Салық құқықтық қатынастар түсінігі, түрлері. Салықтың құқықтық қатынастардың субъектілер құрамы



Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

Экономика және менеджмент
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Салық жүйесі және салық құқығы

Тақырыбы:

Салық құқықтық қатынастар: түсінігі, түрлері. Салықтың құқықтық
қатынастардың субъектілер құрамы. Салық төлеуші салық агенттігі банктер
салық өкілі және салық органдары

Орындаған: ТД-31 топ студенті
Құбаев Е.Қ.
Тексерген: Абдрахимова А.Д.

Орал - 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-бөлім. Салықтық құқықтық қатынастар: түсіні, түрлері
1.1. Салықтық құқық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...5
1.2.Салықтық құқықтық қатыстардардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

2-бөлім. Салықтық құқықтық қатынастардың субъектілер құрамы
2.1. Салықтық құқық құқықтық құрылым
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2.Салық төлеуші және салық агенттіктері мен
органдары ... ... ... ... ... ... .. ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..29
Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендiгi, оның әлеуметтiк бағдарлы
нарықтық қатынастарға бағытталған даму жолына көшуi, мемлекет және қоғам
мүддесiне қажеттi қаржы-қаражаттардың мемлекет құзырында орталықтандырылуы,
сондай-ақ өтпелi кезеңдегi экономиканы реттеу барысында пайдаланылатын
салықтық құқықтың экономика және құқық аяларынан өзiне тиесiлi орнын
алуының басты себебiне айналып отыр.
Мемлекеттiң материалдық мүддесi мен қоғам өмiрiнiң айрықша
экономикалық аясының тоғысатын жерi, көбiнесе объективтi қаржылық-құқықтық
құбылыс ретiнде жарқын көрiнiс табатын салық салу саласы әрқашанда
мемлекеттiң салықтық құқығының реттеушi ықпалының ауқымы ретiнде көрiнiс
табады.
Салықтық құқық қоғамдық-мемлекеттiк маңызы бар айрықша объективтi-
субъективтiк экономикалық аяны толығымен қамти отырып, осы салық салу
саласындағы айтарлықтай тұрақты ұйымдастырушы және материалдық сипаттағы
салықтық қатынастарды реттейтiн, әлеуметтiк және фискалдық саясаттың
ұстаным-бағдарларын көз-дейтiн, мемлекет билiгiнiң әкiмшiлiк және
экономикалық әлеуетiнiң салықтық құзырындағы заңи және экономикалық
мазмұнды құқық-тық нормалардың жиынтығынан тұратын құқықтық құрылым болып
табылады, сондай-ақ оның салықтық құқықтық нормаларында мүмкiндiгiнше
мемлекет пен салық төлеушiлердiң экономикалық-қаржылық мүдделерiнiң қарама-
қайшылығы ескерiледi.
Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасында қоғамдағы
қандай болмасын процестерге мемлекеттiк әкiмшiлiк жүргiзу арқылы тiкелей
ықпал ету мүмкiндiгiнiң тарыла бастағаны бүгiнде баршаға аян. Бұл орайда
халықаралық өркениеттi стандарттар мен нарық талаптарына сай келетiн,
сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттiк мүдделерге қол жеткiзуге жол ашатын
әлеуметтiк-экономикалық жанама ықпал етудiң елеулi құралы салықтар, салық
салу жүйесi және мемлекеттiң салықтық құқығы пайдаланылады.
Салықтарға тән барлық функциялар мемлекеттiк бюджеттiң ақшалай
қаражаттарын негiзiнен корпоративтiк шаруашылық аясы субъектiлерiнiң
табыстары есебiнен қалыптастыруға нысаналанған тұрақты байланыстың мемлекет
пен салық төлеушiлер арасында туын-дауы мен дамуы барысында iске асырылады.
Өндiрiс пен салық салу және мемлекеттiк бюджет кiрiстерiн қалыптастыру
арасындағы тәуелдiлiк ұтымды салық жүйесiн құрудың, сондай-ақ тиiмдi
салықтық заң актiлерiн қабылдаудың теориялық және практикалық негiзiн
құрайды.
1-бөлім. Салықтық құқықтық қатынастар:
түсіні, түрлері
1.1. Салықтық құқық негіздері
Қазақстан Республикасының нарық экономикасына бағытталып негізделген
қатынастарға көшуіне, сондай-ақ салық салу аясындағы мәселелердің маңызды
және әлеуметтік-экономикалық процесстерге ықпалын тигізетін құралға
айналуына байланысты салықтық қатынастардың рөлі арта түсуде.
Салықтық құқық нормаларында мемлекеттiң iшкi және сыртқы салық
саясатының ұстанымдарында көзделген болашақ қоғамдық байланыстардың, яғни
салықтық қатынастардың аса ұтымды теориялық-практикалық модельдерi
бекiтiледi, сондай-ақ салықтық құқық-тық нормаларда белгiленген
субъективтiк құқықтар мен заңи мiндет-тер негiзiнде нақтылы салықтық
қатынастар салықтық құқықтық қатынастар түрiнде қалыптасып, дамиды.
Сонымен, салықтық құқықтық қатынастар аясы мемлекеттiк және
корпорациялық шаруашылық аялары мен салаларын, сондай-ақ барлық заңды
тұлғалар мен азаматтар ауқымын қамтитындықтан салықтық құқық пен салық
заңдарына деген салық төлеушi заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттiк
қызметкерлердiң, құқық қорғау органдарындағы және басқа саладағы
заңгерлердiң, экономистердiң және аудиторлардың қызығушылықтары мен ықылас-
ынталары күн санап өсуде.
Соңғы уақытта, салықтық құқықтың жалпы және арнайы теориялық
проблемаларын, салықтық заңдардың елеулi мәселелерiн ғылыми зерттеу iсi
де кең көлемде жүзеге асырылып жатқаны мәлiм. Осының нәтижесiнде, жаңаша
қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының салықтық құқығы да
мемлекетiмiздiң экономикалық-әлеуметтiк түрлендiрiлуiне, өндiрiс аясының
тұрақтандырылуына және салық жүйесiнiң күшейтiлуiне өз үлесiн қосуда.
Мiне, осындай мән-жайлардың бәрi салықтық құқықтың жаңаша құрылымы
мен мазмұнына, маңызына және реттелiнетiн салықтық қоғамдық қатынастарға
айтарлықтай ықпалын тигiзiп қана қоймай, сонымен бiрге салық салу мен
салықтық құқықтың теориялық және практикалық мәселелерiн бiр-бiрiнен
бөлмей қарастыру арқылы салық жүйесiнiң тұрақтыландырылуына және тиiмдi
жұмыс iстеуiне жағдай жасап отыр.
Осы орайда, салықтық құқық пен салықтық заңдарды зерделеу
мiндеттiлiгiнiң жоғары заң оқу орындарының студенттерiне, салық қызметi
және қаржы полициясы агенттiгi органдарының қызметкер-лерiне, прокуратура
мен сот органдарының қызметкерлерiне, кедендiк бақылау комитетiнiң
қызметкерлерiне, экономистерге, бухгалтерлер мен аудиторларға жүктелуi күн
тәртiбiнде өткiр тұрған көкейтестi мәселе екенiн көрсетедi.
1.2.Салықтық құқықтық қатыстардардың түрлері
Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік
қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін
орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Осыған орай, қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең
маңызды, басты түрі - мемлекеттік кіріс. Сол мемлекеттік кірістердің ең
негізгілері: салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
Олар қалыптастыру және алыну тәртібіне байланысты төмендегі түрлерге
бөлінеді:
А. Салықтар. Корпорациялық және жеке табыс салықтары, қосылған құн
салығы, акциздер, жер койнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы
төлемдері, әлеуметтік, жер, көлік құралдары мен мүлік салығы.
Ә. Алымдар. Заңды тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, жылжымайтын мүлікке
құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді, радиоэлектрондық құралдарды
және жиілігі жоғары құрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен
тіркемелерді, теңіз, өзен кемелері, шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе
кемелерін, дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алы-
натын алымдар; автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы;
аукциондардан алынатын алым; елтаңбалық алым; жекелеген қызмет түрлерімен
айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық және телевизия мен радио
хабарларын тарату ұйымдарына радиожілілік спектірін пайдалануға рұқсат
бергені үшін алынатын алымдар.
Б. Төлемақылар. Жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су
ресурстарын, қоршаған ортаны ластағаны, жануарлар дүниесін, орманды, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды, радиожілілік спектірін, кеме жүретін су
жолдарын пайдаланғаны, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін
алынатын төлемақылар.
В. Мемлекеттік баж.
Г. Кеден төлемдері. Кеден бажы, кеден алымдары, төлемақы және алымдар.
Салықтар дегеніміз - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатында, мемлекеттің жоғары өкілді органы кабылдаған нормативтік
кесімнің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта,
заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын және ақысыз
негізде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Ал алымдар, төлемақылар мен
баждар заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін
мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдері.
Салықтардың қалыптасқан түрдегі үш функциясы бар:
1. Фискалдық - салықтардың және баска да міндетті
төлемдердің бюджетке толығымен және уақытылы мерзімде түсіп
отыруын қамтамасыз етеді.
2. Қайта бөлу - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің табыстарының
белгілі бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі.
3. Салықтық реттеу - салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық
түрлерін азайту және негізделген салық жеңілдіктерін енгізу арқылы немесе
ынталандыру функциясы.
Салық қызметі деп мемлекет қазынасын қалыптастыру мақсатында жүзеге
асырылатын мемлекеттік қызметті айтады. Бұл қызмет салықтарды және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, оларды мемлекет кірісіне
алу, салықтық реттеу және бақылау арқылы аткарылады.
Салықтық құқықтың дерек көздері болып 2001 жылдың маусымының 12
жұлдызында қабылданған Қазақстан Республикасының Салық кодексі, салық
мәселері жөнінде қабылданған Қазақстан Үкіметінің қаулылары және т. б.
есептеледі.
Төменде салықтардың әрқайсысына қысқаша жеке тоқталып, қарастыра
отырып жалпы сипаттамасын береміз.
1. Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері Қазақстан
Респуликасының резидент заңды тұлғалары (ұлттық Банк пен мемлекеттік
мекемелерден баска), сондай-ақ елімізде қызметін тұракты мекеме арқылы
жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын
резидент емес заңды тұлғалар болып табылады.
Объектілері салық салынатын, төлем көзінен салық салынатын табыс пен
резидент емес заңды тұлғаның таза табысы. Жылдық жиынтық табыс пен шегеріс
жасау арасындағы айырма ретінде есептелген табыс осы салықтың салық
салынатын табысы болып табылады.
Жылдык жиынтық табысқа салык төлеушінің табыстарының барлық түрлері,
соның ішінде: тауарларды (жұмыстардан, кызметтер көрсетуден) өткізуден
түсетін табыс пен мүлікті жалға беруден түскен табыстар, үлеспайдадан
(дивиденттер), ұтыстар, сыйақылар және т. б. жатады.
Корпоративтік салықты есептегенде төлеушілердің жылдық жиынтық
табысынан пайыздар, күмәнді борыштар, резервтік қорларға аударымдар
мен амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығыстар және т. б. (СК
92 - 114 баптары) шегерімге жатады.
Ставкалары. Салық төлеушілердің салық салынатын табысынан 30 %,
негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеуші 10%, ал резидент
еместерден 15 % салық ұсталады.
Күнтізбелік жыл корпорациялык табыс салығы үшін салық кезеңі болып
табылады. Салық төлеушілер корпорациялык табыс салығын төлеуді өзінің тұрып
жатқан орны бойынша (ағымдағы айдың 20-шы жұлдызынан кешіктірмей) жүзеге
асырады.
2 Жеке табыс салығы. Салық Кодексінің 141 бабына сәйкес жеке тұлғалар
жеке табыс салығының субъектілері болып табылады, ал объектілеріне төлем
көзінен салық салынатын және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
жатады.
Жеке тұлғалардың табыстарының мынадай түрлеріне салық салынбайды:
– еңбекақы төлеуге байланысты төлемдерді қоспағанда, Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде мемелекеттік
бюджет каражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек,
жәрдемақылар мен өтемдер;
– балаларға және асырауындағы адамдарға алын-ған алименттер;
– лотерея бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш шегіндегі ұтыстар;
– әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері
әскери қызмет-міндеттерін орындауға байланысты алатын төлемдері;
– білім беру орындарында оқитындарға ҚР заңдарында белгіленген
мемелекеттік стипендияларға арналған мөлшерде төленетін
стипендиялар және СК 144 бабында көрсетілген салық салуға
жатпайтын баска да төлемдер.
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына:
қызметкердің табысы, біржолғы төлемдерден алынған табыс, жинақтаушы
зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері, дивиденттер, сыйақылар,
ұтыстар түріндегі табыс, стипендиялар мен жинақтаушы сақтандыру шарттары
бойынша табысы, ал төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына мүліктік
табыс, жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы мен адвокаттар мен жеке
нотариустардың табысы жатады.
Жеке табыс салығын есептеу кезінде қызметкердің төлем көзінен
салынатын табысын анықтау кезінде салық жылы ішіндегі әрбір ай үшін
шегерімге айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі, асырауындағы әрбір
отбасының мүшесіне айлық есептік көрсеткішіндегі сомалар мен жинақтаушы
зейнетақы қорларына төленетін міндетті төлемдер жатады.
Осы Салық кодексінің 171 бабына сәйкес төмендегі табысы бар резидент
салық төлеушілер салық жылынан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін декларация
табыс етуі тиіс: төлем көзінен салық салынбайтын табысы бар адамдар; тұрғын
үй салумен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды
қоспағанда, салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға
біржолғы ірі сатып алуды іске асырған салық төлеушілер, Қазақстан
Республикасы шегінен тыс жерлерден табыс алатын және шетелдік банктердегі
шоттары бар жеке тұлғалар, мерзімді әскери қызметін өтеп жүргендерді
қоспағанда, мемелекеттік қызметшілер үшін көзделген заң нормаларын
қолданылатын адамдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен
судьялары.
Ставкалары:

15 еселеген жылдық есептік Салық салынатын табыс сомасынан
көрсеткішке дейін 5 пайыз
15 еселеген жылдық есептік 15 еселеген жылдық есептік
керсеткіштен 40 еселеген жылдық көрсеткіштен салық сомасы + одан
есептік көрсеткіше дейін асатын сомадан 10 пайыз
40 еселеген жылдык есептік 40 еселеген жылдық есептік
көрсеткіштен 600 еселеген көрсеткіштен салық сомасы
жылдық есептік көрсеткіше + одан асатын сомадан 20
деиш паиыз
600 еселеген және одан 600 еселеген жылдық
жоғары есептік көрсеткіштен салық
сомасы + одан асатьш
сомадан 30 пайыз

3. Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы -тауар өндіру, жұмыс
орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналым процесінде қосылған құн
өсімінің бір бөлігін бюджетке аударымы, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы аумағына тауар импорттау кезінде жасалатын аударым.
Субъектілері - заңды және жеке тұлғалар, ал салық салынатын айналым
мен салық салынатын импорт қосылған құнға салық салу объектісі болып табы-
лады.
Ставкасы салық салынатын айналым мөлшерінің 15 %-дан болады және
(түсті және қара металдар сынығының экспортын қоспағанда) экспортқа тауар
өткізу бойынша айналымға және халықаралық тасымалдарға байланысты
орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге нөлдік ставка бойынша салық
салынады.
4 Акциздер. Акциздер дүние жүзіне кеңінен тараған салықтардың бір
түрі болып табылады. Акциздер көбінесе, халық тұтынатын бірінші
кезектегі тауарлардың бағасына немесе көрсетілетін қызметтердің
тарифіне енгізіледі.
Акциздер - тауар бағасына, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін
тарифіне енгізілетін, нақты ставкаларын Қазақстан Республикасынын Үкіметі
белгілеп бекітетін, міндетті төлемдер.
Акцизделенетін тауарлар - осы тауарларды жасау кезінде пайдаланылған
материалдар мен шикізаттардан өндірілген және ҚР аумағына әкелінген
импортталатын тауарлар болып табылады.
Акцизделенетін тауарларга мыналар жатады:
1. Спирттің барлық түрлері. .
2. Алкоголь өнімі.
3. Темекі бұйымдары.
4. Құрамында темекі бар басқа бұйымдар.
5. Бекіре және қызыл балық уылдырықтары.
6. Алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік
бұйымдар.
7. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны.
8. Жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған,
қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа).
9. Атыс және газ қарулары (мемлекеттік билік
органдарының қажеттіліктері үшін алынатындарынан басқа).
10. Газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнай.
Қызметтің акцизделенетін түрлері:
1. Ойын бизнесі.
2. Лотереяны ұйымдастыру мен өткізу.
Ставкалары. Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді
және тауар құнына пайызбен және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік
сомада белгіленеді. Ойын бизнесіне бірыңғай ставка орнатуға жергілікті
өкілді органдарға да күқық беріл-ген.
Жоғарыда аталған тауарлар мен қызметке төленетін акциз операция
жасалған күннен кейінгі оныншы күннен кешіктірілмей бюджетке аударылуы
тиіс.
5 Жер салығы. Жеке меншік, тұрақты жер пайдалану және бастапқы өтеусіз
уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және
заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.
Ставкалары:
1. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер
салығының базальщ ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және
топырақтың сапасы (бонитет) 329 баптағы кесте бойынша сараланады;
2. Жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын,
бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса
алғанда, берілген ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық
салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:
а. Көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар жер үшін 20
теңге;
б. Көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге;
3. Үй іргесіндегі жер учаскелеріне мынадай базалық салық ставкалары
бойынша салық салынуы тиіс:
а. Астана, Алматы және облыстық маңызы бар қалалар, мысалы көлемі 1000
шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге, ал басқа
елді мекендерге келемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метр
үшін де 0,20 теңге және т.с.с.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын
жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңгеден 0,20
теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін. Бұлардан басқа заңда елді мекендер,
өнеркәсіп жерлеріне, елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіптер
жерлеріне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман, су қоры жерлеріне,
автотұрақтар, автомобильге май құю станцияларына және базарлар орналасқан
жер учаскелеріне салық ставкалары қарастырылған.
2-бөлім. Салықтық құқықтық қатынастардың субъектілер құрамы
2.1. Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде
Мемлекеттің материалдық мүддесі мен қоғам өмірінің айрықша аясының
тоғысатын жері, көбінесе объективті қаржылық-құқықтық құбылыс ретінде
жарқын көрініс табатын салық салу саласы мемлекеттің салықтық құқығының
реттеуші ықпалының ауқымы болып табыяады.
Мемлекеттің салықтық құқығы әрқашанда мынадай екі негізге:
экономикалық салықтық тиісті іс-қимылдар мен қатынастарды регламенттейтін
ҚР Конституциясьша және салықтық заңдарға;
салық салу жүйесінің ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының халықаралық
құқықтық стандартгарына сүйенеді.
Салықтық құқық мемлекеттің салық саясатының негізін айқындай отырып
жалпы саяси климатқа сай келетін фискалдық әкімшілік жүргізу мәдениетін
қалыптастыруға себін тигізеді.
Салықтық құқық өзінің салықтық құқықтық реттеу әулетінің (күш-
қуатының) реттеуші ықпалының ауқымындағы қоғамдық қатынастары, салықтық-
құқықтық реттеу әдістері, жүйесі және дереккөздері арқылы көрініс табады.
Салықтық құқықтың пәні деп, мемлекеттің салықтық қызметінің барысында
қалыптасатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Осы қоғамдық қатынастар салық
салу жүйесін белгілеу, салық әкімшілігін жүргізетін уәкілетті мемлекеттік
органдар жүйесін айқындау, салықтық міндеттемелерді дау, салықтық
міндетгемелерді орындауға байланысты қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттік
мәжбүрлеу шараларын қолдану, халықаралық салықтық шарттарда көзделген
мақсаттарды жүзеге асыру, салық органдары мен басқа уәкілетті мемлекеттік
органдар арасындағы өзара іс-қимылдар және т.б. барысында салық салу
саласында туындайтын салықтық қатынастар болып табылады.
Салық салу саласындағы қатынастар материалдық және ұйымдастыру
салықтық қатынастары болып екіге бөлінеді. Материалдық салықтық қатынастар
өздерінің мынадай:
мемлекет болмысьшың мызғымас берік ірге тасын (материалдық негізін) қалаушы
қатынастар;
жалпы ұлттық табысты бөлу нәтижесінде салықтық кірістің біржақты ағымдарын
(қаражаттарын) мемлекет пайдасына бағдарлайтын қатынастар;
мемлекет болмысына байланысты туындайтын айрықша экономикалық әрі базистік
қатынастар;
мүліктік-заттай сипатта болатын және оларға қатысты меншік құқыгының
алмасуын, мемлекет меншігіне айналуын көрсететін қатынастар;
мемлекеттік бюджет жүйесінің негізін құрайтын экономикалық қатынастар
сипатындағы айрықша қаржылық қатынастар;
ақшалай нысандағы (кейде заттай күйіндегі) құнның біржақты қозғалысын
білдіретін қатынастар;
салықтық міндеттемелердің нақты белгіленуіне орай жекелей-айқындалған
қатынастар;
көбінесе тұрғылықты-тұрақты көрініс табатын қатынастар;
тек құқықтық нысанда болатын қатынастар түріндегі сипаттамасымен
ерекшелінеді.
Ал ұйымдастыру салықтық қатынастары:
салық салу саласында жүргізілетін фискалдық мониторингке қатысты;
мемлекеттің салықтық құрылымы мен салық жүйесін қалыптастыруға және олардың
тиісінше қызмет атқаруларын қамтамасыз етуге байланысты;
материалдық салықтық қатынастардың ойдағыдай қалыптасып, дамуын қамтамасыз
етуге байланысты;
салықтық қызмет процедураларын белгілеуге және қолдануға байланысты;
мемлекет пен салық органдарының, салық органдары мен басқа да уәкілетті
мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының
арасындағы вертикалдық және горизонталдық байланыстарға қатысты;
- мемлекеттік стратегиялық салықтық жоспарлау мен болжамдау
процестеріне қатысты және т.б. материалдық салықтық қатынастардың
тиімділігін көздейтін қатынастарға байланысты туындайды.
Сонымен, салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің процесінде
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы
болып табылады.
Салықтық құқық мемлекеттің салық жүйесінің фискалдық нысандарын
экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан негіздей отырып белгілеуге
атсалысады.
Салықтық құқықтың маңызы мен мән-жайларын мына келесідей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Студенттерге арналған оқу құралы
Салық құқығының түсінігі, пәні
Мемлекеттік қаржы қызмет
Шаруашылық субъектлерінің қаржысы
Қаржы заңдарының жүйесі мен даму ерекшеліктері
Салық саласында азаматтардың құқықтары
Салық салу теориясының негізгі концепциялары.Қазақстан Республикасының және дамыған мемлекеттердің салық салу жүйесінің ерекшеліктері
Салықтық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік
Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі жайында
Салықтардың төлеу тәсілдері
Пәндер