Сауат ашу кезеңіндегі көрнекіліктердің түрлері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Сауат ашу кезеңіндегі көрнекіліктердің түрлері

Пәні: Сауат ашу әдістемесі

Орындаған:
Тексерген:

Орал - 2012ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Сауат ашу әдістемесі және балалардың жас ерекшеліктеріне қойылатын
педагогикалық талаптар
1.1. Сауат ашу әдістемесінің ғылыми-теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
II бөлім. Сауат ашу кезеңіндегі көрнекіліктердің түрлері
2.1. Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... 16
2.2. Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын көрнекті
құралдар ... ... ... ... ... ... .19
2.3.Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының
түрлері ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..25
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының тәуелсіз елге
айналып, әлемдік өркениеттін дәстүрлі мұрасымен қауырт даму жолына түсуі,
қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру
жүйесінде, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу - тәрбие процесіне
қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп
жан – жақты дамыған.
Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де олқылықтың да негізі бала
кезде, оның ішінде бастауыш мектепте берілетін білім мен дағдыға байланысты
болатыны белгілі.
Жоғарыда аталған әр кезеңді, аталған әрбір оқиғаны баланың даму, жеке
тұлға ретінде қалыптасужолындағы шағын секірістерге балайтын ғалым,
әсіресе, алғашқы сөйлеу дағдысын меңгеру мен мектеп табалдырығын аттау
оқиғаларына ерекше маңыз береді.
Адам ата – анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, Сондайдан білген, көргені
көп болған адам білімді болады - деген ұлы Абай өсиеті мен ұлының алғаш
сөйлеген күнін оның рухани туған күні ретінде атап өткісі келген белгілі
неміс педагогы И. Г. Фихтенің пікірі де жеке тұлғаның қалыптасуы мәселесін
арнайы зерттеген Л. С. Выготскийдің жоғарыдағы ғылыми тұжырымдарымен
үндесіп жатыр.
Осы тұрғыдан баланың мектеп есігін ашқан кезеңінде оның қолына қалам
ұстатып, сауатын ашудың ең күрделі әрі жауапты жұмыс екені белгілі. Ал осы
жастағы оқушылардың тілін дамыту мәселесінің одан да маңызды жұмыс екендігі
талас туғызбаса керек.
Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу
қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің
маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері (Ф.И. Буслаев, К. Д.
Ушинский, Н.А. Корф. және т.б.) аса мән берген.

Тіл дамыту жұмысының теориялық және практикалық мәселелерін атақты
әдіскерлер (К.Б. Бархин, Н.М.Соколев, М.А.Рыбникова, Е.И. Тихеева және
т.б.) өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті.
Мысалы, оқушылар белгілі бір объектіге экскурсияға барып келгеннен
кейін Тіл дамыту проблемасы белгілі психологтар П.П. Блонский, С.А.
Рубенштейн, Б.Г.Ананьев, Н.И.Жинкин және т.б. еңбектерінде қарастырды.
Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы
ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік
еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу
дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі
оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т.
Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды.
Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ. Жұманов, Ғ.
Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйықбаев т.б. сауат ашу кезеңіндегі
тіл дамыту жұмыстары әдістемесін арнайы зерттеу объектісі ретінде талдамаса
да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өтті.
Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін
дамыту мәселелері м. Жұбанова, С Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова,
Р. Әміров, Т. Әбдікәрімова, Г. Уәйісова т.б. ғылыми - әдістемелік
еңбектерде арнайы зерттелінді. Әдіскер ғалым М. Жұбанованың мектепте сауат
ашудың методикасы тақырыптағы зерттеу жұмысының жүргізілгеніне отыз жылдан
аса уақыт өтті. Сол уақыттан бері өмірдің сұранысының да оқу – тәрбие
жұмыстарымазмұнының да біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, бұл
еңбекте сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту әдістемесін арнайы
зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Ал бастауыш мектепте тіл дамыту
әдістемесінің ауқымды мәселелерін зерттеуге арналған профессор С.
Рахметованың еңбегінде сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысына егжей –
тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік болмааны белгілі.
Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынадай
қайшылықтар бар екені анық байқалады:
- Қазақстан Республикасының жаңадан қабылдаған Бастауыш білім беру
тұжырымдамасына сәйкес бастауыш сыныпта меңгерілген білім, білік,
дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу
бағдарламаның арасында;
- Сауат ашу кезеңінде оқушының тілін дамыту жұмыстарын тиімді
әдістемемен қамтамасыз ету қажеттілігі мен оның іс жүзілік тұрғыда
жасалмауы арасында;
Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіріп табу біздің зерттеу
тақырыбымызды айқындап берсе, жоғарыда айтылған мәселелер дипломдық жұмыс
тақырыбы Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру деп
таңдауыма негіз болды.
Зерттеу объектісі - бастауыш мектеп оқушыларының сауат ашу процесі.
Зерттеу бұйымы – сауат ашу кезеңіндегі көрнекіліктер.
Зерттеу мақсаты – сауат ашу кезеңіндегі көрнекілік жұмысының
әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеп жасау және оның тиімділігін анықтау.
Зерттеу болжамы – сауат ашу барысындағы көрнекіліктері оңтайлы
жасалса, онда оқушының дүниетанымын кеңейтумен бірге оз ойларын жүйелі
түрде баяндауға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын берік қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Зерттеу міндеттері:
- сауат ашу барысында жүргізілетін жұмыстың көлемін, мазмұнын, жүйесін
анықтау.
- Озат мұғалімдер тәжірибелерін зерттеп, қолданылып жүрген тиімді әдіс
– тәсілдерді саралап, жинақтау;
- Сауат ашу кезеңінде көрнекіліктердің ғылыми негізделген әдіс –
тәсілдер жүйесін жасап, оны тәжірибеде қолдану;

Зерттеудің әдіснамалық негіздері: Ұлы философтар мен психо – лингвист
ғалымдардың ойлау мен сөйлеудің өзара тығыз байланыста дамитындығы туралы,
сондай –ақ тілдің және қарым-қатынастағы рөлі жайлы қағидалары.
Зерттеу әдістері: теориялық әдіс, баяндау әдісі, статистикалық әдіс,
тексеру әдісі, оқушының іс-әрекет нәтижелерін талдау әдісі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- сауат ашу барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының көлемі,
мазмұны және жүйесі теориялық түрде негізделді;
- сауат ашу үшін жаттығу үлгілері мен ойын түрлері сұрыпталып
енгізілді;
- сауат ашу жұмысын жүргізудің тиімді әдістемесі ұсынылды.
Курстық жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Сауат ашу әдістемесі және балалардың жас ерекшеліктеріне қойылатын
педагогикалық талаптар
1.1. Сауат ашу әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері
Сауат ашу әдістемесі тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы
айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген жағдайда ғана
нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі
мәселелерді оқып меңгеру - ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы
жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарып жете білуді қажет етеді.
Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада
теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс
өтетін орта — ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып,
пайда болуы мүмкін емес.
Дыбыстың жасалуында: оның ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені
ажыратылады,
Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері (әдетте 1 сек.) ішіндегі
дірілдің саны; ол неғұрлым көп, жиі болса, ырғақ солғұрлым күшті болады.
Ал, керісінше, дірілдің саны аз болса, ырғақ та солғындап, ӘЛСІРЕЙ береді.
Адамның құлағы 1 сек. ішінде 16-дан 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде
пайда болатын дыбысты қабылдап, ести алады. Дауыс құбылысы осы ырғаққа,
яғни сөйлеу барысында ырғақтың өзгеруіне байланысты болады.
Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің кеңдік (амплитуда
— лат. amplitugo) қарқыны көбейе түссе, дыбыс күші де ұлғайып, күшейе
береді. Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі.
Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен ұштасады. Дірілдің ритмикалы
және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады.
Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сөйлеу аппа¬раты (өкпе, көмей,
дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз, мұрын қуысы, тіл, таңдай тіс, ерін т.
б.) арқылы шығуынан жасалады.
Дыбыстарды айтуда әсіресе дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет
атқарады: дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да,
үн шығады; ал тілдің бірде көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ
оның артқы шені мен орта шенінің немеcе ұшының қимылынан әртүрлі
дыбыстар жасалады.
Тіл дыбыстары ның артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау
мүшелерінің бірі - ерін. Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты,
дауыссыз болып екіге бөлінеді. Бұлайша бөлу дыбыстардың буын құрау
қызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25
дауыссыз буын құрамайды. Дауыстылар: а,ә,о,ө,е,ы,і,ұ,ү,е,э,и,у.
Дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т ,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ. У дыбысы
дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады. Ендеше ол
бірде дауысты, бірде дауыссыз қызметін атқарады. Бұлай топтау балаларға
әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса
үйретілуі қажет.
Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де Куртенэ: дауыссыз
дыбыста қысым – дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауыстыда
дыбыстау аппаратына жайылады жа, жалпылама өтеді – деп, айқындаған болатын.
Мұғалім тілдің артқы таңдайға қарай жылжуы мен бүктеліңкіреп
айтылуынан жуан дауыстылар, тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жуықтауынан
жіңішке дауыстылар шығатынымен таныстырды. Әсіресе айтылуы қиындық
келтіретін дыбыстар – дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке
келгенде айта да алмайды. Осыған орай, кейбір дауыссызды айтқанда тілдің
ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететінін, кейбіреулері
астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен , енді біреулері тіл
ұшының астыңғы тіске жуысуынан, ал тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға
жуықтасуынан, жұтқыншақтың тарылуынан дыбысының пайда болатын байқатып
айтқызып балаларды дағдыландырды.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдылануымен бірге
олардың қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу,
әріптерді үйрену – сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу
арқылы жазуды меңгереді.
Мектепте осы сауат ашу ең бір шешуші кезең болып есептеледі. Өйткені
қазақ тілін үйрену жоғарыда көрсеткеніміздей, басқа пәндерді де үйрену
барысындағы жетістіктер мен кемшіліктердің негізі болып табылады.
Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді,
сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатыннын біледі, жаңа
сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің
нормасына сай сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана
бастайды.
Мұғалім бөбектерге айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және
оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалармен
белгіленетін айтады.
Оқу-жазуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде анық, естілетін, созып
айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған
сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп тұрған не
жазған әріптерінен буын құрай алады. Олар талдау арқылы сөздің қандай
буындардан, дыбыстар¬дан құралып тұрғанын ажыратса, жинақтау арқылы
дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап үйренеді.
Дара айтуға және басқа дыбыстармен қосып айтуға ең, қолайлы келетін
дыбыстар дауыстылар болады, сонан кейін үнді дауыссыздар мен ұяң
дауыссыздар. Ең қиындары — қатаң дауыссыздар. Сондықтан да оқу-жазуға
үйреткенде ең алдымен дауыстылар, сонан соң; дауыссыздарды оқытқан орынды
болады. Өйткені сауат ашудың ең, алғашқы кезінде балалар бірден екі әріпті
біріктіріп оқи алмайды. Алғашқы кезде бала бір-екі әріпті қабылдай алады.
Үйрене келе, бірте-бірте жалғас тұрған әріпті де қабылдайды. Бірінші
әріптен екінші әріпке көшіп, екі әріпті қосып оқи алатын кезде, со¬зып
айтуға болатын дыбыстардың берілгені жөн. Сондай-ақ алғашқы кезде оқуға
ұсынылған сөздер буын жағынан да жеңіл (ашық буын) көбінесе жуан
дауыс¬тылар мен созып айтылатын дауыссыздардан құралғаны қолайлы.
Балалар жуан буынды оқып үйрене бастаған кезде, жіңішке буындарды
оқуға онша қиналмайды.
Сауат ашу кезінде дыбыстар және буын түрлерімен қатар сөздің
құрамындағы дыбыстардың аз-көптігінің де әсері болады. Яғни, алғашқы
сабақтарда екі-үш дыбысты сөздер үйретілгені дұрыс. Бірақ қазақ тілінде екі-
үш дыбысты ашық буыннан құрылған сөздер өте аз. Сон¬дықтан бір-екі сабақтан
кейін-ақ бірнеше дыбыстан (өткен әріптердің қайталанып келуі арқылы)
құрылған сөз¬дер мен тұйық буын қатар өтіледі. Екі дыбысты ашық және тұйық
буыннан үдету амалымен үш немесе төрт ды¬бысты сөздер құрастырылып
үйретіледі (Шо-ра, ша-на, ал, ал-ма, ар-ша, Са-ра т. б.).
Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуын бірде метафора
арқылы, бірде метонимия арқылы, кейде синекдоха тәсілдері арқылы беріліп
отырады. Метафора (гр. — mеtорога ауысу) — белгілерінің ұқсастығына қарай,
сөз мағынасының ауысуы. Мысалы, орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті
(Абай). Метонимия (гр. mеtоnuymіа атын өзгерту) заттың не құбылыстың атауы
екінші затқа не құбылысқа белгіленетіні (өзара іргелес, шектес болуына
қарай ауысуы). Мысалы, Жүрегім менің қырық жамау (Абай). Синекдоха
(гр.synekdohe) —бірге жобалап түсіну. Мысалы, басың нешеу?
Сөзді үйрену барысында балалар мынадай амалдарға дағдыланулары тиіс:
1) сөздің мағынасын айту;
2) сөзді тағы қандай мағынада қолдануға болатынын айту;
3) осы мағынаны тағы қандай сөздермен білдіруге болатынын айту;
4) сөйлеуде лексикалық құралдарды дұрыс пайдалану;
5) мағына жағынан ұқсас немесе қарама-қарсы сөздерді қолданылуын
аңғару.
1.2. Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін жұмыстар
Сауат ашу кезеңі негізінен үшке бөлінеді:
1) әліппеге дейінге дайындық кезеңі;
2) әліппе кезеңі;
3) әліппе¬ден кейінгі кезең.
Дайындық кезеңде бөбектерді бір ұжымға ұйымдастыру жұмысына баса назар
аударылады. Өйткені 6—7 жасар баланың мектепке оқуға түсуімен байланысты,
жаңа жағдайға, жаңа адамдарға (мұғалімге, балаларға) үйрену, олармен қарым-
қатынасқа түсу балаларға басында әжептәуір салмақ түсіреді. Мұнда
балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап, анықтау арқылы
орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды
біріктіруде ойын ерекше роль атқарады (мысалы, шеберхана ойыны).
Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады. Мұғалім балалардың,
білім дәрежесімен танысады, қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпақтар
білетіндері анықталады.
Бұл кезеңде мынандай жұмыстарға баса көңіл ауда¬рылады:
1. Балалардың сөздік қорын анықтау.
2. Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып
беруге дағдыландыра бастау.
3. Балалардың, тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару; тіл
мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау жақтарын жою бағытында
жұмыстар ұйымдастыру.
4. Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра
бастау.
5. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, сөйлемді
сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық.
6. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға дұрыс отыру,
қарындаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, сия сорғыш,
өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен
таныстырылады: өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады.
Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне
ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.
Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял т. б. ерекшеліктеріне
баса назар аударылады; I класс оқушылары бір нәрсені зейін қойып, тыңдай
алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиялы мен
шындықтағы заттардың, құбылыстардың арасында айырмашылық көп болады
(мысалы, балалар суретте көрсетілген заттарды атап тұрып, онда жоқ
нәрселерді де қосып айтады).
Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі - балалардың
мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі. Осыған орай, жекелеген
балаларға қалай ықпал жасау жолдары мен жұмыс түрлері ойластырылады.
Партаға түзу отыр, Қаламды дұрыс ұста сияқты плакаттарды көрсетіп (егер
мектепте жоқ болса, ондай плакаттар алдын ала дайындалуға тиіс), соған сай
әңгімелер өткізіледі. Өйткені балалар отыру, жазу, қалам ұстау ережелерін
бұлжытпай орындауға жаттыққанда ғана саусақтарының бұлшық еттері дұрыс
дамып жетіледі.
Алғашқы сабақтарда балалардың тілі мен ойын дамыту жолында алуан түрлі
жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиет
үлгілерін (жұмбақ, мақал, мәтел, жаңылтпаштар т. б.) жатқа, айту, өлеңдер
жаттау, сурет, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын
сұрақтарын мұқият ойластырады.
Дайындық кезеңіндегі әңгіменің ерекшелігі оның қысқа (4—6 минут)
болуында, әсерлілігінде, мұғалімнің сөзінің логикалық жүйелілігінде,
мәнерлілігінде, тақырыбы жағынан балалардың күнделікті өміріне қабысып
келуінде.
Дайындық кезеңде мектеп тәртібі, оқу құралдары мен оқу жабдықтарын
пайдалану тәртібін үйретуге ерекше көңіл аударылады.
Осы айтылғандармен қатар дайындық кезеңінде кейбір әріп элементтерімен
таныстырып, таңбасын жасатып үйрету де пайдалы (мысалы, А үш таяқшадан
тұрады: екі таяқша төбелерін түйістіріп тұрады да, үшіншісі кесе көлденең
тұрады т. с. с).
Кеспе әріптердің кассасын жасату және оны пайда¬лану жұмыстарына
жаттықтыру да осы кезеңде іске асырылғаны жөн. Өйткені әріп таныту
кезеңінде бала¬ларға қойылатын талап тым көбейіп кетеді де, олар үлгіре
алмай қалады.
Бұл — сауат ашудың басты, негізгі кезеңі. Әліппе кезеңінде
дыбыстар оқушыларға алфавит ретімен үйретілмейді, алғашқы кезде балаға
естілуі, айтылуы ең оңай дауысты және дауыссыз дыбыстар үйретіледі. Әр
дыбыстың тұсындағы суретке байланысты әңгіме өткізіледі.
Қазақ мектептері үшін әліппе жасаушы авторлар мен сауат ашу жұмысын
зерттеушілер әліппе кезеңін төртке бөледі.
Бірінші кезеңде жуан дауысты дыбыстар мен созылымды дауыссыздар және
олардың таңбалары таныстырылады. Грамматикадан: сөйлеу, сөйлем, сөз, буын,
дыбыс практикалық жолмен ұғындырылады.
Жалпы кеңес мектептеріндегі мұғалімдер мен әдіскерлер жазу оқудан
кейін қалмауға тиіс екенін, яғни балалар сауат ашу барысында дыбыстарды
оқып, олардың таңбаларын танып қана қоймай, әріптерді де жазып үйренулері
қажет екенін көрсетеді.
Ендеше алғашқы кезеңнен бастап-ақ оқушылар үлкен және кіші әріптерді
бірден жазып үйренеді. Екі дыбысты сөздерді оқи біледі, сондай-ақ көшіріп,
те, жатқа да жазып үйренеді.
Оқуда да, жазуда да сөзді буынға, буынды дыбысқа бөлу сияқты, талдау-
жинақтау әдісі, сонымен қатар үдету амалдарымен (ат, ат-а-ата т. б.)
жасалған сөздерді және бір ғана әрпі немесе дыбысы өзгеше сөздерді (ана,
ара, т. б.) оқу-жазу әдістері кең қолданылады.
Екінші кезеңде негізінен қысаң дауыстылардың жуаны және қалған үнді
(сонор), ұяң, қатаң дауыссыздар таныстырылады. Бұл кезеңдегі дыбыстармен
танысу жолдары да бірінші кезеңдегідей әдістер арқылы өтеді. Мұндағы
айырмашылық— ұқсас дыбыстар салыстырыла оқытылады. Танылатын әріп санының
көбейе түсуіне байланысты бұл кезеңнің жазу материалында қысқа-қысқа
сөйлемдер кездеседі.
Үшінші кезеңде жіңішке дауысты дыбыстар мен к, г, п, б, ж, з, ң сияқты
дауыссыздар танытылады. Бұл кезеңде оқушыларға үйретілетін буын саны да
арта түседі.
Әліппені оқытудың төртінші кезеңінде тілімізде сирек кездесетін һ
сияқты дыбыстар мен солардың таңбалары таныстырылады. Сонымен қатар бұл
кезеңнің мақсаты — орыс алфавитінен қосылған әріптерді және олардың
дыбыстарын саналы түрде таныту.
Жазу жұмыстары, сондай-ақ басқа жұмыс түрлері дс алдыңғы, дайындық
кезеңіндегі сияқты болып келеді.
Әліппе кезеңінде қолданылатын негізгі құрал (Әліп¬пе жәнс Әліппе
серігімен қатар) —кеспе әліппе. Кеспе әліппеден балалар сөз құрастырады,
сөздерді буынға, дыбысқа талдайды, құрастырған сөздерін оқып жаттығады.
Балалар оқыған немесе жазған сөздерінің мағынасына жете түсінетіндей, қате
жібермейтіндей дәрежеге жеткенге дейін талданады.
Балалар әліппені өтудің бірінші кезеңінде алдын-ала буынға, дыбысқа
талдап, кеспе әліппеден құрастырған сөздерін оқитын болса, екінші кезеңде
үдету амалымен жасалған сөздерді және бір дыбысы өзгеше сөздерді оқиды. Бір
дыбысы өзгеше сөздер мен үдету амалы арқылы жасалған сөздерді оқыту жұмысы
кеспе әліппені пайдалану жұмысымен байланыстырыла жүргізілгенде ғана тиімді
және нәтижелі болып шығады.
Үшінші кезеңде оқушылардың оқу техникасы мен жазу дағдысын жетілдіре
түсу мақсатында Әліппе кітабының соңғы жағындағы материалдар
пайдаланылады. Бұл сабақтардың мақсаты оқушылардың әліппеден алған білімін
бекіту ғана емес, сонымен қатар балаларды оқу кітабы мен грамматикадағы
материалдарды үйренуге дайындау болғандықтан, әліппе кезеңіндегі
сабақтардан гөрі әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақтар едәуір ерекшеленеді.
Әліппеден кейінгі кезеңде балалар көлемі шағын, қарапайым қысқа-қысқа
сөйлемдерден құрылған мәтіндер оқиды. Кеспе әліппемен жұмыс бұл кезеңде де
тоқтатылмайды. Әріптерден сөздер мен буындарды құрап жаттығу және оларды
оқу жұмысы әліппеден кейінгі кезеңде де ұштастырыла қатар жүргізіліп
отырады.
Жазуға берілетін мәтіндердегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей,
бір-біріне сай болуы әліппеден кейінгі кезеңде де қатты қадағаланады.
Балалар бұрын оқылған, талданған сөйлемдерді мұғалімнің айтуы бойынша жатқа
жаза алады. Аяқталмаған сөйлемдерді өздері аяқтай алады. Сөйлемдердегі
қалдырылып кеткен сөздерді өздері тауып, қосып жаза алады. Мұндай сөздерді
тауып, қосу немесе сөйлемді аяқтау жұмыстары, әрине оқушылар бұрыннан оқып
талдап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңінде көрнекілікті тиімді қолданудың жолдары
Көрнекі құрал оқу моделі
Дидактикалық ойын
Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы көрнекі - құралдар
Көрнекі құралдар
Сауат ашу кезеңіндегі оқыту типтері
Әріптерден сөз жасау
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
Пәндер