Пассивті операциялар жайлы



Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Пассивті операциялар..

Орындаған
Тексерген:

Орал, 2014ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ
ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Коммерциялық банктердің негізгі операциялары және олардың
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Банктің пассивтік операциялары және олардың қалыптасу
көздері ... ... ..11
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ (БАНК ЦЕНТР
КРЕДИТ АҚ МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... . ... 22
2.1 Банк Центр Кредит АҚ экономикалық әрекетін
талдау ... ... ... ... ... ... ..22
2.2 Банк Центр Кредит АҚ пассивтік операцияларын
талдау ... ... ... ... ... ..27
3 БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
3.1 Коммерциялық банктің қаржылық нәтижесін жетілдіру жолдары ... ... ... 33
3.2 Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларын
жетілдіру ... ... ... ...39
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..47

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі коммерциялық банктер – бұл
тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін
банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші
деңгейдегі банктерді айтамыз. Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге
бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының
көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі жоғары. Банк ресурстары пассивтік операциялар негізінде
құралатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде:
пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге
асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары – делінеді.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды
сатып алады.
Пассивтік операциялар мынандай формалары болады:
- коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
- депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге
тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы
негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары
құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе
тартылған ресурстар құралады.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербесін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен
бөлінген пайда жиынтығы. Коммерциялық банктер капитал процесінде, банктік
секторды шешуші экономикалық рөлі орын алады. Коммерциялық банктер пайда
нормасын жүргізіп, бұл процесс бөлігін жалпы экономикалық деңгейіне әкеп
соғады.
Бүгінгі экономикалық көрсеткіш және банктің міндетті төлемдерін
болашаққа өмір сүруіне алып келуі мүмкін, егер макроэкономикалық ортада
стратегиялық қызметіне не болмаса, тактика түрінде өзгерістері болуы
мүмкін. Бұл біздің көзқарасымыз бойынша коммерциялық банктердің
проблемалары мен шешуші жолдарының тұрақтылығын өзгеруіне макроэкономикалық
жағдайда актуалдылығы болып табылады
Осы коммерциялық банктердің проблемалары мен шешуші жолдарының
маңыздылығы және олардың пайдасын жоғары шегіне жеткзуін ашып көрсету, осы
тақырыптың өзектілігі мен мәні осы бағытта анықталады.
Жұмыстың мақсаты – банктердің пассивтік операцияларын талдау.
Жұмысты мақсатына байланысты келесі міндеттер қойылады:
- банктң пассивтік операциялары, олардың қалыптасу көздерін қарастыру;
- коммерциялық банктердің негізгі операциялары және олардың сипаттамасы;
- АҚ Банк Центр Кредит экономикалық әрекетін және пассивтік операцияларын
талдау;
- банктің пассивті операцияларын жетілдіру жолдары айқындау.
- коммерциялық банктің пайдасын жоғарғы шегіне жеткізу проблемаларын
зерттеу.
Құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу обьектісі – АҚ Банк Центр Кредиттің пассивтік операциялары.
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫ
1.1 Коммерциялық банктердің негізгі операциялары және олардың сипаттамасы
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктерді құру Қазақстан
Республикасының Банктер және банктік қызмет туралы Заңына негізделген.
Банк қызметінің негізі оның функциясы арқылы көрінеді, олар келесілер:
- уақытша бос ақшалай қаражаттарды мобильдау және оларды капиталға
айналдыру;
- халықты, мемлекетті, кәсіпорынды несиелендіру;
- шаруашылықта есептесу және төлемдерді төлеуді жүргізу;
- экономикалық және қаржылық мәліметтерді ұсыну;
- уақытша бос ақшалай қаражаттарды мобильдеу және оларды капиталды
айналдыруда, банктер ақшалай табыстарды және салым ретіндегі жинақтарды
аккумульдайды.
Коммерциялық банктердің негізгі функцияларының бірі есепті-төлем
механизмі. Төлемдер кезінде делдал ретінде, банктер клиенттері үшін
төлемдік операциясын жүргізеді.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құралатындықтан,
оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: пассивтік
операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға
арналған банктің өз ресурсын құру операциялары, - делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл нәтижесінде
пассивтік шоттағы немесе активті – пассивті шоттағы қаражаттардың өсуін,
яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипатайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі
пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды
сатып алады [1,21].
Отандық банктік тәжірибеде талап етуінде дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әртүрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлы мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдалынылады.
Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама төменгі
мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай
өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез-келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге
асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін
өте төменгі пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк Орталық банкте
сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Мерзімді салым (депозит) – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз
төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл
ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.
Коммерциялық банктер, бір жағынан, шаруашылық субьектілердің уақытша
бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар
есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттерін қанағаттандыратын
арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның
қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттерді ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандайда есеп
айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп
айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұроақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы даәгейі рталық банк тарапынан реттеліп
отырады;
- ақшаны алу туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етеледі.
Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі – жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі мерзім
өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беретін жне оның шотындағы ақшалайқаражаттың барлығын куәландыратын эмитент
банктің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі екі түрлі
болып келеді:
1. Атаулы сертификаттар;
2. Мәлімдеуші сертификаттар;
Атаулы депозиттік жне жинақ сертификаттары бұл салфым иелерінің атына
толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні
көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Осындай жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын
қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды
жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде
жүргізе отырып, депозиттік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде
пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктердің
депозитттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозитттік
операцияларды ұлғайтуды талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру
барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай
талаптарды ескеруге тиіс:
- депозиттік шығыстардың қаржыландырылатын активтік операциялардың
мерзімдері мен сомасын сәйкес кетуі;
- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу
үшін жұмыс жасауы тиіс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен
мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
- салым иелерінің санын өсіру мақсатында депозиттік операциялар түрлерін
ұлғайтып, қосымша қызме көрсетіп, жеңілдіктер ждасауға тиіс [2,181].
Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің
өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелеріне бар ресурстарды орналастыру
жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде
тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына
қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп
тараған түрлеріне мыналар жатады:
- ссудалық (несиелік) операциялар;
- инвестициялық операциялар;
- депозиттік опеарациялар;
- қаржылық операциялар;
- басқа да операциялар.
Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік
(ссудалық) операциялары негізінде алынады. Банктіе ссудалық операциялары
негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және
жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активті топтары банктің басты пайда
көзі ретінде қызмет етеді.
Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктік
активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80 пайызға жуық) құрайды.
Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер
уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну
процеінде жұмыс жасауымен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің
клиенттеріне әр түрлі ссудаларды береді.
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік операциялардан кейін
банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары
негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар
портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: біріншісі – банкке табыс
әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа
бөлінеді:
1. мемлекеттік бағалы қағаздар;
2. корпоративтік бағалы қағаздар.
Мемлекеттің бағалы қағаздардың табыстылығынақарай үш түрге бөлінеді:
- Дисконттық мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға
жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны
бойынша өтеледі.
- Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнелеген табыс әкелетін
бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін өленеді.
- Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы
қағаз. Бұл жағдайда инвесор банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі
және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.
Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық
операцияларға ағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы
қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға
салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада
қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен
болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ деуге де болады [3,46].
Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы
қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар
жатады:
- акциялар;
- облигациялар;
- депозиттік және жинақ сертификаттары;
- ипотекалық куәліктер;
- депозитік қолхаттар.
Осылардың ішінде инвестициялау операцияларға байланысты көп болады. Ал
қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.
Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын
куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне
табыс әкелетін бағалы қағаз.
Облигация – оның иесінің ақшалай қааражат салғандығын куәландыратын
және эмитентті осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып
беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі
түрге бөлінеді.
- купондық облигациялар – инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында,
яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;
- дисконттық облигация – инвестор банктік облигацияны шығарушыдан
номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны құнымен қайта сату
арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.
Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдау және
банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Мұндағы
корреспондеттік қатынас банктердің бір-біріне ашатын корреспонденттік
шоттары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар банктер активтік депозиттік
операциялар негізіде банкаралық несиенің дамуына мүмкіндік жасайды.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке
табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг
және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг сөзі to lease ағылшын етістігінен аударғанда, жалға беру
дегенді білдіреді. Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне
тиесілі құрал-жабдықтары, машиналарыды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын,
өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға
(жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануа
беруі қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық
лизингтер.
Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалылығын және мүліктің қысқалығын және мүліктің
құнын толық өтемеуін сипаттайды.
Қаржылық лизинг – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затын мерзімі
ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі
өтеумен байланысты сипатталады.
Банктердің лизингік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып
келеді. Алайда лизингтің несиелерден бір айырмашылығын келісімшартта
көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг
обьектісінің лизинг берушінің меншігінен қала беруінен көруге болады. Ал
несиеде банктің меншік обьектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі
қалады.
1. банк пен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие
беріледі;
2. лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушы төлейді;
3. жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады;
4. лизинг компаниясы мен лизиг алушы кәсіпорын арасында лизингтік
келісімшарт жасалады;
5. жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;
6. лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;
7. лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді
[4,37].
Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын
кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде
рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды. Факторинг – клиенттің
айналым капиталын несиелеумен ұштасып, сауда – коммисиондық операциясының
бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90 пайызға
дейін төлеу шартымен сатып алады. Факторингмақсаты – кез-келген несиелік
операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіруін
шешуге бағытталады.
Факторинг сөзі ағылшын тілінен faktor алғанда маклер, делдал
деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда – бұл делдалдық
операция.
Факоринг операциясы – жабдықтаушының (банк клиентінің) жабдықталған
тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-
факурасын) банкке сатумен байланысты коммиссиондық-делдалдық опрация.
Факторинг операциясына 3 тарап қатысады:
1. Факторингтік компания (банктің фактор бөлімі) - өздерінің клиенттерінен
шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2. Клиент ( тауарды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниясымен
келісімшарт жасаушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
3. Кәсіпорын (қарыз алушы) – тауар сатып алушы фирма.
Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жасау жұмысы
жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алған соң, факторинг компания немесе
банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық
жағдайын зертейді. Егер де кәсіпорынның факторинг компниясы немесе банктік
фактор бөлімінің клиенті болған жағдаййда, ол факторинг компаниясына сатып
алушыға жіберілетін барлық шот-фактурасы тапсырылады. Әрбір құжат бойынша
клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясына барлық шот-
фактурасымен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған
2-3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторин компаниясы төлемінің уақыты
жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.
Факторинг операциясы бүгінгі таңда отандық ақша нарығында дами алмай
отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО өнеркәсіп
құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер
факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы
төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап,
нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға
салғырттық танытуда.
Форфейтингсөзі француз тілінеде a forfait, аударғанда, құқықтан бас
тарту дегенді білдіреді. Форфейтинг - таурларды жабдықтау немесе
қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге
тиіс міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.
Форфейтинг операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе
арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем
құжатын сатып алу.
Форфейтинг мәмілесін үш қатысушы болады:
1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
2. Импертер, яғни тауарды несиеге алу;
3. Форфейттор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
1- мәмілеге қатысушылар арасында келісімшарт жасалады; 2- тауарын
несиеге береді; 3- аудармалы вексельді (5-7 жылға) жазып береді; 4-
аудармалы вексельді қайта сатады; 5- аудармалы вексельді есепке алып, оның
70 пайыздай мөлшерінде банк ссуда береді; 6- мерзімі жеткенде төлеуге
ұсынылады; 7- вексель ойынша міндеттемесін өтейді.
Форфейтинг операциясының мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты
құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.
Форфейтингтегі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементтеріне мыналар
жатады:
- еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР – Лондондық
банкаралық пайыз мөлшерлемесі);
- импортер елінің тәуекел құы жәе валютаны аударуға байланысы
тәуекел құны 0,5-тен 6 пайызға дейін жылдық мөлшерде ауытқиды;
- несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары (0,5 пайызға
дейін жылдық);
- міндеттеме үшін алынатын комиссия (1-1,5 пайыз жылдық) [5,192].

1.2 Банктің пассивтік операциялары және олардың қалыптасу
көздері
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер көмегіндегі рөлі
зор.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан,
оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: пассивтік
операциялар – бұл несиелік және акивтік операцияларды жүзеге асыруға
арналған банктің өз ресурстарын құру операциялары - делінеді [6,134].
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл нәтижесінде
пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін яғни
пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі бірінші
пасссивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.
Пассивтік операциялар көмегімен банктен нарықтан несиелік ресурстарды
сатып алады.
Пассивтік операциялардың мынандай формалары болады:
- Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялау;
- Банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды құру және ұлғайту;
- Басқа да несие тұлғаларынан несие алу;
- Депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражыттарды банктерге
тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операцияларының екі формасы
негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурсары
құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе
тартылған ресурстар құрылады.
Сонымен банк ресурстары екі топқы бөлінеді:
- банкің меншікті қаражаттары;
- банктің тартылған қаражатары.
Банктің меншікті қаражатары қатарына меншікі капиталы мен оға сай
келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі
мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның
барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 пайызы өтеледі.
Шын мәнісінде, меншікті және тартылған қаражаттардың арасында шекті ең
төменгі мөлшерде шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтлығын ұстап тұруда
маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы мешікті қаражаттары
алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын
шығындарды жабады. Себебі, меншік қаражатсыз банктің қызметін басқару
мүмкін емес. Ос меншікті қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер
құрылады. Ең соңыда, банктің меншікті қаражаты – бұл ұзақ мерзімді
активтерге жұмсалымдырдың басты көзі болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары - банкің экономикалық дербестігін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен
бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банкің меншікті қаражаттарына жататындар:
- банктің жарғылық капиталы;
- бакнтің резервтік капиталы;
- қосымша капиталы дәне пайда есебінен құрылған басқа қорлар;
- сақтандыру резервтері;
- бөлінбеген пайдасы.
Банктің қаржылық капиталы – банктің заңды тұлға ретінде міндеті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылықкапиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан теұрады.
Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық
капиталын банктің акционерлік көлемі акцияны ұстаушылар акционерлер қосқан
жарналардан құралады [7,75].
Қазақстанда екінші денгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда
құрыла алады:
- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасыда;
- акционерлік банк ;
- шетел капиталының қатысуымен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың
орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз
мөлшерінде, айталық 25 пайыз мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері
жарғылық теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады.
Резервтік қордың құрылуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде
банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы
бар акциялары бойынша дивидендтер төленеді.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты
аударылғанда аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы
бөлу нәтижесінде құралады.
Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау қоры ұлттық
валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құралады.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған
қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген
қажеттілігінің 10 пайызға жуық бөлігі өтелсе ал қалған бөлігі тартылған
қаражаттардың үлесіне тиеді.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы басқа
қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік
ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде
маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк
қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға
жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің
қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті
резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді
активтерге жұмсалымдарының басты көзі.
Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте
ашылатын коррсепонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да
дебет бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі.
Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді.
Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның
ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары
болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады.
Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы
төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің
корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын,
коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің
әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты
және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға
әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті
пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк
саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады [8,9].
Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық
капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді
төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге:
несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты
құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде,
несиелік операциялардың 90 пайызға жуықтай ресурстарға деген қажетін
қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер
халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар
халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.Банктердің ресурстарының жалпы
сомасында тартылған қаражаттар үлесі олардың басым бөлігін құрайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік
жүйе үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту
тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе
болады.
Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау
тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:
І топ – депозиттер;
ІІ топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде
немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тартатын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды. Екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық
банктер айналысады. Өйткені депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтермеуге сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардағы қаражаттар[9,78,].
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталаты қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджет қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама төменгі
мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай
өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны кез-келген уақытта ешқандайда шектеусіз жүзеге
асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
комиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін
өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк Оралық банкте
сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Мерзімді салым (депозит) – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз
төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл
ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.
Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандайда есеп
айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан реттеліп
отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын-ала хабардар етуі талап етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Тағы бір кеңінен тараған салымның түрі – жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды.Бұл салымдардың түрі
бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын-ала алу барысында ешқандай ескерту талап
етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары
салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге
бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын-ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарына тұрақты мерзімі белгіленетін және сол
мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ
салымдарына басқа жинақ салымдарына қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз
төленеді.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын-ала
келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталатын сома белгілі бір күнде (жаңа
жылдық салым, бойжеткен кезде және т.б.) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды
білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі
мерзімі өткен соң тиісіті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға
құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын
куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып
келеді:
1. Атаулы сертификат;
2. Мәлімдеуші сертификат.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына
толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні
көрсетілмейді, яғни кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады
[10,86].
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және
көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу
қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада
шығарылатыдықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
1. Аударылатын;
2. Аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында
болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші
нарықта сатып-алу және сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ
сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды.
Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын
төленуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады.
Бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл
ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге
түсуін сипатттайды.
АҚШ-тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік
шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шот және куәландырылған чектер
сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.
Нау-шоттар бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер болып табылады.
Нау-шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:
- бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
- салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.
Куәладырылған чектер шоттары – бұл куәландырылған чектерді төлеу үшін,
сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттары.
Оның мынадай ерекшелігі бар:
- ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлеменің өзгеруіне
байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
- шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
- салымдардың сақтандырылуы;
- иемденуші, үшінші жақтың төлемдері үшін айына шоттан алты рет аударма
жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі
телефон арқылы жүзеге асады.
Банктердегі депозиттер түріндегі бағалы қағаздар мынадай түрлерге
бөлінеді:
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардағы банктердің акциялары мен
облигациялары;
- банкке сақталуға берілген және ссудамен қамтамасыз етілген акциялар мен
облигациялар;
- шетелдіквалюталар мен жасалатын операциялар бойынша бағалы қағаздар мен
құндылықтар.
Отандық банктеріміздің тартылған қаражаттары ішінде банкаралық
несиенің де рөлі жоғары.
Банкаралық несие – бұлкоммерциялық банктердің бір-біріне беретін
несиелері. Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат
ресурс болып табылады.
Банкаралық несиенің бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге
қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай
несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында
дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте
ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне
байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін
несие.
Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі
банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелер бермейді. Осындай
жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың
басты көзі ретнде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауға,
коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып,
депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды
ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай
отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс
- депозиттік ресурстарды қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері
мен сомасына сәйкес келуі;
- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу
үшін жұмыс жасауға тиіс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен
мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
- салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін
ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс [11,80].
Банктің табыстары, олардың қалыпасу көздері. КБ табыс көздеріне
мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:
• Несиелік бизнесі;
• Дисконттық бизнесі;
• Сақтау бизнесі;
• Банктік кепіл беру қызметі;
• Салымдар қабылдау, клиенттің тапсырысы бойынша өнеркәсіпті жүзеге асыру
бизнесі;
• Басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;
• Дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі.
Несиелік бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге және заңды
тұлғаларға несиелер беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге
уақытша пайдалануға пайыздық сыйақы беру. Несиелік бизнестің екінші бөлігі
кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы
мүмкін. Несиелік бизнестен пайыз формасында табыс түседі.
Дисконттық бизнес төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды
банктің белгілі бір төменгі бағамен – дисконт негізінде сатып алуын
сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг
операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк
төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан)
талап етуге құқылы. Ал екінші жағдайда, банктің ондай құығы жоқ, бірақ ол
ондай операциядан түсетін жоғары сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік
операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін
жабдықтаушының табысын азайтады. Мұндағы табыс екі элементтен тұрады:
1) Сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктік несиелік
ресурсын пайдаланғаны үшін төленетін пайыз.
2) Факторингоперациясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып
отыратын комиссиондық сыйақы.
Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленетіндіктен,
факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына
жатқызады.
Сақтау бизнесі банктің трастылық (сенім) және агенттік қызметтеріне
негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз,
шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін емесе осы мүлікке байланысты клиенттің
тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде
банкке табыс әкеледі. Мысалға, траст келісім-шарты негізінде банк клиентке
шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме
алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау
қажеттігін келісіп алады. Трастылық операцияларда тәуекел жоғары, себебі,
мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған
сәйкес, трастылық операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік
қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып
келеді. Мұндай ерекшелік, негізінде трастылық қызметтен алынаын комиссиялық
сыйақының құрылымын анықтайды. Олмүлікті басқарғаны үшін төленетн
комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан
тұрады.
Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды
1) банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару;
2) оларды нарықта сату;
3) кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа да
эмитенттердің бағалы қағаздармен қайталама нарықтағы операциялары.
Мұндай бизнестен түсетін табыс мынадай көздерден құралады:
1) өзінің және басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында
бағамдық айырмадан;
2) жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі (жекешелендірілетін
кәсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа жеткізу, оның құнын
бағалау, акцияларын шығару және орналастыру, реестр жүргізу) үшін
комиссия [12,93].
Банк шығыстарының жіктелуі. Коммерциялық банктердің шығыстарын
формасына және есепке алу тәсіліне қарай жіктеуге болады.
Формасына қарай олар мынадай түрлерге бөліеді:
• пайыздық шығыстар;
• пайызсыз шығыстар;
• басқа да шығыстар.
Пайыздық шығыстар клиенттердің талап ету және мерзімді депозиттері,
басқа банктердің депозиттері бойынша, басқа банктерден саып алынған
несиелік ресурстар үшін, сондай-ақ шығарған бағалы қағаздары бойынша
төленген пайыздардан құралады.
Пайызсыз шысығтарға жалпы банктік операциондық шығыстары мен басқару
аппаратын ұстау шығындары жатады. Басқа да шығыстар банктік операциялардың
өзіндік құнына жататын резервтерді құру, салық төлеу, бағалы
қағаздарнарығында, валюталық нарықта алып-сатарлвқ операцияларды жүзеге
асыруға банктің мүлкін сатуға және т.б. байланысты болатын зияндарды
сипаттайды [13,20].
Сонымен бірінші тарауды қорыта, келесіні анықтадық.
Пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды
жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары. Пассивтік
операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге
тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы
негізінде бактік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары
құрылады. Келесі екі формасы неігізінде екінші ірі топ – заемдық немесе
тартылған ресурстар құрылады.
Осындай жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын
қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды
жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде
жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі.
Жоғарыда қарастырылған сұрақтарға, ой тұжырым жасайтын болсақ,
пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Ал банк
ресурстары, банктің әрі қарай экономикалық іс-әрекетін жүргізудің негізі
болып табылады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер
қызметіндегі рөлі жоғары.

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ (БАНК ЦЕНТР
КРЕДИТ АҚ МЫСАЛЫНДА)

2.1 Банк Центр Кредит АҚ-ның экономикалық әрекетін талдау
2006 жылы банктің активтері 73 %-ға артып, 571,7 млрд. теңгені (4,5
млрд. АҚШ доллары) құрады. Центр Кредит Банкі АҚ – қаржылық пайдалылық
көрсеткіші бойынша банк секторының көшбасшыларының бірі. Банктің пайдалылық
көрсеткіштері еліміздің алты жетекші банктерінің орташа көрсеткіштерінен
әлдеқайда ілгері, яғни ROA бойынша 1,65 % қарсы 2,10 % және ROE бойынша
18,81 %-ға қарсы 28,94 %.
Банктің операциялық тиімділік көрсеткіштерінің жақсаруы және, соның
салдары ретінде, таза пайданың анағұрлым артуы пайдалылық бойынша жоғары
көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2006 жылы банктің таза
пайдасы 2,1 есе артып, 10,02 млрд. теңгені құрады.
Депозиттер. 2006 жылы жеке тұлғалар арасында да, заңды тұлғалар
арасында Банк Центр Кредит АҚ салымдарының беделі арта түсті. 2006 жыл
ішінде жалпы депозиттік портфель 222 051 млн. теңгені құрап, 2005 жылмен
салыстырғанда 71 988 млн. теңгеге немесе 53 %-ға артты. Жеке тұлғалардың
депозиттік портфелі 2006 жылы 2005 жылдың сәйкес көрсеткіштеріне қарағанда
67 %-ға өсіп, 109 191 млн. теңгені құрады. Банктің заңды тұлғалар бойынша
депозиттік портфелі 2006 жылы 31 913 млн. теңгеге артып, 2007 жылдың 1
қаңтарында 107 794 млн. теңгені құрады.
Банк Центр Кредит АҚ 2006 жылы шетелдік қаржы нарығында жүргізген
қызметін сыртқы қарыз көлемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары туралы
Банк балансының активі мен пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету бағыттары
Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу есебі
Коммерциялық банктің пассивті операцияларын басқару
Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны
Банктердің пассивті операцияларының мәні
Банктердің дамуы
Банк тәуекелдіктерді тиімді басқару жүйесі
Менеджментгің басты ерекшелігі банк жүйесі шеңберіне банктік процедураларды ұйымдастырудың және экономикалық процестерді басқарудың бірегей технологиясын дамыту
Ағымдағы міндеттемелер мәні және мазмұны
Пәндер