Буаз саулық қойларды азықтандыру



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Буаз саулық қойларды азықтандыру

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2011ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3-4
1.1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .5-6
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Қойды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 7-11
2.2. Саулықты азықтандыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .12-16
2.3. Қозыны
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...17-18
2.4. Буаз саулықты азықтандыру
нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19-21
2.5.Қозылы қойларды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
-24
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...25-26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-
28
КІРІСПЕ БӨЛІМ

Қой шаруашылығы - ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде
ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен
тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген
өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке,
қиы отқа, түяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге,
елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады.
Қойдың өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде себеп-
салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға
төзімділігі, бейімділігі. Соған орай қой қысы қатты, қары қалың солтүстікте
де, желі ызғарлы, жайылымы шөлейт жерлерде де, жазы ыстық, жайылымы құмды
оңтүстікте де өсіріле береді. Оған қойдың биологиялық ерекшеліктері
арасындағы ең бір негізгісі - түрлі жайылым отын өте жақсы пайдалана
алатындығы мүмкіндік туғызады.
Осындай адам тіршілігіне қажетті жан-жақты қасиеттері үшін қойды түрлі
шаруашылықтарда көптеп өсіреді. Қой жүнінен жіп иіріліп, түрлі жүн өнімдері
тоқылады, киіз басылып, кілем, сырмақ, текемет сияқты ұлттық өнер бұйымдары
дайындалады. Өңделген елтірісінен ішік, тон, шалбар, етік тігіледі. Сүтінен
бір жағынан ұлттық, екінші жағынан емдік, диеталық қасиеттері жоғары құрт,
ірімшік, айран, қаймақ тағамдары дайындалады.
Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния
ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп
қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады.
Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығын жақсарту арқылы қой жүнінің
ұзындығын - 15-25%, қырқымындағы түсімін 10-12% ұлғайтуға болады.
Қой азықтандыру ерекшеліктері: онын жасына, жыныстық ерекшеліктеріне,
алынатын өнімге, физиологиялық әрекетгерге, тұқымына байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты – Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру
пәнінен алыған білімді тереңдету. Қойларды, саулықтарды азықтандыру
ерекшеліктері туралы терең білім алу.
Курстық жұмыстың міндеттері – берілген мақсатқа жету барысында келесі
міндеттер атқарылды:
1. Қойды азықтандырудың ерекшеліктері туралы;
2. Буаз саулықтарды азықтандыру рациондарымен танысу;
3. Буаз саулықтарды азықтандырудың ерекшеліктері туралы мәліметтер
берілді.

1.1. Әдебиетке шолу
1. А.И.Лопыриннің (1929) деректері бойынша биязы жүнді қойдың құрсақтағы
жалқы төлі 20 күндігінде - 0.05 г, 30 күндігінде - 0,77 г, 40
күндігінде - 3,8 г, 50 күндігінде - 17 г, 60 күндігінде - 80 г, 90
күндігінде - 900 г, 120 күндігінде - 2900 г және 150 күндігінде 4300 г
салмақ тартады. Ғылыми деректерге қарағанда іште жалқы төлі бар
саулықтар қысыр қойға қарағаңда буаздылығынын, сонғы 7 апталығында
қоректік заттарды 2 есе артық, ал егіз болса, 2,5-3 есе артық қажет
етеді.
2. Сларкевич В.В. мен Айва В.П., кейін К.Д.Филянский 1923-1936 ж.ж.
ставрополь өлкесінде шығарылған Кавказ қой тұқымын толық зерттеген,
сол үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды.
3. П. Н. Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский (1929),
М. Ф. Иванов (1936), М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1977), Қ. Ұ.
Медеубеков, А. Г. Племянников, т. б. (1977) құйрықты қой тұқымдарынан
түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы ерекше зор екені
барлық деректерде толық келтірілген. Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын
ет өнімі, оның сапасы, қой дың бордақылау немесе жайылымда семірту
кезіндегі биологиялық ерекшеліктері жайлы еңбектерінен жан-жақты
мағлұматтар алуға болады.
4. М. А. Ермеков, А. В. Голодновтардың (1977) деректетерінде табиғи
сұрыптау мен қолдан сұрыптаудан шыққан құйрықты қой тұқымдарының бірі
— қазақтың құйрықты қойы. СССР Ғылым академиясы, Орта Азия
университеті мен Москва зоотехникалық институты (1927— 1930 жылдары)
экспедициясының материалдарында Қазақстанда құйрықты қойлардың
географиялық 22 варианты бар екендігі көрсетілген. Осы варианттардың
бір бұтағы Жезқазған облысының шаруашылықтарында шоғырландырылған. Бұл
қойлар шөлді және шөлейтті жерлерге өте шыдамды.
5. Н. А. Воробьев (1959), С. И. Боголюбский (1961) жүргізген зерттеулерде
әр түрлі жүнді, салмағы ауыр қошқарлар мен ірі саулықты
будандастырғанда болмаса, енелерінің салмақтары орташа не ұсақтау
болған жағдайларда қандай қозы туатындығын байқай отырып, селекциялық
шешімге келді.
6. В.А. Бальмонт, М.А. Ермеков, А. Елеманов, Бутарин, Т. Бөкенбаевтар
Қазақстанда 1930 жылдан бастап ғалымдар мал селекциясын жүйелі түрде
қолға алып, ғылыми негізде жұмыс жүргізе бастады.
7. В.А. Бальмонт, Е.В. Баканова, А.И. Пшеничный 1931 жылы жаңа тұқымды
зерттеп анықтады. Авторлары Одақтың мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары
атанды.
8. М. Ф. Иванов қойдың арғы тегі - муфлонды биязы жүнді қойдың
саулықтарымен шағылыстырып, қойдың жаңа тұқымын шығарды. Ол жұмыстар
Украинада Аскания-Нова қорығында тегіс жерде жүргізілген.
9. Н. С. Бутарин өз жүмысында таулы жерде өсірілетін тұқым шығару үшін
муфлонның орнына арқарды пайдаланды, өйткені арқар биік 3000-4000
метрден астам тауда өсетін қой тектес жануарларды зерттеген.
10. П.Н. Кулешов (1926) ауыл шаруашылық мал тұқымдарының дамуына
байланысты тарихи шолу жасады.
11. Д.А. Кисловский дүиие жүзі мал шаруашылығының теориясы мен тәжірибесі
жоніндегі кең көлемді деректерді жинақтап, қорытып және П.Н.
Кулешовтың пікірлерін құптай отырып, үй малы адам еңбегінің жемісі
болып табылады деген ғылыми тұжырымды жақтады. Ол тұқымдардың пайда
болуына сыртқы ортаның әсер ететінін мойындаса да шешуші шарт адамның
еңбегі мен техникасы деп санады.
12. В. А. Бальмонттың басқаруымен Е. В. Баканова, А. И. Пшеничный (1931)
Қазақстанда өзінің жергілікті жағдайына лайықты биязы жүнді қойдың
жаңа тұқымын шығару мәселесімен айналысқан. Бұл жұмысты академик жұмыс
істеді. Негізгі селекциялық жұмыстар К. Мыңбаев атындағы тәжірибе
шаруашылығында жүргізілді. Жаңа тұқым шығару үшін қазақы қойларының
тәуірлері іріктеліп алынды, олар таза тұқымды прекос қошқарымен
шағылыстырылды.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Қойды азықтандыру

Қой — жайылым малы. Оның табиғи жайылымды жақсы пайдалануға бейімділік
және биологиялық қасиеттері өте жоғары. Мүйізді ірі қара мал секілді ас
қорыту жүйесінің құрылысы бойынша күрделі қарынды күйісті малға жатқанымен
қойдың жайылым отын пайдаланып, ас қорытуындағы өзіндік ерекшеліктері бар.
Басқа мал түлігімен салыстырғанда қой жайылым отының өсімдіктерінің
көптеген түрін жеуімен қатар өскен шөпті тереңірек тістеп, үзетіндіктен
толығырақ жеп, жақсы қорытып, жоғары пайдалана алады. Қой тұқымына қарай
түрлі жайылым отын игеруге бейім келеді. Мысалы, байырғы қазақы қой
тұқымдары дала жайылымын жақсы пайдалануға бейім болса, қаракөл тұқымы
шөлейт және шөл жайылымдарын, ал тағы арқармен будандастырылу жолымен
шығарылған арқармеринос тұқымы биік тау жайылымдары жақсы пайдаланады.
Жайылым отын жете пайдалануға мүмкіндік тудыратын қойдың морфологиялық
және биологиялық қасиеттерінің арқасында жайылым жері мол мемлекетімізде
арзан да экологиялық тұрғыдан сапалы қой етін мол өндіру мүмкіндігі бар. Ол
мүмкіндікті іске асыру үшін жайылым пайдаланымын дұрыс жолға қою керек.
Алдымен шаруашылықтағы жайылымдарды тексеріп, инвентаризациялап, көлемі,
суарымы, өнімділігі мен отының қоректілігі бойынша есепке алып, тіркейді.
Тіркеу мәліметтері бойынша шаруашылық жайылымының пайдалану реті мен
тәртібін белгілейді де, жыл мезгілінің барлық мүмкіндік болған күндері
(оңтүстікте — жыл он екі ай бойында) қой басының негізгі жемшөп қоры
ретінде пайдаланады.
Жайылым оты жетіспеген немесе жаюға мүмкіндік болмаған жағдайда қой
азығын басқа да ірі, шырынды, құнарлы жемшөппен толықтырады. Қой азыққа аса
талғампаз болмағанымен жемшөбінің әртүрлі және сапалы болғанын ұнатады. Қой
ұсақ, майда пішенді жақсы жейді, бірақ мүйізді ірі қара малмен
салыстырғанда азық жасунығын нашар қорытады. Жылдың мал жаюға жайсыз
мезгілі мен күздегі күйек алу, қыстағы буаздық және көктемдегі қоздау
кезеңдерінде жайылым отына қосымша пішен, сабан, пішендеме, жем береді.
Жайылым оты мен қосымша жемшөп жетіспеген жағдайда қой қоректену
деңгейінің төмендеуінен, тіршілік сақтаудың биологиялық зандылығы бойынша,
алдымен маңыздылығы екінші реттегі (второстепенные) тері мен оның өнімдері
(жүн, жал, қүйрық, мүйіз, тұяқ) зардап шегеді. Қоректік зат енуі шектелген
жағдайда организм оларды алдымен жүйке жұмысы, қан айналымы, көбеюшілік
жүйе тіршіліктік маңызы зор (жизненноважные) ағзаларға жұмсап, теріге
жұмсалуын шектеуінен бірінші ретте қанмен түбіріне қоректік заттар келуі
шектелген жүн талшықтары жіңішкереді. Кейіннен қой азықтандырылуы
дұрысталып, теріге жеткізілетін қоректік заттар қалпына келгенімен, жүн
талшығының жіңішкерген жері аштық жіңішкеру, аштық ізі немесе белгісі
(голодная тонина, переслед, перехват) түрінде қалып қояды.
Жүн талшықтары бұл жіңішкерген жерінен әлсізденіп үзілгіш келеді де,
қырқылған кейінгі жүннің үзілуге мықтылығын (разрывная прочность) кемітіп,
тауарлық сапасын төмендетеді. Жүн өсуі мен сапасы кератин белогының
түзілуіне тәуелді болғандықтан қой азығында протеин жеткілікті көлемде және
қажетті биологиялық (аминқышқылдық) құндылықта жеткізілуі шарт. Жүн
талшықтарын біріктіретін шайыр (жиропот) құрамына май қышқылдарының түрлі
минералды заттар кіретіндіктен қой азығындағы майлар (липидтер) мен
минералды элементтер (оның ішінде, әсіресе күкірт) де қажетті деңгейде
жеткізілуі керек.
Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығын жақсарту арқылы қой жүнінің
ұзындығын - 15-25%, қырқымындағы түсімін 10-12% ұлғайтуға болады. Мысалы,
биязы жүнді қозылардың азықтандыру деңгейін 5 ай жақсартқанда, олардың
жүнінің ұзындығы 3-5 см ұзарып, жүн қырқымы 1—1,5 кг ұлғайған. Қоректендіру
жағдайын жақсарту арқылы жүнділігімен қоса қой етінің өнімі де артады. Оның
әсіресе қой етін тағамға көп қолданатын біздің еліміздегі маңызы зор. Қой
етін құйрықты қой тұқымдарымен қатар жүнді қой тұқымдарынан да өндіреді.
Алғашқы алты айда қозының бұлшық еті жедел дамитындықтан дәмді, тағамға
жағымды қой етін өндіру үшін 8-10 айлығына дейінгі қозы-тоқтыларды жедел
өсіріп бордақылайды. Қой бордақылау кешендерінде азықтандыру мен суару
технологиясын механикаландыру арқылы өндіріс шығынын азайтады.
Жүн мен еттен басқа қойдан елтірі, тері мен сүт өндіреді. Қой сүтінен
дәмді ірімшік, құрт, айран түріндегі ұлттық тағамдар дайындайды.
Қазақстан - кой шаруашылығы өркендеген мемлекет. ТМД елдеріндегі бүкіл
қой санынын, 28%-ті бізде шоғырланған, кой етінің төрттен бірі бізде
өндіріледі, жүннің бестен бірі, барлық қаракөл елтірісінің үштен бірі
Қазақстанда өндіріледі.
Қой басқа малға қарағанда шөл, шөлейт, құмайт, таулы-тасты жерлердің
жайылымдарында жақсы жайылады. Ал Қазақстанда ондай жайылымдар көп.
Бірден-бір арзан және ең бағалы негізгі азықтың көзі жайылымдағы жасыл
шөп болып табылады. Қысқы және жазғы жайылымдарды тиімді пайдалану, қойды
қалыпты азықтандыруға мүмкіншілік туғызады.
Қой жайылымда ұстауға жақсы бейімделген. Мал жеуге пайдаланатын 800
өсімдік түрінен; қой 520-нан аса түрін, мүйізді ірі қара мал-460 түрін,
жылқы-406 түрін пайдаланады. Жусанның қой-46 түрін, жылқы-39 түрін, сиыр-24
түрін пайдаланады. 181 түрлі қой-132 түрін, жылқы-48 түрін, сиыр-39 түрін
жейді.
Қойдың денесінде зат және энергия алмасу басқа малдарымен
салыстырғанда жоғары сипатталады. Сондықтан кой 1 кг тірідей салмағына
қоректік заттарды мүйізді ірі қара малмен салыстырғанда көбірек шығындайды.
Қойлардың ас қорыту органдары ірі азықтардың құрамындағы қоректік
заттарды толық сіңіріп қорытута бейімделген. Қой жақсы жейтін азықтар:
жоңышқадан, бедеден дайындалған пішендер, астық тұқымдастарынан, тау
етектерінен, бидайық, жусан, сораң, шалғын, әр түрлі шөптерден және сол
шөптерден дайындалған пішендемелер, шырынды азықтардан дайындалған сүрлем,
тамыр жемістілер, жемдерден - сұлы дәні, жүгерінің дәні, кебек псн күнжара,
сонымен қатар минералдық, витаминдік қосымшалар.
Қой азықтандыру ерекшеліктері: онын жасына, жыныстық ерекшеліктеріне,
алынатын өнімге, физиологиялық әрекетгерге, тұқымына байланысты.
Қойды әр түрлі азықпен азықтандыру қажет. Бірыңғай бір түрлі азықпен
азықтандыру қой денесінің дамуын, қондылығын нашарлатады.
Қой денесінің 100 кг салмағына 3.2-3.8 кг құрғақ затты азық талап,
етеді.
Қойлардың биологиялық ерекшеліктері: жұқа, қозғалғыш ерні, тұмсығының
сүйір болуы. Осының арқасында мүйізді ірі қара малға қарағанда, қой
пішенмен жақсы қоректенеді, ернімен өсімдік сабақтарын,
жапырақтарын, гүл шоқтарын, т.б. жей алады, аласа өскен жайылым шөптері жей
алады.
Жартылай шөлейтті аймақтардың жайылымындағы шөптердің 66%-ке жуығын
мүйізді ірі қара малдар нашар жейді немесе тіпті жемейді. Ал қой мен ешкі
осы шөптердің 38%-ке жуығын жейді. Егер жайылымдағы шөптің 12%-ке жуығын
мүйізді ірі қара мал жақсы жейтін болса, ал қой мен ешкі 30%-ке жуығын өте
жақсы жейді. Ірі азықтар мен шөптерді жақсы сіңіруіне байланысты 1 кг
үстеме салмағына қоректік заттарды мүйізді ірі қара малдарға қарағанда аз
пайдаланылады. Май құйрықты және құйрықты тұқымды қойлар, құймышақ
омыртқаларына, оның бойына, әсіресе, құйрығына май жинайтын ерекшелігі
болады. Қойдың кейбір тұқымдары өзгермелі ауа райына, климатқа, құрғақ
қырдағы жайылымдарға (құйрықты қойлар) бейімделгіш келеді.
Қаракөл елтірілі қойының маңызды биологиялық ерекшеліктерінің бірі -
шөп жайылымдарында өсетін ең аласа шөптерден бастап, ірі бұтақты сексеуілге
дейін жеуге бейімделген. Қаракөл қойы жайылым өсімдіктерінің 62%, биязы
жүнді қойлар 48-55%, құйрықты қойлар 42-50%, ірі қара 33-35%, жылқы 27-34%
қана жейді.
А.П.Данилюктің зерттеулері бойынша қаракөл елтірі қойы жайылым кезінде
тәуліктін, 50,6%-тін жайылуға, 41,6%-тін де-малуға, 3,5%-тін суатқа баруға,
1,4%-тін су ішуге жұмсайтындығы анықталды.
Қойдың қоректенетін жусан түрлерінің жер шарында 500 түрі, ТМД бойынша
170 түрі, Қазақстанда 81 түрі кездеседі. Жусаннын, құрамында қоректік зат
мол, эфир майы бар, өзі әсіресе кой мен ешкінің жақсы азығы.
Жемшөптің немесе рацион белогының (ақ заттын) биологиялық құнарлылығы
- деп малдың белоққа деген қажетін толық өтеу қасиетін айтады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне қарағанда, осы азықтардан
құралатын қойдың қысқы рационында 25-30 пайыз шамасында қорытылатын протеин
жетіспейді. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда рационда бір процент протеин
жетіспесе, бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны екі процентке
жоғарылайды. Ал мұның өзі мал өнімінің өзіндік құнын қымбаттатып, мал
шаруашылығынын, экономикасына нұсқан келтіретіні сөзсіз.
Малды дұрыс азықтандыру үшін әр азық өлшемінде орта есеппен 100-110 г
қорытылатын протеин болуы керек.
2.2. Саулықты азықтандыру ерекшеліктері

Дер кезінде ұрықтанып, мол қоздап, сапалы жүн қырқу үшін саулықтарды
дұрыс кұнарлы азықтандыру қажет. Олай болмаған жағдайда саулықтардың күйі
келмей, нәтижелі ұрықтанбай, нашар жетілген жалқы қозытуады. Оны уызға,
сүтке жарытпай, өздерінің жүнділігі төмендеп, қырқылған жүн сапасыз болады.
Осыны ескере отырып, саулықтардың азықтандырылуын күйекке түсерден 1—1,5 ай
бұрын күшейтеді. Олардың күйін келтіру үшін 1кг қосымша салмаққа 5 азық
өлшемі, 500г қорытылатын протеин келетіндей етіп азықтандыру нормасын
жоғарылатады. Күйі келіп нәтижелі ұрықтанған саулықты буаздық кезеңінде де
құнарлы азықтандыру қажет. Тек сонда ғана жақсы жетіліп, дамыған, кебіне
егіз қозы туылады. Туылған қозы салмағының тек 10 проценттейі ғана
буаздықтың бірінші жартысында, ал қалғаны — екінші жартысында
калыптасатындықтан буаздықтың екінші жартысында яғни сонғы 4—5-ші айында
саулық организмнің зат алмасуы 15—20 процентке жоғарылап, олардың
энергетикалық мұқтаждығы 30—40 процентке, қорытылатын протеинге мұқтаждығы
40—60 % -ке өседі.
Дұрыс азықтандырылған буаз саулықтар тірі салмағымен, қоддылығын
кемітпей, дер кезінде қоздап, жақсы дамып жетілген, ірі қозы туады.
Желіндеп, қозысын уыз бен сүтке жарытады. Меринос тұқымды саулықтар
қоздағаннан кейінгі екі айда тәулігіне 1,0—1,3 кг, ал 3—4-ші
айларында 0,8—1,0 кг сүт береді. Қазақы қойлардың сүттілігі бұдан жоғары —
тәулігіне 1,3—1,5 кг-ға жетеді. Қозысын емізетін саулықтардын,
рациондарында буаз саулықтардікімен салыстырғанда клетчатка көлемі 22—24-
тен 24—27%-ке дейін, женіл қорытылатын қанттар мен крахмал мөлшері де
біршама жоғарылатылады (глркозаға айналдырып санағанда 16—18-ден 18—22%-ке
дейін).
Қой уызы протеинге (17—23%) және майға (9—16%) бай. Уыз емген қозылар
жақсы тойынып, ас қорыту қабілеті күшейіп, түрлі ауруларға шалдықпай өседі.
Саулықтардын, сүттілігін козыларының күнделікті салмақ қосуынан байқайды.
Қозылардың 100г қосымша салмағына 0,5кг ене сүті жұсалады.

Жүнді және жүнді етті тұқымды буаз саулықтарды азықтандыру нормасы,
(тәулігіне бір басқа)

1-кесте

Буаздықтың алғашқы Буаздықтың соңғы 7-8
Көрсеткіштер 12-13 аптасында аптасында
2-2,3кг таза жүн қырқылатын саулықтардың
тірі салмағы, кг
50 60 70 50 60 70
Азық өлшемі 1.05 1.15 1.25 1.35 1.45 1.55
Алмасу энергиясы, МДж 12.05 13.5 14.5 14.5 16.5 17.5
Құрғақ зат, кг 1.75 2.05 2.2 1.9 2.1 2.3
Шикі протеин, г 160 170 185 200 145 220
Қорытылатын протеин, г 95 105 115 135 145 155
Ас тұзы, г 10 11 12 13 14 13
Кальций, г 6,5 7.0 7,5 8,0 9,0 9,5
Фосфор, г 4.4 4.5 5.0 5.5 5.8 6.2
Күкірт, г 4.0 4.5 0.8 4.6 5.0 5.3
Магний, г 0.6 0.7 4.7 1.0 1.1 1.2
Темір, мг 54 62 70 68 78 88
Мыс, мг 12 14 16 14 16 18
Мырыш, мг 40 46 52 54 62 70
Марганец, мг 60 69 75 81 93 106
Йод, мг 0.50 0.57 0.64 0.55 0.63 0.72
Каротин, мг 12 15 17 14 17 20
Д витамині, ХӨ 0,6 0,7 0,8 0.85 1.0 1.15

Желіні сыздамауы үшін қоздағаннан кейінгі 2—3 күнде саулықтарға тек
майда пішен беріп, басқа азықтарды біртіндеп жегізеді. Жақсы жайылым отына
қосымша құнарлы жем, кажетті мелшерде ас тұзын береді. Жемге араластырған
ас тұзымен бірге қой қораларында жалайтын тұз кесектерін қояды. Саулықтар
сүттілігіне шырынды азықтар жақсы әсер етеді (сүрлемді тәулігіне бір басқа
2-4, пішендемені 1-3 , тамыржемістілерді 1-2кг беруге болады. Құнарлы жемді
саулықтар сүттілігіне, емізіллетін қозы санына байланысты үдетеді (жалқы
қоздағандарына 0.3-0.5, егіз қоздағандарына 0,5-0,7кг береді).
Шаруашылықтағы қой басының басым үлесі (55-65%) саулықтар үлесіне тисе
ғана қойларды өз төлінен көбейтіп өсіруге болады. Демек, саулық азықтандыру
қой басының көбеюіне және олардан алынатын өнім көлеміне тікелей ықпал
етеді. Дер кезінде нәтижелі ұрықтандырылып, уақытылы егізден қоздатып,
сапалы жүнді мол қырқу үшін саулықтардың жасы, өнімдік бағыты мен тұқымы,
жыл мерзімі мен соған сәйкес өзгеретін физиологиялық ахуалына байланысты
өзгеретін қоректік мұқтаждығын қажетті деңгейде және жан-жақты толық қамти
қамтамасыз ету керек.
Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығы жетіспеген жағдайда
саулықтардың дер кезінде (күйекке түсерде) күйі келмей, ұрықтандыру
(қашыру) нәтижесі төмен болуынан қоздауы да созылып, жақсы жетілмеген жалқы
қозы туады. Арықтап кеткен саулық оның өзін уызы мен сүтіне жарытпайды.
Содан қозы шығыны көбейіп, саулық жүнділігі төмендеп, жүн сапасы
нашарлайды. Осының бәрін ескере отырып саулық азықтандырылуына жыл бойы
жете көңіл бөліп, организмінің қоректілік мұқтаждығы өсетін күйекке түсер,
буаздық, қоздап қозысын емізер кезеңдерінде саулық азығының энергетикалық
қуаттылығын күшейтіп, биологиялық құндылығын жоғарылатады.
Күйекке түсерден 1—1,5 ай бұрын саулық қондылығын көтеріп, күйін
келтіру үшін азықтандыру деңгейін 1кг қосымша салмақ қосуына есептегенде 5
а.ө., 500г қорытылатын протеин көлемінде жоғарылатады (күндік салмақ қосуы
50-100г жоспарланса, азықтандыру нормасына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буаз саулықтардың зоогигиенасы
Қойларды азықтандырудағы протеин мөлшері
Саулық қойларға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі жайлы
Буаз саулықты азықтандыру ерекшеліктері
Қой қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
‹‹Қаракөл шаруашылығындағы өнімдерді өндіру және оның технологиясы››
Қозылы қойды азықтандыру
Әр түрлі тұқымдық қошқарларды азықтандыру
Қазақстанда кездесетін қой қолтұқымдары
Өскемен аймағындағы ұсақ малдарға арналған мал қорасының жобасы
Пәндер