Радиорелелік станция жабдықтары


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Экономикалық технологиялар колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Радиорелелік станция жабдықтары»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2014ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Радиорелейлік станция жабдықтары

1. 1. Радиорелейлік байланыс жүйелеріне сипаттама . . . 5

1. 2 DRX - 4, М-200 станцияларына қысқаша мінездеме. 6

2 Цифрлық радиорелейлік байланыс линияларының

құрылғысын таңдау

2. 1 Цифрлық радиорелейлік тарату жүйелері ұйымдастыру . . . 11

2. 2 «PASOLINK NEC» цифрлық байланыс жүйесі . . . 12

2. 3. Заманға сай технологияның техникалық ерекшеліктері . . . 13

2. 4 ЦРРЛ интервалдарындағы сигналдардың тынуымен жүргізілетін

күрестер тәсілдері . . . 15

3 ЦРРЛ пролеттерін есептеу

3. 1 ЦРРЛ пролеттары үшін ақпараттар . . . 16

3. 2. Антенналардың ілінуін есептеу . . . 17

4. Еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздігі. . 25

Қорытынды . . . 34

Қолданылатын әдебиеттер тізімі . . . 36


Кіріспе

Соңғы үш онжылдықта электрониканың жетілуіне байланысты және дециметрлік пен сантиметрлік диапазондарындағы толқындары кеңінен игеруге байланысты радиорелейлік линия байланысы дамыды.

Радиожүйе - бұл бір жалпы радиоберілуде жұмыс істейтін үш немесе одан да көп хабарламалардың арасындағы радиобайланысты ұйымдастыру әдісі. Радиожүйе: неғұрлым аз шығынды күшпен және құралмен барлық хабарламалар арасындағы байланысты және хабарларды нұсқаулы таратуды қамтамасыз етеді.

Радиобағыт - бір жалпы радиоберілуде жұмыс жасайтын екі хабарлама арасындағы байланысты ұйымдастыру әдісі. Радиобағыт радиожүйемен салыстырғанда көрінбеулігімен, жіберу мүмкіндігімен және үлкен тұрақтылығымен ерекшеленеді. Негізгі радиостанцияның талаптары барлық радиостанциялармен орындалуы керек.

Радиорелелік байланыс - радиорелелік желілерді қолдану арқылы жүргізілетін радиобайланыс. Радиорелелік байланыстың мәні - алыс қашықтықтарға сымсыз хабар жеткізуге мүмкіндігі бар, көп арналы, дуплексті телефон-телеграф байланысын қамтамасыз ету. Радиорелелік байланыс метрлік, дециметрлік және сантиметрлік диапазондағы радиотолқындарда жүргізіледі.

Ол радиорелелік желі арқылы бір мегзілде 100 телефонды радиохабар бағдарламаларын таратуға мүмкіндік бере алады. Радиорелелік байланыс әскердің ұрыс әрекетінің барлық түрінде дербес түрде де, сондай-ақ радио және сымды байланыстарды қосу арқылы да қолданылады

Тура көру радиорелейлік линия көмегімен, көпарналы телефон сигналдарын аналогты және цифрлы түрде және телевизиялық сигналдарды дыбыстық ілесі жүру сигналдарымен қоса тартады.

Цифрлық радиорелейлік линияның бөгеуілге қарсы тұрушылығы өте жоғары, сигналдарды жоғары санамен тарататын цифрлық жүйе, сонымен қатар оның экономикалық тиімділігі де жоғары.

«PASOLINK» жүйесі тар жолақты жаңа техникалық қондырғы, құрамында дистанциялық қызмет көрсетуі бар, автоматты режимде және 7/8/13/15/18/23/26/28/38 ГГц радиожиіліктер диапазондарында жылдамдығы 34 Мбит/с болатын, бірнеше пункттер арасында цифрлық байланыс орнатады.

Есептеу бөлімінде тура көру цифрлық радиорелейлік линиялық жүйе құрамына негізгі үш бөлім кіреді. Олар: антенналарды ілуін есептеу, байланыс тұрақтылығын есептеу және энергетикалық есептеулер.

Радиорелелік желілер құрылысына (РРЖ) (NEC Pasolink) сымды байланыс желілерін салуға қарағанда (әсіресе күрделі жерлерде жүргізілетін болса), бірнеше есе аз уақыт кетеді. Сонымен қатар РРЖ (NEC Pasolink) жаюға кететін қаржылық шығын айтарлықтай аз. Желінің ұзындығы 50км-ден астам болуы мүмкін.

Pasolink - NEC (Япония) корпорациясы өндіретін сандық радиорелелік жүйелер топтамасы. Комплект антеннадан, сыртқы қабылдағыш-бергіш және ішкі қондырғы блогынан тұрады. Ішкі қондырғы блогы модем және түрлі интерфейсті сигналдар мультиплексорының қызметтерін атқарады.

NEC Pasolink радиожелілік жабдықтарының орнату және қызмет көрсету қарапайымдылығы оларды күнделікті шарттарда және төтенше жағдайларда ақпарат беру үшін тиімді қолдануға мүмкіндік береді.


1. Радиорелейлік станция жабдықтары

1. 1. Радиорелейлік байланыс жүйелеріне сипаттама

Тоқсаныншы жылдар басында көптеген коммерциялық ұжымдар пайда болады, олар телекоммуникация желісі кең таралуына өте мұқтаж, өйткені байланыс сапасынан олардың бизнесі өте тәуелді болатын.

Іс жүзінде, жұмыс істеп тұрған кабельдік линияларды жетілдіру, реконструкциялау көптеген құралдар мен уақытты талап етеді. Абоненттік желілерде қолданылатын кабельді жасайтын өндірісті жетілдіруге қымбат тұратын түсті металл мұқтаждығы кедергі жасайды.

Түсті металл бағасы өте жоғары болады, сондықтан радиорелейлік линиялар салмағы өндірісте өсе бастады. Қазақстанда көп жерлер таулы тасты, орманды, құмды болып келеді, сондықтанда радиорелейлік линияларды қолдану тиімді, әрі арзан.

Радиобайланысты ұйымдастыру үшін мына радиоберілгендер өңделеді: жиілік, шақырғыш паролдер және радиоқұжаттар кілттері. Шақырғыш және еркін жиілікті қолдануға тиым салынады. Радиоберілгендер белгілі бір тәртіпке сәйкес уақыты біткеннен кейін жойылатын гриф құпияға және шекті уақытқа ие. Радиожүйеде және бағытта хабарламалар радиоалмасуды жүргізеді. Радиоалмасу арқылы командалардың қабылдануы мен таратылуын, сигналдарды, радиограммаларды және радиосөйлесуді енгізуді анықтайды.

Объектіні іске қосуға кететін уақыт аздығымен, проектілік қуаттарды игеру тездігімен, барлық ақпараттар түрлерін жоғарғы сапамен және сенімділікпен тарату, әрі кез келген климаттық зоналарда құру, жердің түрлі рельефтерінде және трассаға орнату үшін көп жер босату керек еместігімен РРЛ-ға деген сұраныс өсіп келеді. Сонымен қатар, сымсыз байланысқа деген сұраныс және жеке байланыс әрі кірістік желілердегі жаңа идеялар цифрлық радиорелейлік жүйелер өткізгіштік қабілеттілігі аз болатын аса қажет болып отыр.

Әсіресе жылжымалы радио байланыстың жаңа технологияларына, сонымен қатар абоненттік радиодоступқа өте көп мөлшерде тез жетілдіретін радиорелейлік линияны әртүрлі қондырғыларды қосу үшін қолданады.

Цифрлық радиорелейлік аппаратураны аймақтық және аймақ ішіндік РРЛ үшін экономикалық тиімділікті арттырудың бірден-бірі бағыты десек болады.

Цифрлық РРЛ орта және аз сыйымдылықты арақашықтығы ұзақ емес жерлерде қолданылатын, аналогты РРЛ қарағанда бағасы анағұрлым аз. Қазіргі кезде цифрлық аппаратуралар радиорелейлік линиялар қашықтығы 300 км дейінгі өндіріске кеңінен енгізіле бастады. Олар электр энергияны аз қолданады, жоғары сенімділікті, телебасқару мен телеқадағалау жүйесі жақсы жетілдірілген, сонымен қатар модуляциялау түрлерінің болашағы бар, негізгі бөліктері жоғары деңгейдегі микросұлбамен жиналған және элементтік базасы жаңа.

1. 2 DRX - 4, М-200 станцияларына қысқаша мінездеме

DRX-4 байланыстың жаңа технологиясы көмегімен өндірілген сандық телефондық станция. DRX-4 сандық телефондық станция ауылдар, қала типті ауылдар және кәсіпорындар үшін арналған. Цифрлық телефондық станциясы DRX-4 МККТТ стандартына сәйкес және шеткі транзиттік, орталық мекемелік станция ретінде пайдалануға болады. Жаңа цифрлық телефондық станция DRX-4 әртүрлі АТС-термен байланысқанда ИКМ принципі бойынша жүзеге асырылады. Станцияның модульдік құрылуы бар. Бұл модульдік құрылу станцияның сиымдылығын арзан және жеңіл көбейтуді қамтамасыз етеді. Әрбір стативте төрт модульдан болады. Үлестірілген процессорлық басқару көмегімен жүйенің сиымдылығы бір стативтен сегiз стативке дейін жеңіл енгізіледі. Сонымен қатар жүйенің конструкциясы станцияаралық АЛ және ҚЛ-ны үш икемді үлестіруді жібереді. Бір стативте аналогты-цифрлық ҚЛ және АЛ-ны іске асыруға болады. Жүйенің барлық функциялары жадыда, өзгеретін бағдарламаға сәйкес іске асырылады. DRX-4 цифрлық телефондық станцияның ең көп сиымдылығы: 3000 нөмір, 300 сандық ҚЛ немесе 3840 абонентке 384 аналогтық ҚЛ. DRX-4 цифрлық телефондық станцияны іске енгізу кезінде абоненттерді қалаға шығуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезге дейін қолданылатын қолдық каналдар автоматты түрде істен шығып қалады. DRX-төрт сандық телефондық станция гелий аккумуляторымен қоректенеді. Станция терморегулятор көмегімен бөлмеде қажетті температураны автономды ұстап тұрады. DRX-4 сандық телефондық станцияда сервисті қызмет көрсету мүмкіндіктері бар. Мысалы: будильник тәртібі. Бұл кезде телефон бойынша кодты тергенде қоңырау уақытын жадыға салып қою мүмкіндігіңіз бар. Сонымен бірге белгілі бір мезетте сізге қажетті нөмірді қосуды бағдарламалау, сіз тек қана кодпен қажетті манипуляцияны жүргізесіз, ал қалғаны автоматты түрде іске асырылады. DRX-4 сандық телефондық станция өзіне-өзі қызмет көрсетеді. Станция ішінде жұмыс тәртібін тексеретін компьютерлік начинка бар. Электр энергия сөнген кезде немесе желіде кернеудің секіруі кезінде, бұл ауылдық жерлерде сипатты, автономды қоректену жүйесі іске қосылады. Станцияның биіктігі 2100 мм, ені 870 мм, тереңдігі 580 мм, салмағы 350 кг. (бір статив үшін), ауданы 0, 48 м 2 . Сондықтан телефондық нөмірге қызмет ету көлемін кеңейтуге болады. Енді абоненттер үшін қосымша қызмет етуін қарастырып кетейік. Олар: шақыруды бағыттау, терілген нөмірді автоматты қайталау, қысқа теру, "Бос емес" кезінде кері теру, кірістік байланысқа тиім салу, күтуде шақыруды орнату, 3 абоненттің конференц-байланысы, кедергі жасау.

Станция қызмет етуінде ерекше талаптар қоймайды, бірақ қажетті нормаларды бақылау керек. Олар қоршаған ортаның температурасы, дымқылдық, бөлме тазалығы деген көрсеткіштер. Тағандағы модульдерге көңіл бөліп кетейік. Тағанның жоғарғы бөлігінде шақырушы генератор және бақылау блогы орналасқан. Тағанның қалған бөлігі перифериялық бақылау платадан тұратын 4 модульге бөлінген.

а) Перифериялық плата (абоненттік, каналдық, VTR, қосқыш плата) ;

ә) Қадағалау платасы (МХС модульдер байланысы және бақылау платасы, GNS желісі және топтың коммтация платасы, цифралық қосқыш линия платасы) .

Станция әрбір модульде орналасқан МХС және GNS плата бақылаудың үлестіру жүйесімен жұмыс істейді. Жүйеде қолданылатын жады құрылғысы қатты дискіде барлық абоненттік қоңырауларды тіркейді, оларды жүйелендіреді және жазбаша түрде таратады. Абоненттік жүйесі және станцияаралық линиясы бар кезінде аналогты және цифралық станцияаралық ағындарды және бір тағанда абоненттік линияларды біріктіруі мүмкін. NETAS фирмасымен шығарылатын KEBAN құрылғысымен қамтамасыз етілетін жүйенің жұмысы үшін қажетті кернеу-48 V. Әрбір модульде орналасқан қуатты түрлендіргіш платасымен өндірілетін (PRG) бақылау және алып салынатын платаның жұмысы үшін қажетті кернеу 12V және 5V. DRX-4 цифрлық телефондық станцияның өзінің техникалық ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктеріне көңіл бөлейік.

Технологиясы: жазылған бағдарлама, үлестірілген басқару; коммутация; МККТТ стандарты.

Импульсті-кодалық модуляция (ИКМ) 2048Мбит/с МККТТ стандарты бойынша өлшеу.

Номинальды кедергі: 600 Ом. Бос каналдың шуы: Псофометрикалық шу: ≤ -65 дБ моп.

Бір жиіліктің шуы ≤-50 дБ моп.

Аспаптың шулық эффектісі ≤-75 дБ моп.

Импульстік шу: -35 дБ моп. бестен аз табалдырық деңгей кезінде; Бейнеленген сигналдың әлсіреуі: Номиналды кедергі кезінде 300-600Гц жиілікте 12дБ әлсіреуі. Гармоникалық құрушылар -10 дБ моп және 300-3400 Гц кезінде кірістік сигнал үшін негізгі гармоникадан төмен орналасқан екi және үш гармоника;

Сыртқы модуляция: 35 дБ.

Сурет 1. 1 - DRX-4 коммутациялық жабдығының негізінен толық

сипаттамасының архитектурасы

М-200 байланыстың жаңа технологиясы көмегімен өндірілген сандық телефондық станция. М-200 сандық телефондық станция ауылдар, қала типті ауылдар және кәсіпорындар үшін арналған. М-200 цифрлық телефондық станциясы МККТТ стандартына сәйкес және шеткі транзиттік, орталық мекемелік станция ретінде пайдалануға болады. Жаңа цифрлық телефондық станция М-200 әртүрлі АТС-термен байланысқанда ИКМ принципі бойынша жүзеге асырылады. Жүйенің архитектурасы модульденген құрылымды. Бұл модульдік құрылу станцияның сиымдылығын арзан және жеңіл көбейтуді қамтамасыз етеді.

М-200 станциясының функцианалдық қызметі әр модульдерге бөлінген, яғни байланысты жылдамда дұрыс қосуды және сенімді қызмет көрсетуге себеп болады. Барлық жүйедегі модульдер орталық коммутациялық өрістегі (GSM) генератордан синхрондалады. М-200 станциясы жазылған бағдарлама көмегімен басқарылады. Жүйенің бағдарламасы магниттік таспада сақталады, ал станцияны іске қосқанда модульдердің сақтау жадысына керекті ақпараттар жіберіледі. Бұл функция администраторлық модуль (ADM) арқылы жүзеге асады.

2 Цифрлық радиорелейлік байланыс линияларының құрылғысын таңдау

2. 1 Цифрлық радиорелейлік тарату жүйелері ұйымдастыру

Цифрлық радиорелейлік тарату жүйелері (ЦРТЖ) магистральды, аумақішіндік және жергілікті желілерде жұмыс істейді.

ЦРТЖ көмегімен тарату арналары мен топтық арналар ұйымдастырылады.

Жалпы ақпараттарды тарату жүйесі құрамында жұмыс істей отырып, бір терминал мен «ақпараттарды сымсыз линия арқылы тарату» линиясы қызметін атқару, төмендегідей негізгі міндеттерді атқарады:

  • байланыс арнасының жоғарғы сенімділігін қамтамасыз етеді, өйткені маршрут бойымен өтетін объектілердің физикалық бұзылу қаупі мүлдем жоқ;
  • ең қиын географиялық зоналарда байланыс орнату мүмкіндігі;
  • жүйе экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуі;
  • РРЛ техникалық қызмет көрсетуге ыңғайлы, әрі тез, жеңіл монтаждау мүмкіндігі туындайды.

Сонымен қатар, РРЛ радио жиіліктер пайдалану, тарату желілерін ұйымдастыру кезінде олардың тиімділігін арттырады. Талшықты оптикалық байланыс линиялары (ТОБЛ) мен РРЛ-ды салыстырсақ олардың келесідей артықшылықтары мен кемшіліктері бар:

  • РРЛ-да ТОБЛ-на қарағанда өткізу қабілеттілігі төмен;
  • РРЛ-да тарату арналарындағы ТОБЛ-ға қарағанда ақаулықтарды түзеу оңай;
  • РРЛ-да ТОБЛ-ға қарағанда өміршеңдігі (пайдалану мерізімі) өте аз;
  • ТОБЛ-ға жаңа инфраструктура құруға болады, ал РРЛ-да аппаратураны өзгерту керек.

Зоналық (аймақішіндік) цифрлы радиобайланыс линиясы (ЦРБЛ) - орта сиымдылықты линиядан, сол сияқты Технологиялық РРЛ-дан тұратын құрылғы, электр тарату линиясын, темір жол транспортында, көмір өндіруде кеңінен қолданылатын технологиялық байланыс орнатуға болады. Қазіргі РРЛ әртүрлі жиіліктік диапозандарда 0, 1-ден 15 ГГц жұмыс істейді. Радиорелейлік станциялар функционалды белгісіне байланысты, торабтың, соңғы және аралық байланыс бөлінеді.

Қазақстанда қазіргі кезде көптеген шетел компанияларының цифрлық радиобайланыс құрылғылары бар. Сол компания құрылғыларының негізгілері «NEC», «Ericsson», «Alcatel», «Nokia», «Siemens», «Радан».

Солардың ішіндегі NEC корпорациясының PASOLINK құрылғысы жоғарыда келтірілген РРЛ-ға қойылатын барлық талаптарға сай. Қазақстан байланыс саласында Қарағанды облысының таулы аудандарында жұмыс істеуге ыңғайлы байланыстың кең тараған түрі.

2. 2 «PASOLINK NEC» цифрлық байланыс жүйесі

«PASOLINK NEC» байланыс жүйесі жергілікті желілерде сапалы байланыс жүйесін құруға, қазіргі байланыс желілерінің толық мүмкіншілігін қолдана отырып, соңғы тұтынушыларға жеткізуге болатын таржолақты радиорелейлік комплекс. Сонымен қатар бұл комплекс пункттер арасында цифрлы байланыс құра отырып 7 /8 /13 /15 /18 /23 /26 /28 /38 ГГц жұмыстық диапозандарға жұмыс істейді.

Бұндай жүйенің өмірге келуі қазіргі кезде ақпарат тарататын цифрлы қызметке сұраныс артуына байланысты өсіп отыр. PASOLINK комплексі байланыс линиясын құруда, жалпы тасымалдаушысы бар клиенттерге кіріс енгізу үшін, корпоративті байланыс линиясын түзу, жергілікті қалалық және селолық байланыс орнату үшін, сонымен бірге уақытша желіні құру, немесе апат кезінде байланыс линиясын құру үшін кеңінен қолданыс тапты. Бұл кезде телефон және ақпараттарды еркін таратуға болады.

Сурет 2. 1 - Диаметрі 0, 3 м антенна және сыртқы қондырғы блогы ODU

Сурет 2. 2 - IDU, ішкі қондырғы блогы (1+0, 1U - бір блок)

2. 3. Заманға сай технологияның техникалық ерекшеліктері

Заманға сай технологияның техникалық ерекшеліктері:

  • Модуляторлы-демодуляторы бір чиптің ішінде (толығымен цифрлы) ;
  • Найквист бойынша квадратты үздіксіз өңдеу;
  • Сенімділігі жоғары;
  • Қуатты аз жұмысайды;
  • Тартқыш қуатын автоматты түрде реттеу қарастырылған.

Спектр кеңдігі тиімді әрі жоғары. Жүйенің күшейту коэффициенті жоғарылығы, QPSK технологиясына байланысты қателерді тура түзету, МШУ смесителінің өте сенімділігі (қабылдағыштың сезімталдығы тамаша), QPSK технологиясының таңдауына байланысты спектрді қолдану, пайдалануы жоғары болып есептеледі. Аз размерлі антенналарды қолдану мүмкіншілігі, жүйенің бағасын арзандатады.

Монтаждау қарапайымдылығы және жеңілдігі

  • Блоктар арасын қосу тек бір коаксиальды кабель және автоматты түзету;
  • Салмағы өте аз, габариттері өте ықшамды. Монтаждаудың әр түрлілігі IDU, ODU және антенналар.

Жиіліктерді өзгерту жылдам және іске қосылуы қарапайым

  • Жазық далада гетеродинді ауыстыру жеңілдігі (синтезатор) ;
  • Модульді аустырмасытан, өлшеуаппаратурасынсыз;
  • Жиіліктің жұмыстық нүктесін өзгерту жеңіл.

Таратқыш қуатын басқару

0-ден 30 дБ дейін (QPSK) және 24 дБ (16 QАМ) ауыстыру қадамы 1 дБ аралығында реттеу. Тартқыш аттеннатрының тіркелген өшулігі 30дБ тапсырма бойынша тіркелген.

Жүйенің икемділігі және әмбебаптылығы

  • (1+0) резервтелмеген немесе (1+1) резервтелген;
  • 1+1 өтпелі резервтелген кезде, жазықтың толқуы, трассаның екіге бөлінуі;
  • 13 /15 /18 /23 /26 /28 /38 ГГц диапозандар үшін ішкі құрылғының жалпы блогы қолданылады;
  • 1х34 /16х2 /8х2 /1х8 /4х2 /2х2 Мбит/с сигналдары үшін сыртқы құрылғының жалпы блогы қолданылады. Кірістік қоректену кернеуі диапозандары кеңВ-танВ тұрақты тоқ.

Техникалық қызмет көрсетулер

  • Ішкі қондырғы блогының кабелдерімен және интерфейстермен жұмыс жасауға толық мүмкіншілік бар;
  • Жақын трасса соңында арнаұйымдастыратын жабдықты кері шлейф бар. Қашық трасса соңында арнаұйымдастыратын жабдықты кері шлейф бар;
  • Ішкі және сыртқы қондырғы блоктарын өзара шақыру қондырғысы;
  • Ішкі және сыртқы қондырғы блокында жергілікті және қашықтан телесигнализациялау функциясы бар.

2. 4 ЦРРЛ интервалдарындағы сигналдардың тынуымен жүргізілетін күрестер тәсілдері

Сигналдардың интерференциялық ЦРРЛ интервалдарында тынумен күресу әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі.

ЦРРЛ интервалдарындағы трассаны жан-жақты таңдау (жер түзулігінен және су бетінен қашу, интервалдар ұзақтығын қысқарту, станция орнатылатын орынды таңдау, антенналар сәуле шағылысуынан туындайтын интервалдардан жойылуы, трассаның зичзакты болуы, станциялар арасындағы антенналар іліну биіктігі әртүрлі шамада болуы) . Қосарланған қабылдаудың қолданылуы (қабылдау антенналары биіктігі арасы кеңістікті алшақ немесе жұмыстық жиіліктер алшақтығы) .

а) жүйенің энергетикалық потенциялын таратқыш қуатын өсіре отырып және антенналардың эффектілігін Ғ көтеру;

б) антенналардың бағытталған қасиетін қолдана отырып тыну тереңдігін азайту;

в) резервтелген тез қосуды қолдану.

ЦРРЛ интервалдарында сигналдардың тынуымен күрес тәсілдері көбіне тиімді болуы үшін қабылдағыш антенналар биіктігі екі кеңістіктік алшақтатылған қос қабылдағышты қолдану арқылы жүргізіледі.


3 ЦРРЛ пролеттерін есептеу

3. 1 ЦРРЛ пролеттары үшін ақпараттар

Радиорелейлік линияны жобалаудан бұрын ең бастысы оның тұратын жерін анықтап алу керек, ол үшін аралық станция санын, трассасын картографиялық материал көмегімен анықтау керек. Бұл жұмысты орындаудан бұрын жобаланатын жоба кейін үзіліссіз жұмыс жасауы, сол сияқты оның құрамын, құнын пайдалану кезінде тиімді болуын мұқият тексеріп алу керек болады.

РРЛ жобалаудан бұрын оның орналасатын трассасын дұрыс орналастыру жағдайы қарастырылады, өйткені жербетіндік станциядан шағылысатын сәуле төмен болуы қажет (яғни әлсіреп тұруы) . Сондықтан жер қыртысына көп көңіл бөлу керек, жер беті тегіс және сулы болмауы тиіс, бөлінетін (шағылысатын) сәуле қандай-да бір кедергімен бөлінуі болуы үшін ретранциялық пунктерді дұрыс орналастыру қажет.

Сол үшін, топографиялық картаға қарай отырып жобаланатын жұмыста бір аралық станция және бес соңғы станция арасында байланыс орнатамыз. Ол үшін бес интервал арасын есептеу керек болады.

Кесте 3. 1 - ЦРРЛ пролеттары үшін ақпараттар

Параметр
Өлшем біріліктері, белгілер
Зонаға арналған шамалар
Қарқаралы-РТС
Буркутты- РТС
Бахты- РТС
Томар- РТС

Қарағайлы

РТС

Параметр: РРЛ пролетының ұзындығы, км
Өлшем біріліктері, белгілер: 37, 1
Зонаға арналған шамалар: 31, 5
24
49
4
Параметр: Жер қыртысының ең биік шамасына дейін, км
Өлшем біріліктері, белгілер: 19
Зонаға арналған шамалар: 15, 5
12, 5
25
2
Параметр: Параметр
Өлшем біріліктері, белгілер: Өлшем біріліктері, белгілер
Зонаға арналған шамалар: Зонаға арналған шамалар
Параметр: Қарқаралы-РТС
Өлшем біріліктері, белгілер: Буркутты- РТС
Зонаға арналған шамалар: Бахты- РТС
Томар- РТС

Қарағайлы

РТС

Параметр: Кедергілер кеңдігі, м
Өлшем біріліктері, белгілер: 9000
Зонаға арналған шамалар: 5000
2000
3000
2000
Параметр: РРЛ жиіліктері
Өлшем біріліктері, белгілер:
Зонаға арналған шамалар: 14, 51
14, 749
15, 188
15, 582
16, 100
Параметр:
Өлшем біріліктері, белгілер: 15, 351
Зонаға арналған шамалар: 15, 911
20, 412
23, 761
26, 136
Параметр: Антеннала-дың күшейту коэффициен-тері
Өлшем біріліктері, белгілер:
Зонаға арналған шамалар: 36
36
36
36
36
Параметр:
Өлшем біріліктері, белгілер: 36
Зонаға арналған шамалар: 36
36
36
36
Параметр: Жүйенің коэффициенті, дБ
Өлшем біріліктері, белгілер: 113, 5
Зонаға арналған шамалар: 113, 5
113, 5
113, 5
113, 5
Параметр: ПӘК антенналы-фидерлі трактідегі, дБ
Өлшем біріліктері, белгілер: 26
Зонаға арналған шамалар: 26
26
26
26
Параметр: Пролеттер проджлері
Өлшем біріліктері, белгілер:

MN [M]

CD [M]

ZY [M]

Зонаға арналған шамалар: 86
60
50
8, 5
15
Параметр: 104
Өлшем біріліктері, белгілер: 72
Зонаға арналған шамалар: 51
22
4
Параметр: 72
Өлшем біріліктері, белгілер: 51
Зонаға арналған шамалар: 24
5
3

3. 2. Антенналардың ілінуін есептеу

Радиорелейлік линиялар көмегімен орталық станциялар арасында қосқыш линияларды алу үшін қолданылады. Бұл кезде антенналарды ілу биіктігін жердің қыртысына қарай отырып анықтау, сол сияқты байланыс тұрақтылығын РРЛ пролеттеріндегі есептейміз.

Негізгі есептелген жиынтық 2-кестеде келтірілген қосымша ақпараттар ретінде:

А=6370, км - жер радиусы;

q=-11*10 -8 , 1/м; Equation. 3 1/м - орта мәндер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РРЛ аралықтарының профильдерін есептеу және құру
Радиорелелік желі трассасы
Радиорелелік және спутниктік байланыс жүйелерінің антенналық толқын беру жүйесі
Сантиметрлік радиотолқындардың радиорелелік және спутниктік байланыс желілерінде таралуы
Сандык РРЛ тасушы сигналды модуляциялау
Радиорелелік байланыс жүйелері
Байланыс анықтылығын есептеу
Электротехника бойынша сұрақтар
Бастапқы сандық сигнал
Электр тарату желілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz