Өзін-өзі тану шығармашылығы жайлы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жалпы педагогика-психология
және өзін-өзі тану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Өзін-өзі тану шығармашылығы

Дайындаған: 04204
тобы
Ж.М.Ахметова
Ғылыми жетекші: Аға оқытушы-магистр
Қ.Р.Қажымова

Орал - 2014ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І тарау. "Өзін-өзі тану" пәні - білім беруді мәдени-әлеуметтік жаңарту жолы

1.1. Тұлғаның өзін-өзі тану мәселесінің психологиялық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..6

1.2. Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас
бөліктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

ІІ тарау. Өзін-өзі тану шығармашылығы

2.1. Шығармашылық туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

2.2. Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе
Рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын Бөбек
қорының Президенті Сара Назарбаеваның Өзіңді өзің тану – рухани
өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі, — дегендей
Өзін-өзі тану авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі
жақсы бастама десек қателеспейміз. Еліміздің дамуын, болашақ ұрпақты
ізгілікке бағыттайтын жаңа қадамы Өзін-өзі тану жобасын дүниеге әкелуі,
оны мектептерде Өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асыруы құнды да қажетті
іс. Бұл Сара Алпысқызының еліміздің дамуын, болашақты ойлаған
көрегендігінің белгісі. Пәннің ерекшелігі – әр баланың өзін-өзі танып, ішкі
дүниесін, өзгені танып, білуі болып табылады. Аталмыш пән оқушыны тек
махаббатқа, шығармашылыққа, адамгершілікке баулиды. Адамгершілік адам
өмірінің рухани негіздерін құрайды десек, адамгершілік мәселелеріне
ойшылдар өте ерте кезден-ақ назар аударған. Әл-Фараби, Ж.Баласағұни,
М.Қашқари, Асан Қайғылар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қайталанбас мол мұра
қалдырды. Қазіргі таңда оқу, білім алу адамзатқа осы өмірде барлық
жауапкершілікті сезінуге септігін тигізіп отыр. Қоғам қарқынды дамыған
сайын адам баласына деген тәрбиенің мақсаты мен міндеті жаңаратыны мәлім.
Ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала брйына рухани –
адамгершілік құндылықтарды: мейірімідлікті, қайырыырымдылықты, адалдықты,
әділдікті, махаббаты, сұлулықты, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп,
тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі. Осыған орай
2010 жылдың қыркүйек айынан бастап жаппай білім ордалары мен мектепке
дейінгі білім беру мекемелерінде өз орнын ойып тұрып алып келе жатқан Өзін-
өзі тану пәні әр адамның көңілінен шыққанына көзіміз жетіп отыр.
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі ретінде 2010 жылдың қыркүйек
айынан бастап Қазақстанның барлық мектептерінің білім беру жүйесіне енген
Өзін – өзі тану пәнінің балалардың бойындағы рухани адамгершілік
құндылықтарды тәрбиелеуде өте құнды, пайдалы екенін айтқым келеді.

Зерттеудің мақсаты - өзін өзі тану шығармашылығы туралы түсінік бере
отырып, шығармашылық сабақтардың ерекшеліктеріне талдау жасау.
Зерттеу объектісі – мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
үдерісі.
Зерттеу пәні – шығармашылық қабілетті дамытуды ерте бастан қолға алу
және оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу.
Курстық жұмыстың міндеті: өзін өзі тану пәні туралы және шығармашылығы
туралы толық мағлұмат беру.
Зерттеу әдістері: мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен
шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оқушының зейінін, есін, қиялын,
интелектісін дамыту, ойлау қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін жоғары
деңгейге көтеру.
Зерттеу болжамы: Өзін-өзі тану пәні – қазіргі қоғамда өте керекті
пән. Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін біріншіден өзін жақсы
танып білу шарт. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ.
Күн тәртібіне қойылып отырған ұрпақ тәрбиесін жан-жақты дамытып,
баланың ішкі жан дүниесін тану арқылы өмірдің маңызы мен мәнін пайымдауға,
өзіндік менін қалыптастыруға үйретуді мақсат ететін Өзін-өзі тану
қайнар бұлағы – ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардан нәр алады.
Құрылымымен дара Шаттық шеңберімен бастау алып, Жүректен жүрекке
кезеңімен аяқталатын бұл пән қырық бес минут ішінде әр баланың бойына
жылылық, мейірімділік, сүйіспеншілік сынды асыл қасиеттерді орната біледі.
Сонымен қатар сабақтың өзіндік ерекшелігін байқататын Армандайық,
Өзіммен өзім, Әңгімелесейік, Сергіту сәті, Сахналау, Ойын-
жаттығуы балаларды еркіндікке (ойын еркін айтуға), достыққа, сыйластыққа
үйретеді, яғни сабақ барысында кездесетін әр айдар бала бойына жалпы
адамзаттық құндылықтардың дәнін себеді. Бұл құндылықты қайдан аламыз деген
сұраққа халқымыздың аңыз – әңгімесі, ертегісі, мақал-мәтелі, нақыл сөздері,
ұлылардың ұлағаты, ақын-жазушыларымыздың шығармаларындағы тәрбие қаймағы
еріксіз қалқып шығады. Бұл пән адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт
ұстайды. Әрбір жеке тұлға, жеке адамзат өмірдің мәнін түсініп, өзіндік
орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Осыған орай әрбір
сабақ баланы өзінше ойлауға, шешім шығаруға, өз ісіне жауапты болуға
баулиды.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды пен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарау. "Өзін-өзі тану" пәні - білім беруді мәдени-әлеуметтік жаңарту жолы
1.1. Тұлғаның өзін-өзі тану мәселесінің психологиялық ерекшелігі
Адамның өзін - өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі
ретінде оқыту жүйесіндегі көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби
дербенстігін дамыту туралы идеялар; отандық және щетелдік оқыту
теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой –
пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік – психологиялық
қырларын қарастырудың маңызы артып келеді. Адамзат жинақтаған тәжірибені
келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде
негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, өзін -
өзі тәрбиелеуді қалыптастыруға назар аударылуда.
Өзін-өзі танудың бірден-бір әдісі ол медитация, буддизмде медитация
үлкен мағынаға ие. Медитация процесінде буддист өзінің жеке психикасын,
өзінің Мен-бейнесін, сезімдерін, ойларын, ұмтылысын қарастырады. Осыған
орай өзін-өзі тану медитация арқылы адамды босатады, өзін басқару табиғи
жолмен іске асады, соның нәтижесінде әлеммен бірге үйлесімін табады.
Адамның өзінің Меніне деген қызығушылығы, өзіне-өзі деген қызығушылығы
түсінікті. Гераклиттің айтуы бойынша, барлық адамдарға өзін-өзі тануы және
ойлануы тән. Әрқайсымызда әртүрлі ресурста қарастырылған көптеген Мен
бейнесі қандай. Танудың субъектісі бола отырып, адам сонымен бірге өзі үшін
объект ретінде де болады. Идеологиялық философияда Мен түсінігі субъект
ретінде түсіндіріледі. Платонның айтуынша, жан-пассивті қабылдау емес, ол
өз-өзімен әңгімелесумен сипатталатын өзіндік ішкі жұмыс. Платон бойынша жан
ойлана отыра өз-өзіне сұрап, әңгімелесіп қана барып не мақұлдайды немесе
мақұлдамайды.
Гегель бойынша Мен нидивидті білдіреді. Нақты, жеке индивидтің –
жалпы Мен формуласының мағынасы ерекше. Жеке Мен тек қана өзге Мен
қатынас арқылы анықталуы мүмкін. Гегель бойынша Мен - рух. Ғылыми
көзқарастан қарағанда, психологияда өзін-өзі тану мәні толық қарастырылған.
Мұндай өзін-өзі тану мағынасының шекте әрі әр алуан. Мыналарын атап өтейік:
- тұлғаның психологиялық денсаулығы және психикалық жағдайында өзін-
өзі табу;
- өзін-өзі тану – ішкі үйлесімін және психологиялық кемелденуін табу
ретінде;
- өзін-өзі тану – тұлғаның өздігінен тану үшін және өздігінен
реттелудің бір ғана жолы. Әдетте, бұлар бір-бірлерімен тығыз байланысты,
жекеленіп шығып кетпейді.
Нақты Мен - өзі туралы сезімі, ойы, ұмтылысы т.б. туралы түсінік
жүйесі. Идеалды Мен – адамның болғысы келген Мені және оның уайымы мен
тәжірибесі. Әлеуметтік орта – бұл нормалар, құндылықтар, көзқарастар, қылық
әдістері т.б. кіреді. Нақты Мен және Идеалды Мен пайда болған
сәйкессіздіктен үрей сезімі, қылықтың бейімделген формалары, әртүрлі
психологиялық мәселелер туады. Осыдан өзін-өзі тану - өзінің тәжірибесін,
терең уайымын меңгере алатын әдіс. Ол үшін тұлға өзін қалай қабылдайтыны,
өзгелер оны қалай қабылдайтын себептерін ұғыну қажет. Өзін-өзі тану
нәтижесінде адам тұлғасы өседі, өздігінен жетіледі және өздігінен
актуализациялау қабілетіне ие болады, сонда ғана өмір мәнін ұғынуға, өмір
қуанышын сезінуге мүмкін.
Өзін-өзі тану сондай-ақ, пәнаралық тұрғыны да жүзеге асырады,
барлық оқу пәндерін адам – құдай - әлем контекстінде біріктіріп қана
қоймай, сонымен қатар өз бағдарламасында гуманитарлық білімді (философия,
психология, дінтану, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, тарих, әдебиет)
және табиғат туралы білімді (биология, физика, астрономия) біріктіреді.
Персонология қағидасы іске асырылады, барлық пәндер өзара адамға деген
қатынас тұрғысынан байланысты болады. Ол өзінің ішкі әлемін сыртқа
кескіндейді және керісінше, осылайша әлем тарихының барлық оқиғалары оның
өз өмірбаянының оқиғасына айналады.
Өзін-өзі тануда адам бір мезгілде танымның субъектісі ретінде де және
объектісі ретінде де көрінеді. Өзін-өзі танудың дамуы адамның практикалық
іс-әрекетінің барысында және өзге адамдармен өзара ықпалы жағдайында
жүреді. Қоғамдық дамудың сферасы өзін-өзі танудың пайда болуы мен дамуы
үшін ерекше рөлге ие – адам өзін өзгелер арқылы жанама түрде таниды.
Өзіндік сана мен өзін-өзі танудың бір емес екенін атап айту қажет. Өзіндік
сана неғұрлым кең ұғым - өзіндік санадан әрқашан өзін-өзі тану шығады.
Психологиялық позицияда өзін-өзі тану мәселесі психология дербес ғылым
болып қалыптасқаннан кейін зерттеле бастады. Бұл салада көптеген қызықты
әрі мазмұнды зерттеулер жүргізілген. Өзін-өзі тану тұлғаның маңызды бөлігі
ретінде қарастырылған көптеген еңбектер бар. Сонымен қатар тұлға дамуының
деңгейі өзін-өзі танудың дамуының деңгейіне пропорционалды екендігі жиі
атап айтылды. Мінез-құлықтың реттеушісі бола отырып, өзін-өзі тану тұлғаның
әрі қарайғы дамуына ықпал етеді. Ол сыртқы әсер мен тұлғаның ішкі күйі және
оның мінез-құлық формалары арасындағы тепе-теңдікті белгілейді. Сондықтан
өзін-өзі танудың дамуындағы жағымсыз ауытқулар тұлғаның үйлесімді құрылымын
бұзып, адам мінезінің жетімсіз қалыптасуына әкеледі. Кейбір зерттеулерде
өзін-өзі тану Мен ұғымымен теңдестіріледі, ал бұл құрылым тұлға ұғымының
синонимі ретінде қарастырылады. Өзін-өзі тану тұлғаға қарағанда неғұрлым
кең ұғымды білдіреді деген де пікірлер кездеседі. Ол өзін-өзі тану тұлғаға
қарағанда әлдеқайда ерте пайда болып, өзінде неғұрлым кең мазмұнды
сыйғызатындығымен дәлелденеді. Мен, Мен - бейне, Өз өзінің бейнесі
сияқты ұғымдардың түсінік аясы көмескі. Тұлғаны түсіндіру үшін де,
өзіндік сананы сипаттау үшін де қолданылып, осымен соңғысының өзіне тән
ерекше мазмұнын жоюға әкелетін, Мен ұғымын кейбір теріс пайдаланушылық та
байқалады. Сонымен бірге нұсқалған ұғымдардың объектілері анық
ажыратылмайды.
Өзін-өзі тану саналы түрде мақсатқа бағытталған процесс ретінде
сипатталады, яғни адам нақты бір мақсатты алдына қояды. Өзінде қандай да
бір қабілетті, икемділікті арнайы әдісті қолдану арқылы өзін бағалайды.
Міне, осы жерде саналы әрекетке айналады және оның заңдылықтарына бағынады.
Егер адам өзін-өзі тануын әрекетке жиі айналдырып отырса, онда адам өзін-
өзі терең және тез танитын болады. Біздің өміріміздің өзі бір қалыпты және
кризисті жағдайлардын тұрады. Адам шешімді қабылдаған жағдайында ол тек
жағдайды емес, сонымен қатар өзінің мүмкіншіліктерін және қасиеттерін жақсы
білу керек. Мұндай жағдайлар да өзін-өзі тану белсенді жұмыс істейді, тұлға
аз уақыт ішінде өзі туралы мағлұматты ала алады. Бұл кезендерге жататындар:
3 жас дағдарысы, мұнда бала алғаш өзін субъект ретінде ұғынады, алғашқы
әлеуметтік Мен жүйесі қалыптасады, өзін білдіруге деген құштарлығы пайда
болады; 7 жас дағдарысы, мұнда бала өзін оқу субъектісі ретінде ұғынады
және өзін окушы ретінде бағалау мұқтаждығы пайда болады; жеткіншек дағарысы
өзінің Менін сыртқы ортамен, құбылыстармен өзара әрекет контекстіне ашады.
Ересек адамдарда да дағдарыс болады: 30 жас дағдырысы, зейнетке шығуымен
байланысты дағдарыс.
Өзін-өзі танудағы кең мақсаттарға өзінің тұтас тұлғасын тану және өмір
мақсаттарын тану жатады. Өзін-өзі тануда Мен концепциясын  тек қана саналы
деңгейде ғана емес, сонымен қатар санасыз және сана үсті деңгейлерінде өзін
тұлға ретінде тануды мақсат етеді. Келесі бір мақсат - өмір мақсаты. Әр
қайсымыз өзімізғе мынадай сұрақтар қоямыз: Мен өмірде неге
жеткім  келеді?  Мамандықтың  қанда й түрін тандауым керек? Өмір мақсатын
танудың өзі өмірдін өзіне тұрақтылықты, мәнділікті береді.
Өзіндік сананың құрылымын қарастыру қажет және өзін-өзі тануға жататын
жерін анықтау керек. Өзін-өзі танудың құрылымында Мен түрлі себептердің
әсерімен орталық рөл атқаратын субъект ретінде көрінеді. Өзін-өзі тануды
пайдалана отырып, ол бұл қызметті эмоциялық-құндылықтық қатынаспен тығыз
шырмалып атқарады. Өзін-өзі танудың нәтижесі Мен бейнесі болып табылады.
Мен бейнесі бірден пайда болмайды, алдымен өзі туралы түсінік
қалыптасады. Өзін-өзі танудағы тар мақсатына Мен бейнесінің нақты сипаты
кіреді, қазірғі уақытта біз үшін актуалды болып келеді. Олар әртүрлі
координата жүйелерінде қарастырылады. Мысалы: біз ақыл-ой мүмкіншілектерін
немесе мінез-қүлық ерекшеліктерін, зейіннің қасиеттерін немесе
коммуникабелділікті танимыз. Егер де біз адам мен танысып жақындасқымыз
келсе, онда өзіміздің коммуникативті қасиетімізді, ұнай білу, жақсы дос
болу қабілетімізді тану маңызды
1.2. Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас бөліктері
Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік
түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың
параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.
1. Тұлғаның мотивациялық аумағы: мінез-құлықтың және іс-әрекеттің
мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер.
2. Белсенділік аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі
сенімділік, өзін-өзі таныту.
3. Тұлғаның құндылықтық-мағыналық аумағы: құндылықтық бағдарлар,
өмірдің мағынасы мен мақсаттары.
4. Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы – этникалық жаңсақ
нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік [1, б. 90].
Өзiн-өзi тану сияқты күрделi психологиялық феноменнiң мазмұнына
қатысты әр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының
негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі -
адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн
толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы [2, б. 45].
Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра,
маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:
1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың іс-әрекетiне
қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай
да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.
2. Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы.
3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк
жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.[3, б. 9-19].
С.В. Кондратьева бойынша өзiн-өзi тануды зерттеуде әртүрлi бағыттар,
психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара
байланыс ерекшелiгi және өзiн-өзi тануы жеткiлктi дәрежеде зерттелiнбеген.
Өзге адамды түсiнуде және өзара байланыс механизмiн, мазмұнын айқындауы,
мiнез-құлық рефлексивтi қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi [4, б.
36].
Л.Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi,
тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған адамдар
ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау. Зерттеу мазмұнында тұлғаның
қарым-қатынасы өзiнiң құрбыларымен, қарама-қарсы жынысты адамдар арасындағы
қарым-қатынасы әсер етедi [5, б. 101].
Ж. Маралов бойынша, өзiн-өзi тану - бұл өзiнiң потенционалды және
жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң
қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.
Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен
ашылып көрсетiледi:
- өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi
қабылдау құралы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты
қабылдау жағдайы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның
жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар
бiр-бiрiн толықтырып отырады [6, б. 9-10].
Классикалық психоанализде өзiн-өзi тану бейсанада ығыстыру ұғымымен
сипатталынады. Австриялық психолог және психиатр З. Фрейд ығыстыруға
агрессивтi және сексуалды тенденцияны жатқызады. Психоаналитиктiң мұндағы
рөлi емделушіге (пациентке) арнайы психоанализ техникасын қолдана көмек
беру.
З. Фрейд шәкiртi австриялық психиатр А. Адлер өзін-өзі танудың мән-
мағынасын адамның өзінің алдына қойған шынайы мақсатын танудан көреді.
Гештальттерапияда өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелге жетудегі
жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық
кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.
1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.
2. Жауапкершілікті өз мойнына алу.
3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.
4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару [6, б. 23].
Гуманистік психологияда өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік даму
жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі
американдық ғалым К. Роджерс адам құрамын реалды Мен және идеалды Мен
деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны
қосымша етіп алады.
Реалды Мен - өзі туралы ой, сезімі, талпынысы тағы солсияқты
елестету жүйесі.
Идеалды Мен- адам болашақта қандай болғысы келетiнi, терең ойлауы
мен өзiнiң тәжiрибесi.
Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы,
көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты).
Реалды мен және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты,
әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды.
Сонымен, В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi
меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi
жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың
мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi.
Позитивтi мәнi – кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету
үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз
мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.
Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi
және әлсiз жақтарын мұттәйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз
талаптарын қанағаттандыру тағы басқа.
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында
заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі,
олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани - адамгершілік білім беруді
басты идея етіп ұстанатын Бөбек қорының президенті С. Назарбаеваның Өзін
- өзі тану авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.
Себебі өзін - өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға,
өзгелердің талқы - талдауына тәуелді болмауға, өзін - өзі жетілдіруге,
рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарының
болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін
жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. Сара Алпысқызының өскелең
ұрпаққа рухани адамгершілік білім берудің маңыздылығын күшейтуге
бағытталған. Өзін - өзі тану оқу орындарына пән ретінде кіргізілгеніне
көп уақыт өте қойған жоқ. Өзін - өзі тану - даналықтың бірінші белгісі –
деген екен. К. Маркс. Осы аз ғана уақыттың ішінде оқушылар бойына
даналықтың бірінші белгісін ұялатуға алғашқы қадамдар жасалды. Өзін - өзі
тану авторлық жобасы біздің мектеп - гимназияда да табысты іске асырылуда.
Әрбір жеке тұлға, өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі
мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Соған байланысты, жұмыс тәжірибемнен, бұл
пәннің үш жақты, Бала - Ата - ана - Мұғалім үшін тиімділігін аңғардым.
Өзін - өзі тану пәні сабақтарындағы Шаттық шеңбері кезеңі балалардың
көңіл - күйлерін көтеріп, сабаққа қызықтыруға, зейінін аударуға ықпал
етеді. Ал, Тыныштық сәті балаларға жағымды ойларға, сезімдерге берілуге
мүмкіндік береді. Олардың ойларынан тіпті кейде ересек адам ойламайтын
қызықты бейнелер елестейді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы
рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Тіпті күнделікті
сабақтарда өзін ашық көрсете алмайтын тұйық балалар да өздерінің ойларын,
көргендерін қызығушылықпен ортаға салады. Сондай - ақ, бала өзінің бастаған
ісін соңына дейін сәтті және сапалы түрде орындауға тырысады. Ол аз
жұмысының орындалу дәрежесіне сырт көзбен қарап үйренеді және өз жұмысын
өзгелердің жасағандарымен іштей салыстырады. Әр жасаған сапалы жұмысының
нәтижесінде баланың қызығушылығы артып, келесі тапсырманы, бұдан да жақсы
жасасам деген ой туындап, әрбір сабақты қуанышпен күтеді Өзін - өзі тану
сабақтары барысында ұсынылған ойындар да балаларды мейрімділікке, достыққа,
сыйластыққа, сүйіспеншілікке баулиды.
Әрбір сабақта қойылған мақсатқа жету үшін өзімнің әрбір ойлаған ойымды
алдын - ала дайындап, жұптап, бала бойына өмірдің бар асыл қасиеттерін
құюға тырысамын. Бұл пәнді оқыта отырып, менің ұстанатын басты қағидам: Үш
- ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек - деп
Абай айтқандай, мұғалім жүрегінің жылуын, нұрлы ақылы мен білімін,
бойындағы қайрат - күшін оқушыларға бере отырып, адамгершілікке, бақытқа
жетелер арманға апарар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану шығармашылығы
Абайтанушы ғалымдар Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы
Қазақ әдебиетімен Европа халықтары әдебиетінің байланысы
Сара Назарбаеваның педагогикалық идеялары
Әбу Насыр Әл-Фараби Әлемнің 2-ұстазы атанған ғұлама
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің педагогикалық сарыны
Әдістемелік нұсқау. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 4-сынып мұғалімдеріне арналған
Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары
Әмір - Темір Хұсейн Жүсіпұлының өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы
Пәндер