Саяси режим түсінігі және түрлері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
«Құқықтық пәндер» кафедрасы
«МҚТ» пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Саяси режим түсінігі және түрлері»
Орындаған: 08102 топ студенті
Опиева Қызжибек
Тексерген: оқытушы
Базаргалиева Ж. А.
Орал, 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1-бөлім. Саяси режим: түсінігі, түрлері
1. 1. Саяси режимнің мәні және түсінігі . . . 6
1. 2. Саяси режим мемлекеттің элементі ретінде . . . 8
2-бөлім. Саяси режим түрлері
2. 1. Демократиялық саяси режим . . . 11
2. 2. Антидемократиялық саяси режим
Қорытынды . . . 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 25
Кіріспе
Мемлекет туралы әрқилы түсініктер, оның пайда болуы, дамуы және болашағы, оның мән-маңызы, нысандары туралы жинақталған қорытындылар, зерттеулер Қазақстан келешегі үшін маңызды.
Жұмыс мемлекет нысаны ретiндегi саяси режим туралы, яғни аталған теорияның (ұғымның) мемлекеттанудағы мазмұндамалық сипатын анықтауға арналған. Саяси режим ұғымын жан-жақты зерттеу мақсатында оны жеке тарауда қарауды мақсат еттік. Саяси режим туралы ұғым маңызды сипаттамалардың бірінен саналады. Әдістемелік жағынан қарағанда мұның маңызды екеніне сөз жоқ. Канттың өзі де дер кезінде нысанды мемлекеттіліктің материясын тәртіпке келтіретін, оны синтездейтін түпкі бастамалық негіз ретінде қарастырған. Мемлекеттік-құқықтық жаратылыстан туындайтын мемлекет нысандарының қатаңдығы мен айқындығы саяси бағыт-бағдарларды іске асырудағы шектей алатындығы белгілі.
Мемлекет нысанын зерттеу теорияның өзін әліппеден бастаудың магистралдық бағытына тең болатын және қазіргі уақытта мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымы ұсынылады. Басқару нысаны ұғымын пайымдағанда ең жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы түсініледі. Әсіресе „оның ең жоғарғы және орталық органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзыреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттіктерінің мерзімі, былайғы халықпен қатынасу түрлері, бұл халықтардың оларды қалыптастырудағы қандай дәрежеде қатысатыны түсініледі. Басқару нысаны мемлекет нысанының кең мағынада баяндалып түсіндірілуіндегі жетекші элемент болып саналады.
Алғашқы рет мемлекет түрлерін жіктеуді Аристотель жасады. Ол Геродот пен Платонды үлгі ете отырып мемлекетті монархияға (бір адамның үстемдігі), аристрократияға (элитаның үстемдігі) және политеимге (тіке демократия мағынасында халықтық үстемдігі) бөлді. Ағарту (қайта өрлеу) заманынан бастап мемлекетті үш түрге бөліп алып, оны монархия және республика деп екі түрге ажырататын болды. Мемлекеттің типі оның мәніне, басқару нысанына, шешетін індеттеріне сәйкес болып отырады. Сонымен қатар мемлекеттің өтпелі типі (түрі, нысаны) де болады. Осындай жағдайды Қазақстан басынан кешіп өтті; қазіргі уақытта Ата Заңымыз бойынша Қазақстан - демократиялық, біртұтас, тәуелсіз, зайырлы мемлекет деп жариялап, басқарудың президенттік-парламенттік түрін таңдап алды. Қазақстан тәуелсіз, құқықтық, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезде ел билеудің, басқару нысанын іске асырудың баламалы мүмкіндіктерін жан-жақты ойластырып жатқан кезде жастарымыздың басқару нысаны туралы ұғым түсініктердің қыр-сырымен қаруландырудың маңызы зор деп санаймын. [3]
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңдағы мемлекет және құқық теориясында “Саяси режим” түсінігі маңызды орын алады, өйткені ол сан қырлы саяси, құқықтық құбылыстарды, байланыстарды зерттейді, қоғамда қалыптасқан қатынастарды, билік қағидаттары мен әр түрлі институттарды қарастырады. Саяси режим қоғамның құқықтық, саяси тыныс-тіршілігіндегі билік жүргізу негізін ұйымдастырудың қайнар көзі болып табылады.
Осы жұмыста саяси режим демократиялық бағытта дамытудағы теориялық-методологиялық және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қарастыру, сонымен қатар басқа да зерттеулерді пайдалана отырып, саяси режим ұғымын толықтай ашу мақсаты қойылған.
Жұмысының мақсаты: саяси тәртiп туралы ұғымды анықтап, мазмұнын ашу. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді орындауға (шешуге) ұмтылдық:
- негізгі мәселеде түсінікті болу үшін саяси режим (саяси тәртiп) туралы ұғымға тоқталу;
- негізгі мәселе бойынша, мемлекеттің басқару, құрылыс және саяси тәртіпк нысандары түсінігі, түрлері туралы мәселелерді қарастыру;
- саяси режимнің түрлерін анықтау;
Тақырыптың әдістемелік мазмұны өте зор (маңызды), оған дәлел мемлекет туралы ұғымға ерте кездегі ойшылдардан бастап, мысалы Аристотель, Платон, Цицерон сияқты ойшылдар, одан кейінгі дәуірде Кант, Макиавелли, Гегель ілімдерінде, жалпы алғанда бүкіл құқықтық - саяси ілімдер - тарихында маңызды мәселелердің бірі болып, мемлекет нысанына көп көңіл бөлінген. Өйткені, мемлекет нысаны ұғымын пайымдағанда Қазақстандағы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы түсініледі.
Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде саяси режим түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С. Н. Сәбікенов, С. Зиманов, Сапарғалиев, А. С. Ибраева, С. Табанов, Г. Сапаргалиев, Баймаханов М. Т., Д. А. Булгакова. Ал шет елдік ғалым заңгерлер А. В. Малько, М. Н. Марченко, Б. А. Страшун, С. С. Алексеев, В. Н. Хропанюк және саясаткерлер американдық ғалым Д. Истонды, американдық саясаттанушы Г. Алмондты, Т. Парсонстың теориясын, К. Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясатанушылар М. Г. Анохинның, Ф. М. Бурлацкийдің, Р. А. Матреевтың және басқалардың теорияларын жатқызуға болады. [6]
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тарау, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-бөлім. Саяси режим: түсінігі, түрлері
1. 1. Саяси режимнің мәні және түсінігі
Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады.
Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:
- билікте қандай саяси күштер болады және олар қандай механизммен билікті жүзеге асырады;
- саяси билік қалай шынайы таратылады және оның жүзеге асуын кім бақылайды;
- қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер беріледі;
- қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;
- саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және құралдар қажет т. б.
Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары. [3]
Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған саяси режим түрі субъективті және объективті жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты. Сондықтан да саяси режимнің классификациясы өмірде көп кездеседі. Кең тараған саяси әдебиеттерде классификация-ол қоғамда демократиялық принциптердің бірқалыпты дамуы деп көрсетіледі.
Осы классификация бойынша саяси режимнің түрі былай анықталады:
- саяси-қоғамдық процестердің интенсивтілігі және даму деңгейі;
- басқарушы элитаның құрылымы және оның қалыптасу механизмі;
- қоғамдағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы;
-бюрократиямен қатынас жағдайы;
- қоғамда басқарушылық лигитимді түрде болу деңгейі;
- қоғамдағы саяси санаға қозғау салатын қоғамдық-саяси дәстүрлерді әрқилылылығы
1. 2. Саяси режим мемлекеттің элементі ретінде
Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Ол қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән - мағынасын терең түсініп - білуге адамдардың өмірінде атқаратын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы, әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық - саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс - әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттық сыр - сипатын, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат - мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы, халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. [5]
Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын барлық адам түгелімен саяси шешім қабылдауға қатыса алмайды.
Десе де, мемлекеттік саясатта жұртшылықтың әр түрлі топтарының мақсат - мүдделерінің ескерілуі, басқарушы топтың құзыреттілігі мен жауапкершілігі көбіне азаматтардың саналығы мен белсенділігіне байланысты. Адамдардың саясатқа қатысып, салиқалы шешім қабылдауы өзінен - өзі тумайды. Ол үшін газет, журналдарды оқып, радио тыңдап, теледидар көру де аз. Ондағы материалдарды сындарды сараптап, шынайы қорытынды шығару, саяси өмірдің субъектісі болу үшін жүйелі түрде саясат теориясын игеріп, саяси процеске қатысу жолдарын арнайы оқып - үйрену, іс жүзіндегі тәжірибе керек. Біздің заманымызда кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрақты тіршілік еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерде амал - айла, құлықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді.
Азаматтардың көпшілігінің саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі және ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс.
Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ықпалы әр түрлі. Жеке адамның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да жоғары болады. Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық - құқықтық заңда айқындалады. Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін құқығы конституциялық сипаттан қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей байланысты. [7]
Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдың әлеуметтік - мәдени, саяси - құқықтың алғы шарты қажет. Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек. Білімді адамның мәдениеті жоғары болады. Егер жоғарыда көрсетілгендей алғы шарттар болмаса, тұлғаның қоғамдық саяси өмірге белсене қатынасып, оның нағыз субъектісіне айнала қоюы қиынға түседі.
Сондықтан шын демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады. Саясатта жеке адамның мәдениетінен басқа негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі - жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамассыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады. Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп өрістеуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени қазыналарды көруге рұқсат, өнер мен техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т. б. жатады.
Жүйе ұғымын ХХғ. 20жж. ғылыми айналымға алғаш енгізгентнеміс биологы Л. Фон Борталанфи. Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды.
2-бөлім. Саяси режим түрлері
2. 1. Демократиялық саяси режим
Демокра́тия (др. -греч. δημοκρατία - «халық билігі», от δῆμος - «халық» и κράτος - «билік») - негізінде коллективті шешім қабылдау, барлық қатысушылардың билік процесіне бірдей әсер ету әдісі жататын саяси режим.
Демократия ол:
- Белгілі бір қалыптасқан ұйым мүшелерінің шешім қабылдауына қатысуына негізделген;
- Қоғамдық құрылымның идеалы және оған сәйкес әлем көзқарасы;
- Халық билігі және демократияның мақсаты мен идеалының жүзеге асуы үшін әлеуметтік - саяси қозғалыс.
Демократияны мемлекеттік құрылым ретінде зерттегеннен кейін оның тағы бір белгілерін көрсетуге болады:
- Қоғамда көптеген қызығушылықтар мен мүмкіндіктердің бар болуы;
- Саяси институтқа, топтарға кепілденген жолы;
- Жалпы сайлау құқығы;
- Өкіметтік институттардың іс - әрекеттік бақылау;
- Саяси нормаға қатысты көпшілік қоғамның келісуі;
- Пайда болған шиеленістерді бейбітшілік түрінде шешу.
Демократия келесідей жағдайлар орын алған кезде пайда болады және сақталады:
Біріншіден, экономикалық дамудың биік деңгейі. Курт жасаған зерттеу қорытындысы бойынша тұрақты экономикалық өсуі ең соңында демократияға әкеледі.
Екіншіден, қоғамда толеранттылықтың бар болуы, саяси азшылықтың құқығын сыйлау.
Үшіншіден, қоғамның базалық құндылығына, тең құқығына қатысты келісімі.
Төртіншіден, халықтың саяси қатысушылыққа ұмтылысы(сайлау түрінде)
Демократиялық саяси режимді демократиялық тәртіпке негізделген басқару түрі деп атауға болады. Оның негізінде - адамның бостандығы, құқық кепілдігін қорғау.
Демократияда өмірді реттейтін негізгі құрал - заң. Мемлекет міндетті түрде құқықты болады және қоғам азаматты түрде болады.
Принциптері:
1. Билікоргандарынсайлау.
2. Биліктіңбөлінуі.
3. .
4. Бостандық, жауапкершілік бірлігі.
5. Заң.
6. Қоғамдықпікірдіескеру.
7. .
8. Жариялылық.
Жүзегеасыруформалары:
- Сайлауөткізу, есеп беру.
- .
- Референдум өткізу.
- Митинг, жиналыс.
- Съезд, конференция, пленум.
- Шеру, бойкөрсетулер.
- Сессия
- Шетелгесапарлар.
- Ереуілдер
Демократиялық режим белгілері:
Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.
Экономика саласында:
1. Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;
2. ;
3. ;
4. ;
5. ;
6. Мүгедектермен, ;
Саяси салада:
1. ;
2. ;
3. ;
4. Құқықтар мен ;
5. ;
6. ;
7. ;
8. Оппозицияныңболуы;
Әлеуметтік салада:
1. Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т. с. с. бостандықтар жүйесінің болуы;
2. Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;
3. Ғылыми-;
4. Оқу-;
5. Мәдениет пен шығармашылықтың барлықсаласыныңдамуы, оғанеркінқолжеткізу;
6. Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатыныншектелу;
Рухани салада:
1. Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;
2. Жеке ;
3. Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;
4. Жеке адамның жәнеоның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;
5. ;
6. Білім, дәрігерліккөмек пен мен оғанеркінқолжеткізу;
Батыс саясаттанушылары демократиялық режимнің мынадай басқару түрлерін ажыратады:
1. Президенттік режим
2. Парламенттік режим
Президенттік режим түрі онда парламенттің және заң шығарушылық қызметінің орындалуына қарамастан толық билік президенттің қолында болады. Осы режимде Президент үкіметті өзі құрайды, оның заңға вето салуға және заң шығаруға құқығы бар; парламентті отставкаға жіберуге және парламенттік сайлаудың мерзімге дейін жариялауға құқығы бар және т. б. Президенттік режимнің классикалық түрін АҚШ - та көруге болады. [14]
Парламенттік режим түрінде толық заң шығарушы билік парламентте мемлекет басшысы - монарх немесе парламентпен тағайындалған президент болса да, осы режимде праламенттің Президент ветосын қабылдамауға, президент заң шығаруына қарсы заң қабылдауға құқығы бар: импичмент арқылы үкімет үстінен бақылау жүргізуге құқығы бар және т. б.
Маңызды қызығушылық қазіргі демократиялық жүйенің талдауын көрсетеді. Ол А. Лейцхарттың «вестминистрлік демократия үлгісі» мен «демократияның консенсустық үлгісін» ұсынуы. [8]
Бірінші үлгі көпшілік принципін білдіреді. Бұл үлгі өмір тәжірибесінде атқарушы биліктің концентрациясын сипаттайды (бір партиялық кабинет немесе «таза көпшілік кабинеті») ; биліктің тұтасуы; ассиметриялық екіпалаталы парламент; партиялардың біртүрлілігі плюралистік сайлау жүйесі; унитарлық және орталықтанған басқару; парламент суверенитеті мен жазылмаған конституция; өкілдік демократия. Мұндай демократия үлгісі Ұлыбританияда, Австралияда, Жаңа Зеландияда және т. б. елдерде бар.
Демократиялық қоғамға өту жолдары. Әр түрлі елдердің демократияға бейімделу жағдайларын талдап, қорыта келіп, ғалымдар бір жолда бір жүйелілік болуы керек дейді.
Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеде екі түрлі: либералдық және консервативтік көзқарасбар.
Либералдар жаңа жағдайға көшуде орта тапқа, халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады. Мұнда төбе топ (элита) және қатардағы азаматтардыңұлттық процеске тартылу деңгейі шешуші рөл атқарады. Себебі, олардың арқасында саяси реформалар жүзеге асады.
Консерваторлардың ойынша, демократиялық үрдісте тәрбиеленген, билік институттарын дұрыс пайдаланып, басқара білмейтін халықты билікке араластырудың керегі шамалы. Сондықтан дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп, тұрақсыздықты тежей алатын заң, беделді саяси партия, авторитарлық тәртіп болуға тиіс дейді. Солар ғана билікке саяси басшы жасай алады, мемлекетте мықты бюракратия қалыптасады, реформаларды кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асыруға болады деп түсіндіреді.
Әр елдің даму сатысына байланысты бейімделу әр қилы.
Бұрынғы социолистік елдер бірінен кейін бірі тотаритарлық жүйеден бас тартып, демократиалық жолға түсті. Капиталистік және социолистік жүйеге бөлінудің нышанындай көрінген Берлин қабырғасының күйреуі Шығыс және Орталық Еуропаның арасында жаңа жағдай туғызады. Ал бұрынғы КСРО еліндегітотаритарлық тәртіп күйреп, оның қарамағындағы республикалар көп жылдар бойы аңсаған егемендігін алып, терезелері тең елдер қатарына қосылды.
Польшаның әлеуметтанушысы, саясаттанушысы Ежи Вятордың ойынша, демократияға революция арқылы келуге болмайды. Себебі, революция кезінде зорлыққа жол ашылды, ол зорлық қарсы жақтан зорлықты тудырды. Сондықтан оған жетудің үш жолы бар:
1. Реформа жоғарыдан басталады. Мұнда авторитарлық басқарушылар жағдайдытүсініп, ешкімнің зорлығынсыз, өз еріктерімен саяси жүйені өзгертеді. Мысалы, Түркия президенті Ататүріктің басқаруы осылай болды.
2. Амалсыздан биліктен бас тарту. Мысалы, 1974 жылы Грекия басқарушы полковниктері Кипрде әскери төңкеріс жасамақ болды. Оған жауап ретінде Түркия Кипрге әскер кіргізіп, нәтижесінде арал екіге бөлінеді. Грекия АҚШ-қа арқа сүйемек болып еді, бірақ олар қолдамады. Сондықтан билік басындағы грек полковниктері амалсыздан билікті азаматтық үкіметке берді.
3. Билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға өтеді. Мысалы, Испания (Франко өлгеннен кейін), Оңтүстік Корея, Польша, Венгрия және т. б.
Авторитарлық тәртіптің күйреуінің бірнеше себептері бар:
Ол тәртіпті өмірге әкелген мақсаттардың орындалуы;
Сол тәртіптің шеңберінде шешілмейтін қайшылықтардың көбюі;
Авторитарлық тәртіп дағдарысқа ұшыраған кезде өз елдеріндегідей демократиялық тәртіпті орнатқылары келген дамыған батыс елдерінің ықпалы мен қысымы.
Қазіргі кезеңдегі демократияға көшу ТМД елдерінің алдында да тұр. Біреулер Батыс үлгісіне, енді біреулер Шығыс үлгісіне жүгінеді.
Батыстан - жеке адамның еркіндігі мен бостандығын жоғары қою, оны мемлекеттің езгісінен босату, олармен сауда-саттықты өрістету, тәжірибелерінің жақсы жақтарын қабылдау, мәдениетін алу, т. с. с.
Ал Қазақстан Шығыс үлгісіне көбірек сүйенеді. Оған дәлел - діні, мәдениеті, бұрынғы жазуы. Мәдениет бізге ең алдымен сол жақтанкелді. Шығысмәдениетіне қазақтардағыдай қауымдастық, ұжымдастық, туыстық жақын. Ал Жапония басқа елдердің ең жақсы жақтарын қабылдай отырып, өзіндік ерекшеліктерін, төлтумалығын жоғалтпайды. Ұлттың бар күшін Батыстың ең жақсы жаңа технологияларын меңгеруге жұмсап, жұмылдырып, әлемдегі, ең озық, дамыған елдердің біріне айналды.
Егер республикамыз өркениетті елдердің дамужолын, тәжірибесін терең саралап, орынды пайдаланабілсе, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, реформаны жылдамжүргізуге болар еді. Батыс елдері реформаны жасағанда халықпен кеңесе отырып істейді. Халықтың келісуінсіз демократияны орнату қиын. [9]
Біздің халықтың санасына авторитарлық тәртіпбелгілері сіңіп қалған. Сондықтан халықтың саяси мәдениетін көтеру басты мақсаттардың бірі болуға тиіс.
Біздің мақсатымыз - ата-бабамыздың дәстүр ерекшеліктерін сақтай отырып, алдыңғы қатарлы елдердің өркениетті тәжірибесін бойға сіңіріп, нағыз демократиялық жолға түсу.
2. 2. Антидемократиялық саяси режим
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz