С.Дюлленгердің психо-геометриялық тесті арқылы тұлғаны диагностикалау
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогика және психология
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
С.Дюлленгердің психо-геометриялық тесті арқылы тұлғаны диагностикалау
Орындаған: Ибрашева Н.Б.
Тексерген: Ерниязов О.Н.
Орал, 2011ж.
Мазмұны
Кіріспе
І. Тұлға ұғымы жайлы түсініктер
1.1 Жеке тұлғаны ғылыми тұрғыдан қарастырылуы
1.2. Іс-əрекет жəне тұлға дамуы
1.3. Болашақ тұлғаның әлеуметтенуі
2. Психогеометриялық тест арқылы жеке тұлғаны диагностикалау
2.1. Тұлғаның даму диагностикасы
2.2. Психогеометриялық тест әдістемесі арқылы жасалған диагностика
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі заман психодиагностикасының тарихы ХІХ ғасырдың І-жартысынан
бастау алады. Яғни, сол кезеңнен бастап ең алдымен психология білімінің
дамуының клиникалық дамуы басталды. Бұл кезең адам туралы психологиялық
эмперикалық білім болады. Талдауда және оны қолануда шешуші рөлді
дәрігердің ойымен сипаттайды. Ал бұған дәлел мұнымен негізінен философтар
мен жазушылар шұғылданды. Дәрігерлерді емделуі қиын ауру және аурудың
неден пайда болғандығы, сондай-ақ сол жылдары әлемдік дамыған елдерінде
еңбек алған жан күйзелістерінен болатын аурулар және невроз себептері
қатты қызықтырды. Психиатр дәрігерлер Европа клиникаларында ауруларға
жүйелі түрде бақылау жүргізе бастады және өз басқару нәтижесін талдап
жазып отырды. Бұл уақытта психодиагностика әдісінің бақылау, сұрау
құжаттарды талдау сияқты әдістерді жүзеге асады. Бірақ бұл жылдары
психодиагностика тұтастай толық құрылды деп айта алмаймыз. Өйткені мұнда
тек дәрігерлерге 1 ауру түрін ғана бақылауы және бірдей әдіспен
қорытындылауы, олар зерттеу нәтижесінде дәрігерлер көзқарасы,ой қорытындысы
бойынша заң жасалды. Бұл кезеңде психодиагностика әдістемелері тек сандық
жағынан сипатталатынын көрсетеді. Психодиагностика әдістемелері сандық
көрсеткіштерін алу түрі ХІХ ғ ІІ жартысында жүзеге аса бастады. Осы жылдары
атақты неміс психологы Вундтың жетекшілігімен әлемде алғаш рет
тәжірибелік психология лабораториясы ашылды. Мұнда психодиагностикалау
мақсаттар әр түрлі құралдар мен жабдықтар қолдана бастады. Диагностика
оқыту тәжірибесіндегі білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру ұғымын
қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан ауқымды. Білім, білік, дағдыны
іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана көрсетеді.
Ал, диагностика бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерге
талдау, оның даму бағытын айқындау, дидактикалық үрдісті жобалау, яғни
педагогикалық жүйенің тұтастығын қамтамасыз ету қызметін атқарады.
Диагностика үрдісінде оқытудың нәтижесі ғана анықталып қоймай, сол
нәтижеге жетудің жолдары мен амалдары талданылады. Олай болатын болса,
білім жүйесіндегі өзгеріс, яғни 12-жылдық білім жүйесіне көшу, біздің
алдымызға келелі міндеттерді қойып, сол міндеттерді шешудің жолын
қарастыруды талап етеді. Осы қойылған міндеттерді шешу мақсатында біз,
тақырыбымызды Педагогикалық-психологиялық диагностикалау - тұлғаны
зерттеудің негізі деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: Тұлғаны зерттеу мақсатында педагогикалық
диагностика ұғымдарын теориялық түрде негіздеу;
Зерттеу міндеттері:
- педагогикалық – психологиялық диагностиканы тоеориялық тұрғыда
негіздеу;
- С. Дюлленгердің психо-геометриялық тесті арқылы тұлғаны
диагностикалау негізін қарастыру.

Қазіргі кезеңде психология ғылымында тұлғаны типтестірудің жоғарыда
аталған 3 теориясынан өзге әлеуметтік-тұлғалық типология (тұлғаның басқа
адамдармен қатынасына негізделген Юнг теориясы), психогеометриялық
типология (адамның қандай да геометриялық фигураларды қызыға таңдауына
негізделген С.Деллингер теориясы), сезімдік (сенсорлы) типология (адамның
көру, есіту, қозғалыс әрекеттеріне негізделген Э.А.Голубева және т.б.
теориясы), тұлға - өмір жолы типологиясы (тұлғаларды өзара салыстырумен
емес, ал олардың әрқайсысының өз жеке өмір жолына қатысты типтестіруге
негізделген К.А.Абдулханова – Славская теориясы) қабылданып, зерттеу
нәтижелерін беріп жатыр.
Жеке тұлға – әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.)
белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің
қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық
психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен
жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік
(өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ
олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі
неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-
қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз
ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және
толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз
атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты
фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды
(азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР
немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке
тұлға” ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке
тұлға) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа
қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.
Азаматтық құқықтық қабілет туылған сәтінен бастап туындайды және
барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Ол адамның нақты құқықтары мен
міндеттерінің пайда болуының шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-
бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның
ішінде шет ел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға;
республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға;
республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып
оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен
бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген
мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет
және өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына
зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік
құқықтарды пайдалануға құқы бар. [1]
Әрекет қабілеттілігі азамат кәмелетке, яғни 18 жасқа толғанда толық
көлемде пайда болады. Әрекет қабілеттілігі азаматтың экономика қызметке
қатысуын, атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде қатысуын қамтамасыз етеді.
Азамат өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап
береді. Жеке кәсіпкер несиегердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға
байланысты талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіз болса, ол соттың шешімімен
дәрменсіз (банкрот) деп танылады. Шет елдің азаматтарына және азаматтығы
жоқ адамдарға ұлттық құқықтық режим беріледі, олардың да Қазақстанның
азаматтары сияқты өзіндік беймүліктік құқықтары болады.
Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің
иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады. Жеке адам
түсінігімен қатар біздің қолдануымызда адам, дара адам, даралық
терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен
ажыратылады, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең
жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін – адам түсінігі қамтиды. Адам -
өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының
жемісі әрі табиғатпен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі.
Алайда, адам әлеуметтік – тектік мәнге ие болғанымен, ол жалпы табиғат
туындысы ретінде – дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен
бөлектенбейді. Дара адам – homo sapiens тектілерінің өкілі, адамдық даму
нышандарының иесі – нақты адам. Даралық - нақты адамның табиғи және
әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері жеке адам
түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді.
Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс
береді [179 бет, ]. Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері
әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін
анықтап отырады. Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осындай жеке адам
психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажетттік - себеп
аймағы – жеке адамның бағыт - бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға,
өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды.
Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары
ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен
маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс - әрекетік икемділігіне, оның
қабілеті, білімі мен ептілігіне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ой
сапаларымен байланысып жатады. Адам өмірге дайын қабілет, мінез және
қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір
барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізгі, яғни генотипті оның
анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын
белгілейді. Биологиялық құрылым иесі – адам өткен әулеттердің білім, салт,
заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен
ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін
үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып – барумен байланысты. Осы даму
деңгейі нақты адамға тән болған қарым- қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму
дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті
тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің
рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Әрбір
дара адам өзінің қлғамдағы өмірлік әдептерін ретттеумен күнделікті тіршілік
проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам
өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін
сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары
мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет. Қоғамдық
қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол
қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз
дербестігімен ерекшелігіне ие. Жеке адамның дербестігі оның ең жоғарға
психикалық сапасы – рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз
инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке
адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі
мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен –
шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік - өсектен өзін аулақ ұстай алуы.
Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа
тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны
бірдей теңестіру принципі өріс алады да ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық
бағыну күйінен арыла алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой
жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады. Жеке адам
сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір
аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға
тікелей қоршаған әлеуметтік шеңберінде қалып қоймай өзін ауқымды қоғам
аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі
жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз
дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз
дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтіктопқа бағынышты еместігін
көрсетумен бірге сол адмның жоғарға деңгейде кемелденгенінің дәлелі. Дара
адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация,
яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу
ниетімен қалыптасып бару % - ы; персонализация – қадірі барын түсіне білу;
сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске
асыра алуы. Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз мені негізінде қатынас
түзеді. Ғылымда жеке адамдық рефлекция деп аталған бұл мен ұғымы өз
ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын сезе білу сияқты сапаларын қамтиды.
Жеке адамның өзіне өзі берген бағасының астам не төмен болуынан сол адамның
ішкі жан арпалыстары келіп шығады. Қалай десек те тұлға туралы әркім ә
түрлі түсінік берген. Қ. Жарықбаевтың айтуынша, жаңа туған нәресте адам
деп аталғанымен, тұлға деген атқа көпке дейін иебола алмайды. Өйткені,
кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің менін басқа
мендерден, яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс [53 бет, ]. Сондықтан
да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп,
өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі не тұлға дейміз. Қандай да
болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір тәжірибесі, білімі мен
дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам – мұраты, бағыт – бағдары
бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып
үлгерген, өзінің іс – йрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман –
жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын жақсы, озық, ерен, топжарған
түрлерімен қатар, жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан
өкілдері бар болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзтқа
жаны қас жауыз тұлға. Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше
қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелік түріне жатады. Бай
тілімізде Он үште оттау иесі (қыз бала үшін), Он бесте оттау иесі (ұл
бала үшін) дейтін аатлы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен
балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс – тіршіліктен
туындайтын құбылыс. Халқымыз кез – келгенді кісі деп атай бермей, оның
имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде
біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар – ожданы, кісілік, кескін –
келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген. Кісіліктің түрліше деңгейі
болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б.
түрлері болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пір
тұтқан. Адамгершілігі төмен, не одан жұрдайларды имнасыз, көргенсіз деп
иттің етінен жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерте ме,
кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі – ол
ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта жарлы болсаң да, арлы
бол деген сөз осыған орай айтылған. Ар – ұяты бар кісі ғана биязы,
ақжарқын, иманжүзді, ақыл – парасатты келеді. Халық түсінігінде мінез –
құлықтың әр түрлі жағымды жақтары кісілік ұғымының төңірегене топтасады.
Кісліктің басты белгілері: ар – ұятты қастерлеп сақтау, намстылық,
мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдақ пен шыншылдық,
ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның
алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден
орын беріп, кісінің көңіл күйіне қарап орынсыз сөзге араласпау кісілікке
жарасымды қасиеттер. Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну
үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғам мүшесі,
қандай топтың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс – тәжірибесін
білуіміз қажет. Әлеуметсіздік, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939), -
қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес. Оңдыәлеуметтілік
құру үшін елдің өткен – кеткен тұрмысын, бұрынға болған әлеумет қимылдарын
тану керек [53 бет, ]. Адам өмірі нақты тарихи - әлеуметтік аймақта жүріп
жатады. Дүниелік жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тұтыну аймағы, әлеуметтік
қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін
белгілейді.
1.2. Іс-əрекет жəне тұлға дамуы
Дамуға нəсілдіктің, қоршаған ортаның жəне тəрбиенің ықпалына қосымша
əсер ететін аса маңызды жағдаяттардың жəне бірі – бұл тұлға іс-əрекеті. Іс-
əрекет ұғымы қандай да жұмысты орындау үшін жасаған адам қимыл-
қозғалыстарының бəрін аңдатады.
Тарих тұңғиығынан іс-əрекет бабында небір дана бақылаулар бізге дейін
жеткен: балаңның немен жəне қалай шұғылданатынын айтсаң, оның қандай адам
болып жетілетінін айтып беремін; қаңғыбас болғанның ешқайсысы да,
дегеніне жете алмаған; қанша тер төксең – сонша емерсің, адам өз
бақытының ұстасы; ерте тұрғанның ырысы артық; еңбегіне қарай – сый-
сияпаты; өнерлінің қолы гүл т.б. Даму нəтижелері мен іс-əрекет
қарқындылығы арасында тікелей байланыс болатыны айдан анық. Бұдан даму
процесінің жəне бір жалпы заңдылығы ашылады: оқушы неғұрлым белгілі салада
көбірек іс-əрекет жасаса, оның сол саладағы даму деңгейі соншама жоғары
келеді. Əлбетте, бұл заңдылықтың шексіз қолданыла беруі мүмкін емес. Ол
жағдай əрбір адамның қабілеттеріне, жасына, іс-əрекеттің өзінің
қарқындылығы мен ұйымдасуына тəуелді келеді.
Іс-əрекет барысында адамның жан-жақты жəне біртұтас тұлғалық дамуы
жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарас, қарым-қатынасы қалыптасады.
Таңдалған іс-əрекет көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуі
үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру жəне келелі бағдарлап отыру қажет.
Бұл тəрбие практикасында өте күрделі іс. Өкінішке орай, көп жағдайларда осы
күрделілік даму мүмкіндіктерін шектейді; кейде тəрбиеленушілер ең қажетті
болған жағдаяттарға – қоғамдық, еңбек, таным əрекеттеріне белсенді араласа
алмай, енжар бақылаушы күйінде қалып, дайын ережелерді жаттаудан ары өте
алмайды.
Балалар мен жасөспірімдердің іс-əрекеттерінің негізгі түрлері – ойын,
оқу, еңбек. Бағдары бойынша іс-əрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркем
өнерлік, техникалық, кəсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады.
Барлық жастағы оқушылардың іс-əрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, қатынасу
(ортақтасу).
Іс-əрекет сипаты бойынша белсенді (актив) жəне енжар (пассив) болуы
мүмкін. Тіпті, құрттай ғана сəбидің өзі белсенді тіршілік иесі болып
көрінгенді қалайды. Ол жасына қарамай үлкендерге, қатарына қандай да
талаптар қояды, төңірегіндегі кісілерге, заттарға, болып жатқан оқиғаларға
өз қатынасын білдіруге тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған орта жəне
тəрбиенің ықпалы арқасында белсенділік көтерілуі де мүмкін, кейде төмендеуі
де ықтимал. Мысалы, адам көп жұмыс істеуі мүмкін, бірақ іске құлықсыз,
көңілі құламай, орындалуы қалай болса, солай – енжар. Əлбетте, мұндай іс-
əрекет адамды жоғары нəтижелерге жеткізбейді. Дамудың тиімді болуы іс-
əрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй жарасымдылығына тəуелді. Адам таңдаған
ісіне жан-тəнімен кірісіп, өзіндегі бар мүмкіндіктердің бəрін іске
жұмылдырып, өзін кемелденген тұлға ретінде көрсете білуі қажет. Мұндай
қызмет адамға қанағат лəззатын əкеліп, шабыт пен қуаттың көзіне айналады.
Сондықтан да, іс-əрекеттің маңыздылығы оның өздігінен ғана емес сол
əрекетте көрінетін тұлға белсенділігінің деңгейіне байланысты.
Белсенділік оқу барысында шəкіртке тезірек жəне табысты əлеуметтік
тəжірибе топтауға мүмкіндік береді. Оның қарым-қатынас, тілдесу
қабілеттерін дамытады, қоршаған болмысқа деген көзқарасын қалыптастырады.
Баланың ақыл-парасатты дамуын танымдық белсенділік қамтамасыз етеді. Бұл
үшін балаға танымдық мəселелерді шешуімен бірге игерілген білімдерді
практикада қолдану қажеттігі де тəн болуы тиіс. Себебі еңбектегі
белсенділік тұлғаны өзінің рухани жəне адамгершілік дүниесін тез арада жəне
тиімді қалыптастыруға ынталандырады, оны көп жəне нəтижелі еңбектенуге
бағыттайды.
Белсенділіктің барша көріністерінің негізінде бір ғана тұрақты дерек
көзі- қажеттік орын алған. Адам қажеттіктерінің көп түрлілігі оларды
қанағаттандыру үшін қолданылатын іс-əрекеттердің де сан қилылығын
туындатады. Өсіп келе жатқан адамға белсенділіктің пайдалы бағыттарын
көрсетіп, алдамшы қырларын мейлінше бəсеңсіту – педагогтар үшін тұрақты да
жəне өте күрделі де міндет. Күрделілігі – адамның жеделдете кемелденуі
дəуірінде іс-əрекет қажеттері мен сеп- түрткілері (мотивтері) өте
қозғалмалы жəне ауыспалы келеді. Сондықтан, əртүрлі жас сатыларында іс-
əрекет түрлері ауысып баруы шарт. Жалпы мектептік тəрбиенің өзгерістер
ізімен үлгере орындалуы өте қиын, солай да бола, əрқандай тəрбиелік іс
мезетінен бір де кешікпей жүргізіліп, келеңсіз салдардың алдын алып отыруы
қажет.
Əрбір адамның өзіндік белсенділігі оның қабілеттері мен дарынының
дамуы жəне табыстарға жетуінің міндетті кепілі. Оқушы тəрбиесімен қандай да
бір ғажайып тəрбиеші шұғылданбасын, оқушының өз əрекет- ықыласы болмаса,
ешқандай нəтиже болуы мүмкін емес. К.Д.Ушинскийдің пікірінше, бала өзі оқуы
тиіс, ал педагогтың қызметі – оған игерілуі қажет материалды ұсынып беру,
оның оқу процесін басқару. Осыдан, дұрыс қойылған тəрбиеде оқушы
педагогикалық ықпалдың тек объекті ғана емес, ол сонымен бірге өз тəрбиесін
белсенді өз қолына алған- субъект.
Іс-əрекет сияқты тұлға белсенділігі де таңдамалы сипатқа ие. Тұлғаның
дамуы кез-келген əсерден болмайды, солардың ішінде адамның өз қажетіне сай
келген, оның тұлғасына жарасымды болған, шынайы болмысқа деген оның жеке
көзқарастарына сəйкес ықпал болса ғана, бала дамуы қарқынды жүреді.
Тұлғаның белсенділігі дамудың тек алғы шарты емес, оның нəтижесі де.
Қоғамдық белсенді, ынталы, шығармашыл жəне өзі мен төңірегіндегі қатысқан
адамдардың бəріне бірдей жақсылық пен қуаныш беретін тұлға қалыптастырушы
тəрбие əрдайым өз мақсатына жетіп отырады. Саналы, педагогикалық сынақтан
өтіп, ұйымдастырылған оқушы іс-əрекеті белсенділіктің қай түрін де
қамтамасыз ете алады.
1.3. Болашақ тұлғаның әлеуметтенуі
Болашақ тұлғаның әлеуметтенуі әсіресе интенсивті түрде болашақ және
жас өспірімділік кезеңде дамиды, ал тұлға дамуы жалпы егде жасқа дейін
созылады [15. б.111]. Қоғам дамуы тұлғаның индивидуалды дамуына жол
сілтейді, ал жалпы әлеуметтенуге әр әлеуметтенуші өз үлесін қосады. Тейяр
бойынша, адамзаттың болашағының тарихының маңыздылығын казіргі қоғам
дамуына тәуелді болып табылады [16.б.514]. Тұлғаның әлеуметтенуі
индивидуалды дәрежеде бірнеше үрдістен тұрады:
1 Адамдардың тұлғалықтары өзара әсерлесу арқылы қалыптасады. Бірақ
олардың өзара әсерлесу мінездемесі жас, интеллектуалды дәреже, жыныс тағы
сол сияқты факторларға өз әсерін тигізді.
2 Қоршаған орта да баланың тұлға болып дамуына септігін тигізеді.
3 Тұлғалық жеке бас индивидуалды тәжірибе арқылы қалыптасады.
4 Тұлғаның құрылуына әсер ететін аспект болып мәдениет саналады.
Негізгі әлеуметтену феноминдеріне мінез-құлық стереотиптерін игеру, істегі
әлеуметтік нормаларды игеру, дәстүр - қызығушылықтарды, құндылықтарды,
бағыттарды т.с.с. игеру жатқызылады. Ал әлеуметтенудің негізгі институттары
ретінде: жанұя, мектептік мекемелер, формалды емес ұйымдар, жоғарғы оқу
орындары, еңбек ұжымдары т.с.с. есептелінеді [17. б. 376]. Тұлғаның
әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында әсер ететін қарым-
қатынас, таным, еңбек деп қарастырылатындықтан әлеуметтену тұлға дамуының
үрдісі ретіндегі үш негізгі негізгі аймақтың ортақ мінездемесі болып
индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланысын кеңейту болып табылады. А.
Н. Леонтьевтің пайымдауынша, адам әлеуметтенудің бүкіл үрдісінде көптеген
іс-әрекет түрлерімен айналысады [18. б.188]. Мұнда үш негізгі маңызды үрдіс
өтіледі. Біріншіден. бұл әр іс-әрекет түрінде болатын және оның түрлері
арасындағы байланыс жүйесінде бағдар болады. Ол әр тұлға үшін маңызды іс-
әрекет аспектісін анықтауы, игеруі болып табылады. Осындай бағдардың жемісі
ретінде іс-әрекетті тұлғалық таңдау деп атауға болады. Оның негізінде
екінші үрдіс туындайды, яғни - негізгі таңдалған іс-әрекет төңірегінде
орталықтану және басқаларды оған бағынышты ету. Үшіншіден, іс-әрекетті
жүзеге асыру барысында тұлға жаңа рольдерді игеріп, олардың мәнділігін
игереді. Осындай жаңартулардың кысқаша мәнін іс-әрекет жүйесіндегі дамушы
индуктивті көрсетуде оның іс-әрекет субъектісі ретіндегі мүмкіндіктерінің
кеңею үрдісі айқындалады. Осы мәселе тұрғысындағы зерттеулерде мақсатты
білім алу үрдісім қарастыру негізгі сауалдарды құрайды. Өкінішке орай, оның
әлеуметтік-психологиялық аспектісі жағынан зерттеу мәліметтері аз [14. б.
277]. Әлеуметтену контектісінде қарастылатын екінші аумағы қарым-қатынас та
оның іс-әрекетпен тығыз байланыста болғандықтан әлеуметтенуді кеңейту,
ұлғайту жағынап қарастырады. Қарым-қатынасты кеңейту ретінде адамның
басқалармен байланысқа түсуін ұлғайту деп түсіндіріледі, ал осы тереңдету
ретінде монологтық қарым-қатынастан диалогтікке көшу, децентрация, яғни
қарым-қатынас жасаушыға бағдарлана алуы, оны нақты қабылдай алу мүмкіндігі
қарастыралады [14. б.289]. Әрине, тұлғаның өмір сүру барысында қарым-
қатынас ету ерекшелігі оның қоғамдағы статусын, жақындағылары арасындағы
орнын белгілейді. Әлеуметтенудің үшінші аумағы, яғни өзіндік сапа жалпылама
адамдардағы оның Менінің қалыптасуын бейнелейді. Өкінішке орай, осы
мәселе төңірегінде даулы қайшылықтар өте көп, себебі авторлардың тұлға
концепциясында Мен-бейнесін түрліше қабылдайды [14. б.279]. Тұлғаның
әлеуметтік-психологиялық кестесі ретінде Мен - концепциясының
психологиялық теориялық - концептуалды жоспарда толығымен феноменологиялык
тұрғы немесе гуманистік психологияға, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz