Көркем шығармалардың кеңістікте анықталатын сипаттық негіздері мен ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжі

«Қорғауға жіберілсін»

Колледж директоры

Т. Н. Төлеуішов

«___» 2012ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Көркем шығармалардың кеңістікте анықталатын сипаттық негіздері мен ерекшеліктері»

Орындаған студент: Зайлагиев А. Г. тобы: Б-301

Мамандығы: 0106000-«Бейнелеу өнері және сызу»

Ғылыми жетекшісі: Дүйсенбаев Азамат Жанболатұлы / /

(ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні, қолы)

Рецензент: Бекешов Мереке Мендіғалиұлы //

(ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні, қолы)

Колледж әдіскері: Аймағанбетова Анара Мұхамбетқалиқызы / _ /

(ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні, қолы)

Орал - 2012ж

«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 0315002 топ студенті

А. Х. Имангалиеваның дипломдық жұмысына

П І К І Р

Диплом қорғаушының тақырыбы: «Көркемдікке тәрбиелеуде бейнелеу өнері пәні маңызды құрал». Қазіргі заман талабынан туындайтын басты мәселелердің бірі-жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан жақты дамыған парасатты азамат ретінде қапыптастыру, бойындағы ұлттық сананы орнықтыру, жұмыстағы сұлулықты сезіне түсініп білуге тәрбиелеу мақсаты жүктеледі. Автордың дипломдық жұмысы жоғары деңгейде өзінің тақырыбына сай орындалған. Қазіргі кезде мемлекеттік стандартқа көшуге байланысты бейнелеу өнерін пәнін интеграциялау арқылы оқушылардың эстетикалық қабілеті мен талғамын арттыруға септігін тигізетін эстетикалық тәрбиенің көркемдік білім беру құралы екенін анықтауға мүмкіндік туып отырғандығын жазбаша бөлімінен көруге болады. Теориялық бөлімге қосымша диплом қорғаушы практикалық жұмысында орындаған. Пейзаж жанрында орындалған жұмысы бейнелеу өнері заңдылықтарына сүйенген перспектива, түстік байланыс тапқан. Жалпы айтқанда дипломдық жұмыс талаптарға сай орындалған.

Ғылыми жетекшісі

М. Өтемісов атындағы

БҚМУ колледжінің мұғалімі. . А. Ж. Дүйсенбаев

«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 0106000 топ студенті

А. Г. Зайлагиевтің дипломдық жұмысына

СЫН П І К І Р

Диплом қорғаушының тақырыбы: «Көркем шығармалар кеңыстікте анықталатын сипаттық негіздері мен ерекшеліктері». Қазіргі заман талабынан туындайтын басты мәселелердің бірі-жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан жақты дамыған парасатты азамат ретінде қапыптастыру, бойындағы ұлттық сананы орнықтыру, жұмыстағы сұлулықты сезіне түсініп білуге тәрбиелеу мақсаты жүктеледі. Автордың дипломдық жұмысы жоғары деңгейде өзінің тақырыбына сай орындалған. Қазіргі кезде мемлекеттік стандартқа көшуге байланысты бейнелеу өнерін пәнін интеграциялау арқылы оқушылардың эстетикалық қабілеті мен талғамын арттыруға септігін тигізетін эстетикалық тәрбиенің көркемдік білім беру құралы екенін анықтауға мүмкіндік туып отырғандығын жазбаша бөлімінен көруге болады. Теориялық бөлімге қосымша диплом қорғаушы практикалық жұмысында орындаған. Пейзаж жанрында орындалған жұмысы бейнелеу өнері заңдылықтарына сүйенген перспектива, түстік байланыс тапқан. Жалпы айтқанда дипломдық жұмыс талаптарға сай орындалған.

Сын пікір берген

№11 ЖОББМ жоғары санатты

«Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі М. М. Бекешов

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІНІҢ ДАМУЫ

1. 1 Кескіндеме - бейнелеу өнерінің бір түрі . . . 10

1. 2 Бейнелеу өнерінің саласы пейзаж жанрының ерекшеліктері . . . 14

1. 3 Бейнелеу өнеріндегі Қазақстан суретшілерінің пейзаж жанры . . . 25

1. 4 Бейнелеу өнеріндегі Ресей суретшілерінің пейзаж жанры . . . 42

2 ПЕЙЗАЖДЫ БЕЙНЕЛЕУДЕГІ ЖҰМЫС ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Пейзаждың композициялық шешімі . . . 46

2. 2 Пейзаждағы кеңістік . . . 50

2. 3 Пейзаж жанрының түстік қатынастары, колориті . . . 52

3 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘНІ

3. 1 Пейзаж жанрының мәні . . . 56

3. 2 Жұмысқа қажетті құралдар . . . 59

3. 3 Менің дипломдық жұмысым . . . 61

Қорытынды . . . 62

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64

КІРІСПЕ

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі: Кескіндеме өнерінің құрылымын зерттеу, бейнелеу өнерінің көптүрлілігі және кескіндеме өнерінің дамуы мен жеке қалыптасуының тарихы, бейнелеу әдістері қазіргі таңда өте көкейтесті мәселе. Халық шығармашылығын жаңғыртып, одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі болып табылады.

Қазіргі кезде халықтық өнерге ынта-ықыласы анағұрлым артты. Бұл орайда жазатын кескіндеме өнерінің мәнімен алатын орны ерекше. Себебі, жас ұрпақтың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуда, оның тәрбиеленушілік, білім берушілік, дамытушылық мүмкіндіктеріні оның кең потенциалын пайдалануға бағытталған. Эстетикалық талғам ерекшеліктерінің бірі адамның тарихи мұраты халық өнеріне көзқарасының өзі өмір тәжірибесінің атасы жатуда.

Қазіргі таңда дүние жүзінде жүріп жатқан заманына өзгерістерінен келер ғасырдың өмір сипаттарын аңғарлау тіпті де мүмкін емес. Бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріп отырады. Ол қанша күрделенсе де, әрқашан жаңа мүмкіндіктер ашумен болады.

Өйткені жер бетіндегі сан алуан халықтардың өзара ой толғаныстары тек қол созған үміттері осыны байқатады. Адамзат қоғамы ізімен қай кездегісінен әлдеқайда есейгендігін ерекше аңғартып отыр. Осынау таңғажайып тамаша өзгерістердің қорғаушы күшіне айналып отырған Отанымыздың келбеті бүкіл жер шарындағы күллі халықтардың алдында мерейі өсіп, адамзат қауымының жаңаша ойлау өткен тарихи мен ұлттық мәдениеттерін жиынтық таразысынан өткізіп қана қоймай, шын мәніндегі ұлтаралық теңдік әр республиканың егеменді дербестіктерін жаңа қалыптастыруға бет бұрып отыр. Қазіргі кезде егеменді еліміз өздерінің өмір тіршіліктеріне үстемділікпен танылған құбылыстарды жойып, жаңаша ойлаудың құдіреті мен ондаған жылдар бойы бұзылған ата-дәстүрлерінің халықтық педагогикасымен қалпына келтіруге бет бұрды.

Тіршілігімізге енген жаңаша ұғымның ең негізгі бағдары адам баласы өзін-өзі тек терең танып қана қоймай оған жеткізер аса қуатты тәрбиелік әдістерді жеткіздірмек. Осы арқылы адамдардың іштей түлеп рухани жетілуін, келешек ұрпақ тәрбиесін түбегейлі өзгерудің қажеттілігі туды.

Себебі адам тіршілігінде кездесетін неше түрлі алуан қиындылықтарды тек адамгершілік негіздерінде шешкенде ғана қисапсыз көп қателіктерге ұрынбауға болады екен. Ал жас ұрпақтың адамшылық негізі халықтың ғасырлар бойы жасаған ұлттық дәстүр салттарына негізделген оқу ағарту жүйесіне тікелей байланысты екені дау тудырмаса керек. Сонымен қоса адам ғұмырын ұзақ шалқар жолында тәрбие мен тәлімін пәрменділігіне әсер ететін жаратылыстың өз заңдылықтары бар екенін еш уақытта естен шығармаған жөн.

Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашан да өз дәуірінің өзекті ағымдарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланысты ашылған.

Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белестерін қарастырғанда, әрине, оларды қашан да жалпы адамзаттық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік-үлгілерін ескере отыру керек-ақ.

Бұрыңғы дәуірлердің қай-қайсысынан да шоқтығы биігірек көрінетін, көркемдік бейнелеу тұжырымдамасын анағұрлым байытқан сондай бір қызғылықты бағыт ХVI-XVII ғасырларда голланд пейзажынан басталады. Сараптық, жасанды көріністерге толы шартты туындылар аясынан тұңғыш рет табиғат өз алдына бейнелеу, сұлулық зерттеу нысанасы ретінде жеке дара бөлініп шықты. Жаратылыс құбылысының жанды келбетін, қаз-қалпын бар бояу-бедерімен мейлінше көрнекті мүсіндеуді мұрат тұтқан, кәдімгі біз білетін шын мағынасындағы пейзаж жанры қалыптасты.

Елімізде сұлу табиғатты әсем жерлер жеткілікті, әлі күнге дейін адам баласы сирек болған жерлер көптеп саналады. Осы туған өлкеміздің сұлу табиғатын кенеп бетіне майлы бояумен жазылған шығарма арқылы паш етіп уағыздау сұлулықты сақтай білуге, аялай, қадірлей білуге шақыру, жастардың кескіндеме өнеріне деген құштарлығын арттыра түсу. Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда оны өз тұрғысынан емес, адамзаттық мәні тұрғысынан қарастырады, яғни нақты шынайы мәнін, сыр-сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бөлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналық бейнесі. Суреткер табиғи тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұндылығы, сыртқы әлпетінің көзге соншалықты көрнектілігі арқасында ой, қиял бағдарлап сезіне білу құдіретімен еркінірік бойлап, тұңғиық сырларына бірте-бірте жақындай береді. Әр құбылыс өз мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным тақырыбына айналады.

Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық, логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім әсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруға болады. Ал мұндай бірлестікте әдетте сезім теориялық сипат алады. Суреткер көзқарасы, аңдау аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып, көркем ойға айналып кетеді.

А. Серов, Г. Беда, В. Волков, Н. Ростовцев, А. Терентьев, А. Унковский, В. Кузин, Е. Шорохов, В. Ломов секілді бірқатар суретші педагогтардың танымдық қызметті белсенділендірудің мәселелеріне арнаған жұмыстары біздің тақырыбымыздың тарапынан үлкен қызығушылық танытып отыр.

Көркемөнер жеке құбылыстардың жалпы табиғатын ашуға тырысады, ал жалпы табиғат, жалпы қасиеттің өзін көрікті бейнелер арқылы даралайды. Сұлулық тану үрдісі жаратылыстану құбылысының тек бірегей, нақты көрінісін бейнелеп қана қоймай, ол сол құбылыстың, өмір сүру заңдылығын айқындайтын негізгі қасиеттерін де тап баса алады.

Дүниені сұлулық жанарымен сезіну, көркемдік тұрғыдан тану, жалпы өмір құбылысына тарихи қатынас түрлерінің бар өзгерісі қоғамдық даму үрдісімен қаншалықты дәрежеде сабақтастығын кейінгі өнер тәжірибелерінен де аңғаруға болады.

Ұлы суретші К. Тельжановтың шығармасында адам табиғаттың өзекті арқауы, оның мән-мағынасын ашатын тиянақты тірегі ретінде беріліп, ұлттың бояу рухы да айқын аңғарылған.

Пейзаж тектес кәрие бейнесі ата қонысымен бауырласып, бітеқайнасқан байсалды бір парасаттылық бабын жеткізеді. Жер мен адам жарасымы, бірегейлік табиғат құшағында адам салтанатын даралап, әспеттеп жырлауға мол мүмкіндік тұғызған. Дала төсінде терең ойға шомған еңселі қазақ сол суретке жан бітіріп, жаратылыс келбетіне айрықша ажар дарытқан.

Аңдау, аңғару түріндегі ойлау мшығына жақындау көркемдік таным әрекетінің өзіндік бір ерекшілігін өрісі ашылмай-ақ жедеқабыл нәтижесі ғана көрінетін ой қисыны мен кәдімгі сыршылдық сезім бірлігінен іздеу керек. Логикалық тыныс, сезімдік сипат қашан да жаратылыс құбылысын суреткер санасы қайта қорытып, келісті мүсіндеген көркем бейне бойында бітеқайнасып жатады. Әрине, логикалық жүлге өз алдына жігі бөлініп ап-айқын бадырайып тұрмайды, ол тек сезім арқылы өріліп жетеді. Өйткені, сұлулық игілігін сомдау жолында өнер адамы қашан да ойлана отырып, тіршілік жарасымын бұрмаламай, өз әл қадырынша дүние құбылысын бар болмысымен мейлінше қаз-қалпында, қисынды, дәлелді бейнелеуге тырысады.

Нанымдылық, сурет сенімділігі дейтініміз осындай жауапкершіліктен туған. Пейзаждық үлгіден аңғарылатын нақтылық қасиет әдетте сыртқы сұлулық бедері сияқты көрінгенімен, шын суреткер таланты ішкі әлем, жан-сарай жалынын да жарқыратып жеткізе білмек. Көркем бейне тіршілік тынысының қыруар құбылысын түсіндіре алады. Өйткені, ол сезіну ұндестігі, көрнекілік негізі арқылы табиғаттың өзімен табысып кеткен. Байырғы құбылыс мәнін ашу тереңдігін өнер иесінің ойшылдық парасаты аңғарылады.

Көркемдік, қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүние тану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпынама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркемөнер-ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі.

Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымында ол табиғаттың ең биік сатысынан қарайды.

Өнер туындысында бейнелер жаратылыс негізі де сезім арқылы қабылданатын, төңірегіңді қоршаған байырғы, риясыз кеңістік болмысы. Көрнекілік, сезінерлік нақтылық көркемдік игіліктің басты белгілері болып табылады. Суреткер ұлан-ғайыр дүние шындығынан ойлантып, көңіл-күйіне қуат берген, рухани тірек болған, толғандырған жеке бір тіршілік реңкілерін саралап алады дағ адамзаттың ортақ мән-мағына дарытады. Сезім байлығымен суарылған өнер туындысы дейтініңіз осы.

Табиғи құбылыстарын бағалап, саралап сыр-сипатын жете сезіну жолында жаратылыс зерттеушілер тәрізді пейзажистке де өсімдіктер дүниесін талмай зерттеп, ботаника негіздерін игеру керек еді. Адам баласының жарық, ауа қозғалысы, бояу, түр-түс құбылысы тұрғысынан тану, түйсіну мүмкіндігін кеңейту үшін, бейнелейтін нәрсенің ішкі құрылымын белгілеп, кеңістік өріс заңдылығын айқындау үшін геометрия, математика ғылымдарын да зерттеп, үйрену қажет болған.

Зерттеу мақсаты: әр түрлі көркемдік материалдармен шығармашылық жұмыс жасаудың технологиялық білім, білік, дағдыларын және ойын практикалық іске асырудың негізі ретіндегі техникалық орындау тәсілдерін меңгерту.

Зерттеу нысаны: туған жерінің табиғатын, сұлулығын, тұрмыс-тіршілігін бейнелеу процесі

Жұмыстың практикалық мәні: алынған нәтижелер көркем шығармаларды талдау сабақтарда әдістемелік жетілдіру мақсатында қолданылуы мүмкін және студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуда оң ықпалын тигізетіні даусыз.

Зерттеудің материалдары: станокты сұңғат, станокты композиция сабақтары бойынша бағдарламалар мен жоспарлар түзуде пайдаланылуы мүмкін.

Қорғауға төмендегі жағдайлар шығарылады: қазіргі таңдағы суретшілердің кескіндеме шығармаларында пейзаж жанры дамуы, оның бейнелеу заңдылықтары.

Қазақ бейнелеу өнері басқа ұлттардың өнері сияқты өзіндік ерекшелігі бар, өнердің бір түрі қазақ бейнелеу өнері өзінің озық туындылары арқылы бүкіл әлемдік өнердің қатарынан орын алады, оның дәлелі суретшілер Ә. Қастеев, Қ. Тельжанов, С. Мәмбеев, Н. Нурмухамедов, Х. Наурызбаев сияқты суретшілердің еңбектерінен көруге болады. Қазақстан бейнелеу өнері өзіндік тарихы қазақ елінің даму тарихы мен тығыз байланысты.

Қазақ елінде қоғамдық құрылыстардың дамуы қазақстан бейнелеу өнеріне ықпал етіп отырды. Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы қазақ өмірінің салт-дәстүрі мен тұрмысы, әдет-ғұрпы шаруашылығына байланысты. Қазақстан бейнелеу өнері тарихынан ертедегі жартастардағы бейнелеуі тұрмыс салт дәстүрі ерекше орын алады.

Қазақ халқы бұрыннан мал шаруашылығымен айналысқан. Халық шеберлері сәндік өнерге қажетті жүн, тері, шикізаттарды мал өнімдерінен алып отырған. Сондықтан қазақ халқының өнері оған қажетті материалдар, халықтың тұрмысы мен шаруашылығына тығыз байланысты. Ертедегі қазақ халқының өмірін орыс және басқа шетел суретшілерінің шығармаларынан көруге болады. қазақ халқының өнері ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген сақ, үйсін, ғұн тайпалардың өнерімен тығыз байланысты. Олар мал шаруашылығымен айналысып көшпелі өмір сүрген.

Аң стилі кезеңінің соңында бұл көріністер ою өрнектер түріне ауыстырылады. Осыған байланыста ат құлақ, бөрі бас, қошқар мүйіз ою-өрнектері пайда болды. Ертедегі өзіндік ерекшелігі бар қазақ өнерінің бір түрі, тастан ойып жасалған қойдың бейнесі. Бұлар Маңғыстау, орталық Қазақстан және Тарбағатай тауларында кездеседі. Қойдың бейнесі ертеде байлықтың, сәтті істің символы ретінде қабылданған. Түрік қағанаты кезінде тас пен сүйекті қажау, ою-өнері дамудың жоғарғы дәрежесіне көтерілді. мұндай тас ою өнері екі түрге бөлінеді: біріншісі тас бетіне сызық түрінде ою арқылы бейнелер салынса, екіншісі көлемді мүсін түрінде кездеседі. Мысалы, Орталық Қазақстанда егіз қойтас маңындағы құдарғы жерінен табылған тас бетіне балалы әйел және үш отырған адам бейнеленген. Бұл суреттің сюжеті ата қабіріне табыну деген мағынаны білдіреді. Осы кезеңдегі құдарғы ескерткіштердің бір түрі ердің алдыңғы жақтауына салынған сурет. Бұл суретте аң аулау көрінісі сауықшылармен жануарлар бейнеленген. Түрік қағанаты ұрпақтарының мәдени дәстүрін қыпшақ, қанды тайпаларының ұрпақтары жалғастырды. Бұлардың мәдениеті әсіресе Х-ХІІ ғасырда жоғары дәрежеге көтерілді. Бұлар тастан жасалған адам мүсіндері. Орталық Қазақстанда және қарлұқтар өмір сүрген Жетісу өңірінде сақталған. Аталған мүсіндер осы дәуірдің алғашқы жазықтық түрінде болып келсе, соңғы кезеңінде мүсінге жақындай түседі. Бұл мүсінде әскери адамдар, малшылар, ел басшылар, әйелдер бейнесін көруге болады. кейбір тас мүсіндерде қалқан бетіне ою-өрнек салынып құстар мен адамдардың бейнесі бір қырынан бейнеленген. Тас мүсіндерден басқа «Ұлытау» тауларында сары немесе қызғыш түсті қолдан жасалған сәукелеге ұқсас бас киімі бар статуэткалар табылған. Бұл статуэткалар Жезқазған қаласының тарихи өлке тану музейінде сақталған. Қазақстанның жерінде дамыған Қыпшақ, Қарлұқ, Оғыз тайпаларының өнері, қазақ халқының көркем мәдениетінің бастауы болып табылады.

1 КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІНІҢ ДАМУЫ

1. 1 Кескіндеме - бейнелеу өнерінің бір түрі

Бейнелеу өнерінің бір түрі - кескіндеме өнері болып табылады. Кескіндеме - өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрыңғы ата-бабаларымыздың үңгілерінен дүниеге келді. Қазіргі кескіндеме осы балалық кезден ересектікке дейін осындай өсу жолынан өтті. Бұл ертедегі қабырға суреттері (ежелгі Греция, Ежелгі Рим, Византия, Египет), Қайта Өрлеу дәуіріндегі кескіндеме жұмыстары, Ресей кескіндеме өнері, Франция импрессионистері және түрлі ағымдар. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа салған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырады, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме жасап дами береді.

Кескiндеме - көрерменнiң ойы мен сезiмiне жағымды әсер ететiн, жазықтық бейне бояу арқылы жасалатын көркем шығарма. Ертедегi гректердiң аңызы бойынша кескiндеме грек қызының өз сүйген жiгiтiнiң қырынан қараған бейнесiн қабырғаға салуынан шыққан дейдi. Француз ойшылы Дени Дидро: «Кескiндеме көз арқылы оймен берiлетiн өнер» дейдi. Өнер адамы өмiрiнiң бiр бөлiнбейтiн бөлiгiне айналады.

Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейлінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп дүниені қызғылықты ететіндердің бәрін бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалылығы - осының барлығы кескіндемеге өз міндеттерін шешу үшін берілген.

Рыцарь сауыттарының жылтылығын, жібек маталардың асқан әдемілігін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан кескіндемешіге қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгі қайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаһарлы да асқақ аспанды, мөлдір сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанған көк көрсетіп бере алады.

Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл да нәзік қимылмен кенеп бетіне қылқаламмен бояу жағады - міне енді одан сендерге тірі адам көз тастайды! Суретші оның жүзіндегі көзге шалына қоймайтын ой нышандары мен құштарлықтарын таңғажайып қырағылымен кенеп бетіне түсірген және бір мезгілде сендерге оның жан дүниесін ашып берген.

Кескіндеме - бейнелеу өнерінің ең көп тараған түрі, бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Кескіндеме әр түрлі-түсті бояулар арқылы қоршаған ортаның өмір шындығын жарқын етіп бейнелейді. Бұл өнер түріне қатты қағазды, ағашты, әйнекті, металды немесе қабырғаны да қолдануға болады.

Қазақстанның бейнелеу өнеріне тоқталар болсақ: Қазақстан бейнелеу өнерінің басталуы 1877 ж. Алматыға келген орыс суретшісі Н. Г. Хлудовтың есімімен тікелей байланысты. Бұрын көрмеген жаңа әлем, бейтаныс әдет-ғұрыптар, көз үйренбеген бет-пішіндер оны қатты тебірентті, ол осының бәрін асқан бір іждахаттылықпен, құштарлықпен қағазға, кенепке түсірумен болды.

Ол Алматыға тұңғыш көркемсурет студиясын басқарған. Бірінші ұлттық қылқалам шебері Қастеев те Хлудовтың шәкірті болған. [2]

Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы Қазан төңкерісінен кейін басталады. Бұл жылдарда көркем шығармалардың көрмесі маңызды оқиға болып есептелді.

Көрме 1928 ж. Семей қаласында, кейіннен басқа қалаларда да (Петропавл, Қорған, Лениногорск, Қызылордка, Қарсақбайда) болып өтті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙЛЕРІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Қазақы дүниетанымның алғышарттары
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылықтарын дамыту
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Эстетикалық сезім
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерінің ерекшеліктері
Әдеби жанрлар
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
Кеңістіктегі ГАЖ және карта
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz