Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
1. Тәуке хан тұсындағы қазақ қоғамының құрылысы және жеті жарғы.
2. Жоңғар мемлекетінің құрылуы. Жоңғар шапқыншылығы.
3. Ақтабан шұбырынды, Аңырақай және т.б. шайқастар

Жоспар
1. Тәуке хан тұсындағы қазақ қоғамының құрылысы және жеті жарғы.
2. Жоңғар мемлекетінің құрылуы. Жоңғар шапқыншылығы.
3. Ақтабан шұбырынды, Аңырақай және т.б. шайқастар.
Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам
Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі
Күнделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін
қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан,
мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын.
Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын
жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей,
өзіндік жаңа жолмен жүрді.
Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта
жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүзБайбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы
Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың
өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған
тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын
айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып,
халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды,
барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып,
бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт
жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел
қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез -
халық есінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш берекелі заман
болып қалды.
Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау
1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің
бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін
оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес.
Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717
жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл
арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы
- ынтымақтың берік қағылып, ағайын аралық алауыздықтың жойылуында, осыған
ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары
көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені Қазақ ордасының Ликургі деп
бағалайды.
Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер
кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу
қалыптасты. Тарихқа Жеті жарғы деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын
зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық
нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.
Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал
болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды.
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ
халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. XVII-ғасырда қазақ
хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін
арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ
қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар
жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-
ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым
ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы
жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін
жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке
билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие
болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел
ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды.
Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды,
соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша
күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң
жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті
қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен
қағидалары XX-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Жеті жарғы, қазақтың
ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәт елдерден,
қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым
ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке
ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге
болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған.
Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-
қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай
қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс
тапқан. Жарғы сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі
мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан
шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: Қара қылды қақ жарған деп
мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
Жоңғар мемлекеті. XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ
хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға
дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық
ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік
еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен
қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ
хандығына үздіксіз шабуыл жасады.
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір
орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы
ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып
өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек
атағы ғана болды.
Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы
саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан,
Кіші жүзді Әбілхайыр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz