Дін – қоғам ішіндегі рухани күш



Жоспар

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ІІ Негізгі бөлім .
2.1 Дін . қоғам ішіндегі рухани күш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.2 Діннің социологиялық құрлымы мен қызметтері ... ... ... ... ... ... ... 8
2.3 Ислам . әлемдік деңгейдегі дін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Кіріспе
Діннің әлемдік деңгейдегі азаматқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. КСРО кеңістігінде кезінде коммунистер басшылығымен дінсіз, социолисттік мемлекет құрылды, атеизм үстемдік құрған сондай қоғамда өмір сүрдік.
Ол заманда атеизм мемлекенттік идеология қызметін атқарды. Дінсіздік деген жақсылық деген сөздің баламасына айналды. Сондай қоғамда өмір сүрдік, білім алдық бірақ толығымен атеист кетпедік деуге болады, себебі қоғамның дінсіз болуы мүмкін емес екен.
Есте болатын жай, Қазақсатанда ислам діні дәстүр, қажет десеңіз ұлттық дәстүр, ғұрып арқылы сақталады. Сондықтан, бүгінде дінді дәстүрден ажыратуға тырысушылық ел санасына дағдарыс әкелетін іс. Бүкіл адамзат баласының тарихын сұрыптап қарастырсақ, өткен тарихта – ешқандай қоғам дінсіз болмаған. Қоғамда діни сана үнемі болып келеді. Дін мен қоғам бір – бірінен ажырамайтын феномендер. Дінсіз қоғамның өзі дінге қатысты атеизм арқылы білдіріп отырады.
Турасын айтсақ, атеизмнің өзіде дінді жоққа шығара алмағандықтан бір шарасы. өрғкениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен ажыратылған, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мелекеттің субстанциясы.
Жер – біреу, күн – біреу, ай біреу, жұлдыздар ортақ. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп, оның дене мүшелері бірдей, сөз сөйлеудің жүйесі ортақ, тек тілдері мен түрлері ғана басқа. Айта берсек, адамзатқа ортақ нәрсе көп. Біз қазір ортақ көліктерді пайдаланамыз, ақпараттық қоғам жағдайында электрондық пошта, ұялы телефон – соның бәрі ортақ. Олай болса, біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақ өркенниетке, адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. өйткені осы кезге дейін біз бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін – дінге бөліп, бөлек – бөлшектепе келдік. Тіпті өткен тарихтарға көз жүгірсек, дін үшін қырғын соғыстардан миллиондаған адамдар апат болды. Қасірет кешті. Адамзатқа мұндай істерді азайтуда, не мүлдем жоюда діндер бір ортақ келісімге келе ала ма?

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

ІІ Негізгі бөлім .

2.1 Дін – қоғам ішіндегі рухани
күш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.2 Діннің социологиялық құрлымы мен
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ...8
2.3 Ислам - әлемдік деңгейдегі
дін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .24

Кіріспе
Діннің әлемдік деңгейдегі азаматқа тән ойлау жүйесінен шет
қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз
қоғам болмайды. КСРО кеңістігінде кезінде коммунистер басшылығымен дінсіз,
социолисттік мемлекет құрылды, атеизм үстемдік құрған сондай қоғамда өмір
сүрдік.
Ол заманда атеизм мемлекенттік идеология қызметін атқарды. Дінсіздік
деген жақсылық деген сөздің баламасына айналды. Сондай қоғамда өмір сүрдік,
білім алдық бірақ толығымен атеист кетпедік деуге болады, себебі қоғамның
дінсіз болуы мүмкін емес екен.
Есте болатын жай, Қазақсатанда ислам діні дәстүр, қажет десеңіз
ұлттық дәстүр, ғұрып арқылы сақталады. Сондықтан, бүгінде дінді дәстүрден
ажыратуға тырысушылық ел санасына дағдарыс әкелетін іс. Бүкіл адамзат
баласының тарихын сұрыптап қарастырсақ, өткен тарихта – ешқандай қоғам
дінсіз болмаған. Қоғамда діни сана үнемі болып келеді. Дін мен қоғам бір –
бірінен ажырамайтын феномендер. Дінсіз қоғамның өзі дінге қатысты атеизм
арқылы білдіріп отырады.
Турасын айтсақ, атеизмнің өзіде дінді жоққа шығара алмағандықтан бір
шарасы. өрғкениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін
мемлекеттен ажыратылған, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық
құбылыс, ал қоғам мелекеттің субстанциясы.
Жер – біреу, күн – біреу, ай біреу, жұлдыздар ортақ. Адамзат
баласына ортақ дүниелер көп, оның дене мүшелері бірдей, сөз сөйлеудің
жүйесі ортақ, тек тілдері мен түрлері ғана басқа. Айта берсек, адамзатқа
ортақ нәрсе көп. Біз қазір ортақ көліктерді пайдаланамыз, ақпараттық қоғам
жағдайында электрондық пошта, ұялы телефон – соның бәрі ортақ. Олай болса,
біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақ өркенниетке,
адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік
жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. өйткені осы кезге дейін біз
бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін – дінге бөліп, бөлек – бөлшектепе
келдік. Тіпті өткен тарихтарға көз жүгірсек, дін үшін қырғын соғыстардан
миллиондаған адамдар апат болды. Қасірет кешті. Адамзатқа мұндай істерді
азайтуда, не мүлдем жоюда діндер бір ортақ келісімге келе ала ма?

Дін - қоғам ішіндегі рухани күш.
Қай қоғамда болсын діндердің айырықша орны бар. Мысалы, орыс
қоғамында православиенің ықпалы айтарлықтай. Қазақстанда ислам дінінің
ықпалы зор болуы табиғи жағдай. Баршамыз осы мақсатта жұмыс істеуіміз
ққажет. Бізді болашақ ойландырады. Мен Қазақ елі - мәңгі дегенді қайталап
айтуды ұнатам. Мәңгілік болу үшін не керек? руханият соның ішінде дініміз
таза болғаны абзал.
Өркениеттің жоғарғы сатысына көтерілген батыс Еуропа, Шығыс Азия
елдерінің қатарына кіруге тек әлеуметтік – экономикалық ахуалдың кемелдігі
жеткілікті ме? Жетілген елдер арасында енсемізді тік ұстайтын, елді ел
ететін мәдени – рухани өзегіміз – дінімізбен діліміз, тіліміз, яғни
қоғамдық санамыз кемел ме? Бұл сауалға дәстүр қазіргі уақытта толық иә
деп жауап бере қою қиынырақ та шығар, себебі қоғамдық сананың дінсіз
кемелденуі толығымен бола қоятын іс емес. Құран Кәрімді меңгермей, қоғам
жайлы, жеке адамның жан - дүниесі туралы жақсы, жетік білеміз деуге де
болмас. Қоғамдық сананы қалыптастыруға қызмет етіп жүрген ғалымдар ілімді
тануда, әлемді тануда Құран Кәрімді негізге ала жүргізбесе, адамды да
қоғамды да адастырып алу қауіпіміз бар екенін мойындайтын да мезгіл келді.
Сондықтан, біз бұдан былай қоғамға қызмет ететін мамандарды Құран Кәрімді
меңгерген, зайырлы мемлекет қызметшісін дайындауды қолға алуымыз қажет.
Сөздің қысқасы, сауатты, білімді мұсылман интеллигенциясын қалыптастыруымыз
қажет. Әрине, бұған жетпіс жыл бойы атеизм қанына сіңірген
қазақстандықтардың бір парасы көне, қоймауы да мүмкін, бірақ Құран Кәрімді
меңгерген малайлықтарға, олардың қарқындап өсіп, бәсекеге қабілетті жиырма
төрт елдің қатарына енуге Ислам діні еш кедергі болған жоқ.
Дінді бірыңғай діни сенім негізінде ғана оқыту қалай дегенмен бір
жақты жүреді. Ал егер сол түлектер зайырлы университеттің білімін,
мемлекеттік үлгідегі дипломын алып шықса, мемлекеттік қызметтерде, яғни
жоғарғы және жергілікті билік орындарында, ұлттық қауіпсіздік комитетінде
де, өзге құқықтық мекемелерде де, кеңесші қызметін ойдағыдай атқара алар
еді. Ғылыммен ұштасқан діни ілім мемлекетті нығайтуға ғана емес, оның
қауіпсіздігін нығайтуға да қажет.
... Мемлекет, қоғам және ел деген ұғымдар бар. Мемлекеттің саясатын
Президент жүргізіп отыр. Шекараны анықтау, халықаралық байланыстар орнату,
мемлекеттілікті нығайту одан ары жүргізілуде. Үкметте атқару шараларшын
орындауда. Қалған мәселе қоғамда. Ал сол қоғамдағы негізгі күш – зиялылар.
Мемлекет пен үкімет халықтың хакл – күйі мен олардың рухани – мәдени және
қоғамдық белсенділігін зиялылардың үнінен тануы керек. Өкінішке орай,
егемен елге лайық зиялылық бізде толық пісіп жетілген жоқ. Елдік мәселені
көтеріп отырмыз деп, ұлт мәселесіне қайта айналып соға береміз. Ұлт
мәселесі отаршылдық жағдайына айналатын мәселе, егемендікке, саяси
тәуелсіздікке қол жеткізген біздің мүддеміз биік болуы керек. ол идеяның
өзегі дін, діл және оларды нығайтып, кемелдендіретін мұсылман зиялылары
болмақ. Сонда мұсылман зиялылары деп кімдерді айтамыз? Олар имандылық пен
әділеттілік жолындағылар, олар ілім, ғылым игерген білікті мамандар. Мұндай
азаматтарға корупция және тағы басқа әділетсіздіктер жат болмақ.
Дін тазалығы – ел амандығы.
Астанамызда 2003 жылы өткен әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер
басшыларының тұнғыш съезі адамзат дамуының кезеңінің бастауы боды десек
қателғеспейсіз. Оның көңілімізді қуантып, мақтаныш сезімін тудырар басты
ерекшелігі, мұсылманы басым елде өтуі – Ислам дінінің артықшылығын
мойындап, Алланың тыныштығына бөлген халықты басқарған Президентінің ізгі
бастамасының жүзеге асуы дер едік.
Діндер ішіндегі ең соңғысы, ең ақиқаты – Ислам. Ол ешқандайда ұлтқа
–ақ, ақ, қара, сары деп нәсіліне бөлмейтін, байлығына, мансап - дәрежесіне
қарамай бүкіл адамзаттың құқық теңдігін жоғары қоятын шынайы дін, қазіргі
әлемдегі 254 мемлкетке 2 млрд. Християн 172 мемлекетке 1,5 млрд. Ислам, 86
мемлекетте 750 млн. будда дінің ұстанатындар тұрады. Қалғандары иуда және
басқа дін өкілдері құрайды.
Өтпелі кезеңдегі діннің қоғамдағы орны мен қызметтері- аса күрделі
мәселердің бірі. Қазақстан хылқының 70 пайызы мұсылман дінін, 20 пайызы
христиан дінін, қалғаны басқа дін ұстанатын өкілдерден тұрады.
Егемендік алаған кезімізде негізгі діндердің ғана өкілдері болған
Қазақстанда 1995 жыл басында дінип конференциялар 30 – ға жетсе, соңғы
деректер 60 тан асақынын айтуда. Ел Президенті Жолдауының басты мұраты –
қоғамның идеялық бірлігі, тұрақтылығы мен топтасуында делінген. 1992 жылы
15 қаңтарда қабылданған Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер
туралы заңға өзгерістер енгізетін уақыт әлде қашан жетті. Оған себеп –
салдар жеткілікті. Демократия үзілді – кесілді баға беруді көтермейді
дегенмен бір кезде елдің қас – қабағын бақсақ, енді басқалы недеп қалады
деп жалтақтайтын сыңайлымыз. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптап
кеткен діни ағымдардың залалы халықтар арасында іріткі салып отбасы, ағайын
туыстарынан ажыратып, орынды ренішін тұғызуда.

Діннің социологиялық құрылымы мен қызметтері.
Дін қоғамдық үлкен жүйенің бір бөлігі болып табылады. Философия
ғылымының қағидасы бойынша, кез келген өмір сүретін құбылыстың, ол үлкен
бе, әлде кіші ме, бәрі бір өзінің жүйесі болады. Ал діннің де өзіндік
біртұтас жүйесі бар екені сөзсіз. Діннің жүйесі өте күрделі келеді. Діннің
жүйелілік құрылымы өте күрделі. Ол негізінен үш түрлі элементтерден
құралады: діни санадан, діни мінажаттардан және діни ұйымдардан.
Діни сана діннің негізгі элементтерінің бірі екені белгілі. Діни
сана қоғамдық сананың ежелгі формаларының бірі екені туралы және олардың
ерекшеліктері қандай болатындығы туралы жоғарыда айтылған. Енді осы діни
сананың өзіне, оның деңгейлеріне және оның қызметтеріне тоқталайық.
Діни санан екі деңгейдегі құбылыстардан құралады. Бірінші деңгейі
діни психология құбылыстары, ал екінші деңгейлі діни парасат, ақыл – ой
құбылыстары, яғни діни идеология.
Діни психология дегеніміз белгілі бір дінге байланысты адамдардың
сезімдерін, көңіл күйлерінің, мінез құлықтарының жиынтығы. Гегель
философиясын да, діннің де мақсаты біреу, ол абсалютты тану болып табылады.
ол үшін философия логикалық ұғымдарды пайдаланады, ал дін түсініктері мен
образдарды пайдаланады дегеніндей, діни психологияның таным құралы
негізінен нақты образдар болып табылады. діни психология қалыптасқаннан
кейін адамдардың жан дүниесінің үлкен күшіне айналады. Стихиялы түрде
қалыптасқан діни психологияны, оның түсініктерімен бейнелерін өңдеу,
жөндеу, бағыттау өте қиынға түседі.
Діни социология ғылымы дін иелерін адамның діни психологиясының осы
табиғатын ұтымды пайдалануға шақырады.
Діни идеология дегеніміз белгілі бір тәртіпке, жүйеге келтірілген
діни ойлардың жиынтығы. Діни идеология діни ғұламалардың, діни
қайраткерлердің жасаған идеаларының жүйесі. Діни идеологияның қоғамдық
болмысты, адамдарды қоршаған дүниені танудағы құралы негізінен діни
мазмұнды түсініктер мен ұғымдар болып табылады. будданың Бенарес уағызы,
Иусус Христостың Нагорный уағызы және Мұхаммед пайғамбардың Медениедегі
умма қауымдастығы жарғысыә лдогикалық сабақтастық пен қарама – қарсылыққа
құралған түсініктер мен ұғымдардан тұрады. Олар кейінен ұлы діндердің
негзгі шығармаларына арқау болды. Ұлы діндердің діни идеологияларының
жүйесі “Трипитака„ , “Библия „ және “Құранда„ көрінеді. Діни сана қоғамдық
болмысты, адамдарды қоршаған дүниені діни психологиядан гөрі тереңірек және
толығырақ бейнелейді. Сондықтан ол діни сананың жоғарғы деңгейі болып
табылады.
Діни идеология негізінен саналы түрде қалыптастырылып, жетілдіріліп
отыратындықтан, стихиялы түрде қалыптастыратын діни психология мен
салыстырғанда әлде қайда өмірге бейім келеді, өзгерген өмірге сәйкес
тұрғыда кемелдендіріліп отырады. Біз діни санадағы ол өзгерістерді әлемдік
діндердің тарихи дағдылық пен жаңашылдық бағыттарының және қазіргі кездегі
діндер иелерінің реформаторлық “қызметтері „ деген тақырыптарда
қарастырамыз.
Діни құрылымның келесі элементі – “ діни мінәжат „ болып табылады.
діни мінәжат діндер өмірінде, дінді ұстанушылар өмірінде және қоғам
өмірінде үлкен орын алады. “ Діни мінәжат дегеніміз белгілі бір
объектілерге (олар өмірде болулары да мүмкін немесе а мүмкін немесе ойдан
шығарылулары да мүмкін) ықпал етуге бағытталүған адамдардың жалбарыну
сөздерімен практикалық дене қимылының жиынтығы „. Діни мінәжаттарды діни
ғибараттарды дін басылары ретімен ұйымдастырып, өткізіп отырады. Сонымен
қатар дінді ұстанатын жеке адамдарда өздерінің құлшылық іс - әрекеттерін
орындап отыруға міндетті. Діни ғибадаттың түрлері көп болады. Мысалы, әлем
діндерінің бірі – ислам дінінде намаз оқу мен қатар ораза тұту, құрбандық
шалу, дін ғұрыптарын ұстану, діни салттарды орнату сияқты ғибадат етудің
көптеген түрлері бар. Християн дінінің, әсіресе оның католик және
православие шіркеулерінде ғибадат етуінің түрлері сан қилы келеді. Олардың
ішінде протестант діні ғана ғибадаттың түрлерін тек жеке адамдардың
құдайға деген көңіл күйлерін білдірумен шектеуді қоймайды. Протестант діні
жеке адамдардың құдайға деген құштарлығына – шіркеу, дін қызметкерлері
тарапынан ешқандай да кедергілер болмауы керектігін ескертеді. Діни
ғибадатты мүлдем жоққа шығаратын діндер болмайды.
Діни ғибадаттарды өткізу түрлеріне келгенде проваславие діні ерекше
орын алады. Кейбір тарихи мәліметтердің айтуына қарағанда, ежелгі Киев
Русінің мемлекеті қалыптаса бастаған кезде, оның ұлы князі Владимер ғибадат
жасауының тартымдылығы үшін православие діні таңдап алған көрінеді. Ол
тарихи таңдаудың астарында, словияндар тайпеаларына, олардың жаңа қалыптаса
бастаған мемлекетіне сан түрліықпалдарын жүргізген шығыс Рим империясының –
Визиянтияның саясаты көпшілікке мәлім. Шындығына келгенде православие
дінінің мінәжаттары өте тартымды келеді. Ол театрландырылған спектакль
іспетті өтеді. Шіркеу іші зерленген заттар мен безендіріледі, бағалы
люстралардан сәуле жарық береді, иіс май шашылып оның иісі аңқиды, әдемі
дауысты діни хорлар ән салады, алтын – күміс киген свещениктер дұғалар
оқиды. Осындай мінәжатқа қатысқан адамдардың көңілі сергіп, өмірге деген
құлшыныстары өсіп, құдайға деген құлшылығы артады.
Дін құрылымының негізгі үшінші элементі – діни ұйымдар. Діни
ұйымдарға ең алдымен шіркеулер, мешіттер, храмдар, синагогалар жатады.
Сонымен қатар діни секталар, діни оқу мекемелері, діни мүліктер, діни
қозғалыстар т. с. жатады.
Шіркеулер, мешіттер діндердің бір шама дербестігі бар институттары ,
мекемелері. Шіркеулер мен мешіттер белгілі бір дінді ұстанатын адамдардың
мінәжаттарын ұйымдастыруға көмектеседі, оларға жағдай жасайды, оларды
күнделікті күйбең тіршіліктен біраз уақыт болса да босатып, көңілдерін
құдайға бағыттауға жол ашады. Адамдар мінәжат кезінде екі дүниенің де
құдыретті есептелетін құдайдан өздерінің күнәларын кешіруді,алға қойған
мақсаттарын орындауға көмек беріуін сұрайды.
Дінді ұстанатын қарапайым халықтар шіркеулерді, мешіттерді, “құдай
үйі ” деп атайды.,“Құдай үйін” дін иелері архитектуралық тұрғыдан мықты
және эстетикалық тұрғыдан барынша тартымды құрылысқа айналдырып салады.
Дүние жүзіндегі кейбір айтулы шіркейлер мен мешіттердің мың жылдық
тарихтары бар, олар дүние жүзілік мәдениеттің баға жетпес
ескерткіштеріболып табылады. Мысалы, Франциядағы әйгілі париждік
құдайананың соборы, Германиядағы Кельн соборы, Сауд Аравиясындағы Меккенің
ұлы мешіті, Туркиядағы Сұлтан Сүлеймен мешіті және тағы басқалары сондай.
Секталар – монотеистік діндердің лауазым иелерінің діни түсініңктері
және діни саясаттарыменкеліспеушілік негізінде пайда болған адамдардың діни
бірлестіктері. Олар көбінесе сол ұлы діндердің мемлекеттік ресми діндерге
айналуына қарсылық, келіспеушілік көрсеткендерден, қуғынға ұшыраған діндар
адамдардан құрылып отырған.
Әлемдік діндердің әр қайсысында көптеген секталар бар. Ислам дінінде
ертеде шыққан секталардың бірі, “ суфизм „ деп аталады. “ Суфи „ деген
араб тілінде “ ақ жүннен шекпен кигендер „ деген сөздерден шыққан.
Суфистердің айтуы бойынша, бұл дүние өздерінің өзгермелеріне және
тұрақсыздылығына байланысты шын дүние емес, шын дүниенің елесі ғана болып
табылады. ал шын дүние дегеніміз өзінің тұрақтылығы және мәңгілігіне
байланысты тек құдайға ғана болады. Сондықтан адамдар шын дүниенің
көлеңкесі болып табылатын бұл дүниеден кетуге, шын дүниенің өзі болып
табылатын құдайға жетуге тырысуы керек. әрбір адамның өмірінің мәні оның
өмір сүруінің мақсаты сол құдай болмысымен сіңісіп, жоқ болып кетуінде.
Суфистер алғашқысында араб жерінде, содан кейін Иран жерінде пайда
болды. Иран жерінде суфистердің көбі ақын – жазушылар болып табылады. Иран
ақыны Жәлеллдин Руми көрнекті суфист болған адам. Ол Адам баласының
мақсаты сүттің ішіндегі қаймақтай болып, құдай болымысымен араласып кету
деп жырлаған. Суфизм кейіннен түркітектес тайпалармен халықтар арасында
пайда болды. Түркі суфизімінің негізін қалаушылардың бірі және солардың
ішіндегі ең көрнектісі Қожа Ахмет Яссауи болды. Ол түркістандық ақын. Ол
құранды өзінің Хикмет деген дастанында өлең сөзбен жырлаған адам.
Дін құрылымының ббұл элементтерінде діни баспа, діни оқу орындары,
әйелдер, жастар, діни орталықтары, діни мүліктер және діни әлеуметтік саяси
қозғалыстар мен олардың партиялары жатажы. Діни баспалар, діни кітаптар
және діни бағыттардағы медреселер және діни университеттер – діни мамандар
даярлайды. Әлемге әйгілі Римдегі Ватикан академиясы, Мысырдағы Әл – Азхар
университеті діни жоғары білім ошақтары болып табылады. Мемлекеттік
тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан оРеспубликасында ислам университеті
ашылды. Елімізде Қазақстан мұсылман әйелдері одағы құрылып, жұмыс
жасауда. Енді діни мүліктер, діни байлықтар мәселелеріне келсек, олар ең
алдымен шіркеу, мешіт, храм үйлері болып есептелетін ғимараттардан (ол
ғимараттар ішінде баға жетпес бейнелеу және өнер туындылары жинақталған),
дін иелеріндегі көлемді жер учаскелерінен және банк есебінде діни финанс
қаражаттарынан тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда, католик және православие
шіркеулері аса бай мекемелер болып табылады. Ал, ислам елдеріндегі діни
байлықтардың көлемі олардан кем емес. Діни мүліктер көптеген қоғамдардың
экономикалық байлығының үлке,н бір саласы болып табылады. Ол байлықтардың
иелері – дін иелері – ол елдердің әлеуметтік өмірлерінде салмақты топтар
есептелінетіні сөзсіз.
Сонымен, дін атаулы өздерінің негізгі діни элементтері болып
табылатын – діни санаға, діни мінәжатқа және діни ұйымдарға байланысты
социумның, екінші сөзбен айтқанда, Қоғам үйінйң басынан аяғына дейін
барлық қабаттарына қатысты болатынын көрдік. Дінді қоғамнан бөліп алуға
болмайды – ол қоғам өмірімен біте қайнасып, жатқан іргері құбылыс болып
табылады.
Дін социологиясы діннің қоғамдағы орнын зерттеумен қатар, өзінің
қоғамдағы қызметтері де зерттейтін ғылым екені белгілі. Сөз желісі
келгенсін айта кетуіміз керек, философия ғылымында мынандай логикалық түйін
бар: дүниеде не нәрсе болмасын, олардың әрқайсысының ең алдымен дүниеде бар
болуы керек, содан кейін ғана олардың - ол нәрселердің қимыл әрекеттері
туралы сөз болмақ. Біздер енді діндердің іргері (субстанциональды) болмысын
ашқаннан кейін ғана барып діннің функциональді қызметтерін ашып көрсетуге
кіріскелі отырамыз.
Діннің адам өміріндегі, қоғам өміріндегі атқарактын қызметтері сан
алуан, көп қырлы және көп бағытты болып табылады.
Дін құрылымының негізгі элементтерінің барлығы дерлік адам өмірінде,
қоғам өмірінде үлкен роль атқарады. Оның әр қайсысының өзіндік болмыстарына
сәйкес әр қайсысының белгілі бағытта қызметтер атқаратыны да сөзсіз.
Мәселен, діни сана адамдардың жан дүниесін баурап алғаннан кейін, міндетті
түрде олардың қимыл - әрекеттеріне әсер етіп, ол қимыл әрекеттердің
сипаттарын айқындап отыратыны да белгілі. Ал, діни ғибадаттар жасалар
алдында адамдар алдын ала не нәседен аулақ болып, ал не нәрсеге ұмтылу
керек екендіктерін ойластырып алулары тиіс.
Діни социологияның негізін қалаушылардың бірі М.Вебер діннің
қоғамдағы функциональдық қызметтерін зеріттеу, талду қажеттіліктерін дін
социологисының арнайы ғылымға айналуының басты шарты ретінде қарады.
Діннің қызметтері негізінен алты салаға, алты бағытқа бөлінеді.
Діннің қызметтерінің бірінші бағыты – дүгиеге көз қарастық қызметі. Дүниеге
көз қарас адамдардың, олардың қауымдастықтардың құдай туралы, дүние туралы
және ол дүниеден алатын адамдардың орны туралы жүйеге келтірілген
білімдердің жиынтығы. Дін – құдай дүниені де, адамдаыда жаратқан алып күш,
теңдесі жоқ құдірет, яғни – абсоглют күш деп түсіндірді. Дүние мен адам
және олардың өмірлері тек сол абсолюттен туындайтын және ақыр ақыр аяғында
сол абсолютке тәуелді болады дейді. Осылайша дін дүниенің діни келбетін,
дінир бейнесін, діни суретін жасайды. Сол бейне, сол сурет негізінде,
адамдардың сыртқы дүниеге көзқарасы қалыптасады. Олардың әлеуметтік мінез –
құлықтарының сипаты анықталады. Дүниеге көз қарас адамдардың рухани
өмірлерінің арқауы іспетті. Адамдар маңызды мәселелерді шешкенде, өздерінің
дүниеге көзқарасын басшылыққа алады.
Діннің қызметтерінің екінші бағыты функциясы бағалаушылық
қызметтер болып табылады.
Діни сана қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, айталық
адамгершілік (этикалық) сана, көркемдік (эстетикалық) сана, құқылық саналар
сияқты, өзінің құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ол жүйеге ең алдымен –
отбасының, оның мүшелерімен туған – туысқандарының қадірлейтін бейнелері,
принцптері нормалары жатады. Содан, кейін елдің, тайпаның, халықтың, тіпті
халықтардың да қасиетті деп есептелетін әдеп – ғұрыптары, арғы – бергі ата
– бабалардың сайып – қыран ерліктері, және өткен тарихтың ұлы тұлғаларының
өнеге - өсиеттері жатады. Ақыр аяғында, ондай құндылықтар жүйелеріне тылсым
күштер бейнелері - әулие, періште, құдай бейнелері жатады.
Құндылықтар жүйесінде ізгілік ұғымы бірінші орында тұрады. Ізгілік
деген ұғым қауымдастықтардағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылады.
Ізгілік мәселелерімен философтар ертеден – ақ көп шұғылданып келген.
Философия ғылымдарының данышпандарының бірі Сократ – ізгілік деген адам,
қоғам өмірінің негәіздерінің бірі болып табылады. Ізгілік қоғам өмірінің
түрлі салаларында кездесіп отыруы керек. мәселен, ел билеушілер үшін ол-
даналық, әскери адамдар үшін – жүректілік, ал қарапайым адамдар үшін –
қанағаттық деп атап көрсеткен. Ол өмірдің ең жоғарғы ізгілігі – көктегі
құдайдың және жердегі ел билеушінің заңдарын орындау болып табылады деген.
Ал, әлемдік діндердің ішіндегі ең алғашқысы – будда дінінің негізін қалаушы
Будда өзінің Бенарес уағызында адамдарды қайғы – қасіреттен құтқаратын күш
– ізгілік. Адамдар қайткен күнде де ізгі шешім, ізгі сөз, ізгі іс, ізгі
талап, ізгі естелік, болулар керек. Ізгілік адамдарды әбден баурап алған
жағайда ғана олар кемелденген күйге түседі, сөйтіп қайғы – қасіреттен
құтылады деген (Діннің көрнекті тарихы 2том, 62 – 63 беттер).
Діннің қызметтерінің осы саласы адамдардың түсініктерін, ұғымдарын,
ойларын және мінез – құлықтарын құндылықтпар жүйесіне сәйкестендіріп және
қадағалап отырады. Олардың түсініктерінің мазмұндары мен мінез –
құлықтарының сипаттары осы құндылықтарға сай келсе, онда олар жақсы деп
бағаланып, ал сай келмесе, онда олар жаман деп бағаланды.
Діннің қызметтерінің үшінші бағыты – реттеушілік қызметтері. Діни
сана, қоғамның құықтық санасы сияқты, адамдардың бірі мен бірінің
қатынастарын, яғни адамдардың туғаннан басмтап өлгенге дейінгі барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің тәрбиелік мәні
Діннің социологиялық құрылымы мен қызметтері
Дін,қоғам,мемлекет,саясат
Мәдениеттің негізгі элементтері
Дәстүрлі түркілік дүниетаным және оның мәні
Жастар арасында діни толеранттылықты, толерантты әдеп пен мәдениетті қалыптастыру
Оңтүстік өлкедегі қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени тұрғысынан діннің рөлін зерделеу
Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Пәндер