Педагогикалық бақылау жайлы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Қазақстан гуманитарлық акдемиясы

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Педагогикалық бақылау

Орындаған: педагогика және психология мамандығының ІІ курс студенті Абуава П. Қ.

Тексерген: аға оқытушы Қадыржанова Ж. Е.

Орал қаласы, 2013


Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері - білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт-теудің жолдары. Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.

Бақылау - зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:

1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау;

2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру;

3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу;

4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;

5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.

Бақылау түрлері: араласа бақылау - ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау.

Бақылау - орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің тұлғалық-əлеуметтік жеке -дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.

Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді.

Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық - педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші.

Л. Н. Толстой «Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек», - деген.

Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің қатысуына байланысты.

Күрделі бақылау - зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау.

Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады.

Бақылау - еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудық негізгі қызметі - зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру. Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. «Нақты пайымдау» ой елегінен өткізумен байланысты, аталған әдіс арқылы күрделі педагогикалық құбылыс, процестердің байланысы ашылып, ғылымда белгілі құбылыстарға түзетулер енгізіледі.

Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес.

Зерттеушінің зерттеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар болады.

Бақылаудық бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді.

Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының ойындарын, жоғары сынып оқушыларына бақылаттыруға болады. Ол үшін зерттеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудық табыстылығы, зерттеушінің дайындығына байланысты.

Ұжым болып бақылау кезінде біріншісі - зерттеуші мұғалімнің іс-әрекетін, екіншісі - оқушылардың, үшіншісі - жекелеген оқушылардың іс-әрекетін белгілейді.

Зерттелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын жерлеріне енуге мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау. Мысалы: бастауыш сынып оқушылары зерттеушінің сұрауымен өздік жұмысты орындауға кеткен уақытты, үй тапсырмасын қалай орындап жүргендерін жазады. Бақылау нәтижелерінің дұрыстығы педагогикалық процестің табиғилығына байланысты.

Адамның жеке өзі қалғандағы және біреу қарап тұрғандағы мінезі түрліше болады. Сондықтан бұлтартпас дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз. Сондықтан жабық бақылау педагогикалық процестің нақты көрінісін береді.

Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық суретін береді.

Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы: сабақ, тәрбиелік іс-шара, т. б. объектілер үзіліссіз қаралады.

Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы: биыл бірінші сыныпқа ңа-былданған оқушыларды зерттеу. Объектілері - оқушының мәдениеттілігі, ой-өрісі, мінезі, т. б.

Бақылау фактілері кезінде белгіленіп отырылмаса, жақсы жүргізілген бақылаудық өзі де құндылығын жоғалтады. Бақылауды күнделік дәптер түрінде жүргізген ыңғайлы. Ең әуелі баланың денсаулығы, отбасының құрамы, ата-аналарының мамандығы жөнінде қысқаша мәлімет беру керек. Содан кейін бақылау жөнінде жазулар болады. Жазулар хронологиялық тәртіппен жүргізеді. Сабақ кезінде, үзіліс уақытында, сыныптан тыс сабақтың кезінде барлығын түгел жазып отыруға мұғалімнің уақыты жоқ. Дегенмен, қысқаша жазып отыру керек болады. Оқушылардың айтқан сөздерін, олардың сөздерінің өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, сөзбе-сөз жазған жөн.

Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтері әңгіме әдісі арқылы түскен деректермен толықтырылады. Оның арнайы жоспары болады. Әңгімелесу кезінде жеке адамдардық дербес ерекшеліктерін ескеруді керек етеді. Себебі, кейбір оқушылар мұғалім сұрағына жауап бермей, өзінше сақтанып ар жағындағы ойын айтпайды. Сондықтан әңгімелесуге мұғалім алдын ала дайындалу керек. Жауаптар дәптерге жазылады. Кейде оқушыға білдірмей магнитафонға жазуға болады. Әңгіме Бақылау және экспериментпен ұштасса, нәтижелі болады.

Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс. Эксперимент - оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті - педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс орнату. Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдын-ала айтылған ой - гипотеза деп аталады.

Көлемді экспериментке көп оқушылар қатысады. Жергілікті, микроэксперименттерге аз оқушы қатысады. Кең көлемді, ірі эксперименттерді мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқару органдары өткізеді. Мысалы, XX ғасырдық 60-жылдарында балаға алты жастан бастап жалпы білім беру үлгісі тексеріліп, оған көп оқушылар қатысқан эксперимент өтті. Нәтижелері жақсы болған соң балалар алты жастан бастап білім алуға көшті.

Ойдағы эксперимент - іс-әрекетті санада жасау. Жасанды жағдай - бір не бірнеше оқушыны ұжымнан бөлу. Эксперимент педагогикалық жұмыстың қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда өткізіледі.

Тексеру эксперименті, ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған оқулықтарының пайдалылығын арнайы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Мектептегі озат тәжірибелерді зерттеу процесінде пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысапы, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттары жаңадан шығарылған оқулықтардың, бағдарламалардың тиімділігін тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Оқу мен тәрбиенің мазмұнын ұйымдастыру түрлерін, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі, оны жасампаз эксперимент дейді.

Мақсатына қарай эксперимент анықтаушы, тексеруші, нақтыландырушы деп бөлінеді. Озат және көпшілік тәжірибені зерттеу процесінде жасалған гипотеза тексеріледі. Жасампаз, өзгертуші эксперимент арқылы жақсы жағдайлар жасалады. Зертханалық эксперимент жүргізу үшін бір немесе бірнеше оқушыны ұжымнан бөліп алу керек.

Табиғи эксперимент өткізу үшін зерттеуші жобаны оқу- тәрбие, басқару жұмысының күнделікті жоспарына енгізеді. Зертханалық эксперимент арқылы зерттеуші өзінің гипотезасын алдын ала тексеру үшін жасанды жағдайлар жасайды. Ол рөлдік ойынға ұқсас, себебі тәжірибедегі керек модель тексеріліп, табиғи экспериментке енгізу үшін өзірленеді. Нәтижесінде эксперимент бағдарламасы жан-жақты түзетіліп, табиғи экспериментте қолдануға әзірленеді. Табиғи педагогикалық процестің нақты жағдайында жаңа үлгі бойынша тәрбие, білім беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері
Зерттеу мәселелерінің жағдайын талдау
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс
Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
Педагогика ғылымында әлеуметтік педагог іс-әрекетінің теориялық негіздері
Тәжірибенің мақсаты
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Педагогикалық практиканың жетекшілерінің міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz