Өндірістің экономикалық мәні
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
І бөлім. Өндірістің экономикалық мәні
1. Өндіріс және оның факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-8
1.2. Өндіріс тиімділігін жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-10
ІІ бөлім. Өндірісті экономикалық ұйымдастыру
2.1. Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың түрлері ... ... ... ... ... ...11-13
2.2. Өндірісті ұйымдастыру және өндіріс нысандары ... ... ... ... ... ... ..14-17
ІІІ бөлім. Кәсіпорын өндірісін жетілдіру жолдары
3.1. Кәсіпорын өндірісін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-20
3.2. Өндірісті жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21-28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29-30
Пайдаланылған әдебиеттерінің тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе
Өндіріс - өзінің өміріне қажетті маиериалдық жағдайларды жасау
мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.
Өнеркәсіптік өндірісті жоспарлау әдістерін арттырудың басты факторы -
жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық
ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу
нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге
бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді.
Өнеркәсіптік өндірісті жоспарлаудың мынандай әдістері қарастырылды:
- нарықтық қатынастардың тереңдеп даму жағдайында жоспарлау
өндірістің басым факторы ретінде қарастырылған, оның мазмұны мен табиғаты
интеграциялық көзқарас түрғысынан жаңаша зерделенген;
- дамып келе жатқан постиндустриалдық парадигманың талаптарына сай
экономикалық ынталандырудың жіктемесі нақтыланған;
- постиндустриалды қоғам дамуының жаңа заңдылықтары мен үрдістері
негізінде жоспарлаудың тиімді жүйесін қалыптастырудың негізгі әдістемелік
принциптері айқындалған;
- еңбек белсенділігі мен экономикалық өсімді қамтамасыз ететін, еңбек
өнімділігі мен еңбек ақы төлеудің арасындағы өзара тығыз байланыстың
негізгі тетіктері бағдарланған;
- экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі ұсынылған;
- шаруашылықтарды бірге жүргізу сияқты уәждемелер, жоспарлау арқылы
капитал мен еңбектің тиімді байланысына бағытталған кешенді шаралар
ұсынылған, яғни жұмыскердің басқару ісіне, шешім қабылдауға және тек еңбек
пен өндіріс процесінде емес, жалпы әлеуметтік және жалпы мемелекеттік мәні
бар істерге де қатысуына мүмкіндік беру жайлары талданылған.
Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық
үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға
жеткілікті бола алмайды.
Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты
саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде кұрыған
пропорционалдық - жоспарлылық болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
1. Өндірістің экономикалық мәнімен танысу;
2. Өндірістік ұйымдарға сипаттама беру;
3. Кәсіпорынның өндірісін жетілдіру туралы мәліметтер беру.
І бөлім. Өндірістің экономикалық мәні
1.1. Өндіріс және оның факторлары
Өндіріс - адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды - материалдық,
әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді.
Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру
қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.
Таңдау экономикалық категория ретінде бұл - өндіру, сату және сатып
алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның әлеуметтік-
саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.
Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша
өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.
Қалай өндіру керек - бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай
комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі
туралы шешім қабылдайды.
Кімге және қанша өндіру керек - бұл адам қажеттілігі шектеулі болған
жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы
болып табылады.
Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара
байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары - жер,
еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс
ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар
туралы деректерге ие болуы тиіс.
Өндіріс ресурстары - бұл тауарлар мен қызметтер жасау процесінде
пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.
Ресурстар төрт түрлі болады: табиғи, материалдық, еңбек,
қаржылық.
Өндіріс факторлары - бұл өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін
шынайы түрде біріктіруді білдіреді. Ресурстар бір-бірімен өзара
байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады,
сондықтан да өндіріс - алуан түрлі факторлардың өзара байланысты
әрекеттерінің бірлігі болады.
ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан,
экономикалық теория өндірістің төрт негізгі факторларын: жер, капитал,
еңбек, кәсіпкерлікті бөліп көрсетеді.
Капитал - өндіріс факторлары жүйесіндегі материалдық және қаржылық
ресурстар.
Еңбек - тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді
бөлігі.
Кәсіпкерлік - еңбек факторының бір түрі, табысты өндіріс
ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және
экономикалық проблемаларды шешу.
Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда,
жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғамдық жиынтық
өнім мен табыс алудағы әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып,
оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік
жасайды.
Өндірістік қатынастардан пайда болған өнімді өткізу, оны тұтыну,
табысты бөлу кезінде тағы бір қатынас түрі туындайды. Түйіні, біреудің
мүлкін пайдалану арқасында қоғамдық өндірістік қатынастардың негізі жеке
меншік негізінде экономикалық қатынастар пайда болады. Осылайша адамның
өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады. Бұл үй - оның дербес (жеке)
меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруі мүмкін. Жалдаушымен шарт
жасасып, жылдық төлемді анықтады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім
жасады дейік. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастайды, қоғамдық
қатынастар туындайды. Осы жай қызмет түрі, пәтерді қажет ететін әрбір адам
пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы - оның экономикалық
мәнінде дербес байлық - оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің
көмегімен қоғамдық қатынастар туындайды.
Сонымен, меншік формасының құрылымын үш сөзбен сипаттауға болады: мен
иеленемін, пайдаланамын және билеймін.
Сәйкесінше, өндіріс - бұл түрлі меншік иелері, экономикалық
субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс - бұл өзара араласуымен өз
қажеттерін қанағаттандыратын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің
қызметі.
Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және
мемлекеттік емес деп бөледі.
Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін
пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі
үлгілері жатады.

Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:
• сол өнімді дайындайтын табиғи зат
• өнімді жайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы
• адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі
• аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы
Экономика тілінде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент
тиісінше - жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.
Өнеркәсіптік өндірісті зерттеу кезінде теориялық және әдістемелік
негізі мен эмпирикалық базасы ретінде ең әуелі интегративті (пәнаралық)
қатынастың теориялық принциптері алынды, ол сондай-ақ философиялық, тарихи,
әлеуметтік, мәдени, құқықтық және саяси алғышарттарды қамтиды. Мұнан өзге,
жұмыс барысында ғылыми абстракция, талдау және синтез, сондай-ақ кешенді
қарастыру сияқты жалпы ғылыми әдістемелер қолданылды. Бұл, зерттеу
әдістемелер жинақтай келш, экономикалық талдаудың сенімділігін және
тұжырымдамалардың негізділігін қамтамасыз етті.
Жұмыскердің еңбек белсенділігін ынталандыру үшін уәждемелер мен
ынталандырудың жаңа жүйесін жасау қажет, оның теориялық әдістемелік
принциптеріне мыналар жатады:
- өндірісте материалды ынталандырудан, тұлғаның өзін-өзі жетілдіру
уәждемесіне бағдарлануы, интеллектуалды әлеуеттілікті өсіру;
- еңбек және тұрмыс сапасының жоғары деңгейге көтерілуі;
- материалды ынталандырудың өрісі мен үрдістерін кеңейту;
- материалды, моральді, шығармашылық т.б. ынталандыруды жалпыландыру.
1.2. Өндіріс тиімділігін жоспарлау
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде жоспарлы жүйенің негізі бұзылуы, ол
жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмауы мүмкін. Осыған байланысты, өндіріс
тиімділігін жоспарлаудың жаңа механизмін құрудың объективті қажеттілігі
туындайды. Мұнымен қатар, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық
процестерді реттеуге кері әсерін тигізген құбылыстардың бірі меншіктік
қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға негізделген концепцияның
болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім шеңберінің тарылуын
тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі ешкім иелене қоймаған
ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына қарай бөлісуге
ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс табыс табатын құрал ретінде емес,
иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады. Осының барлығы, өндіріс
тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру нәтижесінде, пайда
болған меншіктік құрылым және меншікті іске қосудың тиімді, заң шығарушылық
базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру механизмінің
мүмкіндігін әлсіретеді.
Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде
ғана емес, жеке меншікке негізделген өндірістік қатынастарды қалыптастыру.
Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі өндіріс көлемін ұлғайтудың
негізі, оның тиімділігін арттырудың қуатты құралы.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде экономиканы
құрылымдық тұрғыдан қайта құру қажеттілігі кәсіпкерлікті жедел дамыту
есебінен нақты іске асырылады. Кәсіпкерлік, дербес, ізденімпаз әрекетке
дайын, мол табыс көзіне ұмтылуға қабілетті, іскер адамдар қатарының көбеюін
қамтамасыз етеді.
Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге,
халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге
қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға
бағытталуы қажет.
Сондықтан өндірісті жоспарлауды экономикалық ынталандыруды мынандай
белгілермен сипаттауға болады:
1. экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны, оның сапалық сипаты;
2. өндірілген тауар сапасының артуы және оның отандық, әлемдік нарықты
бәсекеге қабілеттілігінің есуі;
3. халықтың материалдық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы;
4. жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық қызмет әсерінің
күшеюі, адам капиталын нәтижелі қолдану;
5. басқару тиімділігін арттыру нәтижесінде өндірістік ресурстарды
пайдалануды үнемдеу, еңбек өнімділігін ынталандыру.
Жоспарлы жұмысы негізгі цехтар (нарықтың тапсырысты орындаушылар)
бойынша бөлу, дайындау мерзімі мен өнімді нарыққа жеткізу бойынша бөлу.
- жоспарлы көрсеткіштерге жету құралдары мен әдістерін таңдау;
- жоспарлы тауарлар (өнім, қызмет) өндірісін ұйымдастыру
әдісімен нысанын негіздеу, өндіріс және өткізу жоспарының
орындалуына бақылау жасау.

2.1. Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың түрлері
Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізбей, тек
өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты
айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек
бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған, алғашқы
қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштермен оларды ұйымдастыру аса
қарапайымдылығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы
өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс).
Тауар өндірісі деп - өнімдерді сатуға арналып өндірілетін, ал
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар нарық арқылы жүзеге
асырылатын шаруашылықты айтады.
Тауар өндірісінің пайда болуының қажетті шарты қоғамдық еңбек бөлінісі
болып табылады, бұл кезде өндірушілер нақты өнімдерді жасауға маманданады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихи үш кезеңі болды.
Бірінші кезеңінде мал шаруашылығы егін шаруашылығынан бөлініп шықты,
мұның өзі тайпалар арасында тұрақты айырбастың болуына жағдайлар туғызды.
Екінші кезеңінде қол өнеркәсібі егіншіліктен бөлініп шықты, бұл тауар
өндірісінің өмірге келуінің бастауы болды.
Үшінші кезеңінде сауда өндірістен оқшауланды және көпес, саудагерлер
өмірге келді. Осы кезден бастап тұрақты, нарықты байланыстар орнады.
Тауар өндірісінің пайда болуының тағы бір себептеріне меншік
қатынастары арқылы өндірушілердің бір бірінен экономикалық жағынан өзара
оқшаулануы болып табылады.
Ол алғашқы қауымдық қоғам ыдырау кезінде, яғни жеке меншік орнағаннан
соң пайда болды. Тауар өндірісінің даму кезеңдері - айырбастың, нарықтың
дамуы мен тығыз байланысты. Нарықтың төмендегідей типтері бар, олар
дамымаған, еркін,реттелетін, бұзылған.
Осы аталған нарық типтеріне сәйкес, тауар өндірісінің ерекше үлгілері
қалыптасады:
1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі;
2. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі;
4 Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі;
5 бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісі.
Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) -
қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндірісі құрал жабдықтарына, жеке меншікке,
тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауар өндірісі кезінде
жасалған өнімнің бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтанда, ол,
бүкіл, экономиканы қамтымайды, яғни оның жалпылама сипаты бола алмайды.
Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі (нарықтық экономика) - өзіне
тән ерекше белгілері бар. Оған жататындар:
а) адамның жұмыс күші тауарға айналады және өндірушінің өз еңбегін
жалдамалы еңбекке алмастырады;
б) қоғамда өндірілген өнімнің басым бөлігі жекелей тұтыну үшін емес,
нарыққа, сатуға арналады.
Бұл кездегі тауар өндірісі еркін бәсекеге негізделеді, сондықтан да
оны еркін бәсеке дәуіріндегі капитализм немесе “еркін экономика ” деп
атайды.
Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруда нарықтар мен баға жүйесін кеңінен
пайдаланатын тауар өндірісінің мұндай түрін нарықтық (капиталистік)
экономика деп атайды.
Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі – экономикада екі
сектордың болуымен, яғни: елдегі материалдық игіліктер мен бүкіл
ресурстарды өндіруде, бөлуде айырбастау мен тұтынуда мемлекеттік және жеке
сектор үлестерінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Мемлекет нарықтық экономикаға белсенді түрде араласады, дегенмен оның
реттеушілік рөлін, оның “көрінбейтін қолы” принципін сақтайды.
Реттелетін нарық экономиканы монополияландыру барысында қалыптасады,
бұл кезде үкіметтің алдында бір ғана мәселе- монополияны тежеу міндеті
тұрады.
Мемлекеттік реттеудің негізгі формалары - заңдар шығару, салық салу,
басқаруды қаржы арқылы жүзеге асыру.
Сөзсіз, нарықты экономиканың негізін тауар өндірісі құрайды.
Бірақта нарықтық экономика (капитализм) пайда болғанға дейін, тауар
өндірісі бірнеше жүз мың жылдар бұрын өмір сүрді. Сонымен қатар, тауар -
ақша қатынастары, әкімшіл-өмірде жүйеден орын алды.
2.2. Өндірісті ұйымдастыру және өндіріс нысандары
Өндірісті ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез
енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың,
қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде
өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде
барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін
арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндірісті ұйымдастыру
үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі қағидаттарына
негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең бастылары:
тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер. Өндірісті ұйымдастыру
элементтік (атқарымдық), кеңістіктік, уақыттық бөліктерге ажыратылады. Ол
өнеркәсіп өндірісінің барлық буындарын – салалық және ішкі салалық
экономикадан бастап жұмыс орнына дейін қамтиды. Өндірісті ұйымдастыру
қоғамдық және жекеше нысандарға бөлінеді. Қоғамдық нысан қоғамдық еңбек
бөлінісінен туындайды және өндірістің мамандануы мен кәсіпорындардың
мамандануын, кәсіпорынның ұтымды мөлшерін таңдауды және негіздеуді,
өндірістің құрамдастырылуын, кәсіпорындардың кооперациялануын қамтиды.
Өндірісті жекеше ұйымдастыру бірыңғай еңбек бөлінісінен туындайды, ол
еңбектің кәсіпорын ішіндегі бөлінісі мен ұштастырылуын қамтиды. Өнеркәсіп
өндірісін кеңістікте ұйымдастыру өнімді дайындау үдерісінің жеке
үдерістерге бөлшектелуінен және кәсіпорынның жекелеген өндірістік буынынан
тұрады. Осы деңгейде өндірісті ұйымдастырудың үш түрін бөліп алуға болады,
олар: үдерісті жұмыс орнында, цех ішінде және цехтардың арасында
ұйымдастыру. Негізгі өндірісті ұйымдастырумен қатар көмекші және қызмет
көрсетуші үдерістерді ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Олардың атқарымдық
міндеті – машиналар мен жабдықтардың қалыпты жұмыс жағдайында болуын
қолдау, энергиямен, еңбек заттарымен, құрал-саймандармен, аспаптармен,
бейімдемелермен қамтамасыз ету. Көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді
ұйымдастыруда кәсіпорын мен басқа да бөлімшелердің аспаптық және жөндеу
өндірісінің, көлік және энергетикалық шаруашылықтарының жұмысын ұйымдастыру
қамтылады. Өндірістің оңтайлы ұйымдастырылуы тиісті сапада өнім өндіру
көлемінің ұлғайтылуын, бұйымдардың жетілдірілуін, еңбек өнімділігінің
арттырылуын, өндіріс шығынының азайтылуын, еңбек жағдайының жақсартылуын,
кадрлардың мәдени-техникалдық деңгейінің көтерілуін қамтамасыз етеді.
Өндірісті жоспарлау — кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты
мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері. Нарықтық
ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны
іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Меншік иесінің
қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы
арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.
Өндірісті екі жолмен ғана кеңейтуге және дамытуға болады, өндіріс
факторларын көбейтумен - экстенсивті түрде немесе өндіріс технологиясын
жақсартумен интенсивті түрде.
Экстенсивті экономикалық өсу:
- жұмыс істейтіндер біліктілігін олардың санын арттырусыз
көтеру;
- өндірістің материалдық факторын ұлғайту (шикізат,
материалдар, отын, жарамды жерлер және т.б.);
- технологияларды жақсартусыз капитал жұмсауды көбейту жолымен
өндіріс факторларын сандық тұрғыдан кеңейту есебінен
өндірісті көбейту.
Интенсивті экономикалық өсу:
- негізгі қорларды (өндіріс құралдарын) жаңарту, ҒТП арқылы жаңа,
неғұрлым тиімді технологияларды енгізу есебінен материалдық байлықтар мен
қызметтерді өндіруді кеңейту;
- өндірісті ұйымдастыруды жақсарту (шаруашылық байланыстарының жаңа
құрылымдары, басқару, маркетинг, кооперация);
- негізгі және айналым қорларын пайдалануды жетілдіру, олардың
айналымдылығын, амортизациясын жеделдету және т.б.;
- жұмыс күшінің біліктілігін тұрақты өсіру, еңбегі ғылыми тұрғыдан
ұйымдастыруды жетілдіру жолымен өндірістің қолдағы бар факторларын неғұрлым
тиімді (интенсивті) пайдалану есебінен өндірістің өсуі.
Өндіріске салынған барлық кез келген капитал өзінің қозғалысын ақша
сомаларының (А) үздіксіз айналысын (ақшаның өзі әлі капитал болмаса да),
тауар формасында (Т1) қосымша құнға енгізілген белгілі бір тауарларды (...О...)
өндіру мақсатымен пайдаланылатын өндіріс құралдары мен (ӨҚ) жұмыс күшін
(ЖК) сатып алудан бастайды.
Өндірілген тауарларды (Т1) өткізіп болғаннан кейін, ең алдымен
авансыланған капитал (А) оған қосымша құн әкеле отырып (А1-а+∆а), өзінің
иесіне қайтарылады. Осыдан барып капиталдың қозғалысы (оны авансылау,
өндірісте қолдану, тауарларды өткізу және бұрынғы (бастапқы) ақша
формасына қайтару) капиталдың үздіксіз айналымы деп аталады.
Өндірістің жоспары - қажетті материалдар, жабдықтар мен өндіріс
қуаттылығы, оларды жеткізу көздері, қосалқы мердігерлер, өндіріс
технологиясы, өнімнің түрлері және т.б. жатады.
Өндірісті жоспарлау механизмінің негізгі құрамдас бөліктері:
- экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны;
- оның сапалық сипаттары;
- шығарған өнімнің отандық және элемдік нарықта бәсекеге
қабілеттілігін көтеру және сапасын жақсарту;
- халықтың материалдық жағдайын көтеру;
- жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық жұмысының
әсерін күшейту, адам капиталын нэтижелі пайдалану.

негізі мен әмпирикалық базасы ретінде ең әуелі интегративті (пәнаралық)

әдістемелер жинақтай келш, экономикалық талдаудың сенімділіпн жэне

экономикалық өсімнің түрақты қарқыны; оның сапалық сипаттары; шығарған
өнімнің отандық және элемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін көтеру және
сапасын жақсарту; халықтың материалдық жағдайын көтеру; жаңа
технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық жұмысының әсерін күшейту,
адам капиталын нэтижелі пайдалану.

- өндірісте материалды ынталандырудан, түлғаның өзін-өзі жетілдіру
уәждемесіне бағдарлануы, интеллектуалды элеуеттілікті өсіру;
- еңбек жэне түрмыс сапасының жоғары деңгейге көтерілуі;

Кез келген өнімді өндіру үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz