Саптағы жаттығулардың түрлері, маңызы



Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәнінен

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:

Саптағы жаттығулардың түрлері, маңызы

Орындаған: Ахметқалиева Ж.Т.
Тексерген: Айтқалиева А.М.

Орал, 2015ж.

Жоспар

Кіріспе
1. Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары

2. Дене шынықтыру жаттығулары

3. Спорт ойындары.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз адам денсаулығын сақтау мен нығайту
және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.
Дене шынықтыру тәрбиесінін максаты — салауатты өмір сүру негіздерін
білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану
дағдыларын қалыптастыру.
– денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал
жасау;
– табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру;
– дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушьшық пен
қажеттілікті тәрбиелеу;
– табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа)
– ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;
– гитиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру
мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің
оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.
Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық процессінде салауатты өмір
салтын сақтау кеңінен насихатталуда, валеология сабақтары өткізілуде,
төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы курстар оқылып,
барлық мектептерде психологтар, медицина қызметкерлері баланың денсаулығын,
психофизиологиялық жағдайы мен әлеуметтік деңгейін зерттеп, ескеруді
жақсарту жұмыстарын жүргізуде.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз балалардың бойында өз өмірін сұлулық
заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және,
енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын
негіздеу.

1.1 Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары

     Дене  шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру,
кәсіптік қолданбалы және спорттық дайындық.
  Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып,
қимыл ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары.
Дене шынықтыруға әр түрлі дене тәрбиесі амалдары, жаттығулары және санитар
лық-гигиеналық факторлар жатады.
     Кәсіптік  қолданбалы дене шынықтыру дайындығы  дегеніміз - еңбек
пен әскери іс-әрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы
мамандану үрдісі. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен, кәсіптік
іс түріне ұқсас жаттығулар қолданылады. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы
тәсілдерін қолдану еңбектегі қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын
тездетеді. Еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қолайсыз
фактор ларға қарсылығын күшейтеді.
     Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша  жоғары нәтижелерге жету
жолындағы  ізденістері мен талпыныстарын спорт дайындығы дейміз.
     Дене  шынықтыру ұзақ уақытты қажет  ететін, үлкен талаптарға
негізделген педагогикалық үрдіс.
  а) денсаулықты нығайту, денені шынықтыру, дененің даму деңгейін
көтеру, дамыту, еңбек ету қабілеттерін күшейту;
  ә) өмірге қажетт қозғалыс дағдылары  мен  іскерліктерін 
қалыптастыру, оның ішінде қолданбалы сипаттағы қозғалыстар;
  б) адамның моральдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;
  в) дененің сапалың ңасиеттерін (жылдамдық, күш, икемділік,
төзімділік) дамыту;
  д) арнайы спорттық жаттығулардың орындалу техникасын меңгеру.

2. Дене шынықтыру жаттығулары

Саптық жаттығулар.
Бір қатарға және бір лекке сапқа тұру. Бір орында, оңға, солға, артқа
бұрылу. Теңел! Тік тұр! Еркін тұр! Қадам бас! Тоқта! командалары.
Жалпы дамытатын жаттығулар.
Кеуде, қол мен аяқ үшін жаттығуларды әр түрлі бастапқы қалыптан
орындау. Негізгі тұрыс: өкше бірге, аяқтың ұшы алшақ, қолдарды денені
бойлай түсірген қалып. Бір орында тұрып затсыз және затпен орындалатын
жаттығулар. Тұлғаны қалыптастыруға, дұрыс еркін дем алуды қамтитын
жаттығулар. Басты оңға және солға бұру және шырқ айналдыру. Қолдарды екі
жанға созылған бастапқы қалыптан бүгіп және жазып қолдарды шырқ айналдыру.
Денені оңға және солға, алға және артқа еңкейту, бұру және айналдыру.
Аяқтарды алға, артқа және жанға сілтеу. Кеудені аяқтарға қарай еңкейту.
Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан кеудені көтеру. Гимнастикалық орындыққа
қолдармен тіреліп жатқан қалыптан қолдарды бүгіп, жазу. Аяқтарды бірге,
алшақ ұстап тұрған бастапқы қалыптан отыру. Тобық буындарының
қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар. Иілгіштікті дамытатын
жаттығулар. Босаңсуға арналған жаттығулар.
Жүру және жүгіру. Қолдардың қозғалысымен үйлестіре тізені жоғары
көтеріп, жүру. Жүзу мен жүгіруді жалпы дамытатын жаттығуларды орындаумен
үйлестіру. Кедергілерден өтіп жүгіру және жүру. Жаттығуларды орындауды
музыка әуенімен үйлестіре баяу және жылдам екпінде жүру және жүгіру.
Жарысып жүгіру. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесінің құралының түрлері
Бастауыш мектептің дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану
Ұлттық спорт түріндегі жаттығу әдістемесі
ИКЕМДІЛІК ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дене тәрбиесін өскелең өмір талабы деңгейінде ұйымдастырудың әдістемелік негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардымен ұйымдастырылатын дене жаттығулары
Сапта тұру жаттығулары
Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі ұлттық ойындардың маңыздылығы
Дене тәрбиесін ұйымдастыру
Пәндер