Тұлға туралы ұғым. Заңды тұлға



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
І. Тұлға туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Жеке Тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...7
1.2 Заңды тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..8
ІІ. Құқық ұғымы мен белгілері ... ... ... ... .10
2.1 Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері ... ... ...12
2.2 Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер ... ... ..16
2.3 Құқықтың пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 20
2.4 Құқық және жеке тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .22
ІІІ. Мемлекеттің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3.1 МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...32
3.2.Мемлекет пен құқықтың ара қатынасы ... ... ... 40
VІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке адам, қоғам және мемлекет үшін
өмірлік маңызы және ең жоғары әлеуметтік мәні бар құқықтар мен
бостандықтарды баянды етеді. Олар әр еркін жеке тұлғаның ар-намысын
қамтамасыз етудің алғы шарты болады. Олар азаматқа, қоғам мүшесі ретінде
сол қоғамды басқаруға, жаңғыртуға қатысу үшін қажет.Олар адамның
материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін экономикалық
және әлеуметтік жағдайлар туғызады.Мемлекет, қоғам үшін
Конституцияда бекітілген құқықтардың маңызы сонда, олар мемлекеттің
демократиялық, құқықтық мәнін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.Конституцияда
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк
мемлекет деп орнықтырудың екi негiзгi бастауы бар: бiрiншiден, Конституция
болып табылады, өзiнiң қолданылуы арқылы Қазақстан Республикасының
мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың басталуы негізiнде екендiгiн бiлдiредi;
екiншiден, стратегиялық бағыт, мынадай Қазақстан Республикасы демократиялық
зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру жолында дамуы тиiс. Демек
Қазақстан Республикасының демократиялық бағытта дамуының Конституциялық
негiзi қаланды.Адам құқығы - адамзат қоғамының өте құнды туындысы. Осы
құқықтың сақталуы және қорғалуы әлемдік қауымдастықта күрделі мәселе.
Казіргі таңда қол жеткізіп отырған жеңістер, оны ұстап қалу жағы, экономика
мен мәдениеттің дамуы, қоғамдық қатынастың нығайа түсуі, қоғам мүддесі,
жеке тұлға кұқықтары мен бостандықтары өркениетті демократиялық коғамды
дамыту шарты.
Қоғамдағы заңдар, соның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы
әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, адамдар мүддесіне зиян келтіретін
әрекеттерге тиым салып, олармен ымырасыз күрес жургізуге бағытталған. Осы
жерде жеке тұлғалар Конституция және басқа да заңдар принциптерін мүлтіксіз
орындауға мүдделі. Осы мүдделерді жүзеге асыруда мемлекет орны ерекше.
Мемлекет - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі. Жеке тұлға мен құқық
қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық
құрылыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз. Осы мөселенің
төркіні жеке тұлғаның қол жеткен нәтиже үлесіне жармасуында жатыр, ал мұның
өзі олардың қоғамдық өндіріске және оның өрлеуіне қосқан нақты үлеске сай
келмеуі мүмкін. Осы жерде жеке тұлға мен құқық арасындағы қатынас күрделі
мәселеге айналады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдауда “Құқық және жеке тұлға”- деген атауға
тоқталу мақсатым, осы қоғамдық құбылыстардың саяси жүйеде өзекті мәселе
екендігіне көз жеткізу. Құқық және жеке тұлға саяси жүйеде ерекше орын
алады. Олар саяси жүйенің бір бөлігі бола тұра, байланыстар мен
қатынастардың жалпы құрылымы шеңберінде әрекет етеді, өйткені жалпы жүйе
мен қатынастар құрылымына бағытталған жүйе өз белгілеріне нақты ықпал
жасайды.Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы
аспектiсiне кiрерi сөзсiз.

Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-
адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады.
Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын,психо-физиология
ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде
қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты
зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын
адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып,
әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу
нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы
тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады. Әлеуметтік
қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір
адам - жеке адам болып сипатталады. Жеке адам түсінігімен қатар біздің
қолдануымызда адам, дара адам, даралық терминдері бірге жүр. Бұл
түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір –
бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің
бірігуін – адам түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы
деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғатпен
әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам
әлеуметтік – тектік мәнге ие болғанымен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде
– дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. Дара
адам – homo sapiens тектілерінің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі –
нақты адам. Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған
қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері жеке адам түсінігіне байланысты
ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні
оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.Әрқандай қоғамға
орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты
қоғамның психологиялық типін анықтап отырады. Жеке адам көп сатылы
құрылымға ие. Осындай жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да
жетекші деңгейі қажетттік - себеп аймағы – жеке адамның бағыт - бағдарынан,
оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі
еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді
құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас
мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз
кезегінде адамның іс - әрекетік икемділігіне, оның қабілеті, білімі мен
ептілігіне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ой сапаларымен байланысып
жатады. Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді,
бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады.
Адам тәнінің негізгі, яғни генотипті оның анатомиялық – физиологиялық
ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым
иесі – адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті
күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне
көтеріледі.

Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін
арттырып – барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған
қарым- қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам
аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал
даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық
мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Әрбір дара адам өзінің қлғамдағы
өмірлік әдептерін ретттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп
береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс,
тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның
алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір
барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет. Қоғамдық қатынастарға
араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың
ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігімен ерекшелігіне
ие. Жеке адамның дербестігі оның ең жоғарға психикалық сапасы – рухани
дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз инабат парызды түсіне білуі,
болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі
– бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу,
сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен – шекпеннен, жалған
белсенділік пен өтірік - өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай
қасиет, сапаларды бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның
даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру
принципі өріс алады да ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен
арыла алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін
тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады. Жеке адам сапалары сол адамның
араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете
алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған
әлеуметтік шеңберінде қалып қоймай өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде
қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның,
тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық
деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның
тұйық әлеуметтіктопқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адмның
жоғарға деңгейде кемелденгенінің дәлелі. Дара адамның жеке адам санатына
көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация, яғни дара адамның өзін
басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып
бару % - ы; персонализация – қадірі барын түсіне білу; сонымен бірге, нақты
әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы. Басқа
әлеумет мүшелерімен жеке адам өз мені негізінде қатынас түзеді. Ғылымда
жеке адамдық рефлекция деп аталған бұл мен ұғымы өз ішінде әр адамның
өз жөніндегі танымын сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне
өзі берген бағасының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан
арпалыстары келіп шығады.

Қалай десек те тұлға туралы әркім ә түрлі түсінік берген. Қ. Жарықбаевтың
айтуынша, жаңа туған нәресте адам деп аталғанымен, тұлға деген атқа
көпке дейін иебола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен
солын, өзінің менін басқа мендерден, яғни басқа адамдардан ажырата
білуі тиіс.Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту
қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі не
тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір
тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам –
мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті
бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс – йрекетін тізгіндей білетін, өз
бойындағы жаман – жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын жақсы, озық, ерен,
топжарған түрлерімен қатар, жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып
жатқан өкілдері бар болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер
адамзтқа жаны қас жауыз тұлға. Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз
ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелік түріне жатады. Бай
тілімізде Он үште оттау иесі (қыз бала үшін), Он бесте оттау иесі (ұл
бала үшін) дейтін аатлы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен
балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс – тіршіліктен
туындайтын құбылыс. Халқымыз кез – келгенді кісі деп атай бермей, оның
имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде
біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар – ожданы, кісілік, кескін –
келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген. Кісіліктің түрліше деңгейі
болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б.
түрлері болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пір
тұтқан. Адамгершілігі төмен, не одан жұрдайларды имнасыз, көргенсіз деп
иттің етінен жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерте ме,
кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі – ол
ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта жарлы болсаң да, арлы
бол деген сөз осыған орай айтылған. Ар – ұяты бар кісі ғана биязы,
ақжарқын, иманжүзді, ақыл – парасатты келеді. Халық түсінігінде мінез –
құлықтың әр түрлі жағымды жақтары кісілік ұғымының төңірегене топтасады.
Кісліктің басты белгілері: ар – ұятты қастерлеп сақтау, намстылық,
мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдақ пен шыншылдық,
ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның
алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден
орын беріп, кісінің көңіл күйіне қарап орынсыз сөзге араласпау кісілікке
жарасымды қасиеттер. Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну
үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғам мүшесі,
қандай топтың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс – тәжірибесін
білуіміз қажет. Әлеуметсіздік, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939), -
қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес. Оңдыәлеуметтілік
құру үшін елдің өткен – кеткен тұрмысын, бұрынға болған әлеумет қимылдарын
тану керек

Адам өмірі нақты тарихи - әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дүниелік
жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тұтыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамның
тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді.Әрқандай
жеке адам өзінің өмірлік салтын жеке құндылық бағыттарына орай тіршілік
жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тәсілдер жүйесін
түзіп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру,
қоғамдағы өз орнын иелеудің бағдарына айналады. Әлеуметтік құнды салт –
бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмірі, рухани – этикалық,
рухани – эстетикалық дүниетанымытуындайды. Адам өмірі, осыдан, бір мезеттік
ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі заңдылықты ниет – себептер жүйесін
арқау етеді, өзінің әлеуметтік мәнді, мағыналы мұраттарын барластыра,
саналы бағытта жасау мүмкіндігін алады. Маркстің байқауынша, жеке адам –
барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Яғни жеке адам тарихи - әлеуметтік
жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, ұжымда) ғана
қалыптасады. И. С. Кон социолизацияны барлық әлеуметтік және психологиялы
% - дің жиынтығы деген. Ол дегеніміз, жеке адам білімді жүйелі түрде
меңгеруді, оның нормалары мен құндылығынн, оған қоғамның мүшесі ретінде
жұмыс істеуге құқық береді. Адам - әлеуметтік тұлға. Ол өмірге келгеннен
бастап әр түрлі әлеуметтік әрекеттестіктерге кіргізіледі. Адам тілі
шықпастан бұрын ол әлеуметтік қатынасқа ие болады. Әлеуметтік үрдіс
адамдардың қатынасы және бірлескен қызметтерімен тығыз байланысты,
психологиялық көзқараспен қарағанда әлеуметтану механикалық бейнелеу
сықылды қаралмайды. Әр түрлі тұлғалар бірдей жағдайлардан әртүрлі
әлеуметтік тәжірибе шығара алады. Арнайы әлеуметтік институттарға ең
маңызды функцияларының бірі болып әлеуметтік тұлға, оған қатысты мектеп,
кәсіби оқу орындары, техникумдар, балалар және жастарға арналған ұйымдар
жатада. Жанұя - әлеуметтік тұлғаның ең маңызды ролін атқарады. Осыған
байланысты, тәрбие мен әлеуметтенуде қалай ұғыну да болады. Тәрбие шын
мәнінде басқарушы және мақсатқа бағыт беруші әлеуметтені үрдісі.
Әлеуметтану бірінші, екінші болып бөлінеді. Бірінші әлеуметтану көп нәрсені
көрсетеде. Оқуға қарағанада әлеуметтану үрдісі ер жеткенге шейін
тоқталмайды. Өзінің даму қарқынымен әлеуметтану ұлғасы анықталмаған соңғы
үрдісімен байланысты және де осы үрдіс адамның отногенезінде тоқтатылмайды.
Осыдан келіп мынандай шешім қабылдауға болады. Әлеуметтану – ешқашанда
тоқтамаумен қатарешқашанда толық болмайды. Мүмкін біреулер бұл жерде
писсимизм негізін көріп тұрған болар [32 бет, Геан]. Әлеуметтану - меңгеру
және ұдайы өндіру тұрғысынан жеке адамның әлеуметтік тәжірибесін өмірден
көрсетеді. Әлеуметтану үрдісінің негізі оның, яғни адамның біртіндеп
әлеуметтану тәжірибені меңгеруі және әлеуметке бейімделуі үшін қолданады.
Мұндай меңгеру арнайы және дәл сол бағытта, тура, нақты жүргізіледі.

Жеке тұлға -әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар; белгілі
бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір
іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын
мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика
мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен
жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік
(өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ
олардың арақатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі
неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-
қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз
ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады. Жеке тұлға белгілі бір
тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет
субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді
және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж
емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты)
білдіретін термин ретінде де қолданылады.Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы,
сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға” ұғымы “азамат” деген
ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) – құқықтың жеке
субъектісі, оның құқықтық қабілеті ( құқыққа қабілеттілігі), яғни
азаматтық міндет атқару қабілеті бар. Азаматтық құқықтық қабілет туылған
сәтінен бастап туындайды және барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Ол
адамның нақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болуының шарты мен
алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде немесе
одан тыс жерлерде мүлікті, соның ішінде шет ел валютасын меншіктенуге;
мүлікті мұраға алып қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және
тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және
оның аумағына қайтып оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және
заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым
салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға;
өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, зияткерлік
қызметтің өзге де туындыларына зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да
мүліктік және жеке беймүліктік құқықтарды пайдалануға құқы бар. Әрекет
қабілеттілігі азамат кәмелетке, яғни 18 жасқа толғанда толық көлемде пайда
болады. Әрекет қабілеттілігі азаматтың экономика қызметке қатысуын, атап
айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде қатысуын қамтамасыз етеді. Азамат өзінің
міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Жеке 
тұлғаның құқықтық мәртебесі – бұл субъектілердің құқықтары мен
міндеттерінің, сондай – ақ мемлекеттік органдар мен заңнамамен танылған
жиынтығы, солардың көмегімен олар өздерінің әлеуметтік ролдерін атқарады.
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық
құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам.

 Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі
болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік
және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚
төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды
тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген
міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚
меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі
бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.Заңды
тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу
шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет
етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның
құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның
мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары
бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион,
қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады.
Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар
заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның
ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын
жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік
құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер),
қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар)
жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды
көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған
табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да
Заңды тұлғаға жатады.Жалпы мәртебе  - жеке тұлғаның мемлекеттік азаматы
ретіндегі конституцияда бекітілген мәртебесі Арнайы  мәртебе – азаматтардың
белгілі бір котегориясының  жағдайының ерекшеліктерін бекітетін
мәртебеЖеке  мәртебе – жеке тұлғаның нақты сипаттамаларын
айқындайды.Тұлғаның  құқықтық мәртебесі  – бұл субъектінің қоғамда заңды
түрде  бекітілген  жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі
(әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын бекітеді. Құқықтық
мәртебе дегеніміз субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен
қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік
рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада
танылған жиынтығы. Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға
мүмкiндiк беретiн өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның қалай
аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды.Ол заңдарда
көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн. Заңды тұлғаның атауы оның
құрылтай құжаттарында көрсетiледi.. Заңды тұлға органдарының түрлері,
тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай
құжаттарында белгіленеді. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның
да фирмалық атауы болуы тиіс. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы
тұрған жер оның тұрған жері болып танылады.

Құқықтық  мәртебе жалпы, арнайы және жеке – дара болып      бөлінеді.
Жалпы мәртебе – бұл тұлғаның мемлекет азаматы  ретіндегі Конституцияда 
бекітілген мәртебесі. Ол барлық азаматтар  үшін бірдей болып  табылады.
Арнайы мәртебе  азаматтардың белгілі бір санаттарының ( студенттердің,
соғысқа қатысушылардың, зейнеткерлердің және т.б.) жағдайының
ерекшеліктерін бекітеді, олардың арнайы функцияларды жүзеге асыру
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жеке – дара мәртебе жекелеген тұлғаның
ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым және т.б.) көрсетеді
және тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді. 
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың жеке құқықтары
мен бостандықтарын демократиялық сипатта жариялайды және адам және азамат
деген тарауда нақтылы сипатталған.

  А) Өмір сүру құқы  (15 бап) Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің
адам өмірін қиюға хақысы  жоқ

  Б) Әркімнің өз құқықтары  мен бостандықтары  сот алдында қорғалуына құқы.
(13 бап) жеке адамның заң қорғайтын құқықтары мен бостандықтарына,
мүдделеріне қол сұғылған жағдайда сот арқылы қорғалады.

  В) Қықұ қажетті қорғану құқы. Әрбір азамат заңға қайшы келмейтін барлық
тәсілдермен қорғануға құқығы бар. Атап айтқанда өмірі, жеке меншікті,
денсаулығын.

  Г) Әркім өзінің  жеке басының бостандығына құқы бар. Қазақстан 
Республикасында  соттың санкциясынсыз  ешбір адамды 72 сағаттан
артық ұстауға  тыйым салынады. Және ұсталған немесе қылмыс жасады
деп айыпталған адам қорғаушыға құқығы бар.

  Д) Адамның қадір – қасиетін қорғау құқы. Мемлекетте ешбір азаматты
азаптауға, оған қарсы қатігездік, зорлық- зомбылық жасауға тыйым салынады.
Мұндай әрекетке барғандар заң алдында қатаң жауапқа тартылады.

З) Қазақстан Республикасында  адамның жеке өміріне, өзінің және отбасының 
құпиясына қол  сұғылмауына, абыройы  мен ар – намысының  қорғалуына құқы
бар.

  Саяси  құқықтары мен  бостандықтары. 

    А) Сөз бостандық  құқы. Әркім  заң  жүзінде  тыйым  салынбаған кез – 
келген тәсілмен еркін  ақпарат алып, оны  таратуға құқы бар.

   Б) Қазақстан Республикасының  азаматтары бейбіт әрі  қараусыз жиналуға,
жиналыстар, митингілер мен демонстратциялар, шерулер өткізуге және
тосқауылдарға тұруға құқықтары бар.

     В) Азаматтар мемлекеттік  органдарды сайлауға  және сайлануға,
референдумға қатысуға, мемлекеттік  қызметке кіруге құқы бар.

     Г) Бірлесу бостандығы құқы. Азаматтар өздерінің алдына қойған
мақсаттарын, мүдделерін іс жүзіне асыру үшін партиялар, кәсіподақ, қоғамдық
ұйымдар құруға құқы бар.

   3.Әлеуметтік – экономикалық және  мәдени құқықтары  мен бостандықтары

   А) Жеке меншікке ие болу құқы. Конституция бойынша жеке меншік пен
мемлекеттік меншік тең дәрежеде қорғалады.

      Б) Әрбір азаматтың  еркін кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқы бар. Бұл
қызмет заң тыйым салынбағанның бәріне рұхсат шеңберінде жүзеге асырылуы
тиіс.

      В) Қазақстан Республикасының  азаматы еңбек  ету бостандығына, қызмет
пен кәсіп тұрін еркін таңдауына құқығы бар.

     Г) Демалу, денсаулығын  сақтауға, жасы келгенде, мүгедек болғанда,
асыраушысынан айырылған  жағдайларда жалақы немесе зейнетақы алуына, неке
мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекет қорғауында болу құқықтары.

     Д) Азаматтардың білім  алу құқы. Мемлекеттік  оқу орындарында 
тегін білім алу  конкурстық негізде  болды.

 Адам  құқықтары мен  қатар мемлекет адамға арнайы құқықтық міндеттерде 
жүктейді.Құқық міндетсіз болмайды. Қазақстан Республикасының
конституциясында мынадай міндеттер жүктейді:

 А) Азаматтар Конституцияны, басқа адамдардың құқықтары мен  бостандықтарын
сақтауға міндетті.

  Б) Әркім мемлекеттің  рәміздерін құрметтейге  міндетті.

  В) Заң белгілеген салықтар мен алымдарды төлеуге міндетті.

   Г) отанды қорғауға міндетті.

Адам құқықтарының қағидалары ұлттық деңгейде Конституцияда (Қазақстан
Республткасының Конституциясы, 10-39 баптар) және заң актілерінде (мысалы,
Азаматтық Кодексте, Қылмыстық Кодексте, жарлықтарда, арнаулы заңдарда)
қарастырылады. Халықаралық деңгейде адам құқыларын қорғау, ең алдымен адам
құқылары жөніндегі халықаралық билльде негізделген; оған адам құқыларының
жалпыға бірдей Декларациясы (10.12.48), Экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқылар туралы пакт (12.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы
пакт Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге факультативтік хаттама
(19.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге екінші
факультативтік хаттама (19.12.66) енеді. Адам құқықтарының жекелеген
аспектілері халықар. конвенцияларда көрініс тапқан.

    Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті
өмірде және кызмет бабында қолданылады.Кең мағыналы түсінік болғандықтан,
әрбір адамның құкыктың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны
сөзсіз.Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада
қолданылады.Біріншіден, құкық— ресми түрде танылған жеке және заңды
тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі.Мысалы,
азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу, меншік иесі
болу,кәсіпкерлікпен шұғындану құқығы.Заңды тұлғалардың да құқықтық
мүмкіндіктері болады.Осы келтірілген жағдайларда құқық түсінігі
субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.Субъективтік (тұлғалар) құқық
— тұлғалардың мүддесін канағаттандыру мақсатымен құкықтық нормалардың құкық
тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.Мұндай мүмкіндіктер құқықтык
қатынастарға катысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды.Тұлғаның
құқығы құкыктық қатынасқа катысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты
болғандықтан, екі жақта да құқықтык міндеттер пайда болады. Мысалы, әр
азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол кұқықты пайдаланып, оқуға
түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу
бағдарламасын орындауға міндетті.Заңи тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи
негізде мүлікке ие болуға хақылы. Сондыктан Қазақстан Республикасының
Конституциясында былай деп жазылған: Меншік міндет жүктеңді,оны пайдалану
сонымен катар қоғам игілігіне де кызмет етуге тиіс.Субъективтік (тұлғалық)
құқықтық міндет — құқықтық мүмкіндік берілген құкық тұлғасының заңи
мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құкық тұлғасына жүктелген міндет.
Бұл міндет құкықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып,
мемлекеттік мәжбүрлеу аркылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз
етіледі.Екіншіден, құқық дегеніміз құқык нормаларының жүйеге келтірілген
жиынтығы.Бұл объективтік мағынадағы құқык, себебі олардың жасалуы жеке
адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқык жеке
нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс больп саналады.Құқық туралы
Конституция былай дейді: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституцияның, соған сәйкес зандардың, өзгеде нормативтік-құкықтық
актілердің,Республиканың халықаралық шарттық және өзге де
міндеттемелерінін, сондай қалған болар еді.Адам өзіне қажетті рухани және
мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек.Адамнын
әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы — оны мемлекеттің тануы, қорғауы,
қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.Нормативтік сипаты — құкықтың негізгі
белгілерінің бірі. Құкық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден
тұрады.Қағида — тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже.Былайша айтқанда,
коғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін,мінезін белгілі ережеде
көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет.Сондықтан құқықтың нормалары —
тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі.Мысалы, әркім өзінің қай
ұлтқа, қай партияға және кай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-
көрсетпеуге хақылы.(Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап).

Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық
қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді,
ұйымдастырады, тұрактандырады, бассыздықтан қорғайды.Формальды анықтылық —
құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқыктың мемлекетпен байланысты
екенін көрсетеді. Құқыкты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік
актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады,
демек, мемлекет органдары зандарды жасайды. Заң — ережелер жиынтығы. Олар
жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар
ережелер. Құқықтық мемлекет - адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын
барынша толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтын, мемлекеттік билікті құқық
көмегімен шектейтін саяси билікті ұйымдастыру. Ол гуманистік бастауларды,
әділеттілікті бекітуге арналған әлеуметтік құндылықтардың біреуі ғана емес,
сонымен бірге жеке тұлға бостандығын, ар-ожданы мен намысын қамтамасыз
етудің құралы, халықтық биліктің өмір сүруінің нысаны.Құқықтық мемлекеттің
жай мемлекетке қарағанда айырмашылықтары болады:

1. Мемлекетте билік шексіздігімен сипатталса, құқықтық мемлекетте құқық
үстемдігі танылады

2. Мемлекет қоғамнан алшақ кетсе, құқықтық мемлекетте азаматтық қоғам
мемлекет әрекетін бақылап отырады

3. Мемлекет өз тарапынан азаматтарға бассыздық пен күштеуден қорғауға толық
кепілдік бермесе, құқықтық мемлекетте адам құқықтары мен бостандықтары
шынайы қорғалады. Құқықтық мемлекет мәнінің екі жағын ажыратып көрсетуге
болады:Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын барынша толық
қамтамасыз ету, жеке тұлға үшін құқықтық көтермелеу режимі қалыптастыру.
Бұл құқықтық мемлекеттің әлеуметтік мазмұндық жағы.Мемлекеттік билікті
құқықтың көмегімен шектеу, мемлекеттік құрылымдар үшін шектеу құқықтық
режимін қалыптастыру (формальді заңды жағы). Құқықтық мемлекет функцияларын
шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болады. Оның ішкі функцияларына:

азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың тең құқылығын
және заңдылық негізінде қоғам мүддесін қамтамасыз ету;

меншіктің әр түрлі нысандарын тең қорғау;

монополизмді жоққа шығаратын нарықтық экономиканың дамуын қамтамасыз ету;

азаматтардың еңбек жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау;

азаматтардың мүддесіне сай рухани құндылықтарды қорғау және байыту.

Құқықтық мемлекеттің сыртқы функцияларына:

бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру үшін күрес функциясы;

елді сыртқы басқыншылықтан қорғау;

дүниежүзілік қауымдастық елдерімен экономикалық ынтымақтастық;

басқа мемлекеттермен саяси ынтымақтастық;

қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзге елдермен өзара
әрекеттестіктің әр түрлі нысандарын қалыптастыру шаралары жатады.Аталған
функциялардың негізінде азаматтық қоғамның еркі жатады, олар қатаң түрде
қолданыстағы заңдарға және адам құқықтары бойынша халықаралық актілерге
сай, тиісті органдарда жүзеге асырылады. Азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарымен және олардың теңдігімен санасады.Сонымен, құқықтық
мемлекет – заң жоғарылығына негізделген, оның жалпыға міндетті еркін
білдіретін және жүзеге асыратын, жалпыны қамтитын қоғам ұйымы.Құқықтық
мемлекеттің негізгі принциптерінің қатарына заң жоғарылығы қағидасы
жатады. Аталған қағидаға сәйкес қандай да болмасын мемлекеттік орган,
лауазымды тұлға, ұжым, мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым не болмаса жеке
тұлға заңға бағыну міндетінен босатылмайды. Құқықтық мемлекеттің негізгі
белгілерінің бірі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының толық
кепілдендірілуі және ажырамастығы, сондай-ақ азамат пен мемлекеттің өзара
жауапкершілігі қағидасын бекіту және үнемі қолдап отыру болып табылады.
Құқықтық мемлекеттің өзге де қағидалары: заңдылық қағидасы, мемлекеттік
биліктің шектеулілігі, адам құқықтары мен бостандықтарының ажырағысыздығы,
саяси, идеологиялық және экономикалық плюрализмнің болуы танылған. Құқықтық
мемлекет қалыптастыруды анықтаушы факторлар мен мәселелер төңірегінде сөз
қозғағанда басым міндеттер қатарында материалдық және идеалдық сипаттағы
алғы шарттарды қарастыру қажет. Материалдық сипаттағы қажетті алғы
шарттарға әділ, тәуелсіз сот билігінің болуы, мемлекеттік билікті жіктеу,
мемлекетте құқықтың (заңдардың) үстемдік құруы, адам және азамат құқықтары
мен бостандықтарының шынайы кепілдендірілуі жатады. Құқықтық мемлекет
қалыптастырудың өзге алғы шарттарына тоқталатын болсақ, алдымен оның қоғам
тұрақты демократиялық, құқықтық, саяси, мәдени дәстүрлерді ұстанатын
жерлерде пайда болатынын атауға болады. Егер мәдениет, құқық, демократия,
заңдылық әрбір жеке тұлғаның ішкі құндылығына айналмайтын болса, онда
құқықтық мемлекет туралы ойлар да негізсіз болады. Қоғам реттеусіз, яғни әр
түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам
әрекеті әлеуметтік және техникалық нормалар көмегімен ретке келтіріледі.
Әлеуметтік норма – адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық
қатынастарды реттейтін, әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-
сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.

Әлеуметтік нормалардың реттеу пәні қоғамдық қатынастар болып
табылады;жалпылық сипаты болады, олар адамдардың саналы-ерікті әрекеті
нәтижесінде құрылады субъективті құрамы әлеуметтік аяның өкілдері ретіндегі
адамдармен байланысты;Әлеуметтік нормалар құқықтық, адамгершілік, діни,
саяси, эстетикалық, әдет -ғұрыптық, корпоративтік және т.б. болып
бөлінеді.Адамгершілік нормалары – халықтың ұлттық ұғымымен жақсылық,
зұлымдық туралы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік норманың бір түрі. Діни
нормалар – әр түрлі діни сенімдермен тағайындалған және белгілі бір дінді
тұтынушылар үшін міндеттілік маңызы болатын әлеуметтік нормалар. Әдет-ғұрып
– қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін географиялық, ұлттық,
экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа
беріліп дәстүрге айналған, қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілген
әлеуметтік норманың бір түрі. Корпоративтік нормалар – қоғамдық ұйымдардың
жарғыларында анықталған, ұйым мүшелеріне міндетті болатын әлеуметтік
нормалар.Құқықтың қалыптасуының негізгі себептері мен жолдары. Құқықтың
пайда болуы туралы негізгі теориялар:табиғи-құқықтық, теологиялық,
нормативистік, марксистік, психологиялық, социологиялық.Құқық философия мен
теория категориясы ретінде шынайы мазмұнды құрай отырып, инструменталдық
роль атқарады. Құқық түсінігіне, шығу жолына, мәні мен мағынасына қатысты
ғылымда сан алуан көзқарастардың болу мүмкін. Бірақ құқықты өмірде
қолдануға келгенде міндетті түрде біркелкі ойдың, көзқарастың тұрғысынан
табылу керек. Егер құқық әр түрлі мағынада ұғынылатын болса, онда ол өзінің
құндылығын, қоғамдық қатынастарды тұрақтандыру мен ретке келтірудегі ролін
жоғалтушы еді. Құқық түсінудегі анықталғандық - қоғамдық қатынастардың
анықталғандығы мен тәртібінің бастауы.Құқыққа деген әртүрлі көзқарастар
қоғамды демократияландырумен ұштасады, пікір плюрализміне сәйкес келеді.
Субъективті, объективті факторлармен қатар, көзқарастардың көптігіне
гносеологиялық та себеп бар. Таным барысында құбылыстың бір ғана жағына
еліктеу, оны жоғары санап, өзгелерін жоққа шығару мүмкіндігі бар. Міне,
осыдан құқықтың әртүрлі анықтамалары туындайды. Егер бір жақты анықтама
өзгелерін алмастыруды мұрат тұтпаса, жалғыз дұрыс деген атауға ұмтылмаса,
онда одан келетін еш жамандық жоқ. Құқықты терең түсіну үшін, егер ол
шындыққа сәйкес келетін болса, кез-келген анықтама пайдалы. Ал, практикалық
қолдану үшін құқықтың тұтас түсінігі болуы қажет.Құқық көп жақты, күрделі
құбылыс. Сондықтан оған берілетін анықтамалар да сан қырлы. Құқық (жалпы
әлеуметтік мағынада) тиісті мүмкіндіктердің заңда көрсетілген,
көрсетілмегендігіне қарамастан адамгершілік, әдет-ғұрып тұрғысынан
әрекеттің негізделуі мен еркіндік ретінде танылады. Құқықтың функционалдық
анықтамасы – қазіргі кездегі экономикамен негізделген халықтың, көпшіліктің
еркін білдіретін, нормативті анықталған және бұзылудан тәрбиелеу, сендіру
және қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларымен қорғалатын,
қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқаратын, құқықтық демократиялық
мемлекет қалыптастыру мақсатында қоғамдық келісім құралы болатын нормалар
жүйесі ретінде көрсетеді.

Құқыққа мынандай белгілер тән:

-еріктілік сипаты болады;

-жалпыға бірдей міндеттілік күші танылған;

-нормативтілік;

-мемлекетпен қалыптастырылады және қорғалады;

-жүйелілік;

-қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқарады.

Құқық термині екі мағынада: обьективтік және субьективтік болып
қолданылады, бірақ қай қайсысының да мағынасы толық ашылмаған. Бірінші
мағынасында құқық дегеніміз өмірдің заңдық тәртібі, мемлекетпен қорғалатын
барлық құқықтық ережелердің жиынтығы, ал екінші жағдайда – құқық дегеніміз
жеке тұлғаның нақты құқық өкілдігіндегі абстрактылы ереженің нақты көрініс
табуы. Құқық мәнін анықтау барысында екі түрлі көзқарасты ескеру қажет.

1.Таптық қөзқарас, онда құқық экономикалық үстем таптың заңдастырылған
еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар жүйесі ролін
атқарады.

2.Жалпы әлеуметтік көзқарас бойынша құқық қоғамның әр түрлі топтарының
арасындағы келістіруші ролін атқарады. Құқықтүсінушіліктің негізгі
типтеріне мыналарды жатқызады:

нормативистік;

әлеуметтік юриспруденция;

табиғи құқық теориясы;

Құқық – қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық
сипатын көрсететін жалпыға міндетті, формальды-анықталған нормалар жүйесі;
мемлекетпен шығарылады немесе санкцияландырылады және бұзылудан
мемлекеттік мәжбүр ету мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды
өкімдік-ресми реттеуші болып табылады.(Байтин М.И.)Құқық – көмегімен
құндылық тағайындалымдар анықталынатын және бекітілетін, белгілі бір
социумның өкілдерімен жалпы маңызды ретінде танылған және заңдық
кепілдіктер жүйесі мен заңдық жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілген
біртектестендірілген әрекет стандарттарының жиынтығы.(Ромашов А.И.) Құқық –
мемлекеттен бастау алатын және орындалуы онымен қамтамасыз етілетін әрекет
тәртібі жүйесі. Сондықтан даулы мәселе құқықты қалай түсінуде емес, мәселе
осы тәртіптің мән - мағынасын қоғамның қалай қабылдайтындығында - деп
санайды. Раянов Ф.М.

Экономика, саясат және құқық түсініктерінің арақатынасына тоқталмастан
бұрын, олардың әрқайсысына жеке-жеке анықтама беру қажет. Экономика – нақты
қоғамның өндіріс тәсілі, өндірістік қатынастарының жиынтығы. Саясат –
билікке байланысты таптардың, топтардың қатынасын сипаттайтын қоғамды
басқару өнері. Құқық туралы жоғарыда баяндалды. Аталған құбылыстардың
арақатынасына екі түрлі көзқарас анықталған. Бірінші көзқарас бойынша
олардың арасында басымдылығымен танылатын құбылыс жоқ, қоғам дамуындағы
атқаратын ролі тең деп саналады. Себебі, қоғамдық қатынастардың пайда болуы
мен қызмет етуінің алғашқы факторы ретінде адамдардың мүддесі танылады.
Белгілі бір жағдайларда мүдде құқықта жүзеге асырылады да, содан кейін
әлеуметтік байланыстардың өзге салаларына таралады. Бұл жағдайда құқықтың
экономикаға тигізетін әсері туралы айтуға болады. Екінші көзқарас бойынша
экономика саясатты да, құқықты да анықтайды. Кейінгілер қондырмалық құбылыс
болғандықтан, базиске (өндіріс тәсіліне) тәуелді болады. Дегенмен де
экономиканың үстемдігі шартты, себебі саясат пен құқық экономиканың дамуына
немесе кері кетуіне әсер ететіндей күшке ие. Бұнда да саясат экономика мен
құқықтың дәнекері болып табылады.Саясат пен құқықтың да арақатынасы екі
түрлі. Кейбір жағдайда ықпал етуші фактор ретінде саясат үстемдігі танылса,
кейде үстемдік құқыққа тиесілі болады.Адамгершілік – адам әрекетін жақсылық
пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар
мен қағидалар жүйесі. Адамгершілік пен құқық қоғамдық қатынастарды ретке
келтіру барысында өзара әрекеттестікте болады. Олардың адам әрекетіне
қоятын талаптары көбінесе ұқсас келеді.Ұқсастықтары мынада:

-әлеуметтік нормалардың ішіндегі ең әмбебап түрі, қоғамның барлық
мүшелеріне таралады;

-реттеу объектілері қоғамдық қатынастар болып табылады;

-қоғамнан бастау алады.

Адамгершілік пен құқықтың өз алдына жеке құбылыстар болуына байланысты
өзіндік ерекшеліктері де бар:

-шығу тегіне байланысты әртүрлі. Адамгершілік нормалары адамзат қоғамымен
қатар пайда болса, құқық нормалары мемлекетпен бірге пайда болған;

-көрініс табу нысандары да әртүрлі. Адамгершілік адам санасында орын алса,
құқық жазба нысандағы мемлекеттің арнаулы актілерінде көрініс табады;

-әрекет ету аймақтарына байланысты ажыратылады. Егер адамгершілік қоғамдағы
барлық қатынастарды ретке келтіре алатын болса, құқық барынша маңызды
бөлігін ғана қамтиды;

Құқық типін анықтау қазіргі кезеңде екі түрлі нысанда жүзеге асырылады.
Бірінші көзқарас бойынша құқық типі формациялық тұрғыдан анықталады. Оның
басты өлшемі ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер алынады. Аталған
көзқарас авторларының ойы бойынша базис (өндірістік қатынастардың типі)
қоғам дамуының шешуші факторы болып табылады да, тиісінше қондырмалық
құбылыстарды – мемлекет пен құқық типін анықтайды. Экономикалық базис
типіне сай құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік құқық
типтері анықталған. Аталған көзқарастың ұтымды тұстарымен (құқықты
әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде бөлумен) қатар осал тұстары
да бар. Ол құқықтың нақты тарихи, ұлттық-мәдени және арнаулы заңдық
қасиеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді.Екінші көзқарас бойынша құқық
нақты географиялық, ұлттық-тарихи, діни, арнаулы заңдық белгілеріне
байланысты жіктеледі. Аталған өлшемдерге байланысты құқықтың мынандай
типтері анықталған:ұлттық құқықтық жүйелер. Ол белгілі бір мемлекеттің
нақты тарихи құқығының, заңдық тәжірибенің және үстем құқықтық идеологияның
жиынтығы.Құқықтық семьялар. Бұл қайнар көздердің, құқық құрылымының және
оның қалыптасуының тарихи жолдары ұқсастығы негізінде ерекшеленген құқықтық
жүйелердің жиынтығы. Құқықтық семьялардың мынандай түрлері танылған: жалпы
құқық, романо-германдық құқық, славяндық құқық, мұсылмандық құқық, индустық
құқық және тағы басқалар.Бұл көзқарастың ұтымды жағы - онда құқықтың
ұлттық-тарихи, нақты географиялық және техникалық-заңдық белгілері
ажыратылған. Осал тұсы құқық табиғатындағы әлеуметтік-экономикалық
факторлардың ролі толық бағаланбаған.Қоғамның құқықтық жүйесі. Негізгі
элементтері мен олардың сипаттамалары: заң ғылымы, құқықтық ұғымдар, заң
техникасы. Заңды тәжірибе. Қазіргі кездегі құқықтық жүйелердің жіктелуі.
Романо-германдық құқықтық жүйе, англо-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі
діни құқықтық жүйе.Құқық теориясында осы мәселеге қатысты дау әлі де болса
дамылдамай отыр. Даудың басы кейбір ғалымдардың нормативті актілер, әдет-
ғұрыптар мен прецеденттерді құқық нысаны деп тануы мен екіншілерінің
аталған құбылыстарды құқықтың қайнар көзіне жатқызуында десек жаңылмаймыз.
Құбылысқа әртүрлі анықтама беру оның мәнінің сан қырлылығын білдіреді дей
отырып, аталған екі көзқарасты да қолдауға болатындығын ескеру керек.
Аталған қос түсінікті де қолдануға болады, дегенмен де алдымен олардың
әрқайсысының жеке мазмұнын анықтау маңызды. Құқық түп нұсқасы ретінде
құқықтың пайда болуы мен әрекет етуін мүмкін ететін факторларды айтады.
Бұндай факторларға мемлекеттің құқықшығармашылық әрекеті, халық еркі және
қоғам өмірінің материалдық жағдайлары жатқызылады. Құқық қайнар көзі
құқықты тану барысында да қолданылатын термин. Бұл жағдайда оның мазмұнын
құқықтың тарихи ескерткіштері (Ману заңдары, Орыс правдасы, Жеті Жарғы),
археология мәліметтері, қолданыстағы құқық актілері, заңдық тәжірибе,
келісім-шарттар, құқықтанушылардың еңбектері құрайды. Құқық қайнар көзінің
бұдан да тар ауқымда қолданылатын түсінігі бар. Ол тәжірибеде нақты істі
шешу барысында қолданылатын құжат. Бұнда мемлекеттік еріктің сомдалуын
білдіретін құқықтың сыртқы нысаны көрініс табады.

Құқық нысаны – жалпыға бірдей міндетті, заңды маңызы бар, қоғамда орын
алған құқық нормаларын ұйымдастыру тәсілі. Құқық нысаны мынандай
ерешеліктерімен айшықталады:

азаматтардың нормативті бекітілген еркін бейнелейді, әлеуметтік-
экономикалық базиспен негізделеді;

халықтың саяси билігін бекітеді және қамтамасыз етеді, оның мүддесіне
қызмет етеді;

Құқық нысанының негізгі 4 түрі танылған: прецедент, әдет-ғұрыптық құқық,
нормативті акт, нормативті келісім.

Прецедент - құзіретті мемлекеттік органның белгілі бір мәселе бойынша
қабылдаған шешімінің осыған ұқсас өзге істерді қарағанда міндетті түрде
қолданылуы. Прецедент әкімшілік және сот прецеденттері болып екі топқа
бөлінеді. Англо-саксондық құқық жүйесінде қолданылады.

Әдет-ғұрып құқығы тарихи қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып,
салт-дәстүр нормаларына мемлекеттік мәжбүр ету күші тағайындалатын құқық
нысанының бір түрі. Қазіргі кезеңде көбінесе діни-ғұрыптық құқықтық
жүйелерде (мұсылман құқығы, иудаистік және индустық құқықтарда) танылған.

Нормативті құқықтық акт – құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге немесе жоюға
бағытталған, айқындалған тәртіпте қабылданатын мемлекеттік органның актісі.
үлкен екі топқа жіктеледі: заңдар және заңға бағынышты актілер.Заң -
мемлекеттің жоғарғы өкілді органы немесе тікелей халықтық дауыс беру
(референдум) арқылы қабылданған, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін
реттейтін және жоғарғы заңдық күші болатын нормативті құқықтық акт.Оның
белгілері.

заң шығару билігі органдарымен немесе тікелей халықтың дауыс беруімен
қабылданады;

дайындау және қабылдау тәртібі Конституция мен парламент регламентімен
анықталады;

халықтың еркі мен мүддесін көздеуі қажет;

барынша маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді;

жоғарғы заңдық күші болады.

Ол мынадан көрінеді: 1)өзге құқықтық актілердің барлығы заңнан бастау алуға
және оған қарсы келмеуге тиісті, егер белгілі бір қайшылықтар болатын
болса, заң үстемдігі танылады; 2)заңдар оны қабылдаған органнан басқа
ешкімнің бекітуін қажет етпейді;

Заңның өзі заңдық күшіне байланысты бөлінеді: конституциялық заңдар,
заңдар. Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылымның аса
маңызды мәселелерін реттейді және парламенттің басым көпшілік
(депутаттардың 23 бөлігінің) даусымен қабылданады. Заңға бағынышты акт
дегеніміз заң негізінде және заңға сүйене отырып қабылданатын, қоғамдық
қатынастардың заңмен реттелмеген бөлігін қамтитын, міндеттілік күш болатын
нормативті-құқықтық актінің бір түрі. Оның түрлері:

Президенттің жарлықтары мен өкімдері;

үкіметтің қаулысы, Премьер-Министрдің өкімі;

Министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік комитеттердің нормативті
бұйрық, нұсқау, ережелері;

Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қаулылары мен шешімдері;

жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім, өкім, қаулылары.

Нормативті келісім – субъектілердің өзара мүддесін есепке алуды мүмкін
ететін құқықтық қатынастар жүйесін жасайтын, әрі азаматтық қоғамның дұрыс
өмір сүруін қамтамасыз ететін, оның субъектілерінің құқықтары мен
міндеттерін анықтайтын құқық нысаны. Нормативті келісім - құқықшығармашылық
субъектілерінің жаңа құқық нормасын қалыптастыратын келісімі. Нормативті
актілермен қатар қолданылуы мүмкін.Нормативті актілер әрекеті кеңістік,
уақыт және адамдар арасында таралады. Нормативті актілердің кеңістіктегі
әрекеті территория ұғымымен анықталады. Нормативті актінің қабылдаған
органның құзіреті қандай аумақта міндетті болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлға туралы мәлімет
Тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып зерттеу
Қылмыстың арнайы субъектісі
Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет пәні бойынша дәрістер
Рим азаматтардың құқықтық жағдайы
Қоғамдық қор
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Кәсiпкерлiк қызметінің ұйымдастыру нысандары құқықтық түрлері
Заңды тұлғаларды құру және олардың құқықтық әрекет ету негіздері
Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар
Пәндер