Өзін-өзі танудың ғылыми теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Өзін-өзі танудың ғылыми теориялық негіздері
Орындаған: Әлеуметтік педагогика
және өзін-өзі тану мамандығының
3 курс студенті Кадекенова А.К.
Тексерген: Ергалиева Г.А.
Орал, 2014ж.
МАЗМҰНЫ
1.2. "Өзін-өзі тану" пәні - білім беруді мәдени-әлеуметтік жаңарту
жолы
Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде әрі кеңінен ашуға
бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін
дамытудың басты бағыты болып отыр.
Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және
шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін
рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы
жүзеге асады.
Болмыстың табиғи және жаратылыс аспектісі тұрғысынан қарастырылатын
адам біртұтас үдеріс ретіндегі өзін-өзі танудың нысаны болып табылады. Адам
болмысын күрделі жүйе болғандықтан, ол өзін жеке тұлға, сол сияқты іс-
әрекет субъектісі және жеке дара субъект ретінде көрсетеді. Адамның осы
қырларының біртұтас болуы оның өзін-өзі анықтау, өз маңыздылығын арттыру,
өзін іс жүзінде көрсете білу және өзінөзі жетілдіру аспектілерінен тұратын
үйлесімді дамуды қамтамасыз етеді.
Бұл нысан өзін өзі танудың пәндік саласын анықтайды, оқу пәнінің
танымдық, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін айқындайды.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан дүниесін байыту
және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи
қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім
беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді.
Өзін- өзі танупәні бүгінгі заманда өте қажет.
Мемлекет біздің экономикамызды сауықтыру мен адамдардың әл-ауқатын
жақсарту туралы ғана емес, сонымен бірге қоғамның жоғары құндылығы
адамдардың рухани әлемі туралы қамқорлық жасауы қажет. Біз ұлы өзгерістер
және техникалық прогресс дәуірінде өмір сүріп отырмыз және бізге өзіміздің
ішкі жан дүниемізге үңілуге, өзіміздің орнымызды анықтауды ойлауға уақыт
жетпейді.
Ал Өзін-өзі тану пәні біздің балаларымызға осы мәселелерді түсінуге
көмектеседі. Біздің барлық ауруларымыздың және проблемаларымыздың себебі
жақсы емес ойлардан, тәккаппарлық, қызғаныш, жалқаулықтан. Тек қана біз
біздің болмысымызға мейірімділік, шыдамдылық, қалтқысыз сүйіспеншілікті
қайтарсақ, сонда әлем жарықтау және қайырымдылау болады. Қазіргі кезеңде
мектепте балалардың жан дүниесін түсінуге көмектесетін және ойын жақсы
арнаға бұратын пән “Өзін-өзі тану”.
“Өзін-өзі тану” пәнінде балалар өз сырын ашады, неге өздерін өтірік пен
алдаудың торы қоршайтынын түсінгісі келеді. Қарым-қатынас жасауда балаға
жиі өзінің ренішін, өкпесі мен қорқынышын ақтаратын мейірімді нағыз достың
ашық жүрегі жетпейді. Өмір жолында қауіп-қатер кездесетін ұзақ лабиринт
және бала оны жеңу үшін басқалардың көмегін қалайды. Өзін-өзі тану сабағы
балаларға өзінде, адамдарда, іс-әрекеттерінде, өмірде қателеспеуге
көмектеседі. Өзін-өзі тану сабақтарында балалардан екінші күн бола алатын,
қайырымдылық және үміт сәулесімен жылытатын, қуаныш пен тыныштық әлеміне
енуге көмектесетін досы болғанын тілейтінін естиміз. Ықыласты әңгімеден
кейін ғана балалардың көпшілігі өздерін басқаша сезініп, өз мүмкіндіктерін
танудың қызықты жолдарын таба бастайды.
Өзін-өзі тану бағдарламасы қазіргі заманда өскелең ұрпақтың салауатты
өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық санасын, эстетикалық
дамуын белсендіруіне өте қажет. Бұл бағдарлама адам өмірінің логикасына,
жалпы адамзаттық жүйеге толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-
адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде
мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану пәні басқа пәндерден айырмашылығы, бала өзін осы пәнде
еркін сезінеді, ойларын ашық айтады, қарым-қатынасқа белсене түсе алады.
Қызықты жаттығулар арқылы білімдерін шыңдай түседі, барлық пәндерді осы
кезде пайдалана алады. Өнерлерін де көрсете түседі. Бұл пәнге этика,
психология, биология, валеология, экология, медицина қатысты болғандықтан,
басқа пәндерден ерекшеленіп тұрады.
Біздің қоғамда әрбір адам өзі туғаннан берілген қабілетін толық іске
асыра алатын және сол арқылы тек біздің мемлекетімізге емес, жер бетіндегі
барлық адамдарға пайдасын тигізе алу үшін, атап айтқанда білім беру арқылы
адамгершілік-рухани құндылықты жаңғырту
Бағдарламадағы оқыту кешенді сипатқа ие. Өзін- өзі тану пәні
теориялық та, практикалық та пән. Бағдарламада жаңа әдістемелер
қолданылады: пікір-сайыс, миға шабуыл, микротоптармен, рөлдік ойындар,
жағдаяттарды шешу, әртүрлі шығармаларды оқу.
Өзін-өзі тану бағдарламасы адамгершілік, қайырымдылық пен зұлымдық,
құндылық туралы діни емес түсініктерге сүйенеді. Алайда діни және діни емес
нормалар мен қағидаларға ортақ аймақ, яғни қайырымдылық пен зұлымдық,
құндылық туралы адамзаттық түсінушілік аймағы тән.
Өзін-өзі тану бағдарламасы дінге қарағанда кеңірек іс-әрекет
бағдарланған. Ол өмірдің заманауи жағдайларына негізделеді, онда дербес,
белсенді, әлеуметтік өзгерістер орталығында орналасқан, қиындықтарды жеңе
алатын адам неғұрлым жетістікке жете алады.
Этнопедагогика өзінің ішкі құрылымымен сан-салалы ғылымның басын
қосатын аса күрделі білім саласы. Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбие.
Сондықтан екі пән бір-бірімен байланысты, ұқсастығы бар.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі болу оңай емес. Өзін қоршағандармен
сүйіспеншілік, қайырымдылық, шыдамдылық, өзара түсіністік негізінде қарым-
қатынас жасай білетін адамгершілігі мол жеке тұлғаны қалыптастыруға
мүмкіндік туғызу – Өзін-өзі тану пәнінің, білім беру философиясы мен
құндылығын анықтайтын, үйлесімді адамды тәрбиелеуге бағытталған, жаңа
педагогикалық парадигмада көрінетін пәнінің оқытушысының жоғары борышы.
Мұғалімнің Өзін-өзі тану сабақтарында инновациялық технология
стратегиясын шебер жүйелі қолдануы оқушылардың жалпы адамзаттық рухани
құндылықты жеткізуші адамдар туралы түсінігін кеңейтеді, оған қайырымдылық
атмосферасында қарымқатынас жасауға және қоғамдағы қатынастарға дайындалуға
мүмкіндік береді.
Бұл пәнді оқыту барысында педагогтің кәсіптік шеберлігіне талап
қалыптасады, баланың және педагогтің өзінің жеке басы туралы түсініктерді
қайта қарау қажеттігі пайда болады, өзара әрекеттің жаңа моделі жасалады.
Келесі схемаларға қарап, Өзіндік танымға көзқарасыңызды анықтап,
қысқаша қорытынды жасаңыз.
• өзін-өзі тану пән миссиясының картасын берілген таблица арқылы
көрсетіңіз:
өзектілік Қалыптастырылатын Пәннің Болжамды нәтижелер
құндылықтар Тұлғалық қасиеттер мақсаттары
Сезімталдық Махаббат, Өзінің өмірлік Парыз, арман, ақиқат т.б.
пен адамгершілік, жан айқындамасын туралы терең білімге ие
кішіпейілділтазалығы, өзін анықтау, түрлі болады. Адами
ік таныту. сыйлау, өзіне мәселелерді қарым-қатынастарды тани алады
Өмірдегі сенімділік, адамгершілік және оны бағалай біледі.
орнын мақсаткерлік, қағидаларға Жағымды қарым-қатынас
түсіну. көпшілдік, сәйкес сындарлы орнатады. Физикалық және
Жақсылық пентөзімділік, түрде шешу. психикалық жағдайын еркін
сүйіспеншілісыпаыйлық, білімге Қоршаған әлемге басқарады. Өз ойы мен
к таныту. құштарлық, ізгілікті сезімдерін еркін жеткізеді.
Жауапкершіліелжандылық, дәстүрдіқарым-қатынас Ұстанымдары мен сенімдерінде
к сезімдерінжалғастыру, жасау. тұра алады. Ақпаратты және
дарыту. болашаққа ұмтылу, Мейірімді, коммуникативтік
зор жауапкершілік. қамқор болу. технологияларды пайдалана
Т.б. Сөзі және алады. Т.б.
іс-әрекеттерінде
Тән және жан шынайы болу.
саулығын ың Азаматтылық және
байланыстылы елжандылықты
ғын түсіну. таныту. Қоғамға
т.б қызмет ету
дағдыларын іс
жүзінде дамыту.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Адам өзін- өзі қалай тану мүмкін?
Қоршаған ортаға , жанындағы достарына, тәрбие берген мұғаліміне қарап
өзін тани алады.
Өзін-өзі тану – нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән. Нағыз
адам болу - Отан алдындағы борышыңды өтеу, адами қарым-қатынасың, қоршаған
ортамен үйлесімділігің.
Э. Хемингуэй: Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген
әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар деп айтқандай, әрбір адам өмірге
келгеннен кейін оны артында ізі қалардай мәнді өткізе білуі қажет.
Сондықтан да адамның танымы неғұрлым биіктей берген сайын, дүниенің
көкжиегі де соғұрлым кеңейе бермек.
Өзіңді-өзің тану деген - өзіңді қоғамдық, әдептілік тұлға ретінде
қарастыру арқылы барлық адамдарға тән негізгі қасиеттер төңірегінде
этикалық ұғымдар қалыптастыру. Өзіңді білу, бұл - өз тарихыңды, дәстүріңді,
ата-бабаларыңның игі жақсылығын біліп, үйрену.
2.Жеке тұлғаның үйлесімді дамуына не себеп болу мүмкін?
Өзінің өмірлік айқындамасын анықтау.
Түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу.
Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау.
Адамдарға көмек көрсету, туыстарына және достарына мейірімді , қамқор
болу.
Өзімен өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде щынайы
болу.
Жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту.
Өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және
оған жауапты болу
Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
3.Адамзаттың рухани тәжірибесін қалай қолдануға болады?
Үлгілерді келтіріңіздер.
1 тапсырма аталған құзыреттілікті негізге алып, өзін - өзі тану
мұғалімнің тұлғалық, мамандылық, адамгершілік қасиеттерін суреттеңіз. Кім
өзін-өзі тану талаптары бойынша осы пәнді бере алатын мұғалім болалады.?
Дәлелдеңіз. ЭССЕ жазыңыз.
Өзін-өзі тану пәнінің басты мақсаты – ұлттық тәрбиені дәріптеу,
баланың бойына адамгершілік, отансүйгіштік, білімділік, біліктілік, адалдық
парасаттылық міне осындай адамға қажетті ізгі қасиеттерді енгізу болып
табылады. Сол себепті мұғалім балалардың бойыңа Мен адаммын, Қарым-
қатынас қуанышы, Адамгершілік әліппесі, Мен және менің әлемім деген
ұғымдарды туындату керек .
Мұғалім оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің
мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектеседі. Өзін-өзі
танудағы адамның бойында өзін сыйлай білуін, ойын еркін жеткізуін, өмірдің
қиын жағдайында дұрыс жол табуға, жеке шешім қабылдауға және өз тағдырына
жауапкершілікпен қарауға үйрете білу керек.
Елді сүю, патриоттық сезімді дамыту, осылардың барлығы өзін-өзі тану,
әлемді тану жүйесіне жататындығын ұғындыру мұғалім парызы.
1.3.Мектепте өзін-өзі тану сабағын жүргізудің тиімділігі
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында
заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі,
олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани - адамгершілік білім беруді
басты идея етіп ұстанатын Бөбек қорының президенті С. Назарбаеваның Өзін
- өзі тану авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.
Себебі өзін - өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға,
өзгелердің талқы - талдауына тәуелді болмауға, өзін - өзі жетілдіруге,
рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарының
болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін
жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. Сара Алпысқызының өскелең
ұрпаққа рухани адамгершілік білім берудің маңыздылығын күшейтуге
бағытталған. Өзін - өзі тану оқу орындарына пән ретінде кіргізілгеніне
көп уақыт өте қойған жоқ. Өзін - өзі тану - даналықтың бірінші белгісі –
деген екен. К. Маркс. Осы аз ғана уақыттың ішінде оқушылар бойына
даналықтың бірінші белгісін ұялатуға алғашқы қадамдар жасалды. Өзін - өзі
тану авторлық жобасы біздің мектеп - гимназияда да табысты іске асырылуда.
Әрбір жеке тұлға, өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі
мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Соған байланысты, жұмыс тәжірибемнен, бұл
пәннің үш жақты, Бала - Ата - ана - Мұғалім үшін тиімділігін аңғардым.
Өзін - өзі тану пәні сабақтарындағы Шаттық шеңбері кезеңі балалардың
көңіл - күйлерін көтеріп, сабаққа қызықтыруға, зейінін аударуға ықпал
етеді. Ал, Тыныштық сәті балаларға жағымды ойларға, сезімдерге берілуге
мүмкіндік береді. Олардың ойларынан тіпті кейде ересек адам ойламайтын
қызықты бейнелер елестейді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы
рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Тіпті күнделікті
сабақтарда өзін ашық көрсете алмайтын тұйық балалар да өздерінің ойларын,
көргендерін қызығушылықпен ортаға салады. Сондай - ақ, бала өзінің бастаған
ісін соңына дейін сәтті және сапалы түрде орындауға тырысады. Ол аз
жұмысының орындалу дәрежесіне сырт көзбен қарап үйренеді және өз жұмысын
өзгелердің жасағандарымен іштей салыстырады. Әр жасаған сапалы жұмысының
нәтижесінде баланың қызығушылығы артып, келесі тапсырманы, бұдан да жақсы
жасасам деген ой туындап, әрбір сабақты қуанышпен күтеді Өзін - өзі тану
сабақтары барысында ұсынылған ойындар да балаларды мейрімділікке, достыққа,
сыйластыққа, сүйіспеншілікке баулиды.
Әрбір сабақта қойылған мақсатқа жету үшін өзімнің әрбір ойлаған ойымды
алдын - ала дайындап, жұптап, бала бойына өмірдің бар асыл қасиеттерін
құюға тырысамын. Бұл пәнді оқыта отырып, менің ұстанатын басты қағидам: Үш
- ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек - деп
Абай айтқандай, мұғалім жүрегінің жылуын, нұрлы ақылы мен білімін,
бойындағы қайрат - күшін оқушыларға бере отырып, адамгершілікке, бақытқа
жетелер арманға апарар қиын да қастерлі жолдарын нұсқап, еңбек етудің,
білім алудың, өмір сүре білудің қыры мен сырын үйретеді. Пәннің ерекшелігі
де осында
ІІ бөлім. Мектепте өзін-өзі тану пәнін оқыту ерекшеліктері
2.1. Өзін-өзі тану пәнін оқыту ерекшеліктері
Қазіргі педагогика ғылымы тәрбие саласындағы басым міндеттердің бірі
ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақтаған халық даналығының
жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту негізіндегі тәрбиелеу екендігіне
баса назар аударып отыр.
Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызының басшылығымен
қазақстандық ғалымдар әлемдік тәжірибеде сүйене отырып, Қазақстан ұрпағының
ішкі жан дүниесінің бай, рухани мәдениетінің жоғары дамуына терең жол
ашатын Өзін-өзі тану пәнінің тәжірибелік бағдарламасының негізін қалады.
Пәннің негізгі мақсаты- оқушылардың жеке бас даму ерекшеліктерін
адамгершілікке бағыттап, Өзін-өзі танып біліп, оқыту мен тәрбиелеу болып
табылады. Бұл пәнді меңгертудің әр жас өзін сынай, бағалай білу арқылы
айналасындағыларға мейірім шуағын шашып, адамгершілік қасиеттерді бойына
дарытудың жөні бөлек екеніне көз жеткізеді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды,
рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа
үйрете білу аса маңызды.
Осы орайда Өзін-өзі тану пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың
тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық
және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік,
мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық
дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға
бағдарланған. Бастауыш сыныпта адамгершілік, сенім, адамгершілік сананы,
адамгершілік талаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды
үйрете бастайды.
Мектептің бастауыш сатысында Өзін-өзі тану пәнін оқытуды
ұйымдастыруда мұғалім пәннің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, бастауыш мектептерге арналған
Өзін-өзі тану бойынша оқу бағдарламасын, бастауыш сыныптарға арналған оқу-
әдістемелік кешендерін негізге ала отырып, пәннің басты маөсат-
міндеттерімен, осы міндеттерді жүзеге асыру мүмкіндіктерімен, оқу мазмұны
және оның құрылымдық ерекшеліктерімен, қолданылатын әдіс-тәсілдері және
технологиялармен, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылықтарын арттыратын
ойындар мен жаттығулар жүйесімен, қосымша оқу материалдарымен таныс болуы
тиіс. Оқыту үдерісі, әдетте сабақ арқылы жүзеге асырылады.
Өзін-өзі тану пәні балаға адамгершілік-рухани тәрбие беруді мақсат
тұтқанымен, мұнда оның жан-жақты дамуына мүмкіндік ашылған. Осы пән
сабақтарында халқымыздың мақал-мәтелдерін, ұлағатты сөздерінің бастауыш
сынып балаларына берер тәлімі көп. Осының барлығы Өзін-өзі тану пәнінен
табылуы бізді ерекше қуантады. Бұл пән баланың ішкі жан дүниесіне үңіліп,
өз менін тануға жетелейді. Қазақ балаларының бойында тұйықтық бар,
көбінесе өз қалауын айта алмайды, сырын жасырын ішінде ұстайды. Бұл
жағынан да ашылып ой бөлісуге жетелейтін пәннің берері мол. Осы пәннің
өзіндік ерекшелігі-балалардың тұлғалық дамуын, өзіндік дербестігін көрсету,
шығармашылық және танымдық белсенділікті арттыру, балалар мен жастардың
ізгілік сенімдер жүйесін және адамгершілік мінез-құлық тәжірибелерін
қалыптастыру бойынша қазіргі білім беру міндеттерін іс жүзіне асыруға
мүмкіндік берді.
Бастауыш мектепте жалпыадамзаттық құндылықтар тереңірек түсіндіріліп,
кеңейтіледі, өмірдің жағымды жақтарын үйрене және түсіне білуге
дағдыландырады. Сабақ барысында оқушылар өзіндік Мен дегеннің бар
екендігін біледі, өзіне баға беріп, өзін басқа жақтан өзінің сыртқы
тұрпатын, ерекшеліктерін және мінез-құлқының жеке бітістерін көруге
үйренеді, жеткен жетістіктері мен табыстарын талдайды. Сабақтарда
мейірімділік, өзара қызығушылық , шынайылылық, өзгенің ой-пікірін сыйлау,
ынтымақтастық атмосферасы жайлайды. Өзін-өзі тану сабағы-бұл оқушылар мен
ұстаздар арасындағы ашық диалог, мұнда әлеуметтік-рольдік ойындар және
тренингтер арқылы адамдық өзара қарым-қатынастың әлемі зерттеледі,
күйінішіне ортақтасу және рақымшылық сезімдері дамиды.
Сабақта қазақ халқының ұлттық болмысын жан-жақты түсіну, оны күнделікті
өмірде дамыту оқушылар үшін кішкентай түсініктер беруден басталады.
Мәселен, үлкендер алдындағы ізеттілік, кішіпейілділік туралы дәрісімізді
балалардың үлкендер тұрған жеоде сәлемдесу, амандасу, рұқсат сұрау
әрекеттерінен басталғаны дұрыс.
Өзін-өзі тану пәні бастауышта оқушыларды өздерін қоршаған ортаның бір
бөлшегі ретінде сезіне білуәне және өз ұлтының рухани-адамгершілік
құндылықтары негізінде өзінің орнын білу дағдыларын қалыптастыру мақсатын
көздейді. Баланың жүрек түкпіріндегі рухани қасиеттерін дамыту, сол арқылы
ұлттық болмысымызды ашу рсы пәннің кең мүмкіндіктерін танытады.
Барлық оқу орнандағы Өзін-өзі тану пәні сабақтары Шаттық шеңберімен
бастау алып, Жүректен-жүрекке кезеңімен аяқталады. Бұл пәннің балаларға
беретін тәлім-тәрбиесі ұшан-теңіз.
Бастауыш сыныпта Өзін-өзі тану пәнінің ерекшеліктеріне тоқтала келе,
Өзін-өзі тану пәні бойынша 1-сынып оқушыларына арналған оқу-әдістемелік
кешенінің жаңа үлгісін дайындаудан мысал келтіруге болады. Өзін-өзі тану
пәнінің оқу материалдары жүйеленген. Ол төрт тарау бойынша: Өзін-өзі тану
бақыты, Адами қарым-қатынасқа үйренейік, Адам болам десеңіз..., Мен –
табиғат перзентімін тақырыптарымен берілген.
Өзін-өзі тану бақыты атты I тарауда өзін-өзі тану, білім, патриотизм,
еңбек, отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт, махаббат, сөз
және т.б. құндылықтарды оқып, үйренуге баса назар аударылады. Балалар
өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді, сыныптастарымен,
ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді.
Бұл бөлімде өзін-өзі тану, адамгершілік, адалдық, өмір, руханилық,
сұлулық, даналық, ақиқат, денсаулық, үйлесімділік, қызмет ету, еңбек,
достық, махаббат, карым-қатынас жасау және басқа да құндылықтарды оқып,
үйренуге басымдық беріледі.
Адами қарым-қатынасқа үйренейік атты II тарауда 1 сынып оқушылары
достық қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, әдептілік, қамқорлық,
өзара түсіністік, отбасы, сыйластық, отан, махаббат және т.б. құндылықтарды
меңгереді. Сыныпта, отбасында тең құқылы, ізгілікті қарым-қатынастар
орнатуға, әлеуметтік белсенділігін дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл
бөлімде адам, еңбек, шеберлік, отбасы, балалар, қоғам, отан, патриоттық
этика, адамгершілік және басқа да құндылықтарды оқып, үйренеді.
Адам болам десеңіз... атты III тарауда мейірімділік, қайырымдылық,
жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық, жақсылык,
қайырымдылық, жауапкершілік, қамқорлық, шындық, сияқты адами қасиеттердің
мәні түсіндіріледі. Бастауыш мектеп жасындағы балалар өз істеріне,
әрекеттеріне жауапкершілікті сезінуді үйренеді. Осы бөлімде өзін-өзі тану
процесінде рухани-адамгершілік сапаларды дамыту, жеке тұлғаның өзін-өзі
барынша іске асыру, өзін-өзі анықтау үшін көмектесіп, адамның өмір сүру
логикасына жауап береді.
Мен – табиғат перзентімін атты IV тарауда табиғат, денсаулық,
қамқорлық, жасампаздық жарасымы туралы құндылықтар бойынша түсініктері
қалыптасады. Оқушылар адам және қоғам ұғымдарының жан-жақтылығын
түсінеді. Бұл бөлімде табиғат, адам, үйлесімділік, сұлулық, жер, ғарыш,
махаббат, әлем, денсаулық және басқа да құндылықтарды оқып, үйренеді.
Айталық, табиғаттану пәнінде оқушылар өсімдіктің құрылысымен (сабағы,
жапырағы, тамыры, қабығы т.б.) танысса, бұл пәнде балалар өсімдікті
құндылық ретінде қарастырып, оған қамқорлық жасауды, табиғатпен үйлесімді
өмір сүруді үйренеді.
Сабақтарда пәннің мақсатқа сәйкес оқушылардың жалпыадамзаттық
құндылықтарды меңгеруін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мен
жүзеге асыруды қамтамасыз ету міндеттері белгіленген.
Сонымен бірге балалардың қоршаған әлеуметтік-мәдени және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz