Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу
міндеттері

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Педагогика ғылымының даму тарихы
1.1. Педагогика тарихының әдіснамалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...8
1.2 Педагогиканың әдіснамалық негіздерін басқа ғылымдармен байланыстырып
қарастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 13
1.3 Педагогикалық зерттеулердегі ғылым мен практиканың
өзара
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .19
2. Мектепке дейінгі педагогика пәні
2.1. Мектепке дейінгі педагогиканың мақсаты мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... 2 7
2.2 Мектеп жасына дейінгі педагогика пәні және оның басқа ғылымдармен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...35
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстан-2030
стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен
салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті
елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық
рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса
айтылған [1].
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру
стандартының жобасында: Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан
Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде
маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен
ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі... деп
көрсетілген
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды.
Педагогиканың да өзіне тән ғылыми - зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді
зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес
қолданылады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері
қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың
қабілеттілігіне, жан – жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан
факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия)
қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер
бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса,
эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша
экспериментті қайталап жургізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі,
педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тарбиелеу. Сондықтан
педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында
оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін
түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді.
Педагогика - адамзат қоғамының даму жолымен бірге өмір сүріп, дамып
келе жатқан, адамдардың оқыту білім беру саналы әрекетін зерттейтін ғылым.
Сонымен ғылымдар жүйесінде педагогиканың алатын орны ерекше. Педагогика
басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге
келтіреді. Қандай да болса ғылымның дамуы ұғымдар жүйесі арқылы ғылыми
білімнің тұрақтылығы мен байланысты. Ғылымның негізгі ұғымдары категория
деп аталады. Педагогика да категорилар обьективті шындықтың маңызды
жақтарын бейнелейді, яғни уақыт анықтаған категориялар құрамын негізгі
ұғымдар осы ғылымның зерттеуін обьективті шындықтың сипаттамасын жасауға
мүмкіндік береді. Бірақта бұл үшін зерттеп отырған шындықтың шекарасын білу
керек.
Бұл жұмыста тәрбие ұғымы әдіснамалық тұрғыдан сипатталады, тарихи-
педагогикалық білім әдіснамалық негізде талданған. Қорытындыда әдіснамалық
негіздеуді қажет ететін тарихи-педагогикалық білімнің негізгі мәселелерді
ерекше бөлініп берілген.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының
зерттейтін негізгі мәселелері, проблемалары:
– қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке
тұлға болып қалыптасу проблемасы;
– Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі
жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай
дәстүрін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы;

– Дүниежүзілік мәдениетті, жалпы адамзаттық құнды игілікті және
дүние танымдық көзқарасты, халықаралық қатынасты қамтамасыз ететін
– ана тілі проблемасы; сондықтан тәрбиенің басты мақсаттарының
бірі - әрбір сәбиден бастап рухани, адамгершілік байлықтың көзі
ана тілін жетік меңгеруді, әрбір адамның өмірлік қажеттілігіне
айналдыру проблемасы;
– Жеке бастың қалыптасуында қозғаушы күштерді анықтауда әлеуметтік
және биологиялық факторлардың шешуші ролін зерттеу проблемасы;
– Қоғам дамуының өркениеттілік танденциясына байланысты тәрбие мен
білім берудің мақсатын жаңаша қарау проблемасы;
– Қазақстан Респуликасының көп ұлттылық жағдайында жастарды
ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу проблемасы;
– Азаматтардың белсенділігіне жол ашу, әр азамат саяси және
экономикалық әр алуан түрлілік жағдайында меншік иесі ретінде өз
қабілетін толық таныта алатындығын зерттеу проблемасы;
– әртүрлі пәндерді оқып – үйренуде диалектикалық тұрғыдан қарау,
оқыту процесінде пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ашу және
жүзеге асыру негізінде қазіргі заманның ғылыми интеграциялық
байланыстарын зерттеу проблемасы;
– тарих төрінен орын алып келе жатқан жаңа дәуір мұғалімнің кәсіби
педагогикалық еңбегінің ерекшелігін зерттеу проблемасы;
– ұлттық мектептерді дамыту және оның білім беру мазмұнын жаңарту
проблемасы;
– кәсіптік техникалық білім берудің педагогикалық проблемасы;
– политехникалық білім беру, еңбекке тәрбиелеу және кәсіптік білім
берудің өзара байланыстылық проблемасы;
– оқу-тәрбие процесін дербестендіру және даралау проблемасы;
– нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдерді өмірге, еңбекке
дайындау, кәсіптік іскерлігін арттыру проблемасы.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты – 5-6 жасар баларды жалпы,
интеллектуалды, физикалық дамыту, олардың білімді игеру дайындығын
қамтамасыз ету, оқу іс-әрекетін меңгеру үшін баланың тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыру.
Мектепалды даярлықта тәрбие беру міндеттерін ойдағыдай шешу үшін
балалардың ой өрісін, танымын, оқуға деген қабілетін жетілдіру және
денсаулығын сақтау басты талаптардың бірі болып табылады. 5-6 жастағы
баланың оқу, тәрбие жұмыстарын меңгеріп кетуі оның денсаулығы мен жалпы
даму дәрежесіне байланысты. Баланың оқуға даярлығы мен денсаулығын алдын
ала анықтап алу оған алдағы уақытта көрсетілетін қамқорлықтар қандай болуы
керек екенін нақты белгілеуге мүмкіндік береді. Баланың оқуға даярлығы
медициналық, психо-физиологиялық, психологиялық көрсеткіштер жиынтығы
арқылы анықталады. Әр баланың жеке ерекшелігіне қарай оқуға даярлығы да әр
түрлі болады. Медициналық көрсеткіштерге баланың биологиялық жетілу
дәрежесі, денсаулығында ауытқудың болу – болмауы; психо-физиологиялық
көрсеткіштерге Керн – Ирасек тестін орындау нәтижелері, қозғалу мүшелерін
басқара білу дәрежесі, сөйлей білу; ал психологиялық көрсеткіштерге оның
айнала туралы түсінігі, өзін - өзі күте білудің қарапайым дағдыларын
меңгеруі, берілген тапсырмаға біршама зейін қоя алуы, оқуға деген ынта –
ықыласы, көпшілікпен қарым – қатынас жасай білуі, тәртіпке мойын ұсынуы
жатады.
Зерттеу мәселесі. 5-6 жастағы баланың ойлау қабілетін дамытып, оны
тұрақтандырудың мәні зор. Ақыл – ой, еңбек қабілеттерінің өсуі барысында
олар білім, білік, дағды түрлерін тез игереді. Жасына лайық берілген
тапсырманы дұрыс, сапалы орындау баланың даму деңгейін көрсетеді. Оқу
жылының бірінше жартысында оқудың ақыл – ойға тигізетін әсерін, баланың
игерген білім сапасы мен қалыптасқан дағдыларын байқауға болады.
Ең жас шәкірт мектеп қабырғасында жаңа ортаға, мектеп талабына, оқуға
бейімделеді. Егер бала мектепке дейінгі кезеңде белгілі бір күн тәртібіне
әдеттенбесе, оның жаңа ортаға бейімделуі үшін едәуір күш – жігер қажет
болады. Жаңа ортаға бейімделу кезінде бала организмінің қызметі өзгереді,
ортаның әртүрлі әсеріне оның төзімділігі артады. Сондықтан мектепке дейінгі
педагогиканың алдына қойған мақсаты: 5-6 жастағы балалардың денсаулығын
сақтап және нығайтып, ақыл-ойы мен дене дамуын жетілдіре түсіп, сөздік
қорларын молайта отырып тілін дамыту, жан-жақты жеке тұлға ретінде мектепке
даярлау.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі педагогика
Зерттеу объектісі. Мектепке дейінгі білім беру.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Педагогика ғылымының даму тарихы және
мектепке дейінгі педагогика пәнінің зерттелуі туралы мағлұмат беру.
Зерттеу жұмысының мідеттері:
✓ Педагогика ғылымының даму тарихы туралы түсінік беру;
✓ Мектепке дейінгі педагогиканың мақсаты мен міндеттерін анықтау;
✓ Мектепке дейінгі педагогиканың зерттелуін анықтау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Педагогика ғылымының даму тарихы
1.1. Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстар, олардың өзара
байланысы, даму заңдылықтары айқындалады.
Педагогика – пейдагогис грек сөзі пейда - бала, гогос жетелеймін,
бала жетелеуші - деген ұғымды білдіреді, тәрбие туралы ғылым.
Көп жылдар бойы ұйымдастырылған тәрбие мен тек балалар
қамтылғандықтан, педагогиканы бала тәрбиесі туралы ғылым деп атады.
- тәрбиені, білім беруді, оқытуды зерттейтін теориялық және қолданбалы
ғылымның жиынтығы.
- Жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым.
- Адам тәрбиесі туралы ғылым.
- Адам дамуының әрбір жас кезеңіне сәйкес оған білім беру, оқыту,
тәрбиелеу, дамыту, өмірге даярлау туралы ғылым.
Педагогика ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы қоғамдық
өндірісті сақтап, дамыту, өскелең ұрпақты өмірлік іс тәжірибемен
қаруландыру, болашақ өмірге нәтижелі даярлау негізіндегі қоғамның
әлеуметтік қажеттілігінен туады. Ол қоғамдық қызмет атқарады.
Педагогика пәні – ғылым танымдық сала ретінде педагогика пәнінің
зерттеу саласы – қоғамның ерекше қызметі – тәрбие.
- оқу – тәрбие мәдени ағарту мекемелерінде ұйымдастырылатын тәрбие,
оқыту мен білім беру.
- адамның жеке басының даму, қалыптасы мәнін зерттеу негізінде арнайы
ұйымдастырылған педагогикалық процесс.
- Тұлғаның жеке басының дамуы мен тәрбиесі арасындағы заңды
байланыстарды зерттеу, оның негізінде тәрбиелеу қызметінің теориялық және
әдістемелік негзін құру.
- адамның адамды тәрбиелеуі.
- Тәрбиелік іс - әрекет.
- Арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала.
Педагогиканың категориялары:
Педагогика, халықтық педагогика, этнопедагогика, адамзаттың дамуы мен
қалыптасуы, тәрбие, білім беру, оқыту, ұлттық тәлім тәрбие, әлеуметтік
қоғамдық қалыптасу және тәрбие. Өзін өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу,
қайта тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, педагогикалық методология,
методологиялық негіздер, зерттеу әдістері, тәсілдері.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Шектес (үндес, аралық) ғылымдар (смежные науки)
Педагогика ғылымының әдіснамалық мәселелерін қарастыруды ғылымдардың
интегрцаиялық өзара ұштасуы мен үндесуін, дифференциялық сараланып даму
тенденциясын ескеру, зерттеу, тәрбие мен білім берудің көптеген
аспектілерін басқа ғылымдардың да зерттейтінін ескеріп, олардың
жетістіктерін пайдалану керек.
Жалпы педагогика негіздері кез-келген жасаралығындағы немесе тәрбиенің
кез келген саласындағы тәрбиені, тәрбиенің негізгі заңдылықтарын зерттейді.

Мектеп жасына дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың
тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы
ғылым.
Арнайы педагогика (дефектология)
Олигофренопедагогика Сурпопедагогика Тифлопедагогика Логопедия
Дефектология – (лат, кемістік туралы ілім) – дене және психикалық
кемшілігі бар балалардың психологиялық физиологиялықдаму ерекшелігі туралы
ғылым.
Дефектологияның -, арнайы педагогиканың міндеті – жүйелі түрде балалар
дамуындағы ақауды, кемшілікті жою, реттеу, коррекциялау, танымдық, қимыл
қозғалыстық, және бастың кемшіліктерін реттеу саласында жүреді.
Сурпопедагогика – саңырау немесе құлағының мүкісі бар балаларды
тәрбиелеу және оқыту мәселесімен айналысатын педагогиканың саласы.
Сурпопедагогика – латынша (Surdus) глухой, саңырау және нашар, мүкіс
еститін балалар мен ересектердің психикалық дамуы мен жетілуін оқыту, білім
беру, үйрету,, тәрбиелеу арқылы реттеу мүмкіндігін қарастыратын арнайы
педагогиканың саласы.
Тифлопедагогика – зағип, соқыр, көз жанары зақымданған, зақип
балаларды тәрбиелеу және оқыту туралы ғылым.
Қазіргі кезде тифлопедагогика ғылыми негізделген ережелер мен
қағидаларды басшылыққа ала отырып, түрлі жас аралығындағы көз жанарлары
ауыр зақымданған балалардың көру органының бұзылған қызметін алмастыру,
толықтыру, реттеу,(компенсациялау) механизмі мен даму ақауын жою жолын
болдырмау, алдын алу шараларын қарастырады. Жеке дара оқытудың мазмұны мен
әдіс – тәсілдерін белгілейді.
Арнайы оқыту негізінде балалар жалпы ғылыми пол техникалық білім
негіздерімен қаруланып, эстетикалық, саяси мәдениеттілік, адамгершілік,
экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, еңбек даярлығын алады., іс-
тәжірибе дағдыларын игереді.
Олигофренопедагогика - ақыл және педагогика ақыл – ойының дамуы
жағынан кемшілігі бар балалармен жұмыс істейтін педагогиканың саласы.
Қазіргі кезде зерттеушілер орыс философиясы мен педагогикалық ой-
пікірінің көрнекті өкілдері Н.А.Бердяев, В.В.Зенковский, И.А.Ильин және
көптеген басқаларының идеяларына көңіл бөле бастады. Олардың пайымдауынша,
рухани дүниенің мәнін, сананың рөлін, оның адамның және қоғамның дамуына
әсерін атап көрсетті.
Жалпы алғанда, әдіснама танудың елеулі қызметін атқарады, оның ішінде
белгілі білім саласының дамуының, әсіресе, әлеуметтік ғылымдарынң әртүрлі
саласына қатысын орындайды. Бұл қызметтерін жүйе ұйымдастырушылық,
түсіндірме-бағалаушылық, жобалаушылық ретінде анықтауға болады.
Тарихи-педагогикалық білімді әдіснамалық негіздеу үшін тәрбиенің мәнін
түсінудің маңызы орасан зор. Педагогика тарихы ғылым ретінде және оның
негізінде құрылған оқу пәні жалпы түрде қоғам өміріндегі тәрбиенің теориясы
мен тәжірибесінің даму заңдылықтары үрдісін зерттейді. Тәрбиені кең
мағынада түсінетін болсаң, сонда оның құрамына оқыту да, білім беруде
кіреді.
Тәрбиені әлеуметтік және педагогикалық құбылыс ретінде қарастыру
қажет. Тәрбие үрдіс ретінде белгілі әлеуметтік, қоғамдық жағдайларда пайда
болды. Ол қоғамдық дамудың тарихымен тығыз байланысты. Егер де тәрибеге жан-
жақты берілген анықтамалардың бірінде "тәрбиені адамзат тәжірибесін бір
ұрпақтан келесі ұрпаққа беру үрдісі ретінде қарастырады, демек, тәрбиенің
қоғамның дамуында, ұрпақтар сабақтастығында, жас ұрпақтық өркениеттің,
жинақталған тәжірибесін меңгеруде мәні ерекше”.
Педагогика тарихы-ғылым және оқу пәні ретінде кеңестік дәуірде көп
жылдар бойы өзінің әдіснамалық негізі ретінде марксистік-лениндік ілімдігі,
диалектикалық және тарихи материалдық біржақты басшылыққа алып келді. Бұл
ілімнің қатаң қағидалары негізге алынады, ғылыми зерттеу жұмыстары мен
әдебиеттер, өткендегі белгілі педагогтардың, ағартушылардың көзқарастары
мен педагогикалық жүйелері, сонымен қатар әртүрлі тарихи кезеңдегі
тәрбиенің, білім берудің, оқытудың теориясы мен тәжірибесін қарастырғанда
және оған баға бергенде марксистік-лениндік әдіснама, партиялық таптық
көзқарас тұрғысынан түсіндіріледі.
Тарихи-педагогикалық үрдісті, оның ішінде тәрбие тарихын әлеуметтік
құбылыс ретінде бағалауда таптық көзқарас басшылыққа алынды. Тарихи-
педагогикалық құбылыстарға таптық тұрғыдан қарау тәрбиенің тарихи-теориялық
теориясы мен тәжірибесінің барлық байлығын тежеп отырды, тарихтағы көрнекті
педагог тұлғалардың идеяларын жеткіліксіз бағалауға, олардың дүниетанымдық
идеяларын пайымдауда біржақтылыққа ұрындырды, сонымен қатар объективтік
тұрғыдан оларыдң тарихи-педагогикалық үрдістегі орны мен мәнін дұрыс
бағалалауға жол берілді. Әсіресе, бұл кемшіліктер педагогика тарихынан
жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында ерекше орын алды.
Дей тұрғанмен, барлық кеңестік кезеңдегі педагогика тарихының дамуын
тек ғана біржақты жағымсыз тұрғыдан бағалау дұрыс болмаған болар еді.
Кезінде педагогика тарихынан оқулықтар мен оқу құралдарын жазған белгілі
ғалымдар Н.А.Константинов, Е.Н.Медонский, М.Ф.Шабалда, тұңғыш қазақ тілінде
шыққан "Педагогика тарихы” оқулығының авторлары, белгілі ғалымдар,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қартбай Бекенұлы Бержанов пен
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Сыздық Мусиннің еңбегін ерекше
атаған жөн. Бірақ бұл оқулықтар ескі әдіснама мен идеологияға негізделіп
жазылғандықтан, қазіргі уақыт талабына сай көптеген тарихи мәселелерді
тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан қайтадан қарастыру қажет болды.
1.2 Педагогиканың әдіснамалық негіздерін басқа ғылымдармен байланыстырып
қарастыру
Тарихи-педагогиканың білім беруде маңызды әдіснамалық негіздеуге
өркениет тұрғысынан қарау жатады, ол тәрбиенің тарихи педагогикалық
идеялары мен тәжірибесінің дамуын бағалауда әлеуметтік алғышарттарды
енгізуге мүмкіншілк жасайды, оның дамуын қозғалысын әлеуметтік себептермен
негіздейді.
Келесі педагогика тарихының мәнді әдіснамалық негіздеріне мәдениеттану
тұрғысынан қарауды жатқызуға болады. Оның мәні мәдениет ұғымының өз мәнімен
байланысты, мәдениетті өмір сүру үрдісінде адамзаттың жинақтаған тәжірибесі
деп анықтама беруге болады. Сонымен қатар тәрбие жалпы алғанда тәжірибені
бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру мағынасында қолданылады. Осы мәдениет,
адамзат тәжірибесі, тәрбие ұғымдарының өзара байланысында, мәдениеттанудың
негіздері жатыр. Екінші байланысы-тарихи-педагогикалық ілімінің өзі – бұл
мәдениеттің бір бөлігі.
Әрбір педагогикалық ілім ғылымның даму тарихында белгілі орын алады
және басқа ғылымдармен бірге мәдениеттің дамуына көмектеседі, оны байыта
түседі.
Педагогика тарихы курсында өткендегі көрнекті педагогтардың
ілімдерімен қатар аса дарынды философтардың, ойшылдардың, жазушылардың және
қоғамдық қайраткерлердің педагогикалық көзқарастары талданылады, олар
кәсіптік білімі бар педагогтар-болмағанымен, педагогикалық теорияны дамыту
үшін ерекше еңбек сіңірді, тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері туралы,
кейбір әдістемелік мәселелер туралы құнды идеялар қалдырды.
Қазіргі кезде өткендегі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму
тарихын зерттеуде үкіметтің "Мәдени мұра” атты мемлекеттік бағдарламасын
басшылыққа алып, сол бағдарлама саласында тарихи-педагогикалық мұраны
тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан зерделеуге тиіспіз. Өткен тарихи мұрамызды
зерттеуде әдіснамалық тұрғыдан тарихи-педагогикалық құбылыстарды бүгінгі
күннің мәселелерімен байланыстыра отырып пайымдауда, педагогикалық
теориялар мен көрнекті педагогтарымыздың мұраларын зерделеуде тарихилық
қағида басшылыққа алынды.
"Педагогиканың қазіргі мәселелерін,- деп жазды профессор Н.К.Гончаров,
барлық педагогика тарихына сын көзқараспен пайымдамайынша, түпкілікті шешу
мүмкін емес. Үрдістер немесе құбылыстардың мәні тарихи дамуда ашылады, ал
құбылыстың өзі педагогика тарихының жалпы фонында түсінікті болады”.
Тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеуде дәстүрлі педагогикалық
әдістер кеңінен қолданылады. Дәстүрлі әдістер деп педагогика ғылымының
бастауында тұрған зерттеу ілімдерден, ағартушы-ойшылдардан мұрагерлікпен
қазіргі педагогика ғылымына жеткен әдістерді айтамыз. Бұл Платон мен
Квинтилиани, Коменский мен Песталоцци пайдаланған әдістер; олар күні
бүгінге дейін педагогика ғылымында пайдаланылып келеді.
Зерттеу жұмысының мәселесі, пәні және міндерттеріне сәйкес барлық
тарих ғылымдарына ортақ тарихи және логикалық зерттеу әдістері бір-бірімен
бірлікте қарастырылады, сонымен қатар арнаулы әдістер, атап айтқанда,
тарихи-салыстырмалы, ретроспективті, статистикалық және тағы басқа да
зерттеуге, салыстырмалы талдауға және деректі әдеби, мұрағат материалдарын
теориялық жинақтауға бағытталған әдістер қолданылады.
Тәрбиені зерттеу – педагогикалық зертеудің ертеден қолданылып келе
жатқан әдістердің бірі. Кең мағынада тәжірибені зерттеу әдісі тәрбиенің
тарихи байланысын орнатуға, жалпы, оқу-тәрбие жүйелерін айқын көрсетуге
бағытталған ұйымдасқан таным қызметі болып табылады. Бұл әдістің көмегімен
нақтылы мәселелерді шешудің жолдары талқыланады, жаңа тарихи жағдайда оны
қолданудың қажеттігі туралы ойластырылған қорытынды жасалады. Сондықтан да
қарастырып отырған әдісті кейде тарихи әдіс деп те атайды.
Бұл әдіс әдебиетпен жұмыс істеу әдісімен тығыз байланысты.
Педагогика тарихын зертеу үшін қажетті әдебиет құжаттары мен қайнар
көздеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары
(Ата Заңымыз, Білім беру туралы заң, 2004-2010 жылдарға дейін арналған
Білім беру тұжырымдамасы, Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен нормативті
құжаттары);
2. Жалпы адамтану мәселелері, педагогика тарихы мәселелері бойынша
классиктердің еңбектері; тарихи-педагогикалық әдебиеттері; мұрағат
құжаттары мен басқа да тарихи-педагогикалық материалдар; мерзімді
педагогикалық басылым;
3. Мектеп, мұғалім, тәрбие туралы көркем әдебиеттер; халықтың
педагогиканың даналығы, халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік үлгілері (мақал-
мәтелдер, ертегілер, шешендік өнері, айтыс өнері, батырлар жырлары мен
дастандар және т.б.); тәрбие мәселелері жөніндегі жазылған мемуарлық және
көркем әдеби шығармалар, ескі жазба ескерткіштер, жазушылардың,
философтардың, ойшылдардың, педагогтардың әр кезеңдердегі педагогика,
тәрбие, білім беру мәселелеріне арналған еңбектері және т.б. жатады.
Білім беру жүйесінің құрылымын жетілдіру, біртұтас үздіксіз, үзіліссіз
білім берудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру және оны кешенді дамытып отыру.

Ғылыми техникалық прогрестің қазіргі заманғы даму дәрежесіне сәйкес
ғылыми білім негіздерін оқытуда саяси мәдениеттілік деңгейін көтеру.
Оқыту мен білім берудің, тәрбенің сапасын түбегейлі жақсарту. Арнайы
ұйымдастырылған тәрбие жағдайындағы жеке тұлғаның даму және қалыптасу
заңдылықтары мен мәнін зерттеу.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес оқыту мақсаты мен
білім мазмұнын жетілдіру, сапалы төл оқулықтар шығару. Жеке тұлғаның
қалыптасу заңдылығын зерттеп, оқушылардың танымдық, өзіндік жұмысымен өзін
өзі басқару қызметін жақсарту.
Озат тәжірибені, педагогика жетістіктерін іс тәжірибеге енгізу үшін
ғылыми негізделген жүйе құру.
Оқу мен тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдіру туралы
әдістемелік нұсқаулар құрастыру.
Психология, педагогика ғылымдарының теориялық, практикалық негізін
игеру арқылы студент жастарды ұстаздық қызметтің өзіндік ерекшелігімен
таныстыру, ұстаздық шеберлігін жетілдіру.
Педагогикалық ұғымдармен, педагогика ғылымының негізімен таныстырып
олардың бойында азаматтық қасиеттерімен ұстаздық сапаларды қалыптастыру,
білім тәрбие беру жұмысына даярлау.
Болашақ мұғалімдерді негізгі педагогикалық мәселелердің,
проблемалардың шеңберіне енгізу, педагогикалық дүниетанымын, өскелең
ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу, оқыту мен дамыту процестерінің қиын да
қызық, күрделі де қарама қайшы құбылыстарына көзқарасын, педагогикалық
сенімі мен қызығушылығын қалыптастыру, өз білімдерін жетілдіріп оқыту, озат
педагогикалық тәжірибені игеру құштарлығын қалыптастыру.
Педагогикалық заңдылық:
Педагогикалық заң – педагогикалық құбылыстардың дамуына, жағдай
туғызатын олардың объективті негізгі, маңызды тұрақты байланыстары.
Педагогикалық зерттеулер қоғамдық дамудың жаңа дәуіріндегі тәрбие,
білім беру мәселесі, және адамның жеке тұлға болып қалыптасуы,
педагогиканың өз ішіндегі проблемаларымен байланысты қарастырылады.
Педагогикалық зерттеу әдістері – педагогикалық құбылыстар мен
шешімдердің, әртүрлі ғылыми проблемалардың оқу – тәрбиелік сипатын
айқындауға бағытталған тәсілдер мен амалдардың белгілі бір жиынтығы .
Белгілі бір ғылыми ақпаратты пайдалана отырып, педагогикалық процесті
жетілдіру жолдарын саналы, мақсатты іздестіру.
Педагогикалық құбылыстарды жан-жақты білуге және түрлі ғылыми –
педагогикалық мәселелерді шешуге бағытталған тәсілдердің және амалдардың
жиынтығы.
Тәрбиенің, білім беру мен оқытудың сан саласын зерттеуге көмегін
тигізетін тәсілдер.
Зерттеу әдістері – (методтары) – болжамды гипотезаны дәлелдеу мен
тексеруне арналған зерттеушілік іс -әрекеттің, қызметтің, істің жобасы
моделі, үлгі пішім, сызба, ықшамсызығы.
Зерртеу әдістемесі (методика исследования) – мәселені толық және дұрыс
шешуді қамтамасыз ету үшін мақсатты қолданылатын әдістер жүйесі.
Метод әдіс – (путь исследования) теории, учение.
Зерттеу жолы.
1. Әдебиеттерді, ғылыми еңбектерді, монографиялар мен құжаттарды,
педагогика, психология классиктерінің еңбектерін оқып үйрену, талдау.
а) Библиография
ә) Аннотация жасау, конспектілеу, қажетті мәліметтерді, цитаталарды
жазып алу.
2. Педагогикалық процестің қарама қайшылықтарын көрсетететін жалпы
және озат тәжірибені, оның қиындықтарын оқып үйрену.
А) бақылау, байқау
Объектіні бөліп алып педагогикалық ықпалдарын әсерімен қабылдау
объектілерінде болып жатқан қандай да болсын құбылыстарды, өзгерістерді
қадағалауға мүмкіндік беретін азды көпті ұзақ уақыт қабылдау. Байқау іс
жүзіндегі материалды, тәжірибе деректерін жинау мақсатында байқалатын
объектілерді бөліп алып, жоспарлы түрде, деректер мен белгілерді,
мәліметтерді тіркеу, жинау үшін пайдаланылады.
3. Әңгімелесу әдісі. Әңгіме әдісі алдын ала белгіленген жоспар
бойынша, зерттеу мақсатына сай еркін түрде жүргізіледі. Әңгіменің барысы,
оның мазмұны, қойылатын сұрақтар толық баяндалады, хаттандырылады,
қорытындысы шығарылады.
4. Интервью алу әдісі. Интервью педагогикаға социологиялық
зерттеулерден ауысқан. Әңгіме әдісінен айырмашылығы интерьвю алушы,
зерттеуші, алдын ала берілген, әзірленген сұрақтарды белгілі бір тәртіппен,
бір ізді дәйектілікке бере отырып, интервью берушінің жауаптары жазылып
алынады.
5. Сауал – сұрақ, анкета, сұрақтар тізімі – вербальдық қарым қатынас
негізінде көпшілікте жазбаша түрде алғашқы әлеуметтік – психологиялық,
педагогикалық мәліметтер, хабарлар алу үшін қолданылатын әдістемелік құрал.
Сауал-сұрақ – әрқайсысы негізгі зерттеу мақсаты мен логикалық тығыз
байланысты сұрақтар тізімі, жиынтығы.
1.3 Педагогикалық зерттеулердегі ғылым мен практиканың
өзара байланысы
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның
құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі
жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның
нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды
түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды),
қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа
бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне
практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе
болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады.
Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын
тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға
бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға
негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды
практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық
тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс
проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен
болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын
танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық
жəне практикалық маңыздылығы.
Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың
нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның
міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-
қарсылықтарды баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын
құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың негізгі категориялары
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогика тарихы: пәні мен міндеттері
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Педагогиканың шығу және даму тарихы
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Дамуында ауытқуы бар балалардың түрлері
Педагогика ғылымының салалары
Педагогиканың салалары, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері
Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері
Пәндер