Пейзаж жанрының түрлері, даму тарихы, ерекшеліктері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Пейзаж жанрының түрлері, даму тарихы, ерекшеліктері

Орындаған: дизайн ІІ курс студенті
Қайржанова З.
Тексерген:

Орал, 2012ж.

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Пейзаж – табиғаттың
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5-7
2.2. Пейзаждың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 8-13
2.3. XIX ғасырдағы пейзаж жанрындағы орыс суретшілерінің
еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-16
2.4. Қазақстан суретшілері, олардың пейзаж жанрына қосқан үлесі ... ... ..17-
21
2.5. Пейзаж жанрының негізгі
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..22-24
2.6. Жұмысқа қажетті
құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..25-26
2.7. Түстің
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...27-29
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...30-31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..32-33
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Қазіргі кезде пейзаж жанрын бейнелеу өте жақсы дамыған. Табиғат
көрінісін бейнелеудегі негізгі мақсат - кеңістіктегі сұлу табиғатты көзбен
көріп, көңілмен қабылдаған көріністерін суретке салу.
Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен
мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал
біртуар туындыларымен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи,
Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә.Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер
иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз
халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін,
оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді
түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса
керек.
Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жұмыс істеудің
методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның
түрлері және жанрларымен танысқан жөн. ХІХ ғасырға дейін архитектура
(сәулет өнері), скульптура (мүсін өнері) және живопись (кескіндеме) өнердің
басты бір үш түрі болып есептеледі. ХІХ ғасырдың аяғына қарай өнердің бір
түрі – графика (сурет, гравюра, литография) қызметтік және қосалқы түрден
өнердің жеке және мүлдем дербес түріне айналды. Соңғы жиырма жылдықта
өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
Пейзаж - француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж өнері
әр алуан. Кез - келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар
болып табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен, осы элементтерді,
әсіресе, ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әйтпесе, пейзаждың суреті
өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады, барлық ағаштар бірдей
болып шығады, жер мен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен
бұлттар өзіне тән формаларын жоғалтады.
Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің
шегін анықтап алу керек. Әдетте көкжиек төмен деңгейде болғанда суреттің
төменгі шегін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары
болған кезде төменгі шекті мүмкіндігінше төменірек алуға тілек пайда
болады.
Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің
шегін анықтап алу керек. Әдетте көкжиек төмен деңгейде болғанда суреттің
төменгі шегін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары
болған кезде төменгі шекті мүмкіндігінше төменірек алуға тілек пайда
болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Пейзаж жанры туралы кең түсінік алу.
Пейзаждың түрлерімен және тарихымен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері: Пейзаж туралы түсінік беру, пейзаждың
түрлері жөнінде және суретшілердің еңбектері туралы түсінік беру. Пейзаж
жанрының негізгі ерекшеліктерін көрсету.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Пейзаж – табиғаттың көрінісі

Пейзаж – Раусаде деген француз сөзінен шыққан, табиғатты, ландшафты
бейнелеу деген мағына білдіреді.
Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс
елдерінде VII – X ғасырларда Еуропадағыдан ертерек қалыптасты. Еуропалық
кескіндеме XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін
Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнеріне пейзаждың гүлденуі XIX
ғасырдың соңына тұспа – тұс келеді.
Пейзаж – қайсібір жерлерді жәй айнытпай бейнелей салу емес, онда
суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам
өмірімен салыстырып қарағанда, табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып
көрінеді. Бұл торлаған аспан, теңіз толқындары, армандар мен таулар
жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қалай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ
осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп,
түрліше бейнелейді.
Пейзаж (фр. paysage – мекен, өлке) – белгілі бір жердің, мекеннің,
табиғаттың көрінісі. Пейзаж кескіндеме жанрының басқа түрлерінде де
(портрет, баталия жанры, т.б.) қолданылады. Пейзажда суретшінің сезімі,
көңіл-күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы
аңғарылады. Қазақстанда Пейзаж жанрының тууы мен дамуы — көптеген
этнография мәндегі, деректі-құжатты дәлдікке негізделген пейзаждардың
(“Алматы шыңы”, Н.Г. Хлудов, 1886, т.б.) тарихымен байланысты. Ә.Қастеевтің
ерте кезде салған Әбілхан Қастеевдарына кеңістікті молынан қамту, композиц.
дұрыс шешім табу (“Шалкөде жайлауы”, 1956; “Гүл жарған алма ағашы”, 1958)
тән.
Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты
көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай
шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез – құлқын айнытпай
беруге тырысады. ХVII ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін
бейнелейтін картиналар жазуды бастады.
Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты. Голландия - Солтүстік
теңізінің жағасындағы мұхит деңгейінен төмен жазыққа орналасқан ел.
Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің шегін
анықтап алу керек. Әдетте көкжиек төмен деңгейде болғанда суреттің төменгі
шегін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары болған
кезде төменгі шекті мүмкіндігінше төменірек алуға тілек пайда болады.
Кез – келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып
табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен, осы элементтерді,
әсіресе, ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әйтпесе, пейзаждың суреті
өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады, барлық ағаштар бірдей
болып шығады, жер мен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен
бұлттар өзіне тән формаларын жоғалтады.
Пейзажда көз ұшына кетіп жатқан кеңістік сезілуге тиіс, ал әрбір ағаш
өзіне тән белгілерімен көрінуі керек. Бейне бір ағаштың жеке дара портретін
– діңгегін, бұтақтарын, ағаштардың ұшар басының, жапырақтардың және жапырақ
топтарының сипатын беру керек. Қазақстан суретшілері Ә.Қастеев,
Ә.Ысмайылов, С.Мәмбеев, О.Таңсықбаев, Ұ.Әжиев, т.б. пейзаж жанрында
көптеген шығармалар ұсынды. А.Черкасский Көктем, Ә.Қастеев Шәлкөде
жайлауы Ү.Әжиев Асы жайлауы, Ә. Ысмайылов Хан тәңірі. Ж.Шарденов
Қыс, т.б. шығармалар Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етеді.
Кез – келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып
табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен, осы элементтерді,
әсіресе, ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әйтпесе, пейзаждың суреті
өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады, барлық ағаштар бірдей
болып шығады, жер мен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен
бұлттар өзіне тән формаларын жоғалтады.
Пейзажда көз ұшына кетіп жатқан кеңістік сезілуге тиіс, ал әрбір ағаш
өзіне тән белгілерімен көрінуі керек. Бейне бір ағаштың жеке дара портретін
– діңгегін, бұтақтарын, ағаштардың ұшар басының, жапырақтардың және жапырақ
топтарының сипатын беру керек.
Ағаштың суреті келесі күні сурет пен түпнұсқаның арасындағы дәлме –
дәл сәйкестікті еш қиындықсыз табуға болатындай етіп салынуға тиіс.
Әсіресе, ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орыс суретшілері
пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті.
Ф.Васильевтің Жаңбыр алдында, К.Юонның Қ ыс соңы, С.Герасимовтың Жаз
өтті, К.Коровиннің Көктем, И.Айвазовскийдің Тоғызыншы балл, т.б.
көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы
бейнеленген. Мысалы, теңіз бейнелеудің асқан шебері И.Айвазовский өзінің
Одессадағы айлы түн атты шығармасында портты қаланың түнгі тыныс –
тіршілігін аса нанымды түрде көрсетеді. Ай сәулесімен шағылысқан аспан мен
су бетін бейнелеген қызғылт сары бояу түсі адамға айрықша әсер етеді. Түн
самалымен тербелген су толқындары жалт – жұлт етіп жатыр. Су бетінде жүзген
кеме, қайықтар көрінісі мұндағы тынымсыз тіршілікті паш етіп тұрғандай.
Қазақстан суретшілері Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, С.Мәмбеев, О.Таңсықбаев,
Ұ.Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А.Черкасский
Көктем, Ә.Қастеев Шәлкөде жайлауы Ү.Әжиев Асы жайлауы, Ә. Ысмайылов
Хан тәңірі. Ж.Шарденов Қыс, т.б. шығармалар Қазақстанның сұлу
табиғатының көрінісін паш етеді.
Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің
шегін анықтап алу керек. Әдетте көкжиек төмен деңгейде болғанда суреттің
төменгі шегін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары
болған кезде төменгі шекті мүмкіндігінше төменірек алуға тілек пайда
болады.
2.2. Пейзаждың түрлері

Пейзаж – бұл тұрмыстық, тарихи , баталдік картиналарға маңызды
толықтырушы ретінде қолданылады. Пейзаждың кескіндеме туындылары бізге
жақын әрі таныс. Пейзаж – табиғат көрінісін бенелейтін көркем шығарма.

ПЕЙЖАЗ

Пейзаждың бірнеше түрлері бар . Олар: Ауыл пейзажы – суретші ауыл күн
көрісін оның сыртқы ортамен байланысын көрсетеді.
Қала пейзажы – Қала көшелері, үйлер, алаңдар, даңғылдар суреттеледі.
Архитектуралық пейзаж – қала пейзажына жақын, мұнда суретші ескерткшітерді
салады. Индустриалды пейзаж – завод, фабрика т.б салынады. Тарихи пейзаж –
мұнда тарихи оқиғаларды көрсететін ескерткіштер салынады. Этикалық пейзаж –
бұған үлкен картиналар жатады. Ішкі күштер толы ұлы картиналар.
Парктік пейзаж – мұнда демалуға арналған қажеттіліктерді
қанағаттандыратын табиғат бұрышы бейнеленеді.

ПАРКТІК ПЕЙЗАЖ

Марина – мұнда біде тұнық бірде толқынды мұхит
бұлулығы көрсетіледі.

Иван Константинович Айвазовский.
“Девятый вал”. Холст, май. 1850
КҮЗГІ ПЕЙЗАЖ

Александр Яковлевич Головин. “Осень”.
Холст, темпера. 1920
ҚЫСҚЫ ПЕЙЗАЖ

Никифор Степанович Крылов. “Русская зима”.
Холст, май. 1827
ЖАЗҒЫ ПЕЙЗАЖ

Федор Александрович Василев.
"Мокрый луг”. Холст, май. 1872

Табиғат бейнелері барлық адамдарды толғандырады, оларда әр түрлі ой
сезімдер туғызады. Әр суретші табиғатты өзінше бөлек көріп, әр түрлі
бейнелейді. Пейзаж жанрына керемет мысал ретінде И.Л.Левитанның Над
вечным покоем көркем шығармасын алуға болады.

"Дворец в Лояне". Шёлк, тушь, водяные краски. 8 в.

Я. Вермер. "Вид Делфта". Около 1658. Маурицхёйс. Гаага.

Г. Г. Нисский. "Подмосковье. Февраль". 1957.
Третьяковская галерея. Москва.

М. К. Аветисян. "Осенний пейзаж". 1973. Частное собрание. Ереван.
2.3. XIX ғасырдағы пейзаж жанрындағы орыс
суретшілерінің еңбектері
XIX ғасырдың екінші жартысы - А.К.Саврасов, Л.Л.Каменев,
И.К.Айвазовский, И.И. Шишкин, А.И.Куинджи, М.К. Клодт, Ф.Васильев,
В.Д.Поленов, И.И.Левитан, К.А.Коровин және т.б. сынды тамаша шеберлердің
еңбектерін көркем өнер аренасына шығарған орыстың пейзаждық кескіндеме
заманының жоғары дәрежедегі гүлдену шағы.
Орыстың пейзажды кескіндемесінде В.Д.Поленов ерекше орын алады. Ол
өзін өнердің әртүрлі бағытында – тарихи және жанрлы кескіндеме түрінде
сынаған, жан – жақты шығармашылық бағыттағы адам болды. Ол орыс өнерінің
тарханы пейзажшы ретінде енді. Оның еңбектері – Разлив на Оке (1918),
Московский дворик, Бабушкин сад, Заросший пруд (1870 – 1890),
Ранний снег, Золотая осень.h4
Пейзаждың тамаша шебері И.Левитанның атын естімеген адам кемде – кем
шығар. Ол ұзақ уақыт Москва түбі, Еділ бойы, Тверь губерниясы ормандарын
кезіп жүреді екен, кейін сонда көрген шоқ тоғайларды, көктемгі қара суға
белшеден батып тұрған балапан қайыңдарды, өзеншенің үстінен ирелеңдеп өтіп
жатқан тақтай өткелді, баурайынан қар кете қоймаған жайпауыт жыраларды дәл
сол қалпында кенеп бетіне көшіреді екен.
Ол сұрғылт тұман бүріккен бұлыңғыр күндерді, көк жүзін перделеген
будақ – будақ бұлттарды да, күзді күнгі оттай жанған алау жапырақтарды
сүйсіне бейнелейтін.
Бірде нұрлы, бірде мұңды Левитан пейзаждары тек табиғат сұлулығын ғана
емес, суретшінің жан сырын да паш етіп тұрғандай.
Левитанның Орта орыс алқабының табиғатын мейлінше шынайы, мейлінше дәл
жеткізгені сондай, қазір жұрт балауса орманға, не гүл жайнаған көк шалғынға
көзі түссе: Мынау тап Левитан картинасынан аумайды, - екен дейді.
И.И.Левитан – В.Д.Поленовтың шәкірті - XIX ғасырдың екінші
жартысындағы орыс пейзажды кескіндемесінің ірі өкілі. Саврасовтың лирикалық
пейзажды линиясын жалғастыра отырып, Левитан табиғатты бейнелеу өнерінде
жоғары жетістікке жетті. Еңбектері – Мостик. Саввинская слобода (1884),
Пора умирать нам с Саврасовым, Свежий ветер. Волга (1895), Над вечным
покоем, Лунная ночь. Деревня, Сумерки, Летний вечер және т.б.
К.А.Коровин В.Д. Поленовтың шәкірті – орыс пейзажды кескіндемесіндегі
алғашқы импрессионисттердің бірі.
1858 жылы Мәскеулік Кескіндеме Училищесінде Саврасовтың класынан
шыққан Л.Л.Каменев табиғаттың тіршілігінің әртүрлі сәттерінің күйін,
шаруаның хал – ахуалын, ауыл пейзажының мәтінін сол қалпында беруге
тырысты.
70 – жылдардың лирикалық пейзажының шебері Ф.Васильевтің өмір жасы
қысқа болды. Оның Қырымда жазған Мокрый луг, В крымских горах,
Заброшенная мельница картиналары арқылы табиғаттың сұлу көрінісін айқын
түсінуге болады.
Романтикалық пейзажды тікелей түрде XIX ғасырдың аяғына дейін
жалғастырған И.К.Айвазовский болды. Ол теңіз апаттарын суреттеді. 1840 –
1850 жж. ол өзінің мариндерімен атағы елге танылды. Өзінің соңғы Среди
волн ғажап полотносын 1899 жылы салды.
А.И. Куинджи өнері пейзаждың ерекше алуан түрлілігін танытады. Ол
өзінің Ночь на Днепре шығармасын таныту үшін 1880 жылы өзінің жеке
көрмесін ашты.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс кескіндемесінің эпикалық
пейзажының ірі тұлғасы И.И.Шишкин болды. Шишкин мен Айвазовскийді бір
тақырыптағы суретшілер деп атауға болады. Шишкинде бұл – ормандар, алып
емендер, қарағайлар, шыршалар, сирек жағдайда қарабидай алқабы тақырыптары.
Оның соңғы монументальды – эпикалық пейзажы Афонасовская корабельная роща
близ Елабуги 1898 жылы салынды.
Табиғатқа көзқарасы мен қатынасы жағынан Шишкинге жақын тұрған
сурешілердің бірі – М.К.Клодт болды. Ол пейзаждық мәтіннің шынайы
бейнеленуіне, детальдардың тиянақты өңделуіне көп мән берді, сонымен қатар,
панорамалық көріністермен шұғылданды.
Көркемөнер Академиясында, Клодтың шәкірті Н.Н.Дубовский болды. Ол
ауылдық пейзажды бейнеледі. Ол көбінесе су кеңістігін және жыртылған
егістік алқабын суреттегенді ұнатты. 1890 жылы өзінің ең атақты шығармасы –
Притихло картинасын салды.
А.К. Саврасовтың Грачи прилетели картинасы естеріңізде шығар.
Суретші ери бастаған сүр қар, мұнартқан көкжиек, далбаң – далбаң ұшып
қонған ұзақтар арқылы көктем басындағы қарбалысты қалай дәл жеткізген
десеңізші. Тіпті, одан құстардың азан – қазан дауыстарын да естіп
тұрғандайсың!
А.К.Саврасов - XIX ғасырдың екінші жартысындағы Ресейде кең тараған
орыс лирикалық пейзажның негізін қалаушысы.
2.4. Қазақстан суретшілері, олардың пейзаж
жанрына қосқан үлесі
Әбілхан Қастеев – қазақтың тұңғыш кәсіби кескіндемешісі. Ә.Қастеев
қазақ мәдениетіндегі үлкен құбылыс. Ол республикамызда тұңғыш рет Қазақ ССР
– ң халық суретшісі деген құрметті атаққа ие болды. Кәсіби суретші атанған
кезде ол 40 жаста еді... Ал, сурет өнерінің сырын орда бұзар 30 жасқа
келгенде ұққан ...
Ә.Қастеев 1904 жылы қарлы қаңтарда қазіргі Талдықорған облысы Панфилов
ауданындағы Шежін ауылында дүниеге келген.h4
Бояу мен сурет өнерінің сан түрлі сызықтарының мәнін жете білмесе де,
жұрт жүрегіне жақын ғып бейнелеуге тырысты. Халықтың хал – күйін ғана емес,
ішкі жан дүниесінің дірілін, демін, мінез – құлқы мен қабілетін арқаудай
астастыра білді. Оны біз суретшінің тырнақ алды туындыларынан байқаймыз.
Бояулары бір түрлі күңгірт, бір қырын ғана кейіптегі адам пішіндерінің өзі,
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы жалпы қазақ халқының рухани, табиғи
кескіні, іс - әрекеті, тұрмыс – тіршілігін қаз – қалпында бейнеледі.
Қазақ қыздарының ішінен тұңғыш суретшілік мамандық алған Қазақ ССР – ң
халық суретшісі Айша Ғалымбаева еді. А.Ғалымбаева шығармаларының образдары
лирикалық сезімге толы, оның көркем полотноларына нәрлі калорит, сурет
салудың декоративті және ұлттық айрықша белгілері тән.
Айша Ғарифқызы Ғалымбаева 1917 жылы 29 – желтоқсанда Алматыға таяу
жердегі Есік селосында дүниеге келген. 1943 жылы Алматы көркемөнер
училищесін бітірген соң, ол 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік
кинематография институтында суретші - көркемдеуші деген мамандық алып
шығады.
Айша Ғалымбаеваның Қозы Көрпеш – Баян сұлу (1954), Шабандоз қыз
(1955), Бұл Шұғылада болған еді (1951) фильмдеріне жасалған эскиздерінен,
Г.Разиеваның портреті (1952), Халық таланттары (1957), Халық шебері
Б.Бәсенованың портреті (1958) сияқты алғашқы шығармаларының өзінен – ақ
суретші дарынының даралығы айқын танылды, оның тақырыптық және образдық
мұраттары бірден байқалды.
А. Ғалымбаева творчествосының өзекті арқауы – қазақ әйелінің образы.
Оның топтама, немесе жеке дара сипаттағы, бір – бірімен сюжеттік байланысы
жоқ суреттері мен портреттері тұтастай алғанда тақырып, идея жағынан бір
арнаған келіп құяды. Солардың бәрі сайып келгенде қазақ әйелінің мінез -
құлқын, оның кеңестік дәуірдегі сәнді өмірін, бақытты тағдырын бейнелейді.
Суретшінің әсіресе, 60 – 70 жылдардағы туындылары ерекше назар
аудартады. Олардың бәрінде дерлік республикамыздың өнері мен мәдениетінің
жалпы табыстарынан туған үлкен творчестволық өрлеудің ізі жатыр. Бұл жиырма
шақты жылдың ішінде А.Ғалымбаева кескіндеме өнерінің көптеген жанрында
белсенді еңбек етті, сурет, портрет, пейзаж, натюрморт салды.
А.Ғалымбаева творчествосында әртүрлі сюжетке құралған тақырыптық
суреттер айрықша орын алады. Бұлардың ішінде Дәмді шай, табиғат
көрінісінен лирикалық толғау тудырып, тұнық поэзияға бөлейтін Қазақстан
әйелдері, Шопан қыздар бригадасы сияқты композициялық көріністер, халық
өміріндегі елеулі оқиғаларды өзек етіп алып сыр шертетін Қостанай
берекесі, Біз заманымызбен бақыттымыз, Ұстаз - әке, Бейбітшілік
триптихі бар.
Суретшінің Қазақстан әні (1962) суреті өзінің нәзік музыкасымен
кескіндемелік нақыштарымен көз тартады.
Келе – келе пейзаж көріністерін жанрлық суреттермен ұштастыра білу
суретші творчествосына тән сипатқа айналды. Бұл оның шопандар өміріне
арналған Қыздар бригадасы, Сенімді күзет, Автодүкен алдында тәрізді
кішігірім шығармаларынан анық көрінеді.
Суретшінің басқа да шығармаларын да адам еңбегінің, демалысының, халық
тұрмысының күнбе – күнгі үйреншікті сарынының өзі ақындық биікке
көтеріледі. Дәмді шай суретінде ол адамның психологиялық сезім
иірімдеріне толы образ жасай білген.
Жан дүниесінің үйлесімі, сабырлы қуаныш пен байсалды өрлік Бір кесе
қымыз (1967) суретінен одан да айқынырақ танылады.
Ол, әсіресе, халықтың той – думан, мерекесінің рухын жақсы түсінеді.
А.Ғалымбаева ауылды жердегі бәйге, көкпар, айтыстарға, ұзақ таңға созылатын
ән – күй кештеріне талай рет қатысқан. Осы той – жиындарда алған әсерлері
кейінірек оның Шопандар тойы, Қуанышты күн тәрізді көптеген
шығармаларының тууына себепші болды.
А.Ғалымбаеваның Қуанышты күн (1969) атты суретінде күзгі үлкен той –
думан сәті бейнеленген.
Қостанай берекесі (1971) суреті де мерекелік тақырыпқа арналған. Ал,
Жеміс жинаушы (1971) композициясында бұл тақырып байлық көзі жомарт жер
анаға, еңбек адамдарына деген салтанат гимніндей әсер қалдырады.
Суретші әрқашан өз творчествосында халық өміріне тән ерекшеліктерді
мейлінше мол әрі жинақтай қамтитын, идеялық мазмұны кең үлкен шығарма
жасауға ұмтылады.
Қазақ ССР – ң халық суретшісі, өнертану ғылымдарының кандидаты,
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нағымбек
Нұрмұхаммедовтың есімі елімізге кеңінен танымал.
Нағымбек Нұрмұхаммедов Семей губерниясына қарасты Сайтанды (қазіргі
Павлодар облысының Баянауыл ауданы) деген жерде дүниеге келген. 1940 жылы
ол Алматы көркемсурет училищесіне оқуға түседі. Ұлы Отан соғысы оқуын үзіп
кетті. 1942 жылы училище қабырғасынан Совет Армиясы қатарына шақырылып,
Қара теңіз және Балтық флоттарында әскери міндетін өтеді. Нағымбек
Нұрмұхаммедов 1945 жылы Жоғары әскери – теңіз училищесін бітірген. 1947
жылы И.Е.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтына
түсіп, профессор Р.Р. Френцтен соғыс тақырыбы суреттері класы бойынша сабақ
алды. Институтты 1953 жылы, ал 1961 жылы СССР Көркемсурет академиясы
творчестволық шеберханасы жанындағы аспирантураны бітірді. 1963 жылы
суретшіге Қазақ ССР – ң еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы берілді. Ал,
1974 жылы Қазақ ССР халық әртісі атағы берілді.
Суретші творчествосы тақырып ауқымының кеңдігімен ерекшеленеді.
Республика тыныс – тіршілігі оның қылқаламынан туындаған еңбектерінің
негізгі арқауы саналғанымен, оның еңбектерінде Қазақстан өнерімен бірге
Мәскеу төңірегі, Қырым мен Балтық жағалаулары да шынайы суреттемесін тауып
жатады.
Суретші өзін қызықтыратын белгілі бір тақырып төңірегінде бірнеше
картина, портрет, пейзаж салады да сол еңбектері арқылы өмір құбылыстарының
сан қырын зерттеп – зерделеп барып бейнелейтін, осылайша өмірмен біте
қайнасқан әрі көтерген идеясын толық ашатын образдар шоғырын жасайтын. Оның
Қазақстан Магниткасында, Тың өңірінде, Әскери – Теңіз флотының тыныс -
тіршілігі, Бразилия және басқа жұмыстары, міне осындай топтамалар.
Нұрмұхаммедов - өз айтпағын көркемөнер тілімен жеткізуде үлкен
қайратпен жұмыс істеп келе жатқан мақсаты айқын, ойы анық, қажырлы суретші
еді.
Суретшінің тырнақ алды туындыларынан – ақ өз халқының тарихына
іңкәрлік байқалды, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
ҰЛТТЫҚ ҚОЛ ӨНЕР-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ ТУРАЛЫ
Пейзаж. Жыл мезгілдері
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Кескіндеме туралы ұғым және оның тарихы
Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі
Пейзаждың суретін салу әдісі
Көркем шығармалардың кеңістікте анықталатын сипаттық негіздері мен ерекшеліктері
Дипломдық жұмыстың живопистен пейзаж жанрында орындалуы
Орта мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнінде пейзаж жанры туралы және оның салу тәсілдерін үйрету
Пәндер