Педагогиканың салалары, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы:

Педагогиканың салалары, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.
Мазмұны

КІРІСПЕ
1. Педагогика ғылымының даму тарихы, зерттеу әдістері
2 Педагогиканың әдіснамалық негіздерін басқа ғылымдармен байланыстырып
қарастыру
3 Педагогикалық зерттеулердегі ғылым мен практиканың
өзара байланысы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстан-2030 стратегиясында
негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-
дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті
елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық
рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса
айтылған [1].
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру
стандартының жобасында: Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан
Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде
маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен
ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі... деп
көрсетілген
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды.
Педагогиканың да өзіне тән ғылыми - зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді
зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес
қолданылады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері
қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың
қабілеттілігіне, жан – жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан
факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия)
қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер
бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса,
эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша
экспериментті қайталап жургізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі,
педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тарбиелеу. Сондықтан
педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында
оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін
түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді.
Педагогика - адамзат қоғамының даму жолымен бірге өмір сүріп, дамып
келе жатқан, адамдардың оқыту білім беру саналы әрекетін зерттейтін ғылым.
Сонымен ғылымдар жүйесінде педагогиканың алатын орны ерекше. Педагогика
басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге
келтіреді. Қандай да болса ғылымның дамуы ұғымдар жүйесі арқылы ғылыми
білімнің тұрақтылығы мен байланысты. Ғылымның негізгі ұғымдары категория
деп аталады. Педагогика да категорилар обьективті шындықтың маңызды
жақтарын бейнелейді, яғни уақыт анықтаған категориялар құрамын негізгі
ұғымдар осы ғылымның зерттеуін обьективті шындықтың сипаттамасын жасауға
мүмкіндік береді. Бірақта бұл үшін зерттеп отырған шындықтың шекарасын білу
керек.
Бұл жұмыста тәрбие ұғымы әдіснамалық тұрғыдан сипатталады, тарихи-
педагогикалық білім әдіснамалық негізде талданған. Қорытындыда әдіснамалық
негіздеуді қажет ететін тарихи-педагогикалық білімнің негізгі мәселелерді
ерекше бөлініп берілген.
1. Педагогика ғылымының даму тарихы, зерттеу әдістері
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстар, олардың өзара
байланысы, даму заңдылықтары айқындалады.
Педагогика – пейдагогис грек сөзі пейда - бала, гогос жетелеймін,
бала жетелеуші - деген ұғымды білдіреді, тәрбие туралы ғылым.
Көп жылдар бойы ұйымдастырылған тәрбие мен тек балалар
қамтылғандықтан, педагогиканы бала тәрбиесі туралы ғылым деп атады.
- тәрбиені, білім беруді, оқытуды зерттейтін теориялық және қолданбалы
ғылымның жиынтығы.
- Жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым.
- Адам тәрбиесі туралы ғылым.
- Адам дамуының әрбір жас кезеңіне сәйкес оған білім беру, оқыту,
тәрбиелеу, дамыту, өмірге даярлау туралы ғылым.
Педагогика ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы қоғамдық
өндірісті сақтап, дамыту, өскелең ұрпақты өмірлік іс тәжірибемен
қаруландыру, болашақ өмірге нәтижелі даярлау негізіндегі қоғамның
әлеуметтік қажеттілігінен туады. Ол қоғамдық қызмет атқарады.
Педагогика пәні – ғылым танымдық сала ретінде педагогика пәнінің
зерттеу саласы – қоғамның ерекше қызметі – тәрбие.
- оқу – тәрбие мәдени ағарту мекемелерінде ұйымдастырылатын тәрбие,
оқыту мен білім беру.
- адамның жеке басының даму, қалыптасы мәнін зерттеу негізінде арнайы
ұйымдастырылған педагогикалық процесс.
- Тұлғаның жеке басының дамуы мен тәрбиесі арасындағы заңды
байланыстарды зерттеу, оның негізінде тәрбиелеу қызметінің теориялық және
әдістемелік негзін құру.
- адамның адамды тәрбиелеуі.
- Тәрбиелік іс - әрекет.
- Арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала.
Педагогиканың категориялары:
Педагогика, халықтық педагогика, этнопедагогика, адамзаттың дамуы мен
қалыптасуы, тәрбие, білім беру, оқыту, ұлттық тәлім тәрбие, әлеуметтік
қоғамдық қалыптасу және тәрбие. Өзін өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу,
қайта тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, педагогикалық методология,
методологиялық негіздер, зерттеу әдістері, тәсілдері.
Тәрбиенің, білім беру мен оқытудың сан саласын зерттеуге көмегін
тигізетін тәсілдер.
Зерттеу әдістері – (методтары) – болжамды гипотезаны дәлелдеу мен
тексеруне арналған зерттеушілік іс -әрекеттің, қызметтің, істің жобасы
моделі, үлгі пішім, сызба, ықшамсызығы.
Зерртеу әдістемесі (методика исследования) – мәселені толық және дұрыс
шешуді қамтамасыз ету үшін мақсатты қолданылатын әдістер жүйесі.
Метод әдіс – (путь исследования) теории, учение.
Зерттеу жолы.
1. Әдебиеттерді, ғылыми еңбектерді, монографиялар мен құжаттарды,
педагогика, психология классиктерінің еңбектерін оқып үйрену, талдау.
а) Библиография
ә) Аннотация жасау, конспектілеу, қажетті мәліметтерді, цитаталарды
жазып алу.
2. Педагогикалық процестің қарама қайшылықтарын көрсетететін жалпы
және озат тәжірибені, оның қиындықтарын оқып үйрену.
А) бақылау, байқау
Объектіні бөліп алып педагогикалық ықпалдарын әсерімен қабылдау
объектілерінде болып жатқан қандай да болсын құбылыстарды, өзгерістерді
қадағалауға мүмкіндік беретін азды көпті ұзақ уақыт қабылдау. Байқау іс
жүзіндегі материалды, тәжірибе деректерін жинау мақсатында байқалатын
объектілерді бөліп алып, жоспарлы түрде, деректер мен белгілерді,
мәліметтерді тіркеу, жинау үшін пайдаланылады.
3. Әңгімелесу әдісі. Әңгіме әдісі алдын ала белгіленген жоспар
бойынша, зерттеу мақсатына сай еркін түрде жүргізіледі. Әңгіменің барысы,
оның мазмұны, қойылатын сұрақтар толық баяндалады, хаттандырылады,
қорытындысы шығарылады.
4. Интервью алу әдісі. Интервью педагогикаға социологиялық
зерттеулерден ауысқан. Әңгіме әдісінен айырмашылығы интерьвю алушы,
зерттеуші, алдын ала берілген, әзірленген сұрақтарды белгілі бір тәртіппен,
бір ізді дәйектілікке бере отырып, интервью берушінің жауаптары жазылып
алынады.
5. Сауал – сұрақ, анкета, сұрақтар тізімі – вербальдық қарым қатынас
негізінде көпшілікте жазбаша түрде алғашқы әлеуметтік – психологиялық,
педагогикалық мәліметтер, хабарлар алу үшін қолданылатын әдістемелік құрал.
Сауал-сұрақ – әрқайсысы негізгі зерттеу мақсаты мен логикалық тығыз
байланысты сұрақтар тізімі, жиынтығы.

2 Педагогиканың әдіснамалық негіздерін басқа ғылымдармен байланыстырып
қарастыру
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Шектес (үндес, аралық) ғылымдар (смежные науки)
Педагогика ғылымының әдіснамалық мәселелерін қарастыруды ғылымдардың
интегрцаиялық өзара ұштасуы мен үндесуін, дифференциялық сараланып даму
тенденциясын ескеру, зерттеу, тәрбие мен білім берудің көптеген
аспектілерін басқа ғылымдардың да зерттейтінін ескеріп, олардың
жетістіктерін пайдалану керек.
Жалпы педагогика негіздері кез-келген жасаралығындағы немесе тәрбиенің
кез келген саласындағы тәрбиені, тәрбиенің негізгі заңдылықтарын зерттейді.

Мектеп жасына дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың
тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы
ғылым.
Арнайы педагогика (дефектология)
Олигофренопедагогика Сурпопедагогика Тифлопедагогика Логопедия
Дефектология – (лат, кемістік туралы ілім) – дене және психикалық
кемшілігі бар балалардың психологиялық физиологиялықдаму ерекшелігі туралы
ғылым.
Дефектологияның -, арнайы педагогиканың міндеті – жүйелі түрде балалар
дамуындағы ақауды, кемшілікті жою, реттеу, коррекциялау, танымдық, қимыл
қозғалыстық, және бастың кемшіліктерін реттеу саласында жүреді.
Сурпопедагогика – саңырау немесе құлағының мүкісі бар балаларды
тәрбиелеу және оқыту мәселесімен айналысатын педагогиканың саласы.
Сурпопедагогика – латынша (Surdus) глухой, саңырау және нашар, мүкіс
еститін балалар мен ересектердің психикалық дамуы мен жетілуін оқыту, білім
беру, үйрету,, тәрбиелеу арқылы реттеу мүмкіндігін қарастыратын арнайы
педагогиканың саласы.
Тифлопедагогика – зағип, соқыр, көз жанары зақымданған, зақип
балаларды тәрбиелеу және оқыту туралы ғылым.
Қазіргі кезде тифлопедагогика ғылыми негізделген ережелер мен
қағидаларды басшылыққа ала отырып, түрлі жас аралығындағы көз жанарлары
ауыр зақымданған балалардың көру органының бұзылған қызметін алмастыру,
толықтыру, реттеу,(компенсациялау) механизмі мен даму ақауын жою жолын
болдырмау, алдын алу шараларын қарастырады. Жеке дара оқытудың мазмұны мен
әдіс – тәсілдерін белгілейді.
Арнайы оқыту негізінде балалар жалпы ғылыми пол техникалық білім
негіздерімен қаруланып, эстетикалық, саяси мәдениеттілік, адамгершілік,
экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, еңбек даярлығын алады., іс-
тәжірибе дағдыларын игереді.
Олигофренопедагогика - ақыл және педагогика ақыл – ойының дамуы
жағынан кемшілігі бар балалармен жұмыс істейтін педагогиканың саласы.
Қазіргі кезде зерттеушілер орыс философиясы мен педагогикалық ой-
пікірінің көрнекті өкілдері Н.А.Бердяев, В.В.Зенковский, И.А.Ильин және
көптеген басқаларының идеяларына көңіл бөле бастады. Олардың пайымдауынша,
рухани дүниенің мәнін, сананың рөлін, оның адамның және қоғамның дамуына
әсерін атап көрсетті.
Жалпы алғанда, әдіснама танудың елеулі қызметін атқарады, оның ішінде
белгілі білім саласының дамуының, әсіресе, әлеуметтік ғылымдарынң әртүрлі
саласына қатысын орындайды. Бұл қызметтерін жүйе ұйымдастырушылық,
түсіндірме-бағалаушылық, жобалаушылық ретінде анықтауға болады.
Тарихи-педагогикалық білімді әдіснамалық негіздеу үшін тәрбиенің мәнін
түсінудің маңызы орасан зор. Педагогика тарихы ғылым ретінде және оның
негізінде құрылған оқу пәні жалпы түрде қоғам өміріндегі тәрбиенің теориясы
мен тәжірибесінің даму заңдылықтары үрдісін зерттейді. Тәрбиені кең
мағынада түсінетін болсаң, сонда оның құрамына оқыту да, білім беруде
кіреді.
Тәрбиені әлеуметтік және педагогикалық құбылыс ретінде қарастыру
қажет. Тәрбие үрдіс ретінде белгілі әлеуметтік, қоғамдық жағдайларда пайда
болды. Ол қоғамдық дамудың тарихымен тығыз байланысты. Егер де тәрибеге жан-
жақты берілген анықтамалардың бірінде "тәрбиені адамзат тәжірибесін бір
ұрпақтан келесі ұрпаққа беру үрдісі ретінде қарастырады, демек, тәрбиенің
қоғамның дамуында, ұрпақтар сабақтастығында, жас ұрпақтық өркениеттің,
жинақталған тәжірибесін меңгеруде мәні ерекше”.
Педагогика тарихы-ғылым және оқу пәні ретінде кеңестік дәуірде көп
жылдар бойы өзінің әдіснамалық негізі ретінде марксистік-лениндік ілімдігі,
диалектикалық және тарихи материалдық біржақты басшылыққа алып келді. Бұл
ілімнің қатаң қағидалары негізге алынады, ғылыми зерттеу жұмыстары мен
әдебиеттер, өткендегі белгілі педагогтардың, ағартушылардың көзқарастары
мен педагогикалық жүйелері, сонымен қатар әртүрлі тарихи кезеңдегі
тәрбиенің, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика ғылымының құрылымы
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы жайлы мәлімет
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісі
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі – жас ерекшелігі физиологиясы
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
Пәндер