеге
асырудағы іс-әрекеттің біртұтастығымен анықталады. Осындай топтарға тән
серіктестік, топ мүшелерінің өзара әрекеттестігі, қарым-қатынастың
жеткілікті дәрежедегі топтық тәжірибені құрап, оның сол іс-әрекет
түріне даярлығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
Этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Оңтүстік Қазақстанның университет жастарының тіл қолдануы мен дамуын талдау
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Жетім балалар
Балалармен және жасөспірімдермен қарым - қатынаста дене тілін қолдану әдістері
Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының әсері
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» оқу-әдістемелік кешені
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Оқушының көркем шығарманы қабылдауының педагогикалық - психологиялық негіздері
Пәндер