Қазақстан Республикасының педагогика ғылымының дамуы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жалпы педагогика және
информатика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Қазақстан Республикасының педагогика ғылымының дамуы

Орындаған: 01207 топ студенті
Аймукашева В.Т.
Тексерген: оқытушы Ергалиева Г.А.

Орал 2010 ж.
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Педагогика пәні, оның негізгі
ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Педагогика нысаны, қызметтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..9
1. Педагогиканың пайда болуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 9
2. Педагогика ғылымының салалары және оның басқа
ғылымдармен
байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 16
3. Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми
педагогикалық зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...27
Кіріспе
1. Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.

Педагогика бұл - адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының
ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты
білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше
аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында
қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ,
Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор.
Педагогика деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған
дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол
балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ
айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар
және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан
шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика -
бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам
баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де
үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе
тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек
қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика
қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы
адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және
еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Педагогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі
педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар.
Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси
экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал
педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың
байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке
дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру
процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде
барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу
тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды.
Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап
тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-
әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір
тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның
белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын
тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға
қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада
қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің
басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын
ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды
пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені
әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл
жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық
процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-
әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке
адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық
дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті
процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті,
дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім
алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал
жасайды.
Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбиелеу" ұғымдары
да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын,
басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу
процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін
тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. өзін-өзі
тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына
қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Негізгі педагогикалық, ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі
теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге
дайындаудың басты құралы.
2. Педагогика нысаны, қызметтері

Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш
бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат
білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас
педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық
құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда
педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос,
мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.
Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан
(психология, жаратылыстану, əлеуметтану жəне т.б.) алынған білімдерді
жанама түрде пайдаланып, оқу жəне тəрбие аймағында туындайтын мəселелерді
шешуге икемдестірілген қолданбалы пəн рөлін таңдады. Бұлай болғанда
педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар
тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны
педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ,
жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне
аян.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз
тиімділігімен танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерт-теу пəніне
ие салыстырмалы дербес білім саласы (Педагогика оқулықтарының ең соңғы
басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин жəне т.б.).
Педагогика нысаны. Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде
батыл ой ұсынған ғалым жəне практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі:
көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми
педагогика зерттеулерінің объектісі– бұл педагогикалық дерек (құбылыс).
Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам
жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің
тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-əрекеттер
аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид)
не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына
байланысты педагогикалық-тəрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады.
Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-
əрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын
айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену (образование)
атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін
танытады.
Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған
педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік сипаттарымен
сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық жəне
технологиялық міндеттер.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
- сипаттау немесе түсіндіру – озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені
зерттеу;
- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен
оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды
қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;
- болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық
күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол
педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық
құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде орын алатын
құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды
өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-əрекеттермен байланысты.
Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып,
білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі
құрылады.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
- жобалау (проекттеу) – педагогикалық іс-əрекет пен оның мазмұны əрі
сипатын қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар
мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары,
бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға
байланысты;
- жаңалау – тəрбие жəне білім беру тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу
мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне
енгізе, пайдалану;
- ықпал таныту (рефлексивтік)жəне реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық)-
ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу-тəрбие ісіне болған əсер-ықпалын бағалау
жəне одан соңғы ғылыми теория мен тəжірибелік іс-əрекеттер байланысына
қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.
Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына
себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына
көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен
шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы,
өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты
процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты
міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін
арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта-
ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге орай
жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі
білім (образование) деп аталады. Білім мəні – əр адамның өте күрделі
өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру жəне оны жоғары моральдық жəне
азаматтық мұраттар рухында тəрбиелеу.
Сонымен, əлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты
танылған – үлкендердің бедел – абыройына жəне балалардың бағыныштылығына
негізделген əкімшіл (авторитарлы) ағым, шəкірт құқығы мен еркіндігін
құрметтеуші – гуманистік ағым. Олардың арасында –сан қилы педагогикалық
бағыттар өрбіген. Əлемнің ізгілікті педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын
қабылдады.

Негізгі бөлім

1. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы

Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші
қадамдарымен байланыстырады. Тəрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды.
Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тəрбиеленген. Адамдардың ол
жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тəрбие жөніндегі ғылым геометрия,
астрономия басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт
- өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл
атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулиетке берген
тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі.
Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие
мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған
елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан
теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі
барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық
тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл
атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық,
еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе
түзді.
Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Греция философиясында
қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж. Б.э.д.)- балалар
тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол:
Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды
жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді... Жақсы адам болу табиғат
ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді.
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен
тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон (427-
347жж. Б.э.д.), Аристотель (384-322жж.б.э.д.), Тертуллиана (160-222жж.
Б.э.д) еңбектерінде жарияланған.
Орта ғасырлар дəуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тəрбиені толығымен діни
арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік еткен догматикалық оқу
принциптерінің шыңдалуына жол берді. Солай да болса, өз философиялық
тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-
430жж.), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған.
Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап отырып, іске қосқан
Лойола (1491-1556) жəне оның ізбасарлары.
Қайта өрлеу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл педагог-
гуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм
Роттердамский (1466-1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446),
француздық Франсуа Рабле (1483-1553) жəне Мишель Монтень (1553-1592)
өздерінің педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды.
Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана XVII
ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі
күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да
шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы
чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның
1654 жылы Амстердамда жарық көрген Ұлы дидактика атты еңбегі алғашқы
ғылыми-педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың
көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін жəне ғылыми маңызын
жоғалтқан емес. Я.А.Коменский ұсынған табиғи сəйкестік принципі, сынып-
сабақтық оқу жүйесі жəне басқа да оқу принциптері, əдістері, формалары
педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды. Оқу негізіне басқалардың
зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын жаттау алынбай, сол заттар мен
құбылыстарды танып, білу қалануы тиіс; Естігенді –көргенмен, сөзді- қол
əрекетімен байланыстыру қажет; əрқандай үйрету сыртқы сезім жəне ақыл-
парасат байланысы негізіндегі дəлелдерге сүйенуі қажет... Ұлы педагогтың осы
тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына да сəйкес келіп тұр.
Ағылшын философы жəне педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін
тəрбие теориясына бағыштады. Өзінің Тəрбие жөніндегі ойлар атты басты
еңбегінде ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін іскерлікпен, берік наным-
сенімдерін сұлу мəнерлілікпен ұштастыра білген адам - джентельмен
тəрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады.
XVIII ғасырда мектеп педагогикасы бойынша өз шығармаларымен танылған
француз материалист-ағартушылары Д.Дидро (1713-1784), К.Гельвеций (1715-
1771), П.Гольбах (1723-1789), əсіресе Ж.Ж.Руссо (1712-1778) болды. Затқа
назар! Затқа! Мен ешқашанда біздің мылжың тəрбиемізбен сөзге аса көп маңыз
беріп, құрғақ сөзді адамдарды жасайтынымызды қайталап айтудан жалықпаймын
-деп ұрандады ол.
Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) есімі аса
құрметпен аталады. О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен жасап
жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жəрдем беремін-деп, ол
жан айқайын салды. И.Г.Пестолоций өз дегеніне жетті: мұғалімдерге оқыту мен
адамгершілік тəрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.
Өзгерістерден басқа тұрақты ешнəрсе жоқ, -деп үйреткен неміс
педагогы Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға
тəн тəрбиенің қозғаушы күштері мен қарама-қарсылықтарын зерттеген.
Орыс ойшылдары, философтары жəне жазушыларының арасында педагогикалық
шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848),
А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-
1561). Бүкіл əлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың
педагогикалық идеялары əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып,
халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.
Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі. Бұл
салада халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан
арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы жəне т.б. Олардың
тəлім-тəрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет
Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында –Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім
қандай болса, мектебі həм сондай болмақшы...əуелі біз елді түзетуді бала
оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те,
халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі
түзелгенде, оқумен түзеледі – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ
мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич
Ушинский (1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп,
педагогикалық практикада төңкеріс жасады. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық
жүйесінде жетекші орын тəрбие мақсаттарына, принциптеріне жəне оның мəніне
берілген. Тəрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін
тəрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тəрбие
адамның тəн-дене, ақыл-парасат жəне ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын
барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады- деп жазған еді ұлы ғұлама.
Тəрбие жолындағы жетекші рөл мектеп жəне мұғалімнің билігінде:
Тəрбиедегі барлық істер тəрбиеші тұлғасына негізделуі тиіс, себебі тəрбие
күші тұлғаның адамилық қадір-сапаларынан бастау алады. Ешбір жарғы немесе
бағдарлама , ешқандай жасанды мекеме организмі, қаншалықты айламен құрылса
да, тəрбие жұмысындағы тұлға беделінің орнын баса алмайды -деген
К.Д.Ушинский бүкіл педагогиканы қайта қарастырып, жаңа ғылыми деректер
негізінде білім беру жүйесін толығымен түбегейлі қайта құруды талап етті:
...теориядан алшақтаған педагогикалық практиканың бір өзі –медицинадағы
тəуіпшілдікпен тең.
XIX ғ. ақыры - XXғ. басында педагогикалық проблемалар АҚШ-та қарқынды
зерттеле бастады. Ол жерде адам тəрбиелеудің жалпы принциптері мен
заңдылықтары өрнектелді, əрбір адамға белгілеген мақсаттарына тез, əрі
табысты жетуге мүмкіндік беретін тиімді білім технологиялары қалыптасып,
практикаға енді. Американ педагогикасының белгілі өкілдерінің бірі Джон
Дьюи (1859-1952). Оның зерттеу жұмыстары бүкіл батыс Еуропа, Америка жəне
Австралия аймақтарында педагогикалық ойдың дамуына үлкен ықпал жасады.
Американ педагогтарының тағы бір көрнекті тұлғасы Эдвард Торндайк (1874-
1949) оқу процесін зерттеумен атын əйгілеп, əрекетшіл тəрбие технологиясын
бүкіл əлемге жария етті.
Елімізде аты танымал американ педагогы жəне дəрігері Бенджамен Спок.
Ол қауым өкілдеріне, бір қарағанға қарапайым ғана тəрбиеде басты не болу
керек: қаталдық па қайырымдылық па? –деген сұрақ қойып, көпшіліктің
санасына жаңа тəрбие лебін жеткізді. Бұл сұрақтардың астарынан күтілген
жауап- педагогика қай бағытта: əміршіл-əкімшіл немесе гуманистік – жолымен
дамуы қажет пе? Бұған нақты жауапты Б.Спок өзінің “Бала жəне оған
қамқорлық”, “Анамен сұқбат” жəне т.б. еңбектерінде беруге тырысқан.
XX ғасырдың басында əлемдік педагогикада еркін тəрбие жəне бала
тұлғасының дамуы идеялары белсенді жария етіле бастады. Бұл идеяға жетекші
Мария Монтессори (1870-1952) болды. Өзінің Ғылыми педагогика əдістемесі
кітабында ол балалық жас мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін
түсіндіріп бақты. Себебі, сəбилік шақтағы бала дамуы үлкен тəрбиелік
табыстарға есік ашады. Оның пікірінше, мектеп оқуының басты формасы өзіндік
оқу жұмыстары болуы қажет. Монтессори оқушылардың жекелеп оқуына ыңғайлы
грамматикалық, математикалық, биология-жаратылыстану жəне басқа пəндерге
арнап дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл оқу құралдарының ерекшелігі,
оларды пайдалана отырып, бала өз кемшілік-қателерін табады жəне оларды
түзетеді. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында да Монтессори жүйесінің
тараптарлары мен қолдаушылары баршылық. Осы бағытта түзілген бала бақша
-мектеп жүйесі іске қосылып, балаларды еркін тəрбиелеу идеясы өз жемісін
беруде.
Ресейдегі еркін тəрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі Константин
Николаевич Вентцель (1857-1947)еді. Ол 1917 жылы дүниеде алғашқылардың бірі
болып, бала құқықтары декларациясын түзіп, жариялады. 1906-1909жж.
аралығында Мəскеуде ол ұйымдастырған Еркін бала Отауы жұмыс істеп тұрды.
Бұл ерекше оқу мекемесінде басты кейіпкер- бала аса құрметпен танылды.
Тəрбиешілер мен мұғалімдер бала қызығуларына икемдесіп, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие
Қазіргі мектепте оқушыларды тәрбиелеу жолдары
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика
Педагогика пәні жайлы ұғым
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Педагогика ғылымының міндеттері
Біртұтас педагогикалық процесс жайлы ұғым
Халық педагогикасында тәрбие мәселесі
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Пәндер