Радиобайланыс регламенті Радио байланыс түсінігі және тарихы



Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық технологиялық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Радиобайланыс регламенті

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2014ж.

Мазмұны

І. Кіріспе бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Радио байланыс түсінігі және
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.2. Радиобайланысты ұйымдастырудың негізгі
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.3. Радиобайланыс
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 10
2.4. Жылжымалы радиобайланыс
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.5. Радиобайланыс
регламенті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..14
2.6. Сигналдарды алшақтату
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..28
І. Кіріспе бөлім
Байланыс кабелі — әр түрлі жиіліктегі электрлік не оптикалық
сигналдардың көмегімен ақпаратты (телеграмманы, телефон, телеграф,
теледидар және радио хабарларын, түрлі деректерді, телемеханикалық
сигналдарды, т.б.) жеткізуге арналған кабель. Ол құралымы бойынша:
симметриялық, коаксиалды және талшықты-оптикалық байланыс кабелі;
жеткізілетін токтың жиілігіне қарай төменгі жиілікті және жоғары жиілікті
Байланыс кабелі қолданылу аясына қарай алысқашықтықтық байланыс кабелі
(қалааралық) және жергілікті байланыс кабелі (қалалық, ауылдық, т.б.);
кабель тарту тәсіліне сәйкес жер асты, су асты және аспалы (ауалық)
Байланыс кабельдері, т.б. болып ажыратылады.
Байланыс құралдары қазіргі кездегі ең басты қажеттіліктердің бірі
болып табылады. Ол өте маңызды экономикалық және әлеуметтік қызмет
атқарады. Осы заманғы байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай
орналасқан аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ
дүниежүзінде байланыс жүйесі біркелкі таралмаған, тіпті адамзаттың тең
жартысына жуығы "телефон" дегеннің не екенін де білмейді.
Байланыс жүйесі өте күшті дамыған ел — АҚШ. Оның үлесіне
дүниежүзінлегі телефон жүйелерінің 25-сі, ең жаңа байланыс жүйелерінің
910-ы тиесілі. Оған нақты мысал ретінде мынаны айтуға болады: Нью-Йорктің
Манхаттен ауданындағы телефон желісінің саны бүкіл Африка материгіндегі
желілер санымен бірдей
Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік
инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болып табылады, ол байланыс қызметіне жеке
және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және
қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік
органдардың қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған.
Байланыс және есептеу техникасы құралдары ақпаратты жинау, сұрыптау,
жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды.
Жылжымалы байланыс жүйесі – телекоммуникацияның қарқынды дамып келе
жатқан салаларының бірі. Келесі онжылдықтың ішінде барлық байланыстың
жартысынан көбі толығымен сымсыз болады деп күтілуде. Қазіргі кезде
жылжымалы байланыс жүйесі бай қолданушыларға арналған қымбат құрылғы
разрядынан нарықтың басым бөліктерінің біріне айналды. Интернет және оның
құрылымдық бөліктерінің жылдам дамуы мобильді жүйелердің болашағы үшін
қолайлы жағдай жасады. Бұл жүйелердің теориясы мен практикасы академиялық
мекемелердегі дәрістік курстардың тақырыбына айналып, күннен күнге
телекоммуникация саласында жұмыс істейтін мамандардын қызығушылығын
тудыруда.
Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын)
иелікке беруді жүзеге асыру және Халықаралық электр байланысы одағының
Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру
жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Халықаралық электр байланысы одағының
Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру
жөніндегі рәсімдерді әзірлеу мен орындауды қамтамасыз етеді.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Радио байланыс түсінігі және тарихы
Радиобайланыс — радиотолқын көмегімен ақпарат алмасу. Радиобайланыс
жүйесінің ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы
антенналардан тұратын радиотарату құрылғысы, ал қабылдаушы жағында қабылдау
антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын радиоқабылдау құрылғысы
орналасады. Таратқышта қоздыратын тасымалдаушы жиіліктегі тербеліс
берілетін ақпарат сигналының заңына сәйкес өзгертіледі , ал қабылдаушы
жақта кері процесс жүргізіледі. Байланыс біржақты және екіжақты болуы
мүмкін. Радиобайланыс қозғалмайтын объектер мен жылжымалы объект арасында,
сондай-ақ жылжымалы объектілер арасында байланыс орнатудың бірден бір
тәсілі.[1]
1888 ж. орыс ғалымы A. С. Попов электромагниттік толқындар арқылы алыс
қашықтықтарға сигнал жеткізудің ғылыми болжамын ұсынды. Бұл проблеманың
практикалық шешімін ол 1896 ж. тапты. Сол жылдың 24 наурызында Ресейдің
физика-химия қоғамының мәжілісінде A. С. Попов әлемде бірінші рет 250 м
қашықтыққа сымсыз радиограмма арқылы Генрих Герц деген екі сөзді жеткізді.
Поповпен бір мезгілде радиобайланыс идеяларын дамытып, радиоаппаратура
жасау мәселесімен италияндық ғалым Г. Маркони да шұғылданды. Ол 1897 ж.
электромагниттік толқындарды пайдаланып, хабар таратуға болатыны жөнінде
патентті A. С. Поповтан бұрын алды.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында электромагниттік толқындар
көзі ретінде электр ұшқындары қолданылды. Электр ұшқындарының табиғатта
кездесетін түрі — найзағай. Бірақ мұндай ұшқынды разрядтар электромагниттік
тербелістердің өшпелі кездері болып табылады. 1913 жылдан бастап
үшэлектродты радиошамдарды пайдаланатын өшпейтін мәжбүрлі (еріксіз)
тербелістердің генераторлары жасалды. Өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап
шамды генераторларды транзисторлар ығыстырып шығара бастады.
Теориялық ізденістер мен практикалық зерттеулер ақпаратты алысқа
жеткізуде (әсіресе оны сөз, ән-күй, кескін түрінде бейнелеуде) өшпейтін
синусоидалық әлектромагниттік тербелістердің аса маңызды екенін көрсетті.
Міне, сондықтан ақпаратты өте алысқа жіберерде, жиілігі үлкен қуатты
радиотолқындар пайдаланылады. Әдетте, жиілігі 0,2 МГц-тен асатын
радиотолқындар ұзын, 1 МГц-тен асатыны орта, 12 МГц аймағындағылар қысқа,
ал одан үлкен жиіліктегілері ультрақысқа радиотолқындар деп аталады. Бейне
кескіндерді электромагниттік толқындармен жеткізу үшін гигагерцпен
(миллиардтаған герцпен) өлшенетін жиіліктер қолданылады.
Мұндай жиіліктер дециметрлік толқын ұзындықтарына сәйкес келеді.
Электромагниттік тербелістерді тербелмелі контур шығарады. Мұндай
тербелмелі контурда электромагниттік тербеліс пайда болғанымен, олар
кеңістікке толқын түрінде тарай алмайды. Себебі электр өрісі конденсатор
астарларының арасында, ал магнит өрісі катушка ішінде жинақталады.
Сондықтан оларды жабық тербелмелі контурлар деп атайды.
Электромагниттік тербелістер кеңістікте толқын түрінде таралуы үшін
ашық тербелмелі контурлар пайдаланылады. Ол үшін жабық контурлардағы
конденсаторлардың астарларының ауданын азайтып, ал катушкалардың орам санын
кеміту керек. Шекті жағдайда катушкалар бірте-бірте түзу өткізгіштерге
айналып, ал олардың тақау ұштары конденсаторлардың қызметін атқаратын
болады.
Мұндай құрылғы ашық тербелмелі контур деп аталады. Контурлардағы
тербелістер өшіп қалмау үшін конденсаторлардың астарларын үнемі зарядтап
отыру қажет. Ол үшін арнайы лампалы немесе транзисті генераторлар
қолданылады.
1894 ж. Попов генераторлар мен радиотолқындарды қабылдайтын
қондырғыларға ұзын сымдарды жалғағанда, радиобайланыстардың жақсаратынын
байқады. Осылай радиотаратқыштар мен радиокабылдағыштардың маңызды бөлігі
болып табылатын антенна ойлап шығарылды. Антенна ашық тербелмелі контур
болып табылады.
Оның электромагниттік өрісі кеңістіктің үлкен бөлігін қамтиды.
Сондықтан антенна электромагниттік толқындарды жақсы шығара да, қабылдай да
алады. Тұрмыста және техникада, сондай-ақ ғылыми мақсаттар үшін
антенналардың көптеген түрі қолданылады. Олардың параболоидалық табақ
түрінде жасалған құрылғылары алыс ғаламдардан элек-тромагниттік толқындарды
қабылдай алатын радиотелескоптарда пайдаланылады.
1967 жылдың жаз айында радиотелескоптың жәрдемімен Кембридж
университетінің ғылыми кызметкерлері ғарыш кеңістігінен келіп жеткен
радиосигналдарды тіркеді. Бұл сигналдар периодты түрде әрбір 1,33730113 с
сайын қайталанды, ал импульстің ұзақтығы 10—20 мс уақытқа созылған.
Таң-тамаша болған зерттеушілер де, басқа ғалымдар да бұл сигналдарды
әуел баста алыс ғаламдағы саналы тіршілік иелерінің аспан кеңістігіне әдейі
жіберіп отырған хабары деп пайымдады.
Алайда кейінірек олардың сыры белгілі болды. Бұл радиосигналдардың
көзі—кейінірек пульсарлар мен квазарлар деп аталған ерекше объектілер болып
шықты.
Қазіргі кезде пульсарларды аса ірі жұлдыздардың қартайған шағындағы
жарылыстан қалған сарқыншағы деп есептейді. Пульсардағы заттың тығыздығы
ғаламат шамаға (~1016 кгм3) жетеді және оның диаметрі баржоғы 10—100 км
төңірегінде болады.
Диаметрі кішкентай болғандықтан, пульсарлар өз осінің төңірегінде 1—2
с ішінде толық бір айналып шыға алады. Бұндай пульсарлардың бетінде
радиотолқындарды өте жіңішке конус түрінде шығаратын ыстық дақтар болуы
мүмкін. Осындай ыстық дақтардан таралатын радиотолқындар Жер бетіне де
келіп жетеді. Пульсармен қоса оның бетіндегі ыстық дақтар да периодты
айналысқа түседі. Сөйтіп, ыстық дақтардан шығатын радиотолқындардың
кеңістікке таралу бағыты пульсардың айналуына байланысты өзгеріп отырады.
Бір период уақыт өткеннен кейін радиотолқынның (сигналдың) таралу бағыты
тағы да Жерге қарай бағытталады. Осы кезде оларды радиотелескоптар қайыра
тіркейтін болады.
2.2. Радиобайланысты ұйымдастырудың негізгі әдістері
Байланысты ұйымдастырудың негізгі әдістері: радиожүйе және радиобағыт
Радиожүйе — бұл бір жалпы радиоберілуде жұмыс істейтін үш немесе одан
да көп хабарламалардың арасындағы радиобайланысты ұйымдастыру әдісі.
Радиожүйе: неғұрлым аз шығынды күшпен және құралмен барлық хабарламалар
арасындағы байланысты және хабарларды нұсқаулы таратуды қамтамасыз етеді.
Радиобағыт — бір жалпы радиоберілуде жұмыс жасайтын екі хабарлама
арасындағы байланысты ұйымдастыру әдісі. Радиобағыт радиожүйемен
салыстырғанда көрінбеулігімен, жіберу мүмкіндігімен және үлкен
тұрақтылығымен ерекшеленеді.
Негізгі радиостанцияның талаптары барлық радиостанциялармен орындалуы
керек. Радиобайланысты ұйымдастыру үшін мына радиоберілгендер өңделеді:
жиілік, шақырғыш паролдер және радиоқұжаттар кілттері.
Шақырғыш және еркін жиілікті қолдануға тиым салынады. Радиоберілгендер
белгілі бір тәртіпке сәйкес уақыты біткеннен кейін жойылатын гриф құпияға
және шекті уақытқа ие. Радиожүйеде және бағытта хабарламалар радиоалмасуды
жүргізеді. Радиоалмасу арқылы командалардың қабылдануы мен таратылуын,
сигналдарды, радиограммаларды және радиосөйлесуді енгізуді анықтайды.
Радиобайланыс — бұл радиотолқындардың (электромагнитті тербеліс)
көмегімен әртүрлі арақашықтықтағы ақпараттардың алмасуына арналған
электробайланыстың бір түрі. Радио (лат. radiare – сәулелену),
радиобайланыс термині - сәулелену көмегімен болатын байланыс, яғни
өткізгішті сымның көмегінсіз (сымсыз байланыс). Кеңістік антеннасының
көмегімен таратқыш сәулеленеді де жер бетіне таралып келесі қабылдағышқа
әсер етіп электрлік энергия электромагнитті толқын энергиясына айналады.
Екі жақты байланыс болуы үшін әрбір радиостанция таратқыш пен қабылдағыштан
тұруы керек. Аз қуатты радиостанцияда таратқыш пен қабылдағыш жалпы
корпуста монтируются. Жоғарғы қуатты сигналдарды сәулелендірген кезде
таратқыштар жеке қондырғылармен дайындалады. Сапалы радиосигналдарды алу
үшін қабылдағыштар да жеке қондырғылармен дайындалады. Тарату кезінде
электромагниттік толқындарды сәулелендіретін, қабылдау кезінде олардың
энергиясын жұтып алатын құрылғы антенна деп аталады. Антеннаның қарапайым
түрі бір жағы жерден көтерілген,бір жағы таратқышқа немесе қабылдағышқа
қосылған кәдімгі сым десек болады.
2.3. Радиобайланыс принциптері
Электромагниттік толқындардың қысқа және ұзақтау импульстарынан
құралатын телеграф сигналдарын ғана жеткізу емес, онан әрі электромагниттік
толқындардың көмегімен сөзді, музыканы жеткізу мүмкіндігі туды, яғни,
сенімді және жоғары сапалы радиотелефон байланысы іске асырылды.
Модуляция. Радиотелефон байланысын жүзеге асыру үшін, антенна күшті
шығарып тарататын, жиілігі жоғары тербелістерді пайдалану қажет. Жиілігі
жоғары өшпейтін гармониялық тербелістерді генератор, мысалы, транзисторлы
генератор өндіріп береді. Дыбысты жеткізу үшін осы тербелістерді өзгертеді,
яғни басқа сөзбен айтқанда, модуляциялайды. Оны жиілігі төмен электр
тербелістерінің көмегімен жасайды. Мысалы, жиілігі жоғары тербеліс
амплитудасын дыбыстыкіндей жиілікпен өзгертуге болады. Бұл тәсілді
амплитудалық модуляция дейді де, ал жиілік өзгерсе жиіліктік модуляция деп
атайды.
Детектирлеу. Қабылдағыш ішінде жиілігі жоғары модуляцияланған
тербелістерден жиілігі төмен тербелістерді айырып, бөліп алады. Сигналды
осылай түрлендіру процесін детектирлеу деп атайды.Детектирлеу нәтижесінде
алынған сигнал, хабарлағыштың микрофонына әсер еткен дыбыс сигналына сәйкес
болады. Жиілігі төмен электр тербелістерін күшейтіп алып, дыбысқа
айналдырады және басқа мақсаттар үшін де пайдаланады.
2.4. Жылжымалы радиобайланыс жүйелері
Жылжымалы радиобайланыс жүйелері (ЖРЖ) мүмкіндіктерінің әр
түрлілігімен сипатталады. Олар бір-бірінен күрделілік деңгейіне, қызмет
көрсету көлеміне және пайдалану шығынына байланысты ажыратылады. Мұндай
жүйелердің негізгі қасиеттері болып кем дегенде қолданушылардың біреуінің
болсын қозғалмалылығы және оның терминалы мен байланыс құрылғысы арасындағы
сымсыз байланыстың болуы саналады.
ЖРЖ классификасының критерийлерінің бірі – қызмет көрсету көлемінің
жиынтығымен қоса олардың күрделілік денгейі. Бұл көзқарас бойынша олар
келесі категорияларға жіктеледі:
– жеке радиошақыру жүйелері;
– сымсыз телефония жүйелері;
– транкингті жүйелер;
– ұялы жылжымалы байланыс жүйелері;
– дербес спутниктік байланыс;
– локалды есептеуіш желілеріне сымсыз қосылу жүйелері.
Енді айтып кеткен категориялардың кейбіріне тоқталып, олардың
сипаттамалық ерекшеліктерін келтіріп, арасындағы айырмашылықтарды
көрсетейік.
Жеке радиошақыру жүйелері (пейджингті ағылшынша paging – шақыру),
алғашында, хабарлық жүйелер негізінде құрылды. Классикалық пейджингті
жүйеде байланыс – бір бағытты, демек, байланыс шақыруды өңдеу орталығымен
қосылған базалық станциядан таңдалған жылжымалы станцияға қарай жүзеге
асады. Жылжымалы станция жүйенің радиотаратушы дабылдарының арасынан тек
өзіне бағытталған дабылды қабылдай алады. Классикалық жүйеде пейджер тек
қабылдағыш құрылғы ғана. Пейджингі жүйе дамуының алғашқы кезеңдерінде
қабылданған дабылдың қызметі қарапайым болды – қоңырауды – дыбыстық
дабылдар генераторын іске қосу болды. Содан кейінгі кезеңдерде пейджингті
жүйелерде қабылданған хабарламалардың құрамы әріптік-сандық символдар
тізбегі түріне ие болды. Ережеге сай, мұндай хабарламаларды тарату үшін
жиіліктік модуляция қолданылады.
Пейджер дабыл таратуға арналмаған қарапайым құрылғы болғандықтан, аз
ғана энергияны керек етеді және көлемі жағынан да шағын болып келеді.
Мекемелер мен құрылыс объектілерінің қалың іргелерінен өте алатын қуатты
дабыл базалық станциядан таралады. Базалық станциядан пейджерге
бағытталатын бір бағытты байланыс қосылудың ассиметриялылығын ескере отырып
ықшамдандырылады.
Стандартты пейджингі жүйе келесі компоненттерден тұрады:
– берілген қолданушыға дыбыстық немесе әрптік-сандық хабарламаны
жіберуге болатын шақыруды өңдеу орталығынан;
– жүздеген мегагерц жиілікте жұмыс істейтін базалық таратушыдан;
– бірнеше қабылдағыштар (пейджерлер) қатарынан.
Пейджингті жүйелердің қызмет көрсету аумағына байланысты бір ғана
антеннадан тұратын кішкене көлемді (локалды) және белгілі тәртіппен
орналасқан көптеген антенналары бар кең ауқымды болып бөлінеді. Соңғысының
қызмет көрсету аумағы тұтас мемлекеттің ауданына дейін жетеді. Сонымен
қатар, ERMES деп аталатын ортақ еуропалық жүйе де бар.
Пейджингті жүйелердің әрі қарай дамуы хабарлама қабылдауды құптауға
арналған кері байланыс каналын еңгізумен сипатталады.
Қазіргі кезде пейджингі жүйелердің даму қарқыны бәсеңдеп кетті. Оның
басты себебі – ұялы телефондардың кең қолданысқа енуі. Пейджингті жүйелер
өзінің әрі қарай дамуына, дәлірек айтсақ, жойылып кетпеу мүмкіндігіне
нарықтың тек арнайы сегментінде ғана ие бола алады.
Транкингті жүйелер – кеңістікте шашыраңқы орналасқан ресурстарды
басқару қажеттігі туындайтын ірі кәсіпорындарда коммуникационды желі
орнатуға арналған жылжымалы байланыс жүйесі. Мысалы, мұндай кәсіпорындардың
бірі – жүк көтеруші немесе қызмет көрсетуші (такси) автомобильдер паркі.
Транкингті жүйелер, әсіресе, транспорттық компаниялар мен арнайы қызмет
орындары үшін қолайлы; мысалы: полиция, апаттық қызмет көрсету органдары,
газ және энергия тасымалдаушы компаниялар және т.б. Мұндай жүйелердің
өзіндік ерекшелігі – шақыруды үлестіретін диспетчерлік және басқарушы
орталықтардың болуы. Бұл жүйеде басқа телефон желілерде тек арнайы қызмет
түрінде берілетін байланыс түрлерін орнатуға болады; мысалы: диспетчерлік
орталықтан бір мезетте барлық жылжымалы станциялармен немесе олардың арнайы
бір тобымен байланыс орнату немесе бірнеше жылжымалы станциялар арасындағы
өзара байланыстың орнатылу мүмкіндігі.
Транкингті жүйелердің эволюциясына келіп тоқталсақ:
– бір радиостанция және ортақ радиоканалы бар жүйе. Әрбір
қозғалмалы станция кез келген станцияға жіберілетін барлық дабылды тыңдай
алды;
– британдық МРТ 1327 стандартымен сәйкестендірілген аналогтық
жүйелер;
– TETRA деген атпен белгілі және Еуропалық телекоммуникациялық
стандарттар институтымен (ағылшынша European Telecommunications Standards
Institute, ETSI) бекітілген сандық жүйелер. Сөздік дабылмен қатар
ақпараттық дабылды таратуға мүмкінді береді.
Негізгі ойы және транкингті жүйе атауы бұл жүйелердегі каналдардың
үлестіру ережелерін көрсетеді. Ортақ болып табылатын жүйелік ресурстар
белгілі бір каналдар санынан (байланыс діңгегінен, ағылшынша Trunk)
тұрады. Кез келген бос канал жаңа байланыс орнату үшін қолданыла алады және
байланыс аяқталғаннан кейін ортақ квотаға қайта қосылады. Транкингті
жүйелер мен классикалық диспетчерлік жүйелер арасындағы негізгі айырмашылқ
осы болып табылады. Мысалы, егер диспетчерлік жүйеде топтағы барлық
каналдар бос болмаса, сол топтағы қолданушы басқа топтағы бос каналдарды
қолдана алмайды.
2.5. Радиобайланыс регламенті
Радиожиіліктер — радиотолқындарға сәйкес келетін электромагниттік
тербеліс жиіліктері. Халықаралық радиобайланыс тәртіптері (регламенттері)
бойынша радиожиіліктер 4-нөмірден 12-нөмірге дейінгі 9 диапазонға бөлінеді.
PCS жылжымалы радиобайланыс жүйесінің құрлықты типтік моделі немесе
ұялы жүйе тарату түзуі базалық станцияның жоғары көтерілген антеннаны
(немесе бірнеше антеннаны) және түзу көру түзуіне (LOS) таратылған
кішкентай бөлікті өзіне кіргізеді. Соныменқатар (көптеген трассалар) қайта
шағылысулармен көптеген трассалар (яғни, түзу емес көрінумен-NLOS) және
автомобильдерде немесе жылжымалы қабылдаптаратқышта немесе таситын
радиостанцияда орналастырылған бір немесе бірнеше жылжымалы антенналар бар.
Көптеген жағдайларда толық емес аумақта радиотолқындарды тарату тура
көрінетін антенна арасы мен базалық станция аумағындағы орны бар немесе
жасанды бөгеулер үшін жылжымалы радиостанция антенналары. Бұл жағдайда
радиотарату трассасы кездейсоқ түрде өзгеретін тарату станциясы сияқты
модельдене алады. Суреттей мысалда базалық станция антеннасы 70м биіктікте
орналасқан яғни, ең биік ғимарат шатырында. Түзу LOS станциясы (does)
жойылған бос аралықта базалық антенна мен бірінші ғимарат арасында жатады.
Осы үшін оның түзу do трасса әсері көніп қалады. Жоғарыда орналысқандар
сигналдарды көрсетеді. Көрсетіліп ұсталған сигналдар қабылданғанда түзу
трассадағы қуатпен салыстырылған әлсіреген сигналдарды иімдене алады.
Көптеген жағдайларда радиотолқындардың таралатын бірден көп жолдары
болуы мүмкін және бұл ситуация көпсәулелі таратылу деп аталады. Таралу
трассасы жылжымалы объектінің, базалық құрылғының немесе қоршаған заттар
мен ортаның жылжуы арқылы өзгереді.
Ең ақырын орын ауыстырудың өзі көпсәулелі таратуы уақыт шарттарында
өзгеруге және қабылданған сигнал параметрлерінің өзгеруіне әкеледі. Мысалы,
ұялы жүйенің абоненті жоғары жылдамдықты автостраданыі қасындағы
автотұрақта автомобиль ішінде тұр.
Салыстырмалы түрде абонент жылжымалы болғандықтан, қоршаған орта
бөлігі 100кмсағ жылдамдықпен қозғалады. Автострадағы автомобильдер
радиосигналдарының шағылыстырушылары болып қалады. Егер берілу немесе
қабылдау кезінде бұл абонент те жылжып тұрса,(мысалы, 100кмсағ
жылдамдықпен) , онда кездейсоқ жағдаймен шағылысқан сигналдар параметрлері
үлкен жылдамдықпен өзгереді. Сигнал деңгейінің өзгеру жылдамдығы көбінесе
доплеровті шағылысуымен суреттеледі.
Радиотолқындарының таралуы бұндай шарттарда үш жағдаймен сипатталады,
бөлікті өзінше эффектілермен, көп сәулелі тарату үшін қатып қалу сияқты
танымалы, экрандау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиобайланыс регламенті
Электромагниттік толқындарды пайдалану
Электромагниттік толқынның таралуы
Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық
Дабыл және байланыстың құрылымдық бөлімшелеріндегі ДОБ құрылғылары
Дабыл және байланыс дистанциясымен, оның құрылысымен танысу
Инженерлік жүйелерге,желілерге жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
Радиолокация және радиолокациялық құрылғылар
Радио және оның шығу тарихы
Пәндер