Психология пәні, міндеттері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Көлемі: 13 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Орал гуманитарлық техникалық колледжі

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
Психология пәні, міндеттері

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016
Жоспары
1.Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
2.Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері
3. Психологияның даму тарихы.
4. Психология ғылымның негізгі салалары
5. Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдер
6. Психологиялық зерттеудің негізгі әдістері
Қорытынды

1.Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.
Психология “псюхе”-жан ,логос ілім туралы ғылым ретінде түсінуге
болады. Психология негізгі пәні адамның жан дүниесін психикалық
белсенділігінің заңдылықтарын зерттеу .Сонымен психология негізінен грек
сөзінен аударғанда ”жан туралы ғылым”, ал “психология” термині қолданысқа
алғаш рет XVI-ғ. енді. Алғашқыда ол ерекше ғылым ретінде “жанды” немесе
психикалық болмысты єрбір адам өзін бақылау нєтижесінде анықтап отыруға
қолданса, кейіннен XVII- XIX ғ.ғ. психология - бұл психика жєне психикалық
құбылыстар туралы ғылым болды.
Психология- психикалық құбылыстарды зерттейтін ғылым. Психология -
мінез құлық туралы ғылым. Психология –сана туралы ғылым. Психология –жан
туралы ғылым.
Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және
практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен
дамуда.Психологияның негізгі міндеті психикалық іс әрекеттіі оның даму
барысымен байланысты зерттеп,тану.Осы заңдар арқылы объектив дүниенің адам
миында қалай бейнеленетіні,осыған орай оның әрекеттері қалай
реттелетіні,психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық
қасиеттері қалай қалыптасқандығы айқындалады.

2.Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері

Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым
әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне
бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған
психологияда бақыланатын құбылыстарды толық және дәл сипаттау, сонымен
бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне психологиялық
бақылаудың басты мақсаты осы: ол деректерге сүйене отырып, олардың
психологиялық мазмұнын ашу. Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы
мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады. Сауалдың бұл түрі
жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең бойлатады, себебі
зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады.
Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені
жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне
де байланысты.
Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады.
Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған
сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында
оның мазмұнын өзгерте алмайсың.
Еркін сауал, жазбаша және ауызша саулнаманың бір түрі, мұнда қойылатын
сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің
тактикасы мен мазмұнын оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші жайлы
әртүрлі ақпарат алуға болады.
Стандарттанудың негізгі мәні мынада екі адамның немесе бірнеше
топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін салыстырғанда қате аз
болуын қамтамасыз ету үшін, бірдей әдістерді яғни сыртқы жағдайға қарамай
бірдей психологиялық мінезді өлшейтін әдісті қолдану керек.
Мұндай психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады.
Ол психологиялық құбылысқа дәл және сапалы мінездеме бере алатындықтан,
сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді
салыстыруға болатындықтан тиімді. Объективті мәліметтерді зерттелетін
қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген
эксперимент - әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің
басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен
дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге
қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар:
зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі
жағдайлармен ажыратылады.
Басқа әдістерге қарағанда тесттер мәліметтерді жинау мен оларды
өңдеу, оларды психологиялық түсінуге болатындығымен ажыратылады.
Психологиялық әдістердің бірі – моделдеу. Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа
әдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелікгі
белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші
жағынан оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке
алынады. Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті немесе
субъективті әдістерге жатқызу қиын.
Көрсетілген әдістерден басқа психикалық құбылысты зерттейтін басқа
да әдістер де бар. Мысалы, әңгімелесу - сауалнаманың бір нұсқасы.
Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен
ерекшеленеді. Әдетте әңгімелесу жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар
сыналушының жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Басқа әдіске
құжаттарды зерттеу әдісі немесе адамның қызметін талдау әдісі жатады.
Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында әр түрлі әдістерді кешенді түрде
қолданғаннан зерттеу тиімді болатынын ескерген жөн.

3. Психологияның даму тарихы.
Психология басқа ғылымдар сияқты белгілі даму жолдарынан өткен.
Әлемдік психологияның даму тарихы екі кезеңге бөлінеді:
Біріншіден, басқа ғылымдардың аясында психология білімінің қалыптасу
кезеңі (IV-V ғ.ғ. біздің дәуірге дейінгі XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ.). Бұл
шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, Арестотельден (348-322) басталатын
философиялық ілім тарихы.
Осынау, сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдарды
атап айтқанда, Герофил, Эрасизтарт, Гипократ, Демокрит, Гален, Гераклит,
Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбнец, ЛЗК, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б.
ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы
пікірлер айтқан. Мәселен, Арестотель өзінің “Жан туралы трактатында “жан
тәнінің өмір сүруінiң формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау,
эмоция, секілді процесстерге бөлінетіндігін айтса, келесі бір грек ғылымы
Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын
үнемі қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді.
Сонымен қатар, ежелгі Грецияның философтары психиканы түсіндіру
амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклит түсіндіруі
бойынша барлық әлем оттан пайда болады, “жан” ылғалдан буланып шығады,
мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді. Ал, ылғалдылық
жанды ауырлатып, оның мерт болуына сұйыққа айналдырады- деп есептеді.
Ал француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) жануар сыртқы ортаның
әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі ) арқылы десе, Голонд ғұламасы
Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы (аффект, құмарлақ
т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін
айтқан.
Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір
әл – Фараби (870-950) мен Әбу Әлі ибн Сира (980-1037), Ж.Баласағұнй, әл-
Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа т.б. тоқтаған.
Екіншіден, психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде (XIXғ-дың 60-
шы ғ.ғ-қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 жылдан
басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг
қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы
құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның
дербес эксприменттік (тәжірбиелік) ғылым болуына жол ашты.
XIX ғ-дың аяғы XX ғ-дың басында атақты психолог Г.Эббингауз
психология тарихына қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология
ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму
процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты
түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде –психология жан туралы
ғылым болып қалыптасады, екіншіден – сана туралы ғылым, үшіншіден –мінез-
құлық туралы ғылым, төртіншіден –психика туралы ғылым.
4. Психология ғылымның негізгі салалары
Қазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармақтарға
бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен
тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс –
єрекеттерін қамтитын єр қилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік – жікке
ажырату жіктеу деп аталады. Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік. Біз
психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пєннің зерттейтін
обьектісін, екінші, адамның іс – әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші,
адамның өзін даму мен іс – әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға
қатынасын алып қарастырамыз. Тәлім – тәєрбие психологиясы. Оқу – тәрбие
жұмыстарын жєне балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескерiп, бірқалыпты
даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім – тәрбие жұмысын жүргізу
әдіс – тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Жас ерекшелiк психологиясы
– әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын
азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай
тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы,
жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы.
Арнаулы психология - бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын,
ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы
аурулардың себептерін қарастырады.
Еңбек психологиясы – адамның іс – әрекет түрлерінің психологиясын,
еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.
Еңбек психологиясының мақсаты – әр түрлі еңбектегі мамандық
ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік – кәсіптік
жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал – аспаптардың құрылысы мен
орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. Авиациялық
психология - ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай –
жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі
ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды
даярлап шығару мақсаттарын көздейді.
Ғарышкерлік психология – адамның салмақсыздық пен әлем кеңістігінің
айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық
жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі көңіл – күйі
мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.
Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да
бар. Олар ауыл шаруашылығына қатысты болып келеді.
Медициналық психология – дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез –
құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаққа бөлінеді, әрбір тармақтың адам
психикасын зерттеуге қатысты мақсат – міндеттері бар. а) Нейропсихология
психикалық құбылыстыр мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын жєне
олардың өзара қатынасын зерттейді; є) Психотерапия – ауру адамға психикалық
әдіс – айла және емдік тєсілдер қолдану мәселелерін қарастырады; в)
Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға
арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның єдіс – тәсілдерін айқындаумен
шұғылданады. Әскери психологияның ең басты міндеті – азаматты ел –
жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Психология пәні және міндеттері
Жалпы психология пәні, мақсаты, міндеттері
Салыстырмалы психология пәні, міндеттері, әдістері
Психология пәні және оның міндеттері
Гендерлік психология саласының мақсат-міндеттері, пәні, объектісі.
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Психологияға кіріспе. Психология пәні, мақсаты, міндеттері
Эксперименталды психология курсының пәні мен міндеттері
Психология пәні және міндеттері.Психология ғылымының қолданбалық (прикладной) мәні
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь