Банк қызметінің пассивті операциялары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Пассивті операциялар. . »
Орындаған
Тексерген:
Орал, 2014ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Бөлім Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының жалпы түсінігі
1. 1 Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары және олардың қалыптасу көздері . . . 5
1. 2 Коммерциялық банктердік пассивтік операцияларын жетілдіру сұрақтарының ғалымдар мен тәжірибелерінің еңбектерінде қарастырылуы . . . 11
2 Бөлім «Халық Банк» АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы және банктің қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
2. 1 «Халық Банк» АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы . . . 19
2. 2 «Халық Банк» АҚ-да қаржы жұмысының ұйымдастырылуы . . . 19
3 Бөлім Пассивтік операциялардың «Халық Банк» АҚ-да жетілдіру бағыттары
3. 1 «Халық Банк» АҚ-да депозиттік операциялардың жүргізілуі . . . 27
3. 2 «Халық Банк» АҚ-ның облигацияларды эмиссиялау қызметі . . . 32
3. 3 «Халық Банк» АҚ-нда пассивтік операцияларды жетілдіру жолдары . . . 39
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 43
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктерді айтамыз. Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары. Банк ресурстары пассивтік операциялар негізінде құралатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: пассивтік операциялар - бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары - делінеді.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.
Пассивтік операциялар мынандай формалары болады:
- коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
- депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ - заемдық немесе тартылған ресурстар құралады.
Банктің меншікті қаражаттары - банктің экономикалық дербесін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінген пайда жиынтығы. Коммерциялық банктер капитал процесінде, банктік секторды шешуші экономикалық рөлі орын алады. Коммерциялық банктер пайда нормасын жүргізіп, бұл процесс бөлігін жалпы экономикалық деңгейіне әкеп соғады.
Бүгінгі экономикалық көрсеткіш және банктің міндетті төлемдерін болашаққа өмір сүруіне алып келуі мүмкін, егер макроэкономикалық ортада стратегиялық қызметіне не болмаса, тактика түрінде өзгерістері болуы мүмкін. Бұл біздің көзқарасымыз бойынша коммерциялық банктердің проблемалары мен шешуші жолдарының тұрақтылығын өзгеруіне макроэкономикалық жағдайда актуалдылығы болып табылады
Осы коммерциялық банктердің проблемалары мен шешуші жолдарының маңыздылығы және олардың пайдасын жоғары шегіне жеткзуін ашып көрсету, осы тақырыптың өзектілігі мен мәні осы бағытта анықталады.
Жұмыстың мақсаты - банктердің пассивтік операцияларын талдау.
Жұмысты мақсатына байланысты келесі міндеттер қойылады:
- банктң пассивтік операциялары, олардың қалыптасу көздерін қарастыру;
- коммерциялық банктердің негізгі операциялары және олардың сипаттамасы;
- «Халық Банк» АҚ-ның экономикалық әрекетін және пассивтік операцияларын талдау;
- банктің пассивті операцияларын жетілдіру жолдары айқындау.
- коммерциялық банктің пайдасын жоғарғы шегіне жеткізу проблемаларын зерттеу.
Құрылымы : кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу обьектісі - «Халық Банк» АҚ-ның пассивтік операциялары.
1 Бөлім Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының жалпы түсінігі
1. 1 Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары және олардың қалыптасу көздері
Коммерциялық банктердің негізгі функцияларының бірі есепті-төлем механизмі. Төлемдер кезінде делдал ретінде, банктер клиенттері үшін төлемдік операциясын жүргізеді.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құралатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар - бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары», - делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар - бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті - пассивті шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипатайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады [1, 21] .
Отандық банктік тәжірибеде талап етуінде дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әртүрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлы мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдалынылады.
Ал кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез-келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Мерзімді салым (депозит) - белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.
Коммерциялық банктер, бір жағынан, шаруашылық субьектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттерді ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандайда есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұроақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы даәгейі рталық банк тарапынан реттеліп отырады;
- ақшаны алу туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етеледі.
Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Депозиттік және жинақ сертификаттары - бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін жне оның шотындағы ақшалайқаражаттың барлығын куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі екі түрлі болып келеді:
- Атаулы сертификаттар;
- Мәлімдеуші сертификаттар;
Атаулы депозиттік жне жинақ сертификаттары бұл салфым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Осындай жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктердің депозитттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозитттік операцияларды ұлғайтуды талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруге тиіс:
- депозиттік шығыстардың қаржыландырылатын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасын сәйкес кетуі;
- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауы тиіс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
- салым иелерінің санын өсіру мақсатында депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызме көрсетіп, жеңілдіктер ждасауға тиіс [2, 181] .
Активтік операциялар - бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелеріне бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
- ссудалық (несиелік) операциялар;
- инвестициялық операциялар;
- депозиттік опеарациялар;
- қаржылық операциялар;
- басқа да операциялар.
Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік (ссудалық) операциялары негізінде алынады. Банктіе ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активті топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.
Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктік активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80 пайызға жуық) құрайды. Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процеінде жұмыс жасауымен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудаларды береді.
Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: біріншісі - банкке табыс әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
- мемлекеттік бағалы қағаздар;
- корпоративтік бағалы қағаздар.
Мемлекеттің бағалы қағаздардың табыстылығынақарай үш түрге бөлінеді:
- Дисконттық мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.
- Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнелеген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін өленеді.
- Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвесор банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.
Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға ағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ деуге де болады [3, 46] .
Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:
- акциялар;
- облигациялар;
- депозиттік және жинақ сертификаттары;
- ипотекалық куәліктер;
- депозитік қолхаттар.
Осылардың ішінде инвестициялау операцияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.
Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Облигация - оның иесінің ақшалай қааражат салғандығын куәландыратын және эмитентті осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді.
- купондық облигациялар - инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;
- дисконттық облигация - инвестор банктік облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.
Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдау және банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Мұндағы корреспондеттік қатынас банктердің бір-біріне ашатын корреспонденттік шоттары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар банктер активтік депозиттік операциялар негізіде банкаралық несиенің дамуына мүмкіндік жасайды.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
«Лизинг» сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда, «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтары, машиналарыды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануа беруі қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалылығын және мүліктің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
Қаржылық лизинг - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затын мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеумен байланысты сипатталады.
Банктердің лизингік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиелерден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг обьектісінің лизинг берушінің меншігінен қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік обьектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
- банк пен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі;
- лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушы төлейді;
- жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады;
- лизинг компаниясы мен лизиг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады;
- жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;
- лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;
- лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді [4, 37] .
Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды. Факторинг - клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасып, сауда - коммисиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90 пайызға дейін төлеу шартымен сатып алады. Факторингмақсаты - кез-келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіруін шешуге бағытталады.
«Факторинг» сөзі ағылшын тілінен «faktor» алғанда «маклер, делдал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда - бұл делдалдық операция.
Факоринг операциясы - жабдықтаушының (банк клиентінің) жабдықталған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-факурасын) банкке сатумен байланысты коммиссиондық-делдалдық опрация.
Факторинг операциясына 3 тарап қатысады:
- Факторингтік компания (банктің фактор бөлімі) - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
- Клиент ( тауарды жабдықтаушы, несие беруші) - факторинг компаниясымен келісімшарт жасаушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
- Кәсіпорын (қарыз алушы) - тауар сатып алушы фирма.
Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жасау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алған соң, факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зертейді. Егер де кәсіпорынның факторинг компниясы немесе банктік фактор бөлімінің клиенті болған жағдаййда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактурасы тапсырылады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясына барлық шот-фактурасымен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2-3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторин компаниясы төлемінің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.
Факторинг операциясы бүгінгі таңда отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.
Форфейтингсөзі француз тілінеде «a forfait», аударғанда, құқықтан бас тарту дегенді білдіреді. Форфейтинг - таурларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиіс міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин. Форфейтинг операциясы - форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем құжатын сатып алу.
Форфейтинг мәмілесін үш қатысушы болады:
- Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
- Импертер, яғни тауарды несиеге алу;
- Форфейттор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
1- мәмілеге қатысушылар арасында келісімшарт жасалады; 2- тауарын несиеге береді; 3- аудармалы вексельді (5-7 жылға) жазып береді; 4- аудармалы вексельді қайта сатады; 5- аудармалы вексельді есепке алып, оның 70 пайыздай мөлшерінде банк ссуда береді; 6- мерзімі жеткенде төлеуге ұсынылады; 7- вексель ойынша міндеттемесін өтейді.
Форфейтинг операциясының мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда - 7 жыл.
Форфейтингтегі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементтеріне мыналар жатады:
- еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР - Лондондық
банкаралық пайыз мөлшерлемесі) ;
- импортер елінің тәуекел құы жәе валютаны аударуға байланысы
тәуекел құны 0, 5-тен 6 пайызға дейін жылдық мөлшерде ауытқиды;
- несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары (0, 5 пайызға
дейін жылдық) ;
- міндеттеме үшін алынатын комиссия (1-1, 5 пайыз жылдық) .
1. 2 Коммерциялық банктердік пассивтік операцияларын жетілдіру сұрақтарының ғалымдар мен тәжірибелерінің еңбектерінде қарастырылуы
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер көмегіндегі рөлі зор.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар - бұл несиелік және акивтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурстарын құру операциялары» - делінеді [6, 134] .
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар - бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі бірінші пасссивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.
Пассивтік операциялар көмегімен банктен нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.
Пассивтік операциялардың мынандай формалары болады:
- Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялау;
- Банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды құру және ұлғайту;
- Басқа да несие тұлғаларынан несие алу;
- Депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражыттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операцияларының екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурсары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ - заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады.
Сонымен банк ресурстары екі топқы бөлінеді:
- банкің меншікті қаражаттары;
- банктің тартылған қаражатары.
Банктің меншікті қаражатары қатарына меншікі капиталы мен оға сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 пайызы өтеледі.
Шын мәнісінде, меншікті және тартылған қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz