Жеке тұлғаның дамуында қарым-қатынастың рөлі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жеке тұлғаның дамуында қарым-қатынастың рөлі.

Жоспар

  • қарым-қатынас техникасы
  • қарым-қатынастың әдіс-тәсілдері
  • қарым-қатынастың дамуы

Жеке тұлғаның дамуында қарым-қатынастың рөлі.

Педагогика және психология ғылымында қарым-қатынас өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі психология ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесінің сырымен, коғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты. Сондай-ақ қарым-қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы екені белгілі. Ол студнттердің топтык іс-әрекетінің реттеушісі және мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады.

Қарым-қатынас немесе коммуникация деп аталатын процесс - аса кең және сиымды түсінік. Бұл - саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпараталу мен беру, оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырылады.

Қарым-қатынас - өте маңызды, әрі күрделі де ұзак мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелердің бірі. Қарым-қатынаска түспей тұрып жеке адамды толык түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондыктан да тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше.

А. А. Леонтьев "қарым-қатынас" ұғымын қарым-қатынасқа белгілі бір іс-әрекет түрі ретінде қарау керек деп айткан.

Қарым-қатынас іс-әрекет түрі сияқты тектүр қатынасында болатын кұбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін. Соңғы жағдайда "ол кандай іс-әрекет? даралық па әлде ұжымдық па?" деген сұрак туындайды. Біз әрекеттің екі формасы да мүмкін дегенді негізге аламыз, бірақ қарым-қатынастың өзі іс-әрекет емес, ол коғамдык -еңбектік қатынаста әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын адамдардың езара әрекеттесу формалары болып табылады.

Б. Ф. Ломовтың түсіндіруі бойынша, қарым-қатынас бұл -"бір-бірімен қатар жүретін дамып

отыратын іс-әрекеттің біріне-бірі косылуы емес, - дейді, - ол оған серік ретінде жүретін субьектілердің өзара әрекеті". Сонымен автордың берген анықтамасы " . . . қарым-қатынас - адамның тұрмыс тіршілігінің индивидуалды түрінің маңызды жағы"

В. М. Бехтерев қарым-қатынасты адамдарды топка біріктіру механизмі, тұлға әлеуметтенуінің шарты сиякты қарастырады.

М. С. Каган қарым-қатынасты адамдардың бірлігінен туатын жаңа ақпараттарды өңдеу үрдісі ретінде қарастырады.

Г. М. Андреева қарым-қатынасты үш жағынан қарастырды: интерактивті, коммуникативті, перцептивті.

Перцептивтік қарым-қатынас - бұл адамдардың бір-бірін қарым-қатынас аркылы қабылдауы.

Коммуникативтік карым-катынас - бұл мәлімет алмастыру.

Интерактивтік қарым-қатынас-бұл индивид-тің әрекеттесуінің ұйымдасуымен жасалады.

Ал Б. Ф. Ломов қарым-қатынастың үш жағын былай сипаттайды: акпараттык-коммуникативтік; реттеуші-коммуникативтік; және аффективтік-коммуникативтік.

А. А. Бодалев қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі деп, адамның тұлға және іс-әрекет субъектісі және жеке даралық ретінде дамуының негізгі факторы болатынын атап айткан. Көптеген ғалымдар карым-катынасты реализация процесі ретінде, сонымен қатар қатынастың қалыптасуы ретінде қарастырады.

Қарым-қатынас түсінігі философияда, социологияда жэне психологияда көп қолданылатын ұғымдардың бірі.

Б. Д. Парыгиннің ойынша, карым-катынас адамның барлык психикалык өмірлік іс-әрекетіне жатады.

Қарым-катынастың кұрылымы ретінде бұл процесс калыптасатын негізгі жиынтыктарды айтуғаболады.

Логикалык негіз ретінде карым-катынасты процесс ретінде модель дегенде, оның бірнеше элементтерін көрсетуге болады, яғни олар бір-бірінен өзіндік қасиеттерімен және атқаратын қызметтерімен ерекшелінеді. Осылайша, талап-тарға жауап беретін қарым-қатынастың келесі компоненттері: қарым-қатынас субъектілері, қарым-қатынас тэсілдері; карым-катынастың кажеттіліктері, мотивациясы және мақсаттары; өзара әрекеттесу тәсілдері; қарым-қатынас нәтижелері.

Аталған компоненттердің эркайсысы өз алдына кұрылымдык жэне функционалды талдаудың пэні бола алады.

Қарым-қатынастың белек элементтерін бөлшектеумен және жіктеумен катар оны кұрылымдауға жалпыланған және интегралды тәсіл колдануға болады. Ондай жагдайда бүтіндей карым - катынастыңбөлек емес әртүрлі жактары туралы айткан орынды болады.

Қарым-катынастың карапайым шарты неме-се бастапкы алғышарты - өзара бір-бірімен кан-дай да бір байланыс орнатуға кабілетті индивид-тердіңболуы.

Қарым-қатынас туралы айтканда адамдардың бірлескен іс-әрекет барысында, олар бір-бірімен түрлі ойлармен, идеялармен, қызығушылык-тармен, көңіл-күй, сезімдермен бөлісуін айтады.

Сонымен көптеген ғалымдардың теориялык көзкарастарына талдау жасай келе, қарым-қатынас механизмдерін, қарым-қатынастың маңыздылығын, тиімділігін анықтайтын, түсініктерді сипаттайтын психологиялық құрылым деп ұғынамыз.

Қоғамның қаркынды дамуында жеке тұлғаның қалыптасып, жетілуі жасөспірімдік шақта қарым-қатынас мәселесімен тығыз байланысты.

Студенттік кезең - бұл дамудың қарама-қайшы тенденциялары айқын байқалатын балалықтан ересектікке өтудің кезеңі. Жасөспірімдердің жеке тұлға болып дамуында карым-катынас маңызды рөл аткарады.

Студентті тұлга ретінде қарастыратын болсак, онда 18-20 жас - бұл кезең адамгершілік, эстетикалык сезімдердің дамуы, мінез-кұлықтың кұрылуы мен үлкен адамның толық комплексті әлеуметтік рөлдерін (азаматтык, кәсіби-еңбектік, т. б. ) иемденуімен байланысты.

Бұл кезеңде жеке адамның қарым-қатынастагы қажеттілігі жоғарылайды. Студенттік кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар. Олар бір-бірінен мінезі, адамгершілік нормаларды сақтай алу ерекшелігі, қарым-қатынасты кұра білуі интеллектуалдык кабілеті аркылы ерекшеленеді.

Студенттік кезеңнің алғашкы кезеңі әлеуметтік адаптациямен сипатталады. Адаптация - бұл бұрынғы стереотиптердің өзгеруі, топқа үйрену. Окуға түсіп, жаңа қарым-қатынастар жүйесін кұрады. Олардан өмір белгілі бір жауапкершілікті, шешімділікті, өз бетімен қызмететуді, тәуелсіздікті талап етеді. Бұлардың барлығы бірігіп олардың "есеюіне" өз ыкпалын тигізеді. Адаптация кезінде студенттердің оқу процесіне әсер ететін фактор ретінде олардың өзара қарым-қатынасын атауға болады, бұл оқу үлгерімінің бастапқы кезде төмен болуына әкеледі. Әлеуметтік адаптацияның екі түрі бар: кәсіби адаптация және элеуметтік-. Кэсіби адаптация - оку процесі сипатына, білім алу ерекшелігіне, мазмұнына, эр пэнге, жалпы алғанда, мамандыкка үйрнеу. Әлеуметтік-психологиялык адаптация индивидтің топқа, өзара қарым-қатынасқа бейімделуімен сипатталады. Топтағы объективті қарым-қатынастар жеке адамдық қатынастарға көшеді және оның тұлғалык қалыптасуына әсер етеді.

Қарым-қатынас - студенттік кезеңдегі ең негізгі тенденция. Жасы өскен сайын оның өзге адамдармен, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы ұлғая түседі.

Кез келген өзара әрекеттестіктің маңызды шарты - бұл қарым-қатынастың эмоционалды эмпатиялык жағы. Баскаша айтқанда, өзара түсіну, баскалардың қуанышына қайғысына ортақтасу, көмек беруге дайындық. Эмоционалды әсер бұл кез келген жеке адамаралық, оның ішінде педагогикалык қарым-қатынастардың негізін кұрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның өзіндік бағалауы
Тұлғаның танымдық іс-әрекетінің қарым-қатынас арқылы дамуы
Оқу процесінде мұғалім имиджі мен оқушы әрекетінің теориялық мәселелері
Қарым-қатынастың бала дамуындағы орны
Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы
Оқу–тәрбие үдерісіндегі қарым–қатынастың өзекті мәселелері
Дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс
Адамдар арасындағы қарым - қатынас психологиясы
Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы
Тілсіз қарым қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алған
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz