Сан есімнің лексико грамматикалық сипаты



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Филология және тіл білімдері
кафдерасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Сан есімнің лексико грамматикалық сипаты

Орындаған:
Жетекші:

Орал 2015

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Қазақ тілінен сан есімді оқыту оқытудың маңызы
1.1. Сан есім туралы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..6
1.2 Лексика-семантикалық жағынан сандық ұғымды
білдіретін
сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ. Сан есімнің лексико-грамматикалық сипаты
2.1. Бастауышта сан есімді оқыту әдістемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2. Сан есім тақырыбына байланысты сабақ үлгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..33

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық
өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар
енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге
негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік
тауар айналымында өз орнын алуға үмтылыстан туған үрдіс. М^ндай үрдістен
білім беру салалары да шет қалған жоқ. Соның әсерінен қазақтілін оқыту
үлдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен
технологиялар арқылы үйымдастыруға алып келді . Бұл үрдіс окушының білімін
арттырып қана қоймай, оның сана - сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық
қасиеттерін жан - жақты дамытуға арналған.
Бұл білім беру саласында окушыға жаңа көзқараспен карауды үйретті.
Мұндай көзқарас оқушының жеке басының дамуына, тұлға ретін қалыптасуына,
әдеби тілде сөйлеуіне, оқытуды демократияландыру мен ізгілендіруге ықпал
етті. Сондыктан бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту ісі қазір әдіскер
ғалымдардың басты назарында. Өкінішке орай казір окушылардың сөйлеу және
жазу дағдысындағы мынадай кемшіліктер кездесуде :
• Бастауыш мектепте оқушыларға қазақ тілінің морфологиялык
жүйесінен ұғым беру кезінде мұғалімдер қажетті дерексіз ұғымды меңгертуге
көп күш салып, бұл ұғым балалардың сауатты сөйлеу мен жазу дағдысын
калыптастыруға негіз болуы қажет екеніне мән бермейді. Яғни тілді оқытудағы
басты максат - оның коммуникативтік (карым-қатынас) мүмкіндігін меңгерту
екені ескерілмей, заттың атын білдіретін сөздерге, заттың санын
білдіретін сөздерге, т.б. оқушылардың сұрақты дұрыс қойып, сөйлем ішінен
таба білгеніне қанағаттанып жүрміз.
• Бастауыш кластарда тілді окытып-үйретудің әр түрлі салалары
арасында айқын байланыс жоқ. Морфологиялық ұғымдар беру жұмыстары кезінде
оқушылардың сөздік қорын байыту мақсаты ескерілмейді, сөздердің мағыналык
бойларына сай оларды дұрыс колдану мәселесі үнемі қадағаланбайды.
Немесе Сөйлем, Сөйлем мүшелері тақырыптарын өткенде
окушылардың тілідң морфологиялық жүйесінен алған білімдері пысықталып,
пайдаланылмайды.
• Календарлық жоспардағы байланыстырып сөйлеуді дамытуға бөлінген
сағаттар өтіліп жаткан материалдардан бөлек, көбінесе суретке қарап шығарма
жаздыру, мазмұндама түрінде өткізіледі.
Бастауыш кластарда бұл сабақтарды оқушылардың өса түскен білім мен
дағдысына сай бірте-бірте күрделендіріп өткізудің қалыптасқан әдістемелік
жүйесі жоқ.
• Қазіргі төртжылдық бастауыш кластарда оқушыларға казақ тілінің
морфологиялық жүйесін оқыту барысындағы қолдалынып жүрген
әдістері де жаңа талап тұрғысынан қайта қарап, жаңарату қажет болып
жатыр. Дәлірек айтқанда, бұрынғы бір бағытта (мұғалім тарапынан) оқыту
жүйесін өзгертіп, оқушылардың өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс
істеу (ойлану, табу) қабілеттерін дамыту мәселесін басты нысан етіп алған
дұрыс.
• Мұның барлығы бастауыш мектепте қазіргі кезеңде дамытуға лайық
мәселелер.
Біздің зерттеу жұмысымыз бастауыш мектепте сан есімді өтуге арналып,
осы проблемаларды аз да болса шешуге арналған. Бұл тақырыптың өзектілігін
көрсетеді.
Зерттеу нысаны – Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту процесі алынды
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
- Бастауыш сыныпта сан есімді оқыту тапсырмалары аркылы оқушылардың
тілдік қабілеттерін жетілдіру.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
1. Бастауыш сыныпта сан есімді түсіндірудің оңтайлы жолдарын
анықтау;
2. Окушылардың сан есім туралы білімдерін дұрыс колдану
дағдыларын қалыптастыру;
3. Ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.
Зерттеудің әдістері Ғылыми жұмыста баяндау, талдау, салыстыру,
сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Қазақ тілінен сан есімді оқыту оқытудың маңызы
1.1. Сан есім туралы түсінік
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есім – дербес сөз табы. Ол басқа сөз
таптарынан лексика-семантикалық, грамматикалық жағынан ерекшеленеді.
Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен
құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы. М: Жеті
атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер.
Қазіргі қазақ тіліндегі бардық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы
жасалады. Оларды бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар деп беруге болады.
Миллион, миллиард сан есімдері түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ
тіліне де орыс тілі арқылы енген. Қазақ тіліндегі қолданылатын түмен сөзі
монғол тілінен енген сансыз көп деген мағынаны білдіреді.
Морфологиялық құрамы жағынан сан есім дара, күрделі болып екіге
бөлінеді.
Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есімдер
деп аталады. М: Екінші тілек тілеңіз.
Дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі
дара сан есімдерге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатады.
Туынды дара сан есімдер әртүрлі грамматикалық жұрнақтардың жалғануы
арқылы жасалады. М: Үшеуі шүрегейді қайтеміз деген сөзге түседі.
Күрделі сан есімдер дара сан есімдердің тіркесуі және қосарлануы
арқылы жасалады. М: Он төрт, бір-екі.
Сан есімдердің негізгі бір ерекшелігі – басқа сөз таптарынан
жасалмауы. Барлық сан есімдер есептік сан есімдердің өзара тіркесу,
қосарлану, әртүрлі жұрнақтардың жалғануы негізінде қалыптасқан.
Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімдерге жақын біраз
сөздер тобы бар. Олар:
- салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: қадақ, пұт, келі, батпан
- көлем мөлшерін білдіретін сөздер: бір шымшым, бір уыс, бір
тілім, бір құшақ
- қалыңдық өлшемін білдіретін сөздер: пышақ сырты, шынашақ,
бармақ, екі елі
- қашықтық өлшемін білдіретін сөздер: адым, таяқ тастам, шақырым,
қозы көш жер, ат шаптырым
- ұзындық өлшемін білдіретін сөздер: тұтам, сынық сүйем, кере
қарыс, аршын, құлаш
- сан есімдердің тура мағынасындағы сөздер: жарты мағынасын
білдіретін сөздер: жарты, жарым
Бір мағынасын білдіретін сөздер: жеке, дара, жалғыз, жалқы; екі
мағынасын білдіретін сөздер: егіз, қос, пар; төрттен бір мағынада ширек
сөзі; уақыт мөлшерін білдіретін сөздер: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым,
биенің бір сауымындай уақыт.
Бұл сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, лексика-грамматикалық
ерекшеліктеріне қарай басқа сөз таптарына жатады.

Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері

Сан есім – дербес лексика-семантикалық ерекшеліктері, өзіндік
морфологиялық белгілері, синтаксистік атқаратын қызметі бар сөз табы.
Айырмашылығы – зат есіммен тіркесіп, сандық жағынан анықтау және зат
есімсіз қолданылып, сандық атауды білдіру, басқа сөз таптарынан жасалмайды.

Сан есім контексте қолданылуына қарай заттың нақты санын, ретін,
мөлшерін, бөлшегін білдіреді, сандық мағынаны тұспалдап, болжап көрсетеді.
Осыған байланысты сан есімдерге сөзтүрленім жұрнақтардың жалғануы біркелкі
емес.
Сан есімдердің негізгі қызметі заттық ұғымдар мен құбылыстарды сандық
жағынан анықтау болғандықтан, әдетте морфологиялық өзгерістерге түспей
қолданылады. М: Бес нәрседен қашық бол.
Сан есімдер зат есімнің жалғауларын қабылдап, заттық мағынада да
қолданыла береді. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап өлтірді де, екі
кішкенесін тірі қалдырды.
Сан есімдер құрамына қарай дара, күрделі болып екіге бөлінеді. Бір
түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан сан есімдер деп
аталады. Екеуі де маған жалт қарасып. Негізгі және туынды сан есімдердің
тіркесуінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есімдер деп
аталады. Үш жүзден аса кретьян соғысы, қарсылығы болған екен.
Күрделі сан есімдердің құрамындағы сан есімдердің тіркесуі мынадай
жолдармен болады:
а) бір санды екінші санға қосып айту арқылы. М: 13-14 жасында Гүлияны
Бұзаубаққа алты қараға бергеніне, міне, 4-5 жыл болды.
б) бір санды екінші санға көбейтіп айту жолы арқылы. 5 мың жылқы 25
сомнан сан125000 болады.
Күрделі сан есімдердің тіркесуі арқылы жасалатын осы тәсілдер
қосылмалы және көбейтілмелі, ал екеуінің де араласып келіп жасалуы аралас
күрделі сан есімдер тіркесі деп аталады.
Контексте қосымша күрделі сан есімдердің соңғы компонентіне жалғанады.
Біздің заманымызға жеткен үлгілердің ең көнесі, әрі көлемдісі – 1960 жылы
жазылған атақты дидактикалық шығарма – Құдатғу білік.
Қазіргі қазақ тілінде 60, 70, 80, 90 сан есімнің құрылысы ерекше. Ал-
пыс, жет-піс сөздеріндегі –пыш, -мыш элементі ескі дәуірде он мәнін берген,
бірігу арқылы жасалған сан есімдер.
Сан есім сөйлемде жеке сөйлем мүшесі болумен бірге кейде күрделі сөз
құрамына кіріп, күрделі сөйлем мүшесі қызметін атқарады.
- етістікпен тіркесіп күрделі бяндауыш болады. Қанаев кекірейіп
кербезденбей, көптің бірі болып, жұпыны түрмен отыр.
- рет, жасар, есе, мәртебе, күн, жыл сөздерімен тіркесе келіп,
қанша? деген сұраққа жауап беріп, күрделі анықтауыш, ал күн, жылы сөздері
сан есімдерге тіркесіп қашан? сұрағына жауап беріп, пысықтауыш қызметін
атқарады. Сан есім сағат сөзімен тіркесе келіп, екі жақты қызмет атқарады.
Біріншіден, сан есім сағат сөзінің алдына келіп, оны анықтап, қанша? деген
сұраққа жауап береді де, күрделі анықтауыш болады. Айналдырған 23 сағаттың
ішінде. Екіншіден, сағат сөзінен кейін қолданылып, қашан? деген сұраққа
жауап беріп, уақыт, мезгіл мағынасын білдіреді. Ертең таңертең сағат
сегізде барлықтарыңыз сақадай сай тұрыңыздар. – мезгіл пысықтауыш қызметі.
1.2 Лексика-семантикалық жағынан сандық ұғымды
білдіретін сөздер
Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімдерге жақын сөздер
бар. Олар: қос, егіз, жарты, жарым, жалқы, жалғыз, дара, сыңар, шақырым,
т.б. Оларды лексика-семантикалық ерекшеліктеріне қарай мынадай мағыналық
топтарға бөлуге болады. Санның тура мағынасында қолданылатын сөздер:
- тең жартысын білдіретін сөздер: жарты, жарым. Мысалы:
- бір ұғымын білдіретін сөздер: жалғыз, дара, жалқы.
- екі ұғымын білдіретін сөздер: сыңар, егіз, қос, нар.
- төрттен бір мағынасын білдіретін сөз: ширек сөзі
- салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: мысқал(1 грамм), қадақ(750
грамм).
- көлем өлшемдерін білдіретін сөздер: бір шымшым, бір шөкім, бір
уыс.
- қалыңдық өлшемін білдіретін сөздер: пышақ сырты, қылыш сырты,
елі.
- ұзындық өлшемін білдіретін сөздер: тұтам, сынық сүйем(14-15 см),
құлаш.
- қашықтық өлшемдерін білдіретін сөздер: адым, қадам, таяқ тастам,
бір күндік жер, айшылық жол.
Ескерту: Кейбір мысалдарға сандық ұғымды білдіретін сөздерауыспалы
мағынасында қолданылған.
Сан есімдердің сөйлемдегі қызметі
Әдетте анықтауыш қызметін атқарады. Сонымен бірге сан есім белгілі
жағдайда сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін де атқарады.
1. Сан есім заттың мөлщерін, санын, ретін, бөлшегін
білдіргендіктен, анықтауыш болады. Орын тәртібі арқылы қабыса байланысады.
М: Жұмысқа араласып адам бола бастағаны 2-3 жылдан бері ғана.
Сан есім ілік септігінде тұрып та, матаса байланысып анықтауыш болады.
М: Екеуінің осы тұрысы – қылмысты адамның сыртынан бақылаған күзеттегі
қарауыл секілді.
2. Сан есім атау септігінде тұрып, бастауыш болады. Үшеуіміз
жүргенде, толып жатқан үш едік.
3. Сан есім сөйлем аяғында келіп жіктеліп, баяндауыш болады. Ендігі
соңғы кезек – екеуінікі.
4. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің
бірінде тұрып, өзі бағынып тұрған сөзге меңгеріле байланысып, жанама, тура
толықтауыш болады. Құран мен Інжілдің бірін жазып отырғандай, сәнмен,
баппен отыр.
5. Сан есімдер септік жалғауын қабылдамай-ақ, етістік алдында
тікелей келіп, пысықтауыш болады. Үстінен бес, төрт деп сатылай
толтырылған жиырма бес көк аттестат өолымызда отырды.
6. Сан есім зат есіммен немесе қатыстық сын есіммен тіркесе келіп,
сөйлемнің күрделі мүшесі, тіпті кейде үйірлі мүшесі де болады. Бұл шатыр
төрт бұрышты, кеңдігі жүз адым, биіктігі үш найза.

Арифметикалық амалдардың тіркесу жолдары

Қазіргі қазақ тілінде арифметикалық амалдарды жүргізу үшін белгілі бір
формаларда тұруды қажет ететін тіркестерді қолдану қалыптасқан.
Математикада амалу алдардың төрт түрі қолданылады. Олар: қосу, алу,
көбейту, бөлу.
1. Қосу амалы. Бұл табыс септігі мен жатыс септігі жалғаулары
арқылы жасалады. М.: Екі жүзді екі жүзге қосу.
2. Алу амалы. Шығыс септігі мен табыс септігі арқылы
жасалады(орындары ауысып қолданыла береді). М.: Бес жүзден екі жүз елуді
алу немесе екі жүз елуді бес жүзден алу.
3. Көбейту амалы. Бұл қосу амалындағы формалар арқылы жасалады. М.:
Бесті беске көбейту немесе беске бесті көбейту.
4. Бөлу амалы. Бұл табыс септігі мен барыс септігі арқылы жасалады.
М.: Жиырманы онға бөлу(орындары ауыспайды).

Сан есімнің мағыналық топтары
Есептік сан есім

Есептік сан есім заттың нақтылы санын және абстракты сандық ұғымды
білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.
Есептік сан есімнің арнайы грамматикалық көрсеткіштері жоқ, олар
түбірден тұрады.
Есептік сан есімдер құрылысы мен дәрежесіне қарай бірлік, ондық,
жүздік, мыңдық сандар болып бөлінеді. Бірлік 1-10, ондық 10-90, жүздік,
мыңдық сандарға жататын есімдер: жүз, мың.
Осы аталған топтарды құрамына қарай дара және күрделі деп бөлуге
болады. Дара сан есімдерге бірлік, ондық сан атаулары және жүз, мың сөздері
жатады. Күрделі сан есімдер жоғарыда аталған сан есімдердің бір-бірімен
өзара тіркесуі арқылы жасалады. Он бірден бастап жүздік, мыңдыққа дейінгі
сан есімдерден жасалады.
Есептік сан есімдер септік, көптік, тәуелдік жалғауларын қабылдайды
да, заттық мәнге ие болып, зат есімнің қызметін атқарады.
Есептік сан есімдер төмендегідей тұрақты тіркестер құрамында
кездеседі:
Бір сан есімі: Бір жасап қалу, бір киер, бір қайнауы ішінде, бір
қыдыру жер, бір сабақ жіп бермеу, бір сөзді, бір шөкім, бір қайнатым уақыт
т.б.
Екі саны: Екі асығыс, бір қарбалас, екі дүниеде, екі жарты бір бүтін,
екі жеп биге шығу, екі жүзді.
Үш саны: Үш қайнаса сорпасы қосылмау, үш ұйықтаса түсіне кірмеу.
Төрт саны: төрт арыстың баласы, төрт аяғы тең жорға, төрт түлік мал,
төрт көзі түгел.
Бес саны: Бесаспап адам, бес бересі алты аласы жоқ, бесенеден белгілі.
Алты саны: Алты қырдың асты, алтыбақан.
Жеті саны: жеті қабат жер асты, жеті ата, жеті күн, жеті түн, жетісін
беру.
Тоғыз саны: Тоғыз жолдың торабы, тоғыз қабат торқа, тоғыз құмалақ.
Қырық саны: Қырықтың бірі қызыр, қысқа күнде қырық шабу, қырқын беру,
қырық күн.

Реттік сан есім

Реттік сан есім заттың саналу ретін, орын тәртібін білдіріп,
нешінші?деген сұраққа жауап береді де, есептік сан есімдерге дауыссыз
дыбыстардан кейін –ыншы, -інші, дауысты дыбыстардан соң –ншы, -нші
жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. М.: Бірінші рет қатты өкпелегенін
жасыра алмай барады. Құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінеді.
Қолданылу стильдік ерекшелігіне қарай реттік сан есімдерін жасайтын
жұрнақтар ондық, жүздік, мыңдық сандарға қарағанда, бірлік сандарға жиі
жалғанатыны байқалады.
Ескерту: -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары – құранды. Қосымша 5-8
ғасыр жазбаларында –нч түрінде келеді, ал кейінгі дәуірдегі ескерткіштерде
–нчы болып келеді. Сонымен –ншы қосымшасының соңғы элементі –ы тәуелдік
жалғауы деген пікір бар.
Синтаксистік қызметі жағынан реттік сан есімдер зат есімнің алдына
келіп, анықтауыш болады. Бұл – негізгі қызметі. Тентекті тәртіпке шақыру –
бірінші парыз.
Реттік сан есім сандық ұғымды білдірумен қатар заттық мағынада
өолданылады. Осындай мәнге ие болумен байланысты әртүрлі грамматикалық
формалармен түрлене алады, яғни көптеледі, тәуелденеді, септеледі.
Реттік сан есім сөйлем аяғына келіп, жіктеліп, баяндауыш болады.
Мынасы – төртінші. Реттік сан есім басқа тұлғада түрленбей тұрып және шығыс
септіктің көнеленуі арқылы жасалған реттік мағынаны білдіретін қыстырма
сөздің де қызметін атқарады. Біріншіден, әйтеуір қазақ баласын оқытқаным
ғой.
Реттік сан есімдер сөз тудырушы жұрнақтар қабылдап, басқа сөз табына
айналып кетеді. Олар –лей жұрнағы арқылы жасалған. Екіншілей сөзі(үстеу),
-лік – біріншілік сөзі(зат есім).

Жинақтық сан есім

ҚҚТ-гі жинақтық сан есімнің заттың жинақталған сандық мөлшерін
білдіріп, нешеу?деген сұраққа жауап беріп, сан есімдерге –ау, -еу
жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады.
Жинақтық сан есімдер 1-7 арасындағы сан есімдерге –ау, -еу жұрнағы
жалғау арқылы жасалады. Алты, жеті сөздерінде –ы, -і түсіріліп қолданылады.
Жинақтық сан есімдердің бір өзгешелігі – зат есімдерсіз жеке
қолданылып, заттық мәнге ие болып, әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей
білдіріп тұрады.
жүретіндіктен, зат есімдердің грамматикалық,формаларымен түрленеді,
яғни көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Досың көп болса да, біреуі жетпей
тұрады.
Ж.с.е.тәуелденіп, атау септікте тұрып, бастауыш қызметін атқарады.
Екеуі де мұздай киініпті.
Ж.с.е.ілік септікте тұрып анықтауыш болады. Дәме екеуіміздің желіміз
оңынан тұрады.
Атау, ілік септіктерден басқа септіктерде тұрып толықтауыш қызмет
атқарады. Екеуін алдап.
Күрделі құрамына, сөйлем аяғында келіп, баяндауыш болады. Қазір
Мусинде қалған лауазым екеу-ақ.
Ж.с.е.ішіндегі біреу сөзі өзінің нақтылы мағынасы негізінде субъекті
орнына жиі қолданылумен қатар прономинализацияланып, есімдік сөз табына
ауысқан. Контексте ғана ажыратылады. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып
секіреді.
Морфологиялық тәсіл негізінде етістік тудыратын –ла, -ле жұрнақтарын
қабылдап, жаңа сөз жасайды: екулеп, үшеулеп. Синтаксистік тәсілмен
ж.с.е.қосарланып немесе ара сөзімен бірігу арқылы үстеу сөз табына айналып
кетеді: екеу-екеулеп, екеу-екеуден, екеуара.
Ж.с.е.құрамы жағынан тек дара түрінде ғана қолданылады.
Топтық сан есім
ҚҚТ-де топтық сан есімдер заттар мен құбылыстардың санын топтап
көрсетіп, қаншадан?нешеден?деген сұраққа жауап беріп, есептік, болжалдық
сан есімдерге шығыс септігінің көнеленген қосымшаларының жалғануы арқылы
жасалады. Біз екі-үштен бөлініп кеттік.
Топтық сан есімдер морфологиялық құрамы жағынан дара, күрделі болады.
Дара топтық сан есімдер есептік сан есімдерде көнеленген шығыс септігің
жалғауы арқылы жасалады.
Күрделі топтық сан есімдер бірнеше есептік сан есімдер тіркесіп,
соңына көнеленген шығыс септігінің жалғауы жалғануы арқылы жасалады.
Десятидворканың әр үйінде 10-15-тен неміс қонуға барды.
Сонымен бірге топтық сан есімдер мағынаны білдіретін –дан, -ден, -тан,
-тен жалғауы сан есімге емес, олардың анықтайтын тіркескен сөзіне
жалғанатын реттері де болады. Жұмабекке жұмыскер басына үш сомнан ақша алу
керек.
Топтық сан есімдер грамматикалық көрсеткіштермен түрленбейді және жаңа
сөздер жасай алмайды.

Болжалдық сан есім

ҚҚТ-гі сан есімдер заттар мен құбылыстардың санын дәл білдірмей,
шамамен болжамдап, тұспалдап көрсетіп, қанша?неше?қай шамалы?қаншадай?
секілді сұрақтарға жауап береді.
Болжалдық сан есімдердің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы:
1. Есептік сан есімдерген –лаған, -леген, -даған, -деген, -таған,
-теген жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады.
2. Сан есімдерге –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалады.
-дай, -дей жұрнақтардың сан есімдерді жасауда мынадай ерекшеліктері
бар:
1. Бірлік саны қосарланған тұлғаларға (40-50-дей, 20-30-дай).
2. Ондық, жүздік, мыңдық көбейтілмелі сандарға (үш жүздей, он мыңдай)
көбірек жалғанады. –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары сан есімдермен
тіркесіп, мезгілдік, көлемдік мағынаны білдіретін сөздерге жалғанып,
болжалдық мағынаны білдіреді.
3. –лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп жұрнақтары сан есімдерге жалғану
арқылы болжалдық сан есімдер жасалады. Ауыл тұрғындары қалаға мыңдап ағылып
келіп жатыр.
4. –ер жұрнағы бір сөзіне жалғану арқылы болжалдық ұғым білдіреді.
Көне форма, бірер сөзінде кездеседі.
5. Есептік сан есімдерге көптік жалғауы, сонан соң жатыс септіктің
жалғауы жалғануы арқылы болжалдық мағына туындайды. Жасы он сегіздерге не
жетіп, не жетпеген жас қыз келіп кірді.
Болжалдық сан есімдердің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы:
1. Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Түбектің
аумағы – қырық-елу гектар.
2. Есептік сан есімдерге шақты, ш амалы, қаралы, таман, жуық,
астам, асқан, келген, таяу, тарта сөздернің тіркесуі арқылы жасалады.
Болжалдық сан есімдер сандық ұғымды білдіріп, зат есіммен тіркескенде,
грамматикалық қосымшаларды қабылдамайды. Қалғандары арамызда бес-алты адам.

Б.с.е.барлығы грамматикалық қосымшалармен түрлене алмайды. Оны ішінде
–дай, -дей формасы арқылы жасалған тәсілі және қосарланған сан есімдер ғана
қолданылады.
Бөлшектік сан есім
Бөлшектік сан есім заттар мен құбылыстардың бөлшектік санын, үлесін
білдіреді. Б.с.е.морфологиялық құрамы жағынан күрделі болып келеді.
Б.с.е.тілде жай бөлшек және ондық бөлшек болып жасалады. Бөлшек сандар
сан есімдер тіркесінің бөлігі шығыс немесе ілік септіктің бірінде, ал алымы
тәуелдік тұлғада тұруы арқылы жасалады. Қарашық лашқарларының үштен бірі
Жәнібек жағына шықты.
Б.с.е.есептік сан есімдерге жарты, жарым, ширек сөздерінің тіркесуі
арқылы және жеке тұрып қолдану арқылы жасалады.
Екі жарты – бір бүтін. Ал соңғы бір жарым айда екеуі күн сайын
кездесіп тұрды десе де болғандай.
Біздің ұлы жеңісімізге ширек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімдікті оқытудың ерекшеліктері
Корей тіліндегі сөзжасам жұрнақтары
Сан есімнің сөзжасам тәсілдері
Экономикалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Сапалық сын есімдер
«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ»
Ағылшын тілінде зат есімдердің жекеше түрлерінің мағынасы
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Сөзжасамды оқыту тәсілдері
Сөз жасау тәсілі
Пәндер