Қазіргі экономикалық дағдарыс



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Экономикалық теория және
бизнес кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қазіргі экономикалық дағдарыс

Орындаған: Сарғожиева Р.А.
Тексерген:

Орал, 2012

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау.Қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс мәселесі
1.1. Жаһандық дағдарыс және экономикалық
болжамдар ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік және саяси
тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы
меморандум ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 11
ІІ тарау. Әлемдік экономикалық дағдарысының алғышарттары
2.2. Қазіргі әлемдік қаржылық
дағдарыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Әлемдік экономиканың құлдырау себептері мен алдын алу шаралары...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30
Кіріспе
Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді
дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық
жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен,
қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады.
Экономикалық дағдарыс тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған
өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік
қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі),
ақша капиталының артық қорлануынан (өндіріске жұмсалмаған ақша санының
көбеюі) көрініс табады. Өндіріс шығындарының өсуі, баға мен пайданың,
жалақының төмендеуі, халықтың қалың жіктерінің тұрмыс деңгейінің құлдырауы
экономикалық дағдарыстың жалпы нәтижесі болып табылады.
Дағдарыс – нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігінің аса маңызды
нышаны. Ол шет-шегін тауып қана қоймай, сонымен бірге ынталандыру міндетін
де орындай отырып, экономиканы дамытуға серпін береді. Циклдік дағдарыс
халық шаруашылығының барлық аясын қамтиды. Тұрақты сипаты жоқ дағдарысқа
аралық, ішінара, салалық, құрылымдық дағдарыстар жатады.
ХХІ ғасыр Қазақстан үшін жаңа қауіп-қатерлерді өзімен бірге ала
келді. Оның ішінде ең ірісі әлемдік дағдарыс болды. Осы жағдайда санаулы
елдер ғана бұл сынды еңсере алды. Оның қатарында біздің Қазақстан да бар,
– деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда өткен жиындардың
бірінде. Елбасы: 2011 жылдың 9 айында ІЖӨ 7,5 пайызға өсті. Өнеркәсіптік
өндіріс 10,5 пайызға жоғарылады. 100-ге тарта жаңа кәсіпорындар ашылды, –
дейді.
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстан экономикасы тез қалпына
келетін мемлекеттердің қатарына кіретінін айтады. Өйткені, Қазақстанда
халықтың табысы біраз өсті, жұмысбастылық артып, кедейлік төмендеді.
К.Мәсімовтың айтуынша, Жол картасы арқасында дағдарыстың ең өршіп тұрған
уақытында жұмыссыздық деңгейі біздің елемізде 6,9% аспады, ал Еуропада 10-
11% жұмыссыздық қолайлы боп саналады.
Алайда, Елбасы елімізде дағдарыстың қайталануын жоққа шығармайды.
Жақында Президент Нұрсұлтан Назарбаев: Иә, біз дағдарысқа қарсы тұруда өз
үлгімізді жасай білдік, ол бүгінде тәжірибе ретінде зерттелуде. Және біз
экономиканы дамытуда өз үлгімізді жасадық, ол да тәжірибе ретінде
зерттелуде. Дегенмен мен дағдарыстың қайталануы мүмкіндігінен қауіптенемін.
Қазір әлемде экономикаға мемлекеттік ақшаның көптеп тартылуы, бюджет
шығындарының өсуі сияқты оқиғалар болып жатыр. Ол бізге кері әсерін тигізуі
мүмкін, – деген болатын. Сондай-ақ оның пікірінше де, бүгінгі мұнай
бағасының өсуі де құлдырауға алып келмек.
Соңғы уақытта халықаралық сарапшылардың басым бөлігі әлемдік экономика
үшін ең ауыр кезең 2010 жылмен бірге артта қалып барады деген болжамдар
жасауда. Дегенмен, дағдарыс қашан аяқталады, экономика қалыпты жағдайға
қашан орнығады, деген сауалға нақты жауап беруге ешбірінің батылы барған
емес. Бірақ сарапшылардың басым бөлігі дағдарыстың қиын кезеңдері
еңсерілгенін, 2011 жылға үмітті жыл ретінде қарап, осы жылы әлемнің
көптеген нарығына қан жүгіріп, ең құрығанда дамудың 2010 жылғы деңгейіне
жете бастайтынын алға тартады.

І тарау.Қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс мәселесі
1.1. Жаһандық дағдарыс және экономикалық болжамдар
Әлемдік экономиканың ең сенген локомотиві - АҚШ. Жапония, Қытай,
Еуроодақ бәрі жиналғанда ғана әлемдік экономикаға АҚШ әсеріндей қызмет
етеді. Демек, ең алдымен, АҚШ экономикасы қандай жағдайда деген сұраққа
жауап алуымыз керек. Біздіңше, ол - дайын. Жауап біреу-ақ, 2011 жыл - АҚШ
экономикасы үшін түзелу емес, кері кету жылы болады. Елдегі жұмыссыздықтың
25 миллион адамнан асуы осыны дәлелдейді. Бұл 2009 жылға дейінгі жағдай
түгіл, 2010 жылғы деңгейден де төмендеп кеткендікті білдіретін нақты дерек.
Иә, Барак Обама Конгреспен тіл табысып, ақыры бұл ел өзінің мемлекеттік
қарызының ұлғайғандығын заңдастырды. Ол ол ма, байларға салынатын салық
мөлшерін ұлғайтуға да келісті. Десек те бюджет жетімсіздігі сол қалпында
тұр. Оның алдағы жылы бұдан әлдеқайда көп болатыны түсінікті. Ең
қорқыныштысы сол, өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы алапат дағдарыс
себепшісі Смут Хаули тарифі болғаны баршаға белгілі. Егер осыны қазақша
түсіндірер болсақ, онда дағдарыстың себепшісі байларға салынатын салықтың
молайғандығы деп айту керек. Демек, АҚШ дәл қазіргі өндіріске енгізген
шараларымен экономиканы түзеуге емес, дағдарысқа бет бұрған. Тіпті бұған
Бен Бернанкенің соңғы шешімі - Твист жоспары да оң әсер ете алмайды.
Бұлай болатыны қазірдің өзінде дәлелденгендей. Қысқа мерзімді мемлекеттік
облигацияларға салынған инвестиция бар болғаны екі апталық жәрдемші
қызметін атқарды. Сонан соң ауру қайтадан басталды. Шегінген мұнай бағасы
қайта көтерілді. Джоу Джонс индекс-индекаторы қайтадан түсті. Қысқасы, бұл
бар болғаны қиналған сырқатқа демидролдай ғана әсер етті. Олай болса
қазірдің өзінде АҚШ 2011 жылды рецессиямен қорытындылап, 2012 жылды
молайған берешекпен бастайды.
Еуроодақ экономикасы да кері кетуді бастан кешіруде. Бұл аймаққа
Грекия, Ирландия, Исландия, Италия, Испания үлкен дерттей болып тұр.
Германия канцлері мен Франция президенті аймақтық бірлікті сақтап қалу,
одақтастарды қиындықтан құтқару мәселелеріне қатысты біраз игі шараларды
ақиқатқа айналдырды. Тіпті тұрақтандыру қорларындағы қаржы мөлшерін де
молайтты. Ол ол ма, Грекия, Италия билігі Еуроодақ ұсынған қатал шешімді өз
іштерінде болып жатқан наразылықтарға қарамай, заңдастырды. Соның өзінде
тұтастай алғанда аймақтық экономика 2011 жылды рецессиялық жағ­дайда
аяқтамақшы. Өйткені аса күйзелісті жағдайды бастан кешіп жатқан аймақтың
аты аталған мемлекеттері түгіл Францияның өзіне қауіп төне бастады.
Халықаралық рейтинг агенттіктері мұндағы бірнеше қаржы ұйымының бағасын
төмендетті. Бір-бірімен шиеленісі байланысқандықтан мұның әсері осы уақытқа
дейін еш сыр бермей келе жатқан Скандинавия түбегіндегі шағын мемлекеттерге
де тигендей. Айталық халықаралық сарапшылар биылғы жылы Норвегияның,
Данияның, Швецияның экономикалық өсімі тежеледі дегенді айта бастады. Ол
ол ма, осынау мемлекеттерде ірі концерндер, жүйе құрушы компаниялар
банкротқа ұшырап, акцияларын сатуға мәжбүр болды.
Қытай да тежеледі. Осы уақытқа дейінгі әлемдік даму деректерінде Қытай
оң көрсеткішпен көш бастап көпті қызықтырып келе жатқан еді. Жаз ортасы ауа
бұл елде инфляция өсіп шыға келді. Оның үстіне АҚШ таяуда ғана қабылдаған
жаңа заң бұл елге қарсы атылған оқтай кері әсер етуі әбден мүмкін. Орайы
келгенде айта кетейік, АҚШ өздерінің ұлттық валюталарын арзан жағдайда
ұстап отырған елдердің барлығына импорттық салық өсірілетінін заңдастырды.
Яғни Қытай тауарлары енді АҚШ рыногына барғанда бұрынғыдан әлдеқайда
қымбаттап кетеді. Бұл іргеміздегі алып көршіміз шығарып жатқан тауарлардың
іркілісін туғызуы әбден мүмкін. Егер Қытай жағы юаньды қымбаттатын болса,
онда тағы да солай бәсекелестік қабілеті төмендейді.
Қысқасы, АҚШ Қытай жағына қалай істесең де, қаласаң да, қаламасаң да
шегінесің, өзің шегінбесең біз шегіндіреміз, - деп тұрғандай. Әрине, Қытай
тауары мұндағы жұмысшы күшінің арзандығынан арзан. Бұл олардың өтімділігін
біраз уақыт сақтайтын жағдай. Десек те аздаған іркілістің болары сөзсіз.
Биылғы жылы бұл ел экономикалық өсімді 9-10 пайыз көлемінде болады деп
жоспарлаған да еді. Енді ол 7-9 пайыз деңгейін көрсететін шығар. Демек, бұл
тағы да әлемдік тауарлы өндірісте рецессия жасайды.
Жапония баяу көтеріліп келеді. Әлемнің төртінші алыбы Жапония
экономикасына көктемде ел бастан кешкен табиғи апат орасан зор шығын
келтірген болатын. Бірақ қандай ауыртпалықты болса да көтеруге дайын
жапондар бар күшті ел экономикасына осы апаттың зардабын азайту ісіне
жұмсады. Сөйтіп, шығындарды жоя бастады. Солай бола тұрса да бұған дейін де
доллар-иена айқасында біраз зардап шеккен Жапония экономикасы 2011 жылдың
басындағы деңгейіне жете алатын түрі жоқ. Қазір Токио қор биржасындағы
басты индекс-индекатор никей 8,5 мың пункт деңгейінде тұрақтап қалғандай.
Ал ол 2010 жылдың соңында, 2011 жылдың басында 10 мың пункттен жоғары
болатын. Осыдан-ақ бұл ел экономикасында қандай рецессия болатынын шамамен
болжай аламыз. Қысқасы, Жапонияда әлемдік экономикаға өсім емес, рецессия
беретін болады.
Биыл да және алдағы 3 жылда Қазақстан экономикасында жоспарлы өсім
алынады. Оның басты себебі - елдің дер кезінде он жылға арналған
индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қабылдануы. Осы бағдарлама
аясында еліміз тұтастай алғанда үлкен құрылыс алаңына айналғандай. Жаңа
өндіріс орындары іске қосылып жатыр. Олардың өнімдері қосымша құны мол
тауар болмақ. Бұл - әлемдік базарда біздің экспорттық шикізаттар бағасы
түскен жағдайының өзінде содан болатын шығынның орнын толтыратын бір
игілікті қадам. Оған аграрлық салаға қатысты мал тұқымын асылдандыру, мал
санын көбейту, көкөніспен өзімізді-өзіміз қамтамасыз ету бағытында атқарып
жатқан істерімізді қоссақ, Үкіметтің жос­парындағы даму деңгейі алынары
сөзсіз.
Егер бүгінгі экономикалық әлеуеттегі сүбелі үлесті иемденетін шикізат
бағасы қалай болады деген сұрақ алдан шықса, біз бұған да ең кемі таяудағы
үш жылда алаңдау орынсыз деп жауап берер едік. Мұның басты себебі - БРИКС
тобындағы мұнай экспорттаушы елдердің өз алдына жеке концерн құратындығы.
Бұрын бұл салада жалғыз ОПЕК жұмыс істеп келген. Қазіргі әлемдік бөлісте
қалыптасқан жағдайға қарағанда ОПЕК картеліне АҚШ және Еуроодақ ықпалы
күшейіп кеткендей. Ал бұл - халықаралық рыноктағы мұнай бағасын түсіретін
бір тетік қызметін атқаруы әбден мүмкін. Осыны күні бұрын сезген БРИКС тобы
атап айтқанда Ресей, Венесуэлла, Нигерия қара алтын саласындағы жаңа
одақтас топ құруға қадам жасады. Ол құрылады да. Мұндай жағдайда мұнай
бағасының арзандауы мүлде мүмкін емес. Өйткені әлемдік рынокта ОПЕК бар
болғаны 40 пайызды қамтамасыз еткен. Бір Ресейдің өзі әлемдік сұраныстың 20
пайызын беріп жүр. Олай болса дүниежүзілік қара алтын экспортындағы үлесі
шамамен 45-50 пайызды құрайтын жаңа картель өз байлықтарын арзандатуға жол
аша қоймайды. Егер металлургия саласындағы бағаға қатысты айтар болсақ,
онда да төмендеу таяу арада тіркелмейтін секілді. Өйткені жасыратыны жоқ
біздің басты тұтынушымыз Ресей мен Қытай қалай болғанда да экономикалық
өсіммен жұмыс істейтініне ең қатал сарапшылардың өзі дау айта алған жоқ.
Кеңестік аумақтағы интеграция. Қазақстан дамуын посткеңестік аумақтағы
интеграция да тұрақты жағдайға айналдыра алады. Таяуда ғана Еуразиялық
еркін экономикалық аймақ ту­ралы оған қатысушы мемлекеттер келісімшартқа
қол қойды. Бізге Кеден одағының өзі ішкі айналымдағы экспорт өсімін шамамен
30 пайызға қамтамасыз етсе, енді еркін сауда аймағына қосылған мемлекеттер
ішінде 70 миллиондай тұтынушысы бар Украина да жүргенін ескерсек, бұл -
Қазақстан өндірісі мен экспортын одан әрі ұлғайтатын тетік деп қарастырған
жөн. Іргедегі қырғыз ағайын Кеден одағына өтуге өтінішін беріп құлшынып-ақ
отыр. Олай болса еліміздің таяудағы болашағы алаңдатпайды деп батыл айта
аламыз.
Қоюланған күдік, үкілеген үміт. Иә, әлемдегі қазіргі жағдай осылай.
Таяу болашақта санаулы мемлекеттерде ғана ілгерілеу тіркеліп, басқасын
былай қойғанда, АҚШ Еуроодақ секілді алыптарда кері кетіс жалғаса беретінін
айтуға тиіспіз. Бұл күдік қоюланып тұр деген сөз. Әлемде валюталар айқасы
жалғасатын шығар. Мұның өзі әрі кеткенде үш жылдың шамасында үлкен
дағдарысты әкелуі әбден мүмкін. Біздің экономикалық дамуымыз тіпті сол
үлкен дағдарыс ақиқатқа айналған кездің өзінде тұйыққа тірелмейді дей
аламыз. Тек төмендегідей басты шарттарды орындау керек секілді:
1. Ішкі базардағы тауар бағасын тежеудің орнына отандастардың кірісін
өсіру, жағдайы төмендерге мақсатты жәрдемақылар тағайындау керек.
2. Шетелдік несиелерден мүлде бас тартқан жөн.
3. Қазақстандықтар қалтасындағы қаржыны пайдалы іске жұмсау үшін
өңірлік қор биржасындағы эмитенттер санын өсірген жөн. Барлық екінші
дең­гейдегі банктер, барлық шетелдік компаниялар, барлық қазба байлықтарын
өндіріп экспорттаушы фирмалар ішкі ІРО сатылымына өз акцияларының ең кемі 5-
15 пайызын шығаруы тиіс.
4. Екінші деңгейдегі банктердің несиелік қоржынын диверсификациялау
талабы заңдастырылғаны жөн.
5. Ипотекалық несие үстемесі де, құрылыс шаршы метрі де арзандатылғаны
жөн.
6. Ұлттық банк отандық тауар экспорттаушыларды АҚШ-тың жаңа қара
тізіміне енгізгісі келмесе теңгенің тізгінін босатып оның долларға
шаққандағы бағамы ең кемі 1=130 деңгейіне дейін жіберуі керек. Джексен-Венк
тізімінен зорға шыққанымызды ұмытпайық.
Міне, осындай қажетті шараларды жүзеге асырса Қазақстанның ішкі
дамуына сыртқы әсер мүлде болмайды.
Жалпы, 2010 жылға қатысты болжамдардың барлығы бірізді болмайтыны
түсінікті, оны жоғарыда айттық. Ендігі күні дағдарыстың беті қайта бастады
дегенмен, оның салдарына орай атқарылатын шаралар да әжептәуір алаңдаушылық
туғызатыны сөзсіз. Мәселен, 2007 жылдан бергі күйзелісте әлем елдері
бойынша жұмыссыздар саны еселеніп артты. Бұл үрдіс жақын уақытта тоқтайды
деу де сенімсіз. Өйткені, әлемдік экономикалық өсімнің тым баяу болуы
жұмыссыздық деңгейіне еш әсер етпейтіні айқын, қайта бұның өзі үлкен
экономикалық қауіпке айналып кетуі де ғажап емес. Мәселен, Дүниежүзілік
банктің былтырғы желтоқсан айында жарияланған баяндамасына қарасақ, соңғы
он жыл ішінде әлем бойынша кедейлікпен күресте қол жеткізілген нәтиже қайта
сарқыла бастағанға ұқсайды. 2010 жылға қарай Шығыс Еуропа мен Орталық Азия
аумағында кедейлер саны 10 млн. адамға артуы мүмкін. Бұған қоса орташа
деңгейге қол жеткізген кейбір санаттар, созылмалы дағдарыс салдарынан
қайтадан кедейлік кейпін киюі ғажап емес, делінген әлгі баяндамада.
Сонымен бірге, Банк баяндамасында дағдарыс салдарынан отбасы бюджеттеріне
ауыр салмақ түсіп, жұртшылықтың жалпы өмір сүру деңгейі де төмендеу үрдісі
жайлы да айтылады. Бұған қоса, кредиттік, ипотекалық салмақ та біршама
халықты қалжырататыны шындық. Сол үшін де ағымдағы жылы қай елдің болмасын
үкіметі жұмыссыздықпен күресті бірінші орынға қоятыны анық. Өйткені
жұмыссыздықтың өсуі экономикалық белсенділіктің күрт төмендеуінің белгісі
болып табылады. Бұл ретте Қазақстан Үкіметінің 2010 жылы да Жол картасы
аясында шараларды жалғастыруын, оның бағыттарын кеңейтуін жұмыссыздықпен
күресті жандандыра түсу әрекеті деп қараған ләзім. Оның үстіне бытырғы
жылы бұл бағдарлама өз тиімділігін әрі бұдан былай да қажеттілігін танытты.
1.2. Экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік және саяси
тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы меморандум
Қазақстан ғаламдық экономикалық дағдарыстың жағымсыз әсерін
айтарлықтай сезінген көптеген елдердің бірі. Қазақстандық тәуелсіздіктің
қысқа тарихында үшінші рет қайталанып отырған экономикалық дағдарыстың
салдарын жеңу үшін мемлекеттік органдар өз құзіреттерінің аясында шаралар
қолдануда. Дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру, сондай-ақ
дағдарыстан кейінгі кезеңде елді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу билік пен
қоғамның ортақ жауапкершілігі. Осы бір күрделі жағдайда елдің әлеуметтік
тұрақтылығы мен саяси институттарының орнықтылығын сақтау маңызды мәнге ие.
Астана қаласы 2009 жылғы 6 сәуірде саяси партиялардың өкілдері, Нұр
Отан Халықтық Демократиялық партиясы және Ақ Жол Қазақстанның
Демократиялық партиясы басқа түскен қиындықтардың себептері мен оларды
жеңудің жолдары жөнінде азаматтардың барлығы ортақ түсінікке келген
жағдайда ғана экономикалық дағдарысты жеңуге болатындығын түсіне отырып;
келіспеушіліктер мен қайшылықтарды жеңу үшін, оларды азаматтардың
конституциялық құқықтарын толық сақтай отырып, конструктивті рухта шешу
үшін келісілген ортақ шараларды қолдану маңызды деп санап; басқа елдердің
тәжірибесін ескеретін дағдарыстан кейінгі өркениетті модельдің негізінде
әлеуметтік, саяси және мәдени салаларда одан әрі қарқынды әрекеттер қажет
екендігіне көз жеткізе отырып; шынайы мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту,
саяси плюрализм, сөз бен жиын еркіндігі, азаматтардың пікірі мен мүдделерін
ескеру жолдарында қазақстандық қоғамның бірігуіне қол жеткізуге
болатындығына сенімді бола отырып; Қазақстан халқының алдындағы
жауапкершілікті түсіне отырып осы меморандумды қабылды.
Қоғамдық процестер барысы жөніндегі саяси көзқарастардың алуан түрлі
екендігін ескере отырып, мыналарды іске асыру қажеттігі туралы ортақ ой мен
осыған деген ұмтылысты білдірді:
1. қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың және басқа да азаматтық қоғам
институттарының түрлі дағдарыс құбылыстары салдарының алдын алуға және
оларды жеңуге бағытталған сындарлы бастамаларына қолдау көрсету;
2. дағдарыстан шығу шараларын әзірлеу және дағдарыстан кейінгі кезеңде
елді одан әрі дамытуды талдау бойынша үнқатысу алаңдарын құру;
3. халықтың, оның ішінде ең алдымен жұмыс жоғалтқан азаматтардың,
зейнеткерлердің, бюджеттік саласындағы қызметкерлердің, білім алушы жастар
мен аз қамсыздандырылғандардың өзекті мәселелерін нақты және тиімді шешу
жөнінде мемлекеттік билік органдарының алдына бірігіп міндеттер қою;
4. алдағы уақытта ЕЫҚҰ-да төрағалық ету аясында Қазақстанның алдында
тұрған міндеттерді тиімді іске асыру үшін саяси ұсыныстар кешенін әзірлеу
жөнінде отандық және шетелдік сарапшылар мен заңгерлерді жұмылдыра отырып,
көппартиялық топ құру;
5. экономикалық дағдарыс салдарын еңсеруге бағытталып, бірлестікте
жүзеге асырылып жатқан ортақ әрекеттер туралы халықты жан-жақты
ақпараттандыру мақсатында БАҚ-та бірлестіктегі жобаларды іске асыру. Барлық
отандастарымызды өмірлік оптимизмді жоғалтпай, қоғамдық белсенділік пен
жауапкершілік танытуға шақырамыз. Бір елдің азаматтары ретінде ынтымақтаса
отырып қана біз барлық қиындықтарды жеңе аламыз және ортақ Отанымыз –
Қазақстан Республикасын одан әрі қарқынды дамыту үшін қажетті жағдайлар
жасалды.
Меморандум әрбір партия қол қою үшін ашық. Меморандумнан шығу жөнінде
алдын ала мәлімделгеннен соң Меморандумда көрсетілген нормаларды жүзеге
асыруды тоқтату мүмкіндігі туады.
Экономика-қаржы мәселесін болжайтын тағы бір топ әлемдік экономиканың
толық сауықпағанын, ғаламдық қаржылық күйрету толқынының тағы бір қайталап
соғатынын айтады. Енді бірі әлемдік елдерді АҚШ экономикасына, халықаралық
валютаның тұрақтылығы үшін де сол елдің экономикасына жұмыс істеуге
шақырып, сонда ғана мемлекеттерде мамыражай кезең оралатынын көксейді. Ал
дағдарыстың негізгі көзі болған АҚШ-қа келетін болсақ, қайсыбір сарапшылар
2010 жылы бұл елде бюджет дефициті өсімінің жалғасатынын, ұлттық қарыздың
жылдам қарқынмен ұлғаятынын алға тартады. Доллардың бұдан әрі әлсірей түсуі
де экономика көш басындағы мемлекет үшін үлкен соққы болуы мүмкіндігіне де
назар аудартады. Есесіне, қиыншылықта да жедел дамудың жаңа дүмпуін
көрсеткен Қытайды естен шығармаған жөн. Әлемдік сарапшылардың көпшілігі осы
Қытай елін дағдарыста бірден-бір ұтымды жағдайда болған мемлекет ретінде
сипаттайды. Ал 2009 жылы әлемдік экспорттаушылардың арасында біріншілікті
еңсерген Қытай үшін 2010 жыл одан да сәтті болатынын болжайтындар
жеткілікті.
Дегенмен, бұлардың барлығы болжам. Ал ондай экономикалық болжамның
сорақысы осыдан дәл бір жыл бұрын да жасалған болатын. Дүние елдері үшін
шым-шытырық болжауларға ұласқан аса ауыр кезең 2009 жыл болса, былтыр
айтарлықтай күйреу мен қорқынышты құлдыраулар орын алған жоқ деуге болады.
Керісінше, былтырғы жылдың соңына қарай болжамдардың басым бөлігі
жағымсыздан жағымдыға қарай ойсырай бастады. Оның үстіне, бүгінгі таңда
түрлі сәуегейліктің орын алып отырғанына қарамастан, сарапшылар әлемдік
экономикада баяулап болса да орнықтылық белгілерін байқайды, сол үшін 2010
жылғы болжамдар басым жағдайда оң сипат алып келеді. Енді сондай
болжамдардың бірқатарына тоқталып өтсек.
Мәселен, Халықаралық валюталық қордың әлемдік экономиканың өсу қарқыны
бойынша болжамы 2009 жылғы 1,1 пайызға қарағанда 2010 жылы 3,1 пайызды
құрайды. Бұнда да қор сарапшылары әлемдік экономиканың тұрақтылығы тым баяу
болатынын алға тартады. Яғни, баяу болса да өсім болады. Бұның өзі дағдару
мен құлдырауға қарағанда әлдеқайда үмітті болжам. Ал Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы елдері бойынша аталған ұйымның 2010 жылғы
экономикалық көрсеткіш болжамы 1,9 пайызға, АҚШ-та - 2,5 пайызға, Еуроаймақ
- 0,9 пайызға өседі. Дүниежүзілік банк 2010 жылғы әлемдік экономиканың
өсімін 2,6 пайыз деңгейінде қарастырады. Алдыңғы қатарлы ағылшындық
консалтингтік компаниялардың бірі болып табылатын Capital Economics -тің
зерттеулеріне қарағанда, 2010 жылы әлемдік ІЖӨ 2,7 пайызға артады. Оның
ішінде АҚШ ІЖӨ - 3 пайызды, Еуроаймақтағы ІЖӨ - 1,5 пайызды құрайтыны
болжанады. Әлемдік экономиканың жоғары өсімі бойынша тағы бір болжамды
америкалық Morgan Stanley банкі ұсынып отыр. Банк 2010 жылы әлемдік ІЖӨ 4
пайызға дейін өсетінін күтеді. Morgan Stanley болжамдары бойынша дамушы
елдердің экономикасы биылғы жылы 6,5 пайызға дейін артады екен. Ал АҚШ
Мемлекеттік энергетикалық ақпарат басқармасы 2010 жыл бойынша әлемдік ІЖӨ-
нің өсуін 2,6 - пайызға дейін болжайды.
Дағдарыс салқынының қайтып бара жатқаны туралы сөз болғанда, көптеген
сарапшылар ең алдымен былтырғы 2009 жылдың мамыр айынан бері қарайғы
мұнайдың әлемдік бағасының көтерілуіне сілтеме жасайтындай. Әлемдік
экономиканың құлдырауынан энергия ресурстарына және оның өндірісіне де
сұраныс қысқарғанын, соған сәйкес мұнайға бағаның да құлдырағанын ескерсек,
бағаның былтырғыдан бері қалыпты көтеріліп отыруы қандай да бір
қозғалыстың, сұраныстың болып жатқанын аңғартады. Ондай сұраныстың басым
бөлігі 2009 жылы экспорттаушы елдердің көшбасшысы болған Қытай еліне
қатысты болғаны анық. Қытай секілді жедел қарқындап отырған, оның үстіне
мұнайды импорттаушы елдер мұнай бағасының төмендігінен ішкі қорларын
қалыптастырудың қамын жасады. Ал ендігі сұраныс, яки баға бұндай ішкі
қорларға ғана емес, әлемдік экономикаға да қатысты болары сөзсіз. Сонымен,
бүгінгі таңда мұнай бағасы барреліне 70 доллардан асып отыр әрі осы
көрсеткіш биылғы жыл бойына сақталатыны болжанады. Бір жағынан мұнайға
бағаның бұндай өсу қалпын әлемдік экономиканың дағдарыстан шыға бастағаны
деп қарауға да толық болмайды, қара алтын бағасы әлі де серпінді болуы
мүмкін. Дегенмен, Мұнайды экспорттаушы мемлекеттер ұйымы да 2010 жылға
қатысты әлемдік экономикада жағымды өсімді болжап, бұның 2,9 пайыздың
деңгейде болатынын көрсетіпті. Ал ұйымның өз елдері ішіндегі (ОПЕК-тегі)
экономикалық өсімнің болжамы 2010 жылы 1,3 пайызды құраса, АҚШ-1,6 пайыз,
Еуроаймақ - 0,6 пайыз деңгейінде болжанады.
Жалпы, әлемдік экономиканың бір бөлшегі ретінде қазақстандық экономика
да былтырғы жылды дағдарыс кезеңіндегі жағымды көрсеткішпен аяқтады.
Сонымен бірге, әлемдік экономикалық жүйенің ықпалдас бөлігі ретінде
қазақстандық экономиканың да дағдарыстан шығуы, еліміздің экономикалық
өсімге қол жеткізуі көп жағдайда әлемдік экономиканың серпініне байланысты.
Әлемдік экономика жанданып, Қазақстанның экспорттық өнімдеріне сыртқы
сұраныс артқан жағдайда өнеркәсіп өндірісінің өсімі қалпына келетіні
айтпаса да түсінікті. Сонымен бірге, былтыр елімізде экономиканың
рецессияға бой алдырмауы, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
секілді сыртқы факторлар мен дағдарыстық құбылыстардың келеңсіз салдарының
әсерін азайту үшін тұтастай шаралар кешені жүзеге асырылды. 2010 жылы
атқарылатын негізгі шаралар да пысықталды. Дегенмен, де Қазақстан
экономикасы әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарысқа байланысты елеулі
шығынға батпағаны, айығуы қиынға соғатындай құлдырамағаны қазірдің өзінде
де белгілі болды.
Осы ретте ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға
арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында елдің сыртқы даму
жағдайына қатысты түсіндірмесіне үңіліп көрелік. Халықаралық ұйымдар
мұнайға, металдарға әлемдік бағалардың біртіндеп көтерілуін болжап отыр.
2010 жылдан бастап әлемде мұнайды тұтынудың 2014 жылға дейін жыл сайын 1,5-
3 пайызға өсетіні күтілуде. Халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша, 2010
жылы мұнайға әлемдік баға бір барреліне 60-70 АҚШ доллары шегінде болады.
Ал ABARE-нің (Австралия Үкіметі жанындағы ауыл шаруашылығы, жер қойнауын
пайдалану және энергетика саласындағы экономикалық зерттеулер бюросы)
болжамы бойынша, 2010 жылдан бастап металдарды әлемдік тұтыну көлемі орта
есеппен 2014 жылға дейін жылына 4-6 пайызға өсуі күтілуде. Бұл металдарға
бағалардың көтерілуіне мүмкіндік тудырады. Әлемдік тауар және қаржы
нарықтарындағы жағдайлар тұрақталады және сыртқы қарыз алу шарттары
жақсарады деп болжануда. Орта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні
Қаржылық дағдарыстың жағдайы және экономикаға оның әсері
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты
Бейдағдарыстық басқарудағы кризистік жағдайларды бақылау
Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдарын талдау
Дағдарыс және оған қарсы басқару
Экономикалық дағдарыс себептері
Ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну
Пәндер