Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылым негіздері


Аңдатпа
Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасындағы зейнетақы активтерін басқару жүйесіне арналған. Тақырыптың өзектілігі ерекше деп есептеуге болады, зейнетақы активтерінің қалыпты деңгейде арту жағдайларын нысанға ала отырып, кіріске негізделген, сенімді қаржылық жүйесін реттеу мақсатын көздейді.
Дипломдық жұмысын алға қойылған мақсат - міндеттерге сәйкес орындалған, зейнетақы активтерін басқару механизмдеріне талдау да басты нысанға алынған. Бұлардан басқа, зерттеу бөлімінде зейнетақы активтерін басқаруды ұйымдастыру жайлары арқау болып, негізгі іс-әрекеттерді құқықтық тұрғыдан реттеу мәселесі орын алады, зейнетақы активтерінің мемлекеттік озық бағдарламалардыжүзеге асырудағы мән-жайын қарастырады.
Зейнетақы активтерін басқару жүйесінің үрдістерін басқаруға қатысты талдаулар негізінде қорлардың инвестициялық қоржынын басқару әдістерін жандандырудың жолдары ұсынылды. Негізінен алғанда зейнетақы активтерін инвестициялаудағы тәуелділікті төмендету механизмдері салым ыңғайына қарай ”А„ және ”В„ қосалқы топтарына жіктелуі қарастырылып, қаржылық интернет-портал құру ыңғайы тақырып желісіне арқау болады, осының нәтижесінде жаңа зейнетақы заңдары барысында жалпыға тиімді ақпараттар нарықтық деректермен байланыстырыла отырып жеткізіледі. (Азаматтар үшін деректік негіздемелер - тегін, ал басқару компаниялары үшін - төлем негізінде іске асады) .
Мазмұны
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылым негіздері
1. 1. Қазақстандағы іске асырылып отырған зейнетақы жүйесінің құрылымы және тарихи диалектикасы
1. 2. Қазіргі кезеңдегі зейнетақы нарығының қалыптасуы
1. 3. Зейнетақы активтерін басқарудың шетелдік тәжірибесі
2. Қазақстандағы зейнетақы активтерін басқару жүйесіне талдау
2. 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге
асырудағы асырудағы зейнетақы активтерінің рөлі және құқықтық қамтамасыз етілуіне талдау
2. 2. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы активтерінің басқару жүйесінің қазіргі жағдайына талдау
2. 3. ООИУПА „Қазақстанның Халық Банкі” іс-әрекетіне талдау
3. Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін басқару жүйесін
жандандыру жолдары және дамыту шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А. ҰЗҚ мен ООИУПА мекемелерінің кварталдық есебі, 2005
жылдың 2 кварталы
Қосымша Б. ҚР-ның ҰЗҚ салымшыларының саны мен зейнетақы деректері жайлы мәлімет 2005 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі дерек
Қосымша В. ООИУПА кірісі мен шығысы барысында есеп және баланс, 1. 01. 2005 жыл
Қосымша Г. Графикалық бөлім
Кіріспе
Әлемдік тәжірибе байқатқандай, көптеген елдерде зейнетақымен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үш деңгейде іске асады және бөлу, сонымен бірге жинақтау принциптері қолданылады. Зейнетақы жүйесінің деңгейлері ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен байланысты, бақылау амалдары және қаражат ағынын реттеу, бөлу механизмдеріне ыңғайлануына қатысты өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Міндетті жинақтау сызбаларын енгізу оның қатысушыларының зейнетақы көлемін зейнетақы активтерін инвестициялау жолымен арттырады.
Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заң Қазақстанда жаңа жинақтық зейнетақы жүйесін құруға мүмкіндік берді, 1998-ші жылдың қаңтарына дейін үрдіске енген жүйе соңынан іле-шала енген жаңалықтар болып саналады.
Атап өтерлігі, бұрынғы бірлесімді зейнетақы жүйесінде Қазақстанда зейнетақы мемлекет есебінен төленді: өндіріс орындары өз еңбеккерлері үшін зейнетақы жарнасын қорға тоғытып отырды. Алайда көптеген себептерге байланысты ең алдымен экономикалық тұрақтылығы дағдарысты күйге енді.
Осылайша, Қазақстан өзін-өзі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне енді. Абыройлы қарттық құқығы бұл уақытта болашақ зейнеткерлердің өздерінің еңбектерімен келеді. Белгілі қанатты сөзбен орайлас: «Не ексең, соны орасың».
Болашақ зейнеткер зейнетақысының көлемі белгілі бір деңгейде оның жинақталымын дұрыс, тиімді басқарумен байланысты, бұл үрдіс арнаулы ұйымдар тарапынан жүзеге асады.
Тақырып өзекті деп есептелінеді және лайықты деңгейде зейнетақы активтерінің ауқымының өсуімен қатысты, осы орайда сенімді, кіріске толы қаржылық жабдықтарды инвестициялау жабдықтары қажет деп саналады
Аталмыш үрдістің дамуы әр адамды бей-жай қалдырмасы тиіс.
Қаржылық жабдық, құралдар нарығының жемісті дамуына қарамастан, бағалауына қарағанда ТМД елдерінің арасында ілгері өркендеп отырған мемлекеттер қатарында, қаржылық құралдар нарығында алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Осы орайда зейнетақы қорлары құнды қағаздар нарығының дамуына байланысты.
Аталмыш жұмыстың мақсаты - зейнетақы активтерін басқару жүйесіне талдау жүргізу. Қойылған мақсаттармен қоса қабат келесі міндеттер негізге алынады:
- Қазақстандағы іске асып отырған зейнетақы жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру, оны қалыптастыру кезеңдері мен алғышарттарына назар аудару;
- зейнетақы қорларының іс-әрекетін сипаттау, қазіргі жағдайына талдау;
- зейнетақы нарығының іс-әрекетінің құқықтық реттеліміне талдау;
- зейнетақы активтерін басқару әдістерінің ерекшеліктерін қарастыру;
- зейнетақы активтерін басқарудың шетелдік тәжірибесін қарастыру;
- Атамекеннің зейнетақы активтерін басқару үрдістеріне, іс-әрекетіне талдау;
- зейнетақы активтерін басқару жүйесінің даму тенденцияларын анықтау жіне оны жандандырудың жолдарын белгілеу.
Зерттеу нысаны - Атамекеннің ООИУПА материалдары.
Бірінші талдауда Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылымдық негіздері қарастырылып, қазіргі зейнетақы жүйесінің тарихи диалектикасы келтіріледі. Сонымен қоса зейнетақы активтерін басқарудың шет елдік тәжірибесі зерттелінеді.
Екінші тарауда Қазақстанда зейнетақы активтерін басқару жүйесіне талдау жасалынады. Зейнетақы активтерінің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы рөлі қарастырылып, зейнетақы активтерінбасқаруды құқықтық қамтамасыз ету жайына талдау жасалынады, Қазақстан ұлттық банкінің ОООИУПА әрекеттеріне талдау жүргізіледі.
Үшінші тарауда зейнетақы активтерін басқару жүйесін дамыту тенденциялары қарастырылады және оны жандандырудың жолдары нақты көрсетіледі.
Жұмысты жазу барысында негізгі заң актілері қаралып, қолданылды, ол Заңдар Қазақстан Республикасындағы зейнетақы активтерін басқару тәртібін реттеп, жүйелеуге қатысты, сонымен қоса статистикалық материалдар, экономикалық қаржылық журналдарда жарияланған мақалалар қолданылды.
1 Қазақстан республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылымдық негіздері
1. 1 Қазақстандағы қазіргі зейнетақы жүйесінің құрылымы және тарихи диалектикасы
20-шы ғасыр байқатқандай, кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыты - әлеуметтік саясат. әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті - қоғамдық өмірде белгілі бір тепе-теңдікке қол жеткізу, ол мына алғышарттарды нысан етпек:
- түрлі дағдарыстардың, атап айтқанда аштық, сырқат, табиғи апаттар, демографиялық „жағдайсыздықтардың” алдын алу;
- материалдық дүниелер мен ұйымдастыру күштерін қайта қарастырып, реттеп отыру, өмірдің белгілі бір деңгейін қалыптастыруға бағы ау және әлеуметтік ахуалды төмендетпеу жағдайларын реттестіріп, жолдарын бақылау;
- өмір сүру дағдысын, күнделікті жұмыс жайларына назар аудару (салықтар арқылы, кәсіпкерлік қолдау, материалдық көмек т. б. ) .
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты азаматтардың жағдайын көтерумен тығыз байланысты. Әлеуметтік саясатты жүргізудегі негізгі принциптер болып есептеледі:
- өмір сүру деңгейін төлемдер формасының алуан түрін енгізу арқылы қорғау;
- кедей отбасыларына көмек көрсету;
- жұмыссыздарға тиісті төлем төлеу;
- әлеуметтік сақтандыру саясатын қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау, денсаулыққа жете көңіл бөлу, мемлекет есебінен білім беруді дамыту;
- белсенді саясат жүргізу, оның барлығы еңбеккерлер біліктілігін қолдауға бағытталуы тиіс.
Әлеуметтік саясатты әзірлеугемемлекет алдында тұрған әлеуметтік алғышарттар, яғни міндеттер мол, көпшілігі тез арада шешімін табуды қолдайды. Саяси іс-әрекеттің белгілі формасы - әлеуметтік саясат, оның өзі қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған және өзіне мынадай қосалқы жүйелерді қамтиды: кіріс саясаты, оның ішінде еңбекақы; жұмыс қабілеті төмен жандарды әлеуметтік қорғау саясаты; еңбекпен қамту саясаты; әлеуметтік саладағы, салық саласындағы саясат.
Мемлекет осы орайда бірсыпыра қызмет ретін жүзеге асырады: саяси, экономикалық және әлеуметтік. Басты негізгі қызметтің бірі - тұрғындарды әлеуметтік қорғау.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау саясаты саяси, әлеуметтік, экономикалық іс-шараларды қамтиды, осы арқылы көмекке мұқтаж, еңбек қабілеті төмен, жағдайы нашар отбасыларына көмек ұйымдастытылады. Әлеуметтік қорғаудың негізгі жүгін мемлекет атқарады. Кез келген мемлекетте әлеуметтік институтттар жүйесі орын алған, әлеуметтік қорғауды нысан етіп алады. Мемлекетпен бірге кәсіподақ та бұл үрдіске араласады. Әлеуметтік қорғау қызметін атқаруда ерекше рөл атқаратын - қолдау, көмек беру мекеме ұйымдары, қорлар, сақтандыру компаниялары. Мемлекет тұрғындардың өмір сүру ауқатын жетілдіруге медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру, жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау, мүгедектік, кәрілік топтарын әлеуметтік қорғау осы міндеттерге енеді. Әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау зейнетақы, жәрдемақы, сонымен қоса жұмыссыздарға материалдық көмек ретімен іске асады.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінде маңызды элемент ретінде әлеуметтік сақтандыру орын алады, оған зейнетақымен қамтамасыз ету деенеді. Батыста медициналық және зейнетақылық сақтандыру кіріс пен жалақыдан пайыздық көрсеткіш ұстаумен жүзеге асады. Жапонияда әлеуметтік сақтандыруды еңбеккерлердің орташа жалақысынан 7 пайыз көлемінде ұстау арқылы іске асырады; АҚШ-та 7, 5 пайыз ұстайды; Швецияда әлеуметтік қорлардың қалыптасуы толықтай мемлекет есебінен іске асады. Қазақстанда зейнетақы қорына жұмыскерлердің, қызметкерлердің еңбекақысынан 10 пайыз көлемінде ұсталып отырады.
Соңғы он жыл көлемінде зейнетақымен қамтамасыз етуде елеулі өзгерістер белең алуда.
Барлық ынтымақтас елдерде қазіргі уақытта зейнетақы жүйелеріне өзгерістер енгізілуде. Бұл бірінші кезекте неге қатысты? Бұрынғы жүйелердің барлығы толықтай ағымдағы сақтандыру жарналары принциптерімен орайласып, түскен қаражатқа тікелей байланысты болды. Аталмыш зейнетақы жүйелері өз тиімділігін жоғалтты, экономикалық тұрақсыздануы мен демографиялық ахуалдың күрделенуіне әкелді. Зейнеткерлер осының салдарынан аз қамтамасыз етілген топқа еніп, өмірге қатысты дүниелердің қымбаттауы салдарынан қатты зардап шекті. Зейнетақы иелерінің сұранысы, сатып алу қабілеті тұрақты түрде төмендеп кетті. Зейнеткерлер есебінен елдердегі кедейшілік тұрмыс кешушілер саны көбейді.
Реформалар барысында көп шаралар атқарылуға тиіс болды, ол зейнетақы деңгейін көтерумен байланысты болып, бұл үшін қосымша ресурстар тартуға бағытталды, зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтануын қамтамасыз етіп, еңбеккердің еңбек салымы мен зейнетақы көлемі арасындағы өзара тығыз байланысты реттеп, зейнетақы қалыптастырудағы еңбеккерлер қызығушылығын арттыру көзделген.
Зейнетақы реформасын жүргізуде мемлекеттер Достастығы саясаты келесі принциптерге құрылады:
- зейнетақымен қамтамасыз етудің реттеу принциптерінен негізгі зейнетақы жүйесіне көшу;
- көптеген мемлекеттердің зейнетақының жүйесінің үш деңгейлі түріне көшуін қарастыру;
- зейнетақы жүйесінің құрылымының негізгі принципін таңдау, ол - жинақтық;
- ерікті зейнетақымен қамтамасыз етуді өркендету және лайықты институттардың қанат жаюын қолға алу;
Зейнетақымен қамтамасыз етуде жүргізілген реформалар ерекшеліктеріне қарай отырып ТМД елдерінде оларға тән тенденциялар байқалды:
- белгілі бір төлемдермен қоса ынтымақтық жүйесін сақтау, жинақтау элементтерін біртіндеп кеңейту және оны кәсіби міндетті, мемлекеттік емес жүйелермен толықтыру. Бұл ТМД-ның көп елдері үшін тән, бұларға тән зейнетақы жүйесі негізі - мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету және мемлекеттік зейнетақылық сақтандыру;
- зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жинақтау принциптерінде құру.
Бұлардан басқа, ұлттық зейнетақылық заң әзірленді. Зейнетақымен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін сақтандыру принциптеріне ауыстыру енгізілді. Осылайша ТМД елдерінде жаңа зейнетақы жүйелері құрылып, өзіндік қаржылық негізге арқа сүйей бастады - бюджеттен тыс зейнетақы қорлары.
Атап өтерлігі, аталмыш елдерде, 1-ші таблицадан байқалып тұрғандай, бағаның өсіп, өмірдің қымбаттауымен зейнетақы саласында да қомақты өзгерістер белең алды.
Таблица 1 - ТМД елдеріндегі зейнетақы индексациясы
Іріктелім
дерегі
баға және
еңбекақы
Бұлардан басқа сақтандырылған тұлғаларға жеке есеп жүргізілуде. Көптеген елдерде зейнетақы мөлшерінің көлемін еңбеккерлердің еңбек салымымен тығыз байланыстыру жалға қойылған, осы мақсатпен зейнетақыны есептеу тәртібіндегі өзгерістер де сипат алды.
Алайда тұтастай алғанда, азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуде принципті ерекше өзгерістер белең ала қойған жоқ.
Үрдіске еніп отырған зейнетақы жүйелері өзінің негізгі әлеуметтік қызметін атқара алып отырған жоқ. Халықаралық Еңбекті Ұйымдастыру тарапынан кіріс көздері нақты қарастырылып, еңбекке қабілетсіз жандарға қолдау өз деңгейінде іске аса алмай отырып.
Ең бастысы - көптеген Достастық елдерінде зейнетақы деңгейі әлі де төмен мөлшерде қалып отыр және зейнеткерлер қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Олардың көлемі ТМД елдерінде, 2-ші және 3-ші таблицада байқалғандай, 2005-ші жылдың 1-ші қаңтарында 66, 5 млн. адамды қамтиды. Олардың ішінде 49, 5 млн-ы - кәрілік есебінен зейнетке шыққандар; 8, 9 млн. - мүгедектікпен шыққандар; 4, 4 млн. адам - асыраушысынан айрылу жағдайынан зейнетақы алатындар. Олардың көпшілігі үшін зейнетақы - бірден-бір тіршілік көзі деп есептеледі.
Таблица 2 - Зейнеткерлер саны, әлеуметтік қорғау органдарында есепке тұрғандар және оларды зейнетақы түріне қарай бөлу, 2005 жыл басына
Таблица 3 - Зейнеткерлердің сандық көрсеткішінің қатынасы
Зейнеткерлердің сандық көрсет-
кіш қатынасы, %
Еңбеккерлердің саны, бір
зейнеткерге шаққанда
ТМД-ның көптеген елдерінде зейнетақының орташа көлемі зейнеткердің күнкөріс ыңғайы ретімен сәйкес кем бермейді. 2005-ші жыл басында зейнетақының минимальды көлемі Қазақстанда ғана күнкөріс межесімен сәйкестендірілді, орташа зейнетақы - Қазақстан мен Ресейде.
Міндетті түрде атап өтерлігі, зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтануына әсер беретін жай - демографиялық жағдайдың қанағаттанғысыз деңгейі, ТМД-ның барлық елдерінде тұрғындардың ішінде жасы егде жандардың молаюы, экономикалық дамыған елдерге қарағанда зейнеткерлер санының қатынасының төмен екендігі байқалады. Зейнетақымен қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштері 4-ші таблицада келтірілген
Таблица 5 - Зейнетақымен қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштері
Минимальды ақының күнкөрісыңғайына
лайықтылығы
5-ші таблицада байқатылғандай, 2003-ші жылы зейнетақымен қамтамасыз етудің үлестік шығыны құралы төмендегідей:
Таблица 5 - Зейнетақымен қамтудың үлестік шығыны
Салыстыру мақсатында 6-шы таблица келтіріледі, ұлттық кіріс бойынша пайыздық көрсеткіш нысанға алынады.
Таблица 6 - Ұлттық кіріс
Атап өтерлігі, кез келген мемлекет үшін маңызды жайт-зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуі. Бұл жүйе қомақты қаржы ресурстарын қажет ететіндіктен, көптеген елдер зейнетақыға шығарудың жасын көтеруді қарастырып отырады, зейнетақы жарнасының көлемін қайта қарайды және орташа зейнетақының қарқынын еңбекақының орташа өсу деңгеиімен салыстырады. Зейнетақы жасын көтеру әсіресе дамыған басты елдеріне тән, онда орташа өмір жалғасымдылығы жоғары және тұрғындар арасында қарттар саны мол, нәтижесінде зейнеткерлер саны арту үстінде. Осы жағдайларда зейнетақы жасын қарастыру қалыпты, оңды нәтижелер беріп отырады. Сол үшін бұл жолмен елдер де бағыт ұстанды, атап айтқанда, Венгрия, прибалтика елдері, Қазақстан, Молдава.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz